Қырғыз- қазақ тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдер


Қырғыз- қазақ тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдер
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1. Қырғыз-қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдердің семантикасы
А) . Алғыс-тілек мәніндегі соматикалық фразеологизмдер
Б) . Мөлшер ұғымына, уақыт өлшеміне байланысты соматикалық фразеологизмдер
В) . Қырғыз-қазақ тіліндегі адамның түр-келбетін білдіретін соматикалық фразеологизмдер
Г) . Қырғызқазақ тіліндегі адамның мінезқұлқына байланысты соматикалық фразеологизмдер
Д) . Қырғызқазақ тіліндегі адамның психикалық күйіне байланысты соматикалық фразеологизмдер
2. 2. Қырғыз-қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдердің тематикасы
А) Қырғыз-қазақ тіліндегі бас-көз дене мүшелеріне топтастырылған соматикалық фразеологизмдер
Ә) . Қырғыз-қазақ тіліндегі ауыз қуысы дене мүшелеріне топтастырылған соматикалық фразеологизмдер
Б) . Қырғыз-қазақ тіліндегі бет-әлпет дене мүшелеріне байланысты соматикалық фразеологизмдер
В) . Қырғыз-қазақ тіліндегі іш-құрылыс дене мүшелеріне байланысты соматикалық фразеологизмдер
Г) . Қырғыз-қазақ тіліндегі аяқ-қол дене мүшелеріне байланысты соматикалық фразеологизмдер
3. Қорытынды
Кіріспе
Қазақ тілі сөз байлығының құнарлы да, қуатты саласына фразеологизмдер жатады. Фразеологизмдер немесе фразеологиялық тіркестер дегеніміз не? Фразеологизмдерді өзімізше түсіндірсек, ол- тілдің сөз қазынасына ұйытқы болып, жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін арттыра түсетін, көңілдегі көрікті ойды образдар арқылы бейнелеп, мәнерлеп, өзіндік нақыш бояуымен жеткізетін көркем сөз қазынасындағы тұрақты сөз тіркестері.
Фразеологиялық тіркестердің, мақал-мәтелдермен, теңеу-салыстырулармен бір қатарда көркем сөз қорынан ерекше орын алатындығы болса, екіншіден, қолданыс аясынан кеңдігі, үшіншіден, мазмұн-тақырып жағынан ауқымдылығы болып саналады.
Ал түркі тілінде ғасырлар бойы қалыптасып, көркем сөз қазынасының құнарлы, мәйекті қорына айналған, әрі бай, әрі сан алуан тұрақты сөз тіркестерінің ішінде соматикалық фразеологизмдер ерекше орын алады. Ең алдымен соматизм дегеніміз не? Соматизм грек тілінен аударғанда «дене» дегенді білдіреді. Ең алдымен ғылымға «соматикалық» деген терминді эстон ғалымы Ф. Вакк енгізген. Соматикалық фразеологизм, яғни дене атауларына арналған фразеологизмдер бір-біріне тәуелсіз әр ғасырда, әр тілде, адам баласының табиғатты, қоршаған ортаны, мінез-құлықты, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды және адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын өздері арқылы, өздерінің дене мүшелері арқылы тудырған.
Міне осы тұрғыдан, осыған байланысты қырғыз-қазақ тілінің фразеологиялық байлығын ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу қазақ туркологтарының аса жауапты да кәсіби міндеттерінің бірі болып саналады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Түркі фразеологиясының негізгі проблемаларының бірі-салалық фразеологизмдер болса, оның үлкен бір тармағы-соматикалық фразеологизмдер. Соматикалық фразеологизмдердің өздері де жан-жақты зертеуді талап ететін қыр-сыры мол күрделі құбылыс. Жұмыстың тақырыбы- сол түркі фразеологиясының үлкен бір тармағы «қырғыз- қазақ тіліндегі дене атауларына байланысты фразеологизмдер». Қырғыз тілімен қазақ тіліндегі ерекшеліктерді дене атауларына байланысты фразеологиялық тұрғыдын қарау. Қырғыз- қазақ соматикалық тіркестеріне қатысты бай тіл фактілерін жан-жақты талдау, олардың жасалу заңдылығы мен фразеология жүйесіндегі орнын айқындау, теориялық маңызы мен тіл практикасындағы мәнін анықтау. Осы мақсаттарға байланысты жұмыс алдына мынадай нақтылы міндеттер қояды:
Соматикалық фразеологизмдердің қырғыз тілі мен қазақ тілінде салыстыра отырып, жалпы салалық фразеологияның ең күрделі, фактіге бай, көптеген өзіндік қасиеттерімен ерекшеленетін тармағы екенін айқындау;
Дене атауларына байланысты фразеологизмдердің дене мүше-ағзаларының атқаратын қызметіне қарай, тақырыптық, яғни семантикалық топтарын анықтау;
Дене атауларына байланысты фразеологизмдердің жалпы фразеологиялық мәніне және құрамындағы ұйытқы соматизмдер мағынасына қарай жіктелуін көрсету; Дене атауларына байланысты фразеологизмдерінің жасалу модельдерін және байланыс тәсілдерін саралау.
Қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдерді салыстыру; қазақ этникалық қауымдастығының тілінде фразеологиялық қоры арқылы берілген тілдік сананыңұлттық ерекшелігі, яғни қырғыз - қазақ тілдерінің ұқсастығы мен айырмашылығын соматикалық фразеологиялық бірлестік арқылы көрсету. Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Түркі фразеологиясының негізгі проблемаларының бірі- салалық салалық фразеологизмдер болса оның үлкен бір тармағы-соматикалы фразеологизмдер. Соматикалық фразеологизмдердің өздері де жан-жақты зерттеуді талап ететін қыр-сыры мол күрделі құбылыс. Жұмыстың тақырыбы-сол түркі фразеологиясының үлкен тармағы «қырғыз-қазақ сөздігіндегі дене атауларына байланысты фразеологиздер». Қырғыз тілі мен қазақ тіліндегі ұқсастықтармен ерекшеліктерді дене атауларына байланысты фразеологиялық тұрғыдан қарау. Қазақ-қырғыз соматикалық тіркестеріне қатысты бай тіл фактілерін жан-жақты талдау, олардың тілдік, этнолингвистикалық табиғатын айқындай түсу, олардың жасалу заңдылығы мен фразеология жүйесіндегі орнын айқындау, теориялық маңызы мен тіл практикасындағы мәнін анықтау. Осы мақсаттарға байланысты жұмыс алдына мынадай нақтылы міндеттер қояды:
Соматикалық фразеологизмдердің қазақ тілімен қырғыз тілінде салыстыра отырып, жалпы салалық фразеологияның ең күрделі, фактіге бай, көптеген өзіндік қасиеттерімен ерекшекленетін тармағы екенін айқындау;
Дене атауларына байланысты фразеологизмдердің дене мүше-ағзаларының атқаратын қызметіне қарай, тақырыптық яғни, семантикалық топтарын анықтау;
Дене атауларына байланысты фразеологизмдердің жалпы фразеологиялық мәніне және құрамындағы ұйытқы соматизмдер мағынасына қарай жіктелуін көрсету;
Дене атауларына байланысты фразеологизмдердің жасалу модельдерін және олардың компоненттерінің сапасына, санына және байланыс тәсілдерін саралау;
Зерттеудің объектісі : Зерттеу объектісі-түркі тілдес, туыстас тіл қырғыз тілі мен қазақ тілдер нақтылы тіл тұрғысынан айқындалады. Себебі, дене атауларына байланысты фразеологизмдер, тұрақты сөз тіркестерінің басқа категориялары сияқты, әрбір тілдің өзіндік ішкі заңына сәйкес жасалып, дамып, өзгеріп отыратын құбылыс. Жалпы тұрақты сөз тіркестеріне тән қасиеттердің бәрін бір соматикалық фразаеологизмдерді қырғыз тілімен салыстырудан да көреміз. Қырғыз-қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдерді зерттеудің қажеттігі зор. Олай дейтін себебіміз соматикалық процестердің сырын ашып, оның сан алуан түрін, тілдегі өнер-өрнектерін, өте бай мағына-мазмұнын айқындаудың қажеттігін біз ең алдымен күнделікті тіл практикасынан тілді оқыту, үйрету, терең білуден байқасақ, одан кейін әр түрлі сөздіктер, анықтамалар, оқулықтар жасаудан көреміз.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері: Салалық фразеологимдерді зерттеудің қалыптасқан тәсілдерінің ішіндегі нақтылыққа, жүйелікке және тіл фактілерінің молдығына көбірек сүйенетін сипаттама тәсіліне көбірек көңіл бөлінді. Салалық фразеологизмдердің мағынасын, мәнін, қызметін, тақырыптық топтарымен мотивациялық принциптерін, сондай-ақ грамматикалық жасалу модельдерін бір жағынан талдап таратып, екінші жағынан өзара жинақтап, жүйелі түрде зерттеуге байланысты тематикалық, семантикалық тәсілдерге, салыстырма статистикалық тәсілдерге жүгіндік. Тақырыптың жалпы мақсат-міндеттеріне байланысты дене атауларына байланысты фразеологизмдердің тілдік мәнін таза халықтық ұғым түсініктерге сүйене отырып сипаттау қажеттігі кейінгі уақыттарда кеңінен қолданып келе жатқан салыстырма-статистикалық тәсілдерді кеңінен пайдалануға бізге де жол ашады.
Қысқасы, бұл зерттеуде көптеген әдіс-тәсілдердің басын қосып, алдымызға қойған мақсаттың қайткен күнде орындалуы үшін комплексті зерттеу жүргіздік деп есептейміз.
Тақырыптың зерттелуі: Қазақ тілі фразеологиясы 40-жылдардың екінші жартысынан бастап, яғни орыс тіл білімінде В. В. Виногр тілдерінде де қолданыс тапқаныннан кейінгі бір дәуірде зерттеле бастады. Сол уақыттан бері совет тіл білімі мен туркі тілдеріндегі жалпы үрдіске байланысты қазақ тілінде де бұл салада біршама зерттеулер дүниеге келді.
Бүгінде барлық тілдер үшін жақсы дәстүрге айналған салалық фразеология проблемалары өзінің ғылыми-теориялық мәнімен де, практикалық қажеттілігінде арнайы зерттеулерді күтіп тұрғандай. Кейбір туыстас түркі тілдерінде ғалымдардың бұл салада біршама табыстарға қолы жеткендігін білеміз.
Айта кету керек, ұшан-теңіз фразеологиялык байлыгымыздың белгілі бір саласын бөліп алып зерттейтін салалық фразеологизмдердің дәстүрге айналған өзіндік проблемалары да аз емес. Мәселен фразеологизмдерді лексика-семантикалық зерттеу саласында оларды зат есімді фразеологизмдер, үстеу мағыналы фразеологизмдер, етістік фразеологизмдер т. б. деп іштей топтастырса, мағыналық ерекшеліктеріне қарап, тағы жіктей түсуге болады.
Салалық фразеологизмдердің үлкен бір тармағы соматикалық фразеологиздер, яғни адамның өзі мен оның ағза-мүшелеріне қатысты пайда болған неше алуан тұрақты сөз тіркестері мен сөз оралымдары.
Қырғыз-қазақ тіліндегі дене атауларына байланысты фразеологизмдерді мағынасына қарай топтастырып көрейік.
Алғыс-тілек және қарғыс мәнінде жұмсалатын
соматикалық фразеологизмдер
Қарғыс мәнді фразеологизмдер алғашқыда керемет күштерге сенуден, адамдардың бір-біріне деген жағымсыз әрекетіне байланысты көзқарастан пайда болған. Ал қазіргі дәуәрде адамдардың сана сезімінің, ой-өрісінің дамуы мен халықтардың ынтымақ бірлігіне байланысты олар тілде көп қолданылмайтын фразеологизмдерге айналған. Бұлар айтылған күнде де, әзіл, келеке, қалжың ретінде көркем әдебиетте кейіпкер тілінде ғана келеді. Жер бетінде әділетсіздік жойылып, комунизм орнауымен байланысты бұлардың бір қатары көнеріп, тілден бірте-бірте шығып қалуы ықтимал.
Пайда болу негізі қарғыс мәнді фразеологизмдермен бір болғанмен, алғыс мәнді фразеологизмдердің олардан өрісі әлдеқайда ілгері жатыр. Бұлардың семантикасының өзі адам баласының жолдастық, достық, туыстық, ынтымақтық тәрізді жақсылық тілектерден келіп шыққан, сондықтан қазақ тілінің негізі сөздік қорында толығымен сақталып қалады, өйткені алғыс мәнді фразеологизмдер қазіргі санаға тадамгершілік кодексіне сай келеді.
Сөз магиясына сенудің бір көрінісі - алғыс пен қарғысқа өте көп мән берілгендігінен көрінеді. Яғни кісінің аузынан шыққан алғыс немесе қарғыс сөзі арқылы өмір, тіршілікті оңайлатуға, не ұзартуға болмаса қиындатуға немесе қысқартуға болады деген ұғымдардан байқалады.
Бұл алғыс-қарғыс тобына жататын соматикалық фразеологизмдерде негізінде ұлттық дәстүрге тән, ғасырлар бойы қалыптасқан қолданыстар жатады. Бұл топқа көбіне бұйрық рай формаларында /- қыр, -ғыр, -кір, -гір, -па, -пе, -ма, -ме, -сын, -сін\ т. б. қолданылады.
Алғыс пен қарғыс мәнді сөз тіркестері адамның көңіл-күйін, көз қарасын білдіреді. Алғыс-жағымды көз қарас, қарғыс- жағымсыз көз қарастан туған. Өйткені бұл адам баласының қоғамдағы немесе үй ішіндегі бір-біріне жасаған достық немесе дұшпандық, жақсылық немесе жамандық қарым- қатынас әректінен шығады. Ертедегі адамдардың ойынша, адамның тілінде (сөзінде) орасан, зор күш бар деп түсінген. Баласы өлу, жақсы құсы, жақсы аты немесе ауыр жағдайға тап болса, жұмысы алдыға баспаса тіл, көз тиюден көрген. Сонымен адамның көзін киелі деп ұққан. Тіл көз тимесін деп дұға оқып, бойтұмар жасайды. Қырғыз тіліндегі «тил-көзүн ташка», қазақ тіліндегі «тіл-көзің тасқа» деген тұрақты тіркес осыған байланысты айтылады.
Жалпы тіл мен көзге байланысты қалыптасқан тіркесінің бәрі де осы әдет-ғұрыпқа байланысты: қырғыз тіліндегі: тилине тибиртке чыккыр! Какылдап кечке сүйлөйсүн тилине тибиртке чыккыр» (Ала-Тоо) .
Қазақ тілінде осы мағыналас тұрақты тіркес тіліңе күйдіргі шыққыр, тіліңе шоқ түскір, тілің кесілгір деп айтылса, көзге байланысты: көзің аққыр, көзіңе ақ түскір, көзің ойылғыр, көзіңе құм құйылғыр, көзін ашпағыр т. б. фразеологиялық тіркестер бар. Ал осы тұрақты тіркестердің мағынасына қарай ажыратып, ашып көрейік:
Тіліңе күйдіргі шыққыр. Тілі ащы кісіге қарата айтылады. Тфәй-тфәй, тіліңе теріскен шықсын сенің! Не деп отырсың (Ә. Әл) .
Тілің кесілсін! Бұл көбінесе бет-жүзге қарамай турасын өткір тілмен айтып салатын кісіге айтылады. Ағай артық-кем тілге келе алмады. Қап- қара боп түтігіп, ызыға булығып, ой тілің кесілсін, тілің кесілгір, - деп кете барды (ЛЖ. ) .
Көзің аққыр. Көзің ағып түсіп, көрмей қалғыр, көзің теріс бітсін деген мағынада айтылады. Ат қоса Ерейменге барғанымда, Бір сыншы көзі аққыр көріп еді (А. Қор. ) .
Көзің ойылғыр. Көз жасың тиылмай, көзің көр болсын! Ырылдатпа, ырылдатпашы анау көзі ойылғыр жетімекті (М. Ә. ) .
Көзіңе құм құйылғыр. Өліп кет деген мағынада айтылады. Тіріде сыйласпаған туыс, көзіңе құм құйылсын! Өлгенде жылама (Ш. С. ) .
Көзін ашпағыр. Жақсылық көрмегір, ешқандай қызық көрмегір деген мағынада жұмсалады.
Тілдің магиялық құдіретіне, күшіне сенуден пайда болған тұрақты сөз тіркесі, мәселен, «тіл-көзден сақта» немесе «тіліңе шоқ түссін».
Алғыс пен қарғыс мәнді қалыптасқан сөз тіркестері ауызекі сөйлеу тілінің фразеологиясына жатады. Жалпы халықтық тілдің көлемі жағынан да, шығу төркіні жағынан да өте мол тараған тілі.
Алғыс мәнді сөз тіркестері ауыз-екі сөйлеу тілінде де, көркем әдебиет тілінде де қолданылады. Алғыстың өзі тілекке жақын.
Мағынасы жағынан өлім, яғни қазаға, жақын адамыңның қайтыс болуына байланысты айтылатын қарғыс мәнді соматикалық фразеологизмдер:
Аяқтағы суға батып өлгір! Болмашыдан опат бол!
Жұлының үзілсін! Өле қал деген мағынада айтылады.
Сүйегің шықсын! Өлігің шықсын, өл деген мағынада жұмсалады.
Шашың жайылғыр! Жақын жанашырың өліп аза тұтқыр деген мағынада қолданылады.
Қырғыз тіліндегі қарғыс мағынасындағы соматикалық фразеологизмдер: Оозуна жылан уялагыр! Жагымсыз, жаман сөз, суук кабар айткан кишиге карата каргоо. Оозуңа жылан уялагыр, сен эмне деп жатасын(Чалкан) .
Жагына таш! Кимдир бирөөнүн кандайдыр бир суук кабарга налаат айту. Ок жагына кара таш!- деп тилдеп жиберди (Сасыкбаев) .
Кара оозуна кан толгур! Жаман сөз, жағымсыз нәрсе айтканда жұмсалатын тұрақты сөз тіркесі. Кара оозуна кан толгур, Кайрылгысыз кун болгур (Манас) .
Қазақ тілінде мағынасы алдыңғы фразеологизмдерге жақын: Жағың қарысқыр! Жайсыз хабар, жаман сөз айтқан кісіге айтылады. - Жағың қарыссын, жағың қарысқыр-ау жалғыз сиырың қатса сыныңа келерсің, - Қоңқа үйде жатып кейіді (Б. М. ) .
Алғыс пен қарғыс фразеологизмдер туралы айтылғандарды жинақтай келіп мынандай қорытынды жасауға болады.
Алғыс пен қарғыс мәнді фразеологизмдер қырғыз, қазақ тілінің лексикасынан елеулі орын алады. Бұлар қоғамның әлеуметтік өмірімен байланысты, қоғаммен бірге жасасып келе жатқан элементтер.
Қырғыз-қазақ тілдеріндегі мөлшер ұғымына және
уақыт өлшеміне байланысты соматикалық фразеологизмдер.
Түркі халқы революцияға дейін көшіп-қонып, көшпенділік дәуірді ұзақ уақыт басынан өткізгені белгілі. Олар жаз жайлауда, күз күздекте, қыс қыстауда бірден-бірге көшіп-қонып жүргенде уақыт мерзімін, ұзындық пен көлемді, қашықтықты қалай өлшеп білген деген сұрақ туады. Сол заманда біздің халқымыз уақытты сағатпен, көлем мен салмақты таразымен, ұзындық пен кеңістікті метрмен өлшеуге әлі онша дағдыланбаған, үйренбеген кезі еді. Бәлкім ол кезде бұл өлшемдердің көшпенділік тұрмысқа сондайлық қажеті де болмаған шығар. Қалай дегенмен сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне лайық өз өлшемдері болғандығы тілдегі сөз қорының бай материялдары арқылы танып-білуімізге де әбден болады. Түркі тілдерінде өлшемдік ұғымдары жайынды қыруар сөздер мен тұрақты сөз тіркестері сақталған.
Қырғыз қазақ тіліндегі өлшемдік ұғымдарға байланысты соматикалық фразеологизмдерді өлшем түрлеріне байланысты талдауға, яғни алыстықты, жақындықты, тез, жылдам, баяу, ерте, кеш деп бөліп қарастыруға болады.
Мысалы, қырғыз тіліндегі жылдамдықты білдіретін «көз ачып жумганча» деген тұрақты тіркестің қазақ тіліндегі баламасы «көзді ашып жұмғанша», яғни екі тілдеде өте тез, жылдам деген мағынаны береді.
Жылдамдықты білдіретін қырғыз тіліндегі дене атауларына байланысты тұрақты сөз тіркестеріне біраз мысал келтіре кетейін:
«Көз ачып жумганча» деген тұрақты сөз тіркесінің бірнеше синоним тұрақты тіркестері бар, мысалы:
Ачкан көзүн жумганча. Биздин Кийигизбай эмне? Ачкан көзүн жумганча кедей болду да калды (Сыдыкбеков) .
Көз ачкыча. Көрүнүп турган Үргөнчкө Көз ачкыча барайын («Семетей») .
Көз ачымда. Алты айлык болор азапты Көз ачымда байкаган («Манас») .
Ачып көздү жумгуча. Айтып оозун жыйгыча Ачып көзүн жумгуча («Сейтек») . (1. 164 бет. ) .
Көз ирмемге келбей. Бир заматта, өтө тез. Гүлайым кирип келип, көз ирмемге келбей атасын, апасын мойнунан кучактады (Абдукаримов) .
Көз ирмемде. Ошентип, көз ирмемде Ажар Айнадан ажырап калды (Жоошбаев) .
Бұл тұрақты сөз тіркесіне қазақ тіліндегі мысалдар тізбегін жинастырып көрейік.
Қас қаққанша. Лезде, тез. Қас қаққанша неше түрлі ой басына кіріп шығып, Хамит орыстың көзіне тура қарады (С. С. ) .
Қас пен көздің арасында. Лезде, тез, жылдам. Оыпырмайай, нағыз қас пен көздің арасында соқыр болып қала жаздадым (З. Қ) .
Қабақ қақпай. Лезде, әп-сәтте. Қабақ қақпай қадалып ұмтылған Базаралы, енді тебініп кеп жирен айғырлы жылқышы мен Әзімбайдың екі арасынан ағындап кіре берді (М. Ә. ) .
Қырғыз тіліндегі кол созум, кол усынум деген тұрақты сөз тіркесі қазақ тіліндегі «қол созым» тұрақты тіркесіне ұқсас, еш өзгеріссіз, екеуінде де бір мағына, яғни «жақын жер, қол ұсынса жететін жер» дегенді білдіреді.
Бұдан шығатын қорытынды өлшемдік ұғымды, уақыт өлшемін білдіретін соматикалық фразеологизмждерді іштей бірнеше топқа, тақырыпқа бөліп қарастыруға болады. Яғни өлшемдік ұғымдар түркі халықтарының көшпенділік дәуірінде туған тұрақты сөз тіркестері. Қазіргі заманда өлшемдік ұғымдарға жататын тұрақты тіркестер бірте-бірте қолданыстан қалып келеді, оның бір себебі заманға сай өлшемдердің неше түрлі аспаптарының пайда болуында.
Қырғыз-қазақ тілдеріндегі адамның түр-келбетін білдіретін
соматикалық фразеологизмдер
Бұл топтағы соматикалық фразеологизмдер адамның түр келбетін тұрақты сөз тіркестері арқылы ашып көрсетеді. Мағынасына қарай адамның түр-келбетін білдіретін тұрақты сөз тірестерін сұлулықты білдіретін, сүйкімділікті, реңсіздікті, арықтықты, толықтықты білдіретін деп іштей бөлуге болады. Cұлулықты білдіретін тұрақты тіркестер қырғыз тілінде:
Оймок ооз, бота көз. Көзү ботодой, ауызы кичинекей. Оймак ооз, бота көз. Кыздары сулу кыргыздын (Осмонкул) .
Дәл осы тіркес қазақ тіліндеде ешкандай, өзгеріссіз, құрамыда дәл осы қалпында, тек фонетикалық ауытқулар ғана бар, мағынасы жағынан да сұлу қызды суреттейтін тұрақты сөз тіркесі бар.
Қазақ тіліндегі сулулықты суреттеуде қолданыналын тұрақты сөз тірестері де аз емес. Мысалы,
Ай десе аузы, күн десе көзі бар. Аса сұлу, өте көрікті. Мысыр шаһарының бірінде бір жігіт, Хасен деген, ай десе аузы, күн десе көзі бар ай маңдайлы, жұлдыз көзді қызға ғашық болған (С. К. ) .
Бетінен қаны тамған. Әрлі, қыпқызыл. Алмадай пісіп тұрған бақшадағы, ашылған гүл бейнелес қыз тұлғалы. Албырап екі беттің қаны тамып, Құйылып төңкерілген көз қарасы (Ә. Най. ) .
Қолаң шаш. Қою қара шаш. Қоңыр қолаң шашты, жаудыраған бота көзді Лида дейтін қыз жұрттың бәрінен мықты болды (Т. А. ) .
Ақ тамақ. Қыздың, әдемі, сұлу тамағы. Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін (Абай) .
Ай қабақ, алтын кірпік. Асқан сұлу, өте көрікті. Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін. Кел десең неге аяйын аттың терін (Х. О. ) .
Ақ білек. Сұлу, перизат.
Ақша бет. Сұлу жүз, аппақ бет. Ақша бетте ал қызыл нұр ойнап, үлбіреген қос ерін уылжи ашылып, телміре танып тұр (Ә. Нұр. ) .
Тілімізде адамның жағымсыз кескін-келбетін бейнелейтін соматикалық фразеологизмдер де жеткілікті. Мысалы: шақша бас, дудар бас, ботқа бет, мысық мұрт, салпы ерін, теке сақал, қушық шеке, тарбақ танау, салпаң құлақ, ши мойын, бақа мойын, пісте мұрын, кертпеш мұрын, қоңқақ мұрын т. б. реңсіздікті бейнелейтін соматикалық тұрақты тіркестер қазақ тілінде көптеп кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz