Құқықтық мемлекет теориясы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Құқықтық мемлекет теориясы»

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

:
КІРІСПЕ . . .: КІРІСПЕ . . .
5: 5
: 1
КІРІСПЕ . . .: ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ . . .
5: 6
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .: Құқықтық мелекеттiң ұғымы мен белгiлерi . . .
5: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Демократия және халық билiгi . . .
5: 25
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы . . .
5: 27
2: 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI . . .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI . . .
40: 40
2: 2. 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI . . .: Заң шығарушы билiк . . .
40: 42
2: 2. 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI . . .: Атқарушы билік . . .
40: 48
2: 2. 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI . . .: Сот билігі . . .
40: 62
:
ҚОРЫТЫНДЫ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
57: 57
:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
59: 59

Кiрiспе

Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсiздiгiмiзге жеткен уақыт iшiнде ғана елiмiздiң бар болмыс бiтiмi, бүкiл кескiн келбетi кереметтей өзгердi. Бәрiнен де бұрын егемендi ел атанып, ес жиып, еңсемiздi тiктедiк, халық болып қалпымызды танып, империя тозағының астында қалған тарихымызды ашып алдық. Бүгiнде Қазақстан келесi адамзат тарихының алып айдынына адаспай жол тауып, өзiнiң ертеңiне екпiндеп еркiн жүзiп келедi.

1991 жылдың желтоқсанында Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы ыдырады. КСРО құрамына кiрген Одақтас Республикалар өз егемендiгiн алып, тәуелсiз жеке дербес мемлекеттер болып бөлiне бастады. Кеңестiк Социалистiк Қазақ Республикасы жойылып, оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан мемлекетi - республикалық басқару нысанында болып, республикада мемлекеттiк билiк белгiлi бiр мерзiмге халық сайлаған өкiлеттi органдармен жүзеге асырылды. Қазақстан президенттiк республика болып табылады.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бiрталай құқықтық актiлердi қабылдап, олар жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн қалай бастады. Оларға жататындар Қазақ КСР-нiң Мемлекеттiк Егемендiгi туралы Декларация Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы заң 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялар.

Аталған Конституциялық актiлер Қазақстанның тәуелсiздiгiн дербестiгiн жариялап демократиялық құқықтық мемлекет құру туралы мақсатты алға қойды.

Қазақстан Республикасының Конституция ережесiнде Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституцияда болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негзiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды.

Атап айтқанда, бiртұтас Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген, өзiн демократиялы, зайырлы, құқықтық мемлекет етiп жариялағаны туралы толық ақпарат Ұйымдасқан қоғамда жоғары деп саналатын және мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясаттағы қызметтiң жүзеге асыруға жаралған мемлекеттiң негiзi феноменi - мемлекеттiк билiк жайлы.

30. 08. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституцияның көптеген нормалары мемлекеттiк билiктiң мәнi мен мазмұнына сипаттама жасайды, оның ұйымдасуы мен жүзеге асуы нысандары мен тәсiлдерiн бекiтедi. Сондай-ақ мемлекеттiк билiк Конституция бекiткен бiрнеше құрылымдық бөлшектерден, мемлекеттiк билiктiң бiрден бiр бастауы халық деп, бекiтетiн нормалардан, мемлекеттiк билiктiң негiзгi мақсаты туралы ережелерден, құқықтық және демократиялық мемлекет құруды көздейтiн Қазақстан Республикасы қызметiнiң түбегейлi қағидаларын бекiтетiн нормалардан мемлекеттiк билiк органдарын ұйымдастыру және оларды қызметiнiң негiзiн бекiтетiн Коституциялық ережелерден тұрады. Сонымен қатар мемлекеттiк билiк тармақтары туралы және оның белгiлерi, принциптерi, жүйесi жайлы жиналған барлық түсiнiктеме, ақпарат төмендегi атап көрсеткен кiтап жинағы көмегiмен дипломдық жұмыс жобасы әзiрлендi.

Олардың қатарына Е. Баяновтың “Мемлекет және құқық негiздерi” 2001 жарық көрген, онда мемлекеттiк билiк түсiнгi ұғымы, және оның түрлерi жөнiнде толық ақпарат түсiнiк берiлген. “Қазақстан Республикасының Контституциясына түсiнiктеме” Ғ. Сапарғалиев. “Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы” Ғ. Сапарғалиев, Ашимовтың “Егемен Қазақстан құқығы” және тағы басқа көптеген авторлар, ғалым, заңгерлердiң ұғымдары әзiрлеген әдебиеттер көмегiмен орындалды.

Тағы басқа айта кететiн мәселе, ол осы дипломдық жұмыс негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйене отырып орындалды, және де көптеген нормативтi актiлер, оның қатарына “Парламент және оның депутаттарының мәртебесi туралы” тағы басқа көптеген нормативтi актiлер жинағы номерiмен орындалды.

Билiк тармақтарын Конституциялық жолмен бөлу және олардың, бiр бiрiмен қарым-қатынасын ұштастыру әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiң демократиялық механизмiн нығайта түседi. Ал билiктiң барлық ұш тармағын ынтымақтастырып отыратын жауапты органға айналды. Ол халық алдында жауап беретiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк билiгiнiң бiрден-бiр кепiлi.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСIНIГI ЖӘНЕ

ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

  1. Құқықтық мемлекеттiң ұғымы мен белгiлерi

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түстi. Құқықтық мемлекет ұзақ тарихи даму процесiнде қалыптасады. Құқықтық мемлекеттiң идеясы мен мұраттарын жаппай тарату қазiргi уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттiк және қоғамдық өмiрдi демократияландыру перспективасын, әдiлдiкпен адамгершiлiктiң жетiстiктерiн байланыстыруда. Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерешелiктерi мен ерекше сипаттарын баяндау, қоғам өмiрiндегi ақиқат ролiн көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болды.

Құқықтық мемлекет мемлекеттiк басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ниетiн емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмiрдiң басқа субъектiлерiнiң құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн қамтамасыз етiп, кепiлдiк берiп қажеттiгiнде ескеретiн құқықтық нысандар мен әдiстерге басымдық бередi. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтiк және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас санасына кiрiсу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынасқа түсушiлердiң арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесiнiң нығаюына айрықша қамқорлық көрсетедi және оның сақталуын қадағалап отырады.

Өзiнiң бүкiл қызметiнде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа субъектiлерiнiң мiндеттi түрде және сөзсiз бағынуына есептелген қатал басқарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандары мен әдiстерi басым болып келетiн статистiк мемлекет оған қарама қарсы болып табылады. Бұдан басқа, аталған субъектiлердiң бостандығы мен дербестiгi, олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттiң ролiнiң шеттен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан, экономикалық, әлеуметтiк қатынастардың барлық саналарын, азаматтардың жеке өмiрiн тiкелей өз қарауына жеке бағынысына алуға деген талпынысынан екiншi кезектегi жеке ұсақ түйек мәселелердi шешуге араласуынан тұратын статистiк қоғамның басқа ерекшелiгiнде осымен байланысты. Жеке тұлғаның және басқа қоғамдық қызмет субъектiлерiнiң жағдайы тек айқын да тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес, олардың күнделiктi араласып отырған мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың субъективтi қарауына да байланысты.

Құқықтық мемлекеттердiң пайда болуы мемлекеттiк-құқықтық процестердiң ұзақ эволюциясының заңды сандары, реакциялық институтардың орнына озат, прогрессивтi және тиiмдi институттардың өзiнен ерекше селекциясы мен мүқият iрiктелгендiгiнiң нәтижесi болып табылады. Бұған мемлекеттiк басқарудың құқықтық нысаны, әмiршiлдiк-әкiмшiлдiк және полицейлiк - бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалылығын теориялық ұғыну негiз болды. Құқықтық мемлекеттiң теориялық бастаулары түбiрiмен өткен шаққа айналды деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалары) “құқықтың позитивтi ролiн ескермегiнше, мемлекеттiң құрылымы мықты, тұрақты және сенiмдi болуы мүмкiн емес” деген пiкiрлер айтып кеткен. Қылмыстың ролi мемлекетiк басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдiк ретiнде қарайды: заң әлдекiмнiң билiгiнде болмауы керек, өйткенi барлық органдарды, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекетін басқарып отыруға арналған.

Құқықтық мемлекеттiң теориялық тұжырымдамасының ережелерiн бiрқатар елдердiң өмiр тiршiлiгiнде практикадан өткiзу консервативтiк күштердiң қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттiк және қоғамдық қызметтiң барлық жағынан терең жаңғыруымен бiрге жердi - мемлекеттiк жүйенiң принциптерi жетiлдiрiлдi, жеке адамның мәртебесi айқын мазмұнмен толықты, құқықтық құндылықтар бiрiншi дәрежелi маңызға ие болды, шектеулiктердiң бассыздығы азайып, олардың қызметi бiртiндеп реттелген және тәртiптелген арнаға түсе бастады.

Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңiнiң белгiсi құқықтық мемлекеттер отбасының пайда болып, көбеюi. Бұл - мемлекеттiк - құқықтық теория мен практиканың ғажап жетiстiгi, бүгiнгi заманғы өркениеттiң орнығуы.

Теорияда құқықтық мемлекеттiң мынадай жалпы белгiлерi ерекшелiнген.

Дамыған азаматтық қоғамды қалыптастыру. Азаматтық мемлекеттiк - құқықтық нормалар негiзiнде ғана емес, сондай-ақ өзiн-өзi реттеу арқылы қызмет етушi экономикалық, этникалық, дiни, қоғамдық - саяси институтар мен мекемелерден тұратын күрделi құрылымы бар.

Құқықтық мемлекетке тек барлық азаматтардың заң тұрғысындағы теңдiгi ғана емес, сондай-ақ оны қамтамасыз ету үшiн материалдық, саяси, ұйымдық және басқа да кепiлдiктер тән.

Құқықтық мемлекетте заң үстемдiк етедi. Бұл заң барлық қоғамдық қатынастарды реттеу, адамның әр қадамын қадағалап отыру құралы ретiнде пайдаланылады деген сөз емес. Заңның үстемдiгi, бiрiншiден, құқықтық құралдардың көмегi мен әр азаматтың, тұтас алғанда бүкiл қоғамның материалдық, рухани және өзге де мүдделерiн қанағаттандыру үшiн маңызды және қажет қоғамдық қатынастар реттеледi: екiншiден қабылданатын заңдар және басқа нормативтiк құқықтық актiлер қоғамдық прогресстiң объективтi қажеттiлiгiмен ерекшелендi, имандылық, әдiлiттiлiк, демократиялық идеялардың туындауы тиiс; үшiншiден, мемлекет өз қызметiн тек заңға негiздеуi құқықтық нормалардың талаптарын қатаң сақтауы, онда белгiленген шеңберде әрекет етудi, азаматтарды және басқалардың қорғауы қажет.

Құқықтық мемлекетте азаматтар кең ауқымды саяси, экономикалық, азаматтық, мәдени құқықтырмен бостандықтарға ғана ие болып қоймайды, сонымен бiрге оларға жауапты сұрақтар да жүктеледi. Саяси және құқықтық сананың жоғары деңгейiн меңгере отырып, азаматтар мемлекет iсiн басқаруға белсендi қатысып, өзiнiң аман-саулығына өзi жауап беруi, заң талаптарын сақтауы, басқа азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына нұқсан келтiрмеуi тиiс.

Мемлекет билiгi -келесi белгiсi болып табылады. Осы принцип әр тұрлi қызметтердi атқаратын мемлекеттiк органдар арасындағы өкiлеттiлiктi қамтамасыз етедi, мемлекет пен қоғамды мемлекетiк билiктiң бiр тармағынсыз билiк тостемеуiне кепiлдiк етедi, сөйтiп заңдылықтық құқық тәртiбiнiң орнығуына алғы шарттар жасайды.

Құқықтық мемлекеттiң бiрiншi көрсеткiшi - заңның жоғарғы тұратындығы, оның қоғамдық өмiрде ұстемдiк ететiндiгi. Қоғамдық өмiрдiң неұғрлым маңызды жақтары арәылы реттелiп отыруға тиiс, Конституция заң шығарушы органды осы жағдайға қарай нұсқайды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi аса маңызды қатынастарды реттейтiн жеке және заңды тұлғалардың құқық субúектiлерiне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттiк органдармен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын Ұиымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығарушың т. б. өкiлдi органы.

Құқықтық мемлекеттiңң тағы бiр маңызды принципi - барлық мемлекеттiк органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының мiндеттiлiгi. Лауазымды тұлғалар, мемлекеттiк органдар, әсiресе тұтас алғанда мемлекетте қолданылып жғрген заңдарды Бұзатын болса, мемлекеттiң өзi ұшiн Мұның ауыр зардаптары болады. Жақсы-жақсы де мемлекеттiк органдар оларды Бұзатын болса, Бұл құқықтық мемлекет құру процесiн кейiн шегерiп тастайды, ал екiншi жағынан, халықтың ғкiметке органдар мен сенiмсiздiгiн туғызады. Мемлекеттiк органдар мен әруақытта болып келген, әлi де Ғзақ уақыт орын алмақ. Мұндай жолсыздықтар құқықтық деп айтуға боларлық ең дамыған мемлекеттiрде де кездесiп жғр. Бiрақ Бұл жерде әңгiме, бiрiншiден, сол заңды Бұзушылықтың көлемi жөнiнде, ал екiншiден, мемлекеттiң сол жолсыздықтармен ғнемi, үздiксiз күрес жүргiзуге бекемдiгi жайында болып отыр. Егер заң бұзатын жолсыздықтар жалпылама сипат алып кетсе, ал мемлекет онымен күресуге дәрменсiз болса, немесе оларды байқамағансып отыра беретiн болса, ондай жағдайда құқықтық мемлекет орнату туралы сөз қозғау қиын.

Мемлекет - дамыған ұлттық құқықтық жүйенiң болуы, тек оның нақты қызмет iстеуi арқасында ғана құқықтық деп танылмайды. Сонымен қатар мемлекеттiң құқықтық сипатының дәрежесi неұғрлым демократиялық, прогрестi және адамгершiлiктi құқықтық идеяларды өз бойына жинаған халықаралық құқық мемлкеттiң қалай қарайтандығымен де анықталады. БҰл мәселеге Конституция ерекше назар аударады.

Құқықтың мемлекетте билiктiң Бүкiл механизмi және әрбiр орган, әрбiр лауазымды тұлға өз қызметiнде жеке алғанда құқықтық принциптер және нұсқаулармен байланысты, өздерiнiң барлық шараларын солармен сәйкестендiредi.

Құқықтық мемлекет құқық пен заңның арасындағы этатистiк мемлекетке тән мұндай үлкен қарама-қарсылықты бiлдірмейдi. Онда мемлекттiк органдардың барлық нормативтiк актiлерi өзiнiң мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және рәсiмдеу процедурасы, iске қосу ерекшелiктерi, қолдану сипаты, тәртiп бұзушылықпен күрестiң асырылуы мен онан қорғау жөнiнен құқықтық жоғары критерииiлерiне әлi келедi.

Құқықтық мемлекет нормативтiк нҰсқауларды қабылдап оны жариялаумен ғана шектемейдi.

Құқықтық мемлекеттiң айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттiң нормативтi актiлерiнiң әрекет етуiнiң субординациясын сақтау болып табылады.

Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатынастардың басқа субúектiлерiнiң мәртебесiнiң, ерекшеленуi: бiрiншi кезекте олардың қалыпты тiршiлiк әрекетiн және олардың алдында тұрған мiндеттердi табысты шешудi қамтамасыз етуге жеткiлiктi құқықтар мен бостандықтарды кең кешенiн қарастыруы.

Барлық мемлекеттiк және қоғамдық институттар мен құрылымдарды заңды деп тану - құқықтық мемлекеттiң ерекшелiк белгiлерiнiң бiрi.

Құқықтық мемлекетте биiлiктi болу принципi жариялалады және жғзеге асырылады. Соған сәйкес бiртұтас мемлекеттiк билiк шеңберiнде бiр бiрiмен тепе теңдiк жұиесiн пайдаланып өзара iс әимыл жасайтын дербес әрi тәуелсiз ұш тармаққа- заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну қамтамасыз етiледi.

Құқықтық мемлекетте елдiң iшкi заңы мен халықаралық құқықтық көпшiлiк таныған принциптерi мен нормаларының арасындағы тиiмдi ара қатынасты орнату жөнiндегi шаралар жғзеге асырылуы.

Құқықтық қоғам ұшiн азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттiң азаматтар алдындағы өзара жауапкершiлiгi тән.

Құқықтық мемлекеттiң жоғарыда аталған белгiлерiн бiр бiрiнен бөлiп қарамай, бiртұтас тұрiнде алып қараған дұрыс, яғни осы аталған критериилер сақталмаса, құқықтық мемлекет туралы пiкiр толған сөз қозғау қателiк болар едi. 1

Қазақстанда әлеуметтiк мемлекет құрудың чина. негiзi жасалған. Әлеуметтiк мемлекет Ұғымы алғаш рет екiншi дғние жғзiлiк соғыс кезiнде Ғлыбританияда пайда болды және соғыстан кейiн Еуропада көптеген мемлекеттер үшiн үлгiлi айналған Беверидж жоспарында тұжарымдалды. Әлеуметтiк мемлекеттiң үш үлгiсi ерекшеленедi:

  1. Позитивтi мемлекет. Онда әлеуметтiк қамсыздандыру дарашылдыққа және корпоративтiк мүдделердi қорғауға негiзделген. Мұндай мемлекетте әлеуметтiк саясат бақылау құрамы болып қана қалады.
  2. ЖҒмыспен толық қамту саясаты жғргiзiлетiн, кепiлдi ең төменгi тұрмыс деңгенi және табысқа тең ғмiт қамтамасыз етiлетiн жеке әлеуметтiк мемлекет.

3. Бәрiне бiрдей қызмет етушi әлеуметтiк саясат жғзiге асырылатын игiлiгiне арналған мемлекет. Мұндай мемлекетте теңдiк, корпоративтiк және ынтымақтастық қамтамасыз ету етiлген сияәты болады. Баршаның игiлiгiне арналған мемлекетте жанақыларда әркелкiлiктiң азаюы, жҒмыспен толық қамтылуға кепiлдiк берiлдi, еңбекшiлердiң саясаттағы өктемдiк жағдайы қамтамасыз етiлуi тиiс.

Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптерiн, идеологияларын, нормаларын талдау, оның азаматтық қоғам қалыптастыру ұшiн, адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ұшiн заңнан ұстемдiгiн орнықтыру ұшiн, азаматтардың, мемлекеттiк органдардың, лауазымды адамдардың саяси және құқықтық жауапкершiлiгiн iске асыру ұшiн, мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi қызметi ұшiн құқықтық кеңiстiк жасайды. Демократиялық, зайырлы және әлеуметтiк мемлекет қалыптастыру - ұзақ мерзiмдi процесс, ол барлық субúектiлердiң: халықтың, әлеуметтiк топтардың, азаматтардың, мемлекеттiң, оның органдарының, лауазымды адамдардың Конституциялық құқықтық қатынастарға тұрақты тұрде кұш жҒмсауын талап етедi.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құрып жатқандар ұшiн адам, оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық болып табылады. Саяси ой әлемiнде демократия өзiндiк құндылық ретiнде, аса маңызды жалпы адамзаттық құндылықтарын мемлекеттiк құрылысқа нақты сiңiру көрiнiсi ретiнде қарастырылады. Оған - адамның өзi-оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары жатады. Оларды жоғары құндылық деп тану мемлекеттiң адамүа қамқорлық, оған материалдық игiлiк жасаудан артық мiндет жоә екендiгiн бiлдiредi. Мемлекет адамның қалыпты тiршiлiк ете алуы ұшiн өзiне қатысты барлық жағдайларды жасауға мiндеттi. Мемлекет адам өмiрiн, оған өзiнiң де заңсыз әрекеттерден қорғауына мүмкiндiк бере отырып құқыққа қайшы қол сҰғушылықтан қорғауға мiндеттi. Конституция да бекiтiлген, ағымдағы заңдарда нақтыланған адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттiң оларды бiрiншi кезекте iске асыруға жан-жақты көмек көрсетуi әәжеттiгiн бiлдiредi.

Қазақстан Республикасының Конституциясы Ғлтына қарамай барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың тату тұруына заңды негiз құрады. Сондықтан Қазақстан - Бұкiл халықтық мемлекет. БҰл жағдайда Конституцияда жазылған мемлекеттiң, оның органдары, қызметiнiң принциптерiнде анық айтылған. Бiрiншiден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талап тануы қажет. Қоғамдық татулық дегенiмiз - қайшылыққа, әлеуметтiк топтар арасында, тұрлi Ғлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұнда татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмiр сғрiп, оәуының, жҒмыс iстеуiнiң алғы шарты. Екiншiден, мемлекет өзiнiң экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейiмдеп, тек бiр топ адамның емес, Бұкiл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. үшiншiден, мемлекет органдары мемлекет өмiрiнiң маңызды мәселелерiн демократиялық жолмен шешуi керек. БҰл халық ең маңызды мемлекеттiк мәселелердi тек қана өмiрлiк және референдум арәылы шешедi деген сөз.

Ғылымдарда мәдениеттің алатын орны зор. Қазақ тілінде бұл термин арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Мәдениет көп мағыналы, түсіндірүге қиын болып келетін ұғымдардың бірі. Ол адамның өткендегі жасағанын және болашақтағы жасайтынын қамтиды. Қарапайым еңбек құрылғыларынан, әдет - ғұрыптан, адамның тіршілігінен, өмірінен бастау алып, ғылым мен өнер, дін мен атеизм, мораль мен философия сияқты ұғымдарға дейін тамырын жаяды.

«Мәдениет» таңғажайып факторлар жиынтығы, соның ішінде рухани жіне материалдық құндылықтар адам өмірінде үлкен роль атқарады, өйткені олар адамның өз - өзіне сенүіне көмектеседі - деді Олжас Сүлейменов - мәдениетті қай жағынан қарастырсақ та, осы факторға көз жұма алмаймыз».

Қазіргі заман сөздіктерінде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:

А) мәдениет - белгілі бір хаплықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

Ә) мәдениет адамзат қауымының белгілері бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері ( палеолит мідениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мідениеті жіне т. б. ) ;

Б) агромәдениет ( дәнді - өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т. б. ) .

«Мәдениет» жер жырту, бау - бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шарашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен білімімен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесәз адам еш уақытта мәдениеттә бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетәнәң қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі « құрмет тұту, сыйлау, қадірлеу, табынушылық» деген мағыналарға да ие. Олардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Міне, сондықтпн да болар, белгілі эллинист Марк Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптеді. Полис дегеніміз - шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Жеке құқықтық әдістер
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz