Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұсынылып отырған жұмыс қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар қызметінің құқықтық негіздері мәселелеріне арналған. Қоршаған орта мен экология саласындағы халықаралық ынтымақтастық, халықаралық ұйымдар қызметі мен Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастыққа қатысуы зерттеледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу тақырыбы келесі белгілеріне қарап өзектілігі туралы айтуға болады:
- Қазақстан Республикасының тәулсіздігі жарияланғаннан кейін мемлекетеіміз халықаралық қатынастарған қатысуға толыққанды құқылы, халықаралық құқық субъектісі ретінде таныла бастады. Барлық салаларда еліміз халықаралық қатынасқа түсу мақсатында көптеген халықаралық құжаттарды бекітті, халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарға мүшелікке енді;
- Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қазіргі уақытта әлем мемлекеттері секілді еліміз үшін экономикалық даму, қауіпсіздік секілді маңызды сұрақтармен тең дәрежедегі рөлге ие;
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қатынастарындағы Қазақстан Республикасының атқарып жатқан іс - әрекеттері мен шаралары туралы мәліметтерді әр адам өзінің қолайлы қоршаған ортаға құқығын қамтамасыз ету мақсатында білудің қажеттілігі;
- Қоршаған ортаны қорғау - әлем мемлекеттерінің ортақ міндеті. Себебі қоршаған орта бөлінуге жатпайтын тұтас жүйе. Сондықтан да аталған салада басқа мемлекеттердің атқарып жатқан шараларынан хабардар болу;
Зерттеу объектісі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар.
Зерттеу пәні - халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру барысындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.
Зерттеудің негізгі мақсаты - кешенді түрде халықаралық экологиялық ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін зерттеу арқылы халықаралық ұйымдардың қызметіне құқықтық сипаттама беру.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер көзделеді:
- Экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық түсінігі, түрлері және мәнін анықтау;
- Экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидалары мен құқықтық негіздерін талдау;
- Шарттық және ұйымдық ынтымақтастықтың айырмашылықтарын саралау және жеке - жеке тоқталу;
- Шарттық және ұйымдық ынтымақтастық қатынастарына Республикамыздың қатысуы, нәтижесі мен маңызы туралы деректер жинау;
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымдарды топтастырып, қызмет бағыттарына жеке - жеке тоқталу;
- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұйымдардың құқықтық мәртебесін ашықтау;
Зерттеудің әдістері мен әдістемесі - зерттеу міндеттерін орындауда деректер жинау, оларды талдау мен басқа дерек көздерімен толықтыру және салыстыру. Зерттеу жұмысын жазу жалпыдан - жекеге әдісімен жазылды. Негізгі бөлімнің бірінші тарауы жалпы ынтымақтастық туралы айтылса, ал екінші тарауында ұйымдық ынтымақтастық туралы айтылған.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Қоршаған ортаны қорғау мен экология саласындағы халықаралық ұйымдар туралы көптеген ғалымдар кейбір ұйымдарды ғана атап кетеді және олар туралы жалпы және кең түрде ақпарат бермейді. Әдебиеттерден тыс біз білмейтін ұйымдар саны жағынан да, атқаратын қызметтері бағыттарынан да, құқықтық мәртебелері жағынан да айырмашылықтары бар жетерлік, бірақ олар туралы мәліметтер кітаптарда кемде - кем. Дәл сол ұйымдардың мақсаттары мен қызметтері глобальды экологиялық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі зор. Сонымен қатар маңызы мен рөлі жағынан дәрежесі жоғары халықаралық құжаттарды білу, олардың негізгі пәні мен жүзеге асуы жөнінде мәліметтерді қарастыру. Еліміз бекіткен қоршаған орта мен экология саласындағы халықаралық құжаттардың жүзеге асырылуы барысындағы нәтижелер мен кемшіліктерін басқа мемлекеттерде шешімін қалай тауып жатқаны баспа құралдарында жариялануы сирек. Сонымен қатар еліміздегі үкіметтік және үкіметтік емес халықаралық ұйымдар қызметінің заңдылығы әлем үшін атқарып жатқан пайдалы істері мен мемлекетіміздің алға қойған мақсаттарына жеткізудегі рөлі көп жағдайда еленбей жатады. Сондықтан да болар зерттеу тақырыбына сәйкес ғылыми еңбектер азшылықтықты құрайды. Тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық аренадағы елеулі құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті болу үшін елеміздің әлеуметтік, экономикалық, саяси, әскери жағдайының жоғары болуымен қатар, қоршаған орта мен экологиялық жағдайына, құқықтық тұрғыдан реттелуіне көп мән беріледі. Сондықтан еліміздің осы саладағы халықаралық қатынастарға түсудің нәтижелері жиі әрі уақытылы халыққа жеткізілуі тиіс. Себебі барлық адам қолайлы қоршаған ортаға құқылы және оның жағдайы туралы шынайы ақпарат алуға құқылы.
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫНТЫМАҚ-ТАСТЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастықтың түсінігі, құқықтық сипаттамасы мен мазмұны
Табиғи ресурстарды пайдалану саласында туындайтын мәселелерді көршілес мемлекеттермен бірлесе отырып шешудің қажеттілігі ХІХ ғасырда-ақ пайда болды, сондықтан еуропалық көптеген мемлекеттер Қоршаған ортаны қорғау саласында екіжақты келісімдер мен конвенцияларға қол қойды. 1839 жылы Франция мен Англия мемлекеттері устрица аулай туралы; пайдалы құстарды қорғау туралы Австро-Венгрия мен Италия 1875 жылы; теңіз мысықтарын қорғау туралы Ресей, АҚШ пен Жапония 1897 жылы; солтүстік теңізде балық аулау жөнінде 1882жылы және 1902 жылы Ресей мен Румыния, т. б. халықаралық ынтымақтастықтың бастаулары орын алды.
ХХ ғасырдың басында көптеген елдерде табиғи ресурстарды қорғау жөнінде қоғамдық іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған алғашқы қадамдар жасала бастады. Осы кезеңдегі аса маңызды оқиға - 1913 жылы Берн қаласында (Швейцария) халықаралық табиғат қорғау қоғамының бірінші конференциясы болды, оған 17 елден делегаттар қатысты. Конференцияда жануарларды жаппай қыру мен басқа табиғи ресурстардың сарқылу мәселелері сөз болды және халықаралық табиғатты қорғау консультативті комиссиясы құрылды. Бірақ осыдан кейін басталған екі дүниежүзілік соғыстар бұл конференцияларды айтылған идеялардың орындалуына мүмкіндік бермеді. Тек қана арада 35 жыл өткен соң 1948 жылы 30 қыркүйекте Париж маңындағы Фонтенбло қаласында ЮНЕСКО қолдауымен Халықаралық табиғатты қорғау одағы құрылды. Дегенмен халықаралық табиғат қорғау қозғалысының бастамасы 1922 жылы құрылған арнайы ұйым - құстарды қорғау жөніндегі халықаралық Кеңес болды. Осыдан келіп Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық құралдырның қажеттіліктері туындайды [1, 294б] .
Табиғи ортаны қорғаудағы халықаралық ынтымақтастық не үшін керек? «Табиғи орта» түсінігінің өзі көптеген жаратылыс компоненттерінің басын қосады: өлі табиғат, теңіз, әуе, ғарыш кеңістіктері, сонымен қатар адамның өз қолымен жасалған табиғи кешендер кіреді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық құқықтық нормативтік құжаттар халықаралық құқықтың басқа салаларының құрамында болды: теңіз, әуе, ғарыш құқығы және гуманитарлық құқық. ХХ ғасырдың соңындағы ғылыми - техникалық прогресстің бірден дамуы табиғи ортамен байланысты бірнеше мәселе туғызды. Олардың арасында бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған ең басты мәселе - табиғи ресурстарды пайдаланудың қарқындылығы, Қоршаған ортаның ластануы және адамзаттың өміріне қауіп әкелетін басқа да факторлар [2, 61б] .
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. Жердің динамикасын, жағдайын, құрылымын қасақана өзгертуге тыйым салынады. Қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі халықаралық ынтымақтастық мақсаттары мынадай:
- адамды және оны қорашаған ортаның ауасын ластанудан қорғау;
- мемлекеттік аумақтағы қайнар көздердің ауаны ластауын шектеу, қысқарту және оның алдын алу;
- ақпараттар, консультациялар, ғылыми зерттеулер және мониторинг алмасу арқылы ауаны ластаумен күресу стратегиясын жасау;
- ауа сапасын реттеудің және оны ластаумен күрес шараларының ең жақсы жүйесін жасау;
- кез келген қайшы әрекеттерге тыйым салу және алдын алу бойынша кез келген заңды шараларын қабылдау [3, 369б] ;
Қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық құралдар арқылы қорғау халықаларық құқықтың жас саласы болып табылады. Шындыққа негіздеп айтар болсақ, бүгінде аталған салаға қатысты нормалар мен қағидалар жүйесінің қалыптасуы мен құрылуы жөнінде ғана сөз қозғауға болады. Сонымен қатар, аталған саланың реттеу объектісінің бүкіл адамзат үшін маңыздылығына қарай отырып халықаралық экологиялық құқық ғылымының тез әрі қарқынды дамитынын болжауға болады. Әлем бойынша күн тәртібінде тұрған глобалды экологиялық мәселелер барлық мемлекеттерге қатысты және сол мәселелерді шешудегі халықаралық экологиялық ынтымақтастықтың тез әрі тиімді түрде ретке келтірілуі мен үйлестірілуін талап етеді. Қоршаған ортаның жағдайын сипаттаудағы кейбір цифрлар үрей туғызады. Қазіргі уақытта бүкіл құрлықтың үштен бірі шөлейттенудің аз - ақ алдында тұр. Соңғы 50 жылда планетамыздың орман қоры екі есеге дейін азайған. Жануарлардың мыңнан аса түрі қырылу қаупі бар. Бүкіл адамзаттың жартысына жуығы теңіз ресурстарының жетіспеушілігінен зардап шегуде. Аталған мәселелердің барлығына жуық ортақ қасиет антропогендік әсерден болуда. Яғни адам әрекетінің әсерінен осындай қауіптер туындап отыр. Экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық қауіпсіздік ұғымының ажырамас бөлігі екені жалпымен мойындалған [4, 731б] ;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі алғашқы көпжақты конференция 1972 жылы Стокгольмде шақырылған болатын. Ол БҰҰ-ның ұоршаған ортаны қорғау жөніндегі Бағдарламасының (ЮНЕП) жүзеге асуына жол ашып берді. БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХVІІ сессиясында «Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі ұйымдық және қаржылық шаралар» деген қарар қабылданды. Кейінірек, 1975 жылы Хельсики Қорытындысы актісінде «Экономика, ғылым, техника жіне Қоршаған орта саласындағы ынтымақтастық» деген арнайы бөлім пайда болды. Бұл құжатта осындай сипаттағы ынтымақтастықтың келешегі белгіленді. Оның ішінде, халықаралық ынтымақтастық Қоршаған ортаны қорғау мен жақсартудан, сондай - ақ Қоршаған ортаға және оның ресурстарын қазіргі және келешектегі адамзат игілігі үшін ұтымды пайдаланудан келіп шығатындықтан, ол экономикалық даму үшін үлкен маңызы бар міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттер өздерінің аумақтарында жүргізіліп жатқан әрекеттердің басқа мемлекеттің қоршаған ортасының нашарлауына себеп болмауы керектігін түсінуі тиіс. Хельсинкидегі Қорытынды Акті қарастырылып отырған саладағы ынтымақтастық мақсаттарын айқындап берді. Оларға:
- қоршаған орта проблемаларын зерттеу, қоршаған орта проблемаларының кешенді ғылыми амалдарын дамытуды қолдау;
- фактілерді жинауда және саралауда пайдаланылатын тәсілдерді салыстыру және үйлестіру арқылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық және халықаралық шаралардың тиімділігін арттыру; қоршаған ортаның дастану проблемалары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі білімдерді дамыту;
- қоршаған орта саласындағы мақсатқа сай болатын және оларды үйлестіру мүмкіндігіндегі саясатты жақындастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау;
- қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, оның жай - күйін бақылауға арналған құрал - жабдықтарды жасау, өндіру, жетілдіру саласында мүдделі ұйымдардың, мекемелердің және фирмалардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі қабылдайтын әрекеттерін қолдау жатады [3, 369-370б] .
Әрбір мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін өз заңнамаларында көрсеткен, кейбір мемлекеттер тіпті конституциялық нормалар қабылдаған. Бірақ күн сайын өршіп бара жатқан экологиялық мәселелерді шешу тек бір мемлекеттің ғана құзырындағы мәселе емес екенін және бұл саладағы жоспар мен қызметті басқа да мемлекеттермен бірігіп, ынтымақтасып шешу қажеттілігін барлық мемлекет толықтай мойындаған. Осыдан келіп халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту халықаралық құқық саласында қызмет ететін көптеген ұйымдар мен мекемелердің алдына қойылған мақсат болды. Олардың әрекеттері маңызды да тұрақты түрде саны жағынан да, сапасы мен көлемі жағынан да ұлғайып отыраған ережелер мен қағидаларды қабылдаумен аяқталды. Осыдан келіп халықаралық жария құқықтың халықаралық экологиялық құқық саласы пайда болды [5, 28-29б] .
Халықаралық экологиялық құқық (Қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғау) дегеніміз - халықаралық құқық субъектілерінің табиғи ресурстарды қорғау мен оларды оңтайлы да экологиялық негізді түрде пайдаланудағы, Жердегі қолайлы тіршілік шарттарын сақтаудағы әрекеттерін реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі [4, 731б] .
Құқықтанушы Құлжабаеваның пікірінше, халықаралық экологиялық құқық - жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне түрлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілген залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді [3, 368б] .
Белгілі ғалым К. А. Бекяшев болса халықаралық экологиялық құқыққа былай анықтама береді: халықаралық экологиялық құқық дегеніміз - табиғи ресурстарды оңтайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін және қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған қағидалар мен нормалар жиынтығы. Ал қоршаған ортаға кері әсер тигізетін факторлар ретінде келесілерді талдап кеткен:
а) табиғаттың жекелеген компоненттерін жою және оларды тиімсіз, кері пайдалану;
ә) Қоршаған ортаны ластау;
б) қарулы қақтығыстар және жергілікті соғыстар [6, 743б] ;
Халықаралық экологиялық құқыққа қалай анықтама берсек те ортақ мәселе анық. Ол - адамзаттың, мемлекеттердің қоршаған ортаны оңтайлы да қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны ластанудан қорғау және қолайлы тіршілік шарттарын сақтаудағы халықаралық ынтымақтастықты күшейту.
Мемлекеттердің қоршаған ортаны қорғаудағы ынтымақтастығы мен қызметі халықаралық құқықтың жалпы қағидаларына негізделеді: территориялық тұтастық, егемендік теңдік, міндеттемелердің лайықты түрде жүзеге асырылуы, ішкі істерге араласпау, ынтымақтастық және т. б. Сонымен қатар, аталған құқық саласының дамуы салалық басқа да қағидалардың пайда болуына әкелді. Халықаралық құқықтың басқа да салалары секілді халықаралық экологиялық құқықтың да салалық қағидаларын толықтай атап көрсетіп кететін бірыңғай құжат жоқ. Сондықтан қандай да болмасын қағидалар субъективті сипатта қағидалар қатарынан орын алған және олар халықаралық құқықтың басқа да мектептерімен таратылуы мүмкін. Басқаша айтар болсақ, халықаралық қоршаған ортаны қорғау құқығының салалық қағидалар жүйесі - заңды күшін жоғалтпаған халықаралық келісімдерді доктриналық тұрғыдан талдай мен оларды қолдану тәжірибесінен туындаған. Сонымен қатар, халықаралық - құқықтық талдаудың қисынсыз болуы мүмкін емес. Ерекшелігі сол, қағидалар жүйесін үйлестіруде бір жайтты естен шығармауымыз тиіс - қағида мен халықаралық ынтымақтастық арасында органикалық байланыс бар. Аталып кететін қағидалар қатып қалған қағидалар жүйесі емес, себебі, құқық саласы дамыған сайын, кейбір негізгі қағидалар күшін жойып жатса, ал кейбіреуі, керісінше, уақыт өткен сайын маңыздылығы арта түсуі мүмкін [4, 740-741б] .
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық халықаралық экологиялық құқықпен реттеледі және келесі нормалар мен қағидаларға сүйенеді:
1. Қоршаған орта - адамзатқа ортақ қамқорлық. Бұл қағиданың мәні сол, халықаралық ынтымақтастық барлық дәрежеде және барлық шараларды қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауға міндетті және қорғай алады. Бұл қағида жаңадан табылған қағида емес, ол халықаралық құқықтың басқа да салаларында қолданады.
2. Мемлекет шекарасынан тыс қоршаған табиға орта - жалпы адамзаттың ортақ игілігі. Ұлттық юрисдикция шегінен тыс қоршаған табиғи орта адамзаттың ортақ игілігі болып табылады және оларды сақтау барлық мемлекеттер мен әлем халықтарының ортақ міндеті; қоршаған табиғи ортаға ұлттық егемендік жариялау, жекелей пайдалану, басып алу немесе басқа да әрекетер арқылы жекешелендіру әрекеттері тыйым салынған. Аталған қағида Ғарыш туралы 1967 жылғы Шартта, БҰҰ-ның 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясында, мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі әрекеттері жөніндегі 1979 жылғы Келісімде, БҰҰ-ның Қоршаған орта мен даму жөніндегі 1992 жылғы Конференциясында бектілген.
3. Қоршаған орта мен оның құрамдас бөліктерін зерттеу мен пайдалану еріктілігі. Барлық мемлекеттер мен үкіметаралық халықаралық ұйымдар ешбір кемсітушіліксіз қоршаған ортада құқыққа сай ғылыми әрекеттердә жүзеге асыруға құқылы. Бұл ереже қағида ретінде 1959 жылғы Антарктика туралы Шартта, Ғарыш туралы 1967 жылғы Шартта, БҰҰ-ның 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясында, мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі әрекеттері жөніндегі 1979 жылғы Келісімде ұағида ретінде аталып кеткен.
4. Қоршаған ортаны тиімді де оңтайлы пайдалану. Табиғи ресурстарды пайдалану жоғары дәрежедегі үнемділік пен орнықтылықта жүзеге асырылуы қажет. Мемлекеттер табиғи ресурстарды ұдайы өндіру мен қайта жаңғырту шараларын жасауға міндетті. Балық аулау мен ашық теңіз жануарларын қорғау қорғау туралы 1958 жылғы Конвенцияда, Антарктиканың тірі теңіз ресурстарын сақтау туралы 1980 жылғы Конвенцияда, қоныс аударушы жануарлар түрлерін қорғау туралы 1979 жылғы Конвенцияда бұл қағида өз орнын тапқан.
5. Қоршаған орта мен оның құрамдас бөліктерін зерттеу мен пайдалануда халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу. Қоршаған ортаны қорғау, табиғат ресурстарын жаңғырту мен қайта қалпына келтіру саласындағы халықаралық экологиялық мәселелерді шешуде, алдын алуда, азайту немесе жою үшін тең құқық пен өзара пайдалы негізде барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы жүзеге асыру абзал. Бұл қағида халықаралық - құқықтық қорғаудың басты қағидаларының бірі және халықаралық келісімдердің барлығына жуығында көрініс тапқан, мысалы, Антарктиканың тірі теңіз ресурстарын сақтау туралы 1980 жылғы Конвенцияда, БҰҰ-ның 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясында аталып кеткен.
6. Қоршаған ортаны қорғаудың бейбітшілікпен, дамумен, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етумен тығыз байланыстылығы. БҰҰ-ның 1968 жылғы адам құқықтары жөніндегі алғашқы Конференциясының өзінде - ақ халықаралық қоғамдастық адам құқықтары мен бейбітшілік арасындағы тығыз байланысты атап кеткен.
1972 жылы Стокгольмде болған БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференция мемлекетер мен халықаралық ұйымдардың экологиялық саясаттағы маңызды кезеңінің басталуымен есте қалды. 1972 жылғы Стокгольм Декларациясының бірінші қағидасы адам құқықтары мен қоршаған ортаның тығыз байланыстылығын көрсетті. Конференция әлемдік ынтымақтастықтың қоршаған ортаны қорғаудағы қызметінің негізгі стратегиялық мақсаттары мен бағыттарын айқындап берген Декларация қабылдаумен аяқталды. Стокгольм конференциясы 5 маусым күнін Халықаралық «Қоршаған ортаны қорғау күні» деп жариялады. Конференция нәтижесінде БҰҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін қоршаған ортаны қорғау органы (ЮНЕП, штаб - пәтері Кения мемлекетінің Найроби қаласында) құрылды.
Кейіндеп БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау мен даму жөніндегі конференциясы 1992 жылы Рио - де - Жанейро қаласында өтті. Бұл конференцияға 114 мемлекеттің басшылары, 1600 үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты және ХХ ғасырдағы экология бойынша ең әсерлі форумы мәртебесіне ие болды. БҰҰ Конференциясының (Рио-92) басты жетістігі келесі жағдайларды мойындаумен ерекшеленді: «Қоршаған орта мәселелері мен экономикалық даму жеке - жеке қарастырылуы мүмкін емес» (4 - қағида) ; «Жердің экожүйесінің тұтастығы мен саулығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында мемлекеттер жан - жақты ынтымақтасуы қажет» (7 - қағида) ; «Қоршаған ортаны қорғау, даму және бейбітшілік өзара тығыз байланысты және бір - бірінен ажыратуға жатпайды» (25 - қағида) .
7. Қоршаған ортаға деген сақтық көзқарас. Бұл қағида Декларацияның (Рио-92) 15 - Қағидатында бектіліп, айшақталған: мемлекеттер қоршаған ортаны қорғауда өз мүмкіндіктері шегінде қауіпсіздік қығидасы шараларын сақтайды. Мемлекеттер теңіз ресурстары мен теңіз кеңістігін сақтау мақсатында трансшекаралық балықтар қоры мен алысқа қоныс аударушы балықтарды сақтауда, оларды басқаруда және пайдалануда барлық қауіпсіздік шараларын қолдануда барлық мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланады (БҰҰ-ның 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясының ережелерін жүзеге асыру жөніндегі Келісім) .
8. Даму құқығы. Бұл қағида бойынша даму құқығының қоршаған ортаны қорғаумен тығыз байланыста болу керектігін көрсетеді. Рио-92 Декларациясының 3 - Қағидатында бұл қағида нақты көрсетіліп кеткен: даму құқығы қоршаған орта мен бүгінгі және болашақ ұрпақ сұраныстарын қанағаттандырумен барабар түрде жүзеге асырылып, сақталуы тиіс.
9. Зиянның алдын алу. Осы қағидаға сәйкес, барлық мемлекеттер Қоршаған ортаға маңызды түрде әсер етіп жатқан немесе әсер етуі мүмкін заттар мен технологияларды, өндіріс пен белсенділік дәрежесін бағалауы және теңдестіруі қажет. Әрбір мемлекет қоршаған ортаға не оның көлемді түрде зиян әкелетін себептерді жою мақсатында жүйелі түрде зерттеуге, реттеуге және басқаруға міндетті. Бұл қағиданың мазмұны 1982 жылғы 28 қазандағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Дүниежүзілік табиғат Хартиясының ІІ - бабында талданып кеткен. Зиянның алдын алу қағидасы 1992 жылғы биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияның 7 - бабының «с» тармағы мен 8 - бабының «в» тармағында, 1987 жылғы ЮНЕП-тің қоршаған ортаны қорғауға байланысты Қағидалар мен ережелерінің 7 - бабында көрініс тапқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz