Органикалық химия туралы ақпарат



1. Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және маңызы
2. Органикалық химия
3. Химиялық құрылыс теориясы
4. Молекуланың химиялық құрылысы
5. Изомерлену құбылысы
6. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының дамуы мен маңызы
Әдебиеттер тізімі
Органикалық заттар адамға өте ертеден таныс болды. Себебі адамның өмір сүруіне ең қажетті заттар — ішетін тағам, киетін киім, жағатын отын, т.б. органикалық заттар еді. Уақыт өте келе адамдар табиғи органикалық шикізатты өңдеп, өз қажетіне пайдалануды үйрене бастады. Ерте кездің өзінде-ақ адамдар тамақ пісіруді, тері илеуді, жарақаттарын жазатын дәрілер (майлар) дайындауды, малдың сүтін өңдеуді, сусындар дайындауды білді. Бертін келе адамдар өсімдіктерден бояулар алып, тері мен матаны бояуды, қант өндіруді, сабын жасауды, сірке суы мен өсімдік майын алуды үйренді. Осылай адамның пайдаланатын заттары көбейіп, өндіретін өнімдерінің саны өсе берді.
Алғашқыда адамдар шығу тегіне байланысты заттарды минералды, өсімдік тектес және жануар тектес деп үш топқа бөлді. XIX ғасырдың басында аналитикалық тәсілдер арқылы өсімдік тектес заттар мен жануар тектес заттардың құрамдары және қасиеттері ұқсас екені байқалды. Олардың бәрінің құрамында көміртек атомдары болатыны дәлелденді. Осы кезден бастап заттарды жінералды және органикалық деп екіге бөлді.
Көміртектің қосылыстары туралы ғылым XIX ғасырдың басында пайда болды. Швед ғалымы Й. Берцелиус 1808 жылы тірі организмнен алынатын заттарды «органикалықк заттар» деп, ал оларды зерттейтін ғылымды «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Бірақ ол органикалық заттар ерекше «тіршілік күшінің» әсерінен тірі организмдерде ғана пайда болады деп есептеді. Мұндай ғалымдардың түсініктері виталистік көзқарас болды (лат. vita — «өмір» деген сөз) және ол кезде барлық органикалық заттардың негізінде көміртек атомы жататыны белгісіз болды. Виталистік ілім органикалық заттардың адам қолымен алынуын жоққа шығарып, органикалық химияның дамуына кедергі келтірді.
Көп уақыт өтпей-ақ көптеген органикалық заттар синтезделіп, жасанды жолмен алына бастады. Неміс ғалымы Ф. Велер 1828 жылы бейорганикалық зат — аммоний цианатынан мочевинаны (несепнәр) синтездеді. Сол сияқты орыс ғалымы Н. Зинин анилинді (1842 жылы), неміс ғалымы Г. Кольбе сірке қышқылын (1845 жылы), француз ғалымы М. Бертло майды (1854 жылы), орыс ғалымы А. Бутлеров қантты заттарды (1861 жылы) синтездеп алды. Осылай органикалық заттарды да бейорганикалық заттар сияқты лабораторияда алуға болатыны дәлелденді.
Бұл ғалымдардың еңбектері органикалық және бейорганикалық заттардың араларында тығыз байланыс бар екендігін және олардың бір-біріпе айналулары мүмкін екендігін көрсетті.
Органикалық химияның жеке ғылым ретінде бөлінуінің басты себебі, органикалық заттардың бәрінің құрамына көміртек атомы кіреді және олардың саны өте көп, түрлері әр алуан. Тағы бір себеп — органикалық заттардың бейорганикалық заттармен салыстырғандағы қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты. Үшінші себеп — адамдардың тіршілігі мен іс-әрекетінде органикалық қосылыстардың маңызы зор. Сонымен қатар органикалық заттар биологиялық жағынан маңызды. Тірі организмдерде жүретін процестер органикалық заттардың қатысында өтеді. Биологиялық процестердің жүруін реттеп, катализдеп отыратын гормондар, витаминдер, ферменттер — органикалық қосылыстар. Ішетін тағамымыз, негізінен, органикалық заттар. Киетін киіміміз, жағатын отынымыз да органикалық заттардан тұрады. Дәрі-дәрмектер мен жуғыш заттар, қағаз бен бояулар, синтездік каучук пен резеңке, желім мен лак, жарылғыш заттар мен органикалық тыңайтқыштар, т.б. органикалық заттарға жатады.
1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Органикалық химия

Жоспар
1. Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және маңызы
2. Органикалық химия
3. Химиялық құрылыс теориясы
4. Молекуланың химиялық құрылысы
5. Изомерлену құбылысы
6. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының дамуы мен маңызы
Әдебиеттер тізімі

Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және маңызы.
Органикалық заттар адамға өте ертеден таныс болды. Себебі адамның өмір
сүруіне ең қажетті заттар — ішетін тағам, киетін киім, жағатын отын, т.б.
органикалық заттар еді. Уақыт өте келе адамдар табиғи органикалық шикізатты
өңдеп, өз қажетіне пайдалануды үйрене бастады. Ерте кездің өзінде-ақ
адамдар тамақ пісіруді, тері илеуді, жарақаттарын жазатын дәрілер (майлар)
дайындауды, малдың сүтін өңдеуді, сусындар дайындауды білді. Бертін келе
адамдар өсімдіктерден бояулар алып, тері мен матаны бояуды, қант өндіруді,
сабын жасауды, сірке суы мен өсімдік майын алуды үйренді. Осылай адамның
пайдаланатын заттары көбейіп, өндіретін өнімдерінің саны өсе берді.
Алғашқыда адамдар шығу тегіне байланысты заттарды минералды, өсімдік тектес
және жануар тектес деп үш топқа бөлді. XIX ғасырдың басында аналитикалық
тәсілдер арқылы өсімдік тектес заттар мен жануар тектес заттардың құрамдары
және қасиеттері ұқсас екені байқалды. Олардың бәрінің құрамында көміртек
атомдары болатыны дәлелденді. Осы кезден бастап заттарды жінералды және
органикалық деп екіге бөлді.
Көміртектің қосылыстары туралы ғылым XIX ғасырдың басында пайда болды. Швед
ғалымы Й. Берцелиус 1808 жылы тірі организмнен алынатын заттарды
органикалықк заттар деп, ал оларды зерттейтін ғылымды органикалық химия
деп атауды ұсынды. Бірақ ол органикалық заттар ерекше тіршілік күшінің
әсерінен тірі организмдерде ғана пайда болады деп есептеді. Мұндай
ғалымдардың түсініктері виталистік көзқарас болды (лат. vita — өмір деген
сөз) және ол кезде барлық органикалық заттардың негізінде көміртек атомы
жататыны белгісіз болды. Виталистік ілім органикалық заттардың адам қолымен
алынуын жоққа шығарып, органикалық химияның дамуына кедергі келтірді.
Көп уақыт өтпей-ақ көптеген органикалық заттар синтезделіп, жасанды жолмен
алына бастады. Неміс ғалымы Ф. Велер 1828 жылы бейорганикалық зат — аммоний
цианатынан мочевинаны (несепнәр) синтездеді. Сол сияқты орыс ғалымы Н.
Зинин анилинді (1842 жылы), неміс ғалымы Г. Кольбе сірке қышқылын (1845
жылы), француз ғалымы М. Бертло майды (1854 жылы), орыс ғалымы А. Бутлеров
қантты заттарды (1861 жылы) синтездеп алды. Осылай органикалық заттарды да
бейорганикалық заттар сияқты лабораторияда алуға болатыны дәлелденді.
Бұл ғалымдардың еңбектері органикалық және бейорганикалық заттардың
араларында тығыз байланыс бар екендігін және олардың бір-біріпе айналулары
мүмкін екендігін көрсетті.
Органикалық химияның жеке ғылым ретінде бөлінуінің басты себебі,
органикалық заттардың бәрінің құрамына көміртек атомы кіреді және олардың
саны өте көп, түрлері әр алуан. Тағы бір себеп — органикалық заттардың
бейорганикалық заттармен салыстырғандағы қасиеттерінің ерекшеліктеріне
байланысты. Үшінші себеп — адамдардың тіршілігі мен іс-әрекетінде
органикалық қосылыстардың маңызы зор. Сонымен қатар органикалық заттар
биологиялық жағынан маңызды. Тірі организмдерде жүретін процестер
органикалық заттардың қатысында өтеді. Биологиялық процестердің жүруін
реттеп, катализдеп отыратын гормондар, витаминдер, ферменттер — органикалық
қосылыстар. Ішетін тағамымыз, негізінен, органикалық заттар. Киетін
киіміміз, жағатын отынымыз да органикалық заттардан тұрады. Дәрі-дәрмектер
мен жуғыш заттар, қағаз бен бояулар, синтездік каучук пен резеңке, желім
мен лак, жарылғыш заттар мен органикалық тыңайтқыштар, т.б. органикалық
заттарға жатады.
Тамақ, фармацевтика, талшық, каучук, резеңке, пластмасса, шайыр (смола),
бояу өнеркәсіптері, газ, мұнай, көмір өндіру мен өңдеу органикалық химия
өидірістерінің негізгі салалары болып табылады.
Берцелиус Йенс Якоб (1779—1848) Швед химигі. Химияның негізін қалаушылардың
бірі. Органикалық зат, органикалық химия және катализ ұғымдарын
енгізді. Органикалық қосылыстардың элементтік құрамын анықтаумен айналысты.
45 химиялық элементтің атомдық массаларын анықтады. Церий (1803 жылы),
селен (1817 жылы), торий (1828 жылы) элементтерін ашты. Химиялық
элементтердің қазіргі қолданылып жүрген таңбалары мей химиялық
қосылыстардың формулаларын енгізді (1814 жылы). Бейорганикалық химияның
заңдарын органикалық қосылыстарға алғаш қолданды. Химия оқулығын (1843
жылы) жазды және жыл сайын шығатын Химия мен физиканың жетістіктерін
шолуды құрастырып отырды.
Велер Фридрих (1800-1882) Неміс химигі. Органикалық химияның негізін
қалаушылардың бірі. Изомерлену құбылысын зерттеді, көптеген жаңа
қосылыстарды алудың жолдарын тапты. 1828 жылы циан қышқылының аммоний тұзын
буландыру арқылы мочевинаны синтездеп, алғаш рет бейорганикалық заттан
табиғи органикалық қосылысты жасанды жолмен алуға болатынын көрсетті.

Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен
түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын
зерттейтін саласы. Органикалық химияның органикалық заттардың синтезі мен
құрылымын анықтауда, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдардың
кеңістіктік орналасуын және химиялық реакция механизмін белгілеудегі
мүмкіндіктері шексіз. Сонымен қатар ол ғылым мен техниканың жаңа
салаларының пайда болуына және дамуына ықпал етеді. Органикалық химия
терминін алғаш 1808 жылы швед химигі И.Берцелиус (1779 – 1848) ұсынған. Бұл
термин ол кезде тек тірі организмдермен ғана байланыстырылып түсіндірілді.
19 ғасырдың аяғында көптеген зерттеулер нәтижесінде органикалық қосылыстар
синтезделіп, ол түсінік жоққа шығарылды. Органикалық химияның ғылым ретінде
дамуы осы кезден басталады. Органикалық химияның дамуында 1861 жылы
А.Бутлеров ашқан органикалық заттардың құрылыс теориясы маңызды орын алады.
Осыған байланысты органикалық химияға химиялық байланыс, молекулада
атомдардың байланысу реті, олардың өзара әсері, т.б. жаңа ұғымдар енді.
Бутлеровтың құрылыс теориясы осыған дейін белгісіз болып келген изомерия
құбылысын толық түсіндіре алды. Одан басқа: типтер теориясы, фрагменттердің
молекуладан өзгеріссіз жаңа молекулаға өтуі, валенттілік ережесі, бензолдық
теория, құрылыс, изомерия құбылысы, молекуладағы атомдардың кеңістіктік
орналасуы, атомдардың өзара әсер теориялары, т.б. көптеген жаңалықтар
органикалық химияны одан әрі дамытты. 20 ғасырдың басында талдаудың жаңа
физикалық әдістері жасалып, жетілдірілді: хроматографиялық, ЭПР, рентген,
құрылымдық талдау, масс-спектроскопия, ядролық-магниттік резонанс,
инфрақызыл және ультракүлгін-спектрометриясы, т.б. Бұл әдістер химиялық
әдістерді қолданбай-ақ, күрделі органикалық заттардың құрылымын тез және
дәл анықтау мүмкіндігін берді.
Этилформиат
1915 – 1916 жылдары химияға кванттық механика әдістерін қолдануға
байланысты органикалық қосылыстарда электрон және оның тығыздығының таралу
табиғатын түсінуге мүмкіндік туды (мезомерия және резонанс теориясы). 20
ғасырдың 2-жартысында тізбекті реакциялар теориясы, қышқыл-негіз және
гетерогендік катализ теорияларын түсінуге жол салған зерттеудің кенетикалық
әдістері қолданыла бастады. Әсіресе сұйық отын тапшылығы туғанда Бергиус
реакциясы арқылы көмірді сұйық көмір сутектерге гидрлеу орын алды (1912 –
1913). Полимерлер химиясы кең өріс ала бастады. 1897 – 1999 жылдары
полимерлеу нәтижесінде каучук, медицина мен техникада қолданылып жүрген
бластомерлер алынды. Ал 1936 жылы синтетикалық полимерлер найлон, тефлон
синтезделді. Полимерлер химиясы жоғары молекулалы қосылыстар деп аталатын
химияның үлкен бір саласына айналды. Органикалық химияда бояулар химиясы
ерекше орын алады. Бұл саланың дамуында неміс химик-органигі А.Гофман (1818
– 1892) лабораториясының еңбектері зор болды. 1856 жылы ең алғашқы
синтетикалық бояғыш – мовеин, ал 1858 жылы фуксин алынды. Бояғыш заттар
фотография ісінде кеңінен қолданыла бастады. Қазақстанда органикалық химия
өткен ғасырдың 30-жылдарынан дами бастады.
Цефуроксим
Оның негізін салушы ғалымдар: А.Ш. Шәріпханов, И.Н. Назаров, И.Н. Азербаев,
Т.І. Шомбалов, Н.Н. Воронцов болды. Олар өз зерттеулерін екі бағытта
жүргізді: жаңа органикалық заттар синтездеу және Қазақстан өсімдіктерінің
химиялық құрамын зерттеу. Зерттеулердің мақсаты синтез жолымен және
өсімдіктер дүниесі негізінде дәрілік, биологиялық белсенді заттар алу.
Қазақстанның органик ғалымдары гетероциклді және ацетилен қосылыстары
негізінде нәзік органикалық синтезді жүзеге асырып, дәрілік препараттар
“Рихлокаин”, “Алмакаин”, “Цефедрин”, “Пирикаин”, “Просидол”, өсімдік тектес
препараттар “Алхидин”, “Рамон”, “Сүттіген”, т.б. синтездеп, өндіріске
енгізді. Органикалық химия басқа пәндермен (биохимия, агрохимия, медицина,
т.б.) тығыз байланысты. Ол тірі организмдердегі биохимиялық процестерді
анықтап, көптеген ауруларды емдеудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік
береді. Органикалық химияның жетістіктері қазіргі кездегі өндірісте
(өсімдік өсуін реттеуіштер, бояу, жасанды каучук, жанармай өндіру) кеңінен
қолданылады.
Химиялық құрылыс теориясы
XIX ғасырдың бірінші жартысында қарқындап дамып келе жатқан өнеркәсіпке
қажет көптеген органикалық заттар (әр түрлі бояулар, дәрі-дәрмек, жарылғыш
заттар, т.б.) алынып, зерттеле бастады. Сондықтан жинақталған тәжірибелік
материалдарды жүйелеп түсіндіретін ілім қажет болды. Сол кезде көптеген
мәселелер түсініксіз болды. Мысалы, Екі ғана элемент — көміртек пен
сутектен тұратын қосылыстардың саны неге өте көп (СН4, С2Н2, С2Н4, С2Н6,
С6Н6 және т.б.)?, Бұл қосылыстардағы көміртек атомдарының валенттіктерін
қалай түсіндіруге болады?, Құрамдары (формулалары) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері
Химия сабақтарында ойын әдістері арқылы қатысушылардың танымдық қызметтерін оңтайландыру
Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Оқушылардың өзара бағалауы
Химияны оқыту әдістемесі құрылымы
Химиялық өндірістерді оқыту әдістемесі
Модульдік оқыту технологиясын Көмірсутектер тақырыбын оқытуда қолдану
Аналитикалық химия функциялары
Пәндер