Капитал нарығындағы пайыз нормасын басқару



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І БӨЛІМ. КАПИТАЛ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
1.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Капитал айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ БӨЛІМ. КАПИТАЛ НАРЫҒЫНДАҒЫ ПАЙЫЗ НОРМАСЫН БАСҚАРУ
2.1 Процент нормасының негізгі экономикалық ұғымы ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.3 Қарыз міндеттемесі бойынша пайыз нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4 Пайыз тәуекелін басқару . банк пайдасын ұлғайту құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҒЫ
3.1. Қазақстандағы нарықтық.экономикалық және әлеуметтік
жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
КІРІСПЕ

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңар жақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капиталң (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капиталң экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т.б. түрінде.
Проценттің мәнімен атқаратын қызметін анықтағанмен, осыдан бұрынырақ қойылған, толық түсім мен толық шығындардың арасында айырмашылық бар ма, ол неден тұрады деген сұраққа жауап берілген жоқ. Өткен талдау еркін бәсекеге негізделеді, ол болса жоғары табыс әкелу үшін ізденуге, адамдардың шаруашылықты оптималды жүргізуіне, толық және ақиқатты хабарламаны рационалды пайдалануда капиталдың бір саладан екінші бір салаға ауысуын шектемеді. Мұндай жағдайда қосымша пайда (басқару еңбегі мен капиталдың таза өнімділігінен түсетін табыстан тыс) болмауы керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әубәкіров Ә.Я.,Байжұмаев Б.Б.,Жақыпова Ф.М.,Табеев Т.П.
«Экономикплық теория» Алматы-1997.
2. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері» Оқулық.-Алматы,
«Санат»,1998
3. Әубәкіров Я.А «Экономикалық теория» Алматы-1999
4. Барисов Е.Ф. «Экономикалық теория»Юрайт М. 2002-384 бет
5. Бекетұрғанов Ә. «Жер нарығы-ұлан кепілі»Алматы, «Қаржы-қаражат»1996
6. Дробзина В.П. «Финансы.Денежное обрашение.Кредит.»Финансы и
статистика.1997
7. Дорнбуш Р.,Фишер С. «Макроэкономика»Учебник-МГУ,Дис 1997
8. Жолдасбаев Г.Ө. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы 2002
9. Жүнісов Б.А,Мәмбетов Ұ.Е,Байжомартов Ү.С «Нарықтық экономика
негіздері»Алматы 1994
10.Кенжегузин М.Б «Экономика Казахстана на пути преобразаваний»Алматы
2001
11. Қазақстан-2030.-Алматы 2002
12. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы-Қазақстан Республикасының
Заңы.Алматы-2000
13.Мәуленов С.С,Бекмолдин С.Қ,Құдайбергенов Е.Қ. «Экономикалық
теория»Алмгоаты-2003
14. Мамыров Н.К «Менджмент и рынок,Казахстанская модель»Алматы-1998
15. Мамыров Н.К,Тілеужанова М.Ә. «Макроэкономика»Алматы-2003
16. Мейрбеков А.Қ.,Әлімбетов Қ.Ә «Кәсіпорын экономикасы»Алматы-2003
17. Нұрғалиев Қ.Р «Қазақстан экономикасы»Алматы-1999
18. Намаев В.Д. Экономическая теория» Москва -1998.
19. Назарбаев Н. «Қазақстан-2030»Алматы 1997
20. Рахметов Б.А «Персоналды басқару»Алматы-2005
21. Сахариев С.С.,Сахариева А.С «Әлем экономикасы»Алматы -2003
22.Сабырбаев Б. «Экономикалық терминдерінің орысша,қазақша түсіндірме
сөздігі» Алматы-1993
23. Стен Ли Брю «Экономикс» 2004.
24.Шеденов Ө.Қ. ,Жүнісов Б.А, «Жалпы экономикалық теория»
Алматы,Ақтөбе-2002.
25.Шеденов Ө.Қ, Ядгаров Я.С, «Экономика ілімдерінің тарихы»
Алматы:Қазақ университеті -2003-313 бет.
26. «Экономическая теория негіздері» Алматы-1998,479 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І БӨЛІМ. КАПИТАЛ нарығы ЖӘНЕ экономикадағы орны
1.1 Капиталдар нарығы және оның
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Капитал
айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...8

ІІ Бөлім. Капитал нарығындағы пайыз нормасын басқару
2.1 Процент нормасының негізгі экономикалық
ұғымы ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... .14
2.3 Қарыз міндеттемесі бойынша пайыз
нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.4 Пайыз тәуекелін басқару – банк пайдасын ұлғайту
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының нарығы
3.1. Қазақстандағы нарықтық-экономикалық және әлеуметтік

жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...24

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..34

КІРІСПЕ

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) —
экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық
шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи
формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи
капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде
зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл
категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған
сыңар жақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің Капиталң
(1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет
етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап
көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп
тұжырымдады. Капиталң экономикалық ғылымның тарихында капиталды
капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи
қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі
болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т.б. түрінде.
Проценттің мәнімен атқаратын қызметін анықтағанмен, осыдан бұрынырақ
қойылған, толық түсім мен толық шығындардың арасында айырмашылық бар ма, ол
неден тұрады деген сұраққа жауап берілген жоқ. Өткен талдау еркін бәсекеге
негізделеді, ол болса жоғары табыс әкелу үшін ізденуге, адамдардың
шаруашылықты оптималды жүргізуіне, толық және ақиқатты хабарламаны
рационалды пайдалануда капиталдың бір саладан екінші бір салаға ауысуын
шектемеді. Мұндай жағдайда қосымша пайда (басқару еңбегі мен капиталдың
таза өнімділігінен түсетін табыстан тыс) болмауы керек.

І КАПИТАЛ нарығы мен пайыздың экономикадағы орны
1.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын,
капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы (prevіos accumulatіon) өзіндік еңбекке
негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз
еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей
өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден,
қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға
алмасуы болып табылады.
Бұл жағдай Еуропада XVІ-XVІІІ ғғ. орын алды. Сол замандағы
кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және
әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етгі. Mінe, капиталдың алғашқы
қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметгік-экономикалық базасының қалыптасу
шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық
кәсіпкерлік қабілетгеріне жол ашты.
Біріншіден, еңбек бостандык алыпң, жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса
бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шектелген,
тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардьң көбеюі - бұл
капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен
қолөнершілердің жаішай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-акша
қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте
түсті, ұсақ колөнершілер мен шаруалар ьдырай бастады. XVІ-XVІІІ ғғ. батыс
Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына
елеулі ықпал етті. Бұл зандар тарихқа экспроприацияланғандарға карсы қанды
зандарң атымен кірді. Өйткені бұл зандар экспроприацияланған өндірушілерді
жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік
еңбек тәртібіне бағындырды.
Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыкқа ие болған
жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды
отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал
бола алады - бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, қоршап
тастауң әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу
кең өpіc алды.
Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары - сауда, өсімқорлық,
өнеркәсіптік - екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-
жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.
Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашкы қадамдары, мүліктік
жікгелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп,
кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер - сатып
алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды
кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқының
жоғарылатуды талап етгі. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет
ақпараты кең пайдаланылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын тездетуге, отарлық, соғыстар мен басып
алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі
өз үлесін қосты.
Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында
ірі сомаға заем орналастыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз беруші бейнесін
алған буржуазияға, үкіметтің міндеттемелеріне сәйкес төленетін, елеулі
көлемдегі пайызтерді иелеуіне мүмкіндік берді. Мемлекет несиесінің дамуы
құнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандардырды.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм
жүйесі қызмет етгі. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары
болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және
өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол
ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым
салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан
ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.
Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш
күштердің дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған
ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.
Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заңдылықтарының
баршасына тәң ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысьна тән
нақты нысаңдарының болуын жоққа шығармайды.
Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезенді кейбіреулер капиталдың
алғашқы қорлану процесімен теңдестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен
толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және
ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден,
реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай,
капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі үғым бойынша, негізгі
айырмашылықты белгілейді.
Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінде жаңа материалдық негізде
кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көздері бар.
Ішкіге алдымен жекеше өндіру жатады. Ол мемлекетгік меншікке келесі
әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:
• өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл
салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;
• капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
• жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да
қуат сақтаушылардың өз еркіменң өзіне қаратып алуы;
• тандаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік
айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету
құқын беру;
• ( сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен
пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
• челнокң импортынан түскен табысты алу;
• мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт,
арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;
• коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б. Сыртқы қайнар
көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызы мынада: осы процесс барысында
кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар
формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.

1.2 Капитал айналымы

Іс-әрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар
жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді
болады.
Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың
алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің
бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы
шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорның
тіркеуге, банкте есеп-шот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға
алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар,
приборлар, патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.
Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы,
әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады.
Сөйтіп старттық капитал кәсіпкердің өндірістік қорлар (негізгі және
айналыс) сатып алуға жұмсалатын негізгі және айналмалы капиталға
қажеттігін, жалақыға, басқаруға жүмсайтын басқа өңдірістік және өндірістік
емес шығындарға кажеттігін көрсетеді.
Старттық капиталдьң және кәсіпкердің қаражаттарының орнын жауып, өтеп
отыру үшін меншікті (ішкі), немесе, несиелік (сыртқы) құралдар (қаржылар)
қолданылады.
Меншікті және несиелік құралдардың көздері факторлардың екі түрімен
белгіленеді:
объективтік — кәсіпкерліктің ұйымдастыру — құқықтык фор-масымен,
шаруашылықтың және нарықтың конъюнктурасымен, ұлттық экономиканың болмысы
және дамуымен, мемлекеттік реттеуші органдарының талаптарымен;
субъективтік — кәсіпкерлік қабілетпен, кәсіпкердің жағдайымен және
оның жеке мүмкіндіктерімен.
Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады: негізгі
қызметгерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық
қор, амортизация коры және т.б.
Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және
несиелік карыздар.
Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып
кәсіпорын құрылғанда басталады.
Жаргы капиталы — бұл фирманың негізгі жоне айналмалы
* қаражаттарының қайнар көзі. Ал жарғы капиталының кайнар көзі
* мыналар: акциөнерлік капитал, құрылтайшылардың жарналары, салалық,
қаржы ресурстары, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражат-тары. Жарғы
капиталының көлемі өндіріс процесіне инвестиция-ланған ақша қаражаттарының
негізгі және айналмалық колемін бейнелейді.
Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді.
Несие — бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол қайтарылып беріледі
және иесіне пайда әкеледі.
Қарыз капиталының қайнар көздері:
• рантьелердің капиталы, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналыспай пайызке
өмір сүретін адамдардың капиталы;
• көпшілікгің жинақтары; кәсіпкерлік қызмет сферасын өзгерткен
адамдардың капиталы; бюджетгік қалыстар;
• кәсіпорындарының бос капиталы; тауарлық несие түрінде бір
кәсіпорнынан екіншіге көшіп отыратын капитал;
• банкнота шығару нәтижесінде пайда болған капитал. Несиенің болуы
өндіріс процесінің үзілмей жүруіне көмекгеседі.
Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық жоне банк несиесін қолданады.
Сонымен қатар, несиелер қысқа мерзімді (бір жыл ішінде қайтарылады) және
ұзақ мерзімді болады.
Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын
тауарларды сату үшін, күнделікгі шығындарды етеуге қодда-нылады. Қысқа
мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:
• коммерциялық несие — бір кәсіпорын екіншіге береді;
• қаржы институтгарынан алынатын несие;
• инвесторлардан алынатын қарыз.
Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен
облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады.
Ұзақ мерзімді заемдар — бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар
көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын
жүргізу үшін қолданылады.
Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан косымша қаражаттар
табады. Облигация — бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша
сомасын кәсшорынға өткізгенін куәлайды. Осы ақша оған белгілі мерзімде
қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет пайыз алуына қүқық
береді.
Корпорация үшін облигацияларды сату инвестициялар тартудың қолайлы
формасы:
Бұның себептері:
• Бұнда несие, бірақ қоғамнан алынатын;
• банкі сияқты, облигацияға пайыз көбінесе жылына екі рет төленеді
(купондық толем);
• ұзақ мерзім, әдетте 10 жыл (кейде 30 жыл) өтеу мерзіміне дейін.
Банкінің несиесінен облигация шығару үнамды, бірақ банкілікпен
салыстырғанда бүның пайызі жоғары болуға тиісті, өйткені баскаша болса
облигацияны ешкім сатып алмайды. Корпорациялардың облигациясы, әдетте
номиналына сәйкес сатылатын, борышқорлық қолхат болып табылады.
Акциөнерлік қоғамдар көпшіліктің капиталын акция шығару аркылы
өздеріне тартады. Акция — құнды қағаз, ол иесінің ақша сомасын өткізгенін
долелдейді және иесіне дивиденд алу қүқын береді және оның иесі сол
компанияның басқаруына қатынасуға қүқық алады.
Егер облигацияны иеленушілер компанияның тек несие берушісі болса,
акциөнерлер компанияның меншік иелері болады. Бұл жағдай акциөнерлерге
директорлар кеңесін сайлауға және табыстарды бөлуге қатынасуға қүқық
береді.
Акцияларға ашық жазылудың өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері
болады.
Артықшылақтар: біріншіден, қаражаттар жинауға көмектеседі;
сатудан түскен қаражаттар өндірістік қуаттарды кеңейтуге жәнр
жаңғыртуға, қарыздарды өтеуге, қызметтерді көптарапты еруге және басқа
мақсаттарға қолдануға пайдаланылады;
екіншіден, партнерлер мен клиенттерді информациямен қамтиды;
үшіншіден, фирма ішінде акцияларды сату арқылы персоналды
ынталандырады;
төртіншіден, акцияларды пайдалану мүмкіндігін береді.
Кемшіліктерге жатқызу да болады:
• басқарудағы бақылау мен икемділіктің төмендеуі;
• акцияларды шығаруға және орналастыруға шығындар жасау;
• нарықаың қысым жасау ықпалы (конъюнктура өзгергенде);
• акциялардың шығарылуын және орналастырылуын ұйымдастыру үшін
қабілетті команда күрудың кажеттігі.
Корпорациялардың акция шығару аркылы каржылануы қаржыланудың ең қымбат
түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек,
қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. Қаражат жетімсіз
болғандықтан акциялар шығару безнесмендердің басқару қызметіндегі
тәуелсіздігін төмендетеді.
Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын кәсіпорынның даму
мәселелері қиындай береді.

ІІ. Капитал нарығындағы пайыз нормасын басқару
2.1 Процент нормасының негізгі экономикалық ұғымы

Кәсіпкер табысының екінші бөлігі аса маңызды, оның өндіріске өз
білімін, біліктілігін, ұйымдастырушылық қабілетін жұмсағандықтан емес,
меншік иесінің осы іске капиталды жұмсағандығынан маңыздылыққа ие болып
отыр. Атап өткендей, шығынға жіберіп алынған капиталды альтернативті
пайдаланудан түсетін табысты қосу керек. Капитал иесі өз шығындарының орнын
жауып, нақтысында осы альтернативті табысты алып отыр, яғни капиталды кез
келген салаға жұмсау есебінен алынатын нормалды орташа табыс.
Бұл альтернативті табыс жылдық пайыз ставкасы көрінісін алады, ол өз
кезегінде сандық капиталдың таза өнімділігін сипаттайды. Яғни экономикалық
теорияда негізделгендей, [1]П. Самуэльсонның анықтамасы бойынша, бұл осы
өндірісте пайдаланылған капиталды игіліктерді айырбастаумен байланысты
шығындардың үстінде өндірілген артық өнім болып саналады. Басқа сөзбен
айтқанда, капиталдың таза өнімділігі орташа жылдық табысқа пайызпен
шаққандағысы, оны капиталды әр қилы салаға жұмсау арқылы алуға болады. Бұл
мөлшер (жаңадан жұмсалған капиталға күтілетін табыс нормасы) “табиғи”
(нормалды) пайыз нормасы деп аталады.
Бөлінетін қаржы массасының өсуімен байланысты (бірдей жағдайда)
табыстың кеми беру деген заң әрекет етеді, нәтижесінде табиғи норма“
пайызі, яғни қосымша капиталдың шектеулі тиімділігі азаятын болады. Қандай
шегі бар? Капитал иесі кұрделі қаржыны ұлғайтуды қандай дәрежеге дейін
жүргізеді?
Күрделі қаржыны ұлғайтудың критерийі нарықтық (немесе ақшалай)
пайызтік ставкасы, яғни банктердің қарыз үшін алатын ставкасы. Егер, қиярды
өсіруден табыс нормасы (капиталдық таза өнімділігі) – 5%, ал нарықтық
банктің пайыз ставкасы – 7% болса, қияр өсіруге ешкім де капиталын жұмсамас
еді. Егер, табиғи пайыз нарықтық пайызтен жоғары болса, онда бөлінетін
кұрделі қаржы жобасы ұтымды болғаны.
Алайда неліктен пайыз төленеді? Төлем не ұшін орын алады? Жаңа
классикалық теорияға сәйкес өз негізінде, пайыз бұгінгі және ертеңгі
игіліктер бағалығының айырмасы. Әдетте бұгінгі ресурстар (немесе тұтыну
игіліктері) болашақ ресурстар мен игіліктерден жоғары бағаланады. Бұл
мыналармен байланысты. Дәл қазір ресурстарға иелік ету жеке адамның тұтыну
таңдауын ұлғайтып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта жоғары табыс
мөлшерін қамтамасыз ету үшін шаралар жұйесін жүзеге асыру мүмкіндігін де
береді. Ағымдағы ресурстарға иелік етуден бас тартып, оны қарызға бере
отырып, капитал иесі сондай мөлшерде орнын толтыруға есеп жасайды. өз
кезегінде қарыз алушы ресурстарды ағымдық пайдалану құқы ұшін, яғни қажетті
жабдықтар табыс әкелгенге дейін, осы ресурстарды сатып алғаны ұшін төлем
төлейді.
Сонымен, жаңа классикалық пайымдауда пайыз нақтысында уақыт үшін
төлем, ол шешім қабылдаумен тиімділік алу арасында белгілі бір уақыт
мерзімі өтеді. Осы тұрғыдан пайыз капитал бағасы, сол сияқты жай тауар
бағасы ретінде нарықта пайдалылық (капиталдың таза өнімділігі) пен
шығындарды (“қалыс қалу” немесе “күту”) салыстыру арқылы анықталады. П.
Самуэльсон “капитал өнімділігінің де”, “ағымдағы тұтынудан қалыс қалудың”
да анықтаушы рөлін былайша сипаттайды. “Кесу үшін қайшының екі жүзі де
қажет. Шындығында жұзінің біреуі кесіп жатыр деп айта алмаймыз ғой, сол
сияқты біздің екі факторымыз, төзімсіздік пен өнімділік өзара әрекет ете
отырып, пайыз ставкасының құрылымы мен қозғалысын анықтайды”.

2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап
өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие
болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол
өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы
процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік
процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық
формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге
болады:
A - T ... O ... T1- A1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
A - Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына
ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың
функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және
ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:
... Т1 - А1 -
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің
қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша
капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды
өткізу, сату.
П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның
ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы
айналымы пайда жасауды көздейді:
d=A - A
Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп
отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы
болады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура
келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай
формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық
капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып
түскеңце капигал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді.
Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі
және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек
заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы
бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз
элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр
түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз
құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте
қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың,
машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат,
отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы
айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем
құны да жатады.
Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады;
оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы
айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас
қайтады
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.:
Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан
қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.
Материаддық тозу мынадай жағдайларда орын алады:
• жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
• табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық
тозудың екі жағы болады:
• техникалық өндірістік — тұтыну құнының жойылуы;
• құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.
Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының
төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді
еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.
Моралдық тозудың екі түрі болады:
• еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау,
аз құнмен ұдайы өндіріледі;
• құны бүрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан
жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жоғары болады.
Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады, темендейді,
ойткені еңбек күралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді
(белпленеді).
Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты
жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.
Амортизация корының қаржылары ескірген еңбек күрал-жабдықтарды толық
алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар,
станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек, амортизация қоры
өндірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың қосымша көзі ретінде қызмет
етеді.

Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды
экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен
бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.
Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін
болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын
көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.
Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым
саны арқылы есептеледі:
п = от,
мұнда 7 — айналым саны,
0 — капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың
айналым мерзімі (ай).
Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған
капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай
дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:
К1 = Сатудың көлеміСалынган капитал.
Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес
айналыс жасағанын көрсетеді.
Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа
ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз (От):
Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы
мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына
айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.
Айналмалы капитал мен қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының
сәйкестігі, қазіргі әрекет ететін капитал мен кәсіпкердің төлем қабілетін
байланыстырады.
Қазір әрекет ететін капитал — Бұл айналмалы қордың сомасының қысқа
мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артықтығы:

Негізгі және айналмалы қорлардың кызметтерін сипаттау үшін олардың
пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады. Бұлардың екі
түрі бар:
1) Қайтарым (қор қайтарымы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымы негізгі капитал дорежееінің "гікелей Квййемі бо-лып
табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіш орсыйымдылығы деп аталады.
2) Сыйымдылық (қор сыйымдылыгы) көрсеткіштері:

Қор қайтарымынын көрсеткіші негізп капиталдың бірлігіне қанша өнім
шығарылады деген сұраққа жауап береді. Мысалы, егер өндірілген өнімнің
көлемі 927 мың теңге, ал негізгі өндірістік корлардың уақыт мерзіміндегі
орташа көлемі 600 мың теңге болса, онда қор қайтарымы мынандай болады:

Осы көрсеткіштерді пайдалану салалық құрылымдарға, өндіріс сипатына
жөне т.б. байланысты болады.

2.3 Қарыз міндеттемесі бойынша пайыз нормасы

Экономикадағы қаржылық қатынасқа байланысты тәуекелділік факторының да
үлкен роль атқаратындығын атап өту керек. Осы элементті пайыз теориясына
енгізген американдық экономист И. Фишер болатын. Қарыз беруші, әсіресе оны
қаржы қатынасында көзге ілінгісіз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің сипаты мен көздері
Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері
Ақша-несие саясаты туралы мәлімет
ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ПОРТФЕЛІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Коммерциялық банктің өтімділігінің басқарудың теориясы
Мемлекеттің ақша-несие саясаты
Биржадан тыс нарығы - қор биржаларында айналымға жіберілмеген, бағалы қағаздар саласы
«АО Банк центр кредит» банкіндегі өндірістік практика есебі
Мемлекеттің монетарлы саясатының түрлері,құрылымы және мақсаттары
Государственный кредит в Республике Казахстан
Пәндер