Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасы



Ақша нарығында тұрақтылыққа, шетел валютасына сұраныстың тепе-теңділігіне және инфляцияның бақыланатын деңгейіне қол жеткізу валюталық операцияларды жүргізу кезінде жекелеген шектеулерді алуға бағытталған валюталық режимді ырықтандыруға деген жаңа тәсілдерді шығару, уақыт және халықаралық тәжірибе талаптарына сәйкес валюталық операцияларды реттеудің өзге де әдістерін қолдану қажеттілігін тудырды. Осы тұжырымдама валюталық саясатты ырықтандыру процесінің бастапқы сатысы ретінде емес Қазақстанның 2030 дейінгі даму стратегиясы шеңберінде оның жалғасы ретінде қарастыру қажет, өйткені валюталық нарықтың бір ізді қалыптасуы және осы салада жаңа қатысушылардың пайда болу барысында ырықтандырудың белігілі бір сатысы өткен болатын. әлемдік экономиканың глобализациялануы және халықаралық қаржы операцияларының өсуі жағдайында капитал қозғалысын ырықтандыру әлемдік экономикаға белсенді интеграциялану артықшылығын барынша пайдаланғысы келген елдер үшін экономикалық дамудың бірден бір және қажетті шарты болып табылады.
Қазақстандағы валюталық режим Ұлттық валютаның айырбас бағамының режимі. Ұлттық валютаны - теңгені енгізу кезеңінде алтынвалюта қорларының елеулі тапшылығы сақталды. Ұлттық валютаның белгіленген айырбас бағамының саясаты теңгенің ішкі тұрақтылығын қолдап тұру мәселесін шеше алмас-еді және белгіленген дәрежеде халықтың теңгеге деген сенімсіздігінен туындатқан шетел валютасына күрт өсіп жатқан сұраныс жағдайында оның құнсыздану қарқынын ұстап тұра алмас-еді.
Өтімді валюталық нарықты қалыптастыру және теңгенің басқа шетел валюталарына айналымдылығын қолдау мақсатында 1994 жылдың қаңтарынан бастап барлық кәсіпорындар үшін тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан түскен түсімнің 50%-ін міндетті сату уақытша енгізілген болатын. Мұндайда осы тәртіп шетел капиталының қатысуымен жаңадан құрылған кәсіпорындарға қолданылмады. Осы норма 1995 жылдың 10 маусымынан бастап 30%-ке дейін төмендеді, ал 1995 жылдың 4 тамызынан бастап жойылды. Бұған себеп ретінде бір мезгілде теңгенің АҚШ долларына қатысты құлдырау қарқынының төмендеуі, теңгеге сенімнің арта түсуі, сондай-ақ жаңа табыс түсіретін қаржы құралдарын енгізу болды. Осы жағдайларда инфляция және құлдырау қарқынын одан әрі төмендету мақсатында өзгермелі айырбас бағамының реттелетін режиміне көшу туралы шешім қабылданған болатын. 1998 жылы Ресейде болған қаржы дағдарысының салдары теңгенің құлдырау қарқынын жылдамдатуға және қолма-қол шетел валютасы нарығында теңге бағамының кенет құбылуына .келіп соқты. Мұндайда Қазақстанның сауда әріптестері - елдерінде, ең алдымен Ресейде ұлттық валюталарының едәуір құлдырауы теңгенің нақты құлдырауына 2 себепші болды және қазақстандық экспорттың бәсекелестік позицияларының төмендеуіне жағдай жасады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасы

Кіріспе

Ақша нарығында тұрақтылыққа, шетел валютасына сұраныстың тепе-
теңділігіне және инфляцияның бақыланатын деңгейіне қол жеткізу валюталық
операцияларды жүргізу кезінде жекелеген шектеулерді алуға бағытталған
валюталық режимді ырықтандыруға деген жаңа тәсілдерді шығару, уақыт және
халықаралық тәжірибе талаптарына сәйкес валюталық операцияларды реттеудің
өзге де әдістерін қолдану қажеттілігін тудырды. Осы тұжырымдама валюталық
саясатты ырықтандыру процесінің бастапқы сатысы ретінде емес Қазақстанның
2030 дейінгі даму стратегиясы шеңберінде оның жалғасы ретінде қарастыру
қажет, өйткені валюталық нарықтың бір ізді қалыптасуы және осы салада жаңа
қатысушылардың пайда болу барысында ырықтандырудың белігілі бір сатысы
өткен болатын. әлемдік экономиканың глобализациялануы және халықаралық
қаржы операцияларының өсуі жағдайында капитал қозғалысын ырықтандыру
әлемдік экономикаға белсенді интеграциялану артықшылығын барынша
пайдаланғысы келген елдер үшін экономикалық дамудың бірден бір және қажетті
шарты болып табылады.
Қазақстандағы валюталық режим Ұлттық валютаның айырбас бағамының
режимі. Ұлттық валютаны - теңгені енгізу кезеңінде алтынвалюта қорларының
елеулі тапшылығы сақталды. Ұлттық валютаның белгіленген айырбас бағамының
саясаты теңгенің ішкі тұрақтылығын қолдап тұру мәселесін шеше алмас-еді
және белгіленген дәрежеде халықтың теңгеге деген сенімсіздігінен туындатқан
шетел валютасына күрт өсіп жатқан сұраныс жағдайында оның құнсыздану
қарқынын ұстап тұра алмас-еді.
Өтімді валюталық нарықты қалыптастыру және теңгенің басқа шетел
валюталарына айналымдылығын қолдау мақсатында 1994 жылдың қаңтарынан бастап
барлық кәсіпорындар үшін тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан түскен түсімнің
50%-ін міндетті сату уақытша енгізілген болатын. Мұндайда осы тәртіп шетел
капиталының қатысуымен жаңадан құрылған кәсіпорындарға қолданылмады. Осы
норма 1995 жылдың 10 маусымынан бастап 30%-ке дейін төмендеді, ал 1995
жылдың 4 тамызынан бастап жойылды. Бұған себеп ретінде бір мезгілде
теңгенің АҚШ долларына қатысты құлдырау қарқынының төмендеуі, теңгеге
сенімнің арта түсуі, сондай-ақ жаңа табыс түсіретін қаржы құралдарын енгізу
болды. Осы жағдайларда инфляция және құлдырау қарқынын одан әрі төмендету
мақсатында өзгермелі айырбас бағамының реттелетін режиміне көшу туралы
шешім қабылданған болатын. 1998 жылы Ресейде болған қаржы дағдарысының
салдары теңгенің құлдырау қарқынын жылдамдатуға және қолма-қол шетел
валютасы нарығында теңге бағамының кенет құбылуына .келіп соқты. Мұндайда
Қазақстанның сауда әріптестері - елдерінде, ең алдымен Ресейде ұлттық
валюталарының едәуір құлдырауы теңгенің нақты құлдырауына 2 себепші болды
және қазақстандық экспорттың бәсекелестік позицияларының төмендеуіне жағдай
жасады.
1999 жылдың сәуірінде шетел валюталарына теңгенің еркін өзгермелі
айырбас бағамының режимін енгізу қаржы нарығының тепе-тең жағдайын қолдап
тұру қажеттілігін тудырды, сөйтіп Ұлттық Банк экспортерлер үшін тауар
(жұмыс, қызмет) экспортынан түскен түсімнің 50%-ін міндетті сату жөніндегі
міндеттемелерді белгілеу тәжірибесін қайта қолданды. Осымен бір мезгілде
жеке тұлғалардың коммерциялық банктердегі теңгелік салымдарын және
зейнетақы қорларының теңгелік активтерін сақтау бойынша шаралар қолданды.
Осының барлығы, нәтижесінде валюталық нарықта шетел валютасы ұсынысының
ұлғаюына және дағдарыстан өтуге мүмкіндік берді және әлемдік тауар
нарықтарында қолайлы жағдайлар кезінде одан шығу жолы 1999 жылдың
қарашасында экспорттан түскен валюта түсімінің бір бөлігін сату туралы
талапты жоюға жол берді.
Валюталық реттеу және бақылау саласындағы заңдар бекіткен, шетел
валютасын пайдалануға байланысты операцияларға әкімшілік бақылаудың басқа
да шаралары қолдануда. 1993 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңында шектеусіз жүзеге асырылатын ағымдағы
валюталық операциялардың тізбесі белгіленген болатын. Қалған өзге
операциялар капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылды және
олар бойынша Ұлттық Банк шектеу енгізуге құқылы еді.
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды
лицензиялау. 1996 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан
Республикасының жаңа Заңында капитал қозғалысына байланысты және валюталық
құндылықтардың резиденттерден резидент еместерге көшуін (ауысуын) көздейтін
валюталық операциялар (олардың тізбесі осы заңда белгіленген болатын)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде лицензияланатыны белгіленді.
Мұндайда, Қазақстан Республикасының валюта заңдарында сыртқы экономикалық
қызметтің барлық субъектілері үшін, олардың ұйымдық-құқықтық нысанына және
экономика саласына қарамастан, валюталық операцияларды лицензиялау
тәртібіне бір ізге салынған амалы көзделді.
2000 жылы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
валюталық
құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардың лицензияланатын
түрлерінің тізбесін айқындайтын мынадай толықтырулар енгізілді:
1) бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасына қызмет
көрсету;
2) резиденттердің шетелдік банктерде және олар тіркелген мемлекеттің
заңдары бойынша тиісті құқыққа ие өзге де қаржы институттарында есепшоттар
(Қазақстан Республикасының валютасындағы есепшоттарды қоса алғанда) ашу;
3) резиденттердің шетелге инвестициялары (банктердің брокер-дилерлік
қызметін қоспағанда);
4) резиденттердің резидент еместердің пайдасына жылжымайтын мүлікке
мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
5) резиденттердің резидент еместердің пайдасына импорт мәмілелері
бойынша 120 күннен астам мерзімге тауарлар, жұмыс және қызмет үшін аванстық
төлемді, сондай-ақ тауарларды (жұмысты, қызметті) экспорттау күнінен бастап
120 күннен астам резиденттердің тауар (жұмыс, қызмет) экспортын төлеуге
валюталық түсімді алу мерзімін асуды көздейтін есеп айырысуларды жүзеге
асыру үшін аударымдар;
6) резиденттердің резидент еместерге 120 күннен астам мерзімге
кредиттерді ұсыну;
7) резидент резидент еместен кредит ретінде алатын шетел валютасын
үшінші тұлғалардың есепшотына есепке алу.
Қаржы нарығының дамуымен және оның жаңа қатысушыларының пайда болуымен
капитал қозғалысына байланысты операцияларды реттеуге және есепке алуға
қолданылған тәсілдер өзгерді және олардың тізбесі валюта заңдарына
енгізілген өзгерістерге сәйкес кеңейген болатын.
Лицензиялау қаржы және сауда операцияларын жүзеге асырған кезде
.кімшілік
тосқауылдың бірі болып табылатындықтан валюталық реттеу тәжірибесінде
валюталық нарыққа ықпал етудің өзге әдістері қолданылатын болған. Сөйтіп,
лицензиялау қажеттілігі туралы талап капитал қозғалысына байланысты
валюталық операциялардың мынадай түрлеріне қолданылмайды: зейнетақы
активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;
жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша
халықаралық аударымдар. Бұл осы бағыттағы пруденциалдық реттеу рәсімін
жетілдіруге байланысты.
Сонымен қатар, лицензияны алу үшін мемлекеттік органдардың тізбесі
қысқарды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты лицензияланатын
операциялардың тізбесінен мыналар алынып тасталды:
- экспорт-импорт мәмілелері бойынша баламасы 5 мың АҚШ долларынан
аспайтын мөлшерде капитал қозғалысына байланысты операциялар;
- халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында
эмиссиялаған бағалы қағаздарға резиденттердің инвестициялары;
- резидент еместен кредит ретінде алынатын шетел валютасын үшінші
тұлғалардың есепшоттарына: (1) мемлекеттік және мемлекет кепілдігін берген
кредиттер; (2) есеп айырысудың құжаттамалық нысанын пайдалануды көздейтін
шетелдік банктерден тартылған мемлекет кепілдік бермеген кредиттер; (3)
экспорт-импорт мәмілелерін қаржыландыру мақсатында тартылған, экспорт
кредиттері бойынша шетелдік агенттіктерде сақтандырылған (белгіленген
тізбеге сәйкес) мемлекет кепілдік бермеген кредиттер бойынша есепке алуды
көздейтін операциялар.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар үшін валюталық
операцияларды лицензиялаудың жеңілдетілген тәртібі енгізілді, атап айтқанда
осы заңды тұлғалар үшін мұндай операцияларды жүргізуге бас лицензияны алу
құқығы көзделді.
Қолма-қол шетел валютасын шетке шығару және шеттен әкелу. ҚР
резиденттері – жеке тұлғалар үшін жақын уақытқа дейін Қазақстан
Республикасынан тыс шетке шығарылатын валютаның пайда болғаны туралы
құжаттарды растамастан баламасы 3 мың АҚШ доллары сомасында қолма-қол шетел
валютасын шетке шығару нормасы белгіленген болатын. ҚҰБ нормативтік
құқықтық актілеріне енгізілген өзгерістерге сай осы норма 10 мың АҚШ
долларына дейін өсті.
1999 жылы енгізілген қолма-қол шетел валютасының номиналдық құнының 1%
мөлшерінде заңды тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын шеттен әкелуге
салынатын кеден баж салығы 2001 жылғы 23 мамырдан бастап алынып тасталды.
Ішкі валюталық нарықта шетел валютасын сатып алу негіздемелері.
Резидент – заңды тұлғалар үшін ішкі валюталық нарықта шетел валютасын сатып
алу негіздемелерінің 4 тізбесі кеңейтілді. Резидент емес - заңды тұлғалар
үшін ағымдағы валюталық операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған қаражатқа
ҚР ішкі валюталық нарығында шетел валютасын тек теңгемен сатып алу бойынша
шектеу алынды.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларды тіркеу. Резидент
еместерден республикаға мүліктің (қаражаттың) түсуін көздейтін капитал
қозғалысына байланысты валюталық операцияларды тіркеу ережесіне сәйкес
мынадай операциялар бойынша тіркеу және есепке алуды ұйымдастыру тәртібі
белгіленді: 1. қаржы лизингін қоса алғанда, 120 күннен астам мерзімге
резидент еместерден кредиттерді алу;
2. резидент еместердің 120 күннен астам мерзімге резиденттердің экспорт-
импорт операцияларын кредиттеу;
3.резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей және портфельдік
инвестициялары;
4.резиденттердің интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты
толық тапсыруға резидент еместердің төлеуге аударымдары;
5. резидент еместердің жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге
аударымдары.
Тіркеу шектеу болып табылмайды, ол есепке алу сипатында болады және
сенімді әрі уақтылы статистикалық есепті және елдің төлем балансы мен
сыртқы борышының жай-күйіне талдау жасау үшін жүргізіледі.
Қазақстанда валюталық режимді одан әрі ырықтандыру мәселелері
Валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға арналған алғы шарттар соңғы
жеті жыл ішінде Қазақстанда мұнай мен ыңғайлас газды шығару шамамен екі есе
өсіп, 2001 жылы 40 млн. тонна болды. Сонымен қатар, кертартпа болжамдар
бойынша
шығарылатын мұнай қорларының нақты көлемі 2010 жылға жылына 100 млн.
тоннаға жетіп, екі жарым есеге өсетіндігі болжанып отыр. 2001 жылы баға
дүмпуінің сыртқы .әсерінен туындаған ағымдағы есепшот балансының
нашарлауына қарамастан ағымдағы есепшотты шегергенде ШТИ таза ағымы ІЖӨ-нің
5% деңгейінде оң сақталуда. Жаңа кенорындарды барлау және өнеркәсіптік
пайдаланудың басталуы Қазақстанға ШТИ-дың одан арғы ағымын қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар, сыртқы қаржыландырудың өсу қарқыны жалпы алғанда және
"Қателер мен жіберулер" есепшоты бойынша нетто-шетке кетуінің бір ізді
төмендеуі қазіргі уақытта капиталды республикадан тыс жерлерге әкеткеннен
Қазақстанға инвестициялау пайдалы болып отырғанын айтуға болады. Осы
жағдайларда резиденттердің капиталды шетке шығаруға шектеуді сақтау
экономикаға капитал ағымының дисбалансын туындатады және мынадай теріс
зардаптарға соқтыруы мүмкін:
а. Айырбас бағамының еркін өзгермелі саясатын сақтаған кезде шетел
валютасының мүмкін болатын артық ұсыныстары айырбас бағамына оның
номиналдық жағына қысым көрсетеді, яғни нақты қымбаттайды. Бұл, басқа да
тең жағдайларда өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетіне
теріс әсерін тигізеді.
б. Экономиканың шикізат емес секторының бәсекелестік қабілетінің
нашарлауы экономиканың салалық шоғырлануының күшеюіне .келіп соқтырады және
нәтижесінде Қазақстанның экономикасын баға дүмпуінің сыртқы әсеріне одан
бетер осал етеді және экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді мақсаттарына қол
жетуіне қосымша қиындықтар туғызады.
в. Теңгенің тұрақты нақты бағамын сақтаған кезде Ұлттық Банктің ішкі
валюталық нарықта артық шетел валютасын сатып алуы ақша массасының өсуіне
әкеліп соқтырады. Соның нәтижесінде, егер ақша ұсынысының ұлғаюы оларға
нақты сұраныстың өсуімен орны толтырылмаса, инфляцияның төмен қарқынын
ұстап тұрумен қиындықтар туады; не Ұлттық Банк айналыстағы артық теңге
массасын алып тастайтын борыштық құралдарды қолдану барысында шығын
көтереді.
Орташа алғандағы болашақта төлем балансының тұрақтылығына қол жету
валюталық реттеу саясатының акцентін капиталдың кері ағымына қатаң
бақылаудан мынадай мәселелерді шешу арқылы қаржы құралдарын тартудың және
пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатына жұмылдыруға рұқсат етеді:
1. Оптимальды табыстылыққа қол жету мақсатында инвестициялық портфельді
түрлендіру және инвесторлар тәуекелдерін түрлендіру үшін жағдайларды жасау
қаражатты оның ішінде шетел активтеріне салу үшін құралдар мен
мүмкіндіктердің тізбесін кеңейтуді талап етеді.
2. Республиканың экономикалық потенциалын шетелдік коммерциялық
кәсіпорындарға тікелей инвестициялар есебінен өндірістік-шаруашылық қызмет
мақсатында кеңейту және бұл отандық кәсіпорындардың өндірістік базасын
ұлғайтуға, жаңа перспективті нарықтарға кіруге және транзакциялық
шығындарды қысқартуға мүмкіндік туғызады.
3. Ішкі қор нарығын дамыту және инвестициялудың жаңа, күрделі
құралдардың пайда болуы резидент еместердің белсенді қатысуынсыз мүмкін
емес.
4. Қаржы емес секторының валюталық қаражатты тартуы тек заем
қаражатындағы қажеттілікпен ғана емес, сондай-ақ к.сіпорынның сыртқы
берешекке уақтылы қызмет көрсету мүмкіндігімен, яғни төлем қабілетімен
негізделуі тиіс.
5. Қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру нарығын дамыту
Валюталық операцияларды тіркеу
Қазақстандағы валюталық реттеуді талдау
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қаулысы
Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар туралы
ВАЛЮТА БАҒАМЫН ТҰРАҚТАНДЫРУҒА ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктердің валюта операциялары
Қазақстан Республикасындағы валюта саясаты және валюталық операцияларды жүргізу
Пәндер