Негізгі құралдар туралы ақпарат


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Есеп және аудит кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Негізгі құралдар
Орындаған: Исагулова Р. Д
ЕжА 06 К2
Тексерген: Байдаулетов М. Б
Алматы 2008 ж.
Жоспар:
I Кіріспе
Негізгі құралдардың экономиалық мәні . . . 3
II Негізгі бөлім
2. 1 Негізгі құралдардың келіп түсуі . . . 5
2. 2 Негізгі құралдарды жөндеу мен жаңғыртудың есебі . . . 9
2. 3 Амортизациясы мен тозуын есепке алу . . . 15
III Қорытынды . . . 24
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25
I Кіріспе
Негізгі құралдардың экономикалық мәні
№6 БЕС бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы қүралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құңдылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т. б. ) .
Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді. / 3
Айналым күралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады және өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.
Негізгі кұралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
- Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да қүжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды үйымдастыру.
- Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
- Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
- Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.
- Моральды және физикалық түрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
- Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар көп қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады.
Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.
Мақсаттық бағыты мен орындайтын функцияларына байланысты негізгі қорлар бірнеше түрлерге белінеді. Негізгі қорлар тобының құрамына кіретіндер:
Субъект меншік құқығында сатып алған жердің саны мен құны. Жерге меншік кұқығы жерге меншік құқын беретін актімен расталуы тиіс. Оларға арнап акт берілген әрбір жер учаскесі инвентарлық объект болып табылады.
Үйлер - бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне, тұрғын үйіне, әлеуметтік-мәдени қамтамасыз етілуіне және материалдық құндылықтардың сақталуына жағдай жасаудан тұратын сәулет-құрылыс объектілері.
Ғимараттар - еңбек заттарының өзгеруіне байланысы жоқ қандай бір функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (плотина (бөгет) көпір, автомобиль жолы, шахта стволы, мұнай бұрғысы) . Инвентарлық объект дегеніміз - барлық икемділіктерімен бірге бір бүтінді құрайтын әрбір жеке ғимарат.
Беріліс құрылғылары - электронды, жылулық және механикалық қуатты беруге арналған құрылғылар (электр тарату желісі, трансмиссиялар, құбырлы өткізгіштер) .
Машиналар мен жабдықтар. Әрбір машина, егер оның құрамына кіретін саймандарды, керек-жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды, іргетастарды қоса алғанда, басқа инвентардың бөлігі болмаса, инвентарлық объект болып табылады.
Негізгі құралдардың бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
- Күш беретін машиналар мен жабдық-машиналар, жылу және электр қуатын өндіретін генераторлар, әртүрлі қуаттарды механикалыққа, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина-қозғалтқыштар (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, турбинаның бу қозғалтқыштары, іштей жану қозғалтқыштары, электроқозғалтқыш) .
- Жұмысшы машиналар мен жабдықтар - бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық, термикалық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және жабдықтар (токарьлық темір жонғыш станоктар, насостар, электрлі моторлар, экскаваторлар, грейдерлер) .
- Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зертхана жабдықтары - бұл өндіріс процестерін өлшеумен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, су өлшегіштер, монометрлер) .
- Есептеу техникасы - процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары) .
- Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары) .
- Көлік құралдары - адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол, су көлігінің қозғалмалы құрамы) .
- Инвентарлық объект - барлық тиесілі керек-жарақтарымен және керек заттарымен бірге жекеленген объект.
- Құрал-сайман темірді, ағашты өңдеуге арналған, қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген заттар (кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек құралдары) .
- Инвестициялық объект - басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар.
Өндірістік инвентарь және керек-жарақтар - өндірістік операцияларды орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс үстелі, верстактар, қамба, шкафтар) . Түгендеу объектісі - қандай да бір инвентарлық объектінің бөлігі болып табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.
10. Шаруашылық инвентарь кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар (үстелдер, шкафтар, кілемдер және т. б. ) .
Жұмысқа қолданылатын және өнім беретін малдар.
Жұмысқа қолданылатын малдар, аттар, өгіздер, түйелер.
Өнім беретін малдар-бұл ірі қаралар, айғырлар, асыл түқымды биелер, аталық түйелер мен ұрғашылары, бұғылар-үрғашы маралдар - еркек, саулық қойлар, қошқарлар.
Инвентарлық объект- әрбір ересек жануар.
11. Көпжылдық өсімдіктер жасына қарамастан қолдан егілетін көпжылдық өсімдіктер (жеміс-жидектер, жүзімдіктер, көпжылдық гүлөсімдіктері, раушан плантациялары, тірі қоралар, қорғаныш өсімдіктер) . /2
II Негізгі бөлім
2. 1 Негізгі құралдардың келіп түсуі
Негізгі құралдар кәсіпорынға сатып алуға байланысты, құрылыс нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға салым ретінде және т. б. жағдайларда келіп түседі.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өңдіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі кұралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
- Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер, жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж) .
- Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
- Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар.
- Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
- Шотта көрсетілген сату бағасы.
- Жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы.
- Сатып алу-сату құжаттарын ресімдеу бойынша заңгердің көрсеткен қызметін төлеу.
- Салықтар мен алымдар.
- Жерді мақсатты пайдалануға әзірлеу жөніндегі шығындар (үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу) .
Мысалы: компания 4 теңгеге жер сатып алсын және мынадай шығындары бар:
- Ескі құрылысты бұзу 400
- Заңгерлерге сыйақы 1000
- Құрылысты бұзған(материалдар) 100
- Агентке берілген комиссиондық төлемдер 1200
- Автотұрақтың маңына жол салу 7000
- Жөндеуге кеткен шығындар 400
Жердің бастапқы құны: 4+400+1000+100+1200+400=43100 теңге
Д-т (жер) 43100 К-т (ақша қаражаттары) 43100
№ 16 ХҚЕС бойынша сатып алынған жабдықтардың бастапқы құнына мыналар қосылады:
- Сатып алу бағасы.
- Тасымалдау шығындары (тасымалдау уақытыңдағы сақтандыру) .
- Монтаждау.
- Жабдықтың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатыңда сынақтан өткізу.
Үйлер мен ғимараттардың құрылысы кезінде бастапқы құнға құрылыс жөніндегі мынадай шығындардың барлығы қосылады:
- Материалдар.
- Еңбекақы төлеу.
- Үстеме шығындардың тиісті үлесі.
- Сәулетшінің, заңгердің қызметін төлеу.
- Құрылыс кезеңіндегі сақтандыру шығындары. Құрылыс кезеңіне берілген кредиттер бойынша пайыздар. Құрылыс жүргізуге рүқсат алуға жұмсалған шығыстар. / 4
Кейде кәсіпорындар шаруашылық операциясында бірнеше материалдық активтерді бір сомада алады, осыны біз Паушалдық сома деп атаймыз.
Мысалы : А компаниясы 18 теңгеге ғимарат пен құрал-жабдық сатып алды. Ғимараттың нарықтық құны 14 теңге, ал құрал-жабдықтікі 6 теңге. Онда олардың бастапқы құны былай есептеледі:
Нарықтық құны Пайыздық қойылым Сатып алу құнын бөлу
Ғимарат 14 70% 18*0, 7=126000
Құралдар 6 30% 18*3=54000
Жиынтғы: 2 100% 18 теңге
Негізгі табынға қосылған жас малдардың бастапқы құны жануарды төлдетудің нақты өзіндік құнынан құралады. Негізгі табынды қалыптастыру үшін сатып алынған малдар бойынша - жеткізу жөніндегі шығындарды қоса алғанда сатып алу шығындарынан және сатып алумен байланысты өзге де шығындардан құралады. / 8
Жас өсімдіктердің бастапқы құны егу, күту, суару, тазалау жөніндегі нақты шығындардан құралады (пайдалану бағасы бойынша алынған өнімнің құнын немесе егу сәтінен бастап өсімдіктерді пайдалануға беруге дейінгі өткізілуін шегергенде) . / 4
Негізгі кұралдардың келіп түсуі негізгі кұралдарды қабылдау-өткізу (қозғалысы) (НҚ) №1 нысандағы актімен ресімделеді. Ол жекелеген объектілерді негізгі кұралдардың кұрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін ресімдеу үшін, негізгі құралдардың бөлімше ішіндегі қозғалысын ресімдеу үшін, негізгі құралдарды қоймадан (запастан) пайдалануға беру үшін, сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында (жарғылық капиталға салымдар, өтеусіз беру) НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады, Негізгі құралдарды қабылдауды ресімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әрбір жеке объектіге бір дана акт жасайды. НҚ бірнеше объектілерін қабылдау-өткізуді ресімдейтін жалпы актіні жасауға шаруашылық бұйымдарын, құрал-саймандарын, жабдықтарын есепке алған кезде, егер бұл объектілер біртектес болса, құндары бірдей болса және бір күнтізбелік айда қабылданған болса, рұқсат етіледі. Акт ресімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және оны субъект басшысы немесе соған өкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын ресімдеген кезде акт екі данада жасалады (объектіні өткізетін және қабылдайтын субъектілер үшін) . НҚ басқа объектіге сатылған кезде акт 3 данада жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады (1-сі НҚ қалдығы мен қозғалысы туралы есептемеге, екіншісі есеп айырысу-төлем құжаттарына қоса беріледі), үшіншісі НҚ қабылдайтын тұлғаларға беріледі. Жас өсімдіктерді қабылдау мен оларды "жас өсімдіктер" тобына есептеуді, сондай-ақ өсімдіктерді "пайдаланудағы өсімдіктер (толық ұрықтанғанға немесе бұтақтар өскенге дейін) " тобына ауыстыру көпжылдық өсімдіктерді қабылдау және пайдалануға беру актісімен ресімделеді. Акт бекітілгеннен кейін техникалық құжаттарымен бірге бухгалтерияға тапсырылады.
Алаңдарды қорғайтын орман жолақтарын кіріске алу қорғаныс орман өсімдіктерін пайдалануға қабылдау актісімен жүргізіледі. Ол сонымен қатар ағаштардың бұтақтары толығымен шығып біткеннен кейін қорғаныс орман өсімдіктерін егу және пайдалануға беру (5 жылдан кем емес) жөніндегі орындалған жұмыстарды ресімдеуде қолданылады.
Малдың төлдерін негізгі табынға ауыстыру малды негізгі табынға ауыстырған күні ферма меңгерушісі жасаған топқа ауыстыру актісімен ресімделеді. Егер негізгі табынға ірі қара малдар, ұрғашы шошқалар, биелер, айғырлар ауысатын болса, онда актіде әрбір жануардың инвентарлық нөмірі, туған уақыты, жынысы, сыныбы, түр-түсі және басқа белгілері көрсетіліп, бөлек жазылады. Ешкі, қой және басқа ұсақ жануарлардың төлдері негізгі табынға ауыстырылған барлық малдарға тән белгілерін (тұқымы, жынысы) көрсету арқылы жалпы санын жазады.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2411-2417-шоттарда жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен (негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудан кейін) ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пассивтік 2421-2429-шоттар арналған.
Негізгі құралдар кәсіпорынға сатып алуға байланысты, құрылыс нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға салым ретінде және т. б. жағдайларда келіп түседі.
I. Сатып алынған негізгі құралдардың есебі
I. Үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алу.
- Баланстық құнына Д-т 2411 - 2417 К-т 3310.
- Тозу сомасына (егер пайдалануда болған объектілер сатып алынса) Д-т 2411-2417 К-т 2421, 2425 - 100, 0.
- ҚҚС-ты қоса алғанда, жеткізуге байланысты шығындар Д-т 2414 К-т 3310-50, 0.
- Жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек өтелгенде Д-т 3310 К-т 1010, 1040, 1020, 1050-350, 0.
II. Сатып алынған басқа НҚ (бухгалтерлік жазбаларды
ақша шоттарымен жасауға болмайды, өйткеиі есепке алуға
арналған ҚҚС бөлініп көрсетіледі) .
- КҚС-сыз салық шот-фактураларына сәйкес келісім құнына біз мынадай жазба жасаймыз: Д-т 2411-2417 К-т 3310-300.
- ¥сынылған шот бойынша ҚҚС сомасына: Д-т 1420 К-т 3310 - 60, 0
- Төлем фактісіне қарамастан ҚҚС-ты есепке алу (бюджетке ҚҚС бойынша төлемдерді кеміту) . Кіріске алу сәті бюджет алдындағы берешекті кемітуге ҚҚС-ты жатқызу сәті болып табылады. Д-т 3130 К-т 1420 - 60, 0.
4. Жеткізушіге төленген шоттар: Д-т 3310 К-т 1040, 1050, 1010, 1020-360, 0.
Егер алдын ала төлем жүргізілсе:
- Жүргізілген алдын ала төлемнің сомасына Д-т 1610 К-т 1040, 1050, 1010, 1020 - 360, 0.
- НҚ келісім құнына Д-т 2415, 2416 К-т 3310 - 300, 0.
- ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 3310 - 60, 0.
- ҚҚС есепке алу Д-т 3130 К-т 1420 - 60, 0.
- Берілген аванстарды (алдын ала төлемдерді) есепке алу Д-т 3310 К-т 1610-60, 0.
III. Объект құрылысының нәтижесінде келіп түскен НҚ
Үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, жабдықтарды монтаждау жөніңдегі шығындар мен күрделі құрылысқа сметалармен, сметалық-қаржылық есептеулермен көзделген басқа шығындар (құрылыстың мердігерлік немесе шаруашылық әдіспен жүзеге асырылуына қарамастан) 126-шотта (аяқталмаған құрылыс) ескеріледі.
Құрылыстың мердігерлік әдісі:
- ҚҚС-ты қоса алғанда, үйдің құрылысы бойынша сметалық және құрылыс-монтаж жұмыстары үшін жобалау ұйымы мен мердігерлік-құрылыс ұйымына есептелді: Д-т 2930 К-т 3310 - 1200, 0.
- Монтажға берілген жабдықтың құнына (егер жеткізу тікелей жүзеге асырылса) : Д-т 2930 К-т 3310, 1040 (егер жабдық монтажға қоймадан берілсе, онда Д-т 2930 К-т 2930, орнатуға арналған жабдық субшоты) .
- Кұрылысқа жер учаскесін бөлуге байланысты өтемақы есептелді: Д-т 2930 К-т. 3540 - 480, 0.
- Жобалау және мердігерлер ұйымдарының шоттарына төлем жасалды; Д-т 3310 К-т 1040, 1050, 1010, 1020 - 1 200, 0.
- Жер учаскесін бөлгені үшін өтемақы сомасы төленді Д-т 3310 К-т 1040, 1050, 1010, 1020-480, 0.
- Жұмыстар аяқталғаннан кейін объектіні акт бойынша қабылдау және пайдалануға беру:
- егер өтемақы объектінің бастапқы құнына енгізілсе Д-т 2412 К-т 2930-1 980, 0 (1 200, 0 + 300, 0 + 480, 0) ;
- егер өтемақы сметада көзделмесе, онда құрылысқа байланысты шығындар ретінде. Бірақ объектінің бастапқы құнына енгізілмеген шығындар кезең шыгындарына жатқызылуға тиіс:
- өтемақы сомасына Д-т 7210 К-т 2930 - 480, 0.
- объектілер пайдалануға берілген кезде олардың бастапқы құнына Д-т 2412 К-т 2930-1 500, 0 (1 200, 0 + 300, 0) .
- жыл қорытындысы бойынша шыгындар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылады Д-т 5410 К-т 7210 - 480, 0.
Кұрылысты жүргізудің шаруашылық әдісі:
- Құрылысқа пайдаланылатын материалдардың құнына Д-т 2930 К-т 1317-500, 0.
- Монтаждауға берілген жабдықтардың құнына Д-т 2930 К-т 3310, 1040-300, 0.
- Кұрылыс жұмысшыларына жалақының есептелуі Д-т 2930 К-т 3350-250, 0.
- ММСҚ зейнетақы қорына әлеуметтік сақтандыру аударымдары жасалды (есептелген жалақыдан 20%) Д-т 2930 К-т 3150, -75, 0.
- Орындаған жұмыстары үшін жобалау ұйымына есептелгені Д-т 2930 К-т 3310 - 400, 0.
- НҚ (үй) объектісін пайдалануға беру актісіне сәйкес Д-т 2412 К-т 2930-1 530, 0 (500, 0 + 300, 0 + 250, 0 + 5, 0 + 75, 0 + 400, 0) .
IV. НҚ өтеусіз келіп түсуі
1-нұсқа. Егер НҚ демеушілік көмек ретінде алынса, онда оларды былайша кіріске алады: Д-т 2411-2417 К-т 6280 - 1 200, 0. Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда: а) баланстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 6280-400, 0; ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429 - 800, 0.
8-3/41-07
2-нұсқа. Егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан демеуқаржы (субсидия) түрінде алынса Д-т 2411-2417 К-т 6230 - 1 млн теңге, табыс етілген НҚ пайдалануда болып, құжаттарында тозу құны көрсетілсе, онда:
а) баланстық құнына Д-т 2411-2417 К-т 6230 - 600, 0;
ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429-400, 0.
Жыл қорытындысы бойынша 7-бөлімнің шоттарында көрсетілген табыстар жиынтық табыстың өсуіне жатады Д-т 6230, 6280 К-т 5410.
V. НҚ жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсуі
- Мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 5020 К-т 5010-5 млн теңге.
- Жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен НҚ келісім (келісілген) құнына Д-т 2411-2417 К-т 5020-3 500, 0.
Егер пайдалануда болған НҚ келіп түссе және келісім құны баланстық құнына сай келсе, онда:
а) баланстық, келісімді кұнына Д-т 2411-2417 К-т 5020-2300, 0;
ә) тозу сомасына Д-т 2411-2417 К-т 2421-2429 - 1 200, 0.
3. Кұрылтайшылар енгізген салымның қалған сомасына Д-т 2730, 1310-1314, 1317, 1320-1330, 1040, 1050, 1010, 1020 К-т 5020 - 1 500, 0.
VI. Тауар-айырбас операциясы нәтижесінде НҚ келіп түсу
(тауар беріліп, орнына НҚ алынған) .
- Босатылған тауарлардың сатып алу құнына Д-т 7010 К-т 1330-1200, 0.
- ҚҚС-сыз босатылған тауарлардың келісім құнына (салық шот-фактурасына сәйкес) Д-т 1210 К-т 6010-1 500, 0.
- КҚС сомасына (салық шот-фактурасы бойынша) Д-т 1210 К-т 3130-300, 0.
- Алынған НҚ баланстық құнына (егер құжаттарда тозу сомасы көрсетілсе) Д-т 2412 К-т 3310 - 1 500, 0.
- Тозу сомасына (қабылдау-өткізу құжаттары бойынша) Д-1 т 2413 К-т 2423-200, 0.
- ҚҚС сомасына (әріптестен алынған салық шоты бойынша) Д-т 1420 К-т 3310-300, 0.
- ҚҚС есепке алу Д-т 3130 К-т 1420 - 300, 0; 1210-1 800, 0 (1500, 0 + 300, 0) .
9. Жыл соңында:
а) шығындар жиынтық табысты кемітеді Д-т 5410 К-т 7010
- 1200, 0; э) табыстар жиынтық табысты арттырады Д-т 6010 К-т 5410
-1500, 0. Аталған операциядан алынатын табыс (571-шоттың кредиттік сальдосы) - 300, 0.
VII. НҚ түгендеу кезінде анықталған артықшылықтары (келіп түскен кезде кіріске алынбағандары) мынадай бухгалтерлік жазбамен кірістеледі: Д-т 2411-2417 К-т 6280. / 2
2. 2 Негізгі құралдарды жөндеу мен жаңғыртудың есебі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz