Ресейдің отарлауы алдындағы Қазақстан


МАЗМҰНЫ
Патшалық Ресейдің отарлық-саяси өктемдігінің күшеюі және 1867-
1868 жылдардағы әкімшілік-құқықтық реформалар
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болып, аяғынан тік тұру жолында өзінің дамуның жаңа белестерді меңзейтін бағыттарға талпыныстар жасау үстінде. Бұл жолда тарих тәжірибесінің, ата-бабаларымыз ұрпақтарына ізеттеп қалдырған, кешегісі мен бүгінгісінің ең асыл, ең сүбелі, нағыз прогресшіл, демократияға толы қасиеттерінің берері көп. Осынау бай мәдени-рухани қазынаны игеру - жаңа ұрпақтарды тәрбиелеуде, олардан Отанды сүю, патриоттық рухтарын қалыптастыруда мейілінше маңызды. Тарихқа, өткенімізге, оның бастауларына, тәжірибеге қаншама терең үнілсек, соғырлым қоғамдағы қазіргі жағдайды түсінетін, білетін боламыз. Мұның өзі өткеннен тәлім алғызады, тарихи шындықты бұрмалауға жол бермейді. Мұндай асқақ міндеттерді тарихи тамыры берік, өзінің өткен сындырлы жалпы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, тілін, дінін құрметтейтін, менталитеті мықты мемлекеттер ғана өз дәрежесінде шеше алуы мүмкін. Қазақ халқының тарихи танымы мол, үлкен мәдениеттерді бойына тоғыстырған халық екенін ескерер болсақ, тарихи сабақтастықтан аттау, елімізді дұрыс жолдан адастыруға апарып соғары хақ. Қазақ халқының жүріп өткен жолында, халық санасында әлі сарқылмай сақталып келе жатқан үлгі тұтар жәдігерліктер баршылық. Оның қатарына адамдық пен имандылық, демократиялық қасиеттері басым, нәрі мол дәстүрлі қазақ құқығын жатқыза аламыз. Қазақстан Ремпубликасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Ең алдымен, қазақ өз тағдырының тізгінін өзгеге ұстатқан кезден бастап әдет-ғұрып құқығының жүйесі күйреуге ұшыраған. Он тоғызыншы ғасырдың өзінде-ақ далалық әдет-ғұрып құқығын әкімшілік және сот реформалары іс жүзінде ауыздықтап үлгерді» [1, 33 б], - деп ескерте отырып, «Ендігі жерде бәріміз бір атаның - Қазақ халықының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміздің де туған жеріміз біреу - ақ - ол жалпақ қазақ даласы», «біз өзіміздің арғы-бергі ата-бабаларымыздың жүздеген буынының қалдырған өсиетін ақтап, мұраларын сақтап, молайта беру жолында топтасуға тиіспіз [2, 77; 87 бб], - деп сындарлы бағыттар береді.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігіне ие болған күннен бастап тарихи сабақтастықты қайта жалғап, тарих шындығын қайта ашуға қол жеткізді. Бұл бағытта шаралар да жүзеге асырылып жатар. Осындай үлкен мемлекеттік денгейдегі атқарылып жатқан іс - шараның қатарына «Мәдени мұра» және «Тіл туралы» бағдарламаларды жатқызуға болады. Осы бағдарламалар өткен тарихымыз бен құқықтық жүйеміздің көптеген ақтандақ беттері мен бұрмаланған тұстарын толықтырары даусыз. Бұл бағыттағы іс шаралар болашақта да күшейтіле отырып, нағыз қазақи болмысымызды қалыптастыруға үлкен жәрдем етеді. Әсіресе, патшалық Ресей мен Кеңестік дәуірде жол берілген олқылықтар мен озбырлықтар әшкереленіп, өзінің шынайы көрінісін табу үстінде. Сондықтан да, мұндай зерттеулер өзекті де маңызды болып есептеледі.
Дәстүрлі қазақ құқығының мыңдаған жылдар бойы өз қоғамына адал қызмет етіп келгенімен, мәжбүрлеу мен озбырлық саясаттар өз дегенін істегенімен, бірақ ділімізді өшіре алмады. Қазақ қоғамының бір қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз еткен әрі бүкіл қоғам болып қолдап - қуаттаған құқық жүйеміздің маңыздылығы қазіргі кезде тайға таңба басқандай ақиқат екендігі көрініп тұр. Кешегі «2008 жыл 22 - 23 мамыр айында ҚР Жоғарғы соты мен «Интелектуал - парасат заң» компаниясы бірігіп өткізген «Қазақ билер соты - бірегей сот жүйесі» тақырыбындағы халықаралық конференция шешімдері де мұны мақұлдады. Сол себепті де, бұл зерттеу жұмысы өте өзекті болмақ.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Кеңестік дәуірде патшалық Ресейге Қазақстаннның қосылуы прогрессивті, дана шешім ретінде бағаланғаны баршаға аян. Әлі күнге, бірлі - жарым тарихшыларымыз бен заңгерлеріміз болмаса, өзгелері бұл тақырыпты сөз еткісі келмейді. Жарыққа шығып жатқан «Қазақстан тарихы» тиіп - қашып, шынайы баға беруден жалтарып жүр. Тек, біртуар адал ұлымыз М. Қ. Қозыбаев көп нәрсені батыл айтуға шақырды. Ол: «История казахского народа долгие годы колониализма была составной частью истории российского государства. Она была глубоко идеологизирована, отдавала душком имперского мышления.
Система запретительной политикой ограничивала источниковедческую базу исследований, осбенно советского периода. Господствовала методология, в основу которой был положен классово - социальный подход ко всем явлением жизни общества, базирующиеся на марксистко - ленинской интерпретации классов, идей об особой роли Россий в истории народов бывшего СССР, мировой истории, ее особом мессианском предназначении. Имперские традиции ставили историков национальных регионов в зависимое положение, история малых народов разрабатывались по запрограммированной идеологической схеме» [3. - 3 - б. ] - деп жазады. Бұл тек тарихшыларға ғана емес, қазақ ғылымының басындағы жәй еді. Алайда заң тану ғылымында С. З. Зиманов бастаған ғұлама ғалымдар қазақ халқының жүйесімен оның институттарын өз шәкірттеріне зерттете бастады. Олардың қатарында Н. Өсерұлы, З. Ж. Кенжалиев, С. Өзбекұлы, М. Құл - Мұхамед, А. С. Ибраева, К. А. Жиреншин, Ж. Р. Бусурманов, Ж. С. Әлдибеков, тағы басқа ғалымдарды атауға болады. Сонымен бірге С. Сартаев, Ғ. Сапарғалиев, М. Т. Баймаханов, т. б. ғалымдарды бұл мәселені өз зерттеулерінде айтып, шынайы бағаларын береді.
Рас, қазақ құқық жүйесіне шын жаны ашып, бозторғайдай шырылдаған Ш. Уәлиханов болса, оны әрі жалғастырғандар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, т. б. болды. Ішінара болса да Л. Ф. Баллюзектің, А. И. Левшиннің, Н. Г. Гродековтың, П. Е. Маковецкийдің, Д. Андренің, т. б. орыс шенеуніктерінің зерттеулерінде шындық аздап та болса айтылып қалады.
Дипломдық жұмыстың объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі объектісі - Қазақстанның Ресей отары кезіндегі құқықтық өзгерістері мен құқықтық қатынастардың сипаты мен ерекшеліктері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні. Дипломдық жұмыстың пәніне - Ресей патшалығы жүргізген әкімшілік - құқықтық реформалар, органдары, орындалу тетіктері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - дәстүрлі қазақ қоғамындағы мемлекеттік басқару жүйесін, әдет - құқық заң нормаларын түбегейлі әңгіме ете отырып қоғам ішіндегі ауызбірлікті, тәртіптілікті ұзақ дәуір бойы қамтамасыз етіп келгенін, алайда патшалық Ресей мен Кеңес үкіметі бұл дәстүрмен санаспай быт- шыт қылғанын анықтау, оның келтірген зияны мен салдарларын ашып көрсету, қазіргі тәуелсіз, егеменді елімізде сол келтірілген олқылықтардың орнын толтырып, пәк те мөлдір қазақ халқының болмысын қайта жаңғырту жолдарын зерделу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу көзделді:
- Ресей боданы болғанға дейінгі қазақтардың құқық жүйесінің түсінігін беру және оның әлеуметтік - құқықтық маңызын ашу; оның қайнар көздері ретінде қоғамдық қатынастарды реттеу нормаларын талдау, демократиялық сипаттарын ашып көрсету;
- Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайына сипаттама беру және билер институтының құқықтық қатынастардағы рөлін айқындап, ондағы билер сотына, билер сотындағы әділсоттық мәселелерді толық ашып көрсету және билердің қазақ қоғамындағы әдет - ғұрып заңын қалыптастырудағы қызметін көрсету;
- Қазақтардың Ресей қоластына кіру себептерін айқындап, Ресей патшалығының отарлық саясатының түпкі мәнін ашып көрсету және империалық заңдарды күштеп - мәжбүрлеп енгізу сатыларын ашу;
- 1867 - 1868 жылдардағы құқықтық - әкімшілік реформаларын нәтижесінің қазақ халқын біржолата тәуелсіздігінен айырып, қайыршылық халге түсіргеннен, патшалық отарлық саясатқа қарсы ұлт - азаттық қозғалыстарының мәні мен мазмұнын ашып сараптау;
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі. Дипломдық жұмыс жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер: диалектикалық, талдау және жүйелеу, тарихи салыстырмалы, функцияналдық, сұрыптау, құқықтық талдау, қисынды- заңдылық, нақтылы - әлеуметтік және сараптамалы бағалау әдістері негізінде жазылды.
Дипломдық жұмыс көшпелі қазақ қоғамының құқық жүйесіне және мемлекеттік құрылымына, сол секілді Ресей мемлекетінің Қазақстанды отарлау саясатын жүзеге асырудағы саяси - құқықтық, әкімшілік- әлеуметтік өзгерістерге қатысты Қазақстан Республикасы Орталық Ғылыми кітапханасының, Қазақстан Республикасының және Ресейдің, Өзбекстанның Орталық мұрағаттары, Қазақстан Республикасының кітапханасының сирек қорында және жекелеген авторлардың қорларындағы деректер басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық белгілі заңгер ғалымдардың, атап айтқанда, С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, М. Т. Баймахановтың, Г. С. Сапарғалиевтың, Н. Өсерұлының, Ж. Н. Кенжалиевтің, А. С. Ибраеваның, С. Өзбекұлының, т. б. еңбектерінің тұжырымдарын негізге алған. Сол секілді елімізге танымал тарихшылар: М. Қозыбаевтың, Т. Омарбековтың, Б. Көмековтың, К. Нұрпейісовтың, К. Рысбайұлының, т. б. еңбектерді көзден таса қылмады. Сонымен бірге ұлттық әдебиет зерттеушілері: М. Мырзахметовтың, Б. Адамбаевтың, С. Нағимовтың, Н. Төреқұлдың еңбектеріне де көп көңіл бөлінді.
Патшалық Ресейдің зерттеуші - шенеуіктері А. И. Левшиннің, Н. Г. Гродековтың, Г. Шангиннің, С. Л. Словохотовтың, т. б. еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың нормативтік базасын - Қазақстан Республикасының Ата Заңы заңнамалары, халықаралық конвенциялар, Президент Жарлықтары мен халыққа Жолдаулары және өзге де нормативтік актілері құрайды.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Сан ғасырлар бойы өміршең әрі демократиялық сипаттарды иеленіп, әдет құқығы мен реттелініп келген қазақ қоғамының Ресей боданы болуының қыр - сырлары осы диссертациялық жұмыста Қазақстан заң ғылымында алғаш рет жаңаша көзқараспен қаралып, зерттеліп отыр. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық механизмдердің Ресей жүргізген құқықтық- әкімшілік реформалардан соң божырап әлсізденіп кетуінің мәні мен себептерін, Кеңестік қызыл империя оның тамырына балта шапқанын, қазіргі таңда тәуелсіз егеменді мемлекетіміз қайта түлетіп, пайдалану мүмкіндіктері кешенді түрде зерттеліп, зерделенеді.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмыстың нәтижелері дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқық жүйесі турасында танымымызды кеңейтуге, билер институты мен билер жайлы терең білуге, Ресейдің өркениет талаптарына сай демократиялық құқық жүйесіне обал жасағанын шынайы бағалауға жол ашады. Дәстүрлі көшпелі қоғам жасаған өркениеттілік құндылықтарды қазіргі кезде құқық қорғаушыларымыз, сот өз тәжірибесінде, құқықтық реформалар жүргізуде, халықты ынтымақтыққа, патриотизмге тәрбиелеуде пайдалануға болады. Дипломдық жұмыс жоғары оқу орындарында мемлекет және құқық тарихы, саяси - құқықтық ілімдер тарихы пәнінен оқытуда пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. РЕСЕЙДІҢ ОТАРЛАУЫ АЛДЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
1. 1 Қазақстанның әлеуметтік саяси жағдайы және ерекшеліктері
Қазақ халқы әлемнің басқа халықтарына тән болған бірегей заңдылықтар негізінде қалыптасқанымен өзіндік ерекшеліктерге ие халық. Өйткені, этногенез процесінің рулық жүйесін ұзақ мезгіл, тіпті осы күнге дейін сақтап келеді. Сондықтан да қазақ халқының өзіндік сипаттарға толы әрі адамгершілік пен имандылыққа құрылған әдет-ғұрып заң нормалары өздерімен бірге біте қайнасып, бірге жасауда.
Рас, қазақ халқы түркі типтес бұтақтан таралып, көптеген этногенездер туыстас саналады. Алайда, олардың күні кеше бөлініп, жеке өз алдына ту тіккендері, халық атанғандарының қазаққа ұқсас әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ұмытылған немесе әлсіреп кеткен.
Тарихи деректерге орай ежелгі қазақ даласын (қазіргі Еуразия деп аталып жүр) көшпелі, мал шарушылығымен айналысқан түпкі бабаларымыз көшіп-қонған. Олардың массагеттер, даилар, иессендондар т. б. деп атаған. Біздің жыл санауымыздан алдыңғы жетінші ғасырлардан бастап, жазба тарихта сақтар деген атпен белгілі бола бастаған. Сөйтіп, қазақ халқының тамыры тереңге, көне дәуірге кетіп, көне халықтар болғанымен әлі күнге дейін шынайы да дұрыс зерттелінбегенін ескертеміз.
Тіпті, кешегі патшалық Ресейде қазақтарды өз атауымен атамай, «қырғыз-қайсақ» деп ресми құжаттарында жазып келді. Мұны дұрыс көре білген Д. Н. Клименец: «Көшпелі қазақтар өздерін әрқашан және кез келген жерде қазақпыз десе де, сондай-ақ, басқа түркі тілдес тайпаларда оларды қазақ деп білсе де, орыс көршілері оларға «қырғыз» деген атты таңды» [4, 142 б. ] - деп жазады.
Қынжыларлығы сол, халқымыздың бұрмаланған аты 1926 жылға дейін сақталды. Тек, Қазақ Республикасы Кеңестерінің V съезіндегі шешімімен ғана «Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы» орнына «Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы» деп аталды.
Тәуелсіз, егеменді Республикамыз да 1991 жылы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес шешімімен «Қазақ КСР» орнына «Қазақстан Республикасы» деп көңілге қонбайтын ат берді. «Қазақстан» жерді, мекенді білдіреді, ал республика иесі - қазақтар. Сол үшін «Қазақ мемлекеті» деп, не болмаса «Қазақ елі» деп атаған жөн сияқты.
Қазақ халқының тарихында жүздердің пайда болуының да өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ халқы «Үш Жүзден» құралады. Үш деген мығымдықтың, тұтастықтың кепілі. Сондықтан да, ошақ үш аяқтан тұрады. Көшпелі тайпалар мен одақтастықтар уақыт өтуімен бір-бірінен ажырап, ал негізінен үш этникалық-аймақтық бірлестікті құрап, өзара ынтымақтас болған Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз ол бірлестікке нұқсан келтірмеді. Әрине, бұл үш этникалық аймақтық бірлестік ұзақ дәуір жемісі. Бірақ, көптеген зерттеушілер айтып та, жазып та жүргеніндей, XV ғасырдың ішінде Жүз пайда болмаған.
Түркі тектес халықтардың алғаш бірігуін біз «Алты Алаштан» бастаймыз. «Алты Алаш» одағына: Өзбек, Қазақ, Қырғыз, Бащқұрт, Түркімен, және Ноғай енген. Бұл этникалық бас қосулар ұзақ дәуірге созылып, Алаш ұраны астында тіршілік еткен. Алаш Одағының көрнекті ғалымы Б. Мұсабаев мұнан 2500 жыл бұрын болған сөзінің жаны бар. Кейінгі уақытта Алаш ұранын жоймай: қазақтың үш жүзі - Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз Өзбек, Қырғыз, Қарақалпақ сақтап қалды, тіпті, Тәуке ханнның қазақтармен бірге Қырғыз бен Қарақалпақ бір одақта болды.
Қазақ жүзі «үлкенді құрметтеу» дәстүріне сай құрылған. Үш жүздің ең үлкені - Ұлы жүз. Ұлы жүздің ішіндегі ру-тайпалар ағалық, үлкендік жолын сақтай отырып, олардың ең кішісінің өзі қалған екі жүзге - Орта жүзге, Кіші жүзге ағалық етуге құқылы. Орта жүзде Ұлы жүзден соң Кіші жүзге ағалық ете отырып, өз ішінде де ағалық ететін тайпа-рулардан тұрады. Ең соңындағы Кіші жүзде де ағалық тәртіп мығым сақталған. Яғни, ағалық етушінің тұрмыс-тіршіліктегі ас пен тойда орынға отыруда, сый-сияпат беруде қатаң сақталды. «Аға тұрып ініге жол берілмеген». Мұндай механизм өзге түркі халықтарында жоқ. Сол секілді «жеті атаға дейін қыз алыспау» дәстүрі де тек қазақтарда ғана сақталып, туыстықты, бауырмалдықты нығайтуда маңызды рөл атқарды. «Қонақжайлылық» дәстүрі де кең ұлан-асыр далада еркін жүріп-тұруға кең жол ашты.
Әрине, қазақ халқы ауылдан тұрып, онда негізінен ет жақын туысқан «ата балалары» қоныстанған. Олардың арасына сырттан келген келімсектердің келуі өте қиын болған. Ауылдан ел құралып, олардан ел құралып шыққан. Осы рулар тайпаларға бірігіп, ру-тайпалар ұлысқа айналған. Ұлыстардан жүз құралған. Қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығы ұзақ мерзім ішіндегі тәжірибеге негізделіп қалыптасқан жайылымдарда көшіп-қонды. Сайып келгенде, қазақ халқы ежелгі заманалардан бар болып, түркі тектес тайпалармен ұзақ тарихи кезеңдерде бірге өмір сүріп, этногенездердің бірте-бірте бірігуі және дамуы нәтижесінде жеке халық болғаны даусыз. Алайда, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діні, тілі бір, психологиялық жағынан өзара жақын әрі белгілі бір аумақта өмір сүріп, тіршілік еткен қазақтар өзге туыстарынан өзгешеленіп, өзіндік топтастық құрғанын да жасыра алмаймыз. Осы айтылған ата-бабаларымыз көшпелі өркениет құндылықтарын жасады. Мұны жасауға Сөз құдіреті мен Заң құдіреті ерекше әсер етіп, оның дамуына қоғамның өзі құштар болды. Нәтижеде, мыңжылдық тарихи ерекшелігі және өміршеңдігінен, адам құқығын қолдаған сипаттарымен алтын қазынаға айналып, ұрпақтар кәдесіне жарады, қазақ халқының құқықтық жүйесіне айналды. Қазақ құқық жүйесінің дамуына үш фактор алғы шарт болғанын академик С. З. Зиманов дұрыс көрсетеді. «Олар: біріншіден, қазақтар және олардың ата-бабалары мекендеген Еуразиялық континенттегі жердің байтақ кеңдігі. Қазақ Республикасы бүгінгі күні аумағы бойынша әлемде 9-орында, 2, 72 млн. шақырым, ал 200-300 жыл бұрын бұдан да үлкен - 1, 5 - 2, 0 есе аумақты алып жатқан. Екіншіден, көбінесе Шығыстан Батысқа қарай дүниені дүрліктіре ауысқан көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдар мен бірлестіктердің жүздеген жолдарға созылған жолдары, осы Еуразиялық дала арқылы өткен немес одан басталған. Осы ұлы көш барысында, сонымен бірге Орта Азия мемлекеттік құрылымдарының ауысуы және ыдырауы барысында, олардың бір бөлігі осы Қазақия деп аталатын «еркін» аумақты мекендейді. Олар өзіндік мәдени - демократиялық, әдеттік - құқықтық дәстүрлерді ала келді. Үшіншіден, осы ұлан - байтақ кең даладағы соғыстар мен жаугершілік этномәдени шеңберінде қорғау және өзін - өзі нығайту идеяларына ұласты. Қазақ даласындағы бытыраңқылықтың, өзара араздастықтың бірте - бірте бірігушілік идеяларына қарай ойысуы елдегі қоғамдық қатынастардың бір қалыпқа түсуіне және еркіндік, бейбітшілік, ел бірлігі рухынан нәр алған құқықтық ережелердің рөлін арттыра түсті» [5, 11 б. ] - деп қорытындылайды. Дегенмен, қазақ халқы үстерінен басып өткен, не болмаса қоныс тепкен көшпелі қоғамдар мен бірлестіктердің ығында қалмай, қайта оларға өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сіңіре алды.
Сол себепті де әрдайым қазақ даласындағы құқықтық әлемнің негізі «Дала заңдарының» (әдет-ғұрып заңдарының) билігі болды. Оны сақтаушы әрі қорғап, дамытушылары билер болды. Билік дәстүрдің дамығаны сонша, хан ордасынан бастап, ең төменгі звено ауылдарда да билер қызмет етті. Нәтижеде, билер ақиқаттың ақ туын көтеруші, әділдіктің қорғаушы өкілдері ретінде халық санасынан орын алды. Сөйтіп, билер яғни сот ғасырлар бойы билік пен ел басқарудың мәні де, сәні де болды. Би - көшпелі қазақ қоғамындағы көсемі, білгір де ел қамқоршы тобына айналды. Халық билерді дәріптеп, атын аңызға айналдырды. Билер қоғам санасына дала демократиясының өзіне ғана тән ерекшеліктері мен «адамтану» мәдениетін, оған қоса тұрмыстық салт-сананы қалыптастырды. Адамтануда әуелі ар-ұят жоғары қойылды. Билер, «мал сақтама - ар сақта», «малым - жаным садағасы, жаным арым садағасы» деп, халықты пәктікке, адалдыққа, әділдікке шақырды. Бұл идея билер сотында тұрақты көрініс тапты. Сол себепті де қазақ құқығы халықтың тыныс-тіршілігін, өзегімен қисындас, халықтың өзіне етене жақын болды.
Сондықтан да, сан ғасырлар бойы қалыптасқан дағды бойынша қоғамның ішкі тәртібін әдет-ғұрып құқық жүйесімен жүргізе отырып, ауызекі ұрпақтан ұрпаққа өсиет, үлгі, шежіре ретінде тапсырып отырды. Мұндай үлгілер қазақтың өткен болмысын қаз-қалпында сақтауға мүмкіндік берді, әрі тәлім - тәрбие алып баруда оңтайлы болды. Қоғамдық тәртіптен бастап, ас пен тойда, халық жиналған жерде бұл заң заңдылықтар бұлжытпай сақталды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz