Коммерциялық банктердің инвестиция сферасындағы инвестициялық қызметі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің негіздері . . . 4

  1. Активтер туралы түсінік және олардың банктің инвестициялық қызметін тұрақтандырудағы маңызы . . . 4
  2. Базель стандарты, банк активтерін жіктеудің критерийлері . . . 6

2. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары . . . 16

2. 1 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру негізгі бағыттары . . . 16

2. 2. Банктердің активтері және активтер портфеліне талдау . . . 20

Қорытынды . . . 33

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 35

Кіріспе

Курстық жұмыс коммерциялық банктердің инвестиция сферасындағы инвестициялық қызметі деген тақырыбына арналады.

Банктік ең негізі мақсаты - максималды табыс табу болып табылады, ол банктің мобилизацияланған ақша ресуртарын неғұрлым тиімді орналастырып, пайдалану арқылы жүзеге асады. Активтерді басқару банктің сырттан тартылған және меншікті қаражаттарын орналастырудың тиімді жолдарын тиімді пайдаланумен байланысты. Банк активтерін дұрыс орналастырмайынша өзіне қажетті табысқа қол жеткізу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер сырттан тартылған және меншікті қаражаттарын орналастырған кезде тек нарықтық критерийлерге, яғни өтімділікке, табыстылыққа және тәуекелділікке негізделеді. Бұл өз кезегінде банктің активтер портфеліне әсер етеді.

Өтімділік деп - уақытысында құнды ақша қаражатына айналдыру мүмкіндігі.

Тәуекел деп - мүмкін болатын қауіпті жағдайлардың әсерін немесе солардың нәтижесінен туындайтын шығындар мен зияндардың себептері.

Осыдан, курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі болып қарастырылған банктік активтер, оларды бағалау, дұрыс, тиімді орналастыру және банктің активтер портфелін басқару әдістері банктің тұрақтылығының бір факторы болып табылады. Осының барлығы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға әсер етті.

Осы жұмыстың мақсаты банктің активтер портфелінің теориясы мен практикасына талдау жүргізу, активтер портфельді басқару түрлерін, әдістерін анықтау және бағалау және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:

  1. Банктің активтері мен активтер портфелінің мәні және активтер портфеліне талдау жасау;
  2. Банк активтерін жіктеудің критерийлерін қарастыру;
  3. Банктің активтерінің және активтер портфелінің өтімділігі, тәуекелділігі және оларды талдаудың көрсеткіштерін қарастыру;
  4. Несиелік портфель және оның сапасына талдау жасау;
  5. Инвестициялық портфель және оны басқаруды арастыру.

Осы жұмыстың зерттеу объектісі болып - «Банк ЦентрКредитң АҚ-ның активтері мен активтер портфелін басқару мәліметтері бойынша есептік көрсеткіштері мен практикалық тәжірибелері алынды.

1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің негіздері

1. 1. Активтер туралы түсінік және олардың банктің инвестициялық қызметін тұрақтандырудағы маңызы

Активтер деген термин ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында қаржы нарығының жеткілікті дамып, қоғамда игіліктің, ақшалай формасының өте көп мөлшерде пайда болып қалыптасуының нәтижесінде қолданысқа кеңінен ене бастады.

Активтер ұғымының пайда болуына тағы да үлкен қозғау салып себеп болған - қарыз капитал нарығының бір ғана ұлттық мемлекеттің шеңберінен асып жаһандана бастауы. Ал бұл процеске өз кезегінде мына қоғамдық экономикалық құбылыстар ықпал етті /6/:

  • халықаралық тауар айналымының көбеюі;
  • халықаралық деңгейде капитал қозғалысының етек алуы;
  • халықаралық және дүниежүзілік экономикалық интеграциялық процестің дами түсуі.

Міне осы аталған өзгерістердің нәтижесінде дүниежүзілік нарықтарда әр түрлі қаржы инструменттері пайда болып, коммерциялық банктердің корреспонденттік қатынас шеңбері ұлғая түсті. Сөйтіп коммерциялық банктер үшін өз ресурстарын тиімді орналастыру объектілері көбейді. Осының нәтижесінде коммерциялық банктердің табыс табу мақсатында өз ресурстарын орналастыру мүмкіндігі артты.

Активтер деп - тұтыну құны бар және табыс табу көзі болып табылатын, материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы.

Активтерді әр түрлі белгілеріне байланысты былайша жіктеуге болады:

  • активтердің функционалдық формасына байланысты;
  • шаруашылық процеске активтердің қатысу сипатына және олардың айналымының ерекшелігіне байланысты;
  • активтерді қалыптастырудағы қаржылық көздердің сипатына қарай; банктік активтерді иеленудің сипатына қарай; басқарудың объектісі ретінде активтердің агрегаттану дәрежесіне байланысты; активтердің өтімділік дәрежесіне байланысты; банктің ағымдағы шаруашылық қызметінде қалыптасқан активтердің қолдану сипатына қарай; банкке қатынасы бойынша активтердің орналасу сипатына қарай.

Енді жоғарыда аталған активтер жіктемесіне кеңірек тоқталып өтейік /7/.

Функционалды формасына байланысты негізгі үш түрлі материалдық, материалдық емес және қаржылық активтерді қарастыруға болады.

Материалдық активтер - бұл банк мүлкінің құндылықтарын сипаттайды, оған заттай мазмұны бар активтер жатады.

Материалдық емес активтер - бұл заттай мазмұны жоқ, бірақ шаруашылық қызметке қатысатын және табыс әкелетін банктің құндылықтарын айтамыз.

Қаржылық активтер - бұл қолма-қол ақша қаражаттар формасындағы банктің мүліктік құндылықтары және әр түрлі эмитенттердің бағалы қағаздары.

Шаруашылық процеске активтердің қатысу сипатына және олардың айналым ерекшелігіне байланысты, активтерді айналым және айналымнан тыс активтер болып екі түрге бөлеміз.

Айналым (ағымдағы) активтері - бұл банктің ағымдағы коммерциялық қызметін көрсететін және бір операционды цикл кезінде түгелімен өткізілетін банктің мүліктік құндылықтарының жиынтығын сипаттайды.

Айналымнан тыс активтер - бұл банктің мүліктік құндылықтарының жиынтығы, яғни шаруашылық қызметтің жеке циклдер процесінде көп рет қатысатын және өз құнының белгілі бір бөлігін өнімге беретін активтерді айтамыз.

Активтерді қалыптастырудағы қаржылық көздердің сипатына қарай жалпы және таза активтер деп бөлуге болады.

Жалпы (жиынтық) активтер - бұл шаруашылық қызметті қаржыландыруға арналған меншікті және тартылған капитал негізінде қалыптасқан банктің құндылықтарының жиынтығын білдіреді.

Таза активтер - бұл тек меншікті капитал есебінен қалыптасқан банктің құндылықтарының құндық жиынтығын сипаттайды. Банктің таза активтер құнын келесі формуламен анықтауға болады:

ТА = А - ТК, (1)

мұндағы, ТА - банктің таза активтер құны;

А - банктің балансты құнының барлық активтерінің жалпы сомасы;

ТК - банктің қолданылған тартылған капиталының жалпы сомасы.

Банктік активтерді иеленудің сипатына қарай меншікті, жалға алынған және өтеусіз түрде қолданылатын активтер деп бөлеміз.

Меншікті активтер - бұл банктің тұрақты иелігінде болатын және оның балансының құрамында көрініс табатын, сонымен қатар оларға меншік құқығы бар банктің мүліктік құндылықтарын айтады.

Жалға алынған активтер - бұл шаруашылық қызметті жүргізу үшін жал құқығымен (оперативті лизинг негізінде) алынған банктің мүліктік құндылықтарын айтамыз.

Өтеусіз түрде қолданылатын активтер - бұл банкке уақытша шаруашылық жүргізу үшін тегін негізде басқа шаруашылық субъектілермен берілген мүліктік құндылықтарды айтамыз және бұл активтер банк балансында көрсетілмейді.

Басқару объектісі ретінде активтердің агрегаттану дәрежесіне байланысты жеке актив, кешенді басқарылатын активтер тобы және банктің активтерінің жиынтық кешені деп бөлуге болады.

Жеке актив - шаруашылық басқарудың жалғыз, минималды бөлшектенген объектісі (мысалы: кассадағы ақша, банктің алған жеке акциялары, материалдық емес активтердің нақты түрі және т. б. ) болып табылатын мүліктік құндылықтардың бір түрін (немесе әр түрлілігін) айтамыз.

Активтер тобы - бұл бірдей принциптермен ұйымдастырылған және бірдей қаржылық саясатқа бағынған (мысалы: банктің дебиторлық қарызы, бағалы қағаздар портфелі және т. б. ) функционалды басқарудың кешенді объектісі болып табылатын мүліктік құндылықтарының бөлігін айтамыз.

Банк активтерінің жиынтық кешені - бұл банктің қолданатын активтерінің жалпы құрамын айтады.

Өтімділік дәрежесіне қарай банк активтерін жоғары өтімді, өтімділігі орташа, өтімділігі төмен және өтімсіз активтер деп бөлуге болады.

Өтімділігі жоғары активтер - бұл ағымдағы қаржылық міндеттемелерді уақытылы төлеммен қамтамасыз ету мақсатында, тез арада ақша формасына (әдетте бір айға дейін) конверсияланатын және ағымдағы нарықтық құнын аз немесе тіптен жоғалтпайтын, банктің мүліктік құндылықтарының тобын білдіреді.

Өтімділігі орташа активтер - бұл өзінің нарықтық құнын аз жоғалтумен, ақша формасына бір айдан алты айға дейінгі мерзімде конверсияланатын, банктің мүліктік құндылықтарының тобын білдіреді.

Өтімділігі төмен активтер - бұл тек белгілі бір кезең өткеннен кейін (жарты жыл немесе одан жоғары) өзінің ағымдағы нарықтық құнын жоғалтпайтын, ақша формасына конверсияланатын, мүліктік құндылықтарының тобын айтамыз.

Өтімсіз активтер - бұл жеке болып өткізілмейтін (олар толық мүліктік құндылықтардың кешенінде ғана сатылуы мүмкін), баланста банктің мүліктік құндылықтарының жеке түрлері болып көрініс табатын активтер.

Банктің ағымдағы шаруашылық қызметінде қалыптасқан активтерді қолдану сипатына қарай қолданылатын және қолданылмайтын активтер деп бөлеміз.

Қолданылатын активтер - бұл банктің операциялық немесе инвестициялық қызметіне тікелей қатысатын және оның табысының қалыптасуын қамтамасыз ететін банктің мүліктік құндылықтарының белгілі бір бөлігін айтамыз.

Қолданылмайтын активтер - бұл шаруашылық қызметтің өткен сатыларында қалыптасқан, бірақ әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты қазіргі уақытта қолданылмайтын банктің мүліктік құндылықтарының бөлігін білдіреді.

Банкке қатынасы бойынша активтердің орналасу сипатына қарай ішкі және сыртқы активтер деп бөлеміз.

Ішкі активтер - бұл тікелей территориясында болатын банктің мүліктік құндылықтарын білдіреді.

Сыртқы активтер - бұл шаруашылықтың басқа субъектілерінде, жолда немесе жауапты сақталуда болатын банктің мүліктік құндылықтарын білдіреді.

1. 2. Базель стандарты, банк активтерін жіктеудің критерийлері

Шведцарияның Базель қаласында халықаралық есепайырысу банкісі жанынан Европалық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттердің Орталық банкінің ұйғарымымен 1988 жылы Базель комитеті құрылды. Бұл комитет банк қызметтерін реттеудің мынадай принциптерін бекітті /7/:

  • коммерциялық банктердің капиталдық базасының біркелкі құрамын, құрлымын анықтайтын және қадағалап отыратын бір халықаралық орган болуы керек; коммерциялық банктердің капиталдық базасы екі деңгейден тұру керек: бірінші деңгей банктің негізгі капиталын құрауы керек, ал екінші деңгейде банктің қосымша капиталын құруы керек; банкте қолданылатын құжаттамалар және есеп айырысу тәртібі біріңғай халықаралық стандартқа сай келу керек; банктің екінші деңгейдегі қосымша капиталының мөлшері бірінші деңгейдегі негізгі капиталға байланысты шектелініп отыруы керек; банктің активтері өтімділік дәрежесіне сәйкес халықаралық стандартқа келтіріліп тәуекелдік дәрежесіне қарай жіктелуі керек.

1994 жылы Базель стандарты жарық көрді. Бұл стандартқа сәйкес банк қызметтерін реттеудің принциптері жиырма беске жетті.

Қазіргі кезде Европалық Одаққа кіретін жиырма бес мемлекет банк қызметтерін ұйымдастыруда осы Базель келісімін басшылыққа алып отырады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының банк жүйесін реттейтін заңдар мен нормативтік актілерін қарастырып өтейік. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді реттейтін заңдар мен нормативтік актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен екі ережені қарастырып өтейік, оларға: Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылдың 16 қарашасында №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизия құру туралы («2003 жылдың 01 қыркүйегінен батап №327 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына енгізілген өгертулер туралың) ң Ережесі және Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылдың 03 маусымындағы №465 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді бекіту туралың («2002 жылдың 26 қарашасынан бастап №467, 2003 жылдың 21 сәуірінен бастап №97, 2003 жылдың 07 маусымынан бастап №151, 2004 жылдың 16 ақпанынан бастап №36, 2004 жылдың 24 маусымынагн бастап №149 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулыларына енгізілген өгертулер туралың) ң Ережесі жатады.

Ал енді жоғарыда аталып өткен Ұлттық Банк Басқармасының 2002 жылдың 16 қарашасында №465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизия құру туралы («2003 жылдың 01 қыркүйегінен батап №327 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына енгізілген өгертулер туралың) ң Ережеге толықрақ тоқталайық.

Осы ереже «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралың Кодексіне, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралың және «Банктер және банктік қызмет туралың Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалған және осы ережеде активтердің және шартты міндеттемелердің жіктелу реттілігі мен шарттары белгіленеді және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру барлық екінші деңгейдегі банктерге және банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға міндетті болып келеді.

Активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеудің негізгі принциптері жоғарыда келтірілген ережеге сәйкес, активтер деп - барлық жеке және заңды тұлғаларға, оның ішінде банктерге де талаптар болып табылады.

Активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу және олардың банктің бухгалтерлік есебіндегі көрінісі банкпен оның қарызгері (дебиторы) арасындағы келісімнің шарттарын өзгертпейді, соның ішінде банктің негізгі сомасынан (қарыздың) және олар бойынша толық көлемде сыйақы алуға және қажет болған жағдайда қарызгердің (дебитордың) келісімнің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар алу құқығына әсер етпейді.

Жіктеуге келесі активтер жатады, яғни барлық жеке, заңды тұлғаларға және банктерге талаптар, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талаптарын және бюджетке төленетін салықтар мен басқада міндетті төлемдер үшін есептеулерді ескермегендегі шартты міндеттемелер жатады. Активті жіктеудің негізгі критерийі, бұл есептелген сыйақымен оның толық немесе бөлшектеп өтелуі, ал шартты міндеттемелер үшін банктің өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне байланысты болып келеді. Активтер және шартты міндеттемелер стандартты және жіктелген болып бөлінеді. Жіктелген актив деп - келісім шартқа сәйкес талаптар орындалмайтын активтер немесе олар бойынша талаптар толық көлемде немесе тіптен орындалмайтынын білгенде немесе анықталған талаптар болып табылады. Жіктелген активтерге және шартты міндеттемелерге жатпайтын активтер мен шартты міндеттемелер стандартты болып есептелінеді.

Несиелерді жіктеу олардың қамтамасыз етілуінің сапасына байланысты және қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихына, бұрын банктерде қарыз алушының алған несиелердің жіктеу категориясына және олардың толық қайтарылу мүмкіндігіне және олар бойынша сыйақыларды есептеуге әсер етеін басқа факторларға байланысты жүзеге асады. Бағалы қағаздардың жіктелуі тек банк портфелінде бар қарыздық бағалы қағаздар үшін жүргізіледі, сонымен қатар бұл қарыздық бағалы қағаздар баланста әділетті құн (нарықтық катеровкалар немесе бухгалтерлік есеп стандарттарында және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында белгіленген басқада амалдар) бойынша қайта бағаланбауы тиіс. Жіктелімге банктің инвестициялары және заңды тұлғалардың акциялары жатпайды.

Шетел эмитентінің «Аң тобы рейтингінен төмен емес жеке рейтингі бар бағалы қағаздар немесе Қазақстан Республикасының резиденті эмитент болып табылатын және оның рейтингі Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінің бір позициясынан төмен болатын жеке рейтингі бар бағалы қағаздар, сонымен бірге кешіктіру шарттары болмаған немесе төлемдерді толық төлемеген кезде Қазақстандық қор биржасының «Аң категориялы ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар стандартты болып есептелінеді.

Банктер ай сайын және бір уақытта айдың бірінші күндеріне баланспен қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік қадағалау бөліміне активтерді және шартты міндеттемелерді жіктеу және олар бойынша провизиялар құру туралы есептерін өткізуге тиіс және бұл есеп төмендегі формада болуы тиіс.

Келтірілген 4 қосымшада сәйкес қаржылық жағдай келесідей жіктеледі /3/:

  • тұрақты жағдайға төмендегілерді жатқызады, яғни қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты; нарықта жақсы бәсекелестігі, төлем қабілеттігі бар, шығынсыз компания; белгілі бір актив бойынша келісімнің жұмыс істеу мерзімі аралығында қарыз алушының қаржылық жағдайын төмендететін ішкі және сыртқы факторлар анықталмаған; клиенттің банкпен өзінің міндеттемесі бойынша есептесу мүмкіндігі күмән келтірмейді; қарыз алушының активтері мен міндеттемелерінің мерзімі өлшенерлік; қанағаттанарлық жағдай төменде қарастырылған жағдайлар әсерінен туындауы мүмкін, яғни қарыз алушының қаржылық жағдайының уақытша төмен болатынына анықталған белгілердің болуы, табыстардың, төлем қабілеттілігінің, нарықтық позициясының төмендеуі немесе актив бойынша келісім мерзімі аралығында қарыз алушының қаржылық жағдайын ішкі және сыртқы факторлар төмендетуге белгілер анықталған; клиент өз міндеттемелері бойынша банкпен есептесе алмайтынына аздаған мүмкіндіктің болуы; сонымен бірге қарыз алушы уақытша қиыншылықтарын жеңе алатынына және банк алдында өз міндеттемелері бойынша есептесе алатынына мүмкіндіктердің болуы;
  • тұрақсыз жағдай төменде айтылған факторлар әсерінен туындауы мүмкін, яғни қарыз алушының қаржылық жағдайы ұдайы төмендейтін белгілердің бар болуы, қызметінің шығынды болуы, төлем қабілеттілігінің төмен деңгейі, нарықтық үлестің тұрақты төмендеуі, сонымен бірге қарыз алушының өзінің қаржылық жағдайын тұрақтандыратындығына және жақсартандығына сенімділіктің болмауы, қарыз алушының өз міндеттемелері бойынша банк алдында есептесе алмайтынын үлкен мүмкіндіктің болуы, 1 жылдан аспайтын қарыз алушыға санация жарияланған, форс-мажор және басқада жағдайлардың әсерінен қарыз алушыға материалды шығын келтірілген, бірақ оның қызметі одан тоқталмайды, қарыз алушының қаржылық жағдайына баға беру үшін қарыз алушының несиелік досьесінің және басқада қажетті мәліметтердің болмауы;
  • өте нашар жағдай төменде қарастырылған факторлар әсерінен туындайды, яғни қарыз алушының қаржылық жағдайының ұдайы төмендеу әсерінен өте нашар деңгейге алып келді, шығындардың салмақты деңгейі, төлем қабілетсіздік, нарықтық позицияны жоғалту, қарыз алушының теріс меншікті капиталының болуы, 1 жылдан асатын қарыз алушыға санация жарияланған, қарыз алушы банкрот болып есептелінеді, форс-мажор және басқада жағдайлардың әсерінен қарыз алушыға материалды шығын келтірілген және/немесе оның қызметі одан тоқталған. Қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы ақпарат болмаған жағдайда оның қаржылық жағдайы өте нашар деп есептелінеді.

Қамтамасыз етудің сапасы келесідей жіктелінеді /4/:

  • сенімді (жоғары өтімді қамтамасыз ету) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің және/немесе бір рейтингтік агенттіктің берген АА тобы рейтингінен төмен емес жеке рейтингі бар және олардың тізімі Ұлттық Банпен бекітілген банктердің гарантиялары, депозитте ақшалай қаражаттарды кепілге қою және олардың тізімін Ұлттық Банк бекіткен кез-келген рейтингтік агенттіктердің берген А рейтингінен төмен емес егеменді рейтингі бар шетел мемлекеттерінің үкіметтері шығарған бағалы қағаздар және белгілі бір актив бойынша (негізгі қарыз және сыйақы бойынша) қарыз алушының 100%-дық міндеттемесін жабатын монеталы бағалы металдар;
  • жақсы - жоғарыда бірінші пункте келтірілген және оның құны белгілі бір актив бойынша (негізгі қарыз және сыйақы бойынша) қарыз алушының 90%- дық міндеттемесін жабатын жоғары өтімді қамтамасыз ету; қанағаттанарлық - белгілі бір актив бойынша (негізгі қарыз және сыйақы бойынша) қарыз алушының 100%-дық міндеттемесін жабатын қамтамасыз ету немесе оның құны активтердің (негізгі қарыз және сыйақы бойынша) 75%-ын жабатын жоғары өтімді қамтамасыз ету; қанаттаннарлықсыз - клиенттің белгілі бір актив бойынша (негізгі қарыз және сыйақы бойынша) құны міндеттемесінің 50%-нан азын жабатын толық емес қамтамасыз ету; қамтамасыз етусіз - қамтамасыз ету құны белгілі бір актив бойынша (негізгі қарыз және сыйақы бойынша) клиенттің міндеттемесін 50%-нан азын жабатын бланктік несие немесе бөлшектеп қамтамасыз ету.

Кесте 1. Активтердің жіктелуі және оларға провизия құрау тәртібі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық банктер
Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары
КСРО Жинақ банкі
Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері
Қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру және бағалау
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық операциясы
«Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты»
Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар
Мемлекеттік инвестициялық саясат
Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz