Жеке тұлға- азаматтық құқықтың қатынастың субъектісі



Кіріспе
I Жеке тұлға. азаматтық құқықтың қатынастың субъектісі.
1.1 Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі.
1.2 Азаматтарды хабар ошарсыз кетті және өлді деп тану.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып, құқық субъектісінің тұлға деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше зандық қасиетті — азаматтық құқык субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (занды түлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық кұкық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекетгің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Азаматтық құқық субъектісі мен оның құқык субъектілігін шатастыруға болмайды. «Азаматтық құқық субъектісі» ұғымы оның кұқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді (түрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектіліктің бастаулары экономикалық тауарлы қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық зандарда «құқық субъектілігі» термині пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттің өзін қолданылып жүрген құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымының өзін заң ғылымы қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.
1. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (Жалпы және Ерекше бөлімдер)».- Алматы: «Жеті жарғы»,2007.- 488б. 2. Диденко А.Г. «Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи. Комментарии. Практика».- // Алматы.-1997-№2.-С.89-92.
3. Қазақстан Республикасы. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституция.-Алматы, 2007.- 40б.
4. Қазақстан Республикасы. 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексі.- Алматы, Юрист, 2007.- 144б.
5. Сергеев А.П., Толстой Ю.К. Гражданское право, Часть1- М: 1998-632с.
6. Қазақстан Республикасы. 1998 ж. 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы.-Алматы, 2007-68б.
7. Гришаев С.П. Гражданское право: В вопросах и ответах. М., 2002. Ч.1.
8. Братусь С.Н. Советское гражданское право: Субъекты гражданского права. М., 1984.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Заң факультеті

МӨЖ

Жеке тұлға- азаматтық құқықтың қатынастың субъектісі.

Тексерген: Алдашев С.
Орындаған: 1-курс магистранты Зейділда. А

Алматы, 2011

Жоспар

Кіріспе
I Жеке тұлға- азаматтық құқықтың қатынастың субъектісі.
1. Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі.

2. Азаматтарды хабар ошарсыз кетті және өлді деп тану.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-құқықтық
қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып, құқық
субъектісінің тұлға деп аталатын қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық
қатынастарға қатыса алады.
ҚР заңдары бойынша, ерекше зандық қасиетті — азаматтық құқык
субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге
және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың
кейбір ұйымдары (занды түлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер)
азаматтық кұкық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай
қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне
айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа
мемлекетгің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық
субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады.
Азаматтық құқық субъектісі мен оның құқык субъектілігін шатастыруға
болмайды. Азаматтық құқық субъектісі ұғымы оның кұқық субъектілігі
ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді (түрған орнын)
және басқа белгілерді қамтиды.
Азаматтық құқық субъектіліктің бастаулары экономикалық тауарлы
қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық зандарда құқық субъектілігі термині
пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттің өзін қолданылып жүрген
құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымының өзін заң ғылымы
қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген.

I ЖЕКЕ ТҰЛҒА- АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ СУБЪЕКТСІ

1.1 Жеке тұлғалардың азаматтық құқық субъектілігі

ҚР Азаматтық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау
арнаған, онда құкык субъектілері және тұлғалар терминдері бір мағыналы
терминдер ретінде пайдаланылады. Құқық субъектілері туралы нормалар ҚР
Азаматтық кодексінде ғана емес, сондай-ақ басқа да заң актілерінде
кездеседі.
Азаматтық құқық субъектілерінің ішінен ҚР АК Қазақстан азаматтарын және
басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді. Тарауда азаматтық құқық
субъектіліктің жалпы ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған,
ал қажетті жағдайларда жеке және занды тұлғалардың құқық субъектілігі
мәселелері салыстырмалы тұрғыда қарастырылады.
Жеке тұлғаның жалпы ұғымы ҚР АК-ның 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап
жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа
мемлекетгердің азаматтарын, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді.
Қазақстан аумағында тұратын жеке түлғалардың басым көпшілігі оның
азаматтары болғандықтан, ал ҚР АК Қазақстан Республикасының ұлттық заңы
болып табылатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды
да белгілеу үшін кең мағынада әдетте азамат терминін қолданады. Егер
зандар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен
міндеттерді атқаратындықтан, азамат терминін осылайша кең мағынада
түсінуге болады. Азамат ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың
барлық салаларында қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық
қүқықтың субъектілері ретінде сөздің арнайы мағынасында ғана айтылады [1].
Азаматтық құқық субъектілік — салалық құқық субъектіліктің бір түрі. Бұл
ұғымды талдау кезінде, жалпы алғанда, заңдық шындық ретінде құқық
субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ
бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың
ерекше институты — құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар - адамдарды
құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын жіктеу қажеттігіне
байланысты. Сондықтан құқық субъектілік дегеніміз адамдардың қоғамдық,
зандық қасиеттері болып табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі салаларыңда
түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясы адамдардың құқық
қабілеттілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу жөне айыру
негізінде жіктейді [2]. Адам
құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары көлемді болады. Олар адамның
бүкіл құқықтарын, бұған қоса, ҚР азаматтарына ғана тән құқықтар мен
міндеттерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, әскери қызметті өтеу
міндеттері).
Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудің алғышарты —
құқық субъектітіктің болуы қатысушылардың тендігіне негізделген тауар-ақша
және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, занды тұлғаларға және азаматтық
құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бүл
қатысушылардың құқықты иелену шарасы түрліше болады.
Азаматтың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті оның құқық
қабілеттілігі болады. Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды
иелену жөне жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер түгіл, оларды
орындау қабілеті оның әрекет қабілеттілігі болады ( ҚР АК-ның 13 және 17-
баптары) [1].
Құқық қабілеттілік. Құқық қабілеттілік, жеке тұлғаларды қоса алғанда,
азаматтық құқықтың барлык субъектілерінің азаматтық құқық субъектілігінің
негізі болып табылады. Құқық қабілеттілік болмауының орны толмайды. Құқыққа
қабілетті адамның әрекет қабілетінің жоқтығын басқа адамдардың іс-
әрекеттерімен толықтыруға болады. Азаматтық құқык қабілеттілігі жоқ субъект
мүлде азаматтық құқық субъектісі бола алмайды. Азаматтык әрекет
қабілеттілігі жоқ болғанымен, азаматтық құкық қабілеттілігі бар адам —бұл
азаматтық құқық субъектісі, яғни нақты субъективтік құқықтарды иеленіп,
міндеттер атқара алатын адам.
Заң актілеріне сәйкес және оның үстіне, ҚР АК-да көзделген ерекше
жағдайларда ғана азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін
шектеу мүмкіндігі ҚР Конституциясы 39-бабының 1-тармагының нормаларына
сәйкес келеді. Конституция бойынша адамның және азаматтың құкықтары мен
бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның
құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау
мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін [3].
Атап айтқанда, ҚР азаматтары болып табылмайтын адамдарға қолданылатын
шектеулер азаматтық құқық қабілеттілікті шектеулердің қатарына жатады.
Азаматтық заң актілерінде мүндай шектеулер аса көп емес. Мәселен, жер
туралы зандарға сәйкес, шетелдік азаматтардың жеке меншігінде өзіңдік
қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай тұрғызу үшін берілетін
жер учаскелері болмауы тиіс.
Заң актілерінде ҚР азаматтары емес жөне түлғалар үшін кейбір қызмет
түрлерімен (адвокаттық, нотариалдық) айналысуға да шектеулер койылған.
Құқық қабілеттілігін шектеу жеке түлғалардың белгілі бір санаттарына ғана
емес, сонымен қатар жасаған қылмыстары үшін жаза ретінде кейбір жеке
түлғаларға да белгіленуі мүмкін. Мұндай шектеулер ҚР Қылмыстық кодексіне
сәйкес соттың үкімімен белгіленеді, ол жазалау түрі ретінде белгілі бір
лауазымды иелену немесе белгілі бір кызметпен айналысу құқығынан айыруды
көздейді [4] .
Құқық қабілеттілікті жүзеге асыру жағдайларын жалпы және ерекше
жағдайларға бөлуге болады. Құкық қабілеттілікті барлық жағдайларда жүзеге
асыру үшін жалпы жағдайлар болуы қажет. Құкық қабілеттілікті белгілі бір,
зандарда көзделген жағдайларда жүзеге асыру үшін ерекше жағдайлар кажет.
Әрекет қабілеттілігі құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы
болып табылады.
Азаматтың толық көлемдегі әрекет қабілеттілігі ол 18 жасқа жеткен кезден
басталады. Әрекетке қабілетсіз азаматтардың құқық қабілеттілігін олардың
занды өкілдері жүзеге асырады.
Құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы ретіндегі әрекет
қабілеттілігімен қатар, заңдар біркатар жағдайларда оны жүзеге асырудың
ерекше жағдайларын да көздейді. Бұл - лицензия немесе өзге де рұксаттар
алу, арнаулы білімнің болуы, аттестациядан өту және зандарда көзделген
басқа да мән-жайлар. Мысалы, өңдірістік кооператив туралы заңға сәйкес 16
жасқа толған және кооперативтің қызметіне белсене қатысатын адам оған мүше
бола алады.
Құқық қабілетгілікті жүзеге асырудың барлық ерекше жағдайлары өздерінің
табиғаты жөнінен зандық фактілер болып табылады және оларды зандық
түлғалардың құқық кабілеттілігі ұғымы қамтымайды, өйткені зандар азаматтар
мен басқа да жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі тендігінің конституциялық
принципінен туындайды[5] .
Әрекет қабілеттілік. Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық
қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда
айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекетгерін
саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондыктан
заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол
18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың
толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық
толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс-
өрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарұды иеленіп, жүзеге асыра
алады, ездері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Атап айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмілелер жасау қабілеті)
және басқа занды іс-әрекеттер жасау қабілеттерін, сондай-ақ азаматтық-құқық
бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін
әрекет қабілеттілік ұғымы қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс-
әрекеттер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс-әрекеттер жасау зандық
қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.
Егер заң күжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет
қабілеттілігі тең болады (ҚР АК-ның 17-бабының 3-тармағы).
Азаматтың әрекет кабілеттілігінің оның ақыл-ойы мен ерік-жігері күйімен
байланысы, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін
шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың акыл-ойы мен ерік-жігерінің
жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін
шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді. Егер заң құжаттарында
өзгеше көзделмеген болса, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін
шектеу тікелей заң актілерімен жүзеге асырылады, ал кәмелетке толғандардың
әрекет қабілеттілігін шектеу — заң актілерінде көзделген жағдайларда тек
сот арқылы шешіледі.
Қазақстан зандары адам 18 жасқа жеткенде толық көлемде әрекет
қабілетгілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден бір ғана ерекшелік
белгілейді: заң қүжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат
етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге түрған кезден бастап
толық көлемінде әрекет қабілетгілігіне ие болады (ҚР АК-ның 17-бабыньщ 2-
тармағы).
Неке және отбасы туралы 1998 ж. 17 желтоқсандағы Заңның 13-бабына
сәйкес белгіленген тәртілпен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс-
жүзінде некеге тұруы (бірге тұруы) ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке
ие болды дегенді білдірмейді[6].
ҚР азаматтық зандары құқықты теңеу (эмансипация) институты дегенді,
мысалы, РФ АК көрсеткендей, құзіретті мемлекеттік органның шешімімен
кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау дегенді
білмейді. Алайда РФ АК секілді, ҚР АК азаматтар кәмелетке толғанда олардың
толық әрекет қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден кейбір
ерекшеліктерге жол береді. Мүндай ерекшеліктердің азаматтық қатынастардың
кейбір салаларына ғана қатысы бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар
банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге
құқылы ( ҚР АК-ның 25-бабы).
ҚР АК психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке толмаған азаматтарды 14
жасқа жетпегендерге және 14-тен 18-ге дейінгілерге бөле отырып, олардың
әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін белгілейді.
14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер
заң қүжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап
алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды (АК-ның 23-бабының 1-
тармағы). Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де
осылар жауап береді.
Заң 14 жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы
ережеден кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына карай
жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға (АК-
ның 23-бабының 2-тармағы), сондай-ақ банкілерге салымдар салуға және өздері
салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған
таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға
байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп
түсіну керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын,
қала көлігінде жүру билеттерін және т.с.с. сатып алу тұрмыстық ұсақ
мәмілелерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық
мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс.
Біріншіден, мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы болуға тиіс.
Екіншіден, олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикасының
деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс.
Мысалы, 2 жасар, 7 және 13 жастағы балалардың психикалық даму деңгейі
түрліше болатыны айқын. 2 жасар бала өзінің психикалық даму деңгейі бойынша
тіпті өте ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алмайды, ал 7 жасар бала да
түрмыстық ұсақ мәмілелерді (мысалы, сіріңке сатып алуды) жасай алмайтыны
түсінікті. Бұл мәмілелердің құны аз ғана болғанымен, сіріңкенің ерекше
қасиеті бар — оны пайдалану қауіпті болатындықтан, баланың қолына беруге
болмайды. Бұл жастағы балалар, әдетте, сатушылар немесе тіпті тұрмыстық
ұсақ мәмілелер бойынша сыйға тартушылар бола алмайды. Үшіншіден, 14 жасқа
жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай
алады, мысалы, азық-түлікті несиеге емес, тек қолма-кол ақшаға сатып ала
алады [7] . Заңда қандай мәмілелерді ұсақ деп есептеуге
болатын және қандай мәмілелерді оларды жасайтын кәмелетке толмағанның
жасына сай келеді деуге болатын жалпы өлшемдерді белгілеу мүмкін емес.
Сондықтан мұндай өлшемдер әрбір нақты жағдайда бағалаушы сипатта болады, ал
бағалауды, әдетте, бастапқы кезде кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтын
адамның өзі жүргізеді. Жасалған мәміленің ұсақ екені және оның кәмелетке
толмағанның жасына сай келетіні жөнінде дау туатындаған жағдайда - дау сот
арқылы шешіледі.
14 жасқа жетпеген кәмелетке толмағандардан өзгеше, олардың әрекет
қабілеттілігі шектеулі болса да, 14 жастан 18 жасқа дейінгі азаматтар
әрекетке қабілетті деп есептеледі. Заңның жалпы ережесі бойынша (АК-ның 22-
бабының 1-тармағы), олар мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының
немесе қорғаншыларының, келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны
зандарда кәмелетке толмағандар жасайтьш мәміле үшін белгіленген нысанға сай
келуге тиіс.
Заң құжаттарында кәмелетке толмағандар жасайтын және олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
Құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары
Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері
Құқықтық қатнас субъектілері
Құқықтық қатынастың құрылымы
Құқықтық қатынастардың объектілері
Пәндер