Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы.

1. 1 . Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді

төмендетудегі рөлі . . .

1. 2. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау үшін

қажетті ақпарат көздері . . .

1. 3. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік

тәжірибесінен . . .

2. Коммерциялық банктерде клиенттердің несиелік қабілетін бағалау тәжірибесіне талдау.

2. 1. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау . . .

2. 2. Ақша ағыны негізінде несиелік қабілетті бағалау . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Банктердің қаржылық делдал ретінде көрсететін негізгі операциялардың бірі - несиелерді ұсыну болып табылады. Бүгінгі күні шаруашылық субъектілерді несиелеу - экономиканың тиімді дамуының қажетті шарты және бұл операциялардың нәтижесінде банктер пайдасының негізгі бөлігі қалыптасады. Сонымен қатар, несиелеу - коммерциялық банктің активтік операцияларының ең тәуекелді бөлігі болып табылады. Осы операциялардың нәтижесінде пайда болған тәуекелдерді азайтудың негізгі әдісі - қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.

жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының банктік саласы - жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні банктік жүйе клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді үсынады. Банктер қызметінің дәстүрлі нысаны - несиелік операцияларды жүзеге асыру болып табылады.

Банктер қызметінің ерекшелігі оларды тәуекелге бағыттайды және де бір банктің ауыр жағдайға ұшырауы мемлекеттің жалпы қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал етуі мүмкін.

Банктің несиелік портфелінің негізгі бөлігін заңды және жеке тұлғаларға берілетін несиелер құрайды. Несиелік портфель қаржылық қызметпен ілесетін төуекелдің бүкіл негізгі түрлеріне тәуелді болып келеді: өтімділік бойынша төуекел, проценттік ставкалар бойынша тәуекел, несиелік тәуекел. Тәуекелдің соңғы түрі, яғни несиелік тәуекел банк үшін өте маңызды болып келеді. Өйткені, қарыз алушының қарызға алған сомасын өтемеуі немесе белгілеген мерзімде қайтарып бермеуі, банктердің үлкен шығын тартуының және несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден-бір себебі болып табылады. Тәуекелдердің алдын алу мақсатында банк өзінің клиенттерінің несиелік қабілетін бағалау мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек. Тәуекелдердің пайда болуы, олардың сан алуан факторлардан тәуелділігі банк алдында қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындау ықтималдығын анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін шаруашылық - қаржылық қызметінің түтас көрсеткіштер жүйесін таңдау қажеттілігін алдын-ала анықтайды.

Нарық жағдайында несиені басқарудың әдісі ретінде қарыз алушының несиелік қабілетінің мәселелерін зерттеу өте маңызды болып келеді. Қарыз алушыға несие беру процессі оның несиелік қабілетін анықтаудан басталады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау - банктің қаржылық тұрақтылығының негізі. Ал бұл жалпы экономиканы жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

жұмысының негізгі мақсаты - екінші деңгейдегі банктердегі қарыз алушылардың несиелік қабілетін талдаудың мәнін зерттеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай тапсырмалар қойдым:

- несиелік қабілеттілік ұғымын талдап, оның маңызын ашып көрсету;

- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін қажетті ақпарат көздерін анықтау және оларға сипаттама беру;

- қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың шетел тәжірибесін қарастыру;

- қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерімен жете танысу;

- несиелік қабілетті анықтап, несие беру туралы шешім қабылдау мақсатында белгілі бір кәсіпорынның балансы және басқа да қаржылық есептерге талдау жасау;

- Отандық банктердің несиелік қабілеттілікті анықтау тәжірибесін дамыған мемлекеттердегі несиелік қабілеттілікті анықтау тежірибесімен салыстыра отырып, негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін және болашақтағы даму бағыттарын анықтау.

жұмысында зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер және олардың клиенттерінің арасындағы экономикалық қатынастар.

Коммерциялық банктердің қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау және оны бағалау әдістері жұмысының зерттеу мәселесі болып табылады.

1. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және

оның маңызы

1. 1 Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді

төмендетудегі рөлі

Банк пен клиент арасындағы экономикалық қатынастар серіктестік принциптеріне негізделгенімен бұл екі контрагенттің бір-біріне деген жауапкершілігі өте жоғары. Себебі банктік тәжірибеде несиелеу процесінде орын алатын несиелік тәуекелдер банктердің қаржылық нәтижесіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан, коммерциялық банктер несие бермес бүрын қарыз алушының несиелік қабілетін мүқият талдап, сараптауы тиіс.

Егер банк клиенттің несиелік қабілетіне неғұрлым терең талдау жасаса, банктің несиелік портфелінің сапасы соғұрлым жоғары болады. Әдетте клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың келесідей үш түрлі маңызы бар:

1. Несиелік тәуекелді мейлінше азайту.

2. Несиелік портфелдің сапасын белгілі бір деңгейде үстау.

3. Банк өзінің өтімділігін демеп отыру.

Клиенттердің несиелік қабілетін анықтауға байланысты іс-қимыл әрекеттерінің мазмұны келесі негізгі факторлармен анықталады:

1. Банк пен клиент арасындағы серіктестік қатынастардың қалыптасып, даму дәрежесі.

2. Клиенттің қандай да бір болмасын бизнес саласындағы репутациясы.

3. Экономидағы жалпы макроэкономикалық жағдай.

4. Банк менеджментінің сапасы.

Осы аталған факторлар клиенттің несиелік қабілетін бағалау қажеттілігін де анықтайды. Әрбір коммерциялық банктерде жеке несиелік саясатқа байланысты клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың өр түрлі амалдары, тәсілдері болуы мүмкін. Алайда, қазіргі кезде, клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың әдіс-тәсілдері, жолдары көп жағдайларда клиенттің өзінің экономикалық сипатымен байланысты. Міне осыған сәйкес қазіргі кездерде коммерциялық банктерде клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың өдістері сол клиенттерді үш түрлі топқа бөлумен тығыз байланысты қалыптасқан:

1. Ірі клиенттер.

2. Орташа клиеттер.

3. Шағын және кіші бизнес клиенттері.

Осылайша, клиенттерді топқа бөлу дәрежесіне сәйкес қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың да үш түрлі әдісі бар:

1. Несиелік қабілетті ақша ағынын сараптау арқылы бағалау.

2. Несиелік қабілетті қаржы коэффициенттерін есептеп, талдау арқылы бағалау.

3. Клиенттің іскерлік репутациясын бағалау аркылы оның несиелік қабілетін анықтау.

XIX ғасырдың аяғында Бунге Н. Х. «Несиенің теориясы» деген жұмысында француз банкирі Джон Лоның сөзін келтірген: «Сенімді арта отырып, біз олардың (клиенттердің, қарыз алушылардың) адалдығына көңіл аударамыз, ол біздің сенімімізді нығайтады; мамандық дәрежесіне көңіл аударамыз, ол бізге олардың есеп-айырысуларда қателесіп қоймайтынына кәміл сендіреді; қызмет түріне көңіл аударамыз, онымен біздің алатын сыйақымыз анықталады»1. Яғни, жоғарыда келтірілген сөздерден, қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда ең бірінші орьшға-клиенттің моральдық қасиеттері қойылған. Осы жерде, И. Е. Ададуровтың сөзін келтіріп өтуге болады: «. несие берудің бірінші және маңызды шарты - бізден несие алуға мүмкіншілігі бар тұлға өзінің өнегеде қасиетімен біздің оған деген сенімімізді арттыруында. Яғни, оған берілген құндылықтар келісілген уақытта және келісілген сомада қайтарылуы тиіс».

Сонымен қатар, несиелік қабілеттіліктің ең маңызды аспектілерің бірі -алынған қарыздың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Осылайша, жоғарыда аталып өткен Н. Бунге, несиелік қабілеттілікті қозғалмайтын мүлікке салынған капиталмен байланыстырады. Оның айтуынша: «Қозғалмайтын мүлік қарызды қайтарудың ең сенімді кепілі».

Соған қарамастан да, сол кездегі көптеген экономистер несиені беру туралы шешімді қабылдамас бүрын, ең біріншіден клиенттің табыс табу мүмкіншілігіне баса көңіл бөлді. Осылайша, И. Ададуров шаруашылықты несиелеуді, оның «жоғары мақсаттылығымен, тұрақтылығымен және де, оның табыстылығымен» байланыстырады.

Жалпы клиенттің несиелік қабілеті түсінігі және оның төлем қабілеті түсінігі бірдей үғым ретінде жиі анықталады. Бірақ олар үқсас болғанымен де, олардың бір-бірінен едөуір айырмашылығы бар.

Төлем қабілеттілік дегеніміз - жеке және заңды тұлғаның берілген уақытта өзінің міндеттемелерін өтеу мүмкіншілігі мен қабілеті. Ал, несиелік қабілеттілік - бұл ссудалық қарызды өтеу мүмкіншілігі. Бұл жағынан келгенде, несиелік қабілеттілік түсінігі төлем қабілеттілігі үғымына қарағанда айтарлықтай тар. Яғни, банк қарыз алушыға несие беру туралы дүрыс шешім қабылдау үшін тек қана оның несиелік қабілеттілігін анықтаса жеткілікті.

Ал енді қарыз алушының несиелік қабілеттілігіне әсер ететін факторларға тоқталып өтейік. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігі көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Әр фактор (банк үшін - тәуекел фаторы) міндетті түрде бағаланып, есептелінуі керек. Сонымен қатар, несиелік қабілеттілік үшін әр фактордың өзіндік «салмағын» анықтау қажет. Әрине ол өте үлкен қиындықтармен үштасып жатыр.

Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтайтын барлық факторлардың болашақтағы өзгеруін бағалау одан да күрделі болып келеді.

Несие беруші банк үшін қарыз алушының ссудалық карызын өтеу қабілеті болашақ кезеңге қатысты болған жағдайда ғана өте манызды болып келеді. Ал, тәжірибеде негізінен қолданылатьш несиелік қабілеттілікті анықтайтын барлық көрсеткіштер өткен кезеңге қатысты болғандықтан, олар клиенттің алдағы уақыттағы нәтижелерін дәл анықтауға мүмкіндік бермейді. Яғни, бұл көрсеткіштер өткен кезеңдегі мәліметтер бойынша есептелінеді. Мысалы, белгілі бір мерзім аралығындағы өнім айналымы туралы динамикалық мәліметтер берілмей, белгілі бір есеп беру кезеңіндегі қалдықтар жайлы мәліметтер беріледі. Бұл жалпы несиелік қабілеттілік көрсеткіштерінің мәні шектеулі екенін көрсетеді.

Сонымен бірге, несиелік қабілеттілікті анықтаудың тағы да бір қосымша күрделілігі - санмен өлшеуге және бағалауға болмайтын бірқатар факторлардың экономист халық өмірде орын алуы. Бұндай факторларға, қарыз алушының репутациясын және оның моральдық түсарын жатқызуға болады.

Осыған қоса, ссудалық қарыздың өтеу мүмкіншілігін сипаттайтын, көрсеткіштерді бүрмалап көрсететін инфляция да айтарлықтай қиындылық түғызады. Ол капиталдың айналымдылық көрсеткіштерімен, оның бөліктері -активтерге, негізгі капиталға және резервтік қорларға қатысты болып келеді.

Жалпы айтқанда, сандық және сапалық мәліметтерді жалпылап, қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бірыңғай және синтетикалық бағалау мүмкін емес. Ол үшін маман аналиктердің сараптамалық талдау жасауы қажет.

Жалпы несиелік қабілеттілікті бағалау қарыз алушылардың ерекшеліктеріне, сондай-ақ нақты банк-кредитордың мақсаттарына байланысты болып келеді. Айта кеткен жөн, несиелік қабілеттілікті бағалаудың келсідей әдістері бар:

1. Қаржылық коэффициенттерге талдау жасау арқылы бағалау.

2. Ақша ағымына талдау жасау арқылы бағалау.

3. Іскерлік тэуекелді талдау арқылы бағалау,

Бұл әдістер бірін-бірі әрқашанда толықтырып отырады. Сондықтан да, несиелік қабілеттілікті анықтау барысында, осы үш әдісті бірдей қолдану қажет.

Іскерлік тәуекелді талдау қарыз алушының келісім жасау барысында, тек қана бір ссудалық операцияға және сонымен байланысты ақша ағынына негізделініп талдау жасауға мүмкіндік берсе, ал қаржылық коэффициенттер жүйесі болашақтағы тәуекелді болжауға мүмкіндік береді. Қарыз алушының ақша ағымына талдау жалпы клиенттің несиелік қабілеттілігін бағалап қана қоймай, осының негізінде болашақтағы жаңа қарыздардың шекті мөлшерін көрсетеді. Сонымен бірге, кәсіпорынды басқарудың әлсіз жақтарын танытады.

Біздің ойымызша, «несиелік қабілеттілік» категориясының экономикалық маңызы - бұл несие алу мүмкіншілігі, алған несиені тиімді пайдалану және несиелік келісімнің шартына сәйкес қарызын берілген мерзімде және толық сомада өтеу қабілеті.

Банк операцияларын басқару жалпы банк кірісін қамтамасыз ететін активтер жинағымен, банктік портфелімен байланысты тәуекелдерді басқару болып табылады. Банктік портфельдің негізгі бөлігін заңды және жеке тұлғаларға берілетін ссудалар құрайды. Демек, осы операциялармен байланысты тәуекел банктер үшін ерекше маңызды болып келеді.

Ссудалық немесе несиелік портфель қаржылық қызметпен ілесетін тәуекелдің бүкіл негізгі түрлеріне тәуелді болып келеді: өтімділік бойынша тәуекел, проценттік ставкалар бойынша тәуекел, несиені төлей қалмау тәуекелі (несиелік тәуекел) . Тәуекелдің соңғы түрі, яғни несиелік тәуекел банк үшін өте маңызды болып келеді. Өйткені, қарыз алушының алған сомасын төлемеуі немесе белгілеген мерзімде қайтарып бермеуі, банктердің үлкен шығын тартуының бірден-бір себебі болып келеді. Әуелі, несиелік үйымдардың банкротқа ұшырауының алғышарты.

Несиелік тәуекел дегеніміз - несиелік келісімнің шарттары мен мерзіміне сөйкес қарыз алушының несиені қайтармау тәуекелі.

Несиелік төуекелдің пайда болуының алғышарты - қарыз алушының несиелік қабілетсіздігі болып табылады.

Бүгінгі күні, шаруашылық субъектілерді несиелеу экономиканың тиімді дамуының қажетті шарты. Сонымен қатар, несиелеу - коммерциялық банктің активтік операцияларының ең тәуекелді бөлігі больш табылады . Бүгінгі күні, банктің несиелік портфелінің сапасы - оның қаржылық жағдайьның бірден-бір маңызды көрсеткіші.

Банктің несиелік портфелін басқару несиелік мәлімдемелер ағынының ішінен табыстылық және сенімділік жағынан ең тиімдісін таңдау болып табылады.

Жалпы несиелік тәуекел экзогенді және эндогенді факторларға тәуелді болып келеді. Яғни, сыртқы фактор-экономикалық ортаның жағдайымен, ішкі фактор-банктің өзінің қателік жіберуімен байланысты факторлар. Банктердің сыртқы факторларды басқару мүмкіншілігі шектеулі. Несиелік тәуекелдерді басқарудың негізгі тетіктері банктің ішкі саясатында жатыр.

Бүгінгі күні несиелік тәуекелді төмендетуде өте көп тәсілдер мен әдістер қалыптасқан. Батыс банктерінде әлеуетті қарыз алушылырдың сапасын бағалау әртүрлі статистикалық үлгілердің көмегімен әдістер құрастырылып жүзеге асырылады. Оның басты мақсаты - қарыз алушыға объективті сипаттама беру үшін стандартты үлгілер құрастыру, болашақтағы клиенттерді сенімді және сенімсіз деп бөлу үшін сандық критерийлерді анықтау. Осындай үлгінің мысалы ретінде 1970-ші жылдардың соңында американдық экономистердің тобымен құрастырылып шығарылған, несиелік талдау кезінде банктермен қолданылатын «Зет үлгісін» немесе Е. Альтман коэффициентін көрсетуге болады. Бұл үлгі фирманың банкроттық ықтималдығын бағалау үшін арналған. Егер коэффициенттің мөні белгіленген шекті мөлшерден жоғары болса, онда фирма сенімді кәсіпорындар қатарына жатады. Ал егер коэффициенттің мәні белгіленген шекті мөлшерден төмен болса, онда мұндай кәсіпорынның қаржылық жағдайы қауіп түғызады және ол кәсіпорынға несие беру тиімсіз болып келеді.

«Зет» немесе Е. Альтман коэффициенті төмендегі формуламен анықталады:

Z = айналым капиталы/барлық активгер*1, 2+ үйлестірілмеген пайда/барлық активтер*1, 4+ негізгі қызметтен түсетін пайда/барлық активтер*3, 3+ жай және артықшылығы бар акциялардың нарықтық құны/ барлық активтер*0, 6+ сатылған өнімдердің көлемі/барлық активтер*1.

Егер Z-ң мәні:

1. 1, 8-ден төмен немесе тең болса, банкроттыққа ұшырау ықтималдығы өте жоғары;

2. 1, 81-2, 7 арасында болса, банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары;

3. 2, 8-2, 9 арасында болса, банкроттыққа ұшырауы мүмкін;

4. 3, 0 және одан жоғары, банкроттыққа ұшырау ықтималдығы төмен.

Көптеген мемлекеттерде Альтман коэффициентін есептеу банкроттыққа ұшырауды болжау үшін ғана емес, сонымен бірге компания өз шығындарын қысқарту қажеттілігін анықтау үшін қолданады.

Жалпы, банктер несиелеу туралы шешім қабылдамас бүрын, қарыз алушылардың мүмкін болатын негативтік дамуын есепке алып отыру керек.

Сонымен қатар, несиелік тәуекелді болдырмау үшін банк келесідей жағдайларға көңіл бөлу керек. :

Біріншіден, банк қарыз алушыны өндіріс, маркетинг, қаржылық жағдай мүмкіншіліктері түрғысынан жақсы біледі ме? Негізінен ол жаңа клиенттерге қатысты.

Екіншіден, клиент тарапынан несиелік мәлімдеме дүрыс құрастырылған ба? экономикалық және іскерлік түрғысынан бүгінгі күнге лайық па?

Үшіншіден, несие беру банк үшін пайдалы ма? Яғни, банк жаңа несиелерді берген кезде, оның несиелік портфелі қалай өзгеретінін анықтау керек. Сонымен қатар, бұл несиелік портфелдің диверсификациялануына жағдай жасайды ма? Яғни банктің несиелік тәуекелін азайтады ма, әлде керісінше көбейтеді ме?

Банк қызметкерінің қандай да бір өнеркәсіп салада техникалық білімі жеткіліксіз болса, онда бұндай саладағы кәсіпорынға банк тарапынан несие берілмеуі тиіс.

Несиелік талдаудың тағы бір маңызды аспектісі - қарыз алушының менеджмент деңгейін бағалау. Іскерлік тәуекелді басқарудың алғышарты менеджмент деңгейінің жоғары болуы. Көптеген кәсіпорындардың менеджмент сапасын анықтау үшін, олардың статистикалық көрсеткіштерін талдауды қолданамыз. Ол үшін кәсіпорынның соңғы 3-5 жылдарындағы даму динамикасын, оның нарықтағы орнын, өткен жылдардағы пайдасының деңгейін анықтау қажет. Неғұрлым кәсіпорын жақсы жұмыс істесе, соғұрлым бұл кәсіпорынның менеджмент сапасы жоғары болады.

Сонымен қатар, карыз алушының қаржылық тұрақтылығы да несиелік тәуекелді бағалаудың негізгі көрсеткіші болып табылады. Қаржылық жағдайды талдау - банкроттықты болдырмаудың ең басты элементі.

Біздің ойымызша, қарыз алушының қаржылық жағдайы және несиелік тәуекел арасында кері пропорционалды функционалдық байланыс бар. Яғни, неғұрлым қарыз алушының қаржылық тұрақтылығы өссе, соғұрлым несиелік тәуекелдің дәрежесі азаяды.

Математикалық функциялармен, қарыз алушының қаржылық жағдайын сипаттайтын коэффициенттер жүйесін пайдалана отырып, бұл байланысты көрсетейік.

Бұл талдау үшін қаржылық жағдайды сипаттайтын коэффициенттер жүйесінің тек қана екеуін қолданамыз. Олар: өтімділік коэффициенті және қаражат көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті. Біз «Евразиалық банктің» ААҚ-ның қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауды анықтау бойынша әдістемелік нұсқасында берілген бұл екі коэффициенттің нормативтік мәндерін қолдандық (өтімділік коэффициентінің мәні 1, 2-ден 1, 5-ке дейін; қаражат көздерімен қамтамасыз ету коэффициентінің мәні 1-ден 2-ғе дейін) .

S - екі берілген коэффициенттің сомасы болсын.

S = К1 + К2,

бұл жерде: К1 - өтімділік коэффициенті;

К2 - қаражат көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті.

Енді L-дің максималды және минималды мәнін анықтайық.

Кmax= 1, 5+2=3, 5

Кmin= 1, 2+2=2, 2

Бұл мәндер қарыз алушы бойынша тәуекелдің мүмкін болатын нүктелерін анықтайды.

Талдау жасау үшін келесідей математикалық функцияларды қолданамыз:

1. ФУ=2S - қаржылық тұрақтылық және берілген коэффициенттер арасындағы байланыс.

Мұндағы:

ФУ - қаржылық тұрақтылық;

S - коэффициенттердің мәні.

2. R=1/S - несиелік тәуекелмен қаржылық тұрақтылық арасындағы байланыс.

Мұндағы:

S тең емес о-ге;

R - несиелік тәуекел.

Несиелік тәуекел мен қаржылық тұрақтылық арасындағы байланысты анықтау үшін, (1) және (2) теңдікті шешіп, табылған мәндерді графикке саламыз (1-ші сурет) .

Ордината өсін қаржылық тұрақтылық деп, ал абсцисса өсін несиелік тәуекел деп белгілейміз.

Сурет 1. Несиелік тәуекел мен қаржылық тұрақтылық

арасындағы байланыс.

Ескерту - автормен құрастырылған: Сейткасымов Г. С. кітабы. 135 б.

Координаталық жазықтықтың төменгі бөлігінде (III) қаржылық тұрақтылық және коэффициенттер арасындағы байланыс графигін құрастырамыз. График түзу сызық болып шықты. Бүдан келесідей қорытынды жасауға болады: неғұрлым коэффициенттердің мәні көп болған сайын, соғұрлым қаржылық тұрақтылықтың мәні жоғары болады.

Гипербола теңдігі арқылы құрастырылған екінші график коэффициенттердің мәндерінен несиелік тәуекелдің тәуелділігін бейнелейді. Коэффициенттердің мәндері өскен сайын, несиелік тәуекел азаяды.

Координаталық жазықтықтың III және IV квадранталарында қаржылық тұрақтылық және несиелік тәуекелдің ФУ(S) . R(S) коэффициенттеріне тәуелділігін бейнелейтін график құрастырылған. Координаталық жазықтықтың II квадрантасында 45 градус бүрышта жүргізілген түзу арқылы, I квадрантада бізге керекті несиелік тәуекел және қаржылық тұрақтылық арасындағы байланысты бейнелейтін R(ФУ) графигін құрастырамыз. Ол үшін У(S) және (S) графиктерін біріктіреміз. I квадрантадағы несиелік тәуекелдің және қаржылық тұрақтылықтың күтілетін мәндерінің барлық мүмкін болатын қисығының бейнелейтін геометриялық нүктелер орны. Графиктен көріп отырғанымыздай, қаржылық тұрақтылық көбейген сайын, несиелік тәуекел азая түседі.

Егер де қарыз алушының коэффициенттер мәні 2, 2-ден 3, 5-ке дейін болса, онда несиелік тәуекел осы берілген шамалардың шегінде болады.

Осылайша біз, несиелік тәуекелдің шамасы қаржылық жағдай және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерімен кері пропорционалдық байланыста екенін графиктік түрде көрсеттік.

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау негізінде келісім-шарт жасау туралы шешімдер қабылданады. Кәсіпкерлердің әрбір категориясы нақты кәсіпорындардың қаржылық жағдайын бағалаудың өзіндік критерийлеріне ие.

Осы мақсатта банктер қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әр түрлі әдістемелерін қолданады. Бұл әдістемелер қарыз алушының несие алу үшін орындауға қажетті талаптардан тұрады.

Жалпы, банктер несиелеу туралы шешім қабылдамас бүрын, қарыз алушылардың мүмкін болатын негативтік дамуын есепке алып отыру керек.

Осылайша, несиелік қабілеттілікті анықтаудың несиелік тәуекелді болдырмауда маңызы зор.

1. 2 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау

үшін қажетті ақпарат көздері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несиелік қабілеті
Тұтыну несиесі және қасиеті
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері
Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді азайтудағы маңызы
АҚ «Казкоммерцбанктің» экономикалық мазмұны
Тәуекелділік туралы
Банктік тұтыну несиелері
Тұтыну несиесінің түрлері
Несиенің формалары мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz