Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетінің алдын -алудағы әлеуметтік- педагог қызметінің жүйесі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының себептері
және оған әсер ететін жағдайлар 4
1.1. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының себептері 5
1.2. Әлеуметтік педагог қызметінің жұмыс ерекшеліктері 14
1.3. Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшелігі
оның қылмыстық іс.әрекетінің алдын.алу шаралары 20
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29

КІРІСПЕ.
Бүгінгі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жылдан-жылға екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық айтылып отыр. Бұл тарапта ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында бәсекеге қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық міндетті нақты қоюының өзі де мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-қатынас қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқындағаннан туындап отыр. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену киелі келешектің мағызды сатысы. Ал, басты мақсаттың одан биік болуы заңдылық. Межені бағындыру негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан көрініс табуда. Оларды жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеу қоғамының міндетінің бірі болып табылдаы. Жасөспірімдердің тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамының, мектеп, ата-ана, ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері әрекеттерін алдын-алу қажет. Қазақстан ғалымдарының жалпы кәмелетке толмағандар қылмысының нақты материалдарға сүйене отырыпжазғанК.А.Бегалиев,К.А.Вайсберг,Ө.С.Жекебаев,С.Х.Жадбаев,Е.І.Қайыржанов,М.С.Нарықбаев,С.А.Шапинова және басқада көрнекті ғалымдар еңбектерінде баса көңіл бөлінген.Сонымен қатар белгілі педагогтар:А.С.Макаренко,А.В.Сухомлинский.т.б.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бочарова В.Г. Социальное воспитание учащихся. – М., 1991.
2. Донцев И.А. Самовоспитание личности. – М., 1984.
3. Корчак Я. Как любить ребенка. – М., 1990.
4. Кочетов А.И. Как заниматься самовоспитанием. – Минск, 1991.
5. Кони И. Ребенок и общество. – М., 1990.
6. Рожков М.И. и др. Концепция социализации ребенка в работе детских организаций. – М., 1991.
7. Права ребенка. Основные международные документы. – М., 1992.
8. Яковлев Ю. Ваши права, дети. – М., 1992.
9. Мудрик А.В. Социальная педагогика. – М., 1994.
10. Орсаева Р.Ә. Кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстығымен қылмыстық құқықтық күрес шараларының тиіміділігі. (дисс.)
11. Тилеубергенов Е.М. Криминалистические проблемы использование психолого-педагогических знаний при расследований преступлений несовершенолетних. (дисс.) – А., 1998.
12. Жарықбеав.Д.Р. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылығы алдын алу құқықтық тәрбиенің ролі. Юриспруденция сериясы. Вестник КазНПУ Юриспренденция-2006 №1(7)-57- 62б Библогр-6 атауы.
13. Жұмабаев.С. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылығының алдын алуға тырысудамыз.Заң газеті 2005-22-қараша (№152)-2б.
14. Дулатбеков.Н.О. Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау. Астана. Фалимант 2002 214-228б.
15. Әбкенов М.Т. кәмелетке толмағандардың жауап кершілік ұғымы құқықтық тәрбиелеу ерекшелігі.Семей мемлекеттік педагогикалық институтнын хабаршысы 2006№1 57-59 бет Библиогр 5 атау
16. Ерменбетова.Л. Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшелікетрі. Заң 2002№8 58-60 бет
17. Абдрасулов.Е.Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылығын алдын- алу. Заң 2005№6 21-23 бет
18. Төлемісова.Т. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылығын алдын алу ерекшеліктері. Заң газеті 2006 24-наурыз №51-52 2-б
19. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылығының профилактикасы мен балалрдың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы. Қазақстан Республикасын заңы. Егемен Қазақстан 2004 31-шілде.
20. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау әрбір азаматтың парызы. Мұғалім және заң 2005№3 7-9б.
21. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. -Алматы: Жеті жарғы 2004-504 б
22. Қазақстан Республикасының Конституциясы. -Алматы Жеті жарғы 1998-100 бет
23. Макаренко А.С. Ата-аналар 1958-103б.
24. Основы социалъной педагогикой. В.И.Загвязинский Москва 2002
25. Социалъная педагогика. Журнал -2003№1-4
26. Проблема эстетического воспитания подростков-1994.
27. Утенов Ж.Ж. Ролъ пердварителъного расследования в предупереждении прступлений несовершеннолетних Дисс Алматы -1998-196с.
28. Қазақстан мектебі Алматы 2004№1-3
29. Педагогика.Журнал 2002№4-6
30. Кочетов А.И.Специфика воспитания трудных подростков. -М.,1970

Курстық жұмыс
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛДЫН -АЛУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-
ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЙЕСІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының себептері
және оған әсер ететін жағдайлар 4
1.1. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының себептері 5
1.2. Әлеуметтік педагог қызметінің жұмыс ерекшеліктері 14
1.3. Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшелігі
оның қылмыстық іс-әрекетінің алдын-алу шаралары 20
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер 29
КІРІСПЕ.
Бүгінгі қоғамызда Қазақстанның даму қарқыны жылдан-жылға екпінді
серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық
айтылып отыр. Бұл тарапта ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жолдауында
бәсекеге қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық
міндетті нақты қоюының өзі де мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-
қатынас қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқындағаннан туындап
отыр. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену киелі келешектің мағызды
сатысы. Ал, басты мақсаттың одан биік болуы заңдылық. Межені бағындыру
негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің
барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмысының сан-салалығы олардың
күнделікті қылмысынан көрініс табуда. Оларды жаңа рухта, жаңа көзқараста
тәрбиелеу қоғамының міндетінің бірі болып табылдаы. Жасөспірімдердің
тағдыры мемлекетіміздің алдында, бүкіл қоғамының, мектеп, ата-ана,
ұстаздардың келешек ұрпаққа білім беру, өз құқығын білуге үйрету, кері
әрекеттерін алдын-алу қажет. Қазақстан ғалымдарының жалпы кәмелетке
толмағандар қылмысының нақты материалдарға сүйене
отырыпжазғанК.А.Бегалиев,К.А.Вайсбе рг,Ө.С.Жекебаев,С.Х.Жадбаев,Е.І.Қай ыржано
в,М.С.Нарықбаев,С.А.Шапинова және басқада көрнекті ғалымдар еңбектерінде
баса көңіл бөлінген.Сонымен қатар белгілі
педагогтар:А.С.Макаренко,А.В.Сухомл инский.т.б.
Зерттеудің өзектілігі: Жалпы білім беретін мектептерде кәмелетке
толмаған жасөспірімдердің қылмыстық іс-әрекетін алдын-алу.
Негізгі идеясы: Кәмелетке толмағандар мен жұмыс жасау.
Зерттеудің объектісі:
Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні:
Кәмелетке толмаған жасөсірімдер мен әлеуметтік педагогикалық жұмыстар
жүйесі.
Зерттеудің мақсаты:
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс-әрекетін алдын-алудағы қылмыстық
себептерді тудыратын жағдайларға талдау жасау және теориялық тұрғыдан
жүйелеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының себептері және оған әсер
ететін жағдайларды айқындау.
2. Әлеуметтік педагог қызметінің жұмыс ерекшеліктерін сипаттау.
3. Кәмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшеліктері оның қылмыстық
іс-әрекетін алдын-алу шаралары.
1. 1. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ БҰЗУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОҒАН ӘСЕР
ЕТЕТІН ЖАҒДАЙЛАР
Кәмелетке толмағандардың арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы
кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтың мемлекетке қадам басқан шақта
қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі
болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рух
та, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен
бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады.
Олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтың
актілердің мазмұнымен қолданылуы осыған қарай анықталады. Заң мен сот
алдында жұрттын бәрі тең. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала
мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу
ата ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толмаған еңбекке қабілетті
балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті делінген.
Бесіктен белі шықпай жатып әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек
қараған балалардың жат әрекетіне баруына байланысты себеп не? Кім
кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре түзеліп кетер деп
жат қылық істеген баласының әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма?
Болашақ тағдыры бейтарап қалдырмайтын кез-келген адамның осы сұрақа
жауап іздеуі бесенеден белгілі.
Қазіргі қоғам жастардан үміт күтуде. Оларға мектеп те тәрбиеге
шақырып, білім алуына жағдайлар жасауға заман талабына байланысты жастарға
білім беру басты мемлекетіміздің міндеті жас болашақ ұрпақтарымыз білімді,
саналы азамат болып шығу,озық мемлекеттердің қатарына қосылу.
Кәмелетке толмаған жасөспірім бойында ес біле бастағанан қалыптасып
қызғушылық, кей жағдайда есейе келе үлкен өкініштерге әкеліп соғып жатады.
Олай дейтініміз-кей ата- ана ойнап жүріп қасындағы баласының қолына
іліккен ойыншығын алып келген баласына қайдан алдың? – не болмаса апарып
бер деген сұрақ – бұйрықтың орынына керісінше баласына, жат әрекетін
макұлдағандықтан танытса, ол баланың санасына сенім ұялатып келесі сондай
іс-әрекетті қайталауына жол ашады.
Мұндай әрекеттің бірнеше рет қайталаныуы бала бойында қызығушылық
туындатып, менменшілдікке, көрсе қызарлыққа, жат қылықтың бой көтеріп,
досының қолындағысын тартып немесе көрсетпей алу сияқты іс-әрекетін
қалыптастырады. Бұл кішкене бала бойында байқалатын алғашқы ұрлықтың
белгілері деуге болады .
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық, бұзуының өмірде болып жатқан
нақты жағдайларына тікелей байланысты емес.Ол белгілі бір ортаға кездей соқ
немесе жоспарланған түрде тамырлануы . Балалар құқық бұзуының көбінесе
қалада болуы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептерінен түсіндіреді.
Баланың өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі,
ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезу, кері қадамға
алғы шарт бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің
таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақ істейтін
құқық бұзушылыққа,жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады.
Көбінесе бала бойынан, санасынан мықты орын алған қяилы ойша жетіліп
арманын іске асыратын не асыруға асығатын балалар,айналасындағыларды таң
қалдыратынды істеуге талпынады .
Олардың әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы қоршаған
ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқыту, үрейлету
қасақана қылмыс жасауына итермелеу арқылы түсіп кету болып жатады .
Жанұядағы мектептегі тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер,
кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктері байланысып
балалардың тәртібіне одан әрі шиленістіре береді. Жанұядағы кеткен
кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер күрделендіре түседі. Себебі
мектепте де баланың жеке басын сыйламаушылық кездесед. Мектеп мұғалімдері
мен кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қарым-қатынастары ақыл айту мен
ұрысу мен ар-ожданына тию тәрізді педагогикаға жат әрекетерімен
сипаталынады.
Белгілі педагог А.В.Сухомлинский кезінде баланы тәрбиелеудің екі қайнар
көзі бар екенін атап көрсеткен болатын.
Біріншісі – оқушыға, тәрбиеленушіге, саналы түрде әсер ету.
Екіншісі –баланы қоршаған күрделі орта деген.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия мен милиция
орындарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяны дер кезінде анықтап,
тәртіпке шақырмаушылық көптеп кездесіп жатыр. Заң нормасын, бұзушы
үлкендердің тонау, озбырлық сияқты әрекеттерге үйретулері дер кезінде
тосқауылдар қойылмайды. Міне тәрбие жұмыстары осындай формализм,
немқұрайлық, жауапсыздық т.б. Кәмелетке толмағандарға кері әсерін тигізеді.
Қайта тәрбиелеу процесінде ұйымдастыруда педагогтар оқушылардың
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескере білулері қажет. Себебі
қандай да бір педагогтын ықпалдар жасамасын,олар баланың ішкі жан дүниесі
мен сабақтасып жатуы тиіс.
А.В.Сухомлинский көзімен қарайтын болсақ бірінші деп, тәрбие жан-жақты,
нәтижелі болу керек.
Екіншіден баланы қоршаған ортасы өмірдің көлеңкелі жақтарының әсер
етуі – белгілі мөлшерде стихиялы сипат алады.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтар, көбінесе олардың
ересектерге еліктеушілігінен дәлелдей түскендей. Жалпы қылмыстың өсіп
отырғанын байқауға болады.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына,одан әрі қылмысқа қадам басуына
басты себеп әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамңың
қоғамдық белсенділігі, оқуға, спортқа, көркем өнерпаздыққа деген
қызығушылықтарын арттырады. Қоғамдық жұмыспен айналыспайтын кәмелетке
толмаған жасөспірімдер жағымсыз істерге жақын жүреді. Қоғамнан ондағы
қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, кәмелетке толмаған жасөспірімнің бір
себебі болып табылады.
Кәмелетке толмағандар қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті
қылмысынан өз көрінісін табуда.Мұндай да мүліктік қылмысқа баруы 7,8
пайыз, жеке адамның затын ұрлау, 49,4 пайыз, мемлекет және қоғам мүлкін
ұрлауға 1,7 пайыз, тонау мен шабуыл 11,2 пайыз арқылы қылмыс санының
көбеюіне әсер етіп отыр.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер топ құру, топ болып әрекет ету тән.
Кәмелетке толмағандардың ересектерінен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс
жасауы өте сирек баратындығы практикалық тұрғыдан дәлалденген. Бұдан
олардың өз-өзіне сенбеуі ғана емес сонымен олардың достық жөніндегі
түсінітері теріс бағытқа ие болуына қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын
да байқауға болады .
Мысалға А.Ф.Парницевтің мәліметтері бойынша жасөспірімдер тобында
қызғушылық пен еліктеудің жоғары деңгейі, топ мүшелері өз дегеніне көндіру
көңіл күйдің өзгеріуі қылмыстық акт барысында өзге топ мүшелеріне берілуі
байқалады жасөспірімдердің кез-келген тобында қандай да мөлшер болатын
бәрімізге белгілі. Бұл жағдайда адамдардың әсіресе жасөспірімдердің бірдей
еместігін, психофизиологиялық психологиялык қасиеттері тұрғысынан (ерік,
ақыл-ой) әр түрлі болумен түсіндірледі. Кәмелетке толмағандардың
психикасы, жас балалардың да ерсектердің де психикасынан өзгешелік бар,
импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалықа тез түсіп, көңіл күйінін
тұрақсыздығы, өз-өзіне, сенімсіздік өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндану
тән.Олардың бойындағы психикалық қасиетер мәселен, мақсаттылық пен
табандылық, тұрақсыздықа өз-өзіне сенімділік пен сыйламаушылық, сенімсіздік
пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады. Бұл жағдай бала бойындағы
тұракқсыздық құбылмалдығын көрсетеді. Бұл сияқты құбылмалы психикалық
қасиетер-кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсіп
кетіуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл оның айқын дәлелі. Кез келген
жасөспірім өз бетінше әрекет етуге,өзін-өзі реттеуге тәрбиелеуге, қабілетті
өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде таныла отырып, тәрбиеленудің тек
объктісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып танылады сондықтан
кәмелетке толмаған жасөпірімді жай оқытып және тәрбиелеп қана қою аз.
Сондай-ақ оны өзін-өзі тәрбиелеу мен саналы түрде айналысуға үйрету қажет.
Көптеген жағдайлар сыныптас балаларымен өзіне деген нашар қарым-қатынасын,
жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсетін оқушылар да табылады.
Сыныптастарына қанағаттанбағандықтан, олардың қоғамға жат әрекетінен
көрініп, кейде кері әрекеттерге ұрындырады көбінесе, сабақа үлгермеушілік,
құқық бұзуға себепші бола алады. Осыған байланысты педагогикалық
проблемалардың маңызды жақтары туындайды. Жекеленген баланы сыныпта ешкім
жақсы көрмейді, ешкім достасқысы келмейді. Достары мен қатынасының болмауы
ол баланың жеке басына көптеген кері әрекетерін ұялатып, ол тәртібінің
өзгере бастауынан көрінеді. Жекеленіп қалған жалыздық шеккен балалар құқық
бұзушы балалар санын толықтырады.
Жекешеленіп бөлектенген балалар өзіне жақын ортаны тағы да басқа жақтан
іздейітіндіктен қоғамда жолыққан кездейсоқ достарының да өзі сияқты
болмасына кім кепіл.
Кейде ол балалардың құқық бұзып жасы толмағандар комисиясында есепке
тұратындары да болады. Бұл да тәрбиеленуі нашар баланың құқық бұзуына
жағдай жасайды.
Кей кездері мұғалімдердің балаға сенімсіздік пен қарауы үлкен зиянын
тигізеді. Соның нәтижелері баланын өзінің қоршаған барлық дүниеге қалай
болса, солай қарап, мұғалімнің талабын тыңдамай,тік мінезділік, дауыс
көтерушілік, ашу шақырушылық, сияқты қылықтары мен көзге түседі .
Біздің пікірімзіше, балаға мұғалім тарапынан бақылаудың болуы, болса да
нашар болуы тағы да оның тәртіпке зияның тигізбей қоймайды, бір қарағанда
сабақтан қалу, үйге берілген тапсырманы орындамау, сабаққа кешігу, сылтау
ретінде өтірік айту түкке тұрмайтын айғақтар сияқты көрінген мен төбелесу
оның болашаққа тигізер зияны мол.
Мұғалімдердің мұндай әрекетке өз дәрежесінде назар аудармауы бала
бойына еркіндікті дамытып, жауапсыздыққа, немқұрайлыққа деген сенімін
артыра түседі.
Құқық бұзушылыққа басты себеп – баланың пайдалы әспен айналыспауы
десек, жоғарғыда айтып кеткендей оның бос сандалыстан көп өкініштерге
ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М. Бехтеревтың
Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі
еңбекке үйрету керек – деген пікірі мен келісуге болады. Белгілі іс пен
айналысатын баланың құқық бұзушылыққа тек қана кездейсоқ жол мен баратын
да белгілі. Мектепте тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу, көркем
өнерпаздар үйірмесіне қатысу не болмаса спорттық көптеген түрлерімен
айналысу – қазіргі кезде жасөспірімнің әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс
әрине бұл жерде бір бала өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыс пен
күй кешеді деген жаңсақ пікір тумасы керек.
Дегенмен де құқық бұзушы балалардың әдебиетке қызғушылығы өте төмен
дәрежеде екенін көптеген тәжірбиелер – дәлелдей түссе керек. Әр түрлі заман
талабына байланысты ойын түрлері, ойын автаматтарынада балалар қызғушылығын
арттыруы, жеңіл ақша табу, егер ойын автоматтарынан ұтылса үйінен ақша
ұрлау, не болмаса өзінен кіші балаларды ұру оларға зорлық, көрсету арқылы
қалай қылмыс жолына түскенін білмей де қалады. Ата–анасын алдап ақша сұрау,
үйдегі заттарды ұрлап сатуды кәсіп қылады. Соның барлығы қылмыс жасауға
алғашқы қадамын білдіреді.
Құқық бұзған балаларды қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтардан бей
хабарлығы не нәрсені болса да, білуге ұмтылуы, қызығу-талпынудың өте
төмендігі, көптеген зерттеуден өз көріністерін тек қана саяси тақырыпты
оқығандар 5-6 пайыз болса, 15-пайызға үнемі құлаққағыстан соңғы
жаңалықтарды тыңдаған. Ал енді жасөспірімдер қылмыс жасағандар 3 пайыз. Бос
уақытарында көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатындар 12-16пайыз, театрға 3-
6 пайыз, көркем әдебиет оқу 13-пайыз, өнерге қызыққандар 3 пайыз, киноға
бару 95-100 пайыз мүмкімдіктерін құраған. Осы жерде айта кететін жайт
жасөспірімдерді көптеп осындай пайдалы іспен айналысу кәмелетке толмаған
жасөспірімдерінің қылмысын азайтуға кішкене болса да өз ықпалын тигізері
анық.
Тасыған күштері бойына сыймай алып–ұшып тұратын балалар көбінесе өз
маңайына өзіне бейім келетін балаларды жинап топтасып қылмыс істеуге
бұзақылыққа әуес болады. 7-10 жас аралығында жасөспірім тәртібінен
бұзақылыққа тән әрекеті көрген ата – ана, мұғалім оған көп мән бермей жүре
келе қойып кетер деген ойды желеу еткен. Бұл кезде болашақты нәтижесін
беріп жатады, кей кездері. Сол кезден бастап қадағалап отыру, ақыл-кеңес
беру, ата-ана және мұғалім өз тараптарынан ескерту, қылмысқа түсіп кетпеу
жолдарын айқындап, отыру қажет .
Кәмелетке жасы толмағандар қылмысына қылмыстық жауапкершілік жүктеген
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде 15-бабы мен, Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодекісінде өзгерместен өз қалпын сақтау қылмыстық
тиімділік шараларын төмендетеді. Қылмыстың 7-13 жасар балалардың арасында
көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауынан көбеюде. Қазіргі
кезде Республикада кәмелетке жасы толмағандар қылмысы 18,3 пайызды құрайды.
1991 -1995 жыл аралығындағы статистикалық талдау көрсеткіші бұзақылық,тонау
ұрлау сияқты түрлерінін сәл бәсендегенін айтса. Ал 1996 жыл мен салыстырсақ
екі есе өскендігі айтылады. Ал қазір көбейе түсуде . Осыған байланысты
мемлекетіміздің басшысы Н. Ә.Назарбаев Республикамыздың Құқық қорғау
органдарынын басшылары мен аудандық әкімдерінің қатысуы мен өткен кеңесінде
Біздің елімізді-әлеуметтік экономикалық қайта құру демократиялық мемлекет
құруға қадам басқан шақта толқыған криминогендік процестерге соқтығысты.
Бұл – шын мәнінде саяси реформа, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтың өміріне
ерекше қауіп төндіреді деп көрсетті. Тағы айта кететін жайт 9-13 жасында
абайсызда не болмаса қасақана адам өлтірген жасөспірімдерге қандай шара
қолдану керек. Әрине аудандық, қалалық кәмелетке жасы толмағандар ісі
жөніндегі комиссия ондай балалардың ісін өз отырыстарында қарап, одан
кейінгі ғана істі сотқа жібереді. Кей кездері арнаулы мектептерге жіберсе,
кейде жауапкершіліктен босатып жібереді. Мұндай әрекеттер жұртшылықтың
наразылығын туғызып, дауға айналып кездесіп қалып жүр. Сондықтан да 9-13
жас аралығындағы жасөспірімдердің мұндай құқық бұзушылық болған жағдайда
қандай шара қолдану керектігі бүгінгі күннің алдынғы өзекті мәселелерінің
бірі. Жалпы 9-13 жас аралығындағы жасөспірімдер құқық бұзушылықтарын
зерттеген ғалымдар саусақ пен санарлықтай.
Уақыт тілін сәл шегеріп 1920-40 жылдары зерттеген ( П.П.Блонскиий, В.И.
Куфаев, П.И. Любинский) жүгінер болсақ олар құқық бұзушы жасөспірімдер заң
жағынан да зерттеуді де қажет ететін басты объект, екенін алғаш рет атап
көрсетті. Бұл авторлардың пікірінше жасөспірімнің құқық бұзуына, одан әрі,
қылмысқа қадам басуына басты себеп - әлеуметтік-экономикалық факторлардың
әсер етуі деген.
Кейінгі кезде 9-13жас арасында құқық бұзушылығы көп тарауда. Құқық
бұзушы кәмелетке толмағандар 9-13 жаста жасайтын жат әрекетің көп тараған
түрі ұрлық болса, ұрланған заттар, теңге, киім секілділер. Ал олардан жәбір
көрушілер өзінің достары, таныстары, не болмаса сыныпта бірге оқитын
балалар болып келеді.
Бала организмінің күйректікке әкеп тірейтін нәрсенің бірі ішімдік
болса, ал өткен ғасырлардың аяғындағы көрнекті дәрігерлердің тәжірбиесі мен
дәлелденген. Организм қаншалықты жас болса, оның әсері де соғұрлым жоғары
болады. Әсіресе кері әсері 12-13жас аралығында жасөпірімнің организміне
әсері зор. 12-13 жасөспірімнің арақтың әсерінен есту қабілеті төмендейді,
бойында немқұрайлық пайда болады, оқулықты нашар меңгереді.
Сонымен ішімдік жасөспірімнің сана-сезімінің жетіліуіне, қалыптасуына
зор зиянын тигізеді. Бұл оның айналасыадағы болып жатқан оқиғаларға өз
тұрғысынан баға беруін төмендетіп, мектептегі сабаққа бармауын,
қалыптастырады. Бос жүріске, кездейсоқ ортаға әуестендіреді. Мұндай жат
қылықтар баланың құқық бұзуына бірден-бір себептер бола алады.
Жастық шақ баланың сана сезімінің жан-жақты толысып дүниеге көзқарастың
өзгеріп үлкен өмірге дайындағының аяқталатын кезең мен тығыз байланысты.
Жасөспірімдердің жастық шаққа өтер кезендері ( 9-13) оның өміріне көп
өзгерістер әкелері хақ. 12-13 жастағы балалар организмі толық қалыптасатын
бұл оның сыртқы бет келбетінде көп өзгерістер енгізеді. Сондықтан жастық
шақ өтпелі кезең аталып кейде ата-аналар мен педагогтар үшін қиын баланың
қалыптасуына әср етсе қиын жас деген атауға иеленеді.
Жалпы жастық шақтың ерекшеліктерін бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Талап, тілек.
2. Қызығушылық.
3. Өмірге жоспар мен көзқарастар.
4. Жалпы сипаттама.
Өтпелі кезеңде жасөспірімнің еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу,
ұқсағысы келетіні, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнін құйын
сияқты өткінші елестерге толы болуы бала өміріне қауіп төндірері де
сондықтан. Жасөспірімдердің еліктеуінің салдары құқық бұзуы, қызғушылығының
әсерінен қылмыс істеуі, көбінесе осы шақта жүзеге асады
Жасөспірімнің алып-ұшпа саналатын өтпелі кезеңінде не нәрсеге болсын
еліктегіш келетіні, жан –жақты зерттеген ғалым Т.М.Якобсон. Бұл жаста
олардың құқық бұзушылыққа тез еріп кететінін ашып берді.
Ересек қылмыскерлерге қарағанда жас құқық бұзушылар өзін қоршаған
әлеуметтік орта мен тығыз байланыста. Бұл жөніндегі белгілі ғалымдар (
А.И.Долгова, В.Д. Ерланова, Н.Е.Беляов). Әлеуметтік орта мен жасөспірімдер
арасындағылар мен тығыз байланыста деп көрсеткен. Осылардың пікірінше орта
рөлі зор деп көрсеткен.
Ішімдіктің жасөспірім өміріне зияны зор екендігін жоғарыда айтып
кеттік. Жалпы ішімдікке әуестенген баланы дұрыс жолдан тайдырып, құқық
бұзушылыққа итермелейді. 10-13 жастағы жасөспірімдердің басым көпшілігінің
талап тілектері шектен шығып кеткендіктен, олардың ішімдіке құмарлануынан
көрінеді. А.Вайсберг пен Ш.Тайбеков 556 – қылмыс
істеген үшін айыпталған, 450 – кәмелетке толмағандар, бас бостандығынан
айырылған 41-пайыз, қылмысты мас күйде істеген екен. Осы көрсеткіште
кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмысы күннен-күнге сайын ұлғаюын
көрсеткен.
Тәрбиеленуші қиын құқық бұзушы жасөспірімнің психологиялық-
педогогикалық объект ретінде қараған көптеген зерттеулерге назар аударсақ,
онда олардың көбісі жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлер мен
жасөспірімдер қиын балалар қатарына куәгер болған едік.
Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы кәмелетке толмағаннан кейін
қылмыстың жауапкершілікті баспалдағын аттауға мәжбүр ететіні қылмыстын
белгілі, көптеген құқық бұзушылық өз достарының арасында болғандықтан
көбінеге ата-анада, мұғалімдерде оған мән бере бермейді. Берген жағдайда
ескертулер мен сынып ұжымдарында шектеліп жатады. Жасөспірімдер қолы мен
іске асқан қылмыстың қандай түрімен күрес жүргізсек, ол болашақтағы
ересектердің жалпы қылмысымен күресуге бағытталған бірден- бір дұрыс жол
екені сөзсіз. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар қылмысын болдырмай алдын-
алу үшін оларға қылмыстық құқықтық шаралармен әсер ету арқылы, оның тиімді
нәтижесін күту –жеткіншектердің өмір жолын дұрыс таңдап, адам болып
қалыптасуына өз әсерін тигізсе керек. Кәмелетке толмаған балалар қылмыстық
жағдайының салалығын түсіну үшін ең алдымен олардың жас шамасын анықтау
басты орын алады.
Қазақстан Республикасы территориясында кәмелетке жасы толмағандар
қылмысына арнайы жүргізілген санақ олардың қылмысы азаймай отырғанын
хабардар етті. Нақты жүргізілген талдаулар жасы толмағандар қылмысының
криминогендік жақтарын ашуға көмектеседі.
Біріншіден Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында
болған кезде де, жылдар бойы статистикалық бақылау жүргізуін тоқтатпады.
Сол кез бойына жасы толмағандар қылмысының өсуі жоғарлығымен ерекшеленеді,
оның өсуі бір бес жылда орташа 14-17 пайызға жеткендігін көрсетті.
Екіншіден 1995 жылдан бастап,жасы толмағандар қылмысының өсуі бір жерде
азайғанын көрсетсе, екінші жерде көбейгенін дәлелдей түскендей.
Үшіншіден жасы толмағандар қылмысы бір кездегі оларды кейбір ауыр
түрлеріне қарамастан асып түсті.
Төртіншіден жасы толмған балалар қылмысы көбінесе, толық есепке
алынбайды. Сарапшы мамандардың баға беруіне қарағанда көптеген қылмыстар
ашылмайды немесе тіркеудің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан жас жеткіншектер
қылмысқа жеңіл желпі қарап, келесі қылмысқа оп оңай қадам басады.
Қазақстан Республикасында бұл қылмыстар кәмелетке толмағандардың
қолымен іске аспаса да, орын алып өсіп отырғаны жөнінде тұжырым жасауға
негіз береді. Шындығына келген де кәмелетке жасы толмағандардың көптеген
қылмыстары құқық қорғау орындарына жетпейді, тіркелмейді, бұндай құқық
бұзушылықтық әсерінен көптеген қылмыстық әрекеттер жазалаудан шет қалып,
қылмыстық сандық жағынан азаюына алып келеді.
Кәмелетке жасы толмағандардың қылмысын салалық жағынан талдау маңызды
орын алады. Осы тұрғыдан алсақ, жасы толмағандардың қолымен іске асқан
қылмыстарына кісі өлтіру, ұрып-соғу, зорлау, қорқытып алу, кісі тонау,
адамды кепілдікке алу, бұзақылық, мүлікті ұрлау, жатататыны белгілі.
Кәмелетке толмағандардың қолымен іске астын сан-алуан қылмыстардың
ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, зорлау сияқты ауыр
қылмыстар өткен жылдары бірен-саран кездесетін болса, қазіргі кездерде оның
өсе түскендігі айтылады. Кепілдікке алу бұрындары мүлдем кездеспесе,
қазіргі кезде оның да бас көтеруі өмір шындығына айналды. Қазіргі кезде
кәмелетке жасы толмағандар арасында көп тараған қылмыстың біріне айналған
бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыс жатады десек қателеспеген болар едік.
Олай деуге себеп, олардың арасында бас пайдасын ойлап, жасалған қылмыстың
түрлеріне жататыны ұрлық, тонау, алаяқтық, сеніп тапсырылған мүлікті
иемденіп алу, күш көрсетпей тартып алу, күш қолданбай аса бағалы затты
ұрлау, сеніміне кірумен немесе алдаумен адамның мүлкіне зиян келтіру
қылмыстары кәмелетке жасы толмағандар қолымен іске асыратыны белгілі.
Кейбір балалар қылмысты жалғыз өзі белсенді түрде істеп, ол өзінің
қылмыстық әрекетіне дайындығын, қайсарлығын, аямаушылығын білдірсе. Бұл
әрине, болашақта қоғамға жоғары қауіптілігін төндіретіндігін паш
еткендіктен, құқық орындары,педагогтар жекелей жұмыс жасауын талап етеді.
Көптеген қылмыстық істер көрсеткендей ұрылық жасайтын жасы толмағандар
ұрлайтын заттар көбінесе ұсақ түйек заттар болып келді. Кейде олар ұрлаған
заттарын қызығып алса, кейде саналы түрде алады.
Кәмелетке жасы толмағандардың көп жасайтын ұрлық сияқты қылмысына қоса,
соңғы кезде көп кездесетін қылмыстарының көп тараған тағы бір түрі-
бұзақылық.
Қандай да болмасын болмашы нәрсеге кектенген баладан өшін алу,көше-
көшеге бөлініп алып төбелес ашу немесе ара-тұра болса да кездесетін жайт,
ауыл-ауыл болып төбелесу, өтіп бара жатқан баланы мазалап, ұрып-соғу, күш
көрсету жасы толмаған балалардың бұзақылығына жататынын қалыптасқан
құбылыс.
Бұзақылық әрекет көбінесе далада жасалғандықтан,оның өз зардабын
беріп жататыны белгілі.Десек те, соңғы жылдары пәтерде, жатақхана да немесе
оқу орнында жасалатын әрбір сегізінші-тоғызыншы қылмыстың бұзақылық болып
келуі-бұзақылықтың кең тарай бастағанына куәгер бола аламыз. Жалпы
қылмыстың топтық құрылуы жай құрылудан басталып күрделі құрылым мен
аяқталады. Топ болып қылмыс жасаған кәмелетке жасы толмағандар қылмыстық
жауапкершілікке қылмысқа қатысқандығы үшін жауап береді. Екі немесе одан да
көп жасы кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс үнемі
қоғамға жоғары қауіп төндіретіні белгілі. Топ құрамындағылардың бір-біріне
қолдау көрсетуі-қылмыс жасауға тез шешім қабылдауын нығайтып, күш пен
мүмкіндіктерін күшейте түседі. Бұл заң мен қорғалатын нәрсеге кез кеген
үлкен зиян келтіруге мүмкіндік туғызады. Бір көңіл аударарлық жай қылмысқа
әрекет жасаған балалардың көпшілігі оқуға ынтасының жоқтығы мен
немқұрайлығымен ерекшеленген. Көбісі мектепке бір барып, бір бармаса, енді
бірінің мектептен кетіп қалуы не болмаса барса да өз өзімен жекеше күй
кешуі анықталған. Осы тұрақты қылмыстық топтың қылмыстар жасап,оның
тонау, ұрлық болып келетініне тоқталдық. Осы тұрақтануы кімді болсада бей
жай қалдырмаса керек. Жасөспірімдердің тұрақты қылмыстық топқа кіруне
ұйытқы болады. Қылмыс істеуге тарту, азғыру, өтініш, ұсыныс түрінде
болғандықтан жасөспірімдер оған тез көндігеді. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 27-бабына сәйкес, неке мен жанұя, ата-ана, бала мемлекет
қарамағыда болады. Сондықтан да мемлекет жасы толмағандардың қылмысына
қоғамға жат қылықтарына қарсы бағытталған қандай да болмасын келелі істер
бола қалса, үлкен мән береді. Осыған байланысты атап кететін жайт,
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (1997 ж. 2-тарауы Жанұя мен
кәмелетке жасы толмағандарға қарсы қылмыс деп аталып, бұл проблемаға аса
көңіл бөліп, егер оларға қарсы қылмыс істеле қалса, қылмыстың ауырлығын
ескере отырып кінәліге жауапкершілік дифференцияналды жолмен белгіленеді.
1.2. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ ЖҰМЫС
ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Әлеуметтік педагогтың әсері тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне,өзін өзі
дамытуды мен тәрбиеленуіне бағытталған. Сонымен қатар әлеуметтік педагог
кәмелетке жасы толмағандар мен бірге бірлесе отырып жұмыс жасайды.
Әлеуметтік педагог мектептегі атқаратын рөлі зор. Оның міндеті мектептегі
балалар мен жұмыс. Әлеуметтік педагог мектеп пен бірлесе отырып, жиі мектеп
жұмыстарына араласып отырады, оқушылар мен жеке жұмыс ата-аналар мен
оқушылар арасындағы қарым-қатынасы орнатуға көмектеседі. Оқушылардың жас
ерекшелігін ескеру, олардың психологиялық ерекшелігін байқау қажет.
Мектептегі оқушылардың сабаққа келмеу себептерін анықтау, сабаққа
қатыспауын анықтап олар мен бірлесе отырып жұмыс атқарады. Отбасында
балаларына қатал қарау, ұру, қысым көрсету, дене бітімі, ақыл есі кем
балалар мен және қараусыз, қаңғыбас балалар мен жұмыс атқарады. Әлеуметтік
педагог балаға көмек көрсету, дене бітімі, ақыл-есі кем балалар мен және
қараусыз, қаңғыбас балалармен жұмыс атқарады. Әлеуметтік педагог балаға
көмек көрсету арқылы жанұясына, заңгер, дәрігер қызыметкерлері мен бірлесе
отырып жұмыс жасайды. Мектеп дәрігерінен баланың ауыруының ұзақтығының,
сабақтан қалу себебін білдіреді. Әлеуметтік педагог мектепте не істейді?
Сабақ мұғалімнен ерекшелігі ол балаға қатысты әртүрлі шаралар ұйымдастыру
мектепті клубта, ұйымда балаға ыңғайлы көмек көрсету орындарында жұмыс
атқара алады. Әлеуметтік көмек қажет балаларға көмектеседі. Мектепте оқу
үлгерімі нашар оқушылар,өз қабілеттіліктерінің нашар игеруінен сабақ курсын
өз бетінше алып кете алмауы. Бұл балалар стресспен өмір сүретін және
ұжымда, өз құрдастарымен, жанұямен тіл табыса алмауы.
Бұл балалар ауыру немесе ақыл-ой кемістігі оқушылар немесе кәмелетке
жасы толмағандар комиссия тізімінде тіркеуде жасалған балалар бұнда дарынды
балалар мен де жұмыс жасай алады. Бұндай балаларға көмек көрсету, қоршаған
ортаның көмегі қажет. Басқаша жағдай да ортаның көмегі қажет. Өзінің
істеген іс-әрекеттерін қадағалауды қажет, өзіне сенімді болу керек.
Бүгінгі мектеп әлеуметтік педагогының алдында үлкен де күрделі
міндеттер тұр, оны ашу үшін кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру керек.
Мектепте оқушыларды оқыту мен тәрбиедегі мектеп әлеуметтік педагогтың ролі
ерекше деп атауға болады. Жұмыс нәтижесінде жеке адамның дұрыс әрі жан-
жақты жетік қалыптастыруына жол ашады, балалардың интеллектуалдық,
шығармашылық, әлеуметтік қалыптастыруына жол ашады. Жалпы әлеуметтік
педагог төмендегідей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz