Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер (ХХ ғасырдың екінші жартысы)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.8

І Тарау. ХХ ғасырдың 50.90 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.26

1.1. ХХ ғасырдың 50.60 жылдарындағы зерттеу
жұмыстарының нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.16


1.2. ХХ ғасырдың 70.90 жылдарындағы экспедициялар жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.26


ІІ Тарау. Шығыс Қазақстандағы 1997.2003 жылдардағы археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27.55


2.1.1997.2000 жылдардағы археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ...32.37


2.2. 2001.2003 жылдардағы археологиялық қазба және
барлау жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38.55



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56.58



Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59.61
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі тарих ғылымының дамыту концепциясына сәйкес зерттеуді өлкелік тұрғыда қарастыруда Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетін, тарихи географиясын зерттеудің, өлкетанушылық жұмысқа ғылыми бағыт беріп өрістеуінің маңызы зор.
Отанды сүю өлкені құрметтеуден басталатынын ескерсек, өлкетану ісіне жастардың, мектеп оқушыларының көбірек қатысып, өз бетінше зерттеу жүргізуге дағдылануы қажет. Әрбір жас ұрпақ Қазақстанның тарихын оқып үйренуді алдымен өз өлкесінің тарихын білуден бастағаны абзал.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихын жазу үшін, оның жерінің әр пұшпағының асты – үсті, яғни археологиялық деректері мен жер бетіндегі тарихи – мәдени ескерткіштері қоса зерттелуі қажет.
Шығыс Қазақстан аймағының көне тұрғындары қалдырған археологиялық көне мұрағаттарды қазіргі таңда ұқыптылықпен жинап қарастыру алдымызда тұрған келелі мәселелердің бірі.
Шығыс Қазақстан еліміздің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес, сонымен қатар, керемет тарихи-мәдени ескерткіштерімен де белгілі.
Шығыс Қазақстан аймағына кіретін бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан облысы археологиялық тұрғыдан аз зерттелген аудандарға жатпайды.
Бұл өлкенің зерттелу тарихын қарастырамын деген адамға зор мүмкіндік бар. Бірақ археологиядағы осы мәселе тек С.С.Черников пен Ә.Х.Марғұланның еңбектерінде көрініс береді. Олардан кейінгі еңбектерде Шығыс Қазақстан облысы археологиялық зерттелу тарихы жайлы көп жазылмаған.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: ХХ ғасырдың ІІ-ші жартысынан Шығыс Қазақстанның археологиялық тұрғыдан зерттелуін кезеңдер бойынша топтап жүйелеу, зерттеулердің динамикасын және жетістіктердің өлке тарихындағы маңызын ашу.
Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:
— ХХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда толысқан, өз мәніндегі археологиялық зерттеулердің жүргізіле басталғанын көрсету.
1. Марғұлан Х.А., Акишев К.А., Қадырбаев М.К., Оразбаев А.М., Древняя культура Центрального Казахстана.- Алма-Ата1966 , 230с.
2. С.С. Черников Наскальные изображение верховий Иртыша // Советская археология -М. 1947 , 17с.
3. С.С. Черников Восточный Казахстан в эпоху бронзы.-М-Л, 1960,270с.
4. А.Г. Максимова. Эпоха бронзы Восточного Казахстана.// ТИИАЭ АН КазССР, 1959, т 7.
5. Археологические памятники в зоне затопление Шульбинской ГЭС- Алма – Ата. 1987 , 221с.
6. С.С. Черников Загадка золотого Кургана-М1965 ,211с.
7. Сорокин С.С. Большой Берельский Курган.- Л 1964, 147с.
8. Ф.Х. Арсланова Погребальный комплекс VІІІ-VІІ веков до нашей эры Восточного Казахстана В. кн. Глубь веков- Алма-Ата 1974,170с.
9. Археологические открытия 1978 года- Москва 1979,133с.
10. Вопросы истории Казахстана- Алматы 2000, 211с.
11. Е.Оралбайұлы Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштерінің зерттелу тарихы // ҚазҰУ хабарлары 2001. №6.
12. Проблемы изучения и сохранения исторического наследия. -Алматы 1998, 181с.
13. Ұ.Ү. Үмітқалиев, Ә.М. Оразбаев және Қазақстан археологиясы // ҚазҰУ хабарлары. Алматы. 2002 .
14. Самашев С., Сунғатай және т.б. Алтайдағы Берел обалары // Абай №1, 2000.
15. Самашев З.С. Берел // Қазақстан Ұлттық экциклопедиясы. т.2 -Алматы. 2000, 289.
16. Самашев З., Базарбаева Г. Берел.- Алматы. 2000, 210 .


17. Самашев З.С., Мыльников В.П. Погребальное сооружение скифского времени в Казахском Алтае // Проблемы археологии, этнографии, антропологии Сибири и сопредельных территорий. Том VІІ. Материалы годовой сессии Института археологии и этнографии СО РАН, декабрь 2001 г. Новосибирск, 2001,115с.
18. Отчет о работах Казахско Французской археологической экспедиции в 1998 г. // сост: Самашев З., Ермолаева А. и др. Алматы, 1999,20с .
19. М.И. Артомонов Сокровища саков М. 1978 .
20.Базарбаева Г.К. Изучение культуры древних кочевников Алтая // (изучению) Известия МОН РК сон 2000 . №1,57с.
21.Самашев З.С Берельский феномен. (История изучения памятника Большого Берельского Кургана). // Мысль 2001. №5.
22.Самашев З.С. Сокровища Кургана Берел // Ұлт тағылымы 2001 №2.
23.Самашев З., Базарбаева Г., Файзов К.Ш. Археологические памятники и палеопочвы Казахского Алтая- Алматы, 2001,181с.
24.А.Исин. Шыңғыстау, Берел, Шілікті, Абыралы. Археологиялық зерттеулер 1999 – 2003жж. Семей – 2004,184с.
25.Отчет археологические экспедиций КазНУ им.Аль Фараби // сост: Омаров Г.К. Алматы 2000,35с. (рукопись).
26.Отчет археологической экспедиций Института археология им. А.Х. Маргулана. Сост: Самашев З.С. -Алматы 2001,32с .
27.Кубарев. Курганы Юстыда.- Новосибирск . 1991,218с .
28.З.Самашев, Г. Жумабекова, Г. Кущ, Г.Суворова, А.Чотбаев, Г.Киясбек. Исследования берельских Курганов // Новые исследования по археологии Казахстана.- Алматы, 2004 .
29.З.Самашев, Г.А. Базарбаева, Г.С. Жумабекова, Г.А. Куш, Г.И. Суворова Археологичексие изыскание в Казахском Алтае // Известия НАН РК серия общественных наук 2004 №1.
30.Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің археологиялық экспедициясының есебі./ Құрастырған: А.Исин. 2003ж.
31. А.Исин. Сарыкөлде қазба қызды // Семей таңы, 29 тамыз 2002.
32.А.Исин. Алғашқы түркі алтыны қалай табылды. // Семей таңы, 27
маусым 2003 .
33.А.Исин. Шыңғыстау мен Шіліктіден археологиялық табыс // Абай, 4. 2003.
34.Нұрғалымова Г. Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті- Алматы,2002, 108с.
35.Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің археологиялық экспедициясының есебі./ Құрастырған: А.Исин. 2004.
36.Айман Шарипхановна. Сокровища саков (Шілікті) // Арна 2003 24 октябрь.
37.А.Исин. Шілікті таңғажайыптары // Алтын Орда. 6 2004.
38. Ғ.Қ. Қиясбек. Қазақ Алтайы ежелгі өнеріндегі грифон бейнесі // ҚР ҰҒА-ның // хабарлары Қ.Ғ.С. 2003 . №1
39. Г.А. Базарбаева. Зверинные образы искусства ранних кочевников Казахского Алтая. Известия МОН РК, НАН РК серия общественных наук 2002 . №1.
40. Кочеев В.А. Боевое оружие пазырыкцев // Древности Алтая. Горно – Алтайск, 1999. №24, 82с.
41. Ширин Ю.В. Погребения скифского времени в Кузнецкой котловине // Итоги изучения скифской эпохи Алтая и сопредельных территорий. Сборник научных статей. Барнаул, 1999. 237 с. Исин А. Тайны Берельских курганов // Голос народа, 2001. №36
42. Берелдегі екінші жыл // Семей таңы. 2001 №40
43. Самашев З.С. Сокровища Кургана Берел // Ұлт тағылымы 2001 №2.
44. Исаұлы. Шыңғыстау экспедициясы // Семей таңы, 3 ақпан 2000.

Шығыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер
(ХХ ғасырдың екінші жартысы)

Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 2-8

І Тарау. ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы археологиялық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
-26

1.1. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы зерттеу
жұмыстарының
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-
16

1.2. ХХ ғасырдың 70-90 жылдарындағы экспедициялар жұмыстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .17-26

ІІ Тарау. Шығыс Қазақстандағы 1997-2003 жылдардағы археологиялық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..27-55

2.1.1997-2000 жылдардағы археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ...32-37

2.2. 2001-2003 жылдардағы археологиялық қазба және
барлау
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...38-55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...56-58

Пайдаланылған әдебиеттер мен
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 59-61

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі тарих ғылымының дамыту концепциясына
сәйкес зерттеуді өлкелік тұрғыда қарастыруда Шығыс Қазақстанның тарихы мен
мәдениетін, тарихи географиясын зерттеудің, өлкетанушылық жұмысқа ғылыми
бағыт беріп өрістеуінің маңызы зор.

Отанды сүю өлкені құрметтеуден басталатынын ескерсек, өлкетану ісіне
жастардың, мектеп оқушыларының көбірек қатысып, өз бетінше зерттеу
жүргізуге дағдылануы қажет. Әрбір жас ұрпақ Қазақстанның тарихын оқып
үйренуді алдымен өз өлкесінің тарихын білуден бастағаны абзал.

Қазіргі таңда Қазақстан тарихын жазу үшін, оның жерінің әр пұшпағының
асты – үсті, яғни археологиялық деректері мен жер бетіндегі тарихи – мәдени
ескерткіштері қоса зерттелуі қажет.

Шығыс Қазақстан аймағының көне тұрғындары қалдырған археологиялық
көне мұрағаттарды қазіргі таңда ұқыптылықпен жинап қарастыру алдымызда
тұрған келелі мәселелердің бірі.

Шығыс Қазақстан еліміздің сарқылмас табиғи байлықтарымен ғана емес,
сонымен қатар, керемет тарихи-мәдени ескерткіштерімен де белгілі.

Шығыс Қазақстан аймағына кіретін бұрынғы Семей және Шығыс Қазақстан
облысы археологиялық тұрғыдан аз зерттелген аудандарға жатпайды.

Бұл өлкенің зерттелу тарихын қарастырамын деген адамға зор мүмкіндік
бар. Бірақ археологиядағы осы мәселе тек С.С.Черников пен Ә.Х.Марғұланның
еңбектерінде көрініс береді. Олардан кейінгі еңбектерде Шығыс Қазақстан
облысы археологиялық зерттелу тарихы жайлы көп жазылмаған.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: ХХ ғасырдың ІІ-ші жартысынан Шығыс
Қазақстанның археологиялық тұрғыдан зерттелуін кезеңдер бойынша топтап
жүйелеу, зерттеулердің динамикасын және жетістіктердің өлке тарихындағы
маңызын ашу.

Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері:

— ХХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстанда толысқан, өз
мәніндегі археологиялық зерттеулердің жүргізіле басталғанын көрсету.

— С.С.Черников басқарған Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясына
тоқталу, С.Сорокин басқарған Мемлекеттік Эрмитажының экспедиция зерттеу
жұмыстарына тоқталу.

— З.Самашев басқарған жаңадан құрылған Шығыс Қазақстан археологиялық
экспедициясының 1997-2003ж.ж. жұмыстарына шолу жасау және ғылыми
жетістіктерін көрсету.

— ХХ ғасырдың екінші жартысындағы археологиялық экспедициялардың құрылуы
және зерттеу жұмысын жүргізудегі ерекшеліктерін анықтау.

Зерттелу деңгейі: Бірден археологиялық зерттеулерге көшпес бұрын,
өлкедегі археологиялық ескерткіштер туралы мәліметтердің қалай және қашан
пайда болып, ары қарай дамуы жайлы қысқаша тоқталсақ. Шығыс Қазақстан
туралы алғашқы деректер тарих атасы Геродоттың еңбектерінде кездеседі.
Онда біздің өлкені мекендеген аримаспалар жайлы аңыз баяндалған.

Археологиялық объектілер жөніндегі алғашқы шынайы мәліметтер осыдан
300 жыл бұрын орыс үкіметінің Сібірді және Шығыс жерлерді интенсивті игере
бастауымен байланысты пайда бола бастады. Қытайдағы орыс елшілігінің
басшысы Федор Байковтың (1654-1658 жж.) жазбаларында Ертіс жағасындағы
ежелгі архитектуралық құрылыстардың қалдықтары туралы жазғаны қызықты.
Шығыс Қазақстан археологиясы жайлы көлемді материалды голланд географы және
юристі Н.Витизен қалдырды. Ф.И. Байковтың сипаттаған тарихи ескерткіштері
кейін Петр І-нің тапсырмасымен С.Ремезовтың Сібірдің сызба кітабында
көрсетілген. Алтайдың бай қорғандарынан қазып алынған түрлі алтын әшекей
заттар кунсткамераға алынып, көне қымбат заттарды сатып алу туралы жарлық
шығарылған. М.П. Гагарин Петр І-ге осы тектес заттардың екі партиясын
жібереді. Міне, сөйтіп Сібірдің ерте көшпенділері өнерінің жарқын бейнесі,
Ресейдің ең бірінші археологиялық коллекциясы Петр І-нің Сібір
коллекциясына жиналған болатын. [1, 14]

1718 жылы Петр І-ші өз жарлығында қорғандардан табылған заттардың
құнын белгіледі. Мола қазушыларды бугровщиктер деп атаған. Осыдан бастап
өлкенің қорғандарын жаппай тонау басталды. Кунсткамераға заттар тонаумен
жиналды.

1733 жылы Сібірге ұйымдастырылған алғашқы академиялық экспедицияны
Г.Ф. Миллер басқарады. Оның құрамында сол кезде керемет белгілі
профессорлар И.Гмелин, Л.Делокроер, геодезистер А.Красилников, А.Иванов,
Н.Чекин, М.Ушаков және т.б. болды. Оларға кейін Сібірдің белгілі тарихшысы
И.Фишер қосылды. Экспедицияның маршруты: Тверь – Казан – Екатеренбург –
Тобыл – Тара – Железинка – Ямышев – Семей - Өскемен – Барнауыл – Кузнецк –
Сібір арқылы жүріп өтті.

Гмелин Қазақстандағы археологиялық ескеркіштерді картаға түсірген. Оны
өзінің төрт томдық еңбегінде келтірген. ХІХ ғасырдағы әуесқой коллекционер
П.К.Фролов әртүрлі көне мұрағаттардың үлкен бөлігін жинаған. Олар Эрмитаж
бен Мәскеудің тарих мұражайларында сақтаулы.

Страленберг (1730), Миллер (1750), Гмелин (1751), Паллас (1786) және
Фальк (1824) бұл жерде қорғандардың көп екенін, бірақ олардың бұрыннан бері
тоналып кеткенін айтады.

Алайда аталған зерттеушілердің жұмыстары нағыз археологиялық
зерттеулерден әлі алшақ еді. Олар тек сипаттау мен тіркеуден басқа
жұмыстарды ары қарай дамытпады.

1865ж. В.В.Радлов Берел қорымында тарихта Үлкен Берел қорғаны деп
аталған ескерткішке ауқымды қазба жұмысын жүргізді. Алтай кереметі деп
аталып кеткен тоң басқан обалар археология ғылымының тарихында тұңғыш рет
осы Үлкен Берел қорғанында Радлов тарапынан зерттеле басталды . Патша
заманындағы В.В.Радлов және А.А.Адриановтың қазба жұмыстарынан соң, Берел
қорымындағы зерттеулерді 1959 жылы С.С.Сорокин басқарған Шығыс Қазақстан
археологиялық экспедициясы жалғастырды Үлкен Берел қорғандар тобына
зерттеулер жүргізді.

1997-1999 жылдары ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ә.Х.Марғұлан
атындағы Археология институтының, Ресей Федерациясының Мемлекеттік
эрмитажы, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, РФ-ның Кемеров Мемлекеттік
университеті және Францияның ғылыми зерттеу ұлттық орталығының бірлескен
археологиялық экспедициясы Шығыс Қазақстан облысы Қатон Қарағай ауданында
Майемер, Берел, Тарасу қорымдарына жаңа археолоргиялық зерттеу жұмыстарын
бастады .

2000-2004 жж З.Самашев басқарған ШҚАЭ жұмыстары Ә.Х.Марғұлан
атындағы Археология институтының,ҚазҰУ-ның, Шәкәрім атындағы СМУ(бүгінгі
күнде Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институтының) қатысуымен жалғаса
түсуде .

Катон-Қарағай ауданында орналасқан археолгиялық ескерткіштермен қатар,
зерттеліп жатқан аймақтар солтүстік Тарбағатай мен Зайсан өңірі . 1989
жылдан бастап Ә.М.Оразбаев, Ә.Т.Төлеубаев бастаған экспедиция Семей өңірін
зерттеді. Экспедиция құрамында ғылыми қызметкер Ғ.Омаров, Е.Бияров, т.б.
болды. Бұл экспедиция бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданында Ескеалмас,
Масалы ескерткіштерін зерттеді.

1996 жылы Ә.Т.Төлеубаев бастаған экспедиция Шығыс Қазақстанның Ақсуат
ауданы Көкжыра елді мекені жанынан қола дәуірінің 5 қоршауын қазып
зерттеді. 1998 жылы осы экспедиция Ақсуат ауданы Құлбабас ауылының жанынан
қола дәуірі ескерткіштерін зерттеді. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан
ауданындағы Шілікті қорғандары ежелден зерттеушілердің қызығушылығын
тудырды. Шілікті қорғандарын 1949-1962жж. С.С.Черников тыңғылықты зерттеді.
Көп жылдардағы жұмыстарының ең тамаша нәтижесі 1960 жылы қазған Шіліктінің
алтын қорғаны болды. 2003жылы Шіліктіде Әл Фараби атындағы ҚазМҰУ және
Шәкәрім атындағы СМУ-дің біріккен археологиялық экспедициясы қазба
жұмыстарын жүргізді. Экспедиция басшылары Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Қ.Омаров,
А.Исин болды.

Тағы бір зерттеліп жатқан өлке Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына
қарасты Шыңғыстау Сарыкөліндегі ескерткіштер. Бұл жерде алғашқы
археологиялық зерттеулерді 1947 жылы археолог Нифонтова, одан соң 1949 жылы
С.Черников басшылығындағы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедиция
тарапынан зерттелген болатын. Одан кейінгі зерттеулер ҚазМҰУ және Семей МУ
бірігуімен Шыңғыстауда 1999 жылы жалғасын тапты. Экспедияға
Ә.Т.Төлеубаев, Ғ.Қ.Омаров және А.И.Исин басшылық жасады. Қазба жұмыстары
Текебұлақ қорамында жүргізілді.

2002 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Шыңғыстау жерінде Әл-
Фараби атындағы ҚазМҰУ мен Шәкәрім атындағы СМУ-нің қатысуымен болған
Шыңғыстау экспедициясы жалғасты. Оған профессор Ә.Т. Төлеубаев,
т.ғ.к., доцент А.И.Исин басшылық жасады.

2003 жылы Семейлік зерттеуші археолог А.Исаұлы жетекшілік ететін
Шыңғыстау экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізді. Қазба жұмыстары кезінде
түркі заманының 60-қа жуық заттары табылды.

Шығыс Қазақстанның археологиялық зерттелуі жайында еңбектер жазуда
теңдессіз үлес қосып жүрген археолог тарихшы ғалымдарымыздың жұмыстарына
тоқталайық.

Алматыдан 1998 жылы шыққан Проблемы изучения и сохранения
исторического наследия (Халықаралық археологиялық конференцияның
материалдары) атты еңбектің ішіндегі З.З.Самашев, А.П.Франкфорд, Э. Гии ,

А.С.Ермолаева, Г.С.Жұмабекова, С.Сұңғатай, Ж.М.Жетібаев, Ғ.Қ.Омаровтың
Исследование культуры древних кочевников Казахстанского Алтая атты
біріккен мақаласында, 1997-1998жж. Қатон Қарағай ауданының территориясында
А.Х.Марғұлан атындағы Археология институты ҒА-сы Франция мен Орта Азияның
археолог мамандарының қатысуымен ерте көшпенділердің ескерткіштерінің
зерттеуге арналған археологиялық қазба жұмыстарының қорытындылары жарық
көрді. Онда негізінен Майемер ІІ, ТарАсу, Берел ескерткіштерінің зерттелуі
жазылған №11 және №18 қорғандарға аса тоқталып өткен.

Қазақ тарихы журналының 1999 жылғы №2 санында З.С.Самашев,
Г.Жұмабекова, С.Сұңғытай Ежелгі Берелдіктердің ғажайып мәдениеті атты
біріккен мақаласында 1998 жылы 25 шілде мен 6 қазан аралығында ШҚО Қатон-
Қарағай ауданының Берел қорымында Қазақ – Француз біріккен экспедициясы
жүргізген қазба жұмыстарының кейбір қорытындылары берілді. Сонымен қатар
Берел қорғандарынан табылған материалдарға байланысты анықталған сақтардың
діни мифологиясымен наным сенімдері, жерлеу ғұрыптары жайында З.С.
Самашев., Г. Базарбаева, Г. Жұмабекова, С. Сұңғатай Берел атты еңбекті
жарыққа шықты. Тағы бір ұжымдық еңбек З.С.Самашев, Е.Ш.Файзов,
Г.А.Базарбаева Археологические памятники и палеопочвы Казахского Алтая
Алматыдан 2001 жылы шықты. Онда Берел қорғандары жайлы жазылып, олардың
нақты жасы берілген. Басқа тарауларында сол аймақтағы қазіргі қалыптасқан
топырақтың мәдени қабаты, топырақты археологиялық зерттеудің әдістері,
топырақтың морфологиялық, микроморфологиялық құрамы ерекшеліктері
жайында айтылған.

Семейлік тарихшы, археолог А.И.Исиннің Берел қорғандары және
археологиялық экспедиция барысы жайында мақалалары Семей таңы газетінің
2000-2001, Голос народа газетінің 2000-2001, Контакт газетінің 2000-
2001 сандарында жарияланды. 2004 жылы А.И.Исиннің Шыңғыстау, Берел,
Шілікті, Абыралы 1999-2003жж. археологиялық зерттеулер атты еңбегі жарыққа
шықты. Онда зерттеу мақалалары мен өзге де материалдар жарияланды.
Шыңғыстаудың қола ғасыры, ертетемірі мен орта ғасырлары, сондай-ақ Ертіс
өңірінің Зайсан, Қатон Қарағай аудандарының ертетемір заманындағы
ескерткіштерін барлау және қазу жұмыстары туралы мағлұматтар молынан
берілген.

Деректемелер: Зерттеу жұмысының деректемелік негізін құрайтындар:
өлкедегі археологиялық экспедициялардың есептері, экспедиция
жетекшілерімен ғылыми қызметкерлердің дала күнделіктері, сызбалар мен
жоспарлар, фото, видео материалдар. Олар қолжазба түрінде де, жарияланған
үлгілер түрінде де қолданылды.

Тақырыптың практикалық негізі: Шығыс Қазақстанның археологиялық
зерттелуінің практикалық маңызы өте зор. Өйткені өлке тарихын танудың үлкен
бір саласы тарихнамасын қарастырудан басталуы тиіс. Егер зерттеулер тарихы
жүйеленіп, халыққа неғұрлым ұғынықты тілмен сипаттала жазылса, ол еңбекті
мектептерде, жоғарғы оқу орындардағы сабақтарда көмекші құрал ретінде
пайдалануға болар еді. Оқушылар соның арқасында мектеп жасынан
археологияның проблемалық, әлі шешімін таппай келе жатқан сұрақтарын
талқыласа пәнге, отан тарихына деген қызығушылығы өсері сөзсіз.

Тақырыптың методологиялық негізі: Материалдар, деректер, зерделеу
ғылыми зерттеуді жинақтау және талдау, салыстыру, жүйелендіру сияқты
жалпыға белгілі әдістер негізінде жүргізілді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері: ХХ ғасырдың екінші жартысынан ХХІ
ғасырдың басында жүргізілген зерттеулерге тоқталдым.

Ғылыми жаңалығы: ХХ ғасырдың 60-90 ж.ж. Шығыс Қазақстанның
археологиялық зерттелу тарихы көлемді, жүйелі түрде қарастырылды.
А.М.Оразбаев, Ә.Т.Төлеубаев, З.Самашев, А.И.Исин басқарған экспедициялардың
жұмыстары сараланып, маңызы көрсетілді.

Зерттеудің сыннан өтуі: Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік
Университетінің хабаршысында Соңғы онжылдықтағы Шығыс Қазақстандағы
археологиялық зерттеулер атты мақала жарық көрді.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелерден, қосымшалардан тұрады.

І Тарау. ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы
археологиялық зерттеулер
1.1 XX ғасырдың 50-60 жылдарындағы зерттеу жұмыстарының
нәтижелері

Қазақстанда Х.Ә.Марғұланның айтуынша, археологиялық зерттеулер нағыз
ғылыми жоспарлы түрғыдан тек кеңестік үкімет орнағаннан кейін ғана
жүргізіле бастады. Елдің ірі ғылыми орталықтары (КСРО-ның) аз зерттелген
аймақтарға және жаңа құрлыстар салынатын жерлерге кең ауқымды археологиялық
экспедициялар құруды алдына мақсат етіп қойды.
Шығыс Қазақстанды жүйелі түрде зерттеу 1935 жылы басталды. Ол Шығыс
Қазақстан археологиялық экспедицция құрамындағы КСРО FA ЛОИИМК және Қазақ
ССР FA-ның тарих, археология және этнография институтының жұмыстарымен
байланысты. Біріккен экспедицияға Шығыс Қазақстан археологиясына кейін
үлкен еңбек сіңірген археолог С.С.Черников басшылық жасады. Енді осы
экспедицияларға хронологиясы бойынша тоқталсақ.
1935-1937 жылдары аралығында Қалба жөне Нарым жоталарында барлау
жұмыстары, ежелгі алтын, қалайы және мыс кеніштерінде зерттеу жұмыстары
жүргізілді. 1935 жылы экспедиция Қызылсу өзеннің басынан Қалба, Нарым
жоталарын бойлай Қытай шекарасына дейінгі аймақта зерттеу жүргізді.
Көптеген қорғандарды картаға түсірумен қатар С.С.Черников тасқа салынған
суреттерді де зерттеді. Суреттер негізінен тасқа темір қашау арқылы
салынғандығы белгілі болды. Жартастағы суреттерге автор жан-жақты тоқталып,
өз мақаласында әрбір кезіккен суретке толыққанды сипаттама беріп отырды.
Суреттер С.С.Черниковтың ойынша негізінен эстетикалық мақсатты көздеп
салынған көрінеді. Суреттердің негізгі көрінісі аң аулау сәті, адамдар мен
әртүрлі жануарлар бейнесінде болып келеді. [2,24]
1951 жылы С.С.Черниковтың Советская Археология жыл сайынғы басылымында
К вопросу о составе древних бронз Казахстана деген мақаласы 1935-1937
жылдары Нарым және Қалба жоталарындағы кеніштерде жүргізілген зерттеулердің
нәтижесі еді.
Аталған мақалада автор тек Шығыс Қазақстанның ғана қола заттарының
классификациясын ғана жасамай бүкіл Қазақстан қоласының жалпы құрамы мен
түрлерін жіктелген көрінісін беруге тырысады. Зерттеулер заттардың химиялық
құрамы мен пештердің ішінен табылған заттардың құрамына негізделген.
С.С.Черников әр жерден табылған қола заттарының құрамына қарап отырып қола
шикізатының таралу заңдылығын ашуға тырысты.
1947 жылы Ертіс аңғары Камышинкадан Бұқтырмаға дейін барланды.
1948 жылы Құла жорға және Батах ерте көшпелі қорымдарында қазба, ал
Сарыкөл маңында барлау жұмыстары жүргізілді.
1950 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы Пещера Ново-
Никольское ауылдарының жанындағы палеолиттік тұрақтарда қазба жұмысын
бастады. Сондай-ақ андроновтық тұраққа жататын Қанай, Мало-Красноярка
ауылдарының жанында да қазба жүргізді.
Неолит дәуірінің ескерткіштерінен кейінгі ең ертедегі ескерткіш уақыт
жағынан Сібірдің афанасьев мәдениетіне жақын Қанай ауылы іргесіндегі бейіт
болып табылды. Ол жер үстіндегі тігінен қойылған тақта тастардан тұратын
шаршы қоршаумен белгіленген. Қоршаудың қабырғалары әлемнің төрт жағына
қарай бағдарланған. Жерден қазылған қабірден бастарын шығысқа қаратып,
шалқасынан жатқызылған еркек пен әйелдің сүйектері шықты. Қабірде өлік
асының қалдықтары, жебенің жайпақ қола ұшы, ашық-жасыл түсті тас моншақ,
таяқшамен әр жерінен батырылып өрнек салынған сияқты қыш ыдыстың сынықтары
шықты.
Қанай ауылы іргесінде жапсарластыра салынған тік бұрыш түріндегі
тұрғын жай ашылады. Жай жартылай жертөле сияқты құрлыс қабырғаларының
негізгі-тіреулер, олардың арасына қамыс салынып, балшықпен салынған едені
жер, онда тастан қаланған үш ошақ болғаны анықталды. [3,25] Шаруашылық қора
- қопсы негізгі тұрғын жай мен бірге тұтас жайдақ төбемен жабылған. Тұрғын
жайға өзенге қараған тар дәлізден кіреді. Жайдың орталық бөлігі кіретін
дәлізден аласа қабырғамен бөлінген. Жайдың біршама биік оңтүстік-шығыс
бөлігінен ыдысқа ою-өрнек салу үшін сүйектен істелген жылтыр және тарақ
тәрізді қалыптар, қыш жүкшенің сынығы, тас келісап пен үккіш, малдың
өңделген жауырыны, малдың жаңа сүйегінен жасалған сабау, қола моншақтар,
білезік бұрма шықты. [4, 91-98]
Жапсарлас салынған жайлардың бірінде мыс рудасының түйірімен ішкі
бетінде мыс шлагы мен мыстың дағы бар қыш ыдыстың сынығы, екінші құйма
қалыптың жартысы табылды. Қоныстың шығыс және солтүстік жақтарынан тастан
қаланған қоршаулардың қалдықтары ұшырасты. Оны мал қамауға арналған деп
топшалауға болады. Қоныстың оңтүстік шығыс шетінде салмағы алты кг-нан
астам уатылған мыс рудасының кесектері табылды.
Қоныстан оңтүстік шығысқа таман үш тас қаламамен белгіленген табынатын
орын болған. Мал сүйектері, бет жағын ыс басқан дәнүккіштердің сынықтары,
сондай-ақ күл, көмірмен күйген сүйектер бұл жерде құрбан шалу ғұрпының
атқарылғанын көрсетеді.
1952 жылы ШҚАЭ — ның бірінші тобының басшысы Ә.Р. Рыгдылон Пещера,
Ново-Никольск және Усть-Нарм ауылдарының жанындағы тұрақтарда жүргізсе,
екінші топтың басшысы Н.Н.Панов Мало- Красноярка ауылындағы Андронов
тұрағындағы жұмысты жалғастырды. Үшінші топтың басшысы А.А. Гаврилов Қызыл
— Ту және Қанай ауылының жанындағы ерте көшпенділер қорғандарын қазды.
Жоғарыдағы Қанай тұрағындағы Андронов ескерткіштерін А.Г. Максимова
зерттеуді жалғастырды. Э.Р.Рыгдылон Қанай ауылының маңына арасында
мустьелік кезеңге жататын полиолиттік тұрақ зерттеді.
1953 жылы Э.Р.Рыгдылон Пещера және Усть - Нарым ауылдарының
жанында қазбаны жалғастырды. Усть-Нарымнан неолиттік қабат ашылды.
Екінші топтың басшысы Н.Н.Панова Мало - Красноярка селосындағы Андронов
тұрағын қазуды аяқтады, А.Г.Максимова болса Қонай ауылындағы қазбаларды
жалғастырды. Ж.П.Грушанская басқаратын төртінші топ ерте көшпенді және
түрік қорғандарын Пчела, Түсқайың Славянка және Юпитер ауылдарының жанында
қазды.
1954 жылы И.И. Гохман жетекшілік ететін бірінші топ Пещера ауылындағы
палеолиттік тұрақты және Усть - Нарымдағы қазбаларды жалғастырды. А.Г.
Максимова Қанай ауылы жанындағы андрондық тұрақты қазуды аяқтап, Трушникова
ауылы жанындағы андрондық тұрақта барлау қазба жұмыстарын жүргізді. Үшінші
топқа басшылық жасаған А.В.Давыдова Пчела Түсқайың, Славянка және Юпитер
ауылы маңындағы ерте көшпелі және түрік заманы қорғандарын қазды.
1955 жылы И.М. Павлюченко басқарған бірінші топ екі қабатты Усть -
Нарым тұрағын А.Н. Богданова жетекшілік еткен екінші топ Грушникова ауылы
жанындағы андрондық тұрақты қазды, Н.Н. Мельникова басшылық жасаған
үшінші топ Өскемен қаласы жанындағы Ертіс аңғарынан Старая Шульба
ауылына дейін барлау жұмыстарын жүргізді.
1956 жылы И.М. Павлюченконың тобы Усть-Нарым ауылы жанындағы тұрақты
қазуды аяқтады. Сол сияқты А.Н. Богданова тобы да Грушникова селосындағы
қазбаны тәмәмдады. Үшінші топтың басшысы A.M. Оразбаев Құла - Жорға және
Усть - Бөкен ауылы жанындағы ерте көшпелілер қорғанын қазды. [3,17]
Көріп отырғанымыздай, 1935-жылдан 1956 жылға дейін Шығыс Қазақстанды
зерттеу үлкен масштабты қамтып жүргізілген. Соның нәтижесінде палиолит,
неолит, қола, ерте темір және орта ғасыр тарихына қатысты өте көп материал
жиналды. Оның талайы мақалаларда, еңбектерде жарық көрді. Алайда белгілі
тарихшы Ахинжановтың айтуынша заттардың көбі әлі жарияланбаған. [5,37]
Аталған экспедициялардың қорытындысы ретінде С.С.Черниковтың Шығыс
Қазақстан археологиясына байланысты “Восточный Казахстан в эпоху бронзы”
фундаментальды еңбегі жарық көрді. Онда автор жасалған ауқымды
археологиялық жұмыстарға қарамастан көптеген мәселелер әлі шешімін
таппағанын айтады. Оған кейінгі қола мен ерте темір дәуіріне жататын
ескерткіштерді анықтау, кеніштердің қай уақыттардан игерілгендігі андронов
тайпаларының таралуы мен пайда болуы мәселелері әлі толық ашылмағандығын
мойындайды.
1960 жылы археологиялық маусымда Шығыс Қазақстан археологиялық
экспедициясы үлкен сенсация жасады десе болады. С.Черников басшылық жасаған
экспедиция Шілікті даласынан жақсы сақталған сақ қорғанын қазып, үлкен
олжаға кенелді. Сол экспедицияның қортынды зерттеу жұмысын С.С.Черников
өзінің Загадка золотого кургана деген еңбегінде жан-жақты тоқталды.
[6,12] Сол жылы Тарбағатай және Маңырақ тауларының арасындағы Шілікті
даласында сақ дәуіріне жататын 3 қорған қазылған. Алғашқы екеуі толығымен
тоналған. Автор ерте көшпенділердің молаларын қыстауларда салу себебін,
олардың сол жерді өз қол астында бекіту мақсатында жасалғандығымен
түсіндіреді.
ШҚАЭ-ң Шілікті аңғарын барлау 1949 жылы басталды. Одан б.э.д. V
ғасырға жататын аңдық стильге жататын алтын заттар табылды. Шілікті
аңғарында жұмыстар 1959, 1961 және 1962 жылдары жүргізілді. Алайда ондағы
материалдар 1960 жылы табылған №5 қорған заттарымен еш салыстыруға
келмейді. Қорғанның диаметрі 66 м, биіктігі 6 м. Басында диаметрі 45 м,
биіктігі 10 метрдей деп болжанады. Қорған салынғаннан кейін 50 жылдан кейін
тоналған. Тонаушылар құрлыстың басып қалуынан қауіптеніп тек ірі әшекей
бұйымдарды алса керек.
Бұл жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің
үлкен зираты.
Обаны қазу жұмыстары оның құрлымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік
берді. Жердің бетінен аумағы 58 шаршы метрдей, тереңдігі бір метрдей шұңқыр
қазылған. Бұлайша терең қазбауға грунт суларының жақын орналасуы кедергі
жасаған көрінеді. Шұңқырдың ішінде балқарағайдың жуан бөренелерінен шаршы
қима жасалған, бөліктердің қабырғалары мен ағаш құрлыс арасына уатылған тас
толтырылған. Қиманың бұрыштары бөренелердің бір-біріне тиер жерінде
күйдіріліпті. Ағаш моланың ішінде батыс жақ қабырғасы жанында жонылған
қалың тақтай еденде 40-50 жастағы еркек пен 50-60 жастағы әйел және олардың
жанына қойылған заттар жатты.
Өліктерді қабірге шығыс жағынан жалғасқан дәліз (дромос) арқылы

кіргізген. Жерлеп болғаннан кейін дромос
бөренелермен жабылып, бүкіл құрлыс уатылған ірі тастармен көмілген. Содан
кейін тығыз сары түсті балшықпен үйінді тығыздалып, оның үстіне майда малта
тас араласқан топырақ үйілген.
Шілікті обасы өз кезеңі үшін күрделі архитектуралық құрлыс болды. Және
оны тұрғызуға көптеген адамдардың еңбегі пайдаланылған. Обаға қажетті тас
одан 15 шақырым жердегі ең жақын деген таулардан, ал бөренелер аңғардың
шығыс жағындағы 40 шақырым жердегі қарағайлы орманнан тасып әкелінген деген
Черниковтың болжамы кейінгі зерттеушілермен де расталды. Басқа да көптеген
патша обалары сияқты, Шілікті моласы да көне заманда-ақ, шамасы
жерленгеннен кейін 50 жылдан соң тоналған. Тонаушылар обаны ортасынан үңгіп
қазған, қима төбесінің оңтүстік-батыс бұрышынан шығып, төбені тескен де
осылайша қабірдің ішіне кірген.
Тоналғанына қарамастан обада өте бағалы заттар ертеректегі жебелер
ассимитриялы ромб түріндегі қола ұштарының он үші шықты былғары қорамсақтың
қалдығы, темір заттың сынығы және ертедегі қолданбалы өнердің 524 алтын
бұйымынан тұратын жарқын үлгілері сақталған. Олардың арасында қорамсақтар
сәнделген аяқтары бүгулі бұғы түріндегі қаптырмалар (14 дана), басы бұрулы
бүркіттің тоғыз данасы, шиыршықтала бүктетілген қабыланның жиырма тоғыз
бедерлі мүсіндері, жұқа қаңылтырдан қиылып жасалынған қабандардың
мүсіндері, балық бейнесі перуза, майда домалақ алтын түйіршіктермен
әшекейленген қанаттары жаюлы құс түріндегі қаптырма және басқа неғұрлым
ұсақ зергерлік әшекейлер бар. [6,12]
Шілікті обасы б.з.б. VII-VI ғасырлар аралығына жатқызылады. Бұл
Қазақстанның солтүстік далалық өңіріндегі ең ертедегі *патшалық оба және
Евразия аймағындағы сондай обалардың бірі. Мұнда Евразия далаларындағы мал
өсіруші тайпалардың қолданбалы өнері айқын көрсетілген. Шілікті обасындағы
аң стилиндегі бірқатар көркем туындылары сақ-скиф дүниесі өнерінің алғашқы
үлгілеріне жатады.
1965 ж.ж. Шығыс Қазақстандағы Бұқтарма өзенінің аңғарынан С.С.Сорокин
деген белгілі ғалым үлкен Берел қорғандарын қазды, жиынтығы үш үлкен
қорғанды қазған. Бұл қорғандар Шығыс Қазақстанның ерте темір заманының
берел кезеңіне (Б.з.д. V-ІV ғ.ғ) жатқызылады. Ең олжалы болған қорғанның
диаметрі 50 м, биіктігі 5 м жетеді. Бастапқыда оның диаметрі 20 м, биіктігі
9 м болған. Қабір камерасы жер бетінен біршама терең қазылған оңтүстік жағы
7 метрге дейін жеткен, ал солтүстік жағы 5,5 -5,7 метрге дейін, қабірдің
шетіне ағаш тіреулерді жалпақ тастармен ұстатқан (ағаштан жасалған)
бөренелерден қаластырылып жасалған камерада саркофаг-астау болған. [7,210]
Алайда Сорокин қазған қорғандар кезіндегі В.Радлов қазған қорғандардай бай
олжа әкелмеді.
Онда да Берелдік деп аталатын Шығыс Қазақстан археологиялық кезеңіне
(Б.з.б. V-ІV ғ.ғ.) тән жерлеу сақталған.
Өлкенің археологиялық ескерткіштерін зерттеуде жергілікті жоғарғы оқу
орындарында да ат салысып келе жатқаны белгілі. Өскемен педагогикалық
институты 1964 жылдан бері кейде өз бетінше, көбінесе басқа экспедициялар
құрамында жыл сайын қазба жұмыстарын жүргізген. Студенттер жоғарыда
айтылғандай С.С.Черниковтің алтын қорғанды қазуына да ат салысқан.
Әр жыл сайынғы қазбаларға тоқталмай тек бір жылынан мысал келтіре
кетсек.
1968 жылы Зевакино селосынан 5 км жерден 300-ге жуық әр-түрлі уақытқа
жататын қорғандар табылды. Қола ғасыры молалары қабырғасымен қойылған
жалпақ плиталар дөңгелек қоршау тізген және жер үйінділері тас сақиналармен
қоршалған.
Ішкі мола тас жәшіктен, цистадан немесе ағаш қимадан тұрған. Өліктер
бүгулі күйі бір жақ жанына қарап, бастары батыс, оңтүстік батысқа қарап
жатқан. Табылған заттардан саз ыдыстарды қола салпыншақтарды, моншақтарды,
қола сырғаларды атауға болады. Олар Федоров және Алакөл андронов
мәдениетіне тән заттар.
Қарасұқ ескерткіштері төртбұрышты және дөңгелек қоршаулы келеді. Бір
ерекшелігі молалар бір-біріне жалғаса орналасқан. Өліктердің басы оңтүстік
батыс және оңтүстік шығысқа қаратылған. Кейбір қорғандардан малдардың
сүйектері табылған.
Ерте темір қорғандарына ағаш жәшік немесе құр шұңқұр тән. Ағаш
жәшіктің түбі болмаған.Тереңдігі 3,5 метрге, 2 жағдайда адамның үстінде
жылқының қаңқасы табылды. [8, 40-60]
Соңғы темір кезеңіне жататын қорғандарды өлікті өртеген және өртемеген
деп екіге бөліп қарастыруға болады. Өртелгенде тас үйіндінің астында
калциленген сүйектердің қасында темірден жасалған таға, балта, жебе ұштары
, жанында арнайы қазылған шұңқырда жылқының сүйектері табылды. Табылған
матариалдар ІХ-Х ғ.ғ. жатады. Жалпы табылған затттар автордың пайымдауынша,
VII-X ғасырға жатады.
Осы жылдары жиналған мол материал өңделіп ҚазақКСР-нің 1977 жылғы,
одан кейін Қазақстан тарихының ( 1996 ж) бөлімдеріне енгізілді.

1. 2 XX ғасырдың 70-90 ж.ж. экспедициялар жұмыстары
ХХ ғасырдың 70-жылдардың аяғына дейінгі археологиялық жұмыстар Шығыс
Қазақстан аумағында үлкен ауқымда және ғылыми негізде жүргізілді. Оның
нәтижесінде өңірдің материалды және рухани тарихын түсінуге жүйелеуге,
үлкен талпыныс жасалды. Шығыс Қазақстандағы қазбалар көрсеткендей және
дәлелденгендей мүстелік кезеңнен бері қонысталыпты, неолитке қатысты
тұрақтардың көптігі, бұл өңірде бірігей қола мәдениетінің дамуына барлық
негіздер бар екенін көрсетіп берді. Қола мәдениетінің көптеген
ескерткіштерін зерттей келе С.С.Черников оны алдыңғы, орта және соңғы қола
деп ғылыми қорытындылады. Сондай-ақ ерте темір ескерткіштерін зерттей
отырып оның да анық аңғарылатын үш кезеңнен тұратындығы анықтады: Мәйәмір
кезеңі ( б.з.б. VII- VI ғ.ғ. ) Берел кезеңі (б.з.б V-ІV ғ.ғ.), Құлажорға
кезеңі (б.з.б ІІІ-І ғ.ғ.).
ҚазССР FA ТАЭИ-ның Шульба СЭС салынған жердегі археологиялық
экспедицияның жұмысына біз палеолит ескерткіштерінен орта ғасырлардағы
археологиялық жәдігерлерге дейін кезең-кезеңмен тоқталуды жөн көрдік. Бұл
экспедиция 1977-1983 ж.ж. аралығында жүргізілген кең ауқымды кешенді
археологиялық экспедиция болды. Су басу қаупі бар барлық жердің
археологиялық ескерткіштерді зерттеуге сол кездегі Республикамыздағы ең
танымал археолог мамандар тартылды. Оның құрамында C.M.Ахинжанов, А.Г.
Максимов, Ф.Х.Арсланова, А.С.Загородный, З.Самашев
Ж. Таймағамбетов, т.б. белгілі ғалымдар жұмыс жасады. Әр жылдары
археологиялық қазбаны жүргізуге Археология институтымен бірге Каз ГУ-дың,
Семей, Өскемен педагогикалық институттарының студенттері де қатысты.
Алдымен палеолит кезеңіне байланысты жұмысына қысқаша бірақ нақтырақ
тоқталсақ. 1977 жылы барлау жұмыстары Новобаженовка селосынан сол жақ
жағалауда Таврия ауылынан оң жақ жағалауда Глубокое ауылына дейін
жүргізілді. Ертіске құйатын Шүлбі, Оба, Қарашат, Қызылсу өзендерінің
аңғарлары зерттелді. Қарашат және Шүлбі өзендерінің жағаларынан бұрын
Қаратау және Сарыарқадан табылған тастан жасалған құралдар табылды.
Зерттеулер барысында ашель кезеңіне жататын тас құралдар табылған жоқ.
Мустъеге жататын тас құралдар Бөдене 1 тұрағынан көптеп табыдды. [9,27]
Археологтар негізінен құралдарды жасауға қажетті шикізат көздеріне жақын
жерлерден барлау қазбаларын жасап соның арқасында тұрақтарды дөп тауып
отырса керек.
Қызылсу өзенінің Қызылқұйған деген жерден кейінгі палеолитке жататын:
қырғыштар, үшбұрыш тәрізді сыналар, нуклеустар, пластиналар, кескіштер
табылды. Шульба тұрағынан екі мәдени қабаттан 2000 жуық тастан жасалған
құралдар табылды. Төменгі қабаттағы заттарды Ж.Таймағамбетов Сібір және
Алтай ескерткіштерімен салыстыра отырып уақытын Б.э.д. 25-30
мыңжылдықтар деп көрсетті. [5,10]
Неолиттік тұрақтар 1980 ж. Таврия ауданындағы Қызылсу өзені маңынан
табылды. Соцчингиз ауылының маңынан призматикалық жаңқаланған тастар,
қырғыштар, тілікшелер, садақ ұштары, өндіріс қалдықтары табылған екен.
Оларды Ж. Таймағанбетов зерттей келе, ескерткішті ерте неолитке жатады деп
тұжырымдады. 1981 жылы Пяный Яр ауылынан 700-800 м батыстан 70-тей тас
бұйымдары шығады. Пролетарка ауылынан бірнеше тас жаңқалары табылды. Жалпы
алғанда мұндағы неолиттік ескерткіштердің ең көрнектісі жоғарыда айтылған.
Қызылсу тұрағы алғашқыда ерте неолитке жатқызылғанмен Ж.Таймағанбетов
геометриялық микролиттердің болуына қарап және керамика жоқтығына сүйеніп
мезолиттік тұрақ болуы да мүмкін деп топшылады. [10,12]
Қола дәуірі ескерткіштерінен Ортаңғы база Бетқүдық, Темір-Қанқа,
Белокаменка, Ковалевка, Жартас, Кіші Қойтас зерттелді. Кіші Қойтастан басқа
ескерткіштер бұрын зерттелмеген. Зеттеу барысында қола дәуірі
ескерткіштерінің орта және кейінгі қола дәуіріне жататындығы анықталды.
Ондай тұжырым жасауға молалардан табылған заттар мүмкіндік берді.
Қола ғасырын зерттеумен айналысқан ғалым А.Г.Максимова өзінің қазба
материалдар негізінде осы аймақтың қола дәуірінің Федоровтың және
Замаревтың кезеңдердің ескерткіштерін бөліп көрсете отырып, ерте және
кейінгі қола дәуірінің екі сатылы кезеңдемесін ұсынды.
Осы өңірдің қола дәуірі ескерткіштерін зерттеуге елеулі үлес қосқан
тағы бір ғалымымыз Ф.Х.Арсланова өз зерттеулерін сараптай келе, Шығыс
Қазақстанның Федоров ескерткіштері Қарасұқ мәдениетінің белгілі бір
топтарымен етене жақын екендігі күмән туғызбайды деп түйген.
Аймақтың қола дәуірі ескерткіштерін зерттеп жүрген А.С.Ермолаева Шығыс
Қазақстанның қола дәуірінің керамикаларын кешенді түрде қарастыра келе,
Федоровтық және Бишіқұл деп сыртқы жасалу түрлеріне қарай бөлді. [11,6]
Ерте темір дәуірі ескерткіштерін зерттеуді қазірде республикамызға
танымал археолог Зейнолла Самашев және Ю.И.Трифонов жүргізді. Осы дәуірге
жататын Жартас, Қарашат III, Ақши II ескерткіштері зерттелді. Олардың
хронологиясымен классификациясы жасалды. Ескерткіштер негізінен ерте
темірдің Құлажорға кезеңіне сәйкес келеді.
Құлажорға молаларында тас жәшіктер қырынан көміліп, үстін тақта
тастармен жапқан төрт және одан да көбірек қашалмаған көлемді тақта
тастардан құрастырылған, өліктерді шалқасынан, созылған күйінде, басын
батысқа қаратып жерлеген. Тек бірнеше жағдайда ғана оң жақ қырынан
бүрістіріп жерленгендер кездеседі. З.С. Самашев Жартас, Қарашат III, Ақши
ІІ-ні кезінде С.С.Черников қазған Зевакино, Баты, Қатон ескерткіштеріне
ұқсастығын айтады. Автор сонымен бірге С.С.Черниковтың “соңғы темір
ескерткіштерінде ғұндардың іздері байқалады” деген тезисін не дәлелдейтін,
не жоққа шығаратын дәлел табылмағанын айтады. [5,112]
Шүлбі экспедициясында ең көп қазылған, зерттелген кезең ортағасырлық
көшпенділер кезеңі болды. Бұл ескерткіштерді қазуды Ю.И.Трифонов басқарды.
Ақши І, ІІ, III, Қарашат I, II, Сандықала, Қоғалы I қорымы Ертістің
сол жақ жағалауында Жартас, Ковалевка, Темір-Қанқа II, Измайловка,
Белокаменка молалар тобы оң жақ жағалауда қазылды. Аталған барлық қорғандар
ешқандай күмәнсіз IX—X ғасырлардағы қимақ уақытына жатқызылады.
Молалар әр түрлі дәрежеде шымдалған және сақталған. Тасты-топырақты
қорғандардың диаметрі үш метрден сегіз метр аралығында. Молалар 2-3-тен бір-
біріне меридиан бойымен жалғастыра салынған, “ұзын қорғандарға” жатады.
Қазбаға дейін объктілерді ертекөшпенді қорғандарынан айыру мүмкін
болмады. Кейбіреулері жер бетінде әзер байқалатын. Көптеген орта ғасырлық
ескерткіштер оғанға дейінгі дәуірлер ескерткіштермен бір жерде орналасқан.
Соған қарамастан олар жеке шоғырланыпты.
Осыдан 2500 жыл бұрын Европа мен Азияның Карпат пен Алтай тауларының
арасында бақташылықпен, малшылықпен айналысатын скиф-сақ мәдениеті өзінің
дамуының шырқау шегіне жетті. Скиф-сақ тайпаларының Алтай, Жетісу, Оңтүстік
Сібір аралығында мекендегенін ескерсек, олардың Қазақстанның және оны
айнала орналасқан халықтардың қалыптасуында үлкен орын алғаны сөзсіз. Осы
тезистің дұрыстығын негізге ала отырып, 1985-1988 жылдары қазіргі Әль-
Фараби атындағы ҚазҰУ-ті археологиялық экспедиция ұйымдастырды.
Экспедицияның мақсаты “айналымға бұрыннан бар материалдың үстіне
қосымша дерек жинау, осы деректер бойынша Қазақстанның шығыс аймағындағы
қола және ерте темір дәуіріндегі тайпалардың этникалық тарихын зерттеу”
деген тақырыптың маңында жұмыс жүргізіді. [12, 11]
Қола дәуірін зерттеудегі басты жайт, ол андрондықтардың мәдениетінің
локальді ерекшеліктерін, пайда болуын, құру себептері болды. “Әлі күнге
дейін андрондықтарды Қарасұқ тайпаларымен бе, әлде қайдан келгені белгісіз
көшпелі тайпалармен алмастырылды ма, жоқ әлде андрондықтар өз ішіндегі
әлеуметтік-экономикалық дамудың әсерімен жаңа даму сатысына көтерілді ма
деген сұрақтар маңында дау азайған жоқ” деп келе осы археологиялық
экспедициясының басшысы А.М.Оразбаев пен Г.К.Омаров соңғы тұжырымның
шындыққа жанасатынын дәлелдеуге тырысады. Олар сондай-ақ “егер біз
тұжырымды дәлелдей алсақ андронов мәдениетінің Орталық Азияда, Қазақстанда
және Оңтүстік Сібір тарихында ерекше роль атқарғанын айта аламыз” дейді.
1985 жылы Шығыс Қазақстан және Семей облысы жерінде қола және ерте
темір дәуірінің ескерткіштерін барлауын және қазуын археология және
этнография кафедрасы атқарды. Барлау Большенарым ауданының “Шығыс кольцо”
деп аталатын жолдың жиегінде жүргізілді. Ізденістердің нәтижесінде ары
қарай келешекте зерттеуге бірқатар молалар тобы мен қорғандар табылды.
Серебрянск қаласынан шығысқа қарай 60 шақырым жерде Бұқтырма өзенінің
аңғарынан ерте темір ғасырының ескерткіштері табылып, олар картаға
түсірілді. Шығыс Қазақстан облысының Таврическое ауданындағы Қызыл-Су
өзенінің бойындағы қола ғасырына жататын "Қойтас" молалар қорымында қазба
жүргізілді, нақтылай түссек қорымның Бетқұдық совхозынан он шақырым
оңтүстікте орналасқан. Ол жерде тастардың жайылып жүрген қойлар тәрізді
шашырап жатуынан "Қойтас" деп атаған. [12, 24]
Өздерінің тақырыбын аша түсу үшін экспедиция осы қорымды одан сайын
зерттей түсуді қолға алды. Оған дейін "Қойтас" қорымын 1983 жылы ҚазССР-нің
Ғылым Академиясы Шульба экспедициясы моланы қазған болатын.
1985 жылы қорымның жалпы жоспары жасалды. Онда 124 қорған және
қоршаулар бар екендігі белгілі болды. Қорым солтүстік-батыстан оңтүстік-
шығысқа қарай созылып жатыр. Қорғандардың сыртқы келбеті әр қилы шеңбер
тәрізді, төртбұрыштылар кезігеді. Үйіндінің 7-8 метрге жететін және
биіктігі 1,5 метр болатын қорғандар кейінгі қола дәуіріне жатады.
Экспедиция барысында он қорған қазылып зерттелді.
"Қойтас" қорымынан алынған антропологиялық материалдар аз, сондықтан
молалардан табылған барлық адамдарды бірнәсіл типіне жатқызуға келмейді.
Тек бір ғана ер адамның сұлбасын европоидқа жатқызуға болады. Шығыс
онтологиясының ерекшеліктері аздап қана білінеді.
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің археология және
этнография кафедрасының келесі зерттеген қорымы "Баймұрат". Ол қорым Шығыс
Қазақстан облысының Ұлан ауданының Ертістің оң жағасындағы Баймұрат тауының
солтүстік етегінде. Қорым батыстан шығысқа 400-500 метрге созылып жатыр.
Қорым жиырма моладан тұрады. Қорымның батыс жағынан үш қола ғасырына
жататын қорған және кейінгі уақыттарға жататын бір қорған қазылған. Қорған
қазудың соңғы технологиялары пайдаланып, ғылымның басқа салаларындағы
жетістіктер қолданылды. Қола ғасырына жататын қорғандардан тас жәшіктердің
табылуы және оның қопарылып тастауы бұл жерлерде тонаушылардың болғанын
көрсетеді. Зерттеушілер қорғаннан табылған заттарға жан-жақты сипаттама
жасап оларды тіркеген. "Қойтас" қорымынан табылған саз ыдыс-аяқтарды
археологтар үш топқа бөледі.
1. Классикалық көзе тәрізді. Түбі тегіс, сурет көзенің жоғарғы жағында
салынған.
2. Көзе-банка тәрізді.
3. Банка тәрізді ыдыс аяқтар жатады.
1986 жылы маусымдағы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы Катон-
Қарағай ауданында барлау және қазба жұмыстарын жүргізді. Археологтардың
айтуынша бұл аймақ солтүстік шығысында Ресейдің таулы аймақтарымен,
оңтүстік-шығыста Қытаймен шектесетін Қазақстанның түкпірінде, шекаралық
аймағындағы ең аз зерттелген жерлердің қатарына жатқызады. Совет уақытында
бұл жерде екі археологиялық экспедиция жұмыс жасады. Біріншісі С.И.Руденко
1927 жылы екі қорған қазған. 1961жылы С.С. Сорокин аудан орталығы Қатон-
Қарағайдан алыс емес жерде алты қорған қазды. Осылайша бұл аймақ осы
экспедицияға дейін аз зерттелген аймақтар қатарына жатқан болатын. 1986
жылы Шығыс Қазақстан экспедициясы 12 қорымды анықтады. Оған Қатон-Қарағай
1,2,3,4,5, Шынғыстай, Берел, Жамбыл совхозы маңындағы қорғандар тобы
Черновая 1,2,3,4,5 және тағы басқалар. [12,28] Жиынтығы ерте көшпенділердің
100-ден астам қорғаны анықталды. Қорғандар топырақты және тасты-топырақты
болып келеді. 1986 жылы маусымда 15 қорған қазылды. Негізгі жұмыстар
Черновая қорымында жүргізілді. Черновая І-де 9 қорған бары белгілі
болды. Ол бұғы өсіретін Черновицкий совхозының оңтүстік-шығысында
орналасқан. Осы қорымнан шығысқа қарай 300 метр жерде таулы қырат созылып
жатыр. Черновая І-де 3 қорған қазылды. Қорғандардың диаметрі 14-20 м,
биіктігі 1,2-1,5 м. Қорғандардың барлығы толығымен қазылды. Қорғандармен
қатар ол жерден бір қоршауда аршылды. Қорғандарды қолмен қазу қиын
болғандықтан бульдозерлер қолданылды. Қорғандардың барлығы өте ертеде
тоналған. Бір қызығы 1-ші қорған скиф-сақ дәуіріне жатқанмен өлікті
жерлеуде оған тастан жәшік жасаған бұл қола ғасырдағы тайпалардың ғұрпына
жатады. Сондықтан осы жайтты жергілікті мәдениет эволюциясының бір дәлелі
деп қарауға болады. № 2 қорғаннан ағаш табыт табылды. Үш қорғанның ішінен
де адам қаңқалары бар болып шықты. Цилиндр, ромб тәрізді алқалар табылды.
Черновая II қорымы III қорған тобынан тұрады. Аталмыш қорым
Черновицкий марал өсіру совхозының солтүстік-батысында орналасқан. Ол жер
таулардың араларындағы алаңқай болып келеді. Бұл қорымнан екі қорған
қазылған. № 1 қорғанның диаметрі 5,7 м, биіктігі 50-60 см, №2 қорғанның
диаметрі 6,5 м, биіктігі 50-60 см.
Зерттеушілер қорғандарды зерттей келе олардың таза энеолиттік дәуірге
жататындығын өліктің тізесі бүгіліп солтүстік-шығысқа басы
қаратылғандығымен және қызыл охраның үстіне шашылғандығымен түсіндіреді.
Қорғанның уақыты Б.э.д. III мың жылдық деп анықталған. Осындай энеолит
тұрақтары Оңтүстік Сібірдегі Афанасьев мәдениетінде және Таулы Алтайдағы
Курта қорымындағы қорғандарға ұқсастығы жайлы айтады. Черновая III қорымы
аталмыш совхоздан солтүстік-шығыста орналасқан. Бұл қорымда 31 қорған және
30 қоршау бар екендігі белгілі болды. Үлкен қорғандардың диаметрі 16-17 м,
кішілерінікі 5-6 м. Үйіндінің биіктігі 80-90 см. Қорымда сақина,
тіктөртбұрыш, төртбұрыш тәрізді қоршаулар бар. Қоршаулардың бір бөлігі ірі
тастан тұрғызылған. №6 қорғаннан монғол жылқысының сүйектері табылды.
Қорғанның диаметрі 17 м, биіктігі 1,4 м, батысқа бағытталған саркофаг-астау
табылды. Бұндай астаулар Таулы Алтайда және Тувада табылған. Астау-саркофак
қазір Алматыдағы Орталық мұражайда ертедегі көшпенділер деген экспоцизияда
жайғасқан.
Қатон-Қарағай аудан орталығының аумағынан Қатон-Қарағай I, II, III,
IV, V қорымдары анықтадды. Олардың ішіндегі ең ірісі І-сі. Ол Қатон
ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан. Өзі 2 қорғанмен қоршаудан тұрады.
Қорғандар шеңбер бойымен үйілген. Үйіндісі тасты-топырақты. Мөлшерлері 7-14
м диаметр, биіктігі 10-60 см аралығында. Қорымда 2 қорған қазылды. Екеуі де
толық тоналған. № 1, III Черновая қорымдарын Б.э.д. VIII ғасырларға яғни
ерте темір ғасырына жатқызуға болады.
Археологтар Черновая I № 6 қоршаудағы жерленген әйелдің мойын
омыртқасының маңында табылған сардоникстан жасалған алқа, янтарьдан
жасалған моншақ тапты. Бұрын бұндай зат Қазақстан территориясында тек
Солтүстік Қазақстандағы кеиінгі қолаға жататын Боровое қоршауынан табылған
болатын. Сардоникс алқасы армян археологы Б.Б Плотровскийдің айтуынша
Ассирияда Б.э.д. VIII-VII ғ.ғ. жасалған. Осыған қарағанда Шығыс
Қазақстандағы сақтардың қаратеңіз жағасындағы скифтермен тығыз байланыстары
болса керек.
1988 жылы археологиялық жағынан аз зерттелген аудандарды зерттеу
жұмыстары жүргізілді. Барлау және қазба жұмыстары Күршім, Марқакөл және
қиын жететін аудандарда жүргізідді. Барлау нәтижесінде ерте темір ғасырына
жататын 26 қорым табылды. Онда 487 қорған анықталды Бұл археология үшін
үлкен жаңалық болды. Қорғандар негізінен тау және өзен аңғарларында
тұрғызылған. Үйінділері тасты-топырақты. Орташа диаметрі 8-10 метрден 30-40
метрге дейін, биіктігі 0,7-0,8-ден 5-6 м дейін.
Күршім ауданында келесі қорымдар анықталды: Сарыкөл-1, Сарыкөл-2,
Бәйгетөбе-1, Бәйгетөбе-2, Түлкілі.
Сарыкөл-1,2 үш қорған қазылды. Қорғандардың диаметрі 8-10 метрден 15-
20 м дейін. Тас жәшіктері солтүстік-батысқа бағытталған. Бұлай жерлеу қола
дәуіріне тән.
1989 жылдан бастап Ә.М. Оразбаев, Ә.Т. Төлеубаев бастаған экспедиция
Семей өңірін зерттеді. Экспедиция құрамында ғылыми қызметкерлер Ғ.Омаров,
Е.Бияров т.б. болды.
Жалпы Семей өңірі археологиялық тұрғыдан нақты зерттелген еді. Ал
Тарбағатай тауының теріскейінен Шар өзеніне дейін, Ертістің батысынан Аягөз
өзеніне дейінгі аралықта арнаулы экспедиция мүлде жұмыс істемеді. 1989 жылы
экспедиция Семей облысының Ақсуат ауданында Ескеалмас, Масалы
ескерткіштерін зерттеді. Барлығы 4 қоршау қазылды. Қола дәуірінің
қоршаулары Ескеалмас, масалы ескерткіштерінен үш қабір түрі ашылды:
топырақ, ұзын қақпақтасты сандықша және циста. Адамды жерлеу рәсіміне және
қабірлердің құрлымына қарап бұл ескерткіштер андрон мәдениетіне
жататындығын білуге болады. Циста қабірлер бұл ескерткіштердің Орталық және
Шығыс Қазақстан қола дәуірі қоршауларымен этномәдени байланысы бар
екендігін көрсетеді. Қабірлерден қыш құмыралар, қола аргелит әшекейлер және
тоқыма матаның бір кішкене қалдығы табылды. Бұрын мата қалдығы Қазақстан
жерінде 2-3 жерден ғана кездескен. Сонымен қола дәуірі ескерткіштерін
барлық белгілеріне қарап Федоров дәуірінің соңы Алакөл дәуірінің бастапқы
кезеңі, яғни б.з.д. XVI-XIV ғ.ғ. мерзімделеді. [12, 83]
1991 жылы Ә.М.Оразбаев және Төлеубаев бастаған экспедиция Семей облысы
Ақсуат ауданының Кіндікті ауылымен Жарма ауданының Қызыл ағаш ауылының
шекарасында Сабындыкөл бойындағы қола дәуірі қорымын зерттеді. Сабындыкөл
ескерткіштері бір-бірімен қабырғалас үлкенді-кішілі қоршаулардан тұрады.
Қоршаулардың, қабірдің формасына, жерлеу рәсіміне, қыш ыдыстар мен табылған
заттар, әшекей бұйымдарға қарағанда Сабындыкөл ескерткіштері Андронов
мәдениетінің орта кезеңі Алакөл дәуіріне б.з. д. ХІIІ-ХІІ ғ.ғ жатады.
[13,114]
1991 жылы ерте көшпенділер дәуірі археологиялық экспедициясы Шығыс
Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы
жылы Байғали, Долаңқара және ерте темір дәуірінің Боғас-1 ескерткіштерінде
қола дәуірінің қоршаулары және ерте темір дәуірінің бір қорғанында қазба
жұмысы жүргізілді.
Боғас-1 ескерткішіндегі 1,2,3,4 қоршау-қорғандарында мәйітті тастан
қаланған циста-сандықшаға салып жерлеген. Қоршаудың сыртқы пішіні, ішкі
құрылымында және табылған керамика сынықтарына қарап бұл жәдігерлерді қола
дәуірінің б.з.д. XVII-XV ғасырларға жатқызылды. Номер 1-ші қорған дөңгелек
пішінді, көлемі 15,6 м., биіктігі —1,1 м. Таудың жақпар қара тастары мен
топырақ аралас үйіндіден тұрады. Етегінен ортасына қарай ені 1,4-2 метрдей
тастармен көмкерілген. Қабірді ашу барысында солтүстік жағынан қойдың
омырытқа сүйегі табылды. Тоқпақ жіліктің қасынан ақ моншақ жатуы мәйіттің
әйел адамға жататындығы аңғартты. Боғас-1 ескерткішіндегі қорғандарды
қалдырған адамдардың қандай этникалық тайпаларға жататындығы басы ашық
мәселе болып отыр.
1996 жылы Ә.Т. Төлеубаев бастаған экспедиция Шығыс Қазақстанның Ақсуат
ауданы Көкжыра елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай, Байқоңыр сайынан шыға
берістегі Шошқа түбек - деген жерде Тұяқ ата дейтін жерден 70 метр жерде
қола дәуірінің 5 қоршауын қазып зерттеді.
1998 жылы сол экспедиция Ақсуат ауданының Құлбабас ауылының
оңтүстігіне қарай бір шақырым жерде екі қола дәуірінің ескерткіштеріне
қазба жұмыстарын жүргізді.
Ескеалмас қорымы 31 қорғаннан тұрады. Үйіндісі тасты және топырақты,
әртүрлі көлемде болып келеді. Орташа диаметрі 7-8 метр. Зерттеушілердің
ерекше қызығушылығын алты қоршау туғызды. Олар ірі ақ кварцты тақталардан,
кішкене және енгізіле қоршаған. Ақ кварцтың ішінде тек тақта тас сұр түсті.
Ол бейне бір батыстан молаға кіретін жол іспеттес осы кешендегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVІІ ғасырдың екінші жартысы мен 1945 жылға дейінгі зерттеулер
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қола дәуірін зерттеу тарихы
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Қола дәуiрі ескерткіштері
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
ИОГҚ мұражайының басшылары
Орыс географиялық қоғамының тарихы
Мұражайдың шығу тарихы
Шығыс Қазақстанның қола дәуірінің қоныстары
Пәндер