ҚР индустриалдық - иновациалық саясаты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . 3

1. ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ… . . . 5

1. 1 Инновациялардың түсінігі, экономикадағы рөлі, қажеттілігі . . . 5

1. 2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі . . . 9

  1. Экономиканың индустриалды-инновациялық дамуындағы мемлекеттің рөлі . . . 12

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ . . . 16

2. 1 Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясының маңыздылығы, мақсаттары . . . 16

2. 2 Индустриалды-инновациялық стратегияның жүзеге асыру кезеңдері мен механизмдері . . . 21

2. 3 Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясатының даму болашағы . . . 24

2. 4 Қазақстан Республикасының индустриалы-инновациялық дамуының дағдарыс кезіндегі жағдайы . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 33

КIРIСПЕ

Ғасырлар тоғысында әлем жаңа парадигманы қажетсінеді, шындық жөніндегі ақиқат түсінігінің жүйесіне негізделген өзгермелі процестерді бейнелейді, ақиқат теориясына сүйенеді. Келешектегі әлем бұрын-соңды болмаған мүлдем жаңа құбылыстарға бетпе-бет келетіндігімізді меңзейді. Әлем үнемі жаңарып және жаңғырып отыратын динамикалық үрдіске негізделген инновацияны қажетсінетін өте сезімтал организм. Жаңа әлем жедел жаңару жолында.

Жаңа әлем құрылуының еш уақытта даңғыл жолы болған жоқ, едәуір кемшіліктер мен қателіктерді басынан өткізді, елеулі қателіктер мен тура жолдан адасу да болды. Көлеңкелі, келеңсіз жақтары әлі де болса аз емес. Бұлар ащы да болса мойындауға тура келетін өмір шындығы. Тағы бір тарихи ақиқат бар. Ол жаңа әлемде сапалық жаңа өмір басталды. Міндеті - бұрын болмаған күрделі, ауқымды, әртекті және көп жақты. Бағдары - жаңарған дүниені өмірге әкелу.

Қазіргі кезде әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтан да болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар жиі талқылауға түсiп отыр. [1, б. 7 ]

Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ, ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды, тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша алдыңғы қатардамыз.

Бiрақ мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарасақ, олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриалды-инновациялық дамуға бет алған. Шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасымыз атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек.

Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғасырдың әлеуметтiк - экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзiнен экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi орындағы жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне, осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi”. Сондықтан мен макроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық саясаты” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi елiмiз үшiн инновациялық саясаттың маңызы мен оны дамытудың iс-шараларын қарастырып өту болып табылады.

Курстық жұмысты жазудағы мақсатым мен мiндеттерiм: инновация туралы жалпы түсінік қалыптастыру, инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысын анықтау, инновациялық саладағы мемлекеттің рөлін айқындау, еліміздің экономикалық өсуіндегі инновациялық дамудың тиімділігін көрсету, Ұлттық инновациялық жүйенің құрылымын талдау, Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясымен танысу.

Бұл мақсаттар мен мiндеттер тек қана курстық жұмыс деңгейiнде емес, ол бүгiнде елiмiз экономикасы дамуының негiзгi бағыты болып отыр. Себебi елiмiз осы мәселелердi шешiп, қатаң бәсекеге қабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын” қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. [8, б. 20-25]

Инновациялық саланы мемлекеттік басқару индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асырушы ғана емес, оның бағытын анықтап, сол процестердің қарқынды дамуына ықпал етіп, дұрыс орындалуын қадағалайтын бірден-бір қуатты құрал болып табылады. Біздің елімізде де осы мәселе дұрыс жолға қойылып, тікелей Президенттің қадағалауында екені қуантады.

Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.

Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриалды-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

1. ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1Инновациялардың түсінігі, экономикадағы рөлі, қажеттігі

Инновация дегеніміз бұл жаңа технология, жаңа өнім түрін орындауда ұйымдық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық тиімді шешім қолдану. Анығырақ айтқанда жаңа өндірістік процесті, өнімді немесе процесті игеру, яғни, жаңалықты инвестициялау.

Мазмұны жағынан инновацияларды негізгі үш түрге бөлуге болады: өнім мен қызметтерге жасалатын инновациялар, технологияға жасалатын инновациялар және өндіріс факторларына жасалатын инновациялар. Бірінші - түрі белгілі емес тауарлар және қызметтер немесе белгілі игіліктердің жаңа сапасын жасаумен байланысты болады. Екіншісі - осы салаға жаңа және әлі белгісіз өндіріс әдісін енгізумен немесе сәйкес тауардың жаңа коммерциялық пайдалану әдісін қолданумен байланысты. Үшіншісі - орындаушылардың квалификациясының және тәжірибесінің жоғарылауымен, кәсіпкердің басқару мамандығының жоғарылауымен, басқарудың жаңа жүйесін жасаумен және өнімділігі жоғары өндіріс құралдарын жасаумен байланысты.

Инновация басқарушылық іс - әрекеттің барлық салаларын қамтиды, яғни оның сан алуан менеджмент жүйелерінде өз орны бар. Қазіргі уақытта инновацияның дамуынының 3 бабын бөліп көрсетуге болады:

  1. Технология негізінде. Бап төртінші толқын кезеңінде технологияға бетбұрыс әрекетімен сипатталады. Бірақ- та көптеген ҒЗТКЖ саласындағы шешімдердің тиімді іске аспауы олардың тек техникалық қасиетімен қабылданып, оларға деген нақты қажеттіліктің бағаланбауы мен зерттелмеуінде болды.
  2. Маркетинг негізінде. 1960 жылы бәсеке мен сұраныстың қарқындауы маркетинг пен диверсификациялауды жоғары талап етті. Осыдан зерттеудің бірқатар функциялары маркетинг жүйесіне еніп, дами түсті.
  3. Технология мен маркетингтің теңгермелік қатынасы негізінде. Технология мен маркетингтің қатынасы негізіндегі бап 3:1 бөлікті көрсетіп, бәсекелестік басымдылықты жүйелі зерттеулер мен жаңа технология арқылы мақсатқа қол жетуді дамытты

Инновациялық процесс - бұл жаңалықтарды жасап шығару мен ендірудің түрлі іс - әрекетінің байланысының дәйектілігі.

Ақырғы уақытта инновациялық процестер нәтижесінің нарықпен байланыс дәрежесіне сәйкес жіктелуі орын алып отыр. Бұл жіктеудің негізінде білімдердің қоғамдық игіліктер табиғаты бар деген тұжырым жатады, яғни оларды кез келген адамдар сан рет пайдаланатын мүмкіндігі болады. Нарықтық қатынастар айырбас арқылы шектелген өндірістік ресурстарды бөлу механизмі болып, білімдер өндіруге жағдай жасай алмайды. Білімдер бюджет пен жеке жәрдемдерден қаржыландырылатын, нарықтық типке жатпайтын, ғылым сферасында өндіріледі.

Ғылыми-техникалық инновациялар жаңалықтардың дәрежесіне сәйкес базистік және жақсартылған болып бөлінеді. Базистіктер толық жаңа өнімдер, жаңа мамандықтар, технологиялар жасалынумен байланысты болады, ал жақсартылғандар бүгінгі бар болып тұрғандардың модификациялануымен, олардың сапасын, тиімділігін жоғарылатумен байланысты.

Жалпы “Инновация” терминi XV ғасырдың бірінші жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation”, яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.

Экономика ғылымына инновация ұғымын Австрия ғалымы Шумпетер XX ғ. 30-жылдары енгiздi. Оның түсiнiгiнше, инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен байланысты. Инновация - тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.

Экономикалық анализде инновация категориясының басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:

  1. инновация - интеллектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация - бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тигiзедi;
  4. инновация - экономикалық өсу факторы ретiнде. [19, б. 157]

Осындағы төртiншi аспект бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық

өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнец та қолдады. Оның пiкiрiнше, ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше.

Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша, техника - экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды: экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады; экономикалық дамуда бiлiм мен интеллект басты рольде болуы керек; интеллектуалдық қызметтi оның құрылымы мен негiзi болып табылады.

Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторлары былай бөлінедi :

  1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
  2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
  3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
  4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.

Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке,

4-шi экономикалық емес фактор болып табылады. [4, б. 29]

Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты интенсивтi және экстенсивтi түрлерi болады.

Экстенсивтi түрiне технологияда инвестицияның артуы; бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы; тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны жатады.

Интенсивтi факторларға ғылыми-техникалық прогрестi дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге асуы; қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы, бiлiм берудi дамыту; негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту; қызметкерлердiң бос уақытының өсуi жатады.

Көрiп отырғандай, елiмiз дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикалық өсудiң интенсивтi бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз етуi керек. Елде осы саясатты қолдау үшiн оған тиiмдi жағдайлар жасауды мемлекет өзiне басты қызмет етiп алғаны дұрыс.

Ол үшiн елде 1990 жылдан кейiн құлдырап кеткен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау, ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi саясат жүргiзу елiмiздiң басты мiндеттерi болып отыр.

Экономикалық iлiмдер тарихында жаңалық енгiзу түсiнiгiне түрлi көзқарастар бар, көбiнесе инновация түсiнiгiн экономистер техникалық жаңалық енгiзумен байланыстырады. Инновацияны екi сыныпқа жiктейдi: инновациялық процесс және өнiм инновациясы. Бiрақ бұл екеуiн бөлiп қарау мүмкiн де емес. Шығындарды қысқартатын процестi енгiзу, шығарылатын өнiм құрылымына өзгерiстер енгiзу, ал жаңа өнiмдер өз кезегiнде жаңа құрылғыны жасап дайындауды қажет етедi.

Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiне кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.

Қазiргi заманғы көзқарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын: “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады”. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “Кәсiпкерлiк мiндет, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Сонымен, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.

XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға: шикiзаттық бағыттағы экономика; дамушы экономика; индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы. [4, 3б. ]

Мұнда шикiзаттық бағыттағы экономикаға жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономикаға жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы, ол ғылыми-техникалық потенциялды жоғары дамыған елдерде орын алуда.

Кесте. 1- Экономикалық қоғамдардың негiзгi сипаттамасы

Қоғам түрi: Қоғам түрi
Индустрияға дейiнгi: Индустрияға дейiнгi
Индустриалды: Индустриалды
Индустриядан кейiнгi: Индустриядан кейiнгi
Қоғам түрi: Мақсаты
Индустрияға дейiнгi: Өмiр сүру
Индустриалды: Экономикалық өсу
Индустриядан кейiнгi: Өмiр сүру сапасын арттыру
Қоғам түрi: Базалық ресурстары
Индустрияға дейiнгi: Табиғат күшi, флора, фауна
Индустриалды: Пайдалы қазбалар
Индустриядан кейiнгi: Бiлiм
Қоғам түрi: Таным методологиясы
Индустрияға дейiнгi: Жекеден қоғамға
Индустриалды: Қоғамнан жекеге
Индустриядан кейiнгi: Жүйелiк анализ
Қоғам түрi: Жүйелiк сипаттамасы, бiлiм беруi
Индустрияға дейiнгi: Бiлiм беру практикалық тәжiрибеде
Индустриалды: Мамандандырыл-ған дайындық, техника-инженерлiк
Индустриядан кейiнгi: Жеке салаға маманданған университеттiк бiлiм
Қоғам түрi: Энергияны қолдану
Индустрияға дейiнгi: Бiр реттi
Индустриалды: Көп реттi
Индустриядан кейiнгi: Энергетикалық ресурстарды қолдануды оптималдау
Қоғам түрi: Өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру сипаттамасы
Индустрияға дейiнгi: Индивидуалды, коллективтi
Индустриалды: Конвейер
Индустриядан кейiнгi: Жүйе, CALS технология
Қоғам түрi: Экономика құрылымы
Индустрияға дейiнгi: Алғашқы
Индустриалды:

Екiншi

Үшiншi

Индустриядан кейiнгi:

Төртiнші

Бесiнші

Қоғам түрi: Қызмет түрi
Индустрияға дейiнгi: Өндiрушi
Индустриалды:

Өңдеуші

Инфрақұрылым-дық

Индустриядан кейiнгi:

Сервистік

Ақпараттық

Қоғам түрi: Қызмет көрсетудiң негiзгi бағыты
Индустрияға дейiнгi: Ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбалар өндiру
Индустриалды:

Өнеркәсіптік өндіріс;

Сауда, қаржы, көлік,

байланыс

Индустриядан кейiнгi:

Денсаулық, мәдениет, коммуналдық қызмет;

Жинау, сақтау, өңдеу, ақпарат беру

1. 2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі

Инвестициялар - макро- және микро- деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі. “Инвестициялар” түсінігі - көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар. Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал-жабдық, технологиялар туралы айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады.

Инвестициялар - халық шаруашылығының барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз - пайда табу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ мерзімге мемлекеттік және капитал салымдары.

Инвестициялар - бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс тұрғысынан өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты шығындар.

Инвестициялардың игіліктер нарығына қысқа және ұзақ мерзімдегі әсері бірдей болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімде инвестициялардың әсерімен сұраныс та, ұсыныс та өзгереді. Инвестициялар тұтыну сұранысымен қатар жиынтық сұраныстың екінші құрамы болып табылады. Жинақтар мен инвестициялар тиімді сұраныс көлеміне қарама-қарсы бағытта әсер етеді: жинақтар сұранысты азайтса, инвестициялар оны көбейтеді. Инвестициялар дәрежесі қоғамның ұлттық табысының көлеміне елеулі әсер етеді; оның динамикасы ұлттық экономиканың көптеген макропропорцияларына әсер етеді.

Қазіргі кезде көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан да шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал-жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.

Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі керек. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.

Өндіргіш күштердің дамуына, интеллектуалдық потенциалына, ғылыми зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да дамыған елдердің білімге және ғылымға жұмсалатын салымдары олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды. [19, б. 215-218]

Инвестицияларды шет елден тартудың негізгі себебі ішкі нарықтың кеңеюі кезіндегі капитал қажеттігі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол экономикалық өсу мен өндірісті жаңартудың маңызды көзі болады. Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс орындардың көбеюіне, жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада шетелдерде және елімізде еңбек етіп жүрген қазақстандық жас ғалымдар мен менеджерлердің бір тобымен кездесу барысында ғылымды реформалау, жас ғалымдарды қолдау, инновациялық экономиканы дамыту, ғылымды басқарудың моделін қалыптастырудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану мәселелері жөнінде пікір алмасты. Бүгінгі таңда жан-жақты дамыған ғылымсыз өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес екені жалпыға белгілі ақиқат. Ел экономикасының өзегі білім мен ғылымға негізделуі тиіс. Осы кездесуде Мемлекет басшысы айтқанындай, Қазақстанда 2010 жылға қарай ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 2%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Елбасының пікірінше, бұл АҚШ немесе Жапония сияқты елдердің деңгейіне сәйкес. Ал соңғы жылдары қазақстандық ғылымды қаржыландыру мөлшері 7 есеге артқан.

Осы кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ғылыми-инновациялық салада көшбасшы болуға тиіс деп атап көрсетті. «Біз ғылыми-инновациялық салада жарып алға шығуға тиіспіз. Еуразиялық кеңістікте осы саладағы көшбасшылардың бірі болуымыз қажет. Сондықтан да күн тәртібінде елімізді «білім экономикасына» көшіру мәселесі тұр», - деді Елбасы. [17, б. 3-5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы сауда жүйесі
Қазақстанда шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы
Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық қызмет
Индустриалды-инновациялық қаржыландыру
Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІБІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz