Түркі изафетінің зерттелу тарихы, табиғаты және құрылымдық түрлері



Кіріспе
1.ТҮРКІ ИЗАФЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ, ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТҮРЛЕРІ
1.1.Изафеттік құрылымдардың қазақ тіл білімінде зерттелуі
1.2. Изафеттік құрылымдардың тілдік табиғаты
1.3. Изафеттердің тұлғалық түрлері мен ерекшеліктері
2.ИЗАФЕТТІК ТІРКЕСТЕРДІҢ ЛЕКСИКА¬.ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1Изафеттік тіркестердің І түрі
2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ИЗАФЕТТІК ТІРКЕСТЕРДІҢ ІІ ЖӘНЕ ІІІ ТҮРІ
2.1 Изафеттік тіркестердің ІІ түрі
2.3. Изафеттік тіркестің ІІІ түрі
2.4.Ескерткіштерде кездесетін изафеттік тіркестердің түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тілдің морфология саласында изафеттік тіркесті құрылым түсінігі бар. Араб тілінің «Аль – идафату» сөзінен қалыптасқан бұл түсінік тікелей аударғанда қосымша, үстеме деген ұғымды білдіреді. Бұл – зат есім мен зат есімнің немесе заттанған тіркестік құрылымы. Аталған тіркестің ішкі құрылымына қарай түрлерге бөлінетіні тіл білімінде белгілі: І изафеттің бірінші түрі зат есімді сөздердің бірі бірімен орын тәртібі арқылы байланысуы; аралығындағы мағына – қатыстық анықтауыштық мағына; ІІ изафет түрі – зат есімді тіркестің бірінші сыңарының нөлдік тұлғада (Ілік септігінің нөлдік тұлғасы), екінші сыңардың үшінші жақ тәуелдік жалғауында болуы; аралығындағы мағына – тәуелділік анықтағыштық мағына; ІІІ изафет түрі екі сыңардың да жалғау тұлғасында болуы. (бірі – ілік септік жалғауында, екіншісі үшінші жақ тәуелдік жалғауында) аралығындағы мағына – меншіктік анықтауыштық мағына.
Осы изафеттік тіркестің құрылымы да, оның, әсіресе І, ІІ түрінің пайда болуы – тілдік қолданыстағы үнем қағидасының нәтижесі. Зат есімді тіркестердің алдыңғы немесе екі сыңарының нөлдік тұлғадағы қолданысы қатыстық мағыналы, тәуелдік мағыналы бір ұғымды күрделі сөз түрін береді.
Қазақ тіліндегі изафеттік құрылымдардың табиғаты мен жұмсалу ерекшеліктерін ашып талдауға бағытталған зерттеу жұмысы – қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі.
Жұмыстың өзектілігі: Сөздердің қалыптасқан амал­тәсілдер арқылы бір­бірімен байланысып, әр алуан синтаксистік қатынасты білдіруі, соның негізінде түрлі типтегі сөз тіркестерін құрауы қазақ тіл білімінде жеке зерттеу нысаны болып келеді. Синтаксистік қатынасты білдірудің амалы біршама толық зерттелді десек те, әлі де тереңірек талдауды қажет ететін түрлері баршылық. Солардың ішінде барлық түркі тілдеріне тән бір түрі ­ изафеттік құрылыстағы сөз тіркестері.
Бұл мәселеге арналған М.Балақаевтың мақалалары ғана болмаса, қазақ тіл білімінде изафет арнайы зерттеу нысаны бола қойған жоқ.
Дәстүрлі грамматикада изафеттің үш түрі көрсетілген. Олардың тұлғалық жағынан алғанда екі зат есімнің тіркесуінен болатындығы белгілі. Бұл құбылысты изафеттің басты белгісі екендігін осы салаға қатысты барлық зерттеулер растайды. Алайда сөз тіркесінің сыңарлары арасындағы қатынастың ішкі реңктік ерекшеліктеріне назар аудара отырып, грамматикалық қырын (аспектін) логикалық жағынан толықтыру жағы изафетке қатысты зерттеулерде жетіңкіремей жатқан мәселелердің бірі деуге болады. Изафеттің табиғаты, жұмсалу ерекшелігі мен қалыптасу тарихы, құрылымдық түрлері, әрқайсысының мағыналық жақтарының ашылуы тек сөз тіркестерінің осы түрінің ғана емес, жалпы тіркестердің табиғатын, даму тарихын ашуға біраз үлес қосатыны айқын. Міне, осы айтылған жайлар бұл мәселенің қазақ тіл білімінде арнайы зерттелуі қажет екендігін көрсетеді. Бұл қазіргі жеке тіл білімдеріндегі зерттеулерден негізінен нақты да жеке мәселелерге арналатын бағытына сәйкес келіп, зерттеу нысанына сөз тіркесі жүйесінен бір ғана құрылымдағы изафеттік тіркестің алынуы тақырыптың өзектілігін анықтайды.
1. Майзель С.С «Изафет в турецком языке». – М. – Л.: АН СССР, 1957.– 186 б.
2. Гаджиева Н.З. Серебрянников Б.А «Сравнительно – историческая грамматика тюркских языков». Синтаксис. – Москва, 1986. – 23 б.
3. Ағыманов Е. «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі». – Алматы: Рауан,1991. – 236 б.
4. Байтұрсынұлы А. «Тіл тағылымы». – Алматы, 1992. – 446 б.
5. Баскаков Н.А. «Историка – типологическая характеристика структуры тюркских языков». – Москва, 1975 – 287 б.
6. Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». Алматы: Ғылым, 1966. – 248 б.
7. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл дамуының проблемалары. Таңдамалы еңбектер жинағы. – Алматы: Ғылым, 1982. – 352 б.
8. Аманжолов С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И., Қазақ тілі грамматикасы 2 –бөлім. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1971. – 224 б.
9. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы, 1940. – 145 б.
10. Абылақов Ә., Исаев С., Ағыманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. – Алматы: Санат, 1997. – 320 б.
11. Сағындық Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Қазақ Университеті, 2005, – 258 б.
12. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Мектеп, 1998. – 200 б.
13. Сайранбаев Т. Сөйлемнің тұрлаушы мүшелері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ Университеті, 1991. – 168 б.
14. Мелиоранский П. М. Краткая грамматика казах – киргизского языка. – СПб., 1897. – Ч. 2. – 190б.
15. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. – 1962. – 607с.
16. Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. – Алматы: Мектеп, 1981 – 200 б.
17. Боровков А. К. Природа турецкого изафета // Сб. АН СССР: Академику Н.Я. Марру. – Л., 1935. – 75 б.
18. Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. – М. – Л. :АН СССР, 1956. – 569 б.
19. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. – Алматы: А на тілі, 1992. – 144 б.
20. Щербак А. М. Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков: Имя. – Л.: Наука, 1981. – 311 б.
21. Сауранбаев Н. Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі: очерктер.
– Алматы: Ғылым, 1948. – 86 б.
22. Балақаев М. Б. Қазіргі қазақ тілі. – Астана: Ақмола ҒТАО, 2006. – 237 б.
23.Балақаев М. Б. Қазақ тіліндегі изафеттік құрылыс // Халық мұғалімі. – 1946. –№ 1 – 2. – 43 – 49б.
24. Балақаев М. Б. Бастауыштың жақтық мағынасы // Халық мұғалімі. – 1946. –№12. – 74 – 75б.
25.Севортян Э. В. Категория падежа // Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. Ч. 2: Морфология. – Москва: АН СССР, 1956. – 45 – 46 б.
26. Майзель С.С Категория уникальностики, плюриальности в турецком языке // Труды Московского института востоковедение. 1947, № 4. – 89 б.
27. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 2002.
– 616 б.
28. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988.
– 263 б.
29. Нұрмаханова Ә. Түркі тілінің тарихи салыстырмалы грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1971. – 291 б.
30. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексі. – Алматы: Ғылым, 1990.
– 220 б.
31. Сағындықұлы Б. «һибатул – ул Хақайик» – ХІІ ғасыр ескерткіші. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 186 б.
32. Сағындықұлы Б., Тәшімбай С. «Мухаббат – наме» ескерткішінің (ХІV) мәтіні. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 230 б.
33. Дмитриев Н. К. Грамматика башкирского языка. – М – Л.: АН СССР, 1948. – 276 б.
34. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. – Алматы; Қазақ университеті, 1992. – 192 б.
35. Әбуқанов Г. Ә. Ілік жалғауларының қабыспалы және жанаспалы түрлері // Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабаршысы. – 1949. № 7 – 80 – 83 б.
36. Қамзаев К. Изафеттің екінші түрі және оның атаулық тіркеске ұласуы
// Ізденіс. Гуманитарлық ғылыми сериясы. – 1998. – № 6: – 25 – 28 б.
37.Қамзаева Г. Изафеттік құрылыс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1999. № 1.
– 21 – 24 б.
38.Қамзаева К.С. «Қазақ тіліндегі изафеттердің құрылымдық және жұмсалымдық аспектілері». Канд. дисс. Автореф Алматы, 2002. – 27 б.
39. Шакаман. Ы.Б. «Қазақ тіл біліміндегі үнем қағидасы» // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы – 2009. №1 – 207 – 213 б.
40.Күдеринова Қ. Бірге, бөлек таңбаланатын сөздердің орфограммасы және оларды кодификациялаудың негіздері:Филол.ғыл.канд.дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.автореф. – Алматы, 2000, 22б.
41. Илиясова Н. Қабыса байланысқан атаулы тіркестер //Түркітану мәселелері:бүгіні мен болашағы. – Алматы: Эверо, 2001, 635б.
42.Ярцева В.Н. Предложение и словосочетание //Вопросы грамматического строя. – М., 1966,445 с
43. Cухотин В. Вопросы синтаксиса современного русского языка. – М., 1950, 170с.
44. Аханов Қ. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы:Мектеп, 1972, 216б.
45.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1964, 393б.
46. Исаев С.М. Қазіргі әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. –Алматы: Мектеп, 1973, 193б.
47. Кондратьев В.Г. Конструкция изафета и примое дополнение в языке памятников тюрской рунической письменности «Философия стран востока» –МнГУ. Серия востоковедческих наук, 1962,№16
48.Мелиоранский П.М. Памятник в честь Кюльтегина // Записки западновосточного отделения археологического общества, І, ІІ, ІІІ П б, 1899,c.114
49. Севортян Э.В. О структуре предложения по сравнительной грамматике тюркских языков – М.1961,с.174
50. Сағындықұлы Б.Атау септік формасынан тәуелдік жалғауының пайда болуы //Түркология – Астана: 2006 №3,12­19б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тілдің морфология саласында изафеттік
тіркесті құрылым түсінігі бар. Араб тілінің Аль – идафату сөзінен
қалыптасқан бұл түсінік тікелей аударғанда қосымша, үстеме деген ұғымды
білдіреді. Бұл – зат есім мен зат есімнің немесе заттанған тіркестік
құрылымы. Аталған тіркестің ішкі құрылымына қарай түрлерге бөлінетіні тіл
білімінде белгілі: І изафеттің бірінші түрі зат есімді сөздердің бірі
бірімен орын тәртібі арқылы байланысуы; аралығындағы мағына – қатыстық
анықтауыштық мағына; ІІ изафет түрі – зат есімді тіркестің бірінші
сыңарының нөлдік тұлғада (Ілік септігінің нөлдік тұлғасы), екінші сыңардың
үшінші жақ тәуелдік жалғауында болуы; аралығындағы мағына – тәуелділік
анықтағыштық мағына; ІІІ изафет түрі екі сыңардың да жалғау тұлғасында
болуы. (бірі – ілік септік жалғауында, екіншісі үшінші жақ тәуелдік
жалғауында) аралығындағы мағына – меншіктік анықтауыштық мағына.

Осы изафеттік тіркестің құрылымы да, оның, әсіресе І, ІІ түрінің
пайда болуы – тілдік қолданыстағы үнем қағидасының нәтижесі. Зат есімді
тіркестердің алдыңғы немесе екі сыңарының нөлдік тұлғадағы қолданысы
қатыстық мағыналы, тәуелдік мағыналы бір ұғымды күрделі сөз түрін береді.

Қазақ тіліндегі изафеттік құрылымдардың табиғаты мен жұмсалу
ерекшеліктерін ашып талдауға бағытталған зерттеу жұмысы – қазақ тіл
білімінің өзекті мәселелерінің бірі.

Жұмыстың өзектілігі: Сөздердің қалыптасқан амал­тәсілдер арқылы
бір­бірімен байланысып, әр алуан синтаксистік қатынасты білдіруі, соның
негізінде түрлі типтегі сөз тіркестерін құрауы қазақ тіл білімінде жеке
зерттеу нысаны болып келеді. Синтаксистік қатынасты білдірудің амалы
біршама толық зерттелді десек те, әлі де тереңірек талдауды қажет ететін
түрлері баршылық. Солардың ішінде барлық түркі тілдеріне тән бір түрі ­
изафеттік құрылыстағы сөз тіркестері.

Бұл мәселеге арналған М.Балақаевтың мақалалары ғана болмаса, қазақ тіл
білімінде изафет арнайы зерттеу нысаны бола қойған жоқ.

Дәстүрлі грамматикада изафеттің үш түрі көрсетілген. Олардың тұлғалық
жағынан алғанда екі зат есімнің тіркесуінен болатындығы белгілі. Бұл
құбылысты изафеттің басты белгісі екендігін осы салаға қатысты барлық
зерттеулер растайды. Алайда сөз тіркесінің сыңарлары арасындағы қатынастың
ішкі реңктік ерекшеліктеріне назар аудара отырып, грамматикалық қырын
(аспектін) логикалық жағынан толықтыру жағы изафетке қатысты зерттеулерде
жетіңкіремей жатқан мәселелердің бірі деуге болады. Изафеттің табиғаты,
жұмсалу ерекшелігі мен қалыптасу тарихы, құрылымдық түрлері, әрқайсысының
мағыналық жақтарының ашылуы тек сөз тіркестерінің осы түрінің ғана емес,
жалпы тіркестердің табиғатын, даму тарихын ашуға біраз үлес қосатыны айқын.
Міне, осы айтылған жайлар бұл мәселенің қазақ тіл білімінде арнайы
зерттелуі қажет екендігін көрсетеді. Бұл қазіргі жеке тіл білімдеріндегі
зерттеулерден негізінен нақты да жеке мәселелерге арналатын бағытына сәйкес
келіп, зерттеу нысанына сөз тіркесі жүйесінен бір ғана құрылымдағы
изафеттік тіркестің алынуы тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Изафеттік құрылыс туралы қалыптасқан
тұжырымдар мен пікірлерді топтастырып, жүйелеу. Изафеттік құрылыстағы сөз
тіркесінің табиғатын ашу, түрлерін анықтау, оның қалыптасу, даму жолдарын
айқындау, сыңарлары арасындағы мағыналық қатынастарды сипаттау, жұмсалымдық
ерекшеліктерін көрсету Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді көздедік:

– изафеттік құрылыстың зерттелу тарихын шолу;

– изафеттік құрылымдардың лингвистикалық табиғатын ашу;

– қабыса байланысқан изафеттік құрылыстың құрамын, жасалуын,
мағыналық ерекшеліктерін, даму сипаттарын анықтау;

– анықтаушысы ілік жалғауынсыз, анықталушысы тәуелдік жалғауымен
келген изафеттің құрылысын, даму сатыларын, мағыналарын, жұмасалу
ерекшеліктерін ашу;

изафеттік тіркестің үш түріне мағыналық-құрылымдық, функционалдық
талдау жасау;

Тақырыптың зерттеу нысаны: Қазіргі қазақ тілінде изафеттік қатынастағы сөз
тіркестері, олардың дамып қалыптасуы, түрлері және мағыналық ерекшеліктері
мен қазақ тіліндегі изафеттік сөз тіркестерінің құрылымдық- семантикалық
және фукционалдық ерекшеліктері.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.

Жұмыста қарастырылған изафеттік тіркеске қатысты тілдік материалдар қазіргі
қазақ тілінің грамматика саласын тарихи тұрғыдан кеңейтуге

Зерттеу әдісі: Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, компоненттік
анализ, салыстыру әдісі, сонымен қатар ғылыми пікірлерді жинақтау, талдау,
салыстыру, жүйелеу, қорыту және қажетінше статистикалық әдістер де
қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысының міндеттеріне сай жұмыс
кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, қорытынды бөлімінен және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Түркі изафетінің зерттелу тарихы, табиғаты және құрылымдық түрлері

1.1.Изафеттік құрылымдардың қазақ тіл білімінде зерттелуі

Изафеттік құрылым – барлық түркі тілдеріне тән құбылыс. Түркі тілінде
изафеттік құрылымдарға арналып көптеген зерттеулер жүргізілген. (Майзель
С.С., Аракин В.Д., Боровков А.К., Гаджиева Н.З., Дмитриев Н.К., Сауранбаев
Н., Балақаев М., Ағманов Е., Әмір Р., Сайрамбаев Т., Исаев С. т.б.) Бірақ
түрік изафетінің табиғаты толық ашылды деп айта алмаймыз. Бұл құрылымның
ерекшелігі анықтауыштық қатынастағы басқа тіркестерден өзгеше синтаксистік
құрылым болуымен ғана емес, жеке-жеке түркі тілдеріндегі оның даму жолы мен
жұмсалымының айрықша сипатында болып отыр.

Дәстүрлі грамматикада изафеттің үш түрі көрсетілген. Олардың тұлғалық
жағынан алғанда екі зат есімнің тіркесуінен болатындығы белгілі. Бұл
құбылысты изафеттің басты белгісі екендігін осы салаға қатысты барлық
зерттеулер растайды. Алайда сөз тіркесінің сыңарлары арасындағы қатынастың
ішкі реңктік ерекшеліктеріне назар аудара отырып, грамматикалық қырын
(аспектісін) логикалық жағынан толықтыру жағы осы изафетке қатысты
зерттеулерде жетіңкіремей жатқан мәселелердің бірі деуге болады.

Қазақ тіл білімінде изафеттік тіркесті тұңғыш зерттеген көрнекті ғалым
М.Балақаевтың пікірінше, қазақ тіліндегі изафеттік құрылыстар жасалу
амалына қарай екі түрлі болады: 1) қабыспалы, 2) матаулы.

Екі зат есім атау күйінде қатар айтылып қабыса қиысқан, алдыңғысы
соңғысына сын болатын изафеттік құрылысты қабыспалы дейміз. Мысалы: күміс
қасық, қамыс құлақ, қазақ тілі.

Екі есім қатар айтылып, алдыңғысы ілік жалғауында, соңғысы тәуелдік
жалғауда айтылып матаса қиысқан, алдыңғысы соңғысын меншіктеп тұратын
изафеттік құрылысты матаулы дейміз. Мысалы: қойдың жүні, баланың киімі,
ауылдың малы.

Изафеттік құрылымдарға қойылатын талап – оның сыңарларының
анықтауыштық қатынаста келуі. Қазіргі қазақ тілінде сын есім мен зат
есімнің және есімдік (сілтеу, белгісіздік) пен зат есімдердің анықтауыштық
қатынаста тіркесетіндігі белгілі, бірақ бұл тіркестердің барлығы изафеттік
құрылымға жатпайды. Изафеттік құрылым болу үшін тек қана зат есім мен зат
есім тіркесі болуы керек. Мысалы: ағаш қасық, темір күрек, судың басы,
аттың ері, дала қоңырауы, тау етегі. т.б.

Изафеттің зат есімдерден құрылған тіркестер екендігін айта келе, зат
есімдер грамматикалық табиғаты жағынан болсын, лексикалық семантикасының әр
жақтылығынан болсын басқа сөз таптарынан өзінің жан-жақты қасиеттерімен
ерекшеленетіне баса назар аударғымыз келеді. Олар сөйлем ішінде, сөз
тіркестері құрамында өздері тіркесіп келіп те, әр түрлі анықтауыштық,
толықтауыштық қатынасты білдіретін сөз тіркестерін жасайды: темір тостақ,
ағаш үй, күміс ақша, алтын сақина, ас қасық, аға сұлтан, бел бала, Абайдың
досы, уықтың қарнауы, сағаттың тілі, балаға ақыл, атадан өсиет т.б. осы
тектес сөз тіркестері зат есімдерден жасалған.

Зат есімдер синтаксистік жағынан да, яғни сөз тіркесі және сөйлем
мүшесі тұрғысынан жан-жақты зерттеліп келеді. Зат есімдердің сөз
тіркестерін жасауға қатысуын С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Әмір,
Т.Сайрамбаев, Ә.Әбілақов, К.Бейсенбаева т.б. ғалымдар қарастырғаны белгілі.

Тіл мамандарының бір тобы изафетке меншіктілік қатынасты білдіретін
тіркестерді жатқызады да, аналитикалық жолмен жасалған зат есімді
тіркестерді (интонация, сөздің орын тәртібі, шылау арқылы жасалған
түрлерін) жатқызбайды. Ғалымдардың екінші тобы изафеттік құрылысқа
аналитикалық құрылымдағы зат есімдер тіркесі мен құрылымының бірінші
компоненті жалғаусыз, екінші компонентіне тәуелдік жалғауы жалғанған түрін
жатқызады да, ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесінен
болған құрылымды оған қоспайды.

С.С.Майзельдің пікірі бойынша, изафеттік тіркестер зат есімдердің бір-
бірімен тіркесіп, анықтауыштық қатынасты білдіруі болып табылады: Изафет
является сочетанием двух существительных. Но такое определение далеко не
достаточно. Для образования из двух существительных, выступающих между
собой в связь, необходимо, чтобы одно из них было определением к другому
как к своему определяемому и одновременно дополнением к нему как к своему
дополняемому [1, 11]. С. С. Майзель 1957 жылы жарық көрген Изафет в
турецком языке атты кітабында түрік тіліндегі изафет құбылысының табиғатын
барынша толық көрсете білген. Яғни, изафеттік тіркес болу үшін қандай
белгілер болу керектігін түгелімен айтып өтеді: Словостоящие в
энумеративной (перечислительной) связи, не образует изафета, так как между
логической связи. Но одна логическая связь еще не достаточна для того,
чтобы два смежных слова образовали изафет. Нампример, такие частые в
турецком языке двухсловные сочетания, как ana baba родители (досл. мать-
отец), kari kosa супруги (досл. жена-муж) и т.п. известные у
санкритских грамматистов под названием dvandva, не лишены логической
связи, поскольку они относятся друг к другу как контрастные понятия, дающие
в синтезе единое понятие. Однако такие слова выступают как равноправные
слагаемые, а потому изафета не образуют. Для образования изафета
необходимо, чтобы одно из двух слов, вступающих в отношения друг с другом,
было подчинено другому и от него зависело [1, 11] Ғалымның айтайын дегені,
кез-келген анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін изафеттік тіркес деп
қарастыруға болмайды. Мысалы: kazaya riza примерение с судьбой, hatayi
tekrar повторение ошибки, mukalemeden maksat цель разговора, cevapta
gecikmeme незамедлительность ответа деген сияқты түрік тіліндегі
изафеттік тіркеске ұқсас сөз тіркестерін келтіреді де, ең бастысы,
изафеттік тіркестің бірінші сыңары атау немесе ілік септігінің тұлғасында
тұруы керектігін айтады: Суть заключается в том, что первые члены
изафетных сочетаний должны стоять только в родительном или неопределенном
падеже [1, 13]. Сонымен қатар, изафет синтаксистік категория болғандықтан,
ол белгілі бір тәртіппен құрылатындығын айтып өтеді: В турецком языке
слово, дополняющие смысл другого, ставится перед этим другим словом. Это
значит, что любое именное определение (существительное, прилагательное или
числительное) должно в турецком языке стоять перед своим определяемым, а
любое дополнение – перед своим дополяемым. В турецком изафете первый член –
чем бы и ка бы он ни был выражен – обезательно будет определением, а второй
член – чем бы и ка бы он ни был выражен – определяемым. Такой порядок и
субординация слов в изафете являются его первым и основным свойством,
другими словами, изафет – прежде всего категория синтаксическая [1, 15], –
дейді де, изафеттік тіркестерді мағыналық жағынан қарай дұрыс ажырата білу
керектігін айтады: Строгая фиксированность такого порядка слов в изафете
вообще гарантируют то, что и в каждом конкретном случае в отдельности
первый член осознается уже нормативно как определение как определение, а
второй – как определяемомое. И если, например, два турецких существительных
kadin женщина и sapka шляпа соединить в kadin sapka турок поймет, что
это сочетание означает женская шляпа (поскольку слова kadin стоит перед
словом sapka); однако он сразу догадается, что такое сочетание исходит из
усть иностранца, потому что сочетанию не хватает законченности. Отсутствует
аффикс пpи слове sapka, придающий изафету настоящий турецкий вид (kadin
sapkаsі). Не все типы изафета, как мы в этом убедимся в дальнейшем,
оформлены морфологическими показателями даже в турецком языке. Если же
взять другие тюркские языки, то во многих из них целый ряд словосочетаний,
которые в турецком языке требует формальных показателей, имеют нулевые
показатели [1, 16]. Анықтауыштық қатынастардың өзі әр түрлі мәнде
көрінеді: меншіктілік (поссесивтік), қатыстылық (релятивтік) және сапалық
(идентивтік).

Қазір изафеттің бұл үш түрі мынадай иерархияда танылады: изафеттің І
түрі – сөздер жалғаусыз, орын тәртібі негізінде тіркеседі, ІІ түрі –
бірінші компоненті жалғаусыз, екінші компоненті үшінші жақтық тәуелдік
жалғауы арқылы беріледі, ІІІ түрі – алдыңғысы ілік жалғауында, соңғысы
тәуелдік жалғауының үшінші жағында келген түрі. Мысалы: ағаш күрек (І),
егіс басы (ІІ), Мирастың күнделігі (ІІІ). Н.З.Гаджиева мен
Б.А.Серебрянников Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков
атты кітабында изафеттік тіркестерге тоқтала кетеді. Изафет в тюркских
языках является частным случаем определительных словосочетаний, Изафет –
это такая определительная группа, в которых определяемое, будучи всегда
выраженным именим существительным, определяется с точки зрения его
принадлежности к другому предмету или различных форм отношения к нему [2,
51].

Грамматикалық класс құрайтын қандай да бір болмасын, оны саралаудың
негізгі белгісі – соның өзіне ғана тән жалпылық мағына мен құрылымдық форма
болады. Изафеттік сөз тіркестерін де басқа синтаксистік құрылымдардан
ажырататын осындай белгілері бар. Оларға анықтама бергенде мынадай
белгілерге сүйену қажет: 1) изафеттің категориялық семантикасы –
анықтауыштық қатынастарды білдіруі (заттық сапаны білдіре ме, қатыстық
сапаны білдіре ме – бұлар негізге алынбайды); 2) изафетті құрайтын лексика-
грамматикалық топтардың біркелкілігі – басыңқы сөз де, бағыныңқы сөз де зат
есімнен жасалатын тіркестер. Қазақ тілінің ол өзгешелігі (зат есімдердің
өзара топталып, түйдек-түйдегімен анықтауыштық қатынаста көп жұмсалатыны)
тіліміздің сөйлем құрылысының басым жағы есім сөзді болатындығымен,
сөйлемдердің дені есімді екендігімен байланысты.

Ғалым А.Н. Кононов мынадай пікірде: Атрибутивное определение,
выраженное именим существительным (изафет).

Два имени существительных, первое которых выступает определением,
второе – определяемым, образуют определительную группу имен существительных
(изафет); синтаксические отношения между членами группы основываются на
приемах примыкания, управления, согласования деген дәл анықтама береді
[18, 408-409]. Яғни изафет ­ екі зат есім арасындағы байланыстың нәтижелі
көрінісі. Ғалым изафеттің І,ІІ,ІІІ түріне сәйкес мысалдарды толыққанды
көрсетіп өтеді. Изафет І­де сөз тіркесінің екінші сыңары бірінші сыңарға
қатысты болып келетіндігін атап өтеді: Изафет І , организованный приемом
примыкания, ограничен в своем использовании одним важным условием ­
определенным лексическим значением первого члена. Айтылған ойын дәлелдей
түсу үшін түркі тілдерінің қолданыстарынан мынадай мысалдар келтіреді:
altin zincir золото­цепочка= золотая цепочкаmermer heykel мрамор ­
статуя = мраморная статуя; tas bina камень ­ здание = каменное
здание;

Н.К.Дмитриев Изафет не имеет формальных показателей, будучи выражен
только порядком слов [15, 259] – деп, гагауз тілін негізге ала отырып,
мынадай мысалдар келтіреді: ara duvar перегородка в хате ara duvarь емес;

catal cьbuk палка с разветлениями на конце для выжимания виноградного
сока catal cьbuг-ь емес; саtь jular веревочная узда саtь jularь емес;

demir jol железная дорога demir jolu емес;

Н.К.Дмитриев түркі тілдегі изафет екі нұсқадан тұрады деген пікірде:
1) определенный изафет и 2) неопределенный изафет. В определенном изафете
определение стоит в родительном падеже [ evin ardь задний фасад данного
дома; в неопределенном изафете – в неопределенном падеже (casus
indefinitus) задний фасад какого-нибудь дома ]. Это различие, строго
проводимое в турецком языке, для гагаузского имеет небольшое значение.
Преобладает скорее форма неопределенного изафета; форма определенного
изафета употребляется сравнительно редко и имеет то же значение, что и
неопределенная форма [25, 262].

А.М.Щербак ілік септігінің қолданылуы арқылы жасалған изафеттік тіркес
кейінгі уақыттың жемісі деп қарайды: поссесивті конструкцияларда
морфологиялық көрсеткіштердің кейінгі кездерде ғана жалғана бастауын ескере
отырып, Түркістан текстерінде жиі кездесіп отыратын бэг аты, баш ағыры,
арай йағы сияқты тіркестерді көне үлгілер деп қараймыз [20, 77].

Изафетті тануда мынадай да пікір бар екенін айта кеткен жөн. Қазақ
тілі маманы Е.Ағманов септік жалғау арқылы (барыс, шығыс) байланысқан зат
есім сөз тіркестерінің арасында да анықтауыштық семантиканың бар екенін
атап көрсетеді. Қазақ тілінде (басқа түркі тілдерінде де кездеседі) ауылға
әкім, ауылға қонақ, ауылға кеңесші, ағадан хат, тойдан базарлық,
серіктестікте фермер, жастыққа тыс, президентке көмекші т.б. осы сияқты зат
есімдерден құралған, бірақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бар.
Осындай құрылымды толықтауыштық қатынасты білдіретін меңгеріле байланысқан
сөз тіркестері деп түсініп жүрміз. Бұларда да бағыныңқы компонент басыңқыны
даралап көрсетеді (айқындайды). Тарихи тұрғыдан алып қараса да солай:
әкеден мұра тіркесі о баста әкеден қалатын (қалған) мұра оралымының
ықшамдалуынан пайда болған, ондағы әкеден сөзі бұрын өзі толықтаған қалатын
сөзінің орнына жүріп, соның қызметін атқарып тұр, ал ол қызмет анықтауыштық
қызмет болатын. (мұра сөзінің анықтауышы). Басқа да сөз тіркестерді талдай
келгенде де, осылай болып шығады. Бұлардың синонимдес (жарыса) айтыла беруі
де өздерінің мәндестігін, жалпы функциясының бірдейлігін дәлелдейді. Бұл
арадағы жалғаулар қызметін сөз бен сөзді байланыстыратын функционалдық
жұрнақтар қызметімен салыстыруға болар еді. Мысалы, айт сөзі мен адам сөзін
қатар қойсақ, олар бұл күйінде синтаксистік құрылым жасай алмайды. Осы
сөздердің алдыңғысына есімшенің қан жұрнағын жалғап, айтқан адам тіркесін
жасауға болады. Ауыл және кеңесші сөздері де қатар тұрғанмен тіркесе
алмайды, олардың алдыңғысына барыс септігінің жалғауын қосқанда ғана ауылға
кеңесші тіркесін құрастыруға мүмкіншілік туады. Ал, меңгеріле, меңгере
байланысатын етістік сөз тіркестерінде бұдан мүлдем басқаша жайды
аңғарамыз. Онда бағыныңқы сөздің септіктің қай формасын қабылдау керек
екендігі басыңқы етістік сыңардың лексикалық семантикасынан туындайды,
етістік оларды толық бағындырып тұрады, сондықтан кейде бағыныңқы сыңар
септіктің жасырын тұлғасында келе береді.

Зат есім мен зат есімнің тіркесі барыс, шығыс, көмектес т.б.
септіктерде келсе, онда олар изафет құра алмайды. Изафеттік құрылымдардың
бағыныңқы сыңарлары тек қана атау және ілік септіктері тұлғаларының
бірінде қолданылу керек. Мысалы, Қызылорданың әкімі, Қызылорда әкімі
(Қызылордаға әкім, Қызылордада әкім сияқты тіркестер изафеттік құрылымға
жатпайды). Зат есімдер жеке тұрып – ақ атау қызметін атқарады, ал матаса,
қабыса байланысатын басқа сөз таптарында ондай қызмет жоқ. Олар өз
мағынасын басқа сөздермен синтагма құрау кезінде анықтайды. Мәселен, сын
есімдер заттың атын білдірмейді. Ол толық мағыналы сөз болғанымен, өз
мағынасын зат есіммен тіркесіп келіп қана тиянақтайды. Изафеттік
тіркестердің басқа тіркестерден айырмасы да осы жерден шығады. Яғни,
изафеттің сыңарлары міндетті түрде зат есімдерден болуы тиіс. Мұның өзі
денотаттық мағынамен тығыз байланысты.

Зат есімдерде сигнификаттық мағына да, денотатық мағына да бар. Ал сын
есімдерде денотаттық мағына бола бермейді. Бұдан изафет тек денотаттық
мағынасы бар сөздерден құрылады деген тұжырым жасауға болады.

Түркі тілдеріндегі изафеттік құрылымның тарихи дамып қалыптасуы
жөніндегі пікірлер бірізді емес. Мәселен, А.М.Щербак изафеттің ІІІ түрін
кейінгі дәуірдің жемісі деп қарайды. Поссесивті конструкцияларда
морфологиялық көрсеткіштердің кейінгі кездерде ғана жалғана бастауын ескере
отырып, шығыс Түркістан текстерінде жиі кездесіп отыратын бэг аты (бектің
аты), баш ағыры (бас ауруы), ара йағы (араның балы) сияқты тіркестерді көне
үлгілер ретінде алуға болады: бэг ат – бэг аты – бэгінің аты.

Бұған қарама-қарсы пікірлер бар. Н.А.Баскаков Нельзя согласиться
также и с установившейся в настоящее время в тюркологии теорией
последовательного развития конструкции так называемого изафета, по которой
полная конструкция оформленным родительским падежом определением считается
более новой по отношению к притяжательным конструкциям с элизией некоторых
ее элементов[5, 150] - дейді. Яғни ол изафеттің бірінші түрінің көне
құрылым екенін құптай отырып, бұдан кейінгі дамуда нольдік изафеттің
негізінде изафеттің толық грамматикалық формантты түрі (изафет ІІІ) пайда
болды деп түсіндіреді.

Түркі тіліндегі изафеттің даму жайында айта келіп, С.С.Майзель
Ж.Денидің мына пікіріне келтіреді: Бір белгілі адам, бір Паша ауылда бақша
сатып алды. Алғашқы кезде оны Пашаның бақшасы деп атап жүреді. Кейін бұл
тіркес жиі қолданудың нәтижесінде қысқарып, Паша бақшасы түрінде болып,
енді біраз уақыт өткен соң, Паша бақша аталып, таза атауға айналып
кетеді. Ол атау бұл жердің иесі ұмытылғанда да сақталып қалады. Дәл
осындай құбылыс қазақ тілінде де жиі кездеседі: Қарпатайдың қоғыры -
Қарпатайдың қоғыры - Қарпатай қоғыр, Сәттің тоғайы, - Сәт тоғайы, -
Сәт тоғай т.б. Осындай мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Қызылорда
облысының бір ғана ауданында (Шиелі) оншақты атаулардың осы негізде берілуі
жоғарыда келтірген мысалдар нақтылай түседі: Салық канал, Серікбай бақша,
Ертай көл және т.б.

Көне түркі жазбалар тілінде изафеттің үш түрінің үшеуі де кездеседі.
Профессор М.Томанов бұған септік жалғаулары көне дәуірдің өзінде
қалыптасқанын дәлел етеді. В.Д. Aракин изафеттік сөз тіркестерінің түр-
түрінің Орхон жазуындағы статистикалық көрінісін былай көрсетеді.

Орхон И.І түрі И.ІІ түрі И.ІІІ түрі
ескерткіштерінде
70% 25% 4%

Ал Көріпкел кітапшасында изафеттік құрылыстар сәл өзгешелеу:

Көріпкел И.І түрі И.ІІ түрі И.ІІІ түрі
кітапшасында
46% 48% 6%

Осы деректерге сүйеніп, изафеттік сөз тіркестерінің қалыптасуы мына
ретпен жүрген деп есептеуге болады: И І И ІІ И ІІІ [38, 14].

Cонымен изафеттің дамуы туралы бір-біріне қарсы екі түрлі пікір бар:
бірі – морфологиялық форманың өрістеуін негізге алған пікір де, екіншісі –
морфологиялық форманың біртіндеп жоғалуын негізге алған пікір.

Анықтауыштық қатынасты құрайтын зат есімдер бір – бірімен атау тұлғада
қабыса байланысады. Екі зат есім атау күйінде қатар айтылып, қабыса
қиылысқан, алдыңғысы соңғысына сын болатын изафеттік құрылыстың қабыспалы
деп аталатыны жоғарыда айтылды. Изафеттің бірінші түріне мысалдар
келтірейік: күміс қасық, тас жол, жер үй, ағаш аяқ, ас бөлме, ат дорба, ата
жау, алма бет, алтын сақа, аяқ машина, бақа бас, бауыр ет, бесік құда, ер
бала, жан жолдас, киіз байпақ, күнделік дәптер, күрек тіс, кіндік шеше,
қазан пеш, қамыс қора, қасқыр ішік, қауырсын қалам т.б. Осы сықылды сөз
тіркестеріндегі сөздердің орын тәртібі берік, бір- бірімен қатар жапсарласа
айтылып, арасына сөз салмай байланысқанда ғана алдыңғысы анықтауыштың,
соңғысы анықталушы мүшенің қызметін атқарады.

Изафеттік құрылым зат есім мен зат есімнің тіркесуінен жасалады деген
анықтамаға сүйеніп, осы тектес құрылымдардың барлығын изафетке жатқыза
беруге болмайды. Ата-ана, мекен-жай сияқты тіркестердің арасында логикалық
байланыс бар. Олардың екі сыңары қосарлана келе бір ұғымды білдіріп тұр.

Екі зат есімнің қабысуы арқылы құралған сөз тіркестері – көнеден келе
жатқан, тіліміздің грамматикалық жүйесіне икемділік беретін тіркестер,
сондықтан бұлар тілімізде мол жұмсалады.

Есім сөздердің бәрі бірдей (зат есімнен басқасы) изафеттік тіркес
құрай бермейді, яғни изафеттік тіркес деп танылған құрылымдардың сыңарларын
міндетті түрде зат есім деп тануға тиіспіз. Сын есімнен зат есімге айналған
сөздерден жасалған тіркестерді изафет қатарында қарау керек пе, жоқ па
деген сұрақтың жауабын шешу үшін, аталған құрылымдардың бірінші түріне жан-
жақты талдау жасау керек. Бұл тұрғыда тіркес құрамына кіретін зат есімдерге
тек қана тұлғалық талдау жеткіліксіз. Мәселен, көрші үй, ағаш қора, ат арба
деген тіркестер тұлғалық жағынан бірдей болғанымен, қалыптасу жағынан әр
түрлі. Көрші сөзінің бастапқы лексика- грамматикалық мағынасы заттың
сипатын анықтау. Көрші үй, көрші кісі, көрші ел тіркестерінің есімше арқылы
ықшамдалып жасалғандығын байқауға болады. Ағаштан жасалған қора ағаш қора
тіркесі де осы жолмен пайда болғандығы белгілі. Ал аттың арбасы ат арбасы
ат арба тіркестері изафеттік құрылымдардың толық түрінен ықшамдалғанын
байқамыз. Яғни қазақ тіліндегі изафеттік тіркестерді тарихи салыстыру,
компоненттік анализ әдістерін қолдану арқылы зерттеу қажеттілігі
туындайтыны сөзсіз. Зерттеу барысында қазақ тілінде изафеттің үшінші
түрінің мынадай мағыналық қатынасты білдіретін түрлері бар екендігі
анықталды:

1. Меншіктілік қатынас: Бұл төмпешік – бір кезде сыңар аяғымен болса
да жер басып жүрген Қазының моласы. (М.Мағауин).

2. Бүтін зат пен оның бөлшектерінің қатынасы: Ол үйде аласа қырлы
пештің карнезінде жанып тұрған жарығы мол үлкен лампы бар екен. Неліктен
екені белгісіз, Мәкен отырған шақтарда Дәрмен Көзімнің қарасы деп
жырласа...(М.Әуезов)

3. Зат пен заттың арасындағы (релятивтік) қатынастық байланыс: Желдің
лебі соғады көл бетінде, керек пе еді еске алу, керек пе еді...
(М.Мақатаев) Соғыс салған қылыштың жарасын несіне еске алайын, балам!
(ЕҚ) т.б.

Бұл қатынастар тіркеске енетін сөздердің лексикалық мағыналарының
ыңғайына қарай туады.

Түркі тілдеріндегі изафеттің қосымша ерекшелігі изафеттің көрсеткіші бір
мезгілде 3 жаққа тәуелділікті білдіруі болып табылады; басқа сөзбен
айтқанда, suyu формасы 'оның суы' деген мағына білдіреді (бұл мағына мына
сөйлемдерде көрінеді, онда suyu мо шыңның атауы емес, иза] түсіндірмесі
алынған). Бұл өзгешелік венгер тәуелдік формаларында да кездеседі, венг.
Тәуелділік формасы hdz 'д: hdz-a 'оның үйі', бірақ bardt-om hdz-a 'менің
досымның үйі' (сөзбе-сөз, 'дос- үй- оның'); соңғы жағдайда суффикс -а иза]
қызметін атқарады.[51,14] Изафет (парс. اضافه‎ — ezâfe) — семит, кейбір
батыс иран, түркі тілдеріне тән грамматикалық құрылым, парсы тілдерінің
ықпалы тиген тілдерде де қолданылады (урду және т.б.).

Термин араб тілінен алынған إضافة‎ (iḍāfa), дәлме-дәл бірігу деген
мағынаны білдіреді. Араб тіліндегі екі зат есімнен тұратын, бірі ілік
септігінде тұрып, бірінші сөзді анықтайтын грамматикалық құрылым осылай
аталады ( идафа қараңыз). Бірінші тұрған зат есім арнайы формаға ие болады,
танвина.Парсы, дари және тәжік тілдеріндегі изафеттік құрылымдарда
анықтауыш анықтаушыдан кейін тұрады, дауысты классик. парсы -i, тәж. -и,
дари және қазіргі парсы –е жалғауларымен байланысады, парсы-араб хаттарында
былай деп көрсетіледі: مزار شریف mazār-e sharīf — қасиетті мазар, онда
mazār — мазар, sharīf — қасиетті, -е — көрсеткіш. Егер изафеттік
көрсеткіш дауыстыдан кейін жалғанса, онда йот дыбысымен айтылады, классик.
парсы -yi, тәж. -и -йи, дари қазіргі парсы -yе, парсы-араб хаттарында
кейде ye ی-, әрпімен белгіленеді, егер сөз дауыссызға бітсе he ه-, онда
оның үстіне то над hamze هٴ белгісі қойылады, мысалы, خانهٴ من xāne(h)-ye
man менің үйім.

Изафеттік көрсеткіш көнедегі есімдіктен бастау алады (авест. ya, көне
-парс. haya) және ерекше құрылымды болады, мысалы көне -парс. kāra haya
manā менің әскерім, дәлме-дәл әскер менікі.Иврит тілінде изафеттік
құрылым смихут деп аталады (ивр. סמיכות‎ — жақындық). Араб тіліндегідей
бірінші тұрған зат есімнің белгілі артиклі болмайды және өзгеріске ұшырауы
мүмкін, кейде фонетикалық, кейде жазуда: תעודה (куәлік) + לידה (туу) =
תעודת לידה туу туралы куәлік (дәлме-дәл туу куәлігі).Түркі тілдерінде
изафетті екі зат есімнен тұратын ерекше атаулы құрылымдар деп те атайды.
Түркі изафеттері үш типке бөлінеді:

1. Бірінші (жай), анықтауыш анықталатын сөздің алдында атау септігінде
тұрады: тат. тимер юл темір жол, дәлме-дәл темір жол.

2. Екінші ( суффиксті), онда бірінші элемент (анықтауыш) ІІІ жақ жекеше
тәуелдік жалғауының аффиксін жалғайды (түркі тілдерінде көбінесе мынадай
формада болады -и-е-ы-у-ү, дауыстыдан кейін -си-се-сы-су-сү).
Мысалы, өзб. O’zbekiston respublikasi Өзбекстан Республикасы, дәлме-дәл
Оның Өзбекстан Республикасы, қаз. алма бағы — алма бағы, сөзбе-сөз
оның алма бағы.

3. Үшінші (екі суффиксті), бірінші элемент ілік септігінің суффиксін
жалғайды, ал екіншісі — ІІІ жақ тәуелдік суффиксін қабылдайды. Мұндай
сөз тіркестері ілік септігінің жалғауы жалғанған орыс тіліндегі
тіркестермен сәйкес келеді, мысалы әзерб. ovçunun xatirələri аңшының
хаттары.Дәл осындай құрылым фин-угор тілдерінде бар, бірақ оған
изафет термині қолданылмайды (удмурт және кейде венгер тілдерінен
басқасы). Бұл қарама-қайшы терминологияның себебі – шығыс тілдеріне
қатысты дәстүрлі түрде араб грамматикасы, ал еураполықтарға – латын және
грек грамматикасы деген термин пайдаланылады.

1.2. Изафеттік құрылымдардың тілдік табиғаты

Қазақ тілінде Түрік изофеті дейтін де, Парсы изофеті дейтін де
бар. Соңғысы мәдени табыс, ғылыми еңбек, саяси сабақ деген сияқты болып,
кейбір араб-парсы тілінен енген сөздермен байланысты айтылатыны болмаса,
әдеби тілімізден кен орын алған изафеттік құрылыс емес. Ал Түрік изофеті
деп аталатын сөзбен сөздің түйдекті шумағы түрік системалы басқа
тілдердегідей, қазақ тілінде өте жиі кездесетін оның көп ерекшелігінің
бірі [23, 43], – деп, профессор М.Балақаев өзінің еңбегінде осындай
пікірін білдіреді. Сонымен қатар, ғалым Бастауыштың жақтық мағынасы деген
мақаласында: І және ІІ жақтық жіктеу есімдіктері бірінші (мен, біз),
екінші (сен, сіз) жақтық бастауыш бола алады да, олардан басқа сөздердің
бәрі тәуелдік жалғаулардың І,ІІ жағында, не басқа тұлғада тұрып, бастауыш
қызметінде жұмсалса, тек ІІІ жақтық бастауыш болады [24, 74].

Тіл проблемасын әр қырынан зерттеген әйгілі ғалымдар пікіріне сенетін
болсақ, олардың бірінші тобы әуелде сөздер ешқандай қосымшасыз мағына
жақындықтарына қарай өзара байланысқа түсіп, қатынас құралы міндетін
атқарған деген пікірді жақтаса, ал олардың екінші тобы, қосымшалар арқылы
байланысқа түскен қосымшалардың сөз құрамынан түсіп қалуы кейінгі дәуірдің
жемісі деп біледі. Біз осылардың ішінен бірінші топтағы ғалымдардың пікірін
қуаттаймыз.

Изафетке байланысты тағы бір шешімін таппай келе жүрген мәселенің бірі
– жанама септіктер арқылы байланысқа түскен зат есімдер меңгеруін изафеттің
қатарына қосамыз ба, әлде жатқызбаймыз ба деген мәселе. Сырттай қарағанда,
мұндай құбылыс толықтауыштық қатынасты емес, анықтауыштық қатынасты
білдіретін тәрізді. Оны мынадай жолмен дәлелдеуге болар еді: ұйымға мүше –
ұйымның мүшесі; әкеден өсиет - әкенің өсиеті. Олардың алдыңғысы
толықтауыштық қатынаста жұмсалған да, соңғысы анықтауыштық қатынаста
жұмсалған. Алайда, осындай құбылыс зат есімдердің меңгеруінен құралған
барлық сөз тіркестеріне тән деп бір сөзбен түйіп айту қиын. Оны мынадай
мысалдардан байқауға болар еді: жігітке сын, кемпір-шалға ұят, менімен
жолдас, әкеден жалғыз, т.б. Осы типтес мысалдарға тән екінші бір екешелік –
меңгеру қасиетіне ие болып тұрған басыңқы сыңардың құрамынан көмекші
етістіктердің түсіп қалып қолданылуы. Салыстыралық: жігітке сын – жігітке
сын еді; кемпір-шалға ұят – кемпір-шалға ұят болады; менімен жолдас –
менімен жолдас болатын; әкеден жалғыз – әкеден жалғыз еді. Демек, бұл – зат
есімнің меңгеруі ортақ меңгерудің, зат есім мен көмекші етістіктің бірлесіп
барып меңгеруінің негізінде қалыптасқанын дәлелдейді. Сондықтан зат есімнің
меңгеруін изафеттің қатарында қарамай, жалпы меңгерудің қатарында қарағанды
орынды деп білеміз.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде мынадай қорытындыға
келуге болады:

1. Изафет – зат есім мен зат есімнің тіркесінен тұратын сөз тіркесінің
ерекше бір түрі.

2. Изафет – өзге қатынастарда емес, тек анықтауыштық қатынаста
жұмсалады.

3. Анықтауыштық қатынасы солғындап, лексиканың сөз тіркесі қатарынан
шығып, белгілі бір заттың атауына айналып бара жатқан немесе толығынан
айналған тіркестер изафеттің қатарына жатпайды. Мұндай тіркестер қазақ тілі
білімінде атаулық тіркестер немесе номинативті тіркестер деп аталып жүр.
Мысалы: қант қызылшасы, темір жол, Бәйтен көпір, т.б.

4. Тарихи тұрғыдан алғанда, қалыптасуы жағынан ешқандай қосымшасыз
байланысқан (темір қасық, ағаш күрек) тіркестер бірінші, ілік септік
жалғауы мен тәуелдік жалғауының түспей қолданылған түрі (ағаштың бұтағы,
үйдің қабырғасы) екінші, ілік септік жалғауының түсіп қалған түрі (ағаш
жапырағы, үй қабырғасы) үшінші орында тұрады. [37, 21- 24]

Қазақ тіл білімінде зат есім – зат есім болып құрылған сөз
тіркестері изафеттік сөз тіркестері деп танылады. Бұлар құрылымдық сипатына
сай үш түрлі изафеттік сөз тіркесі ретінде құралады.

Бірінші изафеттік сөз тіркесінде топ жылқы, тас көпір түрінде
құралғандар жатады.

Екінші изафеттік сөз тіркесіне ауыл адамдары, көл жағасы түрінде
құрылғандар жатады.

Үшінші изафеттік сөз тіркесіне баланың көйлегі, көлдің жағасы түрінде
құрылғандар жатады.

Құрылымдық жағынан осылай түрлі болып келгенмен, бұл сөз тіркестері
функционалдық жағынан бірімен бірі тығыз байланысты:

1. Бұл сөз тіркестері анықтауыштық қатынасты білдіреді.

2. Анықтауыштық қатынастың нақты көріністері де негізінен осы сөз
тіркестерінің бәріне ортақ: баланың көйлегі – бала көйлек, тіс дәрігер –
тіс дәрігері, Байжанның сайы – Байжан сайы – Байжан сай.

Сөз тіркестерінің әр түрі аталған аяда, басым бейімделген қызметі бар.
Сонымен бірге олар, өзара ауысып жұмсалып жатады.

Изафеттік деп аталып жүрген сөз тіркестері генезисі жағынан бірігеді.
Олар бір түптен тараған.

Осылай болғандықтан аталған сөз тіркестері жасалу амалы жағынан әр
түрлі болғанмен, басын біріктіріп қарауды талап етеді. Тек осылай қарағанда
олардың тілдік жүйедегі орны анық танылады. Гегельдің заттарды,
құбылыстарды тұтас, бір бітім күйінде танығанда ғана, ақиқат сыры ашылады
деген қағидасы осы тұста дәл келеді. Сонымен бірге бұл сөз тіркестеріне
ортақ, дара жұмсалу ерекшеліктерін ашу да (телеологиялық принцип)
зерттеудің бір принципі болды.

Изафеттік сөз тіркестерінің түр-түрі қатар пайда болған жоқ. Алғашқы
болып кұлын желі типті сөз тіркесі – изафеттік сөз тіркестің бірінші түрі
пайда болды. Содан кейін осы сөз тіркесіне сүйеніп, құлын желісі типті сөз
тіркесі – изафеттің екінші түрі қалыптасты. Соңғы қалыптасқан – құлынының
желісі – изафеттің үшінші түрі деп аталған сөз тіркесі [12, 25-26].

Ғалым П.М. Мелиоранский еңбегінде тәуелдік қатынаста ілік септіктің
орнын дұрыс таныған. Родительный падеж служит прежде всего для выражения
принадлежности одного предмета другому. Из этого основного значения
вытикает уже и способность родительного падежа, а также отношения как части
к целому, дейтсвия к производящему его к тому подобнее. Возможны также
случаи так называемого объективного родительного падежа - деп, Для
выражения принадлежности одного предмета название владельца ставить в
родительном падеже, а название принадлежащего предмета снабжается
притяжательными аффиксами. Например: менің атам – мой отец, елдің іші –
внутренность (среда) народа и тому подобное [14, 8]. Т. Сайрамбаев
зерттеулерінде тәуелдік жалғаулы тұрақты тіркестің бастауыш болып келуі көп
кездеседі [13, 84-85].

Қазақ тілі және көптеген түркі тілдес халықтар синтаксисіне матаса
байланысу формасы енген, оның анықтауыштық қатынаста жұмсалуы ғылымда алғаш
рет дұрыс шешімін тапқан. Көптеген ғалымдар бұл мәселенің қажеттігін
дәлелдеп пікірлерін білдірген. Мысалы, профессор М. Серғалиев бұл амалдарды
Арнау, меншіктілік қатынастағы сөз тіркестері [16, 45], - деп атап
көрсетеді. Сөз болып отырған мәселеге ғалымның зерттеуі бойынша есімді сөз
тіркестерінің ішінде арнаулы, меншікті, сондай-ақ, заттың тегін, тағы сол
сияқты қатынасты білдіретін үлкен бір тобын жасайтын конструкциялар синоним
болуға бейімделеді.

Э.В.Севортян мақаласында былай дейді: Для тюркских языков падеж, если
иметь в виду его основные функции, является словоизменительной
категорией... В семантическом отношении родительный падеж передает
следующие два основных значения: 1) принадлежность (правовая, органическая,
семейная и общественная); 2)разные степени связей и отношений [25, 45].

Бұл туралы түркі текті тілдерді зерттеушілердің басылып шыққан
еңбектері аз емес.Бірақ, олар қазақ тілі жайындағы еңбек болмаған соң, бар
өзгешелікті түгел қамтиды деуге болмайды. Бүгінгі таңда тіл білімінің қай
саласындағы зерттеулерді алмайық, олар нақты, жеке мәселелерге арналып жүр.
Мысалы, Н.Т.Сайранбаев қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесін түгел
алып қарастырған [7, 83].

Изафеттік құрылыстың семантикасы жөнінде М.Б.Балақаев Основные типы
словосочетаний в казахском языке, Н.К.Дмитриев Грамматика башкирского
языка атты еңбектерінде жан-жақты тоқталады.

Бұл үлгі қазіргі түркі тілдерінің барлығында кездеседі. Мысалы:

Тува Эжиншлернайыралы эртине Адамдар достығы байлықтан тау
дагны тургузар. тұрғызар.
түрік тілі Бурнума міс гібі кебап Менің мұрныма дәмді кәуап иісі
кокулары гелді келді.
Түркімен тіліДамыған зәхмет бригадасы Дамыған еңбек бригадасы дегенді
диен ады эштимек гөр мәхили есту адамды шаттандырады.
шатлық доредйәр
өзбекше Найманча – азалдан косиолар Найманшы – ежелден келе жатқан
махалласи кәсіпшілер.
әзірбайжан Бура Илич бухтасыздыр. Бұл жер Ильич бухтасы.
тілі
Татарша Агач күләгәләри ул. Ол – ағаш көлеңкелері.
Чуваш тілі Байкаль херрииче пулажжем Байқал жағасында балықшылар
пуранакан ялсем тесалса ауылы созылып жатыр.
ларажже.

Изафеттің екіші түрі лексикалық қорды байытады және номинативтілену
қасиетімен ерекшеленетіндігі байқалады [38, 20-21].

Изафеттің бұл түрі түркі тілдерінде ерте дәуірден келе жатқан
құрылымға жатады. Изафеттің екінші түрінің бүгінгі әдеби тіліміздегі
семантикасын былай көрсетуге болады:

1. Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің неге арналғанын білдіреді: оқу үйі
(оқуға арналған үй), тұқым қоры (тұқымға арналған қор) т.б. ауыл
шаруашылығы басқармасында тұқым қорының спасы мен жинақталуы жайында мәселе
қаралды. (ЕҚ). Мұғалімдердің оқу үйінде тіл мәселесіне арналған дөңгелек
үстел болып өтті. (ЖА).

2. Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің кімнің атында екенін білдіреді: Абай
көшесі (Абайдың атындағы көше), Сәбит кітапханасы (Сәбиттің атындағы
кітапхана). Сәбит кітапханасында бірнеше мыңдаған көне ескерткіштер жайында
мақалалар бар (ЕҚ).

3. Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің, яғни кәсіпорынның өндірістік бағытын
айқындайды: кірпіш зауыты (кірпіш шығаратын зауыт), сүт фермасы (сүт
өнімдерін өндіретін кәсіпорын) т.б.

4. Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің тұрғылықты мекенін анықтайды: ауыл
мектебі (ауылдағы мектеп), қала халқы (қаладағы халық), тау халқы (таулы
жердің халқы) т.б.

5. Қатар айтылған екі зат есімнің алдыңғысы соңғысының заттық сапасы
ретінде жұмсалады (әскер тәртібі, халық ойыны т.б.). Мысалы: Адам баласы
адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады.
(А.Құнанбаев). Бұл ғажайып төзім, керемет шыдамға қорек беретін нәрсе –
үміт сәулесі.

6. Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің себеп-салдарын анықтайды: ауру құрбаны
(ауырғандықтан құрбан болу), сауатсыздық салдары (білім алмағандықтан
болған әрекет) т.б.

7. Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің материалын атап анықтайды: күнбағыс
майы (күнбағыстан істелген май) т.б.

8. Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің мезгілін анықтайды. (жаз айы, тамақ
уақыты, түн ортасы, күзем уақыты т.б.)

9. Бағыныңқы сөз басыңқы сөздің ұлттық, рулық белгісі болып жұмсалады.
(орыс әдебиеті, қазақ тілі, Дулат елі т.б.)

Есім сөз тіркестерінің енді бір күрделі түрі зат есімдерден құрылған
тіркестер.Зат есімдер грамматикалық табиғаты жағынан болсын, лексикалық
сематикасының әр жақтылығынан болсын басқа сөз таптарынан өзінің әмбебап
қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар сөйлем ішінде, сөз тіркестері құрамында
басқа сөздерді өздеріне бағындырып қана қоймайды, өздері мен өздері
тіркесіп келіп те әр түрлі анықтауыштық қатынасты білдіретін сөз
тіркестерін жасайды: темір тостақ, ауыл кеңесі, ауылдың малы, балаға ақыл,
т.б. Осы тектес сөз тіркестері зат есімдерден жасалған. Осындай зат есімді
есім сөз тіркестерін ғылыми әдебеттерде изафеттік құрылыстағы тіркестер деп
айтады.

Изафеттік құрылыстың статусын айқындауда әлі күнге дейін пікір
алшақтығы бар. Бірқатар тіл мамандары оған меншіктілік қатынастарды
білдіретін тіркестерді жатқызады да, аналитикалық жолмен жасалған зат
есімді тіркестерді жатқызбайды. Екінші бір топтағы ғалымдар изафеттік
құрылысқа аналитикалық құрылымдағы зат есімдер тіркесі мен конструкцияның
бірінші компоненті жалғаусыз, екінші компонентіне тәуелдік жалғауы
жалғанған түрін жатқызады да, ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы
сөздің тіркесінен болған құрылымды оған қоспайды.

С. С. Майзельдің пікірі бойынша, изафеттік тіркестер зат есімдердің
бір-бірімен тіркесіп, анықтауыштық қатынастарды білдіруі болып табылады.
Анықтауыштық қатынастардың өзі әр түрлі мәнде көрінеді: поссесивтік,
релятивтік жіне идентивтік. Қазіргі кезде тіл зерттеуші ғалымдардың
көпшілігі соңғы пікірді қолдайды. Бұл күнде үш түрлі изафеттік құрылым
айтылып жүр: 1) (Жалғаусыз түрі), ІІ (бірінші компонент жалғаусыз, екінші
компонент үшінші жақтың тәуелдік жалғауы), ІІІ (алдыңғысы ілік жалғауында,
соңғысы тәуелдік жалғауының үшінші жағында); а) темір күрек, қойын дәптер;
ә) мектеп үйі, егіс даласы; б) ағамның кітабы, Алматтың сөмкесі т.б.
Біздің ойымызшада солай болу керек. Өйткені қай бір грамматикалық класс
құрайтын тілдік құбылыс болмасын, оны саралаудың негізгі белгісі – соның
өзіне ғана тән жалпылық семантика мен құрылымдық форма болады. Изафеттік
сөз тіркестерін басқа синтаксистік құрылымдардан ажырататын осындай
белгілері бар. Оларға анықтама бергенде сол белгілерге сүйену қажет. Ондай
белгілер: 1) изафеттік құрылымдағы тіркестердің семантикасы – анықтауыштық
қатынастарды білдіру (Заттық сапаны білдіре ме, қатыстық сапаны білдіре ме,
не болмаса меншіктік қатынасты білдіре ме – бұлар негізге алынбайды); 2)
изафетті құрайтын лексика-грамматикалық топтардың біркелкілігі – басыңқы
сөз де, бағыныңқы компонент те зат есімнен болуы. Соңғы классификация осы
критерийлер негізінде жасалған.

Изафетті тануда ескерілмей жүрген мынадай бір жайтты айта кеткен жөн
сияқты. Қазақ тілінде (басқа түркі тілдерінде де кездеседі) ауылға бастық,
(осы) үйге қонақ, елге ақылшы, ағадан ақыл, ініден ізет, балама базарлық
т.б. осы сықылды септік жалғаулары арқылы байланысқан сөз тіркестері де зат
есімдерден құралған. Осындай құрылымды изафеттің қатарына қоспаймыз;
толықтауыштық қатынасты білдіретін меңгеріле байланысқан сөз тіркесі деп
түсіндіреміз. Үңіле талдай келсек, бұл құрылымның изафеттің басқа
құрылымнан айырмашылығы шамалы; бұларда да бағыныңқыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Ясауи «Хикметтеріндегі» сөздің морфологиялық құрылымы
Диуани-хикмет” ескерткіші тілінің грамматикалық ерекшеліктері (тәуелдік, жіктік және көптік жалғауларының қолданылуы)
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Көсемшенің тұлғалары
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Пәндер