Қаржы ресурстарының түсінігі және экономикалық мәні


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
экономика және Бизнес факултеті
Қаржы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: « ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ »
Орындаған:Алтаев Э
Ф07К8
Тексерген: Супугалиева
Алматы. 2009 жыл
Жоспар:
КІРІСПЕ3
І. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1. 1. Қаржы ресурстары қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі экономикалық мәні. 6
1. 2. Қаржы ресурстарының құрамы және оның қалыптасуының негізгі элементтері. 13
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2. 1. ҚР Президентінің халыққа жолдауының қаржы ресурстарына әсері. 21
2. 2. Дағдарыс жағдайында қаржы ресурстарын тұрақтандыру26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 28
Кіріспе.
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қаржы механизмі арқылы мемлекет өзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік сфералардағы көптеген қызметтерін атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесі аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттігі обьективті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Ал өз кезегінде қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер және мемлекеттік органдардан келіп түскен кірістер, олар ұдайы өндіріс үдерісін ұлғайтуға немесе басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыруға қолданылады. Сондықтан экономиканың тиімді дамуында, экономиканың әр саласында және қоғамдық басқа да қатынастардың толық қанды дамуында қаржы ресурстарының рөлі ерекше болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбы қаржы саласындағы маңыздылығына байланысты «Қаржы ресурстары, оның динамикасы мен құрылымын талдау» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарының үздіксіз қалыптасып отыруын, олардың қоғамдық өнімдегі үлесін арттырудың басты негіздемелері мен көздерін дамытып, қолдап отыруының қажеттілігі болып табылады.
Жұмыстың орындау барысындағы мақсаттар мен негізгі міндеттерді келесідей топтастыруға болады:
• Қаржы және қаржы ресурстарының түсінігі мен экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
• Қаржы қатынастарының объектісі ретінде қаржылық ресурстардың сипатын, оларды қалыптастырудың қайнар көздерін анықтау;
• Қаржы ресурстарының динамикасы мен құрылымын талдау, олардың басты арналымдарын айқындау;
• Қаржы ресурстары қоғамдық өнімді қалыптастырудың негізі ретіндегі оның маңызы мен оларды дамыту шараларына тоқталу.
I. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1. 1. Қаржы ресурстары қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі экономикалық мәні
«Қаржы» ( қолма-қол ақша, «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «financia» сөзінен пайда болған қоғамда нақты өмір сүретін, объективтік сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен айқындалады.
Қаржы қатынастары бұл:
• Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
• Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
• Заңды тұлғалар арасындағы;
• Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Осы қатынастар жүйесі қаржы жүйесі деп аталады. Қаржы жүйесінің буындары: әр дәрежедегі бюджеттерден, әлеуметтік, мүліктік және жеке адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттің валюта резервтері, кәсіпорындардың, фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары.
Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі - келесі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин: 1) бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтығы; 2) елдің қаржы мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық службаларының барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Негізінде қаржы жүйесі келесі үш бөлік бойынша ұйымдастырылады:
• Қаржы қатынастарының жиынтығы;
• Ақша қорларының жиынтығы;
• Басқарудың қаржы аппараты.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны қамтиды:
- мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
- кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы элемент қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы болып табылады.
Екінші кезекте әрі күрделі және рыноктық экономиканың негізі болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржылардың негізін құрайды.
Сонымен қатар, халықтың қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды.
Қаржының экономикадағы басты қажеттігі объективті мән-жайдан -тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.
Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қоғамдық ұдайы өндіріске қаржылар төмендегідей бағыттарда ықпал етеді:
• Ұдайы өндіріспроцесін қаржымен және қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
• Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді қаржылық реттеу;
• Экономиканы қаржылық ынталандыру.
Ұдайы өндіріс шығындары - бұл жарғылық қорды қалыптастыруға кеткен шығындар. Мұнда негізгі немесе айналыс қаражаттары көрінеді. Бұл шығындарды жабу үшін ақша қаражаттары-қаржы ресурстары қажет.
Қаржылық ресурстар - шаруашылық жүргізуші субъектілер және мемлекеттік органдардан келіп түскен кірістер, олар ұдайы өндіріс үдерісін ұлғайтуға немесе басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыруға қолданылады. Сондықтан экономиканың тиімді дамуында, экономиканың әр саласында және қоғамдық басқа да қатынастардың толық қанды дамуында қаржы ресурстарының рөлі ерекше болып табылады. Қаржылық ресурстар ақшалай нысан ретінде басқа ресурстардан ажыратылады. Қаржылық ресурстар өз функцияларында салыстырмалы негізделген, сондықтан қаржылық ресурстарды басқа ресурстармен өзара байланыстырып талдау керек.
Қаржы ресурстары болмаса қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып табылады. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады.
Қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім құнын бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесіндегі жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.
1. 2. Қаржы ресурстарының құрамы және оның қалыптасуының негізгі элементтері.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:
- Мемлекеттік кірістері- республикалық және жергілікті бюджетте шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
Республикалық бюджет - бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастыратын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер - облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың бюджеттері. Қаржы жылына арналаған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
- Бюджеттен тыс қаражаттар- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазыналық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.
Ақша қаражаттарын басқаруда кәсіпорынның айналым активтерінің күрделі әрі барлық қызметтерді жүргізудің және ұйымдастырудың негізі болып табылатын ақша қорларын және ақша қаражаттарын қалыптастыру мен тиімді пайдаланудан туындайды. Ұдайы өндірістік тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының экономикадағы келесі үш қызметін көрсетеді:
- Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
- Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
- Бақылау қызметі.
Мемлекет және кәсіпорындар өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім және өзіндік өнім құнының бір бөлігін алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметі ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Осы жиналған немесе тартылған ақша қорларын экономикада орынды жұмсау қаржының екінші қызметі ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әрине жоғарыда аталған қызметтердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және олардың қызметтері бір-бірінсіз жүзеге аспайтын белгілі бір экономикалық жүйе болып табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, ақциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) -қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір кажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы "байланылған" қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыггылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды - бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
жалпы ішкі өнім;
ұлттық байлық;
тартылған (қарыз) ресурстары;
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
меншікті қаржы ресурстарының кездері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді) ;
субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер) ;
шаруашылық жүргізуші субъектісінің меншікті қаражаттарына теңестірілетін қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады) : тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы - қызметксрлердің демалыстарын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектісінің қарамағында болады) ;
тартылған қаражаттар (бұл кәсіпорынның қаржы рыногында - бағалы қағаздар, несие капиталдары және т. б рыногында қалыптастыратын қаражаттары) : акциялар мен облигацияларды сату; қарыз қаражаттары;
қаражаттарды қайта бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден, бюджеттен алынатын) алынатын қаражаттар; сақтық өтеулері (сақтандыру - қаражаттарды қайта бөлу әдісі) .
Мыналар макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері болып табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы - пайдасы; амортизациялық аударымдар; кредиттер; сақтық өтеулері; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша; орнықты пассивтер;
құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және басқадайлары.
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажетгіліктерін қамтамасыз етеді.
Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:
1. Мемлекеттік күрделі жұмсалымдар (бұл әдіс экономиканы жандандыру, өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады) .
2. Мемлекеттік кетере сатып алу (оның көмегімен жиынтық сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақтылы өтуіне мүмкіндік туғызады) .
3. Субсидиялар (өтеусіз берілетін қаражаттар) . Олардың мынадай түрлері болады: демеу қаржы (залалдарды, берешектерді, мысалы, жалақы жөніндегі, жабуға пайдаланылатын субсидиялардың түрі) ; субвенциялар (мақсаты шығындарға жұмсалатын субсидиялардың түрі) ; экспортгық сыйлықақылар ( бағасын төмендету үшін пайдаланылатын субсидиялардың түрі) .
4. Бірлескен кәсіпорындарға жұмсалатын инвестициялар.
5. Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру. Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы ресурстарының көзі жиынтық қоғамдық өнімнің барлық үш элементі: «c», «v», «m» болып табылады. Оны келесі 1-ші суреттен көре аламыз.
Сурет-1 - Қаржы ресурстары.
Мысалы, 1-ші суреттегі «С» элементінен амортизациялық аударымдар, табиғи орта мен минералды шикізат базасын ұдайы өндірудің аударымдары, кәсіпорындар өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың құрамына кіретін төлемдер және басқалары құрылады. «V» элементі халықтан алынатын мемлекеттік салықтар, әлеуметтік қажеттіліктердің аударымдары, заемдар мен лотереялар бойынша түсімдер сияқты қаржы ресурстарының көзі болып табылады. «M» элементі пайданы, жанама салықтарды, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар мен төлемдерді (кеден баждарын, кеден рәсімі үшін төленетін төлемді) қамтиды.
Қаржы ресурстарының бір бөлігі кешенді түрде қоғамдық өнімнің бірнеше элементтерінің құрамында қалыптасады. Мәселен, шаруашылық органдар деңгейінде өнім (жұмыс, қызметтер) өндіруге және өткізуге жұмсалынған шығындарға сай келетін «c» және «v» элементтерінен салықтар, алымдар және арнаулы қорларға төленетін аударымдар, жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері - роялти, бонустар, көлік құралдарына салынатын салық, мемлекеттік баж, ластаушы заттардың тасталындылары мен қалдықтары орналастырғаны үшін төлемдер және басқалары түріндегі ресурстар қалыптасады. Ал жекешелендіруден түсетін түсімдер сияқты түрінің көзі ұлттық байлық, яғни жинақталған ұлттық табыс болып есептеледі.
Сондай-ақ мемлекеттік кредит жолымен тартылған қаражаттар да мемлекеттің қаржы ресурстарының көзі болып табылады. Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының құрамында ең үлкен үлес салмақты табыс алынатын айта кеткен жөн.
Қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші - қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі - таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесін арттырады.
Екінші фактор - бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін - материал сыйымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты - қаржы ресурстарының негізгі көзін - арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.
Қаржы ресурстарының өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық-заттық құрылымы да әсер етеді.
Сонымен қатар, кәсіпорынның айналым активтерін басқарудың негізі айналым активтерін тиімді қолдану мен пайдалану әдістерін анықтау болып табылады. Оның іске асуын келесі суреттен көре аламыз:
Корпорацияның барлық өндірістік кезеңінде айналым активтері үздіксіз қозғалыста болады. Оның қажеттігі өндірістің күнделікті өндірістік сұраныстың және ақшалай немесе материалдық қажеттіліктердің қанағаттандырып отыру, айналым активтерін тиімді пайдаланудың жүйесін жасау болып табылады. Корпорацияның барлық айналым активтерінің қалыптастыру көзі негізінен үш түрге: меншік капитал, қарыздар және салымдар екені белгілі. Бұл құрылымды келесі 2-ші суреттен де көре аламыз:
Сурет-2. Айналым активтерін басқарудың тиімділігін анықтау
Сурет -3. Корпарацияның айналым активтерін қалыптастыру көздері.
Корпорацияның меншікті капиталының маңыздылығы зор. Себебі ол осы кәсіпорынды ашудағы негізгі соманы құрайды және кәсіпорынның нарықта қызмет етуін қамтамасыз етеді. Яғни қызмет етуші корпорациялардың материалдық және ақшалай қорлар негізінде меншікті капиталдары болады. Осылардың бір бөлігін айналым активтеріне жұмсалады. Осы меншік капиталының негізі болып корпорация құнына сала пайда болатын жарғылық қор негізінде көрініс табады. Бұл жарғылық қордың құрамы кәсіпорынға қатысушы инвесторлардың және қатысушылардың инвестициялары немесе заттай салымдары арқылы іске асады.
Бірақ нарықта бізге белгілі шаруашылық қызмет етуші субъектілердің меншік қаражаттары мен активтері кәсіпорын айналым активтерінің күнделікті сұранысын қамтамасыз ете алмауы мәселесі туындайды. Бұл кезде олар қызмет процесіне байланысты әр түрлі қарыз қаражаттарын тартуға ынталы болады және мұндағы негізгі несиелерге банктердің қысқа мерзімді несиелері жатады. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға білдіретін ссудалық капиталға айналады.
Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары болады:
1) айналым каражаттарының айналымдылығын тездету;
2) өндірісті қысқарту;
3) тауар-материалдық қүндылықтардың босалқы қорларын қысқарту;
4) материал сиымдылығын қысқарту;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz