Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының заңы



Осы заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау.Жалпы ережелер
1-бап.Осы заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар мыналар:
1) жәбірленущі-өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;
2) Отбасы - тұрмыстық қатынастар – неке - отбасылық қатынастағы адамдар, жеке тұрғын үй – жай шегінде бірге тұратынадамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастар шеңбері;
3) Тұрмыстық зорлық – зомбылық – отбасы - тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабы немесе психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс - әрекеті немесе әрекетсіздігі);
4) Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы – тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасының субьектілері – жүзеге асыратын, отбасы – тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын – алуға және жолын кесуге, сондай – ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық шаралар кешені;
5) Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасының субьектілері – тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін - өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Осы заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,
ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық,
әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау.Жалпы ережелер
1-бап.Осы заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар мыналар:
1) жәбірленущі-өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап,
дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар
жеке адам;
2) Отбасы - тұрмыстық қатынастар – неке - отбасылық қатынастағы адамдар,
жеке тұрғын үй – жай шегінде бірге тұратынадамдар арасындағы, сондай-ақ
бұрынғы ерлі – зайыптылар арасындағы қатынастар шеңбері;
3) Тұрмыстық зорлық – зомбылық – отбасы - тұрмыстық қатынастар аясында бір
адамның басқаға қатысты дене зардабы немесе психикалық зардап келтіру қаупі
бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс - әрекеті немесе әрекетсіздігі);
4) Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы – тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасының субьектілері – жүзеге асыратын, отбасы – тұрмыстық
қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық – зомбылықтың
алдын – алуға және жолын кесуге, сондай – ақ оларды жасауға ықпал ететін
себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық,
экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық шаралар кешені;
5) Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасының субьектілері – тұрмыстық
зорлық – зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар,
жергілікті өзін - өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан
Республикасының азаматтары.

2 – бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасы туралы заңнамасы.
1. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы
туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы
заңнан жіне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.

3 – бап.Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасының принциптері
Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы:
1) Заңдылық;
2) Адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері
сақталуының кепілдіктері;
3) Адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап
шегуіне жол бермеу;
4) Отбасын қолдау және сақтау;
5) Құпиялылық;
6) Өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен және азаматпен жеке жұмыс
жүргізу;
7) Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының
жазалау шараларынан басымдылығы;
8) Кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделеді.

4 – бап. Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың түрлері
1. Тұрмыстық зорлық – зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және
экономикалық зорлық – зомбылық түрінде болуы мүмкін.
2. Күш көрсету зорлық – зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып
денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
3. Психологиялық зорлық – зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету,
оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушыларды немесе өмірге немесе
денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай – ақ психикалық, дене және жеке басы
дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру)
арқылы ар – намысы мен абыройын қорлау.
4. Сексуалдық зорлық – зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе
жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс - әрекет,
сондай – ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс -
әрекеттер.
5. Экономикалық зорлық – зомбылық адамды – заңмен көзделген құқығы бар
тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру,
бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеліп
соғуы мүмкін.

5 – бап.
1. Заңда белгіленген тәртіппен өмірлік қиын жағдайда жүрген адам деп
танылған жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік
берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген
көлемінен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету аудандардың, облыстық
маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің негізінде
жүзеге асырылады.
4. арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартты, оларды көрсету тәртібі,
өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының( құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында
айқындалады.

Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасының субьектілері
6 – бап. Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыреті Қазақстан
Республикасының Үкіметі:
1) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) тұрмыстық зорлық- зомбылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық
құжаттарды бекітеді;
3) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы субьектісінің өзара іс –
қимыл жасауын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан
Республикасының Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады.

7 – бап.Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
1. Жергілікті өкілді органдар:
1) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы саласындағы өңірлік
бағдарламалық құжаттарды бекітеді және олардың орындалуы жөніндегі
есептерді қарайды;
2) жергілікті бюджеттердің тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасына
арналған шығыс бөлігін бекітеді және оның орындалуын
3) азаматтардың және ұйымдардың осы заңның нормаларын орындауына
жәрдемдеседі.
2. Жергілікті атқарушы органдар:
1) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы саласындағы өңірлік
бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іске асырады;
2) жергілікті деңгейде тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы
субьектілерінің өзара іс – қимыл жасауын қамтамасыз ету;
3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуән
қамтамасыз етеді;
4) тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды
және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды
жүргізеді;
5) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді Қазақстан
Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында
белгәленген тәртіппен ұйымдастырады;

8 – бап. Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі
комиссиялар
Әиелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар:
1) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық
зорлық – зомбылық профилактикасының субьектілерімен өзара іс – қимыл
жасайды;
2) жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық – практикалық шаралар қолдану
туралы ұсыныстар енгізеді;
3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасы және жәбірленушілерді оңалту жөніндегі іс – шараларды
ұымдастырады және өткізеді.

9 – бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссиялардың құзыреті
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құықтарын қорғау жөніндегі
комиссиялар:
1) кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасының субьектілерімен өзара іс – қимыл жасайды;
2) кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасы жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске
асыруға қатысады;
3) жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың арасындағы
тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық –
практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасы және тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке
толмағандарды оңалту жөніндегі әс – шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

10 – бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іске
асырады;
2) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
3) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге
асырады;
4) балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше
орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы іс - әрекеттер жасайтын ата –
аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды;
5) профилактикалық есепке алуды жүргізіледі және профилактикалық бақылауды
жүзеге асырады;
6) тұрмыстық зорлық – зомбылық фактілері немесе олардың жасалу қаупі туралы
өтініштер мен хабарламаларды сол жерге барып қарайды және олардың жолын
кесу жөніндегі шараларды қолданады;
7) жәбірленушілерді көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға немесе денсаулық
сақтау ұйымдарына жібереді;
8) профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді;
9) тұрмыстық зорлық – зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына
жеткізеді;
10) қорғау нұсқамасын шығарады;
11) прокурор алдында қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімін ұзартуға
санкция беру туралы өтініш жасайды;
12) әкімшілік ұстауды жүргәзеді;
құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды;
13) қылмыстық ізге түсуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргәзуді
жүзеге асырады;
14) қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолданады;
15) жәбірленуші қауіпсіздігінің өылмыстық – құқықтық шараларын қолданады;
16) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық – зомбылық
профилактикасы мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді;
17) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы саласындағы криминологиялық
болжамды жүзеге асырады;

11 – бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және
халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті
органдардың келісімімен бекітеді;
2) тұрмыстық зорлық – зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына
сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне мұқтаждардың
мониторингі жүргізуді және оларға талдау жасауды қамтамасыз ету;
3) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
4) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға
мойынсұнушылық мінез – құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен
әдістемелерді әзірлейдә және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына
енгізеді.
12 – бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және
халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органның
келісімімен бекітеді;
2) жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөнінжегі
әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының
практикасына енгізіледі;
3) тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады.
13 – бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті:
1) жәбірленушілер мен тұрмыстық зорлық – зомбылық жасаған адамдарға
наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу – профилактикалық көмегін
көрсетеді және оларға медициналық оңалтуды жүргізеді;
2) жәбірленушілердің жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету
фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;
3) алкоголизмның, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алдын алу жөніндегі іс –
шараларды жүзеге асыру;

14 – бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және
денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдардың
келісімімен бекітеді;
2) халықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Мәселенің актуальдігіне қарамастан, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі
Тұрмыстық зорлық – зомбылықты құқықтық қорғау мәселері
Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік жұмыс технологиясы
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Баспанада болу ережелері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕРДЕРГЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ЗОРЛЫҚЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТЫ
Балалар құқықтарын халықаралық қорғау
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРНАЙЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер