Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе … . . . 3-5
1. Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен маңызы . . . 6-22 1. 1. Қылмыстық процестегі ақиқат түсінігі, оның мәні мен маңызы . . . 6-12 1. 2. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеме ұғымы . . . 13-18 1. 3. Дәлелдемелердің қылмыстық процестегі маңызы . . . 19-22 2. Қылмыстық процестегі дәлелдемелерді жіктеу . . . 23-43 2. 1. Қылмыстық процестегі дәлелдемелерді жіктеудің маңызы мен негіздері . . . 23-25 2. 2. Жеке және заттай дәлелдемелер . . . 26-31 2. 3. Айыптаушы және ақтаушы дәлелдемелер . . . 32-34 2. 4. Бастапқы және туынды дәлелдемелер . . . 35-37 2. 5. Тура және жанама дәлелдемелер . . . 38-43 3. Дәлелдемелердің әрбір түрлерін бағалаудың ерекшеліктері . . . 44-56
Қорытынды . . . 57-59
Пайдаланылған әдебиет тізбесі . . . 60-61
КІРІСПЕ
Дплм жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады [1, 4 б. ] . Құқықтық мемлекет құру жолында Қазақстан Республикасының алдында тұрған міндеттердің бірі - құқықтық жүйені халықаралық және конституциялық принциптерге сәйкес реформалау болып табылады және бұл елімізді шын мәніндегі құқықтың мемлекетке айналуының бастапқы шарттарының бірі болып табылады .
Дипломдық жұмыста қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер және олардың жіктелуінің жалпы сипаттамасы, қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемелерді пайдалану ерекшеліктері, осы дәлелдемелер арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, дәлелдемелердің жіктелуі және дәлелдемелердің түрлері қарастырылған.
Осы мәселелерді қарастыру қолданыстағы заңдарды және олардың құқықтық қолданылуын жетілдіру қажеттіліктерін көздейді.
Елімізде жүргізіліп жатқан демократияны жетілдіру, экономика саласындағы терең реформалар, қуғындау, жазалау саясатынан бас тарту шараларынан туындаған жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастар, қолданыстағы заңдарды және оларды құқықтық қолдануды жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Ел Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында басты міндеттердің бірі ретінде ұлттық қауіпсіздікті күшейту, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресу корсетілген. Осы міндеттерден туындап отырған мемлекетіміздің құқық шығармашылық қызметі республикамыздың қылмыстық іс жүргізу заңдылықтарын жетілдіруге бағытталған. Сондықтан да бүгінгі күні заңнаманы, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасын біртіндеп реформалау жүргізіліп жатыр.
1997-жылы қабылданған 1998-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі дәлелдемелер құқығының нормаларын жаңа сапада реттеген. Сонымен қатар кодексте дәлелдемелер ұғымы нақтыланып, дәлелдемелердің іске қатыстылығы; жарамдылығы, дұрыстылығы және жеткіліктілігі сияқты белгілері бекітуін тапты. «Дәлелдеу» тарауы, дәлелдемелерді жарамсыз деп тану туралы норма кодекстің новеллалары болып табылады.
Аталған жағдайлар диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Дәлелдемелер және дәлелдемелерді жіктеу мәселелері қазақстандық және ресейлік ғалым-процессуалистердің еңбектерінде, соның ішінде Арсеньев В. Д., Горский Г. Ф., Ерешев Е. Е., Карнеева Л. М., Кенжебекова Э. П., Кэртис И., Кокорев Л. Д., Миньковский Г. М., Михайловская Г. Б., Мухин И. И., Нокербеков М. Н., Пашкевич П. Ф., М. С. Строгович, Толеубекова Б. Х., Трусов А. И., Фаткуллин Ф. Н., Элькинд П. С. еңбектерінде көрініс тапты.
Айта кететін жағдай, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасының негізінде аталған мәселелер қажетті деңгейде зерттеуін таппаған мәселелер қатарына жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің, олардың белгілерінің, жіктелуінің теориялық және тәжірибелік мәселелерін, қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасында дәлелдемелер мен дәлелдеудің реттелуі мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін зерттеу шеңберінде келесі міндеттер қойылды:
- қылмыстық процестегі ақиқат түсінігін, оның мәні мен маңызын анықтау;
- қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер ұғымын, дәлелдемелердің маңызын анықтау;
- қылмыстық процестегі дәлелдемелерді жіктеудің маңызы мен негіздерін зерттеу;
- дәлелдемелердің әр бір түріне талдау жасау;
- дәлелдемелердің әр бір түрін бағалаудың ерекшеліктерін зерттеу.
Диплом жұмысының жаңалығы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер және дәлелдемелерді жіктеу мәселелері қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына осы мәселе бойынша енгізілген өзгертулер мен қосымшаларды ескере отырып, оларға талдау жасай отырып жүргізілген.
Диплом жұмысында қылмыстық процестегі дәлелдеме түсінігіне анықтама берілген.
Сонымен қатар жұмыста дәлелдемелердің жіктелуі негіздеріне байланысты ғалым-процессуалистердің пікірлері талданып, оларға байланысты автордың көзқарасы пайымдалған.
Аталған жағдайлар диплом жұмысының жаңалығының дәлелі болып табылады.
Зерттеудің объектісі мен пәні. Диплом жұмысының объектісі - қылмыстық іс жүргізу барысында дәлелдемелерді пайдалануға байланысты туындайтын қоғамдық қарым-қатынастар.
Диплом жұмысының пәні - қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер, дәлелдемелердің белгілері, дәлелдемелерді жіктеу мәселелеріне байланысты ғылыми зерттеулер, дәлелдемелерді және дәлелдеуді реттейтін қылмыстық іс жүргізу құқығының нормалары, тергеу және сот тәжірибесі.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасын жалпы философиялық әдістер, статистикалық, логикалық-заңдылық, әңгімелесу, салыстырмалы-құқықтық және басқа арнайы құқықтық әдістер құрайды.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысы шеңберінде қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің түсінігі, мәні, белгілері, дәлелдемелерді жіктеу негіздері, дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдалануға байланысты жүргізілген зерттеу, оның қорытындылары ғылыми-зерттеу жұмысында, жоғарғы оқу орындарында «Қылмыстық іс жүргізу» пәніне дайындық барысында қолданылуы мүмкін.
Жұмыстың құрлымы мен көлемі. Диплом жұмысының құрылымы зерттеудің мақсаты және міндеттеріне сай келеді. Диплом жұмысы кіріспеден, сегіз тараушаны қамтитын үш тараудан, көлемі 61беттен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
1 Қылмыстық іс жүргізу процесіндегі дәледемелердің ұғымы мен маңызы
1. 1 Қылмыстық процестегі ақиқат түсінігі оның мәні мен маңызы
Қылмыстық іс бойынша мәліметтің ақиқаттығын анықтау, яғни істің шын мәнісін анықтау дәлелдемелердің көмегімен жүргізіледі, бұлар өз кезегінде мәлімет ақиқаттығын себепші болып табылады. Істің шын мәнісін анықтау яғни қылмыс оқиғасын, оның белгіленген кісімен жасалғанын және сезіктінің кінәсін, тергеу және сот тек дәлелдемелердің көмегімен анықтай алады. Ақиқат мәселесі таным теориясындағы (гносеологиялық-ғылыми дүние тануды қамтитын философияның бір тарауы) негіздің бірі болып табылады және теориялық та практикалық та зор маңызға ие. Ақиқат мәселесі-қылмыстық іс жүргізу процесінде өте үлкен маңыз атқарды. Таным теориясының жалпы жағдайы ақиқат болмысында, адам санасының осы болмысының фактісін ұға білу мүмкіндігінде. Қылмыстық сот өндірісінде әділетті ақиқат нені білдіреді және бұл ұғымның мағынасы қандай?Барлық ақиқат сияқты, қоғамдық өмірдің бұл ортасында әділетті ақиқатта ақиқат болмысын өзіндік бағалаудың жоғарғы формасы, яғни өзіндік бағалаудың тексеріліп жатқан фактілер мен жағдайларға дәл келуі. Сонда да қылмыстық сот өндірісіндегі ақиқат нақты айқын ерекшеліктерге ие, бұл ақиқатты қайбір өзге ақиқат ретінде ерекшелей, бірақ сот өндірісідегі анықталатын ақиқатты, басқа қоғамдық өмірдегі кез келген ақиқаттан өзгешелейді. Елтай Ерешевтің пікірі бойынша «Ақиқат ұғымы- білімнің объективтік дүниемен сәйкестігін білдіретін болғандықтан, ғылымымен еңбектерінде бұл ұғымды объективтік ақиқат деп те атайды»[3, 56]
Бұндай өзгешеліктерге мыналарды енгізуге болады:таным тақырыбы яғни болған жағдайға, қылмыстық қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты оларға тән фактілер шеңберінде, ақиқатты анықтау бойынша қолданылған тәсілдер мен амалдарға, аталған дәлелдемелерді табуға қажет етілетін сот және тергеу әрекеті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8 бабындағы көрсетілген міндеттерді шешуге, заңмен белгіленген қылмыстық-процессуалдық әрекеттермен қоса, құқықтық қатынастар туындаған соның ішінде дәлелдеу кезеңіндегі әрекеттер мен құқықтық қатынастар бағындырылған [ 4] .
Профессор Б. Х Төлеубекованың пікірі бойынша:«Қылмыстық сот өндірісіндегі ақиқат өткен оқиғаны дәлелдеу процесінде материалдандырып, дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізіледі». [5, 227] . Ал, Ү. Ө. Нұрмашевтің пікірі бойынша «Қылмыстық іс жүргізу дәлелдеменің мақсаты іс бойынша ақиқатты айқындау болып табылады. Философиядағы ақиқат бұл - объективті бар нәрсенің санадағы қабылдауының тура бейнесі. Қысқаша ақиқат дегеніміз- шындықтың дәл өзі» [6, 69] .
Жүргізілген әрекеттермен мақсатқа жету дегеніміз, бұл- алдын ала тергеу органдарымен, прокурорлармен және сотпен дәлелдеу нысаны-ақиқатқа жету мақсатында алда тұрған міндеттемелерді біртіндеп шешу болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық процестегі ақиқат өзіндік ерекшеліктерге ие. Сот өндірісіндегі ақиқаттың өзіндік ерекшелігі есепке алу және оның қылмыстық сот өндірісінде қалыптасуы, сонымен қатар формалдық ақиқаттан негізгі сапалық айырмашылығын көрсетуге ұмтылу, бұл ақиқатты материалдық ақиқат деп тануға негіз болады. Бірақ негізгі мәселе қалай аталуында емес, ол оның мазмұнында. Материалдық ақиқат түсінігі сот өндірісіндегі ерекшеліктеріне және формалды ақиқатты түбірімен өзгешелігіне байланысты объективті ақиқат түрінде пайдаланылады. Қылмыстық процестегі ақиқаттың негізгі бір ерекшелігі болған жағдайда тану заң тұрғысынан бағалану арқылы жүргізіледі. Бұл фактіні тану мен құқықты қолдану бұл жағдайда өз ара байланыста болғандығы себеп болады. Дәлелдеу- практикалық таным әрекетінің бір түрі болып танылады. Сондықтанда дәлелдеудің негізгі мақсаты қылмыстық іс бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін, барлық жағдайларды танып білу болып табылады. Дәлелдеу процесі кезінде, оның құқықтық реттелуі, терең жүргізу амалдарының шеңберінің өзгеруі және жетілдіру мүмкін, мақсаты мен тәсіл, тергеу әрекеттерінін өткізу қажеттілігі, техникалық құралдарды қолдану т. б. нақтыланады, өзгереді, бірақ-дәлелдеу нысаны -ақиқатқа жету өзгертілмейді. Қылмыстық процестің міндеті дәлелдеу мақсатының мәніне, ақиқаттың мәнісіне және оның негізіне әсерін тигізеді. Дәлелдеу мақсатының мағыналы, таным көлемі осы міндеттерді шешу тұрғысынан танылады. Сондықтанда қылмыстың сот өндірісіндегі таным мақсаты тек қана белгілі жағдайларды анықтап қоюдан ғана құрылмайды. Ақиқаттың мағынасын дұрыс белгілеу үшін, қылмыстық сот өндірісіндегі танылатын объективті жағдайлар фактісі, қоғамдық өмірдің көрінісі екендігін ескеруіміз керек. Сондықтанда олардың негізгі мәні яғни қоғамдық өмірдің баска көріністерінен ерекшелігі дұрыс танылуы қажет. Қылмыстық сот өндірісінің талаптарына байланысты тергеуші және сол жасалған әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің және қылмыс құрамын анықтауға тиіс. Басқа сөзбен айтқанда тергеуші сот қылмыстың іс қозғауға себеп болған жағдайға заң тұрғысынан баға беруі керек. Бұндай заң тұрғысынан баға беру қылмыстық процестегі танымның ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Іс жүргізу оқулықтарында осы таным нысанының маңызды бедгілері кей уақыттарда ескерілмейді, ал бұл тергеу органдарымен, сот ол жеткізген ақиқаттың мәнін түсінуге маңызды болып табылады. Бұл жөнінде М. С. Строгович былай деп жазды: « Қылмыстық процестегі материалдық ақиқат деп, тергеліп немесе шешіліп жаткан істегі қылмысқа тартылған жауапты тұлғалардың кінәлілігі немесе кінәсіздігі жөніндегі қорытындысының объективтік жағдайға толықтай дәл келуі» [7, 76] . Осындай анықтаулар басқада авторлардың еңбектерінде көрсетілген. Қылмыстық процестегі қол жеткізілген ақиқат анықтамасы, біздің ойымызша ақиқаттың объективті мінездемесін дәл береді. Сонымен, қылмыстық сот өндірісіндегі ақиқатты дәлелдеу мақсаты және қылмыстың процесіндегі барлық мақсаттың тұтастығын құрайды. Жоғарыда айтылғандар негізінде қылмыстың сот өндірісіндегі ақиқаттың тану мәселесі бойынша төмендегідей қорытындыға келеді.
а) Қылмыстық істі тергеу және қарау барысында анықтама және тергеу органдарына, прокурорға, сотқа қандайда қиыншылықтар кездессе де, объективті ақиқатты анықтау олар үшін негізінде қол жетім болып қалады. б) Бірақ бұл тергеу және сот қателіктерін жіберу мүмкіндігін жоққа шығармайды, алайда оларды түзету және болдырмау мүмкіндігі барлығын дәледейді.
в) Аталған мақсатқа қол жеткізу - құқық қорғау органдарының әрбір жекеленген іс бойынша ақиқатты анықтауға үлкен күш жұмсау арқылы мүмкін болады.
Бұлардан шығатын қорытынды - қылмыстық сот өндірісіндегі ақиқат мәселесі тек қана теориялық тұрғыдан ғана емес ол практикалық тұрғыда да маңызды болып табылады.
Дәлелдемелердің практикалық маңызы туралы айта келіп А. А. Хмыров былай деп атап өтеді: (дәлелдемелерді жіктеу) «оларды жинақтаудың, зерттеудің және бағалаудың ерекшеліктерін алдын ала анықтайды, жекелеген дәлелдеме түрлерін іс жүргізушілік режимін сондай - ақ оларды пайдаланудың жолдары мен әдістерін, оларды дәлелдеудегі маңызын дұрыс анықтауға көмектеседі. Жіктеу істің мән- жайын жан - жақты, толық және объективті түрде зерттеуге жәрдемдесуі тиіс және жинақталған дәлелдемелер жиынтығын бір жүйеге түсіруге, дәлелдеуге іс жағдайларының қайсысы жеткілікті түрде толық анықталғанын қайсысы әлі де анықталмағаны не қосымша нақтылануға мұқтаж екенін білуге көмектеседі» [8, 71] . Мұндай жіктеу Ф. Н. Фаткуллин атап көрсеткендей, «іс бойынша анықтауға жататын факті мен оның бейнесі болып табылатын ақпарат арасындағы дәнекерлік деңгейінің белгісіне негізделеді» [9, 141] . В. К. Случевстің теориялық дәлелдемеге көз қарасы бойынша «қылмыс және айыпты қайсылары болсын оған жетілген нәтиже мен негізге нақты осылар қызмет етеді». Стифеннің қылмыстық іс жүргізудегі дәлелденудің ауыртпалығы бойынша көз қарасы:
1) қылмыс жасалып, айыпталушының жатуы, ауыртпалықтың дәлелденуі;
2) қарсыласы дәлелденбейінше кінәсіздің ұйғарымы;
3) біреудің пайдасына ұсынылған айыпкердің дәлелдемелері жете айптау шақыру ұйғару туралы айыпкердің ауыртпалдық дәлелдемелеріне кедергі болады ;
4) ауыртпалық дәлелдеме бойынша жеке фактінің соттың сеніміне кіру үшін айтылған фактілер басқа жақтарға әсерін келтіруі мүмкін; [10, 82] .
Біздің кезімізде ақиқаттың көптеген анықтамалары бар. Біреулер, ақиқат дегеніміз - бұл мағұлматтың болмысқа сәйкестігі, екіншілері: ақиқат - мағұлматтың тәжірибемен дәлелденуі, үшіншілері: ақиқат - мағұлматтың келісімге бейімділігі, төртіншілері: мағұлматтың пайдалылығы, оның әсерлігі, бесіншілері: ақиқат - бұл келісім дейді. Бәрінен дұрысы - ақиқатты материалдық тұрғыдан түсірдіремін бірінші жағдай сияқты. Таным теориясына сай объективті ақиқатты тану деп адамдардың белгіленген зат жөніндегі ойларының, пікірлерінің, көз алдына елестеулері, осы затқа дәл келуі. Дей тұрғанмен, ақиқат жөніндегі осы анықтаманы талдау кезінде, әр түрлі философиялық бағым өкілдері арасында үлкен айырмашылық туындады. Бұл айырмашылық әуелі болмысты түсіндіруге қатысты. Біздің ойымызша болмыс деп, біздің санамыздан тыс және тәуелсіз өмір сүретін ақиқат деп айтушылардікі дұрыс. Осыған байланысты қылмыстық процестегі дәлелдеудің нысаны - ақиқат ретінде объективті ақиқатты алуымыз керек, атап айтқанда тергеу мен соттың болмысқа сай келетін мына қорытындылары: жасалған қылмыс, оның белгілі бір тұлғаның жасағандығы, осы тұлғаның кінәлілігі және басқалары. Көріп тұрғанымыздай ақиқат, ақиқаттың немесе жалғандық, соның ішінде тергеу соттың қорытындылары олардың мазмұнын сипаттайды, ақиқаттың болмысқа сәйкестігі немесе сәйкессіздігін білдіреді. Бірақ тергеу мен соттың қорытындылары қандай мөлшерде болмысқа сәйкес келетіндігі жөнінде белгілі бір пікір қалыптасу үшін және пікірді білу үшін, қисындылық талаптарың бойынша белгілі бір негіз болу керек. Мұндай негізге ақиқатты табу жолындағы бүкіл сот жүйесі кепілдігімен анықталған дәлелдемелер жатады. Яғни сот және тергеу қорытындыларының дұрыстығы немесе жалғандығы ақырында олардың дәлелдігіне байланысты анықталады.
Қорытындылардың дәлелдігі, олардың ақиқаттылығына сенім ұялатады ал егер қорытындылары дұрыс дәлелденбесе, олар болмысты қанша жерден дұрыс көрсете тұрсада, олардың ақиқаттылығы жөнінде үлкен күмәнмен қарауға болады. Сондықтан тергеу мен сот қорытындыларының ықтималдығы немесе сәйкестігі деп олардың ақиқаттылығын емес, олардың мазмұнының объективтік шындыққа сәйкестігі емес, ол бұл қорытындылардың шындығында ақиқатты көрсетуін бекітіудің дәлелдігінің мөлшері деп пайымдау керек. Бұл айтылғандардан мынадай қорытындыға келеміз: қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің түпкі мақсаты объективтік шындық деу соншалықты дәл емес. Бұл мақсатқа тек жай ақиқат емес ең оның, толықта күмәнсіз сенімге сай ақиқат қана қызмет жасауы керек. Ал бұндай ақиқатқа лайық деп, тек қана ешқандай күмәнсіз дәлелдемелермен бекітілген ғана емес, сонымен қатар қажетті сот құқықтың принциптермен және кепілдіктермен бекітілген дәлелдемелер жинақталған ақиқатты айтамыз. Өзінің табиғаты бойнша қылмыстық процестегі ақиқат объективті ақиқат болып табылады яғни жоғарыда айтылғандай іс жөніндегі тергеу мен сот қорытындысының мазмұны олардың ниеті мен тілегіне байланысты емес, объективтік болмысқа сәйкес келуі керек. Өзінің тұрпатына сай, қылмыстық процестегі анықталатын ақиқат- абъсалютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Ақиқаттың салыстырмалығы деп мынаны айтамыз. Қылмыстық процестегі анықталатын ақиқат - объективті дүниенің бөлігі ретінде, болмысқа барлық және жанама түрдегі қатысымен емес, қылмыстық ісінің алдында тұрған міндеттемелерді шешуге керекті мөлшерде зерттеледі. Сонымен қатар салыстырмалы ақиқат - бұл объективті ақиқат, сыртқы дүниенің құбылысын дұрыс көрсетіп ақиқат ретінде, абсолюттік ақиқаттың бөлшегін құрайды. Абсолютті ақиқаттың «бөлшектеріне» - Заң белгілі құқықтық салдармен байланысты жағдайларды туындататын мәселелерді айқындалуын жатқызады. Заң әдебиеттерінде, қылмыстық процестегі объективеік ақиқат тек абсолютті болу керек деушілерде кездеседі. Соның ішінде И. И. Мухин бұл көзқарасты қолдай отырып былай деп жазды: «Қылмыстық процестегі объективтік ақиқат, өзінің тұрпатына байланысты, тек абсолютті ақиқат болып табылады және бұл салыстырмалы ақиқат бола алмайды» [11, 37] . Ал басқа көзқарасты жақтайтындар, абсолюттік және салыстырмалы ақиқат дегенім болмайды, ақиқат абсолютті және салыстырмалы және абсолюттік ақиқатты әрқашанда тек салыстырмалы ақиқат ретінде көрініс береді деп тұжырымдайды. Бұл жөнінде А. И. Трусов былай деп жазады: «Әңгіме абсолютті және салыстырмалы дәрежесі туралы болғандықтан «немесе-немесе» деген анықтама болмауы керек себебі тек қана абсолютті немесе тек қана салыстырмалы ақиқат дегенім жоқ. Таным теориясы көзқарасынан алғанда барлық объективті ақиқат салыстырмалы ақиқат ретіндк көрініс табады, олардың қосындылары құралады» [12, 113] . Біз, тергеу органдары мен сот құқықтың таным ретінде ұмтылатын объективті ақиқатты, бір негізінде абсолютті ақиқат және сотпен қщғамдық қауіптілігі толық танылмайтындығы себепті салыстырмалы ақиқат ретінде болады дейтін авторлармен келісеміз. Төмендегі мысалдарды келтіреміз. Алматы қалалық сотының 17. 09. 1998жылғы үкімімен Р. Б. Айдынбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3- тармағы, 96- бабының 2- тармағының «д, з» тармақшалары 179- бабының 3-тармағында «б»тармақшасында көрсетілген қылмысты жасауға кінәлі деп танылады. Үкімнің сипаттамалы бөлігінде сот былай деп көрсетті «7 сәуір 1998 жылы сағат кешкі 20 шамасында Р. Б. Айдынбаев, Г. С. Идебаев пен бірге Бабушкин көшесіндегі үйге беттеген. Үйге жетпестен, қараңғы тұйық көшеде, елсіз жерде қарақшылық әрекетпен Идебаевтың жеке мүлігін иемдену және өлтіру мақсатындағы өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін курткасының оң қалтасынан ас үй пышағын суырып алып, оны мен өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін күш көрсету арқылы, Г. С. Идебаевтың өмірлік маңызды органдары кеуде қуысынан ұра бастаған, пышақтан алған соққы әсерінен Г. С. Идабаев жерге құлап қалған. Осы сәтте Р. Б. Айдынбаев басқаның мүлкін ұрлау мақсатында осы пышақпен қалтасында 100 000 теңге бар фартугін кесіп алып, оны иемденіп, өзінің қылмысының әрекетін одан әрі жалғастырып Г. С. Идебаевтың арқасына бір рет пышқпен ұрып, пышақты Идебаевтың арқасында қалдырып, оқиға болған жерден қашып кетті». Бұл мысалдан көргеніміздей құқықтық маңызы бар жағдайлар іс бойынша дәл анықталған. (сотталушының іс әрекетінің түрі, дене жарақатының түрі, қылмыстың құрамы және басқалары) . Сонымен қатар үкімнің негізділігіне және заңдылығына қылмыс жасаған уақыт пен жердің жобамен анықталғаны әсер етпейді [13, 9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz