Тәрбиенің негізгі мақсат – міндеттері



І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 Тәрбиенің негізгі мақсат . міндеттері.

2.2. Тәрбие әдістері мен формалары.

2.3. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбиенің ролі.

2.4. Мектептегі тәрбие процесі

2.5. Тәлім . тәрбиені ұйымдастыру.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Бұл жөнінде Республикамызда мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім министрлігінің тәләм – тәрбие тұжырымдамасында (Ақпан, 1993) былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, ерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады».
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан –жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет . Ондай адамды орма мектеп және жоғары оқу орындары дайындайды.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқу – тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамалардың маңызы өте зор. Олардың бірі – Қазақстан Рестубликасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы (13 мамыр, 1992 ж.), екішісі – Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы (17 ақпан, 1994ж.). Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (7 шілде 1994 ж.).
Авторлар заман талабына сәйкес мол тәжірибелерін пайдалана отырып, «Педагогика» курсының құрылымын, мазмұнын бірсыпыра өзгертті.
Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған орай оның теориясы қалыптасқан
1. С.Қалиев, Ш.Майғаранова,З.Бейсенбаев. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.А,.-1999
2. А.Меңжанова.Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А,.-2003
3. Ж.Б. Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев.Педагогика А,.-2004
4. Ж.Әбиев,С.Бабаев,А.Құлдиярова.Педагогика.А,.-2004
5. С.Әбенбаев.Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А,.-2004
6. С. Құлшанова. Мектеп педагогкасы.А,.-2005
7. Қ.Қожақметова.Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: тория және практика. - А,.1997
8. Ш.Әленұлы Халықтық тәрбие тағылымдары .А,.-1998
9. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті.Педагогика .А,.-2003
10. //Тәрбие құралы-2006 №2
11. //Тәрбие құралы-2006 №3
12. Имандылық- инабаттылық айнасы//Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар-2006 №4

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

2.1 Тәрбиенің негізгі мақсат – міндеттері.

2.2. Тәрбие әдістері мен формалары.

2.3. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбиенің ролі.

2.4. Мектептегі тәрбие процесі

2.5. Тәлім – тәрбиені ұйымдастыру.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан
Республикасында басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып,
жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру.
Бұл жөнінде Республикамызда мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім
министрлігінің тәләм – тәрбие тұжырымдамасында (Ақпан, 1993) былай деп
жазылған: Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне
сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби
біліктілігін, ерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан –жақты білімді, жоғары мәдениетті,
жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет . Ондай адамды орма
мектеп және жоғары оқу орындары дайындайды.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқу – тәрбие жұмысын жақсарту
және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі
мен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған
тұжырымдамалардың маңызы өте зор. Олардың бірі – Қазақстан Рестубликасы
жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы (13 мамыр, 1992 ж.), екішісі
– Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының
тұжырымдамасы (17 ақпан, 1994ж.). Сонымен бірге Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы (7 шілде
1994 ж.).
Авторлар заман талабына сәйкес мол тәжірибелерін пайдалана отырып,
Педагогика курсының құрылымын, мазмұнын бірсыпыра өзгертті.
Педагогика көп салалы ғылым. Оның тарихы, әдістемесі бар. Соған орай
оның теориясы қалыптасқан

Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім
беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады,
әр түрлі жағдайдағы оқу –тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге
асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім
беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу
жұмыстарында, зертханаларда пайда болды.
Тәрбие – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім,
тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі
бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа тұседі. Сондықтан да біз тәрбиені
шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге
педагогикалық әрекетте
-мәдени құбылыс;
-педагогикалық ықпал ету;
-балалардың әрекетін ұйымдастыру;
-қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Мектептің тәрбие жүйесі – ашық жүйе. Оның қалыптасып әрекет
жасауына, дамып жетілуіне тікелей әсер ететін қоршаған орта. Қоршаған
ортада сырттай ықпал жасаумен шектелмейді. Ол мектептің ықпалы басым болған
сол тәрбие жүйесіне арнайы бір сала болып енеді.

Тәрбиенің негізгі мақсат – міндеттері

Адамзат дамуының қай кезеңде болмасын тәрбиенің тиімдігігін жетілдіру
ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы
мемлекет қажеттілігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттілігінің
орындалуы оның экономикалық күш – қуатымен саясатына тәуелді екені белгілі.
Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен
туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Тәрбие мақсаты дегеніміз не?
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін
сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды.
Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой –
санадағы көінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс – қимылды бағыттап,
реттеп отырады ... Мақсат адам санасының белсенді жағын білдіре отырып,
объективті заңдарға, қоршаған ортаның және субъектінің нақты
мүмкіндіктеріне сай керуі керек, сода ғана адамдардың нысаналы қызметіне
азаттық пен қажеттілік арасындағы диалектикалық қарым – қатынас көрініс
табады. Мақсат шындықты жүзеге асыру үшін қажет белгілі құралдармен бірлесе
іс – қимыл жасағанда ғана оны өзгерте алатын күшке айналады. Мақсат
келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі
мақсаттарға бөлінеді.
Тәрбие мен оқыту қоғамдық категория ретінде оның талаптарын
объективті түрде білдіреді. Яғни, тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір
сүрмейді деген қағидаға сүйенсек, онда тәрбиенің мақсаты қоғамның
мақсатымен бірлікте болады. Сондықтан да қоғамдағы тәрбиенің қызметі
қоғамның мақматын, талап – тілектерін іс жүзіне асыру болып табылады. Бұл
талаптар әр кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
даму дәрежесімен байланысты анықталады. Олай болса Тәрбиедегі мақсат
адамды, һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу.
Ұлт мүшесі әрбір адам бақытты болса, ұлты бақыттты. Адамзат дүниесінің
мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын
айтқанда, тәрбиедегі мақсат – адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын
мағанасымен адам қылып шығару.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан – жақты дамыту,
әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу
деп қарастырады. Тұлғаны жан –жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен
жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл ой
дамуының біртұтастығы деп түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбилеу ісіне
тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен,
өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды
политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік
бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы
бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен
мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а)
жастардың дүниеге ғылыми материалистік көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның
рухани және дене қабілеттерін жан –жақты дамытып, эстетикалық талғамдары
мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам
құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге
асырылды. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл
–ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді,
рухани қмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Өмір
жастарды осы заманғы ғылым мен халық шаруашылығының кеңінен өркедеу
дәрежесіне қарай жан –жақты тәрбиелеу міндеттерін талап етеді. Қоғамдық
және мемлекеттік өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетті,
сана – сезімді және жоғары білімді адамдарды тәрбиелеп, даярлап шығаруды
көздейді.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін
байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл –ой
тәрбиесі, құқық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық
тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т. б.
Тәрбиені жан –жақты дамыту міндеттерін жүзеге асыру үшін оған
әлеуметтік те, сондай-ақ белгілі бір материалдық жағдайлар жасау керек. Ол
үшін:
1. Халыққа білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп, дамытып отыру;
2. Оқу – тәрбие беретін мекемелердің материалдық – техникалық базасын
үнемі жақсартып отыру;
3. Күндізгі және сырттай оқу орындарының жүйесі арқылы, өздігінен
білім алуы үшін кең мүмкіндіктер беру;
4. Мәдени – ағарту мекемелерінің жүйесін құру: клубтар, мәдениет
сарайлары, кітапханалар, лекторийлар т. б. Ұтымды ұйымдастыру;
Жастардың денсаулығына қамқорлық жасау, олардың жаппай дене
тәрбиесімен күн сайын айналысуын насихаттау, мүмкіншілік жасау. Спорт
секцияларын ұйымдастырып,спорт залдарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз
ету;
5. Халықтың әл – ауқатын, тұрмыс – жағдайын, материалдық ахуалын
жақсарту;
6. Тәрбие процесінде халықтық педогогиканы кеңінен пайдалану. Аға
ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту;
7. Жастардың бос уақытын, демалысын тиімді ұйымдастыру,өздері қалаған
шығамашылық жұмыспен айналысуға барынша қолдау көрсетіп, жағдайлар
туғызу;
8. Тәрбиешілердің білім дәрежелері мен шеберліктерін үнемі жетілдіріп
отыру қажет.
Осы мәселелерді өскелең өмір талабына сай ұйымдастыру, жас ұрпақты
үйлесімді етіп тәрбиелеудің негізі болмақ.
Қайта өрлеу дәірінен бастау алған тәрбие мақсаты әрбір жеке
тұлғаны жан –жақты қалыптастырып, дамыту мәселесі кеңестік дәуірде үлкен
маңызға ие болғанмен де, күні бүгінге дейін өз шешімін толыққанды шеше
алмады, социализм бұл күрделі мәселені шешуде тек берік негіз қалады. Осы
мәселе елдің әлеуметтік – экономикалық саласының өрлеуімен тығыз
болғандықтан, әлеуметтік салада материалдық – техникалық базаның
жеткіліксіз дамуы оған бірден – бер негізгі дәлел болмақ. Сондықтан да
бүгінгі демократияландыру және гуманитарландыру жағдайындағы қоғамда жеке
тұлғаны жан – жақты үйлесімді жетілдіру мәселесі үнемі әлеуметтік –
педагогикалық мәселе боп қала бермек.
Мақсат категориясына қарама – қарсы категория – арман.
Екеуінің бір – біріне ортақ ұқсастығы олардың санада туындап, әрі жасайтын
идеялық бейне болуында. Ал айырмашылығы – осы бейнеге субъект қатынасының
әртүрлігі.
Арман – елестің немесе қиялдың субъектіге берер бершама
қанағаттану сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады.
Мақсат – бұл да бейне, бірақ одан келетін қанағаттану тек
ішкі қабылдаудан емес, сол бейнені іс - әрекетке қосып шындыққа
айналудырудан. Бұл бейне субъекті белсенді әрекетке бағытталды, ықпал
жасайды. Туындай отырып, мақсат ойға алған, көздеген нәтижеге жетпей, өз
қанағатын таппайды. Бұл арада бейне нәтиже тек іштей қызығу үшін емес,
нақты жетістік үшін қажет.
Арман субъектінің енжарлығынан келіп шығады,
әрекетсіздікке байланысты, ал мақсат – іс - әрекет, белсенді қызметтің
бастау көзі
.
Бірақ өзіміз жасап отырған, қарама – қайшылығы қабысқан барша
дүниеміздегідей – бұл екі шекті құбылыс – арман мен мақсат өзара тығыз
байланысты. Арман мен мақсат түзу үшін негіз, арман – мақсаттарды қайта
қарастырып, үйлестіріп отыруға ықпал. Мақсат та өз кезегінде жаңа мақсатқа
жетелейтін жаңа арманға жол ашады. Мақсатқа жетудуің жолы тұп – тура болмақ
емес, ол үшін талай міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.
Міндет – бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет
нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс - әрекеттік бітімін таппаса,
жалпы нәтиже де жоқ. Міндет мақсаттың өзін құрайтын элементтерге бөлінуінен
пайда болады. Кейін сол элементтердің бәрі бірігіп, іс - әкекеттің жалпы
нәтижесін алуға жұмсалады. Іс - әкекеттің барысын- да субъект, әдетте,
мақсат жөнінде ойламайды, оның есіне тек міндеттері, өз іс-әрекеттерін сол
міндеттердің кезегімен шешілуі деп біледі.
Мақсаттың ұмыт болуы – жалпы статегиялық бағыттың жойылуына әкеледі,
ендеше, міндеттер де тактикалық бағдар ретінде өз маңынын жояды.
Педагогтың тәрбие ұйымдастыруға байланысты кәсіби қызметінің мақсаты
– тәрбие мақсатын анықтау, оны іске асыру. Ал осы педегогикалық іс -
әрекеттің мотивтері неде?
Бұл тұрғыдан, педегогикалық мақсат мотивтері келесідей: 1. Қайшылығы
көп, күрделі өмірге еніп жатқан сәбидің бақыты үшін қамқорлық; 2. Балалық
шақтың сәулелі өтуіне көмек беру және адамға деген инабатты қатынас.Мұндай
сипаттағы мотивтер педагогке кәсіптік және әлеуметтік келеңсіздіктерді елей
бермей, ізгі мақсатқа жетуге жол ашады.

Тәрбие әдістері мен формалары

Тәрбиелеудің мақсат, міндетін, мазмұнын, бағыттарын дәл анықтап, оны
орындаудың бірізді жүйесі жасалғанмен, сынып жеетекшісі тәрбиелеудің
негізгі әдістерімен формаларын меңгермесе, оны тиімді пайдалана алмаса,
тәрбиені іске асыра алмайды.
Әдіс алға қойған мақсатқа жетудің жолы. Тәрбие әдістері – тәрбие
міндеттеріне жету үшін жасалған сынып жетекшілерімен тәрбиеленушілер
ұжымының өзара байланыс әрекетінің жолы. Егер тәрбие әдісі дұрыс таңдалып
алынса, дұрыс пайдаланылса, тәрбиеленушілер өздерінің жауап әрекеттері
арқылы тәрбие міндттерін шешуге ықпал етеді. Олардың санасы дамиды, сезімі
байиды, мінез – құлқы, қажетті әдет –дағдылары, іскеліктері қалыптасады.
Сонымен оқушыларды тәрбиелеу әдісі – оқушылар мен сынып жетекшілерінің
өзара байланысты әрекетінің күрделі компексі. Әрбір әдіс оқушылардың
әрекетін ұйымдастырып, олардың мінез – құлқына, сезіміне, санасына ықпал
ететін сынып жетекшісінің қолындағы құрал ретінде көрінеді. Тәрбие
әдістерінің бәрі бір – бірімен өзара тығыз байланысты, оларды
классификациялау тек шартты түрде болмақ.
Педагогика ғылымында көп жылғы тәжірибеде сыналған сыныптан тыс
тәрбие жұмысының төмендегі әдістері шартты түрде тұжырымдалып берілген:
1.Сендіру әдісі – оқушылардың сана – сезіміне, ерік – күшіне
сөзбен әсер ету арқылы сенімін қалыптастырады. Олар: әңгіме, әңгімелесу
(жаппай, топпен, жеке), лекция, пікір- сайыс, түсіндіру, көзін жеткізу
нандыру, иландыру,( жаңа мәліметтер беру, адамгершілік ережелері мен
нормаларын түсіндіру).
Сендіру – адамгершілік – имандылық қасиеттерін, дүниеге дұрыс
көзқарасын қалыптастыру мақсатында иайдаланылады.
2.Іс -әрекетті ұйымдастыру әдістері – оқушылардың күнделікті пайдалы
іс - әрекеттері (жарыс ұйымдастыру, оқу – тәрбие, спорт, ойын, еңбек,
көркемөнер т.б.)тәжірибеде іске асырылады. Олар – үйрету, жаттығу,
машықтану (ситуация тудыру, жол беру, кешірім сұрау, мәдениетті қарым –
қатынас, тапсырманы орындау, уәдеде тұру т. б.).
Іс -әрекетті ұйымдастыру әдістері – жастардың белгілі әрекеттерді
орындаудың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру мақсатында
пайдаланылады,Адамгершілік нормалары менережелері қалай талап етсе,
күнделікті өмірде дәл солай істеуге жағдай жасап мәжбүр ету, жүйелі
дағдыландыру, жаттықтыру, керекті мінез – құлықты тәжірибеде қайталау,
бекіту арқылы бірте – бірте әдетке айналдыру.
3.Мадақтау мен жазалау әдістері – бұлар әділ болса, оқушылардың
сезіміне күшті әсер етеді. Мақтау – ауызша, жазбаша (алғыс, сыйлық (кітап
т. б.), мақтау грамотасы, оқудағы үздік табыстары мен үлгілі тәртібі үшін
алтын, күміс медальмен награттау) т. б. болады.
Мадақтау әдісі – оқудағы тәртіптігі, жарыстағы (спорттағы, еңбектегі,
көркемөнердегі) табысы үшін қолданылады.
Жазалау әдісі- қойған талапты, берген тапсырманы орындамағаны, тәртіп
бұзғаны үшін қолданылады.Олар: ескерту, сөгу, мінеп – сынау, кінәлау,
айыптау, жиналысқа салу, сөгіс жариялау, педагогикалық кеңеске салу немесе
сабақтан соң қалдыру,сынған мүлікті жондету, орнына келтірту т. б. Жазалау
әдісі – тән азабын шектіру емес, санаға әсер ету мақсатын көздейді.
Сондықтан әділ, орынды, жеке ерекшелігі ескеріле қолданылса ғана нәтижелі
болады. Жаза жеке оқушыға да, топқа да қолданылуы мүмкін, тым жеңіл, тым
ауыр жаза ықпалды етпейді. Жазалау – негізгі емес, қосымша , көмекші әдіс
болып табылады.
4.Ынталандыру әдісі – мақұлдау, мінеп – сынау, кіналау, көтермелеу,
мінез құлқына баға беру арқылы іске асырылады.Ынталандыру мадақтау -
әдісімен тығыз байланысты. Жастардың жақсы іс - әрекетін мақұлдау,
кемшілігін мінеп – сынау, мінез – құлық тәртібіне қойылатын талаптарды
терең меңгеруге үйретеді.
Мақұлдау – мінеп –сынау оқушылардың жақсы іс
істесем деген тілегінен туындайды да, бірте – бірте мінез – құлық тәртібіне
ауысуына жалғасады.
Мақұлдау әдісінің ең қарапайым түрі оқушы іс - әрекетінің дұрыстығын
қолдау. Ол жеке сипатта және ұжымдық сипатта болады. Оқушыларды тәрбиелеуде
сынып жетекшісінің мақұлдауы, көтермелеуі, бағалауы үлкен роль атқарады.
Мақұлдаудың тәрбиелік күші – тек бір оқушыға ғана емес белгілі
топтағылардың барлығына әсер етіп, іс - әрекетке жұмылдырады.
Мақұлдауды қолданғанда оқушының жеке ерекшелігін ескерген жөн. Мысалы
өз күшіне сенбейтіндерге мақұлдау дер кезінде айтылуы керек. Егер сынып
жетекшісі кешігіп қалса, мұндай оқушылардың өзіне сенімсіздігі оның күшін
тежейді, тапсырманы орындағысы келмейді, оның себебі, тыңдамаушылық емес,
өһз күшіне сенбеушілік. Орындай алмай, ескерту алудан жасқанушылық.
Мақұлдау істелген іс - әрекеттің қорытындысынан асып кетпей әділ болып,
талап қоюмен, баланың жеке басының мүмкіншілігін ескерумен, құрметтеумен
қатар жүріп отырғаны жөн.
Кінәлау – ықпалды әдіс. Бірақ оләділ болмаса, оқушыға қайғы- қасірет
шектіреді. Бұл да мақұлдау сияқты дер кезінде қолданылса, нашар әрекеттен
аулақ болуға ынталандырады.
Кінәлаудың түрлері – ескерту, сақтандыру, сөгу.
Ескерту жасау кемшілікті оңай жөндеуге болатын кезде қолданылады. Ал
жиі қолданылса, тәрбиелік мәнін, ықпал күшін жояды. Егер оқушы қойылған
талапты біле тұрып, оны екінші рет бұзса,ескертумен қатар сақтандыру әдісі
қолданылады. Қорқыту арқылы емес, ережені орындауын талап ету арқылы өтеді.
Сөгу – кінәлаудың күшті түрі. Сөгу өтірік, ұрлық, дөрекілік, тәртіп
ережелерін орындаудан бас тартушылық кезінде қолданылады (жеке немесе ұжым
алдында). Кейде сөгіс әңгімемен жалғасады,онда тәрбиелік әсері күшті
болады. Егер оқушы дөрекілігін қайталай берсе, сынып жетекшілігінің
талабына бағынбаса, еріксіз көндіру, күштеу әдісі қолданылады. Бұл – тәрбие
әдісі және жазалаудың түрі. Жазалау ретінде ешуақытта баланы жұмыстан,
сабақтан, тамақтан шектеуге болмайды, еңбек процесінің өзінің
ұйымдастырушылық, тәрбиелік ықпалының күшті екенін ескеру жөн. Тәрбие
практикасында бұл сан түрлі әдістер бірімен бірі байланыстырылып,
қиылыстырылып, үйлестіріліп, алмастырылып қолданылады, бұлай қолдану
оқушыға әсер етудің ең маңызды шарты.Тәрбие процесіндеосы аталған
әдістердің кейбіреулері бірде тәрбие әдісі, бірде тәрбие құралы ретінде
көрініс табады. Мысалы:ойын, еңбек әрекеті, кітаппен, газетпен жұмыс.
Тәрбие әдістерінің өзгермелілігі тәрбие процесінің күрделілігімен
түсіндіріледі.

Оқу шы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбиенің ролі.

Баланың дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін негізгінде үш
фактор: биологиялық (тұқым қуалаушылық), орта, тәрбиенің ықпалдарын
талдап, салыстыру нәтиежиесінде тәрбиенің ең күшті де, жан-жақты әсер
ететін фактор екендігін көрсетеді.
Тәрбие баланың дамуына ықпал ететін фактор. Оның басқа
факторлардан айырмашылығы – мақсат көздеп ықпал ету болып табылады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жеке тұлғаны қалыптастыру және оның жан-
жақты дамуын қамтамасыз ету.Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын ашу
Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде
Тәрбие мақсаты туралы түсінік
ТӘРБИЕ ПРИНЦИПТЕРІН ТАЛДАУ
Тәрбие процесінің мәні
Тәрбие теориясы- педагогиканың құрамды бөлігі ретінде. Тәрбие процесінің заңдылықтары мен принциптері
Педагогикалық үрдістегі тәрбие мақсаттарының әртүрлілігі
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесі
Пәндер