Мұнайдың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мұнайдың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы
1.1. Мұнайға әлемдік сұраныс пен ұсыныс ... ... ... ... ... ..5
1.2. Сұраныс пен ұсыныстың бағаға тигізетін әсері ... ... ...9
2. Мұнайдың әлемдік нарығының даму келешегі ... ... ... ... 11
3. Қазақстан . мұнай мен газдың ірі өндірушісі
3.1. Қазақстанның мүмкіндіктері мен нарықта алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.2. Мұнайды тасымалдау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Адамның қалыпты өмірлік қайраткерлігін қамтамасыз ету үшін арналған энергетикалық ресурстардың ең маңыздыларының бірі болып бірқалыпсыз таралған мұнай мен газ қорлары есептеледі. Осылайша, мұнай қорлары Таяу Шығыс елдерінде орын алады, мұнда мұнай қорлары әлемдік мұнай қорының шамамен 64%-ін құрайды, бұл 695,5 млрд. баррель мұнайға теңеледі. Мұнай қорлары бойынша екінші орынды Солтүстік Америка алады, Мексиканы қоса алғанда 86,6 млрд. баррель мұнай, одан кейін Орталық және Оңтүстік Америка- 78,9 млрд.баррель.
Бұл тізімдегі 4-ші орынды қорлары 73,1 млрд.баррель мұнай құрайтын Африка алып отыр. Бұрынғы Кеңес одағының қорлары 57,0 млрд.баррель мұнай құрайды, Австралия мен Азиянікі – 44,1 млрд. баррель мұнай және Еуропанікі – 17,7 млрд. баррель.
Мұнайдың әлемдік нарығындағы ең танымалы – 1960 жылы құрылған және 13 егемен мемлекетті біріктірген мұнайды экспорттайтын елдердің ұйымы ОПЕК (МЭЕҰ) болып табылады. Бұл 13 егеменді мемлекеттердің әрқайсысы географиялық орналасуымен, табиғи ресурстардың жағдайымен, қаржы мен өндірісінде әр түрлі сипаттамаларға ие. Олар: Иран, Ирак, Кувейт, Катар, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Эквадор, Венесуэлла, Алжир, Ливия, Нигерия, Габон.
Шикі мұнайдың әлемдік қорларының 77%-ы ОПЕК елдеріне келеді.
ОПЕК мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезге дейін дәлелденген жалпыәлемдік мұнай қорларының 2/3 үлесі (64%) Таяу Шығыстың 5 еліне келеді: Сауд Аравиясы (25,5%), Ирак және БАЭ (10%), Кувейт (9,5%), Иран (9%). Қосымша Бахрейнге, Оманға, Сирияға, Йеменге, Бейтарап аумақ пен Катарға жалпыәлемдік қордың 2% –ы келеді.
Осы шақта Таяу Шығыстың мұнайгаз қорлары әлі де толық қолданылмаған, дәлелденген қорлар мен өндіру деңгейі пропорционал емес.
Мұның негізгі себебі ретінде шикі мұнайға жоғары бағаны сақтау үшін ОПЕК-пен қолданылатын өндіру саясаты есептеледі. Дегенмен, бұл тек кішкене ғана берілген пропорцияны дәлелдейді.
Маңызды фактор болып табылатын тағы бір жәйт, бұл күрделі экономикалық мәселелердің болуы мен қажетті құралдардың болмауы кезінде ірі ішкі және сыртқы қарызда бұл 5 елдерде дамуы үшін үлкен инвестицияларды қажет ететін ірі кенорындар орын алады. Құралдардың болмауы жаңа кенорындардың дамуына мүмкіндік бермейді. Ал мұнсыз дамушы әлемдік сұранысты қанағаттандыру өте күрделі. Жаңа резервуарлардың географиялық орналасуы тек жаңа өндірістік және тасымалды инфрақұрылымды өндіруге ғана емес, сол сияқты оны түзуге де көп шғынды қажет етеді.
1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика – Алматы, «Экономика», 2003;
2. Есенғалиева Қ.С., Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика – Алматы, «Экономика», 2000;
3. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория – Алматы, «Экономика», 2003;
4. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ч.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004;
5. Сахариев С.С., Сахариева А.С. Әлем экономикасы, І-ІІ бөлім – Алматы, «Дәнекер», 2003;
6. «Нефть, газ и энергетика» №6,2005(ноябрь) – Россия, Москва, КВЦ «Сокольники»;
7. «Магистраль» №14(56) , 2005 – Астана;
8. «Эксперт» №38(401), 2005;
9. «Эксперт» №2, 2004.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3
1. Мұнайдың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы
1.1. Мұнайға әлемдік сұраныс пен ұсыныс ... ... ... ... ... ..5
1.2. Сұраныс пен ұсыныстың бағаға тигізетін әсері ... ... ...9
2. Мұнайдың әлемдік нарығының даму келешегі ... ... ... ... 11
3. Қазақстан – мұнай мен газдың ірі өндірушісі
3.1. Қазақстанның мүмкіндіктері мен нарықта алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.2. Мұнайды тасымалдау мәселелері ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
0

Кіріспе

Адамның қалыпты өмірлік қайраткерлігін қамтамасыз ету үшін арналған
энергетикалық ресурстардың ең маңыздыларының бірі болып бірқалыпсыз
таралған мұнай мен газ қорлары есептеледі. Осылайша, мұнай қорлары Таяу
Шығыс елдерінде орын алады, мұнда мұнай қорлары әлемдік мұнай қорының
шамамен 64%-ін құрайды, бұл 695,5 млрд. баррель мұнайға теңеледі. Мұнай
қорлары бойынша екінші орынды Солтүстік Америка алады, Мексиканы қоса
алғанда 86,6 млрд. баррель мұнай, одан кейін Орталық және Оңтүстік Америка-
78,9 млрд.баррель.
Бұл тізімдегі 4-ші орынды қорлары 73,1 млрд.баррель мұнай құрайтын
Африка алып отыр. Бұрынғы Кеңес одағының қорлары 57,0 млрд.баррель мұнай
құрайды, Австралия мен Азиянікі – 44,1 млрд. баррель мұнай және Еуропанікі
– 17,7 млрд. баррель.
Мұнайдың әлемдік нарығындағы ең танымалы – 1960 жылы құрылған және 13
егемен мемлекетті біріктірген мұнайды экспорттайтын елдердің ұйымы ОПЕК
(МЭЕҰ) болып табылады. Бұл 13 егеменді мемлекеттердің әрқайсысы
географиялық орналасуымен, табиғи ресурстардың жағдайымен, қаржы мен
өндірісінде әр түрлі сипаттамаларға ие. Олар: Иран, Ирак, Кувейт, Катар,
Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Эквадор, Венесуэлла,
Алжир, Ливия, Нигерия, Габон.
Шикі мұнайдың әлемдік қорларының 77%-ы ОПЕК елдеріне келеді.
ОПЕК мәліметтеріне сәйкес, қазіргі кезге дейін дәлелденген жалпыәлемдік
мұнай қорларының 23 үлесі (64%) Таяу Шығыстың 5 еліне келеді: Сауд
Аравиясы (25,5%), Ирак және БАЭ (10%), Кувейт (9,5%), Иран (9%). Қосымша
Бахрейнге, Оманға, Сирияға, Йеменге, Бейтарап аумақ пен Катарға
жалпыәлемдік қордың 2% –ы келеді.
Осы шақта Таяу Шығыстың мұнайгаз қорлары әлі де толық қолданылмаған,
дәлелденген қорлар мен өндіру деңгейі пропорционал емес.
Мұның негізгі себебі ретінде шикі мұнайға жоғары бағаны сақтау үшін
ОПЕК-пен қолданылатын өндіру саясаты есептеледі. Дегенмен, бұл тек кішкене
ғана берілген пропорцияны дәлелдейді.
Маңызды фактор болып табылатын тағы бір жәйт, бұл күрделі экономикалық
мәселелердің болуы мен қажетті құралдардың болмауы кезінде ірі ішкі және
сыртқы қарызда бұл 5 елдерде дамуы үшін үлкен инвестицияларды қажет ететін
ірі кенорындар орын алады. Құралдардың болмауы жаңа кенорындардың дамуына
мүмкіндік бермейді. Ал мұнсыз дамушы әлемдік сұранысты қанағаттандыру өте
күрделі. Жаңа резервуарлардың географиялық орналасуы тек жаңа өндірістік
және тасымалды инфрақұрылымды өндіруге ғана емес, сол сияқты оны түзуге де
көп шғынды қажет етеді.
Осылайша өндірілетін кенорындар оларды функционалдауды сақтауға мәнді
талаптар талап етеді. Мұның мысалы ретінде, Гауар (Сауд Аравиясы), Тамаша
(Абу-Даби) және Асмари (Иран) кенорындарын алуға болады.
Ирактағы өндірудің минималды деңгейі ирактық мұнайды әлемдік нарыққа
экспортталуына кедергі келтіретін халықаралық санкциялармен түсіндіріледі.
Осы орайда аудандағы өндіріс көлемінің жоғарылауы тек шетелдік
инвестициялар қатысуымен және ұлттық мұнай компанияларын жекешелендіру
кезінде ғана мүмкін.
Таяу Шығыстағы мұнай жағдайының дамуын талдай отырып, барлық елдердің
мұнай секторларының үстінен бақылауды сақтап қалуға ұмтылуын байқауға
болады. Тек мына елдер ғана шетелдің қатысуы үшін өз мұнай секторларын
ашты: Иран, БАЭ, Бейтарап аудан, Катар, Йемен, Оман, Сирия және Йордания.
Бұл орайда келешегі бар мемлекеттердің бірі болып Кувейт есептеледі.
Мұнда British Petroleum, Chevron, Shell компанияларымен жасалған келісімдер
өз күшін сақтап қалған.
Қазіргі кезде батыс мұнай компаниялары Кувейт парламенті өнімді және
сервисті келісім – шарттарды бөлу туралы Келісімге рұқсат береді деп
үміттенуде. Дегенмен, Ел ішінде Жоғарғы мұнайлы Кеңес пен ықпалды
парламент фракциялардың күшті қарама-қарсылығы бар.
Американдық эксперттердің айтуы бойынша, Сауд Аравиясы жақын келешекте
өз мұнай секторын аша қоюы күмән туғызады. Себебі, қазіргі кезде және жақын
арада мұнай өндірісін қазіргі күніне 10 млн. баррель көлемінен
жоғарылатудың қажеттілігі жоқ.
1978-79 жылдардағы мұнай нарығындағы бағалардың дағдарысына дейін Таяу
Шығыста шикі мұнайды өндіру тәулігіне 22,5 млн. баррель болды. Дегенмен,
Батыс Еуропа мен Латын Америка елдеріндегі өндірудің жоғарылауынан туған
әлемдегі мұнайға сұраныстың азаюынан кейін Таяу Шығыс өзінің мұнай өндіру
көлемін тәулігіне 11 млн. баррельге дейін төмендетіп, нарықтағы өз үлесін
қиды.
Артық өндіру қуаттары бар жалғыз аумақ – ол Таяу Шығыс болып отыр.

1. Мұнайдың әлемдік нарығының қазіргі жағдайы
1.1. Мұнайға әлемдік сұраныс пен ұсыныс

Қазіргі кезде мұнай бизнесі жылжымайтын мүлікті сату және
телекоммуникациондық бизнеспен қатар әлемдік экономиканың келешегі бар
сфераларына жатады, оның себебі, мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдегі
тұтыну көлемінің өсуімен тудырылған оларға деген сұраныстың өсуі. Тағы бір
себеп ретінде, Оңтүстік – Шығыс Азияда, Латын Америкасында, Африка мен Таяу
Шығыста халық санының күрт өсуін айтуға болады.
1990 жылдан кейін Оңтүстік – Шығыс Азия елдеріндегі мұнайға деген
сұраныс 35%-ға өсті. Жобалауға сәйкес, бұл елдердегі сұраныс 2000 жылға
дейін шамамен 4,6%-ға жыл сайын өсіп отырады, бұдан кейін төмендеу
байқалады. Латын Америкасы, Африка және Таяу Шығыс елдері 2000 жылға дейін
тәулігіне 3,63 млн. баррель мұнайды жалпы әлемдік сұранысқа қосады.
Бұдан басқа, сұраныстың 59%-ын 2010 жылға дейін Қытай, Үндістан және
Пакистан құрайды. Бұл үш елде халықтың жан басына тұтынуы Австралиямен,
Жапония және Оңтүстік Кореямен тең келеді.
Мұнай мен мұнай өнімдеріне әлемдік сұраныстың өсуге беталысы болғанда,
ТМД-дағы мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныс 1990 жылдан кейінгі кезеңде 50%-
ға азайып кетті. Әсіресе, бұл Ресейде байқалды, себебі мұнда бұл кезеңде
өндірістік өнімді шығару қысқартылып жатты. Сондай-ақ энергетиканы,
металлургия мен транспортты қоса алғанда, салалардың өндіру қуаттылығының
төмендеуі байқалды. Ресейлік мұнайдың жеткізілуіне халықаралық бағалар
бойынша төлеу мүмкінсіздігі ТМД-ның басқа мемлекеттердегі тұтынуын шектеді.
Бұған қарамастан, 2010 жылдың аяғына қарай 1998-2010 жылдар арасында орташа
4%-ға жоғарылайтын мұнайға деген сұраныстың өсуі байқалады. Экономикалық
өсу мен инфрақұрылымның дамуы экономиканың барлық салаларында энергоөнімнің
тұтынуын өсіре бастайды.
Жоғарыда айтылғандай, мұнай өндіруде негізгі үлес ОПЕК (МЭЕҰ) елдеріне
келеді. Бұдан басқа, мұнайды ұсынуда Ресей, Қазақстан, сондай-ақ Норвегия,
Латын Америкасының елдер қатары мен Азия орасан зор роль атқарады. Жаңа
кенорындар Мексика, Бразилиядағы өндірулерді бекітуі мүмкін, бірақ бұл өсу
қашан және қандай масштабта болатыны әлі белгісіз.
Қазірдің өзінде сұраныс ұсыныстан біршама артып отыр. Осылайша, 1994
жылы шикі мұнайға сұраныс Солтүстік Америкада 21,5 млн баррель құрады, ал
ұсыныс мұнда күніне 14,1 млн баррель құрады. Бұл айырмашылық Таяу Шығыс пен
Африкадан шикізатты импорттау арқасында байқалмады. Осындай процесс басқа
да әлем аудандарында байқалады. Әсіресе, Орталық және Оңтүстік Америкада
1994 жылы сұраныс күніне 4,0 млн баррель құраса, ұсыныс – 2,7 млн баррель
болды. 2010 жылға дейін жоспар бойынша мұнайға сұраныс Орталық және
Оңтүстік Америкада 6,1 млн баррель деңгейінде болды, ал ұсыныс біраз артта
қалды. Осындай тенденцияны планетаның басқа аудандарында бақауға болады.
Дегенмен, ағмды берілгендерге сәйкес, екі мәселе бар, олар: ОПЕК
мүшелері және ТМД-ның мұнай өндіруші мемлекеттері. 1994 жылы мұнай
экспорттаушылардың халықаралық альянсына кіретін елдерде ішкі сұраныс
күніне 5,1 млн баррель ішкі ұсыныстан күніне 27,1 млн баррель көп артта
қалды. Осы тенденция, тек біршама төмен көлемде ТМД-ға да тиесілі.
Мұнайды тұтынудың өсу шамасы бойынша Батыстың жеке дамыған елдерінің
сыртқы әлем елдеріне жататын мемелекеттер – мұнайэкспорттаушыларға
тәуелділігі өсуде. Осы уақытта, әлемдік тұтынудағы Батыстың үлесі жаңа
индустриалды елдердегі тұтынудың әрекетті өсуінің есесінен төмендейді.
Мысал ретінде Оңтүстік Кореяны алуға болады, мұнда әлемдегі мұнайды
тұтынудың өсуінің ең жоғарғы темптерінің бірі байқалады. Ал екі басқа
потенциалды ірі мұнайөндірушілер – Қытай мен Үндістан болса, олардың мұнай
өндіру көлемдері күніне 120 млн баррельге жетуі мүмкін деген болжам бар.
Бұдан басқа, дәстүрлі өндірушілер Мексика Индонезия Латын Америкасы
осылардың өндіретін мұнайының көп бөлігін тұтына бастады.
Тұтыну деңгейінің жоғарғы қарқыны сақталған кезде, осылардың
кейбіреулері мұнай экспорттаушылардан мұнайды импорттаушыларға айналуы
мүмкін. Бұл әсіресе, күніне 3 млн баррель өндірілетін Қытай Ұлттық
Республикасына қатысты. Осылайша, Дацин және Шэнли солтүстік Қытай
кенорындарында елдің өзін-өзі энергетикалық қамтитын жеткілікті мұнай
өндіріледі деген жалпылық көзқарас бұзылады.
Мұнай шикізатына әлемдік сұраныстың жоғарылауы мұнай қойылымдарының
дәстүрлі жүйесінің ауырлануына әкеліп, өндірушілерді қауіпсіздік пен
экономикалық тиімділікті ескере отырып, шикізатты тасымалдау үшін қосымша
мүмкіндіктер іздеуге мәжбүр етеді.
Американдық эксперттердің көзқарасы бойынша, мұнайға әлемдік сұраныс
орташа есеппен жыл сайын 2-ға өсіп отырады, ал оның өндірілуі тек 1-ға ғана
жоғарылайды. Негізінен, айырмашылық ОПЕК мұнай экспорттаушылармен жабылады,
ол үшін оларға қазіргі мұнай тасымалдау жүйелерінің өткізу қабілеттілігін
жоғарылатып, жаңа тасымалдау магистральдарын салуға тура келеді.
Көптеген елдер үшін кедергі болып табылатыны – сыртқы инвестицияларға
тәуелділігі, ол мұнай өндіру көлемін шектейді. Болжамдарға сәйкес, ОПЕК
мүшелері – мемлекеттер жыл сайын 20-30 млрд доллар инвестиция жасау керек.
Қазіргі жағдайдағы қазіргі деңгей тұтынушыларға мұнайды қаншалықты тез және
тиімді жеткізуге тікелей байланысты болып отыр.
Таяу Шығыстан мұнайдың жеткізілуінің тұрақсыздығының сақталу
қауіптілігі мен жаңа кенорындардың дамуы үшін біршама уақыт болашақтағы
бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін. Осыншалықты қауіптіліктің болуы жағдайында
американдық саясат истеблишменті мен АҚШ-тың іскерлік орталықтары ОПЕК
мүшелерімен бірге, жергілікті кенорындарды дамыту үшін ұзақ мерзімді
келісім-шарттарды құру саясатын жүргізеді.
Батыстың халықаралық мұнай экспорттаушылар тобына кірметін
мемлекеттерімен тығыз байланысы және зерттелмеген аудандарға қаражаттарды
инвестициялау жаңа тәуелсіз мемлекеттер Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс
Азия көп жағдайда қымбат емес мұнайды алу келешегімен түсіндіріледі.
Американдық мұнай бизнесі болашақта мұнайды алу мүмкіндігі болу үшін бүгін
төлеген жақсы деген принципті ұстанады.
Батысеуропалық эксперттердің көбісі әлемдік мұнайөндіру деңгейінің
оптималды қатынасы 1:2 дейді ОПЕК – күніне 300000 баррель, картель мүшелері
емес елдер – 600000 баррель, олардың жартысы – Солтүстік теңіз елдерінікі.
Егер осы болжам дәлелденетін болса, онда ОПЕК-тің энергия беруші ретіндегі
әлемдік ұсынысы 39-ға дейін төмендейді, бұл өз артынан картельдің жауапты
әрекетін әкеледі.
Сондай-ақ негізгі мәселе болып ОПЕК-тің мұнай өндіруі болып отыр. Ұйым
шешімі бойынша, мұнай өндіруді шектеу күніне 24,52 млн баррель болады деп
келісілді. Бірақ, 1997 жылдың көптеген айларында ол күніне 25 млн баррель
өндірілді. Нәтижесінде ОПЕК-те келісімді сақтайтын және белгіленген
шектерден асып кететін елдер арасында күрделі қарама-қайшылықтар туады.
Бұдан басқа, әлемдік нарыққа жаңа фактор –Алжир мен Ливиядағы мұнай
өндірісінің ұлтсыздығымен бетпе-бет келуге тура келеді. Осы аталған барлық
элементтерді ескере отырып, эксперттер мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі
мүмкін деді.
Халықаралық Энергетикалық Агенттіктің есептеулері бойынша, 2010 жылға
дейін көмірсутекті шикізатқа әлемдік сұраныстың өсу болжамы қазіргі кезде
дәлелденіп отыр және жыл сайын 1,4-1,5 деңгейінде күтіледі. 2010 жылы,
Батыс елдерінде және жаңа индустриалды мемлекеттерде экономикалық деңгейдің
баяулануы жағдайында, мұнайға сұраныс күніне 86 млн баррель құрайды.
Экономикалық деңгейдің жоғарғы қарқынының сақталуы жағдайында мұнайға
сұраныс күніне 92 млн баррель құрайды. Әлемдік шаруашылықтың дамуының
қазіргі қарқыны және ондағы мұнайдың негізгі ролі сақталатын болса, мұнайға
сұраныс күніне 95,2 млн баррель құрайды. Қазіргі деңгейінде мұнай
шикізатының бағасының сақталуы болса, әлемдік сұраысөте жоаы өсіп, күніне
102,0-105,1 млн аррель құрауы мүмкін.
Аудандық бөлуге қатысты, эксперттердің болжауынша, мұнайға сұраныс күрт
өседі, сондай-ақ ЭҚДҰ (Организации Экономического Сотрудничества и
Развития) экономикалық қызметтену және даму ұйымдары мемлекеттеріне ірі
тұтынушы ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдері де қосылады. ЭҚДҰ елдеріндегі
сұраныс 2000 жылы орташа баға боынша 42,8 млн баррель күніне, 2005 жылы
44,2 млн баррель, 2010 жылы 47,5-48,3 млн баррель құрады. Оңтүстік-Шығыс
Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде сұраныс күніне 2000 жылы 26,5
млн баррель, 2005 жылы 31,5 млн баррель және 2010 жылы 35-36,5 млн баррель
құрады. ТМД және Шығыс Еуропа елдерінде батыс эксперттерінің айтуы бойынша,
мұнайға сұраныстың өсуін болжайды, дегенмен өндіру деңгейі мен қарқынына
байланысты, көзқарастар арасында айырмашылық болды. Оның себебі өсу деңгейі
елдер экономикалық дағдарысты қалай өткере алатындығына және келесі
экономикалық көтерілімнің динамикасын қаншалықты қамтамасыз ете
алатындығына тікелей байланысты.
Қытай,Оңтүстік Корея мен Үндістанға келетін болсақ, оларды жоғарғы
қарқынды елдер қатарына жатқызады. Алдымыздағы онжылдықта қазіргі деңгейден
33-50-ға сұраныстың өсуі болжанып отыр.
Шикзатты ұсыну жағдайын қарастырып, американдық мамандар өсіп жатқан
сұранысты қамтамасыз ету үшін жалпыәлемдік дәлеленген мұнай қорларының
қазіргі көлемі жеткілікті екенін байқады. Солтүстік Америка мен Батыс
Еуропа елдеріндегі мұнай қорларын қысқартуға қатысты болжамдар айтылады.
2000 жылы АҚШ-тағы ірі кенорынның өндіру көлемі 1998 жылдың тек 50-ын ғана
құрады, дамуына 12 млрд доллар жұмсалған Канададағы ірі Хайберникалық мұнай
жобасында тек 125 млн баррель өндірілсе, Солтүстік теңіздегі британдық
кенорындар 30-ға кем мұнай өндіреді. Бұл батыс әлемін дамушы елдерден одан
да үлкен тәуеділікке қойып отыр. АҚШ-тың айтуы бойынша, олардың негізгі
мәселесі – потенциалды саясат тұрақсыздығы. Мұндай елдер қатарына Персид
аралының аравиялық монархиялары, Венесуэла, Колумбия, Бразилия, Қытай,
Тунис, Египет, Мексика, Нигерия, Вьетнам, ТМД жатады.
2010 жылға дейінгі ОПЕК елдеріндегі мұнай өндіру қазіргі 24-25млн
баррель күніне көлемінен 29,1-45,4 млн баррельге дейін өсуі керек. Сонымен
бірге, сұранысты қамтамасыз ету үшін бұл елдердегі өндірістік қуаттылықтың
жалпы көлемі 46,7-49,4 млн баррель құрауы керек. Осы орайда, келешекте ОПЕК
мүшелері емес елдерде жыл сайынғы қарқыны 1,5-7,4 млн баррель құрауы керек
екендігі белгіленеді. 1992 жылдан 2010 жылға дейінгі өсу деңгейі күніне
20,4-23,1 млн баррель құрауы мүмкін.
Бұл жерде негізгі үміттер Қазақстан, Колумбия және Бразилияға түсіп
отыр.

1.2. Сұраныс пен ұсыныстың бағаға тигізетін әсері

Жоғарыда айтылып кеткендей, сұранысты қамтамасыз ету жағынан негізгі
елдер болып Оңтүстік-Шығыс Азия мен Латын Америкасының елдері, сондай-ақ
ЭҚДҰ елдері есептеледі, ал ұсыныс жағынан – Таяу Шығыс елдері, Ресей, және
жарқын болашақта Қазақстан.
80 жылдардың басынан мұнайға баға 3 есеге дейін түсіп кетті.
Алдымыздағы жылдарда әр түрлі талдау институттарының болжамдары бойынша
бағаның күрт өсуінің болуында күмәндік бар. Мұнайгаз саласындағы саясат
бойынша ең алдағы зерттеу институттарының бірі болып табылатын британдық
Абердиндік институттың бағаларына сәйкес, келешектегі 15-20 жылда мұнай мен
газға бағалар көп өспейді, бірақ соның өзінде баррельге 24-26 доллардан
аспайды. Шикі мұнайды тұтынушылар мұнайға тек сол бағаға дейін төлеуге
келіседі. Бұдан кейін мұнайды тұтынудың күрт төмендеуі байқалады.
Мұнай және мұнай өнімдерін халықаралық сату жағдайына, сондай-ақ мұнай
мен басқа да энергия көздерінің бағасына елеулі әсер ететін негізгі
факторлардың ішінде, әлемдік экономиканың даму динамикасын, халықтың өсу
қарқынын, энергияның альтернативті көздерінің мүмкін технологиялық өсуін,
энергия көздерінің негізгі түрлерінің арасындағы конкуренцияны, ірі мұнай
тұтынушы елдердің экологиялық және салықтық саясатын бөліп қарауға болады.
Өндірістік қуаттылық пен сұраныс деңгейінің жоғарылауы арасындағы
уақытша айырмашылықтан басқа, мұнайдың бағасына әсер ететін келесі
факторлар да бар:
1) ОПЕК-тің осы халықаралық ұйым мүшелерінің өндіру қарқындарын бақылау
мүмкіндігінің өсуі, ол қазір өздерінің келісілген бағаларынан жоғары
мұнайды экспортқа шығарғысы келетін елдерге (Сауд Аравиясы, Иран,
Венесуэла, Кувейт, БАЭ) қысым элементі ретінде қолданылады.
2) Сауд Аравиясының әлемдік сұраныстың көп бөлігін бір өзі
қанағаттандыру мүмкіндігінің қысқаруы;төтенше жағдайда бағалық дағдарысты
болдырмау мақсатында.
3) АҚШ үкіметінің мұнайды Иран, Ирак, Ливияға қысым құралы ретінде
қолдануы; осылайша олардың мұнайының әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігін
шектеу.
4) Қосымша өндіру қуаттылығының болмауы жағдайында ұсыныстың
қысқартылуы мен күтілмеген бағалық дағдарыстан әлемдік шаруашылықтың
азаюының жоғарылауы.
Экспеттердің айтуы бойынша, мұнайдың әлемдік нарығындағы тұрақсыз
тенденциялардың дамуын тоқтату келесі жолдармен мүмкін болады:
а) ОПЕК елдері мен басқа мұнай экспорттаушы елдердің мұнай секторларын
көлемді инвестициялау;
б) өндіру мен қайта өңдеудің жаңа технологияларын енгізу;
в) ТМД-да өндірілетін мұнайдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай жобаларын маркетингілік талдау
Қазақстан Республикасындағы мұнай нарығының дамуының қазіргі жағдайын талдау мен бағалау
Әлемдік мұнай мен газ нарықтары-ның қалыптасуын көрсету, оның негізгі қатысушыларын және де еліміздің осы нарықтағы орнын анықтау
Каспий аймағындағы мұнайқұбыр коммуникациялар геосаясатының экономикалық астары
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-несиелік реттеу саясаты, қазіргі жағдайы
Әлемдік мұнай нарығының даму үрдістері
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау
Пәндер