Әлемдік діни мәтіндердің салыстырмалы талдауы
КІРІСПЕ
1.1 ҚҰРАН КІТАБЫНЫҢ МӘТІНДІК ТАЛДАНУЫ
1.2 ИУДАИЗМДЕГІ ДІНИ МӘТІНДЕР
1.3 ХРИСТИАН ДІНІНДЕГІ КИЕЛІ ЖАЗБАЛАР
1.1 ҚҰРАН КІТАБЫНЫҢ МӘТІНДІК ТАЛДАНУЫ
1.2 ИУДАИЗМДЕГІ ДІНИ МӘТІНДЕР
1.3 ХРИСТИАН ДІНІНДЕГІ КИЕЛІ ЖАЗБАЛАР
Қазіргі уақытта дінді, діни мәдениетті, діни сана-сезімді тереңдеп зерттеуге әлеуметтік қажеттілік арта бастады. Өзгеріс үстіндегі әлеуметтік жағдай қоғамдағы рухани өмірге қатаң саяси бақылау жағдайында қалыптасқан, идеологиялық мәжбүрлеу жүйесі бойынша философиялық ойларды шектеу бойынша дін туралы біздің көптеген түсініктерімізді қайтадан қарастыруға итермелейді.
1000 жыл бойы ислам Орта-Азия аймағының тарихи мен саясатының ажырағысыз бөлігі болып табылады. Осы уақытта дін және саясаттың біртұтастығы қаншама рет саяси шеңбердегі мүмкін болған барлық пікірталастар мен аймақтағы дін ғұламаларының көптеген діни тартыстарының нысанына айналып үлгерді.
Қазіргі уақыттағы жаһандық өзгерістер және үндеулер кезеңінде саясаттағы діннің мәртебесі және діни ортадағы саясат туралы мәселелер жиі-жиі көтерілу үстінде.
Орта Азияның негізінен сунниттік бағыттағы ханафиттік мазхабты ұстанатын аймақ ретінде басқа ислам әлемімен аз салыстырмалы түрде бірегей діни тарихы бар. Кеңес дәуірінің ұзақ жылдар бойы жүргізілген дінге қарсы саясаты және оның алдындағы патшалық Ресейдің отарлық саясаты Орта Азиядағы исламның жеке тарихына өзіндік үлесін қосты.
Бүкіл адамзат тарихының дамуымен біздің тарихымыздың тығыз байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз. Президентіміз бір сөзінде: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлақтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілігі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген. Осы мақсатта «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын дайындауға нұсқау берген. Бұл бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы замандық ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарлама зерттемесінде мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігі айтылған.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ӘЛЕМДІК ДІНИ МӘТІНДЕРДІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
Орындаған:
1 курс магистранты
Ғылыми жетекші:
ф.ғ.д., профессор
Норма бақылаушы:
ф.ғ.к., доцент
Қорғауға жіберілді
“___”_____________ 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі:
ф.ғ.д., профессор
Алматы, 2012
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазіргі уақытта дінді, діни мәдениетті, діни сана-сезімді тереңдеп
зерттеуге әлеуметтік қажеттілік арта бастады. Өзгеріс үстіндегі әлеуметтік
жағдай қоғамдағы рухани өмірге қатаң саяси бақылау жағдайында қалыптасқан,
идеологиялық мәжбүрлеу жүйесі бойынша философиялық ойларды шектеу бойынша
дін туралы біздің көптеген түсініктерімізді қайтадан қарастыруға
итермелейді.
1000 жыл бойы ислам Орта-Азия аймағының тарихи мен саясатының
ажырағысыз бөлігі болып табылады. Осы уақытта дін және саясаттың
біртұтастығы қаншама рет саяси шеңбердегі мүмкін болған барлық
пікірталастар мен аймақтағы дін ғұламаларының көптеген діни тартыстарының
нысанына айналып үлгерді.
Қазіргі уақыттағы жаһандық өзгерістер және үндеулер кезеңінде
саясаттағы діннің мәртебесі және діни ортадағы саясат туралы мәселелер жиі-
жиі көтерілу үстінде.
Орта Азияның негізінен сунниттік бағыттағы ханафиттік мазхабты
ұстанатын аймақ ретінде басқа ислам әлемімен аз салыстырмалы түрде бірегей
діни тарихы бар. Кеңес дәуірінің ұзақ жылдар бойы жүргізілген дінге қарсы
саясаты және оның алдындағы патшалық Ресейдің отарлық саясаты Орта Азиядағы
исламның жеке тарихына өзіндік үлесін қосты.
Бүкіл адамзат тарихының дамуымен біздің тарихымыздың тығыз байланысы
және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын мәдениет ескерткіштерін
сақтауға бәріміз борыштымыз. Президентіміз бір сөзінде: Мәдениет – ұлттың
бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең
алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлақтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік
мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілігі үлесімен мақтанады. Сөйтіп
тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады деген. Осы
мақсатта Мәдени мұра стратегиялық ұлттық жобасын дайындауға нұсқау
берген. Бұл бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту
сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және
зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны
зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы замандық ұлттық
мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар
бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша,
сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және
мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-
техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады.
Бағдарлама зерттемесінде мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және
сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра
саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу
қажеттігі айтылған.
Орта Азия халықтарының өзіне тән көне жазуы, әдебиеті, бай мәдениеті,
болғаны мәлім. Түркістан жері исламның келуімен адамзат өркениетінде
өзіндік орны бар ірі мәдениет орталықтарының біріне айналды. ІХ ғасырда
көне Отырарда дүниеге келген Әбу Наср әл-Фараби әлемде екінші ұстаз атанды.
Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашғари, Ахмет Йүгенеки, Ахмет Ясауи сияқты ұлы
ойшылдар осы Түркістан жерінде дүниеге келіп, тек түркі халықтары емес,
бүкіл адамзат өркениетіне өз үлестерін қосты. Түркі халықтары ислам
мәдениетін тек тұтынушы емес, сол мәдениетті жасаушы халықтың біріне
айналды. Сол ғалымдардың ізбасарларының қатарына Сармолданы жатқызуға
болады. Молдекеңнің көкірегін кернеп тұрған Қожа Ахмет Ясауидің
хикметтерімен ұласып жатқан даналық сенім күші бар.
Араб жазуының алғашқы нұсқасы набатейлік жазу. Набатейлер арабтармен
туыс семит тайпаларына жатады. Олар біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда
Арабиядан Палестинаға ауып келген. Олардың тілдері біртіндеп арамей тіліне
айналады. Ал набатей жазуы арамей-пальмира жазуының негізінде қалыптасқан.
Арабтардың дүние жүзі тарихына мәлім бола бастауы VІІ ғасырдың басынан,
яғни ислам дінінің шығуымен байланысты. Умаялар әулеті (661 – 750) тұсында
астана Дамаск, Аббастықтар әулеті (750 – 1258) билеп-төстеп тұрғанда Бағдат
шаһары болады. Ал олар біздің эрамыздың VІ ғасырында пайда болған забад,
херрин әріптерінің үлгісімен өздерінің куфи және насх деген жазуларын
қалыптастырады. Ефрат өзені бойындағы Куфа қаласының атымен аталған куфи
жазуы ірі, кең, шеңберлі болып келеді де, жеке-жеке жазылады. Құранның
бастапқы нұсқасы мен мемлекеттік ресми құжаттар осы әріптермен жазылған. Ал
насх әріптері дөңгелене, жантая, аралары қосылып жазылады. VІІІ ғасырдың
аяғында араб халифаты бірнеше мұсылман мемлекеттеріне бөлінеді. Осыған
байланысты араб алфавитінің бастапқы нұсқасына түзетулер жасалады. Сөйтіп,
Х ғасырда Испания мен Солтүстік Африкада куфи жазуының мағрыб түрі, Х –
ХІ ғасырда Иранда насхтің тағлық пен настағлық нұсқасы пайда болады.
Сондай-ақ диуани, реқа жазбалары да халыққа кеңінен тарайды. Араб жазуы
оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер жеке-жеке және
бір-біріне қосылып жазылады. Араб жазуы 28 әріптен тұрады.
Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптардың бірі – Қудатқу білік. Оны
1069 жылы баласағұндық ірі ғұлама Жүсіп Баласағұни жазып алып, сол кезде
Қашқария мен Жетісуды билеген Сутук Боғраханға сыйлаған. Бұдан соңғы кітап
Диуан луғат ат түрік (Түрік тілдерінің сөздігі, 1072 – 1074 жылдары жазып
бітірген) араб алфавитімен жазылған, тілі көнетүрікше, авторы белгілі, ұлы
ғалым Махмуд Қашқари. Осыдан бастап Орта Азияның ұлы ғалымдары мен
ақындары, тарихшылары араб жазуын орта ғасырға дейін пайдаланған. Ал араб
алфавиті Қазақстанда ХХ ғасырдың басына дейін, яғни 1929 жылға дейін, яғни
900 жыл бойы қолданылған. Күмбездер мен қақпалардағы, мешіттер мен
медреседегі ою-өрнекті жазулар аса шеберлікпен көркемдікті талап етті.
Мұның үлгілерін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сыртына салынған
жазулардан, есігіндегі өрнегінен, көне Исфиджап (Сайрам) қаласынан табылған
бағанадан, Жетісуда, Маңғыстауда, Талас бойынан жинаған археологтардың
материалдарынан, бейіт басына қойылған құлпытастардан көреміз. Латын
алфавиті 1928 – 1929 жылдары Әзербайжанда, Өзбекстанда, Қазақстанда,
Татарстанда кеңінен қолданыла бастады. 1929 – 1939 жылдары Қазақстанда
шыққан кітаптар мен газет-журналдар латын әрпімен жарияланды. Жаңа
алфавитке көшу – жазба мәдениетімізде белгілі бір тарихи кезең болды. Орыс
алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау 1939 жылы қолға алынды. 1939 –
1940 жылдары түгелдей орыс алфавитіне көшу туралы үкіметіміз арнаулы қаулы
алды.
Кеңестік жүйе кезінде кейбір жалпылама этнографиялық зерттеулер
болғанымен бұл дүниелер сол идеологияға қызмет ететін аналитикалық тар
шеңберден әріге аса алмады. Қазақтың ителлектуалдық элитасы мен дәстүрлі
дүниетанымы жаппай қуғын-сүргін мен ашаршылық кезеңінде-ақ жан түршігерлік
жауыздықпен жойылуға жуық қалған. Ал тың игеру жылдарынан кейінгі Қазақ ССР-
ін Шығыстың ажырамас бөлігі деп тіпті ең жанашыр шетелдік ғалымдар да айта
алмас еді. 1970 жылдары енді ғана жыраулық әдебиетімізді түгендеуге
кіріскен тұс классикалық парсы мен шағайтайды былай қойыңыз, қадымша араб
әліпбиімен жазылған ескі қазақ тілінде әріп танитын кәсіпқой ғалымдардың
саны бес-алтыдан аспады. Сирек қолжазба қорлары мен құпия құжаттар
шетелдіктер тұрмақ, совет ғалымдары үшін алынбас қамалға айналды. Қате
мәлімет, теріс тұжырым жасауға алып барады.
1.1 ҚҰРАН КІТАБЫНЫҢ МӘТІНДІК ТАЛДАНУЫ
Құран - күллі мұсылман қауымының шариғат заңдылықтарында, діни
ғұрыптарында, тіпті, күнделікті тіршілігінде басшылыққа алатын, аса киелі,
қасиетті кітабы. Ол мұсылмандар ұғымында құдайлық аян арқылы Мұхаммед
пайғамбарға (ғ.с.) түскен Алланың сөзі. Адамзатты ізгілікке бастайтын
Алланың рахымы. Қадір сүресінде баяндалғандай, алғашқы аян (уахи) 610 ж.
рамазан айының Қадір түні Мекке тауының Хира үңгірінде Мұхаммед пайғамбарға
(ғ.с.) түсті. Құранда 6666 аят, 114 сүре бар. Ең қысқа сүре үш аяттан
тұратын Кәусар сүресі. Ал ең ұзағы 286 аяттан тұратын Бақара сүресі. Құран
Алла әмірімен Жебірейіл періште арқылы, Мұхаммед пайғамбарға (ғ.с.) жиырма
үш жыл бойы түскен. Мұсылман ғалымдар Құран аяттарын мағыналық мазмұны
бойынша былай үшке бөледі:
1. Иман, сенімге байланысты аяттар;
2. Шариғат үкімдеріне қатысты аяттар;
3. Пайғамбарлар өмірі жайлы қиссалар.
Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) оқу-жазу білмейтін кісі болған еді. Ол
құдайлық аян келгенде уахи хатшыларына сүре аяттарын түскен жерде жаздырып
отырған. Хатшыларына жазғандарын дауыстап оқуды талап етіп, қателессе дереу
түзеген. Пайғамбардың сахабалары Құран аяты түскен мезетте толық жаттап
алып, оны оқудың тәртібін де жете меңгеріп отырды. Осман ибн Аффан, Әли Ибн
Әбу Тәлиб, Әбу Ибн Кағб, ибн Масғуд, Заид ибн Сәбит, Әбу Дарда, Муғаз ибн
Жәбәл, Әбу Зайд және т.б. сахабалар Құранды жатқа білуімен танымал болды.
Құран Лаухы махфуздан бөлек-бөлек түсуі оның оңай жатталуына мүмкіндік
жасады. Ислам әдебиеттерінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өзі өмірінің
соңғы кездерінде Рамазан айында Жебірейіл періштеге Құранды екі рет
қайталап оқығаны, періште аяттардың қатесіз жатталғанын тексергені жайлы
баяндайды. Ғалымдар Жебірейіл періштенің пайғамбарды тыңдаудағы негізгі
мақсат: біріншіден, Құран Кәрімнің дұрыс сақталу жолын мұсылмандарға
үйретіп, оның мінсіз сақталуы Алла Тағала үшін қаншалықты маңызды екендігін
білдіргендігі; екінші, аят пен сүрелердің бір – бірінің жалғасын тауып,
орналасу жүйесін көрсетуі болды дейді. Сондықтан да, мұсылмандар Рамазан
айында тарауих намазын оқып, Құранды хатым етуді сүннет деп біледі.
Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) өмірінің ақырына дейін уахи келуі ықтимал
болғандықтан, оның көзі тірісінде Құранды бір кітап етіп жинақтау мүмкін
болмады. Ол өмірден өткеннен кейін ғана уахи тоқталғаны айқындалып, алғашқы
халиф Әбу Бәкр кезінде Құран бір кітап етіп жинақталды. Аң терісіне, құрма
ағашына, сүйекке, тегіс тастарға жазылған Құран аяттарын жинақтап, бір
кітап ету Зәйдке тапсырылды. Оған хазіреті Омар, Әли, Оспан, Ибн Кағб
көмектесті. Мұсхаф ал-Имам деп аталған осы кітап алдымен Әбу Бәкрде, ол
қайтыс болғаннан кейін Омарда, кейін Омардың қызы – Хафсаның қолында
сақталды.
Ислам дінінің Араб жартыаралынан тыс алыс шалғайларға тарап, әр түрлі
халықтардың дін қабылдауы, Құран нұсқаларын көбейту қажеттілігін тудырды.
Осман халиф Құран Кәрімнің нұсқаларын жазатын кеңес құрды. Оның құрамына
Зайд ибн Сәбит, Абд Алла ибн Зубайр, Сағд ибн Әби Уаққас, Абд ар-Рахман ибн
әл -Харис ибн Һишам сияқты Құранды пайғамбардың өз аузынан жаттаған
сахабалар енді. Құранның нұсқасы Мұхаммед пайғамбардың көзі тірісінде хафиз
атанған сахабаларға оқыту арқылы тексеріліп, кітаптың алғашқы нұсқасымен
салыстырылып көбейтілді. Осман халиф Омардың қызы Хафса Уммул-Мүмининде
сақталған қолжазбаның негізінде жасалған Құран нұсқаларын ислам орталықтары
болған Басра, Куфа, Дамаскіге бір-бір нұсқадан жіберілді. Бір бір нұсқа
Мекке мен Мәдинада қалдырылды. Құран аяттары кітаптың мағынасы мен сөздері
Алла тарапынан өзгеріске ұшыраудан сақталғанын, бұдан кейін басқа бір
қасиетті кітап келмейтінін, Құран белгілі бір қоғамға немесе қауымға ғана
емес, барлық адамдар игілігіне ортақ кітап сияқты бірнеше ерекшеліктерін
көрсетеді.
Ислам ілімі. Ислам дінде Құдайды үшке не екіге бөлу немесе оған
серік қосуға болмайды. Алладан басқа табиғат құбылыстарына, қолдан
жасалған мүсіндерге, рухтарға т.б. нәрселерге табынуға, сыйынуға тыйым
салынған. Аллаға берілген сипаттар адамдарға, жануарларға, жанды-жансыз
заттарға берілмейді. Ислам сенімдері мен ілімдері адам ұғымына түсінікті,
анық, қабылдауға жеңіл, ақыл мен қисынға қонымды. Бұл діннің басты негізі
және мұсылмандықтың кілті – Алланың барлығына, бірлігіне сену, оған
ешкімді тең көрмеу және Мұхаммед пайғамбар оның елшісі екенін мойындау.
Сондықтан ислам дінінің ұстанымы: Лә иләһә илла Аллаһ, Мухаммад расул
Аллаһ, яғни мағынасы Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі
деген сөйлемде жинақталған. Бұл қасиетті сөйлемді айтып, жүрегімен
бекіткен адам ислам дініне кірген болып есептелінеді. Мұны кәлима
таухид деп атайды.
Бұл дінде рухтың енуі, рухтың көшуі (реинкорнация), тумысынан
күнәһар болу сияқты адамның өмірін қиын етіп көрсететін сенімдер
кездеспейді. Ислам дінінде адамның өміріне қиыншылық туғызатын қағидалар
жоқ, барлық қағидалар адамның жаратылысына, мүмкіндігіне сай етіп
белгіленген. Сондай-ақ, адамның ішкі жан дүниесін таза ұстауға көңіл
бөлетін дін.
Ислам діні бес ұстынға негізделген. Оның біріншісі - иман.
Иман Ұлық Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларынға,
ахирет күніне, өлгеннен соң қайта тірілуге және тағдыр мен қазаға сенуден
тұрады.
Аллаға иман - Алланы тану. Бұл түрде Құдай бар, ойға келетін бар
емес. Бір, ойға келетін бір емес. Барлығы, бірлігі ой жетпейтін көңілдегі
барлықтан да барырақ, көңілдегі бірліктен де бірірек. Көңілдегі барлықтың
пішіні бар, көңілдегі бірліктің соңы бар. Алла соңынан, пішіннен, денеден
пәк. Пәктігі ойға келетін қандайда бір пәктіктен де пәгірек. Барлығы,
бірлігі, кәмілдігі, заты ойшының ойы, ақылдының ақылы жетуден өте қашық.
Алланы осылай тану әрбір мұсылманға парыз.
Бұл түсіндірме Қызылорда өңірінде ХІХ ғасырда өмір сүрген Ақмырза
Даммолла Ишанның Түркі иман деген еңбегінен алынған.
Алла қандай мысал берді, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ деген көркем сөз
тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді. Ол ағаш Алланың
бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді. (14- сүре, 24,25- аят.)
Періштелеріне иман періштелер міндетіне берік, жынысы жоқ, ішіп-
жемейтін, адамның көзіне көрінбейтін жаратылыстар деп білу. Періштелер
нақты бір іске міндеттеледі және соған орай бірнеше түрге бөлінеді.
Жәбрейіл – Алладан пайғамбарларға хабар жеткізуші періште. Микаил –
әлемдегі табиғатты басқару қызметіне тағайындалған періште. Исрафил –
Алланың әмірімен сүр (керней) үрлейтін періште. Оның сүр үрлеуімен қиямет
қайым болады. Әзірейіл – жан алу қызметіне тағайындалған ажал періштесі.
Бұл төрт періште ұлы періштелер деп саналады. Одан басқа адамның
жақсылығы мен жамандығын жазып отыратын – Кирам Катибин, өлімнен кейін
қабірде адамның жасаған істері жайлы сұрайтын Мүнкір-Нәңкүр сияқты
бірнеше періштелер бар.
Кітаптарға иман. Мұсылман нанымында Алла Тағала қайсы бір
пайғамбарларға парақтар, қайсы біріне кітаптар жіберген. Дәуіт
пайғамбарға Забур, Мұса пайғамбарға Тәурат, Иса пайғамбарға Інжіл,
Мұхаммед пайғамбарға Құран кітабы түскен. Бұл кітаптардың ақиқат екенін
қабылдау иманның үшінші шарты болып саналады.
Пайғамбарларға иман келтіру – олардың өсиеттеріне, өнегелі
өмірлеріне ғибратлану, тарихта шын болғанына сену, Алланың шын елшісі деп
мойындау. Ислам дінінде алғашқы пайғамбар ол – Адам, соңғы пайғамбар –
Мұхаммед. Бұл екі пайғамбардың арасында 124 мың пайғамбар өткен. Алайда
Құранда олардың жиырма бесінің ғана аты аталған. Олар: Адам, Идрис, Нұх,
Һуд, Салих, Лұт, Ибрахим, Исмаил, Исхақ, Яқұб, Юсуф, Шұғайб, Һарұн, Мұса,
Дәуіт, Сүлеймен, Әйюуб, Зү-л-Кифл, Юнус, Ильиас, Әляса, Зәкәрия, Яхия,
Иса және Мұхаммед.
Ахирет күніне иман – ислам сенімі негіздерінің бірі. Дүниедегі өмір
өліммен аяқталады деп білу. Өлімнен кейін басталатын шексіз өмірді
ахирет деп атайды.
Тағдырға иман – барлық нәрсенің Алланың қалауы мен жаратуы арқылы
жүзеге асатынына сену. Ұлы Алла барлық нәрсенің жаратылысынан бастап
соңына дейінгі олардың орны мен уақытын, пайда болу түрлерін және
жағдайларын, көлемі мен мөлшерін өлшеп, біліп пішеді. Оны тағдыр (ар.т.
тақдир) деп атайды. Ал, Алланың қалаған нәрселердің уақыты келгенде
тағдырға сай жүзеге асуын қаза дейді. Тағдыр мен қазаның жүзеге асуында
адамның да белгілі бір дәрежеде атқаратын рөлі болады. Адам ісі мен
ондағы ниетіне сай нәтижесін жемісін не жазасын көреді. Алланың
қалауындағы іс әділдікпен және сынақпен болады. Алла – жақсылық пен
жамандықты жаратушы, ал адам өз ісімен, ниетімен соны көруші. Алла адамға
жақсылық пен жамандықты қылу, я қылмау, таңдау еркіндігін берген. Осындай
бір сенімге, жүрек үндестігіне және рухани бірлікке бір ұлттай ұйысқан,
тілектері мен мақсаттары ортақ мұсылман қауымын Үмбет деп атайды.
1.2 ИУДАИЗМДЕГІ ДІНИ МӘТІНДЕР
Таурат иудей дінінің басты кітабы болып саналады. Дін басылары рөлін
Таурат жазбаларын оқитындар - софеример атқарды. Соферимдер еврей
халқының мәдениетін сақтаушылар, иудейлік дінінің ілімдерін жаңғыртушылар
деген ұғыммен үлкен құрметке ие болды. Олар жазба Таураттағы (Тора ше-би-
хтаб) өсиеттерге түсіндірме беріп, ауызша Таураттың (Тора ше-бе-аль бе)
үлгісін қалыптастырды. Сан ғасырлардан кейін жазба Торамен қатар, ауызша
Торадағы үкімдер мен тыйымдар иудей өмірінің барлық саласын қамтып, діни
рәсімінің негізіне айналды. Б.з.б. 2 ғ. иудейлікте екі топ – саддукеи мен
фарисеи пайда болды. Жоғары тап өкілдері – саддукеилер ауызша Торадағы дін
қызметшілерінің (соферим, амораим, раввин т.с.с.) жадынан жазған үкімдер
мен тыйымдарды мойындағысы келмеді. Олар жазба Торадағы өсиеттерді ұстануға
шақырды. Ал, орта тап өкілдері – фарисеилер ауызша Торадағы кімдер мен
тыйымдарды орындау, рәсімдерді атқару міндетті деп білді және басымдыққа ие
болды.
Иудейлік ілімі бойынша адам құдайдың қолымен өзіне ұқсас етіп
жаратылған. Сондықтан, құдай мен адам арасында ешкім делдал бола алмайды.
Адам жамандығы мен жақсылығына құдай алдына барғанда есеп береді және оның
күнәсі кешірілмейді. Ол өмір заңдылығы – себеп пен салдарға еріксіз
бағынышты. Алайда, адамның жақсылық не жамандық жасауды таңдау еркі бар.
Құдайға есеппен құлшылық жасауға болмайды, жақсылықтың сыйын о дүниеде не
алдағы өмірінде алады. Иудейлік адам жаны өлмейтініне сенеді. Жанның тәнге
қайта келуі жайлы бірнеше қайшылықтар бар. Тозақ пен жұмақтың барына
сенеді. Құлшылық жасау иудейлікте міндетті іс есептеледі. Ол адамның
Құдайды қаншалықты мойындайтынының көрсеткіші саналады. Діни ритуалдар
халықтың діні мен дәстүрі жалғастығының бірден-бір жолы есептеледі. Еврей
күніне үш рет мінәжат жасап, Тораны (Таурат) үнемі оқуы керек. Оны
синагогада көпшілікпен жасау сауабтырақ. Иудейлік дініндегі сенімнің негізі
тәңірінің барлығы мен бірлігін мойындау болып табылады. Құдайларының аты
Яхве немесе Элохим, ол біреу тарапынан жаратылмаған, әуелгісі мен соңы
шексіз, әлемнің жаратушысы және бұл дүниенің иесі. Олардың сенімдері
бойынша құдайдың сүйген ұлты иудейлер, бұл жайында Мұса пайғамбар мен
Исраиль ұлдары тәңірімен Синада серттескен. Сондай-ақ, иудейлер
періштелерге, ахирет күніне, тағдыр мен қазаға, құтқарушы мәсіхтің
келетініне сенеді.
Бүгінгі иудейліктегі сенім негіздерін иудей философы Рабби Моше бен
Маймон (1135-1204) былай құрастырған: Құдай (Яхве) барлық нәрсенің
жаратушысы; Яхве біреу; Құдайдың денесі жоқ, оны суреттеу мүмкін емес;
Құдайдың әуелгісі мен соңы шексіз; Біз тек Яхвеге дұға жасап, оған
жалбарынуымызға тиіспіз; Пайғамбардың барлық сөздері дұрыс; Хз. Мұса -
пайғамбардың ең ұлысы; Қолымыздағы Тора, Яхве тарапынан Мұса пайғамбарға
түсірілген кітап және қазірге дейін өзгертілмеген; Дініміз илаһи (Яхве
тарапынан жіберілген) бір дін; Құдай адамдардың барлық әрекеттері мен
ойларын біледі; Құдайдың бұйрықтарын орындағандар сыйлыққа бөленеді, ал
орындамағандар жазаланады; Құдай құтқарушы мәсіх түсіреді; Рухымыз өлмейді.
Құдай қалағанын өлтіріп, қалағанын тірілтеді.
Тағы иудейлерде 10 әмір өте маңызды. Бұл әмірлерді Мұса пайғамбарға
Тур тауында Яхве құдайдың өзі берген: Сені Мысыр өлкесіндегі тұтқындықтан
шығарған құдайың Яхве – менмін; Қолдан пұт жасап, оларға табынбайсың; Құдай
Яхвенің есімін бос жерде атамайсың; Сенбі күнін қасиетті күн деп санап және
қасиетті екені әрдайым есіңде болсын. Аптаның алты күнінде жұмыс істеп,
сенбі күні демаласың; Әке-шешеңді құрметтейсің; Адам өлтірмейсің;
Зинақорлық жасамайсың; ұрлық жасамайсың; Көршіңе жалған куә болмайсың;
Ешкімнің затына, мүлкіне адамдарына жаман көзбен қарап, ашкөздік
жасамайсың.
Иудейлер осы сенім мен адамгершілік негіздеріне қоса, мистикалық
өмірге мән береді. Бір-бірімен пікірталас жасағанды ұнатады. Олар көбінесе
саяси, экономикалық жұмыстармен айналысады.
Тора және Талмуд. Бүгінгі күнгі иудейлердің қасиетті жазбалары Танах,
Талмут деген екі негізгі бөлімнен тұрады. Христиандар Ескі өсиет деп
атайтын Танах, 1-Тора, 2-Невиим, 3-Китувим деген үш бөлімнен құралады.
Тораның арабшасы Тәурат деп аталады. Тора да өз ішінен: 1-Теквин, 2-Хуруч
(шығу), 3-Левилилер, 4-Сандар, 5-Тесние деп аталатын бөлімдерден тұрады.
Тораның түп нұсқасы көне иврит тілінде жазылған, онда әлемнің жаратылысынан
бастап, иудейлердің Мысырға қоныс аударуы, Мұса пайғамбардың өліміне
дейінгі оқиғаларды қамтиды. Ал, Талмуд екі бөлімнен Мишна және Гемарадан
тұрады. Екі бөлім де негізінен еврей дін басылырының сан ғасырлар бойы
Мұсаның қалдырған он өсиетіне берген діни түсіндірмелерінен тұрады. Онда
сонымен қатар, үкімдер, тарихи оқиғалар мен аңыз әңгімелер қамтылады.
Талмуд діни кітап болып б.з. 500-жылдары бекітіледі. Талмудтың Вавилондық,
Иерусалимдік, Палестиналық сияқты бірнеше нұсқалары бар. Тора мен Талмудты
оқу әр иудейдің парызы есептеледі.
Ғибадаттары. Иудейлер құлшылықтарын синагогта да, үйде де жасай
береді. Синагогта оралма қағазға жазылған Тәурат жазбалары сақталатын Арон
ха-кодеш деп аталатын Иерусалим жақтан орын тепкен бөлме болады. Сондай-
ақ, жеті қолды шырағдан (менора) мен Дәуіт патшаның мөрі деп аталатын
алты бұрышты жұлдызша (қазір Израиль республикасының байрағында
бейнеленген) белгілер, иудей ғибадатханасында болатын белгілердің бірі
болып табылады.
Иудейлер үйлерінің кіре беріс есігіне мезуза деп аталатын Тәурат
үзінділері жазылған оралма қағаздар асулы тұрады. Үйлеріне кіріп-шығатын
иудейлер, сол Тәурат үзінділерін сүйіп тұрады.
Олар синагогтарда Тәурат (Тора) жазбаларынан дауыстап оқиды,
құлшылықты жүздерін Құдысқа (Иерусалим) қаратып жасайды және ғибадаттарды
тек ер адамдар ғана жасай алады.
Иудейлердің ғибадаттарында белгілі тәртіп, не жүйе орнықпаған. Олар
ғибадатханаларында қалағанынша діни өлеңдер оқиды немесе бір-бірімен
сұхбаттасады. Құдайға дұға жасау, ең маңызды құлшылықтарының бірі саналады.
Иудейлердің ғибадаттары, күндік және апталық ғибадат болып екіге
бөлінеді. Олар күндік ғибадаттарын таңертең, түсте және кешке жасайды, ал
апталық құлшылықтарын сенбі күні (саббат) синагогта орындайды.
Таурат сөзінің түпкі мағынасы тәлімді әрі заңды білдіреді. Киелі
кітаптың осы бірінші бөлімі Мұсаның кітабы деп те аталады. Себебі көне
мәлімет көздері бойынша Мұса пайғамбар оның басым көпшілігін біздің
заманымыздан бұрынғы 15-ші ғасырда Құдайдың Киелі Рухының жетелеуімен жазып
қалдырған.
Таурат бес үлкен жазбадан тұрады. Олардың біріншісі — Жаратылыстың
басталуы. Онда баяндалған тарихи оқиғалар мен шежірелер Мұсаның заманынан
көп бұрын орын алған. Олар оған ұрпақтан ұрпаққа ауызша немесе қыш
тақташаларға жазылған түрде жеткен болса керек. Сирия, Ливан және Исраил
елдерінің мұражайларындағы археологиялық дүниелер жазу өнерінің сол өлкеде
ежелгі заманда-ақ дамығанын дәлелдейді. Көптеген халықтар жаратылыс, топан
су және көне дәуірде болған басқа да оқиғалар туралы кейбір мәліметтерді
естерінде сақтап келген.
Таураттың кейінгі төрт жазбасында Ыбырайым атаның немересі Жақыптың
үрім-бұтағы — Исраил халқының Мысырдағы езгіден азат етіліп, көшіп шығуы
әрі Құдай өздеріне уәде еткен елге көшіп-қонып барған жолдары суреттелген.
Сол заманда Хақ Тағала қоғамның азаматтық, әлеуметтік және рухани
құрылымдарын қалыптастыру үшін Өзінің таңдап алған халқына Таурат заңы атты
заңдар жиынтығын табыстады. Жаратқан Ие халыққа Өзіне ғибадат ететін
орталық ретінде киелі кездесу шатырын құрғызды. Өйткені Құдай Тағала
халқының арасында болып, олармен бірге тұрғысы келді. Сонымен қатар Ол
құрбандық шалып, ұсыну тәртібін орнатып, халықтың Өзіне ғибадат еткеніне
жетекшілік етуге леуілік діни қызметкерлер мен көмекшілерді тағайындады.
Алла Тағала исраилдіктерді олардың ең ізгі де әділ халық болғанына
бола емес, қайта, бүкіл адамзатты олар арқылы жарылқау үшін таңдап алды
(Жар 12:2; 18:18). Бұл жайтты ұғыну өте маңызды. Уәде етілген Құтқарушы Иса
осы халықтың арасында дүниеге келуге тиіс болды. Ыбырайымға және оның үрім-
бұтағына берілген барлық уәделердің мән-мағынасы Інжіл шарифте толықтай
ашылған. Мәсіх Иса солардың бәрін жүзеге асыруымен күллі халықтардың
адамдарына құтқарылу жолын ашты. Оған сенім артқандар Ыбырайым атаның
рухани ұрпақтарына айналып, оған уәде етілген барлық жарылқауларға ортақ
болады.
Тауратта және тұтастай Киелі кітапта адамдардың күнәлары мен пенделік
кемшіліктері бүркеленбейді. Қайта, тіпті ең танымал болған пайғамбарлардың
күнә жасаған кейбір жайттары туралы бүкпесіз, ашық баяндалған. Расында
адамзаттың тарихында жалғыз Мәсіх Иса ғана мүлтіксіз таза әрі әділ адам
болды. Тіпті ұлы пайғамбар Ыбырайым атаның өзі істеген ізгі істері арқылы
емес, Құдай Тағалаға деген берік сенімі арқылы ақталды (Жар15:6; Рим 4:3).
Жаратылыс туралы бөлім
Таураттың алғашқы жазбасы адамзаттың Әлемді кім жаратты? Біз,
адамдар, қалай пайда болдық? Жер бетінде не үшін өмір сүреміз? Неліктен бұ
дүние күнә мен азапқа толы? деген түпкілікті сауалдарына жауап береді.
Жазбаның мақсаты — физикалық және биологиялық майда-шүйдеге дейін
тәптіштеп баяндау емес, әлемнің ұшы-қиыры жоқ кеңістіктерін, сондай-ақ
тәніміздегі жасушалардың көзге көрінбейтін құрылымын да жаратқанның кім
екенін білдіру. Көкейге қона қалатын әңгімелер алғашқы адамдардың
бастапқыда Алла Тағаламен жақын байланыста тұрып, жаратылысқа үстемдік
жүргізіп, бір-бірімен тату-тәтті болғанын көрсетеді. Бірақ олар киелі
Құдайдың айтқанына қарсы шығып, күнә жасағандарының кесірінен Оның қасынан
қуылды. Алайда Алла Тағала адамдарға үкім шығарған кезде-ақ оларға
зұлымдықпен арандатушы әзәзіл шайтанды жеңіп, сол айқаста өз өмірін қиятын
Құтқарушының бұ дүниеге келетінін алдын ала білдірді (3:15).
Осы Құтқарушының келуіне дайындық — жазбаның бұдан кейінгі
тарауларының әрі Киелі кітаптың басқа бөлімдерінің негізгі тақырыбы.
Адамдардың көпшілігі Жаратқан Иені тыңдамай, ауыр күнәға батып жатқанда,
кейбіреулері ғана Оны мойындап, құрметтеуші еді. Солардың бірі Алла
Тағалаға нық сенгендігі үшін көпке әйгілі Ыбырайым пайғамбар болды.
Жаратқан Ие оның өзі және ұрпағы арқылы барлық халықтарды да жарылқауды
қалады (12:2-3). Ыбырайым мен оның үрім-бұтағы күнәсіз пәк болмаса да, олар
Құдайға сеніп, жасаған күнәлары үшін опық жегенде кешірілді. Жаратылыстың
басталуының соңында Ыбырайымның немересі Жақып он екі ұлына батасын беріп
тұрып болашақтағы ұрпақтары және күндердің күнінде дүниеге келетін
Құтқарушы Мәсіх туралы пайғамбарлық сөз айтады (49:9-10).
Мысырдан көшіп шығу бөлімі
Мысырдан көшіп шығу жазбасы Жақыптың ұрпақтарының тарихындағы ерекше
маңызды кезең туралы баяндайды. Мысырда өсіп-өніп, үлкен халыққа айналған
оларды Жаратқан Ие сол елде көрген құлдық пен қанаудан құтқарды. Ол
айдаладағы Синай тауында аян беріп, Өзінің салтанатты ұлылығын көрсетті.
Жаратқан Ие оларды Өзіне бағышталған халқым деп қабылдап, олармен Келісімін
жасады. Ол таңдап алған халқының Патшасы іспетті араларында бірге тұрып,
оларды ата-бабаларына уәде еткен елге бастап апаруға сөз берді. Жаратқан Ие
оларға Мұса пайғамбар арқылы адал мінез-құлық пен адамгершілік қарым-
қатынастардың ережелері мен заңдарын тапсырды. Ол, сондай-ақ, оларға тек
Оған ғана мойынсұнып, қалай құрмет көрсетіп ғибадат етудің жолдарын
үйретті. Сол үшін халық Құдайдың бұйрығы бойынша құрбандық үстелін және
киелі шатырды тұрғызды.
Бұл жазбада Құдай Тағаланың қасиеттері анық көрінеді. Ол киелі,
шынайы, әділ, әрі Өзіне мойынсұнғандар үшін қайырымды да адал қамқоршы. Өзі
Ыбырайым пайғамбарға алдын ала айтып кеткендей (Жар 12:3), енді Исраил
халқы арқылы барлық басқа ұлттарды да жарылқауға ниеттенді.
Жазбада Мұса пайғамбардың ғажайып өмірбаянының бастапқы бөлігі де
берілген. Жаратқан Ие оны жаңа туған кезінде өлімнен аман сақтап, халқының
құтқарушысы әрі көсемі болуға белгіледі. Пайғамбар өз халқы мен Жаратқан
Иенің арасында жүруші ретінде адал қызмет етті.
Археологтар мен тарихшылардың көбі Исраил халқының Мысырдан көшіп
шығуы б.з.д. 15-ғасырда, яғни Тутмос ІІІ және оның ұлы Аменхотеп ІІ атты
перғауындардың заманында, демек, Мысырдың 18-патша әулетінің билік құрған
кезінде орын алған деп тұжырымдаған. Бұл Патшалықтардың 3-жазбасында
берілген мәліметке сай келеді. Онда Сүлейменнің патшалық еткен төртінші
жылы исраилдіктер Мысырдан көшіп шыққаннан кейін 480 жыл өткенде, яғни
б.з.д. 1446 жылдың шамасында, болды деп баяндалған (Пат3 6:1).
Леуіліктер жазбасы бөлімі
Леуіліктер жазбасында Жаратқан Иенің Исраил халқына ереже-нұсқаулар
беруін жалғастырғандығы туралы баяндалған. Жазбаның атауы Леуі руының
есімінен туындаған. Құдай Тағала Исраилдің сол руын Өзіне киелі шатырда
қызмет атқаруға таңдап алды. Леуілік Һаронның әулеті діни қызметкерлер
болуға тағайындалды, ал рудың қалған ер
адамдары олардың қызметіне көмектесіп, киелі шатырдағы жұмыстарды
орындайтын болды. Олар халық үшін мінажат етіп, олардың құрбандықтары мен
сый-тартуларын
Жаратқан Иеге ұсынып, халыққа Оның заңдары мен өсиеттерін үйретумен
айналысты.
Жаратқан Ие халықтың Өзімен тығыз байланыста болуын қалады. Бірақ
адамдардың
күнәлары олардың Құдаймен байланысын үзіп тастады. Себебі Құдай Тағала
киелі, ешқандай күнә Оған жақындап келе алмайды. Күнәнің жазасы — өлім,
яғни Құдайдан
ажырау. Киелі Құдайдың алдына қайтадан келе алуы үшін адам жасаған
күнәсінің құнын өтеуге тиіс. Жаратқан Ие сол үшін адамға өзінің орнына бір
мал әкелуге рұқсат берді.
Сондай мал құрбандыққа шалынып, күнәкардың орнына өлуге тиіс болды.
Сонымен қатар
халық ұсынған сый-тартулары арқылы Алла Тағалаға Оның көрсеткен рақымы
мен
жарылқауы үшін ризашылықтарын да білдіре алды.
Халықтың қамын ойлаған Жаратқан Ие тамақтың қай түрлерінің не қауіпсіз
әрі таза, не арам екендігі туралы нұсқаулар берді. Тері ауруына ұшыраған
адамды қалай тексеру
керек, халықтың қалай өзара тату тұру керектігі туралы да ережелер
берілді. Адам
тәкаппар да жауыз болмай, керісінше, жарлыларға қамқор болып, жат
жұрттықтардың құқықтарын құрметтеуі қажет болды. Хақ Тағала оларға өз
балаларын жалған тәңірлерге
құрбандыққа шалып, басқа да көптеген зұлым, зиянды істермен айналысып
жүрген бөтен ұлттарға еліктемеуді де ескертті. Керісінше, исраилдіктер Оның
жарылқауына кенелген
халық болу үшін өздерін Мысырдағы құлдықтан құтқарған Жаратқан Иеге
толықтай бағышталған қасиетті халқы ретінде таза өмір сүруге тиіс болды.
Руларды санау бөлімі
Бұл жазбада Исраил халқының Синай түбегіндегі иен далада көшіп-қонғаны
туралы баяндалған. Жаратқан Ие халықты Мысырдан азат етіп, Хориб (Синай)
тауының түбінде олармен қасиетті Келісімін жасаған болатын. Енді Ол Мұса
пайғамбарға он екі руға санақ жүргізуді бұйырды. Пайғамбар елсіз далада
көшіп-қонғанда тұрақтағы киелі шатырдың айналасынан әр руға өзіне тиісті
орынды белгілеп беруге де міндетті болды. Жаратқан Ие Мұсаға Леуі руының
мүшелерінің айрықша міндеттері туралы да нұсқаулар берді.
Қырық жыл өткеннен кейін исраилдіктер Иордан өзенінің шығысындағы Моаб
еліне қарай көш бастады. Бірақ олар жолшыбай біркелкі тамақтан жалығып,
судың тапшылығынан, әрі Қанахан елінде күшті бекінген қалалар, алып
жауынгерлер бар деген хабарды естігеннен үміттерін үзіп, мақсаттарынан
түңілді. Сонда халық Жаратқан Иенің уәделеріне сенбей, шағымдана күңкілдеп,
уәделі елге қадам басудан бас тартты. Ал Тәңір Ие олардың мұқтаждықтарының
бәрін қамтамасыз етіп келді. Сондықтан халық осы бағынбаушылығының жазасы
ретінде тағы қырық жыл бойы айдаланы кезіп жүріп көшіп-қонуға тиіс болды.
Сол ұрпақтан тек Құдай Тағаланың уәдесіне сенген Ешуа, Халеп есімді екі
адам ғана айдалада туып-өскен жаңа ұрпақпен бірге уәделі елге аяқ басуға
рұқсат алды.
Ақыр соңында Исраил халқы солтүстікке жылжып, Иордан өзенінің шығыс
жағасына жетті. Сол жерді мекендеген Моаб тайпасының патшасы танымал
көріпкел Балағамды оларға қарғыс айтуға шақырды. Бірақ Жаратқан Ие
Балағамға халыққа қарғыстың орнына бата айтқызды. Бірақ кейін исраилдіктер
сол тайпаның сиынған жалған тәңіріне табынып күнәға батты, әрі соның
жазасын тартты. Екі аморлық патша Исраилге қарсы соғыс ашқанда, өздері
ойсырап жеңіліп қалды. Олардың билігіндегі жерлерді халық иемденіп алды.
Екінші рет санақ жүргізілгеннен кейін, Жаратқан Ие Нұн ұлы Ешуаны Мұсаның
ізбасары етіп тағайындады. Ешуаға халықты уәделі елге енгізіп, соны
иеліктеріне алуға бастап, жерді руларға үлестіру міндеттері жүктелді.
Жаратқан Ие Ешуаға осыған көмектесетін рубасыларын да тағайындап берді.
Айдаланы кезіп жүрген бүкіл кезінде Исраил халқы Жаратқан Иенің
әрдайым сөзінде тұрып, халқын жарылқауға дайын болғанына куә болды.
Заңды қайталау бөлімі
Өмірінің соңында Мұса пайғамбар өзінің халқына өсиетін айтып, Құдай
Тағаланың еркін қайтадан түсіндірді. Сол кезде Исраил халқы Иордан өзенінің
шығыс жағындағы Моаб елінің алқабында шатырларын тіккен болатын. Құдай Ие
өздерінің ата-бабаларына уәде еткен Қанахан еліне енуге дайын тұрды.
Пайғамбар халықтың басынан өткізген оқиғаларды әңгімелеп, Жаратқан
Иенің сүйіспеншілігі мен сенімділігін олардың есіне салды. Ол Исраилді
Өзімен ерекше қарым-қатынаста тұруға таңдап алып, Құдайы және Патшасы
ретінде оны қамқорлап, қорғап-қолдап келді. Ал олардың міндеті Жаратқан
Иеге мойынсұнып қызмет ету және Оған бағышталған таза өмір сүру еді. Мұса
осыны анықтау үшін Леуіліктер және Руларды санау жазбаларындағы басты
өсиеттер мен ережелерді қайталап айтып, соларды мұқият орындауды халыққа
ескертті.
Осылай пайғамбардың бастауымен халық Жаратқан Иенің өздерімен жасаған
Келісімін қайтадан бекітті. Егер халық Оған сенімді болып, Келісімді
бұлжытпай орындайтын болса, онда Құдай Тағала оларды молынан жарылқайды. Ал
егер олар опасыз болып жалған тәңірлерге табынып, Келісімнің ережелеріне
немқұрайды қарап кетсе, онда халық Келісімде алдын ала айтылған қарғыстарға
ұшырайды.
Жазбаның соңындағы Мұсаның жырында Құдайдың сүйіспеншілігі мен
қамқорлығы және халықтың опасыздығы айрықша әсерлі түрде бейнеленген, ал
одан кейінгі Мұсаның батасында Исраилдің әр руының болашағы алдын ала
көрсетілген.
Жүз жиырма жасқа толғанмен әлі де қуатты әрі белсенді пайғамбар Небо
тауының төбесіне көтеріліп, Алла Тағала оған сол жерден бүкіл уәделі елді
көрсетті. Мұнан кейін Жаратқан Иенің сенімді қызметшісі сол таудың басында
дүние салды.
2.3 ХРИСТИАН ДІНІНДЕГІ КИЕЛІ ЖАЗБАЛАР
Христиан діні – б.з.б. І ғасырда пайда болған, әлемдегі ең көп тараған
діндердің бірі. Рим империясының құрамында болған Палестинада пайда болды.
Христиан сөзінің төркіні - Христос көне грек тілінен аударғанда
құтқарушы деген мағына береді. Інжілде Иисус Христос болашақта Израиль
жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті
орнататын пайғамбар ретінде сипатталады.
Вавилон, Персия, Македония және жат елдік Птоломейлер мен Селеквидтер
әулеттерінің қол астында болған палестиналық еврейлер аз уақытқа саяси
тәуелсіздікке қол жеткізеді. Б.з.б. 140 жылдан бастап тәуелсіз Иудеяны
маккавей (хас моней) әулетінің алғашқы священник-патшалары билейді. Олар ел
аумағын ұлғайтумен қатар тұрғындарға иудей дінін қабылдатуға белсенді
атсалысады. Б.д.б 36 жылы Рим қолбасшысы Гней Помпей әскерлері Иудеяны
жаулап алады. Иудея Сирия провинциясына қосылған Рим империясының бір
бөлігіне айналды. Билік толығымен Рим тағайындаған билеушінің қолына
шоғырланды. Бас абыз басқарған абыздар мен ақсүйек өкілдерінен тұрған кеңес
– Синдрионның құқы шектеліп, ол римдіктердің толық бақылауына өтті.
Біздің дәуіріміздің І ғасырында Палестинада құтқарушының, мессияның
(машиах) құдай белгісі бардың келетінін және оның иудей халқын құтқарып,
иудей патшасы болатындығын уағыздаушылар қатары көбейіп еді. Олар
Рим езгісіне түскен халыққа ешбір үміт бере алмады. Алайда, христиантиандық
құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғаған дін болды.
Иисус Христос құдайды тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп
жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, түсінікті тілде
адамгершілік құндылықтарды насихаттаған христиан діні тез арада үлкен
идеялық күшке айналды.
Бұл дінді ұстанушылар христиандықты адамдар ойлап тапқан жоқ, ол
адамзатқа құдайдың жіберген діні деп біледі. Ал, дінтанушы ғалымдар
христиан дінінің пайда болуына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың
болғанын айғақтайды. Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс
діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп,
қайта қарастырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты. Ұлттық-этностық
мәдениеттерге, дүниетанымға қарсы тұруға дәрменді мәдени күшке айналдырды.
Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға
танылуына мүмкіндік берді.
Христиан ілімінің қалыптасуына Филон Александрийский (б.д.б. 25-б.д.
50 жж.) мен римдік ойшыл Сенеканың этикалық көзқарастары ерекше әсер етті.
Филон библиялық дәстүрге Логос ұғымын біріктірді. Ол Логосты мәнді
пайымдауға мүмкіндік беретін Қасиетті сөз ретінде қарастырды. Филонның
адамдардың туа біткен күнәһарлығы, мойынсұну, Құдайға жақындау құралы –
экстаз, жоғарғы Логос және Құдай ұлы болып табылатын логостар (періштелер)
туралы идеялары христиандықтың қалыптасуына зор ықпал етті.
Христианшылдықтың ізгілікке жету туралы адамгершілік ілімі Луцей Анней
Сенека көзқарастарына өте ұқсас. Сенека кез келген адам үшін басты мақсат
құдайылық қажеттілікті түсіну арқылы рухани бостандыққа жету деп санады.
Бастапқы христиандық қауымның құрамы негізінен қоғамның төменгі
таптары – құлдар, қайыршылар, кедейлер және тағы басқалардан тұрды. Алайда
ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қауымдарда сенаторлық және әскери ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz