Қазақ әскери революциялық комитеті және ұлт-зиялылары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

“ҚАЗАҚ ӘСКЕРИ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТІ ЖӘНЕ ҰЛТ-

ЗИЯЛЫЛАРЫ ”.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-10

1 Қазақ ревалюциялық комитетінің ұйымдастырылуы.

1. 1 Орталықта кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі елдегі жағдаé………. 11-23

1. 2 Қазақ революциялық комитетінің ұйымдастырылуы, оның құрылымы24-31

2 Қазақ ревалюциялық комитеті және ұлт зиялылары.

2. 1Қазақ революциялық комитетінің құрамы және оның қызметі……32-47

2. 2 Қазақ революциялық комитетінің кеңестік автаномия құрудағы қызметі. ………48-55

Қорытынды 56-58

Пайдаланылған әдебиеттері тізімі. . 59-60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Қазақ әскери революциялық комитеті өлкеде жаңадан құрылуға тиісті биліктің баламасы болды.

Бұл кезде өлке азамат соғысының құрсауыңда еді. Біршама жерлерде халық аштыққа ұшырап, сүзек ауруы жайлаған болатын. Осындай жағдайда елде қазақ ұлттық мемлекетгігін орнату үшін қазақ зиялылары да күресті. Сондықтан да біз қарастырып отырған мәселе өзекті болып табылады.

1919 - жылы шілдеде РКП(б) Орталық Комитеті мен РКФСР Халық комиссарлар кеңесі эссарлар кеңесінің шешімі бойынша Қазақ әскери революциялық комитетін құрды. Қазақ әскери революциялық комитетінде ұлт зиялыларыда қызмет етті. Алайда, кеңестік тарихнамада Қазақ ревалюциялық комитетінің құрылуы, оның қызметі бір жақты айтылды, осыған байланысты да бұл мәселе өзекті болып табылады.

Қазақ әскери революциялық комитетінің құрамы жағынан әр түрлі көзқарастар саяси позициясында тұрған адамдардың жиынтығы болатын, соған байланысты ұлттық идея мәселесінде оның мүшелерінің пікірі мен әрекеті бір жерден шыққан жоқ болатын.

30-шы жылдардан бастап ұлт зиялыларының қызметі туралы тақырыпты зерттеуге, жазуға, тіпті айтуға тыйым салынды. Сондықтан оның деректемелік негіздерін де зерттеу мүмкін болмай қалды.

Әсіресе, Алаш қозғалысының ұлт-азаттық сипатын дәлелдеуге, олардың большевиктермен және кеңес өкіметімен шын мәніндегі ара қатынасын айқындауға, ұлт зиялыларының көзқарас эволюциясын ашып көрсетуге мүмкіндік берілмеді. Қоғамдық ұйымдармен және саяси партиялармен байланысын көрсететін тарихи деректерді пайдалануға қатаң тыйым салынды, ал олардың кейбіреулері ғылыми айналымға таратылғанымен, мазмұн жағынан бұрмаланып отырды. Сондықтан да біз бұл мәселені өзекті деп есептейміз.

Зерттеліп отырған жұмыс ғылыми айналымға жаңадан қосылған түпнұсқалық мәні бар, деректер мен құжаттарға, зерттеулерге сын көзбен қарау түрғысынан жазылды.

Зерттеу жұмысымда Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бақытжан Қаратаев, Сейітқали Меңдешев, Халел және Жаханша Досмұхамедовтер, т. б. қазақ зиялыларының Қазақ әскери революциялық комитетіндегі қызметіне байланысты құжаттар, Қазақстан республикасы Орталық мемлекеттік архив қорларынан алынған деректер де пайдаланылды. Яғни Орталық мемлекеттік архивтің 14-ші қорында Қазақ революциялық комитетінің хаттамалары, бұйрықтары, үкімдері, халыққа жариялаған жаңалықтары, оқыған баяндамалары, зиялылардың бір- біріне жазған хаттары сақталған. Ал, 19-шы қорында Қазақ кеңестік автономиясын құру туралы құжаттар сақталған.

Жұмыстың деректік негізі. Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты деректерді төрт топқа бөлуге болады: құжаттар мен материалдар жинақтары, ғылыми айналымдағы фактіге негізделген мәліметтер, тарихи оқиғалар туралы естеліктер мен жазбалар және архив құжаттары.

Құжаттар мен материалдар жинақтырында Қазақстандағы шетелдік әскери интервенция мен азамат соғысы жылдарында региондарда жүргізілген әртүрлі әскери іс-қимылдары жайында кеңінен мәлімет табуға болады. [11. 23-28бб] Мәселен, «Қазақ АССР-інің құрылуы»деп аталатын құжаттар мен материалдар жинағында Қазақ революциялық комитетінің жергілікті ревком мүшелеріне берілген бұйрықтары мен қаулылары, құжаттары келтірілген. [12. 55-56бб] . Алайда, қазақ зиялыларының қандай бағытта жұмыс жүргізгені туралы мәліметтер үздік-создық келтірілді. Бұл жинақтар өлкедегі сол кезеңдегі жалпы әскери - саяси жағдайды шамалауға мүмкіндік береді.

Зерттеушінің зерттеуге, білуге деген қызығушылығы мен ынтасын оятатын бағалы нәрсе - естеліктер мен жазбалар. Бұл жазба деректерде сол заман адамының болған оқиғаға тікелей қатысып, өз көзімен көрген-білгені, естігені туралы, кескілескен ұрыстар және оқиғаның түрлі жақтары жайында түрлі мәліметтер алуға болады. Ревком комитет өкілдерінің өз қызметтерінің әртүрлі кезендері туралы жазбалары сақталған. Мысалы, А. Т. Жангельдин, С. М. Мендешев, Б. Б. Қаратаев, А. Айтиев, А. Ермеков, С. Пестковский және т. б сияқты Қазақ революциялық комитеті мүшелерінің естеліктері мен жазбаларын кұнды материалдарға жатқызуға болады[13. 146-147бб] . Қазақ революциялық комитетінің құрылуына дейінгі тарихы мен оның қызметіне қатысты көптеген фактіге негізделген мәліметтер алуға болады. Сонымен қатар, бұл естеліктер мен жазбаларда мемуарлы түрдегі деректердің барлық түрлері, жеке субъектік характердегі пікірлері мен баға беруі кездеседі.

Кез-келген дерек өзінің табиғаты жағынан объективті, өйткені белгілі бір оқиғасыз - немесе қоғамдық құбылыссыз дерек пайда болмайды. Екінші жағынан, кез-келген дерек субъективті, себебі ол субъект белгілі бір ұлттың, таптың не топтың өкілі. Сондықтан оқиға туралы ақпараттармен қатар субъективті мағлүматтар да дерекке салынады. Қысқаша айтсак, дерекке дерек авторының дүниеге деген көзкарасы, түсінігі, психологиясы да енеді. Сондықтан зерттеуші тарихи деректерді деректанулық талдаудан өткізуге тиіс.

Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдары сол кездегі ұлттық басылымдарды дерек көзі ретінде зерттеп, оның нөтижелерін ғылыми айналымға енгізуде. Мұның жарқын мысалы ретінде Үшкілтай Субханбердинаның "Қазақ", "Алаш", "Сарыарқа" атты мазмұндалған библиографиялық көрсеткіші мен Мәмбет Қойгельдиевтің 1994 ж "Қазақ" газетінде жарияланған ұлт зиялыларының мақалаларын атаған жөн . [10. 120 б] .

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінің (ҚРОМА) І4-19 қорларында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының Ресейдің отарына қарсы күресін көрсететін деректер сақталған. Міне осы қорлардың ішінде Қазақ ревалюциялық комитетіне қатысты құжаттар 14 қорда жақсы сақталған. Бұл қорда Қазақ ревалюциялық комитетінің басшылары бекіткен құжаттар мен хаттамалар сақталған, яғни бұл құжаттар басшылардың бұйрықтары, зиялылардың бір-біріне жазған хаттары, халық алдында оқыған баяндамалары, аймақтық басшыларды тағайындау бұйрықтары тізбегінде сақталған.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Өкімет тарапынан 60 жылдан астам уақыт тыйым салынған тарихымыздың "ақтандақ беттерін" ашуға кейінгі кезде зерттеушілер атсалысып жүр. Біршама мақалалар жарияланды, әртүрлі пікірталастар болды. Қазақ зиялыларының Қазақ революциялық комитетінде және Қазақ ұлттық автономия жариялаудағы қоғамдық және шығармашылық қызметіне байланысты еңбектер жазылды. Қазақ кеңестік мемлекеттігінің қалыптасу тарихына қатысты алғашқы еңбектің бірі М. С. Сапарғалиевтің монографиясы. Ол өзінің "Қазақ Совет мемлекетгігінің қалыптасуы" деген еңбегінде Қазақ революциялық комитетіне қатысты мәселеге бірнеше жылдарды ғана арнаған екен. Атап айтқанда, 1919-жылғы шілденің 10-ындағы РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің Қазақ революциялық комитеті бекіткен Декреті жайында және 1919 жылы қазанның 27-сінде Қазақ революциялық комитет орталығы Орынборда Бүкілодақтық Орталык Аткару комитетінің Түркістан комиссиясының мүшелері мен халық комиссарлар кеңесінің қатысуымен өткен жиналысы туралы сөз еткен. [1. 88-95бб]

Г. Т. Тайманов өз монографиясында осы мәселеге бірнеше абзацты арнаған екен. Еңбекте қазақ автономиялық республикасының құрылғанға дейінгі уақыт аралығын қарастырған. Автор Қазақ революциялық комитеті туралы оның жергілікті кеңестерді ұйымдастыруға байланысты жасалынған заң жобасына баса назар аударып, жобаны дұрыс деген шешімге келеді. Ревком қызметіне қазақ интеллигенттерін тарту жөнінде, 1920 жылдың басындағы жалпықазақ съезінің шақырылуы мен ондағы қарастырылған мәселелерге біраз көңіл аударылған[2. 28-29бб]

Белгілі ғалым, профессор, тарих ғылымының докторы С. Сартаев Қазақстандағы кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылыстың құрылу тарихын толығырақ қарастырған өз монографиясында Қазан төңкерісінен бастап XX ғасырдың 50-60 жылдарына дейінгі кезеңді қамтиды. Еңбекте Қазақ революциялық комитетінің қызметі мен Қазақ кеңестік автономиялық республикасының құрылуы туралы мәселеге арнайы параграф арналған. Қазақ революциялық комитетінің қызметіндегі кейбір мәселелерге көңіл бөліп, толығымен қарастыруға тырысқан. Кеңес өкіметінің Ревком қызметіне тарихи баға беріп, тіпті, барлық оқулықтар мен кітаптардан алып тасталған "күмәнді" есімдерді де ашық болмаса да, астарлай көрсетуге тырысқан[3. 51-65бб]

Қазақ әскери революциялық комитетінің қызметіне арнайы көңіл бөлген алғашқы зерттеуші А. Мұхтаров, оның Имашевпен біріге отырып жазған еңбегі осы тақырыпқа арналған еңбектердің тырнақ алдысы болып есептеледі[5. 150 б] .

Онда өлкедегі кеңестік автономияны жариялаудағы Қазақ революциялық комитетінің ролін көрсеткен. Мақалада негізінен Қазақ революциялық комитетін "қазақ халқын біріктіруші орталық ретінде, қазақ автономиясын жариялау үшін жалпықазақ съезін үйымдастырудағы барлық дайындық жұмыстар қазақ әскери революциялық комитетінің міндетіне айналды" деп айтады. Алайда, автор мәселені үстіртін қараған[4. 11-5бб]

Қазақ революциялық комитетінің құрылуына арналған екінші көлемді мақаласында Мұхтаров ревкомның құрылымына, арнайы құрамы жайында және ревком мүшелерінің қызметтегі іс-әрекеті мен атқарған жұмыстарына тоқталып, қысқаша баяндаған.

Автор Қазақ революциялық комитетінің қазақ өлкесіндегі саяси және әлеуметтік - экономикалық өміріндегі роліне жоғарғы баға берген. Қазақ әскери революциялық комитеті А. Мұхтаровтың бағалауы бойынша, "Азамат соғысының ауыр жағдайында Қазақстанда өлкені басқаруға біршама жұмыстар атқарды. Мемлекеттің нығаю үшін маңызды қаулылар мен шешімдер қабылдап отырды[5. 8-84бб] .

Мазмұны жағынан толық жазылған үшінші мақаласы Кеңестердің жалпықазақ съезіне шақыруға дайындалған Қазақ революциялық комитетінің қызметін ашуға арналған. Мұнда әсіресе, кеңес дәуірінде жарық көрген мақала болғандықтан қазақ ауылдарындағы кеңестердің құрылуы мен нығаюы, кеңестік құрылыстың қалай жүргендігі жайында көп көңіл бөлінген.

К. Нүрпейісовтің 1972 жылы жарыққа шыққан "Қазақстанның шаруалар кеңестері" деп аталатын еңбегінде 1917-1920 жылдардағы Қазақстандағы кеңестердің шаруалар кеңесі туралы сөз болады. Ал Қазақ революциялық комитетіне арнайы көңіл бөлінбеген. Бүл еңбекте Қазақ революциялық комитеті және оның қызметі, кеңестердің бүкілқазақтық съезіне сайлауға дайындығы жөнінде мәселелерді ашып көрсетеді[6. 11б] .

Кеңес Нүрпейісовтің 1995 жылы жарық көрген "Алаш һәм Алашорда" атты кітабы кеңес өкіметі кезінде 60 жылдан астам уақыт зерттеуге тыйым салынғандықтан, Алашорда тарихын жаңаша көзқараста жазуды таңдаған. Мұнда ұлттық-демократиялық Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламалық мақсат-міндеттері, Қазақ әскери революциялық комитетінің құрамындағы қызметкерлердің кеңестік мемлекет орнатуға атсалысуы, Қазақ Кеңестік автономиясының мәселесі, іс-әрекеті сөз болады. [7. ]

Алашорданың саяси және экономикалық бастау көздері туралы, ұлттық автономия мен Алашорда өкіметінің құрылуы, олардың кеңес өкіметімен арақатынасы хақындағы алғашқы пікірлер большевиктік бағыттағы баспасөзде 1919-1920 жылдардан-ақ жариялана бастады. Осы тақырып бойынша алғашқы қалам тартушылар: белгілі қайраткерлердің бірі Ахмет Байтүрсынов пен қазақ зиялыларының қатарынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі Сәкен Сейфуллин. 1919 жылы тамызда РКФСР-дың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты органында Ахмет Байтұрсыновтың "Революция және қырғыздар" атты мақаласы жарияланды[9. 29-37бб] Осы шағын еңбегінде А. Байтұрсынов 1917 жылғы Ақпан және қазан революцияларын қазақ халқының қалай қарсы алғандығы жөнінде өз бағасын беріп, Алаш Автономиясын жариялау және осы үкіметті құру себептерін ашып көрсетті, Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі, құрылтай жиналысы комитеті және Колчак билігімен қандай қарым-қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды. Сонымен қатар ол болшевизмді қабылдауға қазақ халқы дайын емес деген тұжырым жасайды.

Қазақстанның 1917-1920 жылдар аралығындағы периодтағы тарихын зерттеуші С. Бейсембаевтың "Ленин и Казахстан" атты еңбегін атап өту қажет[8. 203б] .

Онда орталық партия органдарымен В. И. Лениннің Декретіне қол қоюы және қазақ революциялық комитетінің өлекеде жүмыс істей бастауы жайында айтылған.

1949 жылы жарық көрген "Қазақ ССР тарихында" Қазақ революциялық комитеті тек бірнеше сөзбен ғана айтылған. Ал кейін шыққан (1977) қазақ ССР тарихында тек қазақ революциялық комитеті туралы бір сөйлеммен атап өтіледі.

1963-1964 жылдары дайындалған "Кеңестік Қазақстанның мемлекеттік тарихы" деп аталатын екі томдық курсы Қазақ ССР-інің Ғылым Академиясы философия және құқық институтының басшылығымен шығарылды. Осы кітаптың арнайы бір параграфы Қазақ революциялық комитетіне арналған. Алайда, бұл кітапта Қазақ революциялық комитеті туралы жаңа құжаттар жоқтың қасы. . Кеңес өкіметі тұсында ұлт зиялылары туралы шындық ашылған жоқ еді. Бұл тақырып ресми түрде "жабылған" болатын. Осының салдарынан 60 жылдай уақыт бойы (30-шы жылдардың ортасынан 80-ші жылдардың соңына дейін) ғылыми және саяси әдебиеттерде, тіпті жекелеген көркем шығармаларда да мәселенің байыбына бармай, шындықа сай келмейтін Ұлт зиялыларын жаппай қаралайтын, оның жетекшілерін "буржуазияшыл ұлтшылдар", "халық жауы" деп жамандайтын пікірлер жазылып, әртүрлі мінбелерден жалған сөздер айтылып келді.

Ұлт зиялыларының қызметі туралы тақырып шетелдік зерттеушілердің назарынан сырт қалған жоқ. Солардың ішінен американдық зерттеуші М. Олкоттың 1987 жылы Стэнфорт университетінің баспасынан шыққан «Қазақтар»деп аталатын көлемді монографиясын атауға болады.

Көлемді үш бөлімнен тұратын осы еңбекте көне дәуірден ХХ-шы ғасырдың 80-ші жылдарына дейінгі Қазақстан тарихының басты-басты мәселелері қарастырылған. "Революциялық және Кеңестік Қазақстан" атты үшінші бөлімінің 1917-1920 жылдарға арналған тарауында 1917 жылғы екі революция мен азамат соғысы жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси өміріне талдау жасалып, өлкеде құрылған әр түрлі бағыттағы саяси қозғалыстар мен партиялардың қызметтеріне баға берілген.

Ұлт зиялыларының 1919 жылдарда Қазақстанда ұлттық мемлекет орнатып, оны басқаруға ұмтылған әрекеттер жасағанын және азамат соғысы жағдайында олардың ойлағанындай нәтиже бермегендігін айтады.

Зерттеу негізінен орыс тіліндегі құжаттар мен арнаулы зерттеулерге негізделіп жазылған. Ал, Ұлттық қозғалыс тарихының көптеген мәселелері, ұлт зиялыларының арасындағы ішкі қайшылықтары, азамат соғысы жылдарындағы әрекеттері мен өзара қатынасы ашылмай қалған.

Соңғы он бес жыл_ішінде ұлттық интеллигенцияға жаңа көзқарас қалыптастыруда ашық та батыл пікірлер айтып, дәлелді тұжырымдар жасауда М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков белсенділік көрсетті. [10. 11бб] .

Ұлт тарихына қалам тартуға мүмкіншілік туған соңғы жылдары Ә. Қайдаровтың, Р. Сыздықованың, Ә. Әлімжановтың, Т. Қожакеевтің, С. Қирабаевтың, М. Құлмұхаметтің т. б. зерттеушілердің мерзімді баспасөзде жарияланған мақалаларында қазақ ұлттық автономиясының жариялануы, ондағы ұлт зиялыларының қызметі мен көптеген мәліметтермен танысуға болады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Қазақ әскери революциялық комитетінің құрамындағы ұлт зиялыларының қазақ өлкесінде атқарған қызметін ашып, кеңес өкіметі мен Қазақ революциялық комитетіндегі қазақ зиялыларының қызметін көрсету, арақатынасын анықтау, әртүрлі мүддеде тұрған, саяси бағыт ұстанған адамдардың көзқарасын талдау арқылы көрсету, шындыққа көз жеткізу, жалпы қазақ съезінде қабылданған Қазақ ұлттық автономиясын орнатудағы қазақ революциялық комитетінің қызметін толық көрсету.

Осы мақсатты жүзеге асыру міндетім.

"Қазақ әскери революциялық комитеті және ұлттық зиялылар" атты тақырып қазақ тарихындағы өзекті тақырыптардың бірі болып саналады. Аталған тақырыптың қазақ тарихында алатын орны мен казақ тарихына қосар үлесін ескере отырып, тақырып бойынша арнайы курстар, пікірталастар, факультативтік сабақтар өткізілуі тиіс. Оқу процессінде "Қазақстан тарихы" оқулықтарында осы аталған тақырыпқа міндетті түрде бір тарау бөлініп, толықтырылып, оқулық қайтадан жазылуы керек.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚ ӘСКЕРИ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ.

1. 1 Орталықта кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі жағдай.

1917 жылы жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Олар 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.

1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. 1917 жылы 25 қазанда Әскери - революциялық комитет уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Елдегі күштердің ара салмағы түбірімен өзгеруі большевиктер көпшілігін басқарып отырған Советтердің қолына өкімет билігінің көшуін қамтамасыз етті.

Петроград горнизоны мен ел астанасы жұмысшылары Керенский басқарған үкіметті құлату мақсатында қарулы көтерілістің қызу жүріп жатқан кезінде 1917 жылы қазанның 26 - сында Советтердің бүкілроссиялық екінші съезі ашылды. 690 съезд делегаттарының ішінде төрттен үшке жуығы елдегі өкімет билігінің Советтерге берілуін қолдады. Сондықтанда, съезд атынан “Жұмысшыларға, солдаттарға және шаруаларға” арнап Ленин жазған үндеуде: “жұмысшылардың, солдаттардың және шаруалардың орасан басым көпшілігінің еркіне сүйене отырып, съезд өкіметті өз қолына алады”, - делінді В. И. Лениннің ұсынысымен қабылданған үндеуде “ . . . жергілікті жерлерде бүкіл өкімет жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Советтеріне көшетіндігі, ”- [6. 53б] баса көрсетілді.

Бірнеше күннен кейін 2 - ші қарашада Совет үкіметі жариялаған “Россия халықтары праволарының деклорациясында” елді мекендеген халықтарға теңдік, өзін - өзі билеу, тіпті дербес мемлекет құруға дейін баратын өзін - өзі билеу құқықтары берілетіндігі айтылады. Осыған мазмұндас уәде сол жылғы 20- қарашада совет үкіметі қабылдаған “Россия мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне”. [6. 64б] деген үндеуде де орын алды.

Қазан революциясы жеңіске жетісімен Совет үкіметінің ұлт мәселесін шешу осылайша уәде беруі, сонымен қатар Советтердің бүкілроссиялық екінші съезінің халыққа арналған үндеуінде жаңа үкімет “помещиктік, уездік, манастырлық жерлердің шаруа комитеттерінің қарамағына тегін берілуін қамтамасыз етеді, армияны толық демократияландыру ісін жүзеге асырып, солдаттардың праволарын қорғайды, өндіріске жұмысшы бақылауын орнатады, құрылтай жиналысының дер кезінде шақырылуын қамтамасыз етеді, қалаларға астықтың, деревнияларға керекті заттардың жеткізілуіне қамқорлық жасайды», - деп мәлімдеуі бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жағдайында бұрынғыдан әрі күшейе түскен әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген еңбекшілердің айтарлықтай бөлігінің тарапынан қолдау тапты.

Ал Алаш партиясының басшылары осыған дейін Қазақстанның ең басты, ең өзекті мәселелерін (ұлттық мемлекеттік құрылыс, жер қоныс аударушылар, қазақ орыс әскерлерінің зорлық зомбылығы, т. с. с) шеше алмаған уақытша үкіметке сенуден қалса, енді оның орнына келіп, жоғарыда аталған проблемаларды таптық принциптер негізінде шешуге уәде еткен Совет үкіметіне күмәнмен қарады.

Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес жатқан Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда кеңес үкіметінің орнауы Қазақстандада биліктің Кеңестердің қолына көшуі ықпал етті. Алайда, Қазақстанда кеңес үкіметін орнату төрт айға, 1917 жылдың соңынан 1918 жылдың наурызына дейін созылды. Бұл процес аймақтың әлеуметтік - эканомикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті.

Жалпыресейлік тұрғыдан келгенде, солшыл эссерлерден басқа саяси күштер - монархистерден либералдар мен социялистерге дейін Қазан революциясы жеңісіне қарсы бір одаққа бірікті. Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да қалыптасты. Сондықтан да өлкеде Совет үкіметінің орнауы, осыған дейін айтылып та, жазылып та келгендей, “салтанаттық шеру” (Лениндік анықтама) түрінде өткен жоқ, керісінше өте қиын да күрделі жағдай болды. Бұл процес 1917 жылғы қазан айының соңынан 1918 жылдың наурыз айының басына дейін созылып, төрт айдай мерзімді қамтыды .

Кеңес үкіметі уақытша үкімет жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында кеңес өкіметін орнату қиян-кескі күрес болды.

1917 жылдың соңы мен 1918 жылдың наурызы аралығында кеңес үкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халықтар тығыз орналасқан жерлерде орнады.

Қазақстанда совет үкіметін орнату большевиктер ықпалында болған жергілікті күштер, Бірінші дүние жүзілік соғыстың майдандарынан келген солдаттар мен қалалық горнизондардың жауынгерлері шешуші рөл атқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметі
Ақпан революциясынан кейін қазақ зиялыларының қазақ автономиясын жүзеге асыру жолындағы қызметтері
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Қазақстан Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция жылдарында
Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
Қазақ саяси партиясы
Ұлттық элитаның қалыптасуы
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің ұлттық аймақтарындағы қоғамдық саяси жағдай және жер мәселесі. (Қазақстан мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz