Қате және қате сөйлеу мәселелері



Адам іс-әрекет үстінде ғана өмір сүреді. Оның күллі қызметі тіл арқылы көрініс береді. Дұрыс іс те, бұрыс іс те тілде бейнеленеді. Бұрыс істелген істің бәрі қисынсыз да қалыпты жағдайға сәйкес келмейтін әрекет ретінде қабылданып, қате ретінде бағаланады. «Жұмыс істемеген адам ғана қателеспейді», «Адам қатесіз болмас, көл бақасыз болмас» - деген сөздер тәжірибесі мол халық даналығы. Шынында да «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
Әрекет бар жерде қарекет бар, іс бар, бұлар болған жерде қателік пен ауытқулар болуы әбден мүмкін. Бұл жағдай адамның жалпы іс-әрекетіне, соның ішінде сөйлеу әрекетіне де тән екендігі ақиқат.
Қатенің не екенін түсіну үшін адамның түйсік сезіміндегі танымы, білімі, өмір тәжірибесі, қоршаған ортадағы қалыптасқан нормаларды қабылдауы ерекше орын алады. Олай болса, әр адамның қатені өзінше түсінуі де осыған байланысты болар. Құбылыс пен затты қаз қалпында қабылдау, ой таразысына тарту, оларды қорыту сияқты күрделі психикалық үдерістер түйсіну негізінде құрылады. Адам дүниеге келгеннен кейін, даму барысында қоршаған ортасын танып, біледі. Адам ағзасының ішкі не сыртқы әсерге жауабы, яғни реакция пайда бола бастайды. Соның негізінде заттар мен құбылыстар жөнінде ілім-білім, таным қалыптасады. Ол білімді шындық өмірде қолдану үдерісінде заттар мен құбылыстарды, іс-әрекеттерді саралау, сараптау, салыстыру барысында белгілі түсінік қалыптасады.
Адамның жалпы іс-әрекеті дүниетанымымен байланысты болғандықтан, шындық өмірге көзқарас негізінде, қалыптасқан норма аясында ненің қате, ненің қате емес екендігін нақты анықтаймыз. Мәселен, сөйлеу қателерін сөз ету үшін алдымен «қате» деген не – соны түсінісіп алу шарт.
Адамзаттың қоғамдық нормадан, қалыпты қабылданған әдеп пен мінез-құлықтан тыс, таптауырын іс-әрекет пен жағдайлардан ауытқулар негізінде, белгілі бір өлшем таразысы арқылы күллі өмір саласында (мысалы, ғылым, өнер, баспасөз, спорт саласында т.б.) уақыт сынынан өтіп, әлеуметтік темір талқылар негізінде қателер анықталып, жүйеленіп, ғылыми тұрғыдан өз сипатын алады, солар арқылы қателер теориясы қалыптасуда. Мысалы, математикалық статистиканың шамалар мағынасын анықтау санына орай, өлшемдер негізінде қателер теориясы қалыптасты, сол арқылы өлшем ауытқуларын бағалау мен табудың әдістемесі жасалды [1, 865 б.]. Айталық, педагогика саласында қате «педагогтың кейбір іс-әрекетінде, қарым-қатынас барысында қалыптасқан кәсіби нормалардан ауытқу» деп берілген [2, 231 б.].
«Қате» сөзінің түп төркініне келетін болсақ, ол (араб. хәта) – теріс, бұрыс, жаңсақ деген мағынаны білдіреді. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Қате - жаңылыс, теріс іс. Қате түсініктер ерте замандарда өте көп болған, өйткені ол замандарда дүниені дұрыс түсіндіретін ғылым болмаған» [3, 145 б.] деп сөздің жалпы мағынасын ашқан. Экономикалық сөздікте: «қате - адамның алдын-ала болжауға келмейтін нәтижеге апарып соғатын іс-әрекеті» деп түсіндіріледі [4. 698 б.]. Бұл дұрыс анықтама болмаса керек, өйткені «болжауға келмейтін нәтижеге апарып соғатын іс-әрекет» қате болмауы да мүмкін
1. Большой энциклопедический словарь. Гл. ред. А.М. Прохоров. Изд. 2-е, перер. и доп. М.: Большая Российская академия. 1998.
2. Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Словарь по педагогике. – Москва: ИКЦ «МарТ»; Ростов на /Д: Издательский центр «МарТ», 2005. – 488 с.
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-том. –Алматы.: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1982. – 624 б.
4. Большой экономический словарь/ Под ред. Азрилияна А.Н. – 6-е изд., доп. – М .: Институт новой экономики, 2004. – 1376с.
5. Понятийно-терминологический словарь логопеда / Под ред. Селиверстова В.И. – М .: Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС, 1997. – 400 с.
6. Васильев Н.В., Виноградов В.А., Шахнарович А.М. Краткий словарь лингвистических терминов. М.: «Русский язык», 1995.
7. Англо-русский терминологический справочник по методике преподавания иностранных языков / Колесникова И.А., Долгина О.А., СПб.: «Русско-Балтийский информационный центр», БЛИЦ 2001.
8. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезі. А., 2005. – 144 бет.
9. Л е о н т ь е в А.А. Психолингвистика. Л.: 1967.
10. M e r i n g e r R., Mayer K. Versprechen und Verlesen, eine psychologisch-linguistische Studie , Stuttgart, 1895.
11. В о р о н и н Б.Ф. Некоторые вопросы психологического анализа грамматических ошибок в устной речи иностранца на русском языке.Автореф. канд. дис. Аку, 1969.
12. К р а с и к о в Ю.В. Теория речевых ошибок. М.:1980.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАТЕ ЖӘНЕ ҚАТЕ СӨЙЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қате істеу – бір
айып,
Қатені түземеу – екі айып.
(Мақал)
Адам іс-әрекет үстінде ғана өмір сүреді. Оның күллі қызметі тіл арқылы
көрініс береді. Дұрыс іс те, бұрыс іс те тілде бейнеленеді. Бұрыс істелген
істің бәрі қисынсыз да қалыпты жағдайға сәйкес келмейтін әрекет ретінде
қабылданып, қате ретінде бағаланады. Жұмыс істемеген адам ғана
қателеспейді, Адам қатесіз болмас, көл бақасыз болмас - деген сөздер
тәжірибесі мол халық даналығы. Шынында да Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін
тұяқ жоқ.
Әрекет бар жерде қарекет бар, іс бар, бұлар болған жерде қателік пен
ауытқулар болуы әбден мүмкін. Бұл жағдай адамның жалпы іс-әрекетіне, соның
ішінде сөйлеу әрекетіне де тән екендігі ақиқат.
Қатенің не екенін түсіну үшін адамның түйсік сезіміндегі танымы, білімі,
өмір тәжірибесі, қоршаған ортадағы қалыптасқан нормаларды қабылдауы ерекше
орын алады. Олай болса, әр адамның қатені өзінше түсінуі де осыған
байланысты болар. Құбылыс пен затты қаз қалпында қабылдау, ой таразысына
тарту, оларды қорыту сияқты күрделі психикалық үдерістер түйсіну негізінде
құрылады. Адам дүниеге келгеннен кейін, даму барысында қоршаған ортасын
танып, біледі. Адам ағзасының ішкі не сыртқы әсерге жауабы, яғни реакция
пайда бола бастайды. Соның негізінде заттар мен құбылыстар жөнінде ілім-
білім, таным қалыптасады. Ол білімді шындық өмірде қолдану үдерісінде
заттар мен құбылыстарды, іс-әрекеттерді саралау, сараптау, салыстыру
барысында белгілі түсінік қалыптасады.
Адамның жалпы іс-әрекеті дүниетанымымен байланысты болғандықтан, шындық
өмірге көзқарас негізінде, қалыптасқан норма аясында ненің қате, ненің
қате емес екендігін нақты анықтаймыз. Мәселен, сөйлеу қателерін сөз ету
үшін алдымен қате деген не – соны түсінісіп алу шарт.
Адамзаттың қоғамдық нормадан, қалыпты қабылданған әдеп пен мінез-құлықтан
тыс, таптауырын іс-әрекет пен жағдайлардан ауытқулар негізінде, белгілі бір
өлшем таразысы арқылы күллі өмір саласында (мысалы, ғылым, өнер, баспасөз,
спорт саласында т.б.) уақыт сынынан өтіп, әлеуметтік темір талқылар
негізінде қателер анықталып, жүйеленіп, ғылыми тұрғыдан өз сипатын алады,
солар арқылы қателер теориясы қалыптасуда. Мысалы, математикалық
статистиканың шамалар мағынасын анықтау санына орай, өлшемдер негізінде
қателер теориясы қалыптасты, сол арқылы өлшем ауытқуларын бағалау мен
табудың әдістемесі жасалды [1, 865 б.]. Айталық, педагогика саласында қате
педагогтың кейбір іс-әрекетінде, қарым-қатынас барысында қалыптасқан
кәсіби нормалардан ауытқу деп берілген [2, 231 б.].
Қате сөзінің түп төркініне келетін болсақ, ол (араб. хәта) – теріс,
бұрыс, жаңсақ деген мағынаны білдіреді. Ал қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде: Қате - жаңылыс, теріс іс. Қате түсініктер ерте замандарда өте
көп болған, өйткені ол замандарда дүниені дұрыс түсіндіретін ғылым
болмаған [3, 145 б.] деп сөздің жалпы мағынасын ашқан. Экономикалық
сөздікте: қате - адамның алдын-ала болжауға келмейтін нәтижеге апарып
соғатын іс-әрекеті деп түсіндіріледі [4. 698 б.]. Бұл дұрыс анықтама
болмаса керек, өйткені болжауға келмейтін нәтижеге апарып соғатын іс-
әрекет қате болмауы да мүмкін.
Ал сөйлеу кемістіктерін зерттейтін, олардың алдын алу мен емдеудің әдіс-
амалдарын талдайтын дефектологияның саласы – логопедияда: қате -
сөздердің дұрыс емес образының пайда болуы екен [5, 231 б.]. Тіл
білімінде: қате – белгілі бір өткінші тіл (интеръязык) сипатындағы тілдік
бірліктер мен формаларының дұрыс қолданылуынан ауытқу делінген [6, 77 б.].
Шет тілін оқыту әдістемесінде: қате – қате сөйлеу әрекетінің нәтижесі.
Тілді үйренушінің шет тілінің нормалары мен ережелерінен әдеттегідей
ауытқуы [7].
Қате адамның іс-әрекетінде сөз жүзінде бейнеленеді, сондай-ақ адамнан
тыс ортада , яғни зат пен құбылыстар, жан-жануарлар арасында да көрініс
беруі мүмкін. Мысалы, қате тұлғаның сөйлер сөзінде немесе сөйлеу
үдерісінде орын алатын реттері кездеседі. Солардың әдеби тіл нормаларының
сүзгісінен өтпей қалуы әбден мүмкін.
Тіл қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін қолданылатын құрал ретінде
жұмсалса, қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу әрекеті белгілі
бір тілде адамның қарым-қатынас жасау әрекеті және ол айтылым мен тыңдалым
сияқты құрамдас бөліктерден тұрады. Айтылым - адам ойының сөз жүзінде
(вербалды) немесе сөзден тыс (бейвербалды) қарым-қатынас құралдары арқылы
ауызша немесе жазбаша жарыққа шығуы. Енді сол айтылымның мазмұны көзбен
көріп, құлақпен есту (тыңдалым) арқылы қаншалықты қазақ тілі заңдылықтарына
сәйкес келетіндігі анықталады. Өзің білмесең, өзгенің қатесін сезбессің
дегендей, қатені тану үшін сол заңдылықтарды білу керек. Мысалы, қазақ тіл
білімінде сөйлеу қателеріне, тілдік қателерге өткен ғасырдың 20–жылдарынан
бері баса назар аударыла бастады. Мәселен, 1924-жылы қазақ білімпаздарының
съезінде қазақ тілінің әдеби нормасын белгілеу және сол кездегі әдеби
тілден ауытқулардың не бір түрлері аса қызу пікірталастар туғанын айтуға
болады.. Мұндағы материалдардан сол кезде қазақтардың қате сөзінің
қата деп қолданғанын көреміз: Екінші жақтық жіктеу сың болса, тілдің
заңына келмейді деу - қата [8, 50 б.] делінген.
Қазіргі таңда осы қателерді жіберудің жолдары мен себептері
қарастырылуда. Психолингвистика саласының дамуымен бұл зерттеулер нығая
түсті. Осы тұрғыда ғалым А.А.Леонтьев былай дейді: Сөйлеу қателерін жүйелі
түрде зерттеу психолингвистиканың ерекше бір саласын құрар еді, өйткені ол
сөйлеу қателері белгілі бір жағдайларға байланысты сөйлеу тетігінің
талшықтарының ажырауының белгісі [9, 10 б.].
Психолингвистика саласында сөйлеу қателерін алғаш зерттегендердің бірі
психолог Р.Мерингер болды. Ол ауызша сөйлеудегі, әсіресе жаңылыс айту,
жаңылыс оқуға ерекше назар аудара отырып, сөйлеуде жіберілетін қателерге
(сөздердің бірігуі, дыбыстардың ауысуы, дыбыстардың алмасуы т.б.) сипаттама
берген. Оның ойынша, сөйлеу әрекеті адамның басқа да іс-әрекеттері сияқты
белгілі бір заңдылықтарға бағынышты әрекеттердің бірі: Обмолвки
соответствуют погрешностям, часто наблюдамым и при других функциях
человека [10].
Сөйлеу қателерін зерттей келе, тіл маманы Б.Ф.Воронин оларды теориялық
тұрғыдан зерттеу қажеттілігін атап, қате сөйлеудің психологиялық теориялық
моделін құру керек. Ескі әдістердің тиімділігін бағалай отырып, сараптаудың
жаңа тәсілдерін шығарып, содан келе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл мәдениеті және сөйлеу әдебі
Диктант мәтінінің мазмұндылығы
Сауатты жазуға үйрету әдістемесі
Ойды дамыту - тіл дамыту негізі
Байланыстырып сөйлеу мен байланыстырып жазуға үйрету
Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы
Бақылау функциялары
Бастауыш сыныптардағы орфографиялық қателерді түзету және ескерту бойынша жүргізілетін тиімді әдістері мен жұмыс түрлері
Фонетиканы оқыту - қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
Лингводидактикалық тестілеудің теориялық мәселелері
Пәндер