Индустриялдық-инновациаға жалпы түсінік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

1. Индустриялдық-инновациаға жалпы түсінік . . . 4

1. 1 Идустриялдық-инновацианың түсінігі, мәні, ролі . . . 8

1. 2 Дамыған елдердегі индустриялы-инновацияның даму тәжірибесі және инновацияны

мемлекеттік қолдау. . 12

2. Қазақстан Республикасындағы индустриялдық-инновациялық саясаттың жүргізілуі. 13

2. 1 Қазақстан республикасындағы индустриялды-инновациялық стратегия. Күтілетін нәтижелері мен қазіргі кездегі жағдайы. . 30

2. 2 Қаржылық бақылаудағы ұжымдарын жетілдіру негізінде ҚР-н индустриализациялау . . . 31

2. 3 Қазақстан республикасының елордасы-Астана мен ең ірі мегаполисы -Алматы қалаларынның индустриалдық-инновациалық дамуы . . . 33

Қорытынды . . . 46

Қолданылған әдебиет тізімі . . . 48

КІРІСПЕ

Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі жылдар бойы күйзеліс-дағдарысқа ұшырап, құлдыраудан кейін 1999 жылдан бастап даму жолына түсті. Ал қай елде болмасын экономиканың дамуы өнеркәсіптің жағдайына байланысты болатыны әйгілі. Кейінгі жылдары дами бастаған Қазақстан өнеркәсібі - кен өндіру өнеркәсібінің, оның ішінде шикі мұнай өндіру есебінен өсуде. Сондақтан да оның сипаты шикізат өндіруші болып отыр.

Жаңалық жаратқанның сыйы. Адамзаттың интеллектуалдық мүмкіндігінің шексіздігі осы ғасырда одан сайын айқындала түсуде. Сондықтан да, 21 жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналған қазірден-ақ ұғындыруда.

Осы жағдайлар ескеріле отырып, экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Ел Президентінің 2003 ж. 17 мамырындағы №1096 Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы” бекітілген.

“Инновация” ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу дегенді білдіреді.

“Инновация” - жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет көрсету тағы басқа жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формалары. Инновация технологиялық сипаттарына қарай өнімдік және процестік болып бөлінеді.

2003-2015 ж. инновациялық стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Отандық инновациялық жобаның нарық айдынындағы бәсекелестікке төтеп беруі үшін қатаң талаптар қойылып, оларды мемлекеттік емес, даму инвестициялары арқылы ғана инвестициялауды қарастырады. Тағы бір атап өтетін жәйт, еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіруде инновациялық бағытта ерекше жағдайда жүзеге асырушылық. Оның ішінде инновациялық бизнесті дамытуға қабілетті менеджерлерді дайындау бірінші кезекке қойылмақ. Еліміздегі ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы мемлекеттік саясат бағытын белгілеу. Аталмыш саясатты жүзеге асыруда келешекте мемлекеттің қатысуына маманданған қор құру, онда жиналған қаржыны инновациялық инфрақұрылымдар құру, кадрлар дайындау, авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау, әлемдік тәжірибеде сапа стандарттарынан өту, халықтық ұйымдарға грант тарту көзделген. Бұл бағыттағы индустриялық саясаттың басымдылықтарын айқындау бойынша - әлемдік экономикалық ахуалға және Қазақстанның сауда әріптестеріне талдау жасау, экономика саласының бәсекеге қабілеттілігін зерттеу жүргізу, бұл бойынша деректер құрын құру, өңірлердің өнеркәсіптік инвестициялық және инновациялық әлеуеті туралы мониторинг жүргізу, корпоративтік менеджмент, жобалардың сапасын басқару мәселелері бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу; сауда жүйесін ырықтандыру бойынша - көрме, коммерциялық тұсаукесерлерді қамтамасыз ету, кеден-тарифтік саясатын іске асыру міндеттері тұр.

Индустриялдық-инновациаға жалпы түсінік

1. 1 Инновация туралы жалпы түсiнiк, мәні

Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.

Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация - тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:

  1. инновация - интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация - бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тигiзедi;
  4. инновация - экономикалық өсу факторы ретiнде. /3, 124 б/

Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнец та қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника - экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:

  • экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы факторинновациялық негiздегi бәсекеболып табылады;
  • экономикалық дамудабiлiм мен интеллектбасты рөлде болуы керек;
  • интелектуалдық құрылымы мен негiзi болып табылады.

Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :

  1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
  2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
  3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
  4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.

Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады. / 4, 29 б. /

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi және экстенсивтi түрлерi болады.

Экстенсивтi түрiне:

  • Технологияда инвестицияның артуы;
  • Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
  • Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;

Интенсивтi факторларға:

  • Ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы;
  • Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту;
  • Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
  • Қызметкерлердiң бос уақытының өсуi. /5, 64 б/

Көрiп отырғандай елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенсивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.

Ол үшiн елде 1990 жылдан кейiн құлдырап кеткен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау, ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi саясат жүргiзу елiмiздiң басты мiндеттерi болып отыр.

Экономикалық iлiмдер тарихында жаңалық енгiзу түсiнiгiне түрлi көзқарастар бар. Көбiнесе инновация түсiнiгiн экономистер техникалық жаңалық енгiзумен байланыстырады. Инновацияны екi сыныпқа жiктейдi: инновациялық процесс және өнiм инновациясы. Бiрақ бұл екеуiн бөлiп қарау мүмкiн де емес. Шығындарды қысқартатын процестi енгiзу, шығарылатын өнiм құрылымына өзгерiстер енгiзу, ал жаңа өнiмдер өз кезегiнде жаңа құрылғыны жасап дайындауды қажет етедi.

Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.

Қазiргi заманғы көзқарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.

XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға:

  • шикiзаттық бағыттағы экономика;
  • дамушы экономика;
  • индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы /4, 3б. /.

Кесте-1 - Экономикалық қоғамдардың негiзгi сипаттамасы

Қоғам түрi: Қоғам түрi
Индустрия ға дейiнгi: Индустрия ға дейiнгi
Индустриалды: Индустриалды
Индустриядан кейiнгi: Индустриядан кейiнгi
Қоғам түрi: Мақсаты
Индустрия ға дейiнгi: Өмiр сүру
Индустриалды: Экономикалық өсу
Индустриядан кейiнгi: Өмiр сүру сапасын арттыру
Қоғам түрi: Базалық ресурстары
Индустрия ға дейiнгi: Табиғат күшi, флора, фауна
Индустриалды: Пайдалы қазбалар
Индустриядан кейiнгi: Бiлiм
Қоғам түрi: Таным методологиясы
Индустрия ға дейiнгi: Жекеден қоғамға
Индустриалды: Қоғамнан жекеге
Индустриядан кейiнгi: Жүйелiк анализ
Қоғам түрi: Жүйелiк сипаттамасы, бiлiм беруi
Индустрия ға дейiнгi: Бiлiм беру практикалық тәжiрибеде
Индустриалды: Мамандандырылған дайындық, техника-инженерлiк
Индустриядан кейiнгi: Жеке салаға маманданған университеттiк бiлiм
Қоғам түрi: Энергияны қолдану
Индустрия ға дейiнгi: Бiрреттi
Индустриалды: Көпреттi
Индустриядан кейiнгi: Энергетикалық ресурстарды қолдануды оптималдау
Қоғам түрi: Өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру сипаттамасы
Индустрия ға дейiнгi:

Индивидуал

ды, коллективтi

Индустриалды: Конвейер
Индустриядан кейiнгi: Жүйе, CALS технология
Қоғам түрi: Экономика құрылымы
Индустрия ға дейiнгi: Алғашқы
Индустриалды: Екiншi Үшiншi
Индустриядан кейiнгi:

Төртiн- Бесiн-

шi шi

Қоғам түрi: Қызмет түрi
Индустрия ға дейiнгi: Өндiрушi
Индустриалды:

Өңдеу- Инфра-

шi құрылы

мдық

Индустриядан кейiнгi:

Сервис Ақпар-

тiк аттық

Қоғам түрi: Қызмет көрсетудiң негiзгi бағыты
Индустрия ға дейiнгi: Ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбалар өндiру
Индустриалды:

Өнеркә Сауда,

сiптiк қаржы,

өндiрiс көлiк,

байланыс

Индустриядан кейiнгi:

Денсау Жинау,

лық, сақтау

мәдени өңдеу,

ет, ком ақпар-

мунал ат беру

дық

қызмет

Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда.

Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегiнде сыртқы ортамен ылғида қарым қатынаста болып отырады. (Сурет 1) /4, 21 б/

Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарым-қатынасы.

1-сурет. Инновациялық процестiң сыртқы ортамен қарым-қатынасы

1-ші суреттен көрiп отырғанымыздай инновациялық процестi дамытуда сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан инновацияны дамыту үшiн осы сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып табылады.

Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экономикасын ары қарай дамыту.

1. 2 Дамыған елдердегі индустриялы-инновацияның даму тәжірибесі және инновацияны мемлекеттік қолдау

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет ” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту. /6/

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы ғылыми - техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады.

Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк - АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та - 4 ай, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай. /8/

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. Ол шама 1991жылы -2587 кәсiпорын, 1992 ж. -9678 кәсiпорын, 1996 ж. -13722 кәсiпорын, 2000 ж. -20796 кәсiпорын.

Ал Оңтүстiк Корея Республикасының ғылым мен техниканы соңғы 30 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60- жылдарының ортасында қолға алды. 1967 жылы басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын “Ғылым және технология Министрлігі” құрылды және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы” Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланды.

Финляндияға келетiн болсақ бұл ел 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3, 5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет “Ұлттық инновациялық жүйені” құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.

Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай болып келедi.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.

1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.

2. Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк негiзде субсидиялар бөлу;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау

3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету 2-шi суреттегi жүйе бойынша iске асады. (Сурет 2) / 4, 56 б. /

2-сурет. Инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету

2-шi сурет бойынша инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.

Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда инновацияларға 2-шi дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрады. Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%-ды құрады. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады. /10/

Инновациялар саласындағы мемлекеттің 2 қызметін атауға болады

Мемлекет

Құқықтық- нормативтік жағынан Бюджеттен немесе басқа

қамтамасыз етеді көздерден қаржыландырады

Мемлекеттік деңгейде инновациялық кәсіпорындарға мынандай қолдау көрсетеді:

1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсіпорындарға кеңес беретін комиссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.

2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету

Оны Жапонияда 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т. б. заңдар кешенін қамтиды.

Жапонияда Орталық банктер кредиттердің 47%-ын, ал жергілікті коммерциялық банктер 100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен, яғни 2-3%-да алады. /8/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйе: мәні, түрлері және көрсеткіштері
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Қоғам – тірі организм сияқты біртұтас, күрделі жүйе
Өндіріс концентрациясы және өнеркәсіптегі кәсіпорындар мөлшері
ҚР индустриялды- инновациялық саясатының басымдықтары жайлы
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясатының басымды бағыттары
Өндірістік функция
Қазақстан Республикасында орта және кіші кәсіпорындардың дамуы
ЖШС Инкассация сервис туралы
Индустриалды-инновациялық даму
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz