Қаржының экономикалық маңызы және қажеттігі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІГІ . . . 5

1. 1 Қаржының мәні мен объективті қажеттілігі . . . 5

1. 2 Қаржының функциялары және рөлі . . . 13

2. ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 21

2. 1 Қаржының экономикалық өсуге әсері қоғамдық қатынастардағы маңыздылығы . . . 21

2. 2. Экономикалық өсу қамтамасыз етуде қаржы көздері . . . 25

3 . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ . . . 33

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 39

Кіріспе

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.

Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.

Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі - материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.

Ал өз кезегінде қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.

Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.

Осы аталған мәселелерге байланысты курстық жұмыс тақырыбын «Қаржының мәні мен объективті қажеттілігі» деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты қаржының экономикалық категория ретіндегі мәні мен объективті қажеттілігін анықтау және қаржы қатынастары мен оның басқа экономикалық категориялармен өзара байланысын талдау, ҚР қаржы жүйесі мен құрылымының даму барысына тоқталу болып табылады.

Тақырыптың жазу барысындағы басты міндеттерге:

  • Қаржы туралы жалпы теориялық түсінікті қалыптастыру;
  • Қаржының экономикалық мәні мен қжеттілігін анықтау;
  • Қаржының мәнін ашудағы қаржы қызметтері мен қаржының маңыздылығына тоқталу;
  • Қаржы экономикалық өсу мен қоғамдық дамудағы маңыздылығын анықтап, қаржы жалпы экономикалық қатынастар жүйесіндегі қызметтерін талдау болып табылады.

1. ҚАРЖЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІГІ

1. 1 Қаржының мәні мен объективті қажеттілігі

Қаржының қажеттiгi объективтi мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгещелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.

Қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

“Қаржы” (қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта ғасырдағы латын тiлiнiң financia сөзiнген пайда болған француздың қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешелiк ролiмен айшықталады. /3, 6 б/

Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады. Басқаша айтқанда, қозғалысы ерекше қорлар арқылы жүрiп отыратын ақша қатынастары.

Қаржы қатынастары бұл:

  • Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
  • Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
  • Заңды тұлғалар арасындағы;
  • Жеке мемлекеттер аарсындағы қатынастар.

Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары.

Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.

Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында, өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.

Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi. Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән белгiлердi иемдене алмайды.

Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын қамтамасыз ете алмайды.

Жалпы қаржының экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiгiн оның экномиканың барлық салаларында атқаратын негiзгi қызметтерiнен анық көруге болады. Қаржыға қатысты қызмет осы экономикалық категорияға тән қызметтер тобын, мәнннiң iс қимылдағы көрiнiсiн бiлдiредi. Қазiргi кезде қаржы қызметiн сипаттауда бөлгiштiк және ұдайы өндiрiстiк тәрiздi екi тұжырымдамасы қалыптасып отыр. /3, 12 б/

Бiрiншi тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндiрiстiң екiншi стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнiмнiң құнын бөлу процесiнде пайда болады, қаржының бөлгiштiк сипаты оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiгiн көрсетедi деп атайды. Осы тұжырымдамаға сәйкес қаржы басты екi қызмет орындайды : бөлу және бақылау.

Қаржының бөлу қызметi қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнiм мен оның аса маңызды бөлiгi - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бiр бөлiгiн бөлу және қайта бөлу процесiнде пайдаланылады дегендi көздейдi.

Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау қызметi аталған екi тұжырымдамағада сәйкес келедi. Бұл қызмет жалпы iшкi өнiмдi тиiстi қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрiнедi. Қаржының бақылау қызметiнiң экономикалық мағынасы кәсiпорынның шаруашылық қаржы қызметiне теңгемен бақылау жүргiзу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнiмсiз әрi тиiмсiз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бiрге кәсiпорындарда өндiрiс рентабелдiлiгiн арттырудың резервтерiн ашуға, өндiрiстiук емес шығындарды болдырмауға мүмкiндiк бередi.

Екiншi ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi:

  1. Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
  2. Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
  3. Бақылау қызметi.

Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады.

Осы жиналған немесе тартылған ақша қорларын экономикада орынды жұмсау қаржының екiншi қызметi ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Әрине жоғарыда аталған қызметтердiң барлығы бiр-бiрiмен тығыз байланысты және олардың қызметтерi бiр-бiрiнсiз жүзеге аспайтын белгiлi бiр экономикалық жүйе болып табылады.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып келеді. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Алайда кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі құндық экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жаслатын есеп айырысулары, негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу және қайта бөлу, қаржы қорларын қалыптастыру, мемлекеттік бюджеттің кірісіне салық төлемдерін аудары; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және т. б. /4, 18 б/

Қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

Жалпықоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.

Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржы өндірістік қатынастардың белгілі бір сферасын білдіреді және базистік категорияға жатады.

Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.

Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.

Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда болінген кұн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шегтетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.

Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі - баға жұмыс істейді. /8, 17 б/

Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясығада асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің қүны және оның ма-ңызды бөлігі - үлттық табыс алгашқы бөлу* процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге - с, V, және т

* Алғашқы бөлу деп өткізілген құнды бөлшектеу процесі мен тауар бағасының элементтеріне (жалақыға, пайдаға, табысқа т. с. с. ) сәйкес келетін оның құрамындағы бастапқы табыстарды мүшелеуді айтады; ал бөлінгенді одан өрі бөлумен байланыстының барлығы қайта бөлуге жатады.

т*-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс қүралдары қүнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (V ) төленеді және қосымша өнім (т) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басты өңдіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияла-рьіның бастауын қүрайды. Сөйтіп, оңцірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді "с", 'V және "т"-ге сәйкес элеменггерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъекгілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатгы пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъекгілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөлікгерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. /11, 21 б/

Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне, ** с - өндірістің материалдық шығындары; V - қажетгі өнімнің құны; т - қосымша онімнің құны. Шет елдін оқулык одебиеттерінде экономиканың даму ауқымының өлшем көрсеткіші - кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын жалпы ұлттық өнім пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҰӨ мына элементтерді жинақтаумен жасалынады: тұтынылған капиталдың көлемі (амортизациялық аударымдар) ; бизнеске салынатын жанама салықтар; жалдамалы қызметкердің жалақысы; ренталық төлемдер; пайыздар; меншіктен түсетін табыстар; корпорациялардың пайдасы. Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл жиынтығы бойынша) ЖҮӨ мыналарды қамтиды: үй шаруашылығының, яғни елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі - С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар - І; тауарлар мен қызметтер көрсетуді үкіметтің сатып алуы - С; Хп - таза экспорт (экспорт колемінің импорттан асып түсуі немесе керісінше минус белгісімен) . ЖҰӨ сомасы = С+Іе+О+Хп. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістің ақырғы нәтижесін сипаттайды, ол айналым қорларының (капиталының) (бұл корлардың қалыптасуы мен қозғалысында каржы зор рөл атқарады) елеулі бөлігі болып келетін аралық өнімнің құнын камтымайды. Сондықтан бұл жалпықоғамдық өнімнің Р=с+у+т дәстүрлі формуласы алынды және үлкейтілген түрде экономикадағы құнның қозғалысын оның осы негізгі элементтері бойынша бақылап отыруға болады.

оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қогамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - ө ндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.

Экономикалық зандармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикаяық категориялар - бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т. б. жатады.

Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардыц (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың ендіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негіздследі.

Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, "жалпыдан - жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өңдірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы катынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т. б. )

Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да -ақша, табыс (пайда*), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өңцірісті ынталандыру, кәсіпорыңцар қызметінің нәтижелсрін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.

Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен "Пайда" термині Қазақстанда таза табысқа ауыстырылған. /3, 14 б/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі
Қаржы мен қаржы саясатының мәні.
Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржының экономикалық рөлі мен маңызы
Ақша теориясы, түрлері, даму кезеңдері қызметі
Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz