Үздіксіз қоректендіру көздерінің қуат бойынша классификациясы


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кірісп . . . 3

1. Үздіксіз қоректендіру көздерінің қуат бойынша классификациясы . . . 4

2. Үздіксіз қорек көздерінің типі және олардың құрылысы . . . 5

3. ҮҚК-нің конструкциялық орындалуы . . . 12

4. Энергетикалық массивтер . . . 13

5. ҮҚК-нің техникалық сипаттамалары . . . 14

Қорытынды . . . 16

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 17

КІРІСПЕ

Электрмен үздіксіз қамтамасыздандыру жүйесі (ЭҮҚЖ) - А тобының электр қабылдағыштарын электрмен қамтамасыздандырудың ең сенімді, әрі ең сапалы түрі. Бұл А тобында, дегенмен, қосымша қоректендіруді қажетсінетін қабылдағыштар да бар. Бұларға, мәселен, файл- серверлер, көптеген байланыс және телекоммуникация құралдары және қорғаныс жүйелері жатады. Бұл жүйелер аз және орташа қуатты локальды үздіксіз қоректендіру көздер (ҮҚК), аккумуляторлы қоректену блоктар, буферлі аккумуляторлы батареялар арқылы электрмен үздіксіз қамтамасыздандырылады. Қазіргі кезде екі жағынан қоректендіретін

Қондырғылар жасалынып көрілуде. Олардың құрылысы әртүрлі қоректендіру көздеріне қосылған екі қоректену блоктарынан тұрады. Электрмен қамтамасыздандыру жүйесіне қатысты мұндай қосымша қоректендіру технологиялыққа жатады және ЭҮҚЖ-ның принципиалды сұлбасына әсер етпейді.

ЭҮҚЖ- негізгі көздерден электрмен жағдайда қабылдағыштырды автономды түрде электрмен қамтамасыздандыруға арналған электр қондырғысы. ЭҮҚЖ-ның автономды жұмыс уақыты инфокоммуникациондық жүйе жұмысының аяқталуы есебінен алынады. Ол кезде ақпарат шығынсыз болады, әрі қондырғының істен шығу қаупі төмен болады. Автономды жұмыстың минималды уақыты қашан да қосымша электрмен қамтамасыздандыру көздерін іске қосуға жеткілікті болады, мәселен ДГУ.

ЭҮҚЖ- ның негізін құрайтын үздіксіз қорек көздері төменде қарастырылған. ҮҚК түрлі схемотехникалық база, қуат, конструкцияға ие бола тұрып, қосымша қоректендірудің функционалдық мүмкіндіктерін бойына жинаған. ҮҚК типтерінің бір тобы қалыпты режимде электр қабылдағыштың кірісін КЭ-мен қамтамасыз ете алады. Сыртқы электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің қалыпты режимдегі жұмысында ҮҚК-нің қайта жауап беру реакциясын тудырытын электроэнергия сапасының көрсеткіштері ауытқуы мүмкін. Бұған автономды режимнің батареяға ауысуы да жатады. Негізінен бұл кернеу ауытқуы U болып келеді. ҮҚК кірісіндегі кернеудің ауытқу мәні стандартқа сай жіберілетін U өзгерісі кезінде автономды режимге өтіп кетуін тудырмауы қажет. Тәжірибелер көрсеткендей, % диапазонында жатқан кіріс кернеуінің мәні (“кіріс қақпа”) автономды режимге кірмей-ақ жұмыс істеу шарттарын қанағаттандырады. Қалған жағынан ҰҚК электр энергия сапасы көрсеткіштерінің ауытқуына айтарлықтай төзімді.

1. Үздіксіз қоректендіру көздерінің қуат бойынша классификациясы

Үздіксіз қоректендіру көзі (Uninterruptible Power Supplie, UPS ) - бұл статикалық құрылғы. Ол біріншіден, акккумуляторлық батареяда жиналған энергиямен қоректенетін электр құрылғыларын электрмен үздіксіз қамтамасыздандыруға, екіншіден, қорғалатын электр қабылдағыштарын КЭ-мен қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, маховик негізіндегі энергия жинағыш айналма машиналардың негізінде жасалған ҮҚК-лар және фарадпен есептелетін үлкен сыйымдылықты конденсаторлар негізіндегі энергия жинағышы бар статикалық ҮҚК-лар бар.

ҮҚК екі көрсеткіші - қуаты және типі бойынша классификацияланады. Алғашқысы классификацияның негізгісі болып табылады. Ол ҮҚК-нің құрылысына негізделген.

Аз қуатты ҮҚК-ге электр желісінен штипсель розеткалар арқылы қоректенетін және қорғалатын қондырғыларға қосу үшін арналған құрылғыларды жатқызуға болады. Тіпті “розеткалы ҮҚК” деген атаулар да кездеседі. Берілген құрылғылар үстелге, кейде полкаға орнатылатын болып жасалады. Олардың стойкаға бекітуге арналған түрлері бар (rack- mount, RM) . Шарт бойынша, бұл құрылғылар 250-ден 3000 ВА қуат диопазонында жасалып шығарылады.

Орташа қуатты ҮҚК-ге енгізілген розеткалар блогынан қорғалатын қондырғыларды қоректендіретін немесе топтық розеткалар желісіне қосылатын құрылғыларды жатқызуға болады. ҮҚК қоректену желісіне қорғау- коммутационды аппарат арқылы реттегіш щиттерден кабель арқылы қосылады. Бұл құрылғылар арнайы электромашиналық, сондай-ақ инфокоммуникациондық қондырғылардың технологиялық бөлмелерінде орнатуға ыңғайлы етіп жасалынады. Сәйкесінше, бұл құрылғылар полкаға немесе RM-ге арналып жасалады. Бұл ҮҚК-нің қуаттар диопазоны 3-тен 30 кВА аралығында болады.

Үлкен қуатты ҮҚК-ге қорғау- коммутационды аппарат арқылы реттеуші щиттерден қоректенуші желімен кабель арқылы жалғанатын және берілген топтық розетаклар желісі арқылы қорғалатын қондырғыларды қоректендіретін құрылғылар жатады. Бұл ҮҚК-лер арнайы жабдықталған электромашиналық бөлмелерде полкаларда орнатуға болатындай түрде жасалады. Мұндай ҮҚК қуаттар диопазонының мәні 10-нан бірнеше жүз кВА-ді қамтиды (800 кВА қуатты модельдер де бар) . ҮҚК-нің параллелді жүйесі және энергетикалық массивтер бірнеше ьың кВА қуаты бар болуы мүмкін, бірақ бұл жүйенің сипаттамасы болып келеді.

2. Үздіксіз қорек көздерінің типі және олардың құрылысы

Принципі бойынша ҮҚК құрылғыны екі типке жатқызуға болады:

Бірінші тип- бұл off-line (off-line - арнадан тыс) жұмыс режимді үздіксіз қорек көздері. ҮҚК-нің бұл типінің жұьыс істеу принципі қоректендіру желісінен жүктемені қоректендіру және қорек сөндірілген немесе кернеу өткізу диопазонынан ауытқыған кезде тез арада ішкі резервті сұлбаға ауысу болып табылады. Ауысы уақыты әдетте 4. . 12 мс аралығында болады, бұл импульсті қорек блоктары бар электр қабылдағыштарға толығымен жеткілікті.

Екінші тип - бұл on-line (on-line - арна бойында) жұмыс режимді үздіксіз қорек көздері. Бұл құрылғылар жүктемені үнемі қоректендіреді, әрі оның ауысу уақыты болмайды. Бұлар электрмен үздіксіз қамтамасыздандырумен қатар, қоректену желісі арқылы өтетін бөгеуілді фильтрлеу және қоректену желісіндегі бұзылулар кезінде оны КЭ-мен қамтамасыздандыруға арналған.

Кейбір әдеибеттерде line- interactive жұмыс режимді үздіксіз қоректендіру көздері жайында жазылады. Олардың жұмыс істеу принципі off-line режиімнің жұмыс істеу принципіне ұқсас болып келеді. Оның қоректенетін желіден off-line-нан айырмашылығы “бустердің” болуы. Бустер- бұл батареяны зарядтауға арналған негізгі сұлбаны пайдалану және кіріс трансформатордың орамдарын коммутациалау арқылы кернеуді сатылап стабилизациялауға арналған құрылғы. Батареяны зарядтаудың негізгі сұлбасы АБ-дан қоректенуге өту кезінде құрылғының жұмыс режимге тез өтуін қамтамасыз етеді. Бұл кезде АБ-дан жұмысқа ауысу уақыты 2-4 мс-қа қысқарады.

Кернеу ауытқуының мөлшеріне сәйкес трансформатордың орам саны азайтылып отырады. Бұл реттеу сатылық сипат алады. U кернеуінің мәні номиналды номиналды мәнінен артып кетсе, бустер оны - U - ға келтіреді. Бұл ҮҚК-ге, одан әрі электр қабылдағыштарға баратын кернеудің әмнін төмендетеді. U кернеуінің мәні номиналды номиналды мәнінен кемісе, бустер оны + U - ға келтіреді. Бустердің бұл сұлбасы сирек қолданылады. Оның орнына магниттік күшейткіштерге тең келетін жаңа сұлба келді. Бұл сұлбада қарсы қосылған екі орам, сәйкесінше магниттелеітн және керісінше магниттілігінен айырылатын бустер жүрекшесі бар. Қазіргі кезде ҮҚК-нің off-line мен line- interactive-тің айырмашылығы жоқ десе де болады. Өйткені off-line моделінің қалыпты режимде кернеуді реттейтін мүмкіншілігі пайда болды. Ол сұлбаға бустер енгізу арқылы жүзеге асты. ҮҚК-нің бұл екі типінің айырмашылығы - автономды режимдегі шықпалы кернеудің түрінде. off-line типті ҮҚК-де ол тіктөртбұрышты, трапециялы, сатылы синусоиданың аппроксимациясы, ал line- interactive - тің шықпалы кернеуі синусоидалы болып екледі.

Импульсті қорек блоктары бар техникалық құрылғыларды қоректендіру үшін ҮҚК-нің шығыс кернеуінің мәні болмайды.

Қалыпты жағдайда ҮҚК жүктемені LC-фильтрімен кернеу импульстерін, бөгеуілді жоғары сапалы түрде басу арқылы және бустермен кернеу ауытқуын қалыпқакелтіру арқылы қоректендіреді. Аккумуляторлық батарея зарядты құрылғы түзеткіштерден зарядталады. Қоректендіру сөндірілген кезде инвертор қосылады да, ауыстырғыш жүктеменің қоректенуін инверторға ауыстырады. Бұл ауысу автоматты түрде жүзеге асады. АБ кіріс кернеу бастапқы қалпына келген кезге дейін жүктемені қоректендіріп отырады. Инвертор қосылғанда жүктемеден қоректендіру тізбегіне кері бағыттағы кернеу болмау үшін ҮҚК кірісі қоректендіру тізбегінен ажыратылады.

Инвертор барлық ҮҚК-нің құрамына кіреді. Ол АБ-ның тұрақты кернеуін жүктемеге түсетін айнымалы кернеуге 220\380 В түрлендіретін жартылай өткізгіш. Қазіргі line- interactive типті ҮҚК инверторы өзінің инверторлық қызметімен қатар, зарядтаушы құрылғы қызметін де атқарады.

ҮҚК-нің моделіне байланысты инвертор кернеудің түрлі пішінін түзеді. Инвертордың қарапайым сұлбасы токсыз үзілісі бар кернеудің тіктөртбұрышты пішінді түзеді. Әлдеқайда күрделі инверторлар сатылы аппроксимирленген синусидаға жақын пішінді кернеуді түзуге мүмкіншілік береді. Бұл екі типті инверторлар аз қуатты ҮҚК-ге сәйкес келеді және олар импульсті қорек блоктарымен жұмыс істеуге қажет. line- interactive типті инверторлар аз гормоникалы синусоида түріндегі кернеуді тудырады (кернеудің синусоидалы қисығының өшу кщэффициенті К U <3%) . Мұндай типті инверторлар импульсті қорек блоктарынан бастап двигательдерге дейінгі барлық жүктемені қоректендіре алады. Инвертор кернеуінің пішіні мен К U ҮҚК-нің коталогтық деректерінде көрсетіледі.

off-line және line типті ҮҚК-нің қуаттар диопазоны 250 ВА-ден 3. . 5 кВА-ге дейін болып табылады.

on-line жұмыс режимді үзхдіксіз қоректендіру көздері бірнеше типті болып шығарылады (энергияны түрлендіру типі бойынша) on-line типті ҮҚК-нің 4 түрі бар:

  • біреулік түрленгішімен;
  • дельта- түрленгішімен;
  • фоторезонанстық ҮҚК;
  • екілік түрленгішімен.

Біреулік түрлендірудің (single conversion) принципі мынадай. Қоректендіруші желі мен жүктеменің арасына дроссель қосылады. Оның шығысына инвертор жалғанған. Бұл сұлбада инвертор реверсивті әжне тұрақты кернеуді айнымалы кернеуге және керісінше түрлендіре алады. Жүктемені автономды режимде қоректендірумен қоса, инвертордың екінші міндеті қоректендіру желісіндегі ауытқулар кезіндегі жүктемеге түсірілетін кернеуді реттеу болып табылады.

ҮҚК-нің бұл типінің ПӘК-і өте үлкен, тіпті 96% болуы да мүмкін. Дегенмен оның кейбір кемшіліктері де бар, мәселен қуаттың кіріс коэффициентінің мәні өте төмен ( ) . Сонымен бірге, ол желі кернеуі мен жүктеме сипаты өзгерген кезде де өзгереді. Бұған қоса, бұл тіпті ҮҚК аз жүктеме болғанда аса реактивті токтарды пайдаланады. ҮҚК-ніңсоңғы модельдерінде мұндай тип кездеспейді, өйткені оның орнына дельта- түрлендіргіш келді. Ол біреулік түрлендіру технологиясын дамытушы болып табылады.

Дельта- түрлендіру (delta conversion) принципі ҮҚК сұлбасында дельта - трансформаторды қолдануға негізделген. Дельта - трансформатор- аздап магниттелетін орамдары бар дроссель. Ол негізгі орамдағы токты басқаруға мүмкіндік береді (магниттік күшейткіштер принципіне пара- пар) . ҮҚК-де үнемі жұмыс істейтін екі инвертор қолданылады. Оның біреуі дельта - трансформаторды басқаруға және сәйкесінше, кіріс токты басқару мен кей бөгеуілді басуға арналған. Оның қуаты жүктемеге жұмыс істейтін екінші инвертор қуатының 20%-ін құрайды. Қуаты ҮҚК-нің қуатын анықтайтын екінші инвертор шығысында синусоиданы түзеді. Ол кіріс кернеуінің пішінінің ауытқуын жөндейді, әрі ҮҚК-нің автономды жұмыс режимі кезінде жүктемені батареядан қоректендіреді. Бұл сұлба on-line жұмыс режимнен автономды жұмыс режимнеөту кезінде кіріс желіні жайлап іске қосуды қамтамасыз етеді. Автономды режисмде батареядан жұмыс істесе, on-line режимі желіден жұмыс істейді. Бұл сұлбаның 1мин. Мезетіндегі барынша жұмыс істеу қабілеті- 200%-қа дейін жетеді.

ҮҚК-нің бұл түрінің 100% номиналды қуатта жұмыс істеу кезіндегі пайдалы әсер коэффициенті 96, 5% құрайды. Дегенмен, ьұндай жщғарғы көрсеткішті келесідей жағдайларда көрсете алады: ҮҚК жүктемесінде және қоректендіру желісінде кернеудің еш ауытқулары мен бұзылулары болмаған кезде. Қалыпты жағдайларда ҮҚК-нің бұл түрінің көрсеткіштері екілік түрлендіргіші бар ҮҚК-ге жақын (ПӘК=90, 8. . 93, 5%) . Дельта- түрлендіргіші бар ҮҚК ең жоғарғы ПӘК-ті қуат коэффициентін түзейтін импульсті қорек блоктарын кеңінен енгізу арқылы көрсете алады. Бұл дегеніміз, жүктеме активті сипат алып, ҮҚК-нің жоғарғы энергетикалық сипатының болуына жағдай жасауы. Соңғы кезде жаңа қорек блоктарының қуат коэффициенті 0, 92. . 0, 97 мәніне жетті. Дельта- түрлендіргіші бар ҮҚК-нің тағы бір жетістігі - құрылғының1-ге жақын жоғарғы коэфициенті. Бұл ҮҚК менДРУ-дің бірлесіп жұмыс істеуін жеңілдетеді. Дельта- түрлендіргіші бар ҮҚК-нің негізінде асақуатты орталықтанған ЭҮҚЖ жүйесі жасалуда. Бұл ҮҚК түрінің қуаттар диопазоны 10. . 480 кВА . Бір үздіксіз қоректендіру жүйесіндеортақ жүктемемен жұмыс істеу үшін 8 ҮҚК параллель жалғанады. Мұндай ҮҚК екілік түрлендіргіші бар ҮҚК - мен пара-пар болып келеді.

Феррорезонанстық трансформаторды қолданатын ҮҚК-ні - феррорезонанстық ҮҚК деп атайды. Олардың жұмыс принципі кең қолданылатын кернеу стабилизаторларында қолданылатын феррорезонанс эффектіне негізделген. Қалыпты жұмысы кезінде трансформатор кернеу стабилизаторының және желілік фильтрдің қызьетін атқарады. 8. . 16 мс уақыт интервалы аккумуляторлық батарея әсерінен жүктемені қолдап тұрған инверторды іске қосуға жеткілікті. ҮҚК-нің бұл түрінің пайдалы әсер коэффициенті екілік түрлендіргіші бар жүйенің ПӘК-не сәйкес келеді (93%-тен аспайды) . Электромагниттік шулардан қорғаудың жоғарғы дәрежесіне ие бола тұрып, үздіксіз қоректендіру көздерінің бұл түрі көп қолданыс таппады. Оның қуаты 18 кВА - ден аспайды.

Әлдеқайда көп қолданылатыны - екілік түрлендіргіші бар ҮҚК (double conversion UPS) . Көбіне екілік түрлендіргіші бар ҮҚК синонимі ретінде on-line қолданылады. Дегенмен, бұл толық дұрыс емес, өйткені on-line-ға ҮҚК- нің басқа түрлері де кіреді. Бұл типте қолданылатын барлық энергия түзеткішке барады. Түзеткіш оны тұрақты тоқ энергиясыны айналдырады, одан кейін инвертор айнымалы токқа түрлендіреді. Түзеткіш - бұл жартылай өткізгіш түрлендіргіш. Орташа және үлкен қуатты үш фазалы ҮҚК-де ол - көпірлік 6- импульстік сұлба бойынша жасалады. Түзеткіштің энергетикалық сипаттамасын жақсарту үшін 12- импульстік сұлба бойынша жасалған екі көпірлік түзеткіштер қолданылады. Түзеткіштер мұндай сұлбада тізбектей жалғанған, олар қоректендіру желісіне үш орамды трансформатор арқылы қосылған. АБ-ны зарядтау үшін ҮҚК сұлбасына арнайы зарядтаушы ұқрылғы енгізілген. Ол заряд тогы мен АБ-дағы кернеуді басқара отырып, АБ зарядын қоздыратын тұрақты ток түрлендіргіш.

Үлкен және орташа қуатты ҮҚК сұлбасында міндетті түрде байпас болады. Байпас (bypass) - қалдықтар жолының құрылғысы. Бұл құрылғы ҮҚК-нің кірісі мен шығысын байланыстырады.

Байпас келесі функцияларды атқарады:

  • электр қабылдағыштарын қоректендіруді тоқтатпай- ақ реттеулер мен жөндеулер жүргізу кезінде ҮҚК-ні қосу/ өшіру;
  • үздіксіз қоректендіру көздерінің кірісінде қысқа тұйықталу болғанда жүктемені инвертордан байпасқа ауыстыру;
  • қоректендіру жүйесінде КЭ қанағаттанарлық болған кезде жүктемені инвертордан байпасқа ауыстыру. Бұл ҮҚК-де электр энергиясы шығынын төмендету мақсатында жасалады (econom mode- экономды жұмыс режимі ) .

Байпас статикалық байпас пен қолмен жұмыс істейтін (механикалық) байпасты байланыстыратын электро- механикалық құрылғы болып табылады. Статикалық байпас - қарсы-параллельді қосылған тиристорлардан тұратын тиристорлық кілт. Кілтті басқару (қосу/ажырату) ҮҚК-нің басқару жүйесімен атқарылады. Бұл автоматты түрде немесе қолдан жүргізіледі. ҮҚК экономды жұмыс режимде болғанда ол автоматты түрде басқарылады. Бұл жағдайларда инвертордың кернеуі байпастың кіріс тізбегіндегі кернеумен және басқару импульстарымен синхрондалған болады. Бұл синусоиданың үзілуінсіз жүктемені инвертордан байпасқа және керісінше ауыстыруға мүмкіншілік береді.

Қолмен басқарылатын байпас - бұл жүктемені механикалық түрде өшіруші, шунтирлеуіш статикалық байпас. ҮҚК элементтеріндегі кернеулерді алып тастау арқылы ҮҚК-ні жұмысынан шығаруға арналған. Қолмен басқарылатын байпас қосылып тұрғанда жүктемені қоректендіру мына тізбек арқылы жүреді: “байпас кірісі - қолмен басқарылатын байпас - ҮҚК шығысы”. ҮҚК сұлбасының басқа элементтері: түзеткіш, инвертор, АБ, статикалық байпас - қолмен басқару байпасы қосылған кезде жөндеу, реттеу, тексеру үшін қорек көзінен ажыратылуы мүмкін. Бірақ, АБ-ның өшірілуі жайында айту қиын. Өйткені АБ тұрақты кернеудің қуатты көзі болып табылады және қызмет көрсету персоналына қауіп төндіруі мүмкін. Егер АБ аккумуляторларын ауыстыру қажет болса, ҮҚК-ні қолмен басқару байпасына ауыстырылады, арнайы құралмен АБ-ны бөлек аккумуляторларға бөледі, тек осыдан кейін ғана ток ұру қаупі жойылады. Статикалық және қолмен басқару байпасымен жұмыс кезінде ҮҚК тұтынушыларды үздіксіз қорекпен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан профилактика мен жөндеуді жұмыс уақытынан тыс кезде жүргізу керек. Шағын процессормен басқарылатын инвертор жүктемеге түсетін синусоидалы кернеу тудырады. Қуатты үшфазалық ҮҚК-де инвертор да үш фазалы көпірлік сұлбасы бойынша жасалған. Синусоиданы түзу үшін инверторде широтно-импульсті мщдуляция (ШИМ) принципі қолданылған. Оның жұмыс істеу принципі айнымалы скважинності импульсті тиристор арқылы, бір уақытта фильтрдің қызметін атқаратын трансформаторға немесе тікелей инвертордың шығысындағы LC фильтріне беруге негізделген. Оның нәтижесінде төменгі гармоникалық тозу коэфиценті (Ku<3%) бар синусоидалық кернеу түзіледі.

Қазіргі заманғы екі түрлендіргішті үздіксіз қорек көздерінде (ҮҚК) айналық түрлендіру сұлбалары қолданылады. Сұлба негізінен қуатты IGBT (Insulated Gate Bipolar Transistor - оқшауланған тиегі бар өрістік биполярлы транзистор) - транзисторларынан тұрады. “Айналық түрлендіру ” терминінің мәні - электрэнергиясын инвертрлеу және түзету процестері бірдей орындалған түрлендіргіштерде асырылуында жатыр. Айналық түрлендіруді артықшылықтары мыналармен қамтамасыз етіледі:

  • Кіріс тогының қосымша фильтрлерсіз сызықты емес тозуының болмауы;
  • ҮҚК - нің мәні бірге жуық қуат коэффиценті;
  • ШИМ принципінің шығыс трансформаторсыз және фильтрсіз іске асырылуы.

Бұл ҮҚК - нің ДГУ - мен бірігіп жұмыс істеуін оңтайландырады және масса - габаритті көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік береді. Айналы түрлендірудің кемшілігі - тиристорлы түрлендіргіші бар ҮҚК - мен салыстырғанда ПӘК - нің төмендігі (1. . 1, 5%) . Бұл айналы түрлендіргіші бар ҮҚК - нің қолданыс аясын 30-40 кВА қуатқа дейін шектейді. Қуатты үшфазалы екі түрлендіруші ҮҚК- лар түрлендірудің комбинирленген сұ лбасын жиі қолданады. Ол схема тиристорлы түзеткіш және IGBT - транзисторындағы инвертордан тұрады.

Екі түрлендірудің технологиясы істелінген және жиырма жылдан аса тиімді қолданылып келе жатыр, дегенмен кемшіліктері де жоқ емес:

  • ҮҚК электр желісіндегі гармоникалық токтың тозуының себебі болып табылады, сондықтан ол электр желісімен байланыстырылған басқа қондырғылардың жұмысын бұзуы мүмкін. Қуаттың кіріс коэфицентінің мәні төмен болады;
  • ҮҚК - нің айтарлықтай шығыны бар, себебі айнымалы шығыс тогын алудың принципі бірініші түрлендірудің тұрақты токтың энергиясына байланысты, содан кейін айнымалы токтың энергиясы қайта түрлендіріледі. Мұндай екі түрлі түрлендіру процесі кезінде әдетте 10% энергияны жоғалтады.

Бірінші кемшіліктен қосымша құрылғыларды (кірмелі фильтр, 12 - импульсті түзеткіш, бустерлер - оңтайлағыштар) қолдану арқылы құтылуға болады. Ал екініші кемшілік жойылмайды (ҮҚК - нің ең күшті модельдеріндегі қуаттың ПӘК - 93% - тен аспайды) . Қазіргі заманның ҮҚК - лары гармоникалық кондиционермен және қуатты түзету коэфиценттерінің құрылғыларымен жабдықталады. Бұл құрылғылар не ҮҚК - нің базалық комплектіне кіреді немесе опционалды қолданылады және гармоникалық бұрмалану (3% -тен аспайды) проблемасын шешуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қуат коэффицентін 0, 98 - ге дейін арттыруға болады.

ҮҚК - нің 1:1, 3:1, 3:3 сұлбалары бар. Олардың мағынасы:

  • 1:1 - бірфазалы кіріс, бірфазалы шығыс ;
  • 3:1 - үшфазалы кіріс, бірфазалы шығыс;
  • 3:3 - үшфазалы кіріс, үшфазалы шығыс.

1:1 және 3:1 схемаларын 30кВА-қа дейінгі жүктеме қуаттарында қолданған жөн. Сонымен қатар симметриялаудың қажеті жоқ және инвертордың қуаты рационалды қолданылады. Байпастың мұндай сұлбалары бір фазалы болатындығын есте сақтау керек және де ҮҚК-нің инвертордан байпасқа ауысқанда ҮҚК-нің кіріс желісі симметриялы емес құрылғы болады, ҮҚК 1:1 сияқты. Жобамен байпаста жұмыс істеу принципі қадағаланылуы керек, демек электрлік сұлба жүктемеге салынбау керек және КЭ ҮҚК-дан байпасқа өткенде бекітілген шектеуден шықпау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газразрядты жарық көздері
Өзен жырғаларында сулардың қозғалысы
Рельс тізбектерінің жұмыс режимдері
UPS ҚҰРЫЛҒЫСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
Электрмен қамтамасыз етудің сапасы
Жартылай толқын түзеткіші
Бұрғылау ұңғымаларының классификациясы
Күн энергиясын жылу машиналардың көмегі арқылы электр энергиясына айналдыру
Өнеркәсіптің есептік электрлік жүктемелерін анықтау
Электр станциялары мен қосалқы станциялардың қосылу сұлбалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz