Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

І Несиелік тәуекелді басқарудың теориялық негіздері

1. 1 Банктік тәуекелдің пайда болуы және маңызы . . . 7

1. 2 Несиелік тәуекелді басқарудың міндеттері және тиімді жүйесі . . . 13

1. 3 Банктік тәуекелдерді басқарудың құрылымы . . . 17

ІІ Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқаруға талдау жүргізу

2. 1 «Альянс Банк» АҚ несиелік тәуекелдің қалыптасуын талдау . . . 22

2. 2 «Альянс Банк» АҚ несиелік тәуекелді басқаруды талдау және бағалау . . . 26

2. 3 «Альянс Банк» АҚ қызметімен қатар жүретін тәуекелдер түрлерін талдау . . . 34

2. 4. Несиелік тәуекелді басқарудың жетілдіру жолдары . . . 40

Қорытынды . . . 52

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54

Қосымшалар . . . 55

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады.

Банктік жүйе - бұл кез келген мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталады. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып, ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.

Банкілік тәуекелдер экономикалық тәуекелдер санатына жатады. Банкілік кіріс пен капиталға болжанбаған талаптардың салдары болып табылатын қандай да бір өзгерістер тәуекелдің көзі болып табылады. Банкілік операцияларды басқару дегеніміз - іс жүзінде банкілік қоржынға байланысты, яғни банк кірісін қамтамасыз ететін активтер жиынымен байланысты тәуекелді басқару. Ал тәуекелді басқару банктің стратегиялық басқаруының маңызды мәселелерінің қатарына жатады. Аталған мәселе тәуекелді басқарудың ерекше жүйелерін жасау жолдары арқылы іске асырылуы әрі ол банктің қандай да болмасын бөлімдерінің қызметін қамтуы керек.

Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.

Курстық жұмысының мақсаты - банктерді заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының маңызды секторына айналдыру, Қазақстан банктерінің позитивті имиджін қалыптастыру мәселелерін қарастыру.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- коммерциялық банктердегі несие тәуекелін басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;

- коммерциялық банк қызметін дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық ережелерді пайдалану;

- Отандық банктердің қазіргі жағдайына баға беру;

- «Альянс Банк» АҚ жұмысына талдау жүргізу;

- осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету.

Зерттеу обьектісі: «Альянс Банк» Акционерлік қоғамы.

Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері пайдаланылды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық әдістерді қолдану көмегімен жасалынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Банктік несие тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды.

Осы реттегі қол жеткізген жаңалықтар:

  • банк секторын ілгерілетудің алғышарттары анықталды;
  • теориялық сараптама негізінде қазақстандық банк ісі саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды;
  • банктік басқару қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы негізінен банктегі несиелік тәуекелді басқару әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы курстық жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу құжаттарын банк ісінде, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Курс жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде несиелік тәуекелді басқарудың теориялық негіздері, банктік тәуекелдің пайда болуы және маңызы, несиелік тәуекелді басқарудың міндеттері мен мақсаттары, несиелік тәуекелді басқарудың мәні мен құрылымы, банктік қызмет көрсету барысындағы мәселелер, банк қызметінің даму келешегі қарастырылды. Банк қызметін қалыпты ұйымдастыру мұндағы қызметкерлердің еңбегіне тікелей тәуелділігі анықталды.

Екінші бөлімде «Альянс банк» АҚ-ғы несиелік тәуекелдің қалыптасуына талдау жасалды. Бұдан бөлек банкке жалпы сипаттама беріліп, аталған банктегі несиелік тәуекелді басқару жағдайына баға беріліп, сараптама жүргізілді. «Альянс банк» қызметімен қатар жүретін тәуекелдер түрлеріне сипаттама берілді.

Қорытындыда курстық жұмыс нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты өзге де материалдар үлгілері ұсынылды.

І. НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Банктік тәуекелдің пайда болуы және маңызы

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.

Тәуекел әрқашанда адам қызметінің кез келген аясында бірге болады және оның қызметінің табыстылығы тәуекел мәселесін жақсы шешуіне байланысты болды.

Тәуекел - бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және адамның қызмет түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің мүмкіндігі. Тәуекел - тарихи және экономикалық категория болып табылады.

Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып және адамның болашақта болатын қауіпті түсінуімен байланысты болады. Қоғамның дамуы барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.

Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама болып табылады. Қолайсыз жағдай орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын) ; нөлдік және оңды ( ұтыс, табыс, пайда) .

Шығындардың пайда болуы мен пайданы жоғалту сияқты қолайсыз нәтижелер мүмкіндігі берілген несиелер бойынша төлем жасалмауы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Қазіргі банктік сектор тәуекелсіз болуы мүмкін емес, өйткені тәуекел әр банк операциясында бар, бірақ белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін. Тәуекелден құтылу мүмкін емес. Сондықтан кез келген кәсіпкер тәуекел деңгейін минимумға түсіруге тырысады және бірнеше альтернативті шешімдер ішінен тәуекел деңгейінің минималды шешімін таңдайды, сондай-ақ тәуекел деңгейі мен табыс шамасының оптималды қатынасын таңдауға тырысады. Осыған байланысты Қазақстандық банкирлерге банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалау және батыс тәжірибесіндегі банктік тәуекел басқару мен мониторингіне көңіл аудару керек.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар - нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде «тәуекелдік» деген түсінікте болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.

Банк тәуекелділігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себепті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.

Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы») және экзогендік факторлар (өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.

Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.

Сонымен, банк тәуекелінің қызықты сыныптамасын қарастырайық, ол өзіне категория, топтар, түрлер астындағы және тәуекелдің әр түрлілігін қамтиды.

Банктік тәуекелдің жіктелуінде негізгі қағидаларды көрсетуге болады.

Сонымен банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:

1. Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.

  1. Банк клиенттерінің құрамы.
  2. Банктік операциялар сипаттамасы.
  3. Коммерциялық банктердің түрі.

Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы және ішкі деп бөлінеді.

Құқықтық факторлар келесідей: заңдылықтардың өзгеруі, оның бұзылуы.

Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы, банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі, банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты болады. Қаржылық факторлар тәуекелдігі - жалпы ішкі өнім, сыртқы қарыздың экспортқа қатысты қызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ-ге ағымдағы баланстың дефицитінің сыртқы қарызға қолайсыз қатынасы.

Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:[5; 455]

  • банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысулық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т. б. ) ;
  • банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі) ;
  • банктің өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байла-нысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі) ;
  • қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі) .

Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т. б. ) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.

Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:

  • берілген кепілдер бойынша;
  • шығарылған бағалы қағаздар, олармен жасалған келісім-шарт бойынша;
  • несиелік міндеттемелер бойынша;
  • валюталық мәмілеге отыру бойынша.

Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторингтік операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.

Лизинг - жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік кезеңінде құрал-жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту тәсілі.

Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция болып саналады.

Жоғарыда көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл және қайта қалпына келетін (револьверлік), таза және толық бола алады.

Клиринг - ақша (валюта) тауарларды айырбастауды жүргізетін мемлекеттер, экономикалық бірліктер, екі банк арасындағы дара төлеу.

Бартерлік мәмілелер - тауарды ақшамен емес, тауармен төленетін өтелу формасы.

Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және жабдықтаушылармен қарым-қатынасын, төлемдер құрылымын, өнімнің бәсекелес қабілеттілігін, оның қайтару жағдайлары санын және т. б. қорытындылау керек. Банктің факторингтік бөлімімен вексельді сатып алғанда, жабдықтаушылардың қола вексельді (яғни тауармен өтелмейтін вексель) ие болуда қосымша тәуекелдің пайда болуына соғады.

Ішкі тәуекелдер банктің түріне және ерекшелігіне байланысты. Бұны былайша түсінуге болады; барлық банктерге сыртқы тәуекелдері, қаржылық қызмет көрсету тәуекелі, баланстық және баланстан тыс тәуекелдер тән бола тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің мамандануына байланысты әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің әрбір түрі әр түрлі сипатталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр түрлі болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оларды басқа да несиелік мекемелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік операциялар бойынша тәуекелдер тән, сонымен қатар банкаралық несиелердің қайтарылу мүмкіндігі бар. Сондықтан мұндай банктерде бірінші орында инновация тәуекелі (қаржылық қызмет көрсету тәуекелінің элементі ретінде), сонымен қатар маркетингтік тәуекелдер - яғни, жаңа технологияларды енгізетін өнеркәсіптің өнімді өндіруде туындайтын алдын ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер) . Бұл жағдайда ерекше мағынаға сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни фирмалық немесе корпоративтік тәуекел, нарықтық немесе портфельдік тәуекел (банктік саясат және несиелік портфельге сәйкес тәуекел табиғаты және тәуекел географиясы) .

Сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсететін мамандандырылған банк келесідей негізгі тәуекелдерге кездеседі:

  • экономикалық (валюта бағамының өзгерісіне байланыстыактив және пассив құнының өзгеру тәуекелі) ;
  • аударым (пассив және активтердің шетел валютасында есептегенде айырмашылық тәуекелі) ;
  • мәмілелік (мәміле құнының болашақ ұлттық валютада анықтал-мағандығының тәуекелі;
  • сақтандыру:
  • саяси.

Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банктер үшін келесі тәуекелдер тән:

  • ипотекалық және тұтыну ссудалары бойынша қаржылық және несиелік тәуекелдер;
  • кепілхат бойынша тәуекел (гарантия) ;
  • кепіл тәуекелі (залог) .

Ипотекалық банктер көбінесе несиелік кепілдік заңдылық тәуекелдерге ұшырайды.

Келесі себептерге байланысты, мұндай бағалау әдісіне көп көңіл бөлінуі керек:

  1. бағалы қағаздармен мәмілелер көлемі аз, ол мәмілелердің өзі бір қалыпты емес, акция бағамының дұрыс қалыптасу механизмі жоқ болғанда бағалы қағаздар нарығының бұл кезеңінде осы көрсеткіштің нақты анықталуы мүмкін емес;
  2. алғашқы екі топтың банктерінің жоғары тәуекелділігі олардың жоғары табыстылығымен орнын басады.

Бұдан басқа салалық банктерге мемлекеттік (аймақтық) және жалпы сыртқы тәуекелдер үлкен әсер етеді және әрбір сала форcмажорлық тәуекелдерге ұшырауы мүмкін, сондықтан қазіргі таңда салалық банктерді тәуекелі жоғары банктер қатарына жатқызуға болады.

Әмбебап банктер өздерінің қызметтерінде барлық тәуекелдерді есепке алу керек. Әмбебап банктерге көбінесе құрылымдық басқару, басқарушылардың жеке қабілеттерімен байланысты тәуекелдер тән. Аймақтық белгілері бойынша және ерекше тәуекелдер түрлеріне байланысты болады:

  • аймақтық банктер - аймақтық сыртқы тәуекелдер;
  • аймақаралық-аймақтық тәуекелдер жиынтығы;

- мемлекетаралық-елдік тәуекелдер;

  • республикалық-республика тәуекелі.

1. 2 Несиелік тәуекелді басқарудың міндеттері және тиімді жүйесі

Жалпы банк табысы берген несиесіне байланысты: оның сапасы, қайтарымдылық деңгейі, т. б. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекелді неғұрлым төмендету несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.

Несиелік тәуекел - қарызгердің несиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сәйкес кредиторға деген өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдылығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Банк тәжірибесінде несиелендірумен байланысты несиелік тәуекелдің пайда болу себептері мен проблемаларына тоқталайық:

  • пайда мәнінің өсті деп ойлауы. Несиелік портфель пайда алудың негізгі көзі. Пайданы өсіруге деген құштарлық кей жағдайда тәуекелі жоғары немесе банкке тиімсіз шарттарымен несие беруіне алып келеді, яғни ойланбай берілген несиелер одан алатын табысына қарағанда өте қымбатқа түседі.
  • Несиелендіру принциптерін бұзу. Банк жетекшілігі несиелендіру принципін бұзып тұрғанын біле тұрып тәуекелді несиелерді береді. Мұның себебі шамадан тыс табыс алуға деген құштарлық, бәсекелестердің басынуы, достастық қарым-қатынастың болуы.
  • Несиелік келісімнің қанағаттандырылмауы. Несиелік келісім құқықтық жағынан өте жоғары деңгейде толтырылуы тиіс. Банкте несиелік келісім болған күнде де ол негізгі қарыз сомасының өтелмеуінен зардап шегуі мүмкін.
  • Тәуекелмен байланысты проблемалық ссудалар. Проблемалық ссудалар бойынша әр банк несиелендіру принципі мен нормаларынан ауытқып отырады, сондықтан банк проблемалық ссудаларды дұрыс таңдауы тиіс.
  • Нашар мониторинг. Бастапқыда берілген несиелер стандартты болады, кейіннен олар қанағаттанарлықсыз немесе күмәнді болады. Бұл несие қызметкерлері тарапынан несиеге дұрыс бақылау жасамауынан болғандықтан олар несиелік талдауда жоғары деңгейде жүргізіле алатындай мамандандырылуы тиіс. [7; 100]

Несиелік тәуекелді басқару - оны минимизациялау процесі болғандықтан осы процесстің міндеттері:

  1. Несиелік тәуекелді бағалау және талдау. Тәуекелді талдау ақпаратының алғышартының бірі - сәйкестендіру. Банк әртүрлі ақпараттар алуға қажетті шығындарға да көңіл бөле отырып, өзінің барып отырған тәуекелін анықтауы тиіс.
  2. Тәуекел мөлшерін анықтау. Тәуекелді сәйкестендіру мен тәуекел көлемін өлшеу әдісі тығыз байланысты. Тәуекел көлемін сандық сипатта анықтау нақты мөлшерін қалыптастыруға және потенциалды шығындар көлемін бағалауға көмектеседі.
  3. Несиелік тәуекелді басқару. Тәуекел мөлшерін және түрін анықтағаннан кейін оны басқару стратегиясы мен әдістемесін дайындау керек. Бұл процесс несиелік тәуекелдің пайда болуын ескертуге және банктің өтімділігі мен табыстылығына әсер ететін несиелік тәуекел салдарының алдын алуға бағытталуы тиіс.
  4. Несиелік тәуекелді басқарудың тиімділігін басқару. Несиелік тәуекелді басқару бойынша жүргізілетін шаралардың нәтижесі әрдайым бақылануы тиіс. Тәуекел мөлшері және көлемі уақыт сайын өзгеріп отыратындықтан бақылау несиелік қатынас кезеңіндегі клиенттің несиелік қабілетінің нашарлауын және бағасын, кепілін анықтауға көмектеседі.
  5. Несиелік тәуекелді басқару екі бағытта жүргізіледі:
  • несиелік операция технологиясын басқару;
  • несиелік тәуекелді басқару.

Несиелік тәуекелді басқару да нақты несиемен байланысты: несиелік қабілетті талдау, мүмкін шығындарға резерв құру, несиелік портфелді диверсификациялау, т. б.

Несиелік тәуекелді басқару мына көрсеткіштерді басқаруға негізделеді: - ссудалық протфель сапасы:

  • несиелік тәуекелді төмендету;
  • тәуекелді алдын ала байқау, мөлшері мен салдарын анықтау;
  • тәуекелмен байланысты шығындар мөлшерін минимизациялау бойынша шараларды дайындау және өткізу.

Несиелік тәуекелді кезең бойынша басқару жүйесі:

  • тәуекел мазмұнын және оның пайда болуын анықтау;
  • тәуекел деңгейін бағалауға қажетті ақпараттар көлемін және көзін анықтау;
  • тәуекелді өткізу ықтималдылығын бағалау әдісін таңдау;
  • тәуекелді сақтандыру әдісін дайындау және таңдау;
  • тәуекелді басқару нәтижесін талдау.

Әр жүйе белгілі бір элементтер жиынтығынан тұратындықтан несиелік тәуекелді басқару жүйесі де белгілі бір элементтерден тұрады. (1-сурет) .

1-cурет. Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері

Осы аталған несиелік тәуекелді басқару элементтерінің маңыздылары ақпараттық жүйе клиенттің несиелік қабілеті, несиелендіру процесін және саясатын анықтау, дұрыс құжаттама жасау. [7; 100]

Несиелік басқару кезінде әрбір несиелік бөлім мына шараларды жүргізуі тиіс.

  1. тәуекелді мөлшерлеу;
  2. тәуекел мөлшерін анықтау;
  3. тәуекелді бақылау;
  4. мониторинг

Тәуекелді мөлшерлеу - лимитттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз стратегиясына сәйкес қабылдайтын тәуекелдің шекті деңгейін анықтау.

Тәуекел мөлшерін анықтау нақты операцияның тәуекел мөлшерін есептеуге негізделеді (бір қарыз алушының несиелік қабілеті) .

Тәуекелді бақылау менеджерлер мен акционерлердің де міндеті болып табылады, яғни олар оперативті басқарудың жүзеге асырылады.

Банкте тәуелсіз бақылау механизмінің болуы, ал оның пәні шешім қабылдау және несие портфелінің құрамын анықтау, келсім жасау болып табылады.

«Несиенің қамтамасыз етілуі» клиенттің ссудалық қарызын жабу деңгейі. Бұл фактормен байланысты критерий қамтамасыз етілудің өтімділігі, жетекшілігі, сақтандырылуы. Бұл банктің қамтамасыз етуді қалай жүзеге асырылатындығын (бағасы, мерзімі, сақтау шарты) көрсетеді.

«Несие мәмілесінің сипаты» несие келісімнің негізділігі мен әрі нақтылығымен көрінеді, бұл өз кезегінде несиенің мақсатқа сәйкес болуымен, оның мерзімділігімен, несие сомасымен, қайтарылымдылық және өтеу шартымен сипатталады. Ақша ағымының жағдайы мен қаржылық коэфицентін есептеуге негізделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Коммерциялық банктегі қаржы менеджменті
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру
Коммерциялық түрдегі банктердің несиелік портфелін басқару
Банктік тәуекелдердің Қазақстанның банктік жүйесінде қолданылуы мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді басқаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибе
Несие берудегі несие саясаты
Несиелік тәуекелді басқару саясаты
Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты
Коммерциялық банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру
Банктің бағалы қағаздармен операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz