«Турбо паскаль жүйесінде бір өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы»


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігі
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университеті
«Қолданбалы информатика» кафедрасы
Тақырыбы: «Турбо Паскаль жүйесінде бір өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы»
Тексерген: Миркасимова Т. Ш.
Орындаған: АЖ мамандығы
1 курс студенті, 102 топ
Омаров Өмірбек
Алматы 2008ж
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
I Негізгі бөлім . . . 6
1. 1 Идентификаторлар, айнымалылар, тұрақтылар . . . 6-8
1. 2 Программа құрылымы және операторлары . . . 8-11
1. 3 Бір өлшемді массив . . . 11-14
II Есептің қойылымы
2. 1 1-есеп . . . 15
2. 1. 1 Есептің берілгені . . . 15
2. 1. 2 Есептің алгоритмі . . . 15-16
2. 1. 3 Программалау бөлімі . . . 16
2. 1. 4 Есептің жауабы . . . 16
2. 2 2-есеп . . . 17
2. 2. 1 Есептің берілгені . . . 17-18
2. 2. 2 Есептің алгоритмі . . . 18-20
2. 2. 3 Программалау бөлімі . . . 20-21
2. 2. 4 Есептің жауабы . . . 22
III Қорытынды бөлім . . . 23-24
IV Пайдаланған әдебиеттер . . . 25
Кіріспе
Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968 жылы Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры Никлаус Вирт жасады.
Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль (3. 0 нұсқысы) программалау тілі пайда болды. Содан бері Паскаль жалпыбілімдік, кәсіптік-техникалық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында «бірінші» программалау тілі ретінде қолданыла бастады.
Турбо Паскаль тілін пайдаланудың қарапайымдылығынан пайдаланушылар арасында кең орын ала дастады.
Келе-келе Турбо Паскаль 4. 0, ТП 5. 0, ТП 6. 0, және ТП 7. 0 нұсқаларының дүниеге келуі кәсіпкер қолданушының еңбектегі өнімділігін арттыруға мүмкіндік беруге, қолданбалы есептерді шығаруда қолдануға үлкен үлес қосты. Енді осы тілдің ерекшелігі бірсыпыра мүмкіндіктерге толы болып келетінін ерекше атап өту қажет.
Бағдарламалау тілі дегеніміз - адам мен компьютердің(ЭЕМ) өзара байланыс жасасу құралы. Бағдарламалау тілі екі топқа бөлінеді: таза машиналық кодпен, не белгілі бір машина кодына арналып ассамблерде жазылған тіл- төменгі дәрежедегі және жоғарғы дәрежедегі адам тіліне жақындатылған Basic, Qbasic, Ci, Turbo Pascal т. б. көптеген бағдарламалау тілдері. Мемлекеттік бағдарлама бойынша осы тілдерден Basic, Turbo Pascal, Visual Basic тілдерінің бірін меңгеру ұсынылған. Паскаль бағдарламалау тілі француз математигі Блез Паскаль құрметіне аталған. Ол 1968-1971 жылдарда Никлаус Вирттің Цюрихтағы Жоғарғы Техникалық мектепте оқыту тілінің бірі ретінде жазылған. Кең қолдана бастауы 1984 жыл, себебі осы жылдары қарапайым қолдануға ыңғайлы Турбо Паскаль компиляторы пайда болады. Ол Borland International компаниясында жасалды. Компилятор дегеніміз транслятордың бір түрі, ал транслятор дегеніміз белгілі бір компьютер мен бағдарламалау тілі түріне арналып жазылғанбағдарлама, оның міндеті жазылған бағдарламаны машиналық кодқа айналдыру.
Тілдің алфавиті басқа тілдермен салыстырғанда құрылымы жағынан түсінікті, себебі оның әрбір амалы сипатталып отырады. Тілдің алфавитінің құрамына әріптер, цифрлар және арнайы белгілер кіреді.
- Әріптер ретінде латын алфавитінің 26 әрпі ғана қолданылады. Ұлттық алфавиттегі әріптер: қазақ, орыс т. с. с. тек апострофқа алынып жазылады, жоғарғы үтірге алынған сөз тіркестері немесе жүйелі жақшаға алынған түсініктеме ретінде ғана кездеседі.
- Цифрлар: 0, 1, 2, . . . 9.
- Аранайы белгілерге төмендегі белгілер жатады.
а. Арифметикалық амалдардың белгілері:
Мысалы: 10 div 3 амалының нәтижесі 3, 10 mod 3 нәтижесі 1.
ә. Қатынас белгілері:
б. Айыру белгілері:
_(бос орын), . , ; , :, (, ), [, ], {, }, , ,
Тілдің қарапайым құрылымына сан, идентификатор, тұрақты, айнымалылар, функция және өрнек ұғымдары кіреді. Программада амалдардың орындалуына қажетті мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литералдық) мәндік шамалары болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болу үшін бұл шамалардың мәндерінің өзі емес, оны белгілеу атаулары - идентификаторлар қолданылады. Бұл атаулар әр түрлі мәндерді, сандық мән, символдық мән, және т. б., т. с. с. қабылдағандықтан, олардың типі деген ұғым енгізіледі. Енді осы мәселеге тоқталайық.
Программадағы мәліметтердің мәндері Паскаль тіліндегі келісімді мәліметтердің бір түріне жатуы мүмкін. Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір түрмен, ғана сипатталады. Тұрақты сандарды сыртқы пішініне қарап-ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар программаның сипаттау бөлігінде анықтала жазылып көрсетіледі. Мәлімет типтері қарапайым құрылымды-скалярлық және күрделі құрылымды-скалярлық шамалар болып екіге бөлінеді. Бұл мәліметтердің әрқайсысының 4 түрі бар. Қарапайым скалярлық: бүтін - Integer, нақты - Real, логикалық - Boolean, символдық - Char, ал күрделі структарлық массивтер - Array, жазбалар - Record, жиындар - Set, файлдар - File болып бөлінеді.
Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді. Бүтін оң және теріс сандардың жазылуы да қарапайым: 6, -40, 1999, 0, т. с. с Бұтін сандар - 32768 бен 32767 аралығында ғана болады. Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегі нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы: 3. 023, -1. 264, 5. 0, -23, 94.
Ал өте үлкен немесе кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар түрінде жазылады. Мысалы: -2. 65Е-0. 6, 3. 9У+04, 61Е-02, -5ЕЕ+08.
Мұндағы Е әрпі «10-ның дәрежесі» деген мағынаны білдіреді. Санның бүтін бөлігі нөлге тең болса, ол жазылмайды, ал санның таңбасы оң болса, + белгісі қойылмайды. Нақты сандар -1Е-38-ден 1Е38-ге дейінгі аралыкта бола алады. Мәндері бұл аралықтан шығатын сандар үшін арнайы тәсілдер қолданылады.
Логикалық немесе бульдік тип “Boolean” сөзі арқылы өрнектеледі. Бұл типтегі шама екі мәннің біреуін ғана қабылдай алады:
TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) .
Логикалық амалдың үш түрі бар:
- AND - логикалық «және»;
- OR - логикалық «немесе»;
- NOT - логикалық «емес».
Бұл амалдардың мәндері төмендегі қатынастар бойынша анықталады:
TRUE AND TRUE=TRUE
TRUE AND FALSE=FALSE
FALSE AND TRUE=FALSE
FALSE AND FALSE=FALSE
TRUE OR TRUE=TRUE
TRUE OR FALSE=TRUE
FALSE OR TRUE=TRUE
FALSE OR FALSE=FALSE
NOT TRUW=FALSE
NOT FALSE=TRUE
Символдық немесе литерлік типтегі берілген “CHAR” сөзімен жазылады. “CHAR” типтегі шамаларды арифметикалық өрнектерге қолдануға болмайды.
I Негізгі бөлім
1. 1 Идентификаторлар, айнымалылар, тұрақтылар
Идентификаторлар атаулар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды т. б. обьектілерді белгілеу үшін қолданылады. Идентификатор - белгілі бір міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегі. Оның ұзындығы 8 символдан тұрады. Мысалы: Х, Х1, SERN45T3, ALFA99, P31PS161 т. с. с.
Идентификатор стандартты және бей стандартты «өзіміз берген атау» болып бөлінеді. Стандартты атаулар тілдің обьектілерін белгілеу үшін қажет, оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек, мысалы: TRUE, FALSE, BOOLEAN, REAL, ABS, SIN т. б. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын түйінді сөздер де стандартты идентификаторға жатады, мысалы: ARRAY, PROGRAM, BEGIN, VAR, CONST т. с. с.
Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификатордан өзгеше болуы керек, мысалы: SURET1, CENA, MATERIAL, 2. 25 т. с. с. Біздің келтіріп отырған мысалдарымызда тек латын алфавитінің үлкен не кіші әріптерін ғана пайдалануға рұқсат етілген.
Айнымалылар деп - программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, кез келген уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Айнымалылардың белгіленулері: D, X1, X2, GAMMA, SUMMA т. с. с.
Айнымалыларды сипаттау VAR түйінді сөзінен басталады. Одан кейін типі көрсетілген айнымалылардың атауы көрсетіледі. Мысалы:
VAR
X, y, z: integer;
A, b, c: real;
D, r: char;
Meli, bol: boolean;
мұндағы қос нүктеге дейінгі атаулар - сипатталатын айнымалылар идентификаторлары, соңғы сөз олардың стандартты типтері.
Тұрақтылар «константа» деп - программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек, ал сипаттау бөлімінде идентификаторды белгілегеннен кейін мәнді беретін боламыз. Тұрақтылар: INTEGER, REAL, BOOLEAN, CHAR түріндегі мәндерді қабылдай алады. Символдық тұрақтылар апостровқа алынып, ішіндегі таңбалармен жазылады. Мысалы: ‘A’. Логикалық түрдегі тұрақтылар - TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің біреуіне ие бола алады. Жалпы түрі:
Const <Айнымалының аты>=<мәні>
Мысалы:
Const a=3; pi=3. 14; g=9. 8;
Тұрақтыларды анықтау Const түйінді сөзі арқылы немесе сөзінен кейін оларды сипаттап жазудан басталады. Әрбір тұрақты сипатталған соң (; ) белгісі қойылады. Турбо Паскаль тілінде мән ретінде осыған дейін анықталған тұрақтылар мен стандартты функциялардан тұратын өрнектерді де пайдалануға болады. Мысалы:
Const
Xmin=1; xmax=20; ymax=5*amax;
A= ‘b’; q=ord(‘r’) -ord(‘m’) ;
Тұрақтылардың типі сәйкес мәннің типіменен анықталады.
Стандартты функциялар математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін ең алдымен функцияның аты, сосын жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі керек. Паскаль тіліндегі стандартты функциялар:
SGN(x) - санның таңбасы.
Бұл тізімде жоқ функцияларды есептеу үшін әр түрлі түрлендіру формулаларын пайдалану керек. Мысалы:
Tg[=sin(x) /cos(x) ;
Chx=(exp(x) +exp(-x) ) /2;
Arcsinx=ARCTAN(x/SQRT(x) ) ) ;
Arctgx=ARCTAN(1/x) ;
Log5x=ln(x) /ln(5) ;
Өрнектер деп - арифметикалық амаладрадың таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтыларды жиынын айтады. Өрнектерді есептеу барысында амалдардың орындалу реті жақшалармен көрсетіледі. Мысалы:
Программадағы белі оның бөліктерінің біртіндеп орындала бермей, белгілі бір жағдайларға байланысты кейде алға, не соңына оралу керек екендігін білдіреді. Сондай-ақ басқа бір жолдарға сілтемесі бар бөліктерде ғана белгілер орналасады. Белгілер LABEL белгі сөзінен басталады да, одан кейін программада қолданылатын белгілер жазылады. Белгі ретінде 0-ден 99-ға дейінгі оң бүтін сандар және идентификаторлар пайдаланылады. Жазылу үлгісі:
LABEL N1, N2, N3, … NK;
Мысалы:
LABEL 1, 5, 20, p1, st;
Операторлар бөлігіндегі бір қатарға қойылған белгі келесі сөз тіркестерінен қос нүкте (:) арқылы ажыратылып жазылады.
1. 2 Программа құрылымы және операторлары
Паскаль тілі блокты құрылымдардан, яғни программа жеке блоктардан құралған. Жалпы блок оның тақырыбынан, сонан соң сипаттамалық және операторлық бөліктерден тұрады. Блоктың тақырыбын әркім өз қалауынша қояды, бірақ ол блоктың ішкі мазмұнына байланысты болуы қажет. Блок программаны, процедураны немесе функцияны көрсетуі мүмкін.
Программа тақырыбы PROGRAM сөзінен және программаның атауынан тұрады. Турбо Паскальдың 7-ші нұсқасында программа тақырыбын жазбай-ақ қойса да бола береді. Сипаттаманы беру бөлігі программада кездесетін барлық мәліметтерді хабарлауға және соларды сипаттауға арналған. Кей жағдайда сипаттау бөлігінің жоқ та болуы ықтимал. Программаның операторлық бөлігі берілген алгоритмді жүзеге асырады және ол BEGIN түйінді сөзінен басталады да, END сөзімен аяқталады.
Программаның жазылу құрылымы:
PROGRAM Аты;
Мәліметтердің аты;
Мәліметтердің типін көрсетіп сипатау;
Олардың мүмкін мәндері;
BEGIN
Операторлар тізбегі;
Нәтижелер тізбегі;
END.
Мұндағы PROGRAM - программа, BEGIN - программаның басы, END - программаның соңы деген мағынаны білдіреді. (; ) белгісі операторларды бір-бірінен ажырату үшін жазылады, бірақ ол соңғы оператордан кейін қойылмайды. Программаның соңы END сөзінен кейін ғана (. ) қойылады, ол программаның аяқталғанын білдіреді.
Операторлар програманың BEGIN және END түйінді сөздерінің аралығында орналасады. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатыніс-әрекетті анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Оларды жазылу ретіне қарай бір-бірінен нүктелі үтір (; ) арқылы ажыратып жазады. Экран бетінде бірнеше мәлімет орналастыру кезінде бір жолға бірнеше операторды жазуға болады. Керек жағдайда жолдардың арасында не соңында жүйелі жақшаға алынған түсініктеме сөздерді қазақша әріптерімен терген орынды.
Операторлар қарапайым және құрмалас болып екіге бөлінеді. Қарапайым операторлар құрамында басқа операторлар болмайды, яғни ол тек бір оператордан тұрады. Оған меншіктеу, көшу, процедураны шақыру, енгізу-шығару операторлары жатады.
Құрмалас операторлардың құрамына бірнеше қарапайым операторлар енеді, олар: шартты, таңдау, үш цилдік операторлар болып бөлінеді.
Турбо Паскаль 7. 0 ортасында жылдам басқару перенелері төмендегідей:
1. 3 Бір өлшемді массив
Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген жиыны массив деп аталады. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элментіне индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады. Егер массивке кестелік берілгендер жазылса, матрица, онда элементтері екі индекс бойынша нөмірленеді.
Массив сипаттамалары:
- Типі - массив элементтерінің жалпы типі;
- Көлемі - массви индексінің саны;
- Шектелімі - әрбір индекстің шектеу бойынша сәйкестігі;
- Пішімі - көлем және шектеулер жиындары.
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында., массив атауының кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады.
Массивтерді қолдану үшін оларды типтер немесе айнымалыларды сипаттау бөлімінде хабарлану қажет.
Берілген массвитің кез келген элементтеріне арифметикалық операцияларды салыстыру және меншіктеу операторларын қолдануға болады. Сонымен қатар, массивтерге Турбо Паскаль программалау тіліндегі айнымалы типіне сәйкес келетін барлық стандартты процедуралар және функциялар қолданылады.
Массивтің кез келген бір элементіне нәтиже беру үшін, меншіктеу операторы қолданылады.
ЭЕМ-нің жадында сандардың бір-бірімен байланысқан көптеген мәндерін сақтау үшін индексті айнымалылар, яғни массивтер қолданылады. Массив дегеніміз - бірыңғай шамалар тізбегінің бір атаумен аталып реттелген жиыны. Математикадағы вектор, матрица осы массивке мысал бола алады. Тізбектің айнымалылары бір индексті элементтерден тұрса, онда бір өлшемді массив болады. Олардың индекстері сандармен немесе белгілі бір әріптермен жақша ішінде жазылады, мысалы: А(1), С(12), К(100) . Массивпен жұмыс істеу үшін оның әр элементінің мәні белгілі болуы тиіс. Сондай-ақ массивтің идентификаторы /аты/ да жай айнымалының идентификаторы сияқты белгіленеді.
Массив дегеніміз - бір типтегі берілгендер жиыны. Басқаша айтқанда, массив - бір атауға біріктіріліген айнымалылардың реттелген тізбегі. Айнымалылардың - массив элементтерінің типтері бірдей болады. Массив бір ғана атпен беріледі. Сөйтіп, Паскаль тіліндегі массив ұғымы алгоритмдік тілдегі кесте ұғымына сәйкес келеді.
Паскаль тілінде типтер қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым типке - стандартты, саналатын, шектейтін типтер жатады. Күрделі типке - массивтер, жиындар, жазулар, жолдар және файлдар жатады. Күрделі типтің элементтері қарапайым немесе күрделі типтер болуы мүмкін. Күрделі типті енгізу программаны күшейтеді және күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелерді, фамилия тізімдерін көп пайдаланамыз, олар бір өлшемді (жатық немесе тік жол), екі өлшемді (матрица) массив болуы немесе жиын болуы мүмкін.
Паскаль тілінде жеке айнымалыларды ғана өңдеп қоймай, айнымалылардың жиынын, тобын да өңдеуге болады.
Индекс типі стандартты, бүтін немесе нақты тип бола алмайды. Программада «индекс» және «индекстің типі» . ғымдарын шатастыруға болмайды.
Индекс типі массивті бейнелегенде пайдаланылса, индекс массив элементтерін белгілеу үшін операторлық бөлікте пайдаланылады. Индексті бейнелегенде қандай тип берілсе, индекс сол типте ғана болуы тиіс.
Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты болып берілуі мүмкін.
Сондықтан да көп жағдайларда массивтерді индексті айнымалылар деп те атайды. Ал индекссіз айнымалыларды массивтерден ажырату үшін қарапайым айнымалылар дейді. Базалық типтегі айнымалыларға қандай амалдар қолданылса, массив элементтеріне де сондай амалдар қолдануға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz