Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

«Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы»

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (12. 1. 1912, Алматы - 22. 8. 1993, сонда) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым. Қазақстан ҒА-ның акад. (1952), тех. Ғыл. Докт. (1969), үш мәрте Соц. Еңбек Ері (1972, 1976, 1982), 1936 ж. Мәскеудегі Түсті металдар және алтын интын бітірген. 1936 - 42 ж. Балқаш, Алтай, Риддер, Лениногор кен орындарында басшы қызмет атқарған. 1942 - 52 ж. Қазақ КСР Халық Комиссиарлары Кеңесі, кейіннен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болды. 1925 ж . сәуірде Қазақстан ҒА-ның президенті болып сайланды. 1955-60 және 1962 - 64 ж. Қазақ КСР Министрелер Кеңесінің Төрағасы. 1960-62 ж. және 1964-86 ж. Қазақстан КП ОК-нің 1-хатшысы болды. Қонаев өмірінің 45 жылға жіығын ел басқару ісіне арнады, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызмет атқара жүріп, респубикадағы таукен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. Респуликаны баскарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығ. Қазақстандағы Бұқтырма су электр ст., Павлодар трактор зауыты, т. б. кәсіпорындар осы кешенде іске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерілді, теміржол құрылысты, көлік түрлері дамыды. Республика титан, магний, синтетик. Каучук өндіре бастады. Электротех., машина жасау, химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғцыстау және Торғай облыстары шаңырқ көтерді. Қ. Алматы обл-ның Кербұлақ алқабын игеруге, Қапшағай су қоймасын, Үлкен Алматы каналын салуға ерекше көңіл бөлді. Алайда Қазақстан экономикасы, жалпы алғанда, Одақ үшін шикізат базасы бағытында дамыды, мұнда көп жағдайда өнім шығаруға қол жетпеді. Бүкіл Кеңес Одағына тән экономиканың милитарлануы Қазақстанда да орын алды. Алматы, Өскемен, Петропавл, Орал, Степногорск, т. б. қалаларда үлкен заттар әскери өнім шығарумен айналысты. Қазақстанда кең алқаптарды алып жатқан полгондар мен әскери өнім шығаратын кәсіпорындар экологияға орасан зор нұқсан келтірді.

Қонаев әдебиет пен өнердегі, мәдениет пен ғылымдағы ахуалды әрдайым бақылап отырды. Республикаға Қонаев басшылық жасаған тұста Қазақстанның 5 томдық академялық тарихы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

Қонаев республика аумағының тұтастығын сақтап қалуда табадылық көрсетті. Ол кезінде Өзбекстанға берілген Оңт. Қазақстанның мақта өсіруші аудандарын қайтарып алды, Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түрікменстанға бері жөніндегі Орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. Ол Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұсады. Мұнда Республика сарайы, ҚазМУ қалашығы, Арасан сауықтыру орт., Медеу спорт кешені, т. б. ірі ғимараттар бой көтерді. Алматыны тасқыннан қорғау үшін Медеі сайында үлкен бөгет жасалды. Қонаев дипломат. Сапармен Қытай, АҚШ, Алжир, Уругвай, Иран, Италия, Үндістан, Корея, Египет, Болгария, Жапония, т. б. мемлекеттерде болды. 1985 ж. М. С. Горбачев КОКП ОК-нің ББас хатшысы болып сайланғаннан кейін елде басталған қайта құру саясаты КСРО-ның басқа аймақтары сияқты Қазақстанда да қиындықтар мен кедергілер тіғызды. Қонаев қызметтен етуге байлам жасады. 1986 ж. 16 желтоқсанда өткен Қазақстан Компартиясы ОК-нің пленумы КОКП ОК-нің өкілі Г. Разумовскийдің ұсынысымен Қонаевтың орнына ҚКП ОК-нің 1-хатшысы етіп Г. В. Колбинді сайлады. Қонаевтың орыныа өзге ұлт өкілінің тағайындалуын қазақ халқы ұлттық кемсітушілік ретінде қабылдады. Мұның соңы КСРО-дағы ұлт саясатына қатысты халық көңілінде қордаланған наразылықтардың сыртқа шығуына алып келіп, Желтоқсан көтерілісіне ұласты. КОКП ОК-ш Қонаевты көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі деп санады. Сөйтіп 1987 ж. 26 маусымдағы пленумда Қонаев «Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП ОК-нің мүшелігінен босатылды. Көп кешікпей, ол ҚКП ОК-нің мүшелігінен де шығарылды.

Қонаев қайтыс болғаннан кейін Қазақстан ҒА-сының таукен жцәне түсті металлургия институтына, еліміздің бірқатар мектептері мен көшелеріне Қонаев есімі берілді. Алматыда Қонаев атынд. Университет бар. 1992 ж. 13 қарашада Алматыда «Халықаралық Қонаев қоры» құрылды. 2002 ж. 12 қаңтарда Алматы қ-нда Қонаевтың мұражай-үйі ашылды. Қонаев өмірінің соңғы сәтін өткізген Алматы обл. Алкөл аудандағы Ақши ауданында ) Жетісу қақпасы) 2003 ж. 15 тамызда арнайы құлпытас оратылды.

1936 жылы институты бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған соң Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кеніне жұмысқа жібереледі. Онда бұрғылау саяносы машинистпен бастап, цех бастығы, кеніштің бас инженері және оның директоры болып істеді.

Одан соңғы еңбек баспалдағы - "Алтай полиметалл" комбинаты бас инженерінің орынбасары, техникалык бөлімнің бастығы, Риддер кенішінің және КСРО ірі корғасын-мырыш кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.

1942 жылы орда бұзған отыз жасында республика Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Бұл жауапты міндетті он жыл мінсіз атқарады. Соғыс кезінде ол майдан қажетін қамтамасыз ететін жылу және басқа өнеркәсіп салалары жөніндегі мәселелермен айналысты.

1952 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайлан-ды. 1955 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінін төрағалығына -тағайындалды. 1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Ор-талық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен алынып, қайтадан Республика Министрлер Кеңесінін, төрағалығына тағайындалды. Сол кезде ондай жағдайларға танда-нуға болмайтын. Әйткені, басшы кадрларды Мәскеу өз қолына алған еді. Орталық барлық кадрларды өзі алып, езі койып отыратын. Ғажап кой, бірак анық жайт. 1964 жылы Орталыкта жағдайлар езгерді де, Қонаев қайтадан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

Ол сан дуркін КСРО және республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының мүшесі, 32 жыл бойы КПСС ОК-ның мүшесі болды. 1966 жылы КПСС ОК Саяси БЮРО-ның мүшелігіне кандидат, Партияның терт съезінде, яғни XXIV пен XXVII съезд аралығында Орталық Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайланды.

Ұзақ жылдар бойы Қонаев елдің жоғарғы билік тізгінін ұстағандардың бірі болды. ОК Саяси Бюросының мүшесі ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының мәселелерін шешуге катысты.

Д. А. Қонаев партияның аса көрнекті қайраткері ғана емес, ол ғьглыми қызметпен де кажырлылықпен айналысты. Техника ғылымдарының докто-ры, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі.

Ол қазба байлықтарының арқасында республиканың деңгейі биікке кетерілетінін жақсы білді. "Республикамыз қарыштап, даму аскарынан асып, тағы да бір биік белеске көтеріледі" деп әлденеше рет айтқан болатын. Америкадан шығатын журналдардың бірінде атақты ағылшын саясаттану-шысы өзінің "Орыстар мен қазақтар" деген мақаласында Қазақстанның 1917 жылғы төңкеріске дейінгі (патшалык тәртіп кезінде) және социализм құрылысы кезеңіндегі дамуын салыстырған анализін келтіреді. Зерттеу ба-рысында байқалғандай, Қазақстанның өрлеу мен гүлденудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кезеңі Қонаев билік басына келген жылдар екен.

Қонаев ете сауатты басшы бола білді. Кез келген мәселені шешуде ба-тылдық пен керегендік танытты. Біздің ғасырымыздың 60-80 жылдары аралығында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы толығымен өзгерді. Соғысқа дейін экономика өзінің жана қадамын бастады, сосын со-ғыс, ал соғыстан кейін барлык ресурстар КСРО-ның Батыс және Солтүстік батыс бөлігіндегі қираған қалалар мен өнеркәсіп күштерін қалпына келтіруге жұмсалды. Қазақстан мен Орта Азия республикалары сол бәз-баяғы қалпында калды.

60-80 жылдар аралығындағы Қазақстаннын әлеуметтік-экономикалык дамуы деңгейіне мына дәлелдер куә. Осы кезеңдер ішінде республиканың ауыр өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіп орындары жедел каркынмен өсті: Карағанды-Теміртау, Павлодар-Екібастұз, Жамбыл-Қаратау және Шымкент-Кентау кемір-металлургия кешендері кұрылды. Казақстан елімізге орасан зор мөлшерде болат, шойын, мыс, вольфрам, марганец, молибден, қорғасын, мырыш, алтьгн, т. б. қазба байлықтарын тапсырды. Қазақстанның үлесіне 69% мыс қорыту, 70% қорғасын, 90% марганец, 87% жай фосфор өндіру тиді. Көмір қазу 220 миллион тоннаға жетті. Электр қуаты 78 миллиард киловатт сағатка есті. Екібастұздан Орталыкка жоғарғы кернеулі электр жүйесі тартылды. Ауыр өндірістің шапшаң қарқынымен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібін одан әрі дамытуды жеделдету мүмкіндігі туды. Мьгналарды айтсак та жеткілікті: 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында республикада 37 млн. пар аяқкиім, миллион метр мақта-мата бұйымдары шығарылды. Республикада 8 кант заводы, екі былғары комбинаты жұмыс істеді. Теміржол, әуе және автомобиль көліктері көбейді. 80-жылдардын аяғында теміржолдың ұзынырғасы 15 мың шақырымнан асып кетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемге елін танытқан ердің өмір жолы
Д. А. Қонаев
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВТЫҢ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
Қайын атасы
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Дінмұхамед Қонаев жайлы жыр
ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz