Жердің әлем теңсіздігіндегі орны



Жер күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бірі, ол көлемі жағынан шағын планеталар тобына кіреді. Жердің планета ретіндегі эволюциясын біліп, геологиялық тарихын түсіну үшін оның Күн жүйесіндегі алатын орнын, осы жүйенің қалыптасуын түсіндіретін тұжырымдамалармен бірге қарастыру керек.
Қазіргі кезде біздің Күн жүйесі орналасқан Ғалам осыдан 10-18 млрд жыл бұрын қалыптасқаны анықталды, яғни Ғалам Күн жүйесінен екі есе көнелеу. Оның жаралуының себебі сутек пен гелийдің тұратын бұлт шоғырын туындатқан зор жарылыс болуы мүмкін. Осы шоғырдың сығылу нәтижесінде ішкі белдемдері миллиондаған градусқа дейін қызып, жұлдыздар пайда болған. Сутек ядроларының бірігуі термоядролық процесті, ал өз кезегінде ол гелий, көміртек, оттек және басқа элементтерді қалыптастырды. Жұлдыздардың 18 млрд жылдай уақыт бойындағы эволюциясы жаңа жұлдыздар жаралуы мен олардың қайта ыдырауы жолымен жүрді. Дегенмен, жұлдыздар жаралуын түсіндіретін пікірлер әлі гипотеза түрінде қалып келеді. Бұл қатардағы оқиғаларға осыдан 4.6 млрд жыл бұрын орын алған Күн жүйесінің жаралуы да кіреді. Сонымен, Күн жүйесі бір-бірімен ара-қашықтықтағы ондаған миллиард жарық жылы болатын Ғаламдағы көптеген галактикалардың бірі-Құс жолы Галактикасында жаралған.
Қазіргі түсінік бойынша Күн жүйесінің туындауы мен дамуы былайша жүрген. Жұлдызаралық заттың бұлтына протопланеталық массасы Күннен шамамен жүз мың есе көп бір үлкен күш әсер еткен.
Күннің диаметрі шамамен қырық астраномиялықбірлік, оның массасы Күн жүйесінің жалпы массасының 99.8%-ін құрайды. Қалған 0.2% масса планеталардан тұрады, ал олардың Күннің тартылыс әсерінде болуы түсінікті нәрсе. Күннің ішкі температурасы 10 млн градус, ал бетіндегі температурасы 5600°С шамасында болып, Жердегі тіршілікке өзініің игі әсерін тигізуде. Болжам бойынша Күннің термоядролық отыны-сутек қоры 5 млрд жылға жетеді. Болашақта Күн сығыла түседі, оның гелийден тұратын ішкі ядросы қатты сығылса, ал сыртқы қабаттары керісінше ұлғаяды. Ол алғаш” қызыл алыпқа”, ал одан кейін “ақ ергежейліге” айналып, кәдімгі жұлдыздар эволюциясы жолымен жүріп өтеді.

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жердің әлем теңсіздігіндегі орны

Жер күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бірі, ол көлемі жағынан шағын
планеталар тобына кіреді. Жердің планета ретіндегі эволюциясын біліп,
геологиялық тарихын түсіну үшін оның Күн жүйесіндегі алатын орнын, осы
жүйенің қалыптасуын түсіндіретін тұжырымдамалармен бірге қарастыру керек.
Қазіргі кезде біздің Күн жүйесі орналасқан Ғалам осыдан 10-18 млрд
жыл бұрын қалыптасқаны анықталды, яғни Ғалам Күн жүйесінен екі есе көнелеу.
Оның жаралуының себебі сутек пен гелийдің тұратын бұлт шоғырын туындатқан
зор жарылыс болуы мүмкін. Осы шоғырдың сығылу нәтижесінде ішкі белдемдері
миллиондаған градусқа дейін қызып, жұлдыздар пайда болған. Сутек
ядроларының бірігуі термоядролық процесті, ал өз кезегінде ол гелий,
көміртек, оттек және басқа элементтерді қалыптастырды. Жұлдыздардың 18 млрд
жылдай уақыт бойындағы эволюциясы жаңа жұлдыздар жаралуы мен олардың қайта
ыдырауы жолымен жүрді. Дегенмен, жұлдыздар жаралуын түсіндіретін пікірлер
әлі гипотеза түрінде қалып келеді. Бұл қатардағы оқиғаларға осыдан 4.6 млрд
жыл бұрын орын алған Күн жүйесінің жаралуы да кіреді. Сонымен, Күн жүйесі
бір-бірімен ара-қашықтықтағы ондаған миллиард жарық жылы болатын Ғаламдағы
көптеген галактикалардың бірі-Құс жолы Галактикасында жаралған.
Қазіргі түсінік бойынша Күн жүйесінің туындауы мен дамуы былайша
жүрген. Жұлдызаралық заттың бұлтына протопланеталық массасы Күннен шамамен
жүз мың есе көп бір үлкен күш әсер еткен.
Күннің диаметрі шамамен қырық астраномиялықбірлік, оның массасы Күн
жүйесінің жалпы массасының 99.8%-ін құрайды. Қалған 0.2% масса
планеталардан тұрады, ал олардың Күннің тартылыс әсерінде болуы түсінікті
нәрсе. Күннің ішкі температурасы 10 млн градус, ал бетіндегі температурасы
5600°С шамасында болып, Жердегі тіршілікке өзініің игі әсерін тигізуде.
Болжам бойынша Күннің термоядролық отыны-сутек қоры 5 млрд жылға жетеді.
Болашақта Күн сығыла түседі, оның гелийден тұратын ішкі ядросы қатты
сығылса, ал сыртқы қабаттары керісінше ұлғаяды. Ол алғаш” қызыл алыпқа”, ал
одан кейін “ақ ергежейліге” айналып, кәдімгі жұлдыздар эволюциясы жолымен
жүріп өтеді.
Жоғарыда айтылғандай, жұлдызаралық тозаңның конденсациясы Күн
төңірегінде зор сақиналар қалыптасуына әкелді, ал олардан-планеталар пайда
болды. Ерекше белсенді күйдегі Күн массасы, оның сыртындағы заттарды жел
ұшырып әкетуінен жылдам азаяды. Бұл аномал белсенділік астрофизиктердің
деректері бойынша небәрі бір миллион жылдай уақытқа ғана созылған. Күн
жүйесіндегі ұшпа элементтер Күндегі күшті дүмпулер мен олардың нәтижесінде
туындаған жел әсерінен жылдам сейіліп кетеді. Осындай процеске қарамай Күн
төңірегіндегі сфераларда ұшпа заттар жеткілікті мөлшерде қалып,олардан Жер
де пайда болған көрінеді. Күнге жақын орналасқан планеталар ( Меркурий,
Шолпан, Жер, Марс), сыртқы планеталарға қарағанда( Юпитер, Сатурн, Уран,
Нептун, Плутон) ыстықтау жағдайда қалыптасқан.
Қазіргі кезде планеталар жаралуын түсіндіретін екі теория бар. Олар
аккрецияға негізделген. Аккреция- заттың бір-бірімен гравитациялық жолмен
тұтылып, бірігіп, ұлғайып ғарыш денесіне гравитация күші ықпалынан құлауы.
Гамогенді аккреция моделі.
Күн жүйесінде алғаш гамогендік планеталар жарылған. Олар жұлдызаралық
заттан пайда болып, кейін эволюциялану нәтижесінде бірнеше қабаттан тұратын
құрылымға ие болған. Бірақ бұл модель бойынша құрамы әр түрлі ( тас, темір,
тас-темір) метеориттердің қайдан шыққанын түсіндіру қиын.
Гетерогендік аккреция моделі
( Э.В. Соботович, А.П. Виноградов, А.Рингвуд, Турекян, С.Кларк ұсынған).
Бұл модель бойынша Жер геосфералары планетамен бір мезгілде қалыптасқан.
Фракциялану процесінің нәтижесінде құрамында радиобелсенді элементтер жоқ
дерлік темір планетазимальдардан тұратын жоғары температуралы фаза-Жер
ядросы жаралған. Темір планетазимальдар толығымен дерлік таусылған соң
әртүрлі алюмосиликаттардан тұратын тас планетезимальдар( тас метеориттер
типі) келіп жабыса бастайды. Жердің ішкі сфераларына сыртқы қабаттар көп
жабысқан сайын, олардың құрамында Айдағы сияқты радиобелсенді элементтер
мөлшері де арта түскен.
Жер сфераларының жаралысымен, олардың экзотермиялық сипатты
дифференциациясы қатар жүрген. Қалыңдығы артқан мантияның жылу қалқалағыш
әсері артуына байланысты сыртқы ядроның қызуы артып, балқуға жақын майысқақ
күйге түскен. Сыртқы ядроның балқуына планетезимальдардың өзара соғысуынан
туындаған кинетикалық энергияның қызуы да әсер етуі мүмкін. Сонымен, ядро
жаралғаннан кейін дедифференциациялану процесі жалғасып, металл және
алюмосилекат фазалардың жіктелуі нәтижесінде Жердің әртүрлі қабаттардан
тұратын құрылымы қалыптасқан. Баяндалған аккреция моделі бойынша ядроның
жаралу уақыты жүздеген миллион жылдан аспайды.
Осы уақыт аралығында протомантия мен протоқыртыс қалыптасқан.
Протоқыртыс пайда болған Жер қыртысы- алғашқы мантияның жоғарғы жағы мен
қыртыстың біршама ұзақ дифференциялану нәтижесі. Промантия мен қыртыс
радиобелсенді элементтерге қаныққан сайын дүркін-дүркін балқу мен
метаморфизм процестерінің әрекетіне ұшырап отырған. Жерді бомбалаған
метеориттер де жер қыртысын қыздырған.
Күн жүйесін, жұлдыздар шоғырларын айтамыз. Күн массасының 98%-і сутек пен
гелийден тұрады, қосымша көміртек, азот, оттек, темір кіреді. Құс жолының
бір шағын ғана бөлігі- Кұн жүйесі. Ортасында күн. Бетінің қызуы-5770°К,
ортаның қызуы 5*10 К.
Күн 9 планетамен және олардың 54 серіктерімен қоршалған. Олар Күнді бір
жазықтықта орналасқан дөңгелек дерлік орбитамен бір бағытта айналып жүреді.
Планетаның денесі суық, жылуды Күн сәулесінен алады да, соның шағылысуынан
жарқырайды.
Мысалы, Жерге 2* 10 Ватт сәуле энергиясы түседі. Планеталар Күннен шетке
қарай мына тәртіппен орналасады Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер,
Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Күнге ең жақын орын тепкен 4 планетаны Жер
типтес, Жер тобының планеталары деп атайды. Олар басқалармен салыстырғанда
кішігірек, мөлшері бір-бірімен шамалас, химиялық құрамы ұқсас. Орташа
тығыздығы да артық -3.97-5.52 гсм шамасында, атмосферасы сұйық келеді
және әрқайсысының 1-2 ғана серіктері бар. Күннен алыстаған сайын планеталар
алып денелі болады, тығыздығы да кемиді. Мысалы, Юпитер,Сатурн, Уран,
Нептунның тығыздығы 0.7-1.5 гсм. Ал барлық планеталар массасының 70% -ін
жалғыз Юпитер қамтиды
Күн жүйесінің планеталары арасында толып жатқан денелер бар. Олардың
бірі кометалар. Олар Плутонның әрі алшақ жатқан кеңістіктен ұшып келеді де
айналу мерзімі өте ұзақ болады. Массасын планета массасымен салыстырсақ өте
шамалы. Кометалар сорайған ұзын орбитамен қозғалады. Олардың басы (ядросы)
мен құйрығы болады. Бас өзегі қатқан тозаң мен газдардан түзілген мұздан
тұрады да ұзын құйрығы (ондаған млн км) газ йондарымен тозаң қосындысынан
тұрады. Кометалардың мөлшері тым ауқымды- кейбіреуінің басы Күннен де
үлкен.
Күн жүйесінің келесі бөлшектерін астеройдтар –кіші планеталар деп
атайды. Олардың диаметрі мың км- ге жетеді де барлығының массасы Жер
массасының 1700 мөлшерінде. Саны бірнеше мың, олар негізінен, Марс пен
Юпитер орбиталарының шегінде шоғырланған (астеройдтар белдеуінде). Ең
ірілері Церера, Паллада, Веста тб деп аталады. Біреуі академик Қаныш
Сәтпаев есімімен аталған. Бұлармен қатар аспан кеңістігінде сансыз көп
метеоридтер бар. Ең ірісінің бірі Гоба метеоридінің массасы 60 тонна
шамасында. Құрамына қарай темір, тас, жартылай темір, шыны метеоридтер
болып бөлінеді. Жер бетіне түскеен метеоридтердің 92.7 %- ті тас
метеоридтер,5.6% темір, 1.3%-і осы темірлі тас.
Осыған орай біз Күн жүйесінің 4 заңдылығын ескерейік:
1) Планеталар орбитасы шеңбер дерлік бір жазықта жатқан орбитамен бір
бағытта қозғалады, өз білігінен айналуы да көбінесе бір бағытта.
2) Планеталардың арасы Күннен алыстаған сайын бірыңғайда геометриялық
проссиямен өсе бастайды.
3) Ішкі жер типтес планеталардың салыстырмалы мөлшері кішкентай, бірақ
тығыздығы артық, айналу қозғалысы, баяу, серіктері жоқ, не біреу – екеу
ғана.
4) Күн жүйесінің барлық массасының 99.87%-і шарпығанына қарамай, моменттік
қозғалу санының тек 2%- тен кемін ғана қамтиды. Бұл жәйт көптеген
космогониялық болжамдар үшін шешілмес жұмбақ болды.
Жер элипсойд пішінді екен. Оны ғалымдар XVII- XVIII ғ дәлелдеген.
Ондай пішінді математика жолымен атақты И.Ньютон дәлелдеген еді. Элипсоид-
геометриялық сызық, ал жер бетінің дөңес – ойыстары бар емес пе? Сондықтан,
геодезистер Жер пішінін геоид (жер тәріздес) деп атайды.элипсоид сияқты
геоид та сопақ, экваторлық бүйірі шығынқы. Жердің экваторлық радиусы
а= 6378245м, ал полярлық радиусы в= 6356863м.
Жер негізінен екі қабаттан тұрады: ішкі және сыртқы қабат. Сыртқы
қабатқа атмосфера, гидросфера және биосфера кіреді. Бұл біздің
планетамыздың басқа планеталармен салыстырғандағы, өзіндік ерекшкліктері
болып саналады. Сондықтанда олар жер қыртысының құралу және даму барысында
маңызды роль атқарады. Жердің сыртқы қабаттарына ортақ қасиет – олардың
тез өзгергіштігі. Жердің геосфералары бір – бірімен өте тығыз байланысты.
Егер олардың біреуінің құрамы сәл өзгерсе, қалғандары да соған сәйкес тез
арада өзгеріске ұщырап отырады. Енді біз олардың әр біреуіне қысқаша
тоқталамыз.
Атмосфера жердің ауа қабатын құрайды. Оның жоғарғы шекарасы аса анық
емес. Жеке иондардың шамамен 2000 км биіктікте байқалатындығы белгілі болып
отыр. Атмосфераның төменгі шекарасы – Жер беті болып табылады. Бірақ бұл
шекара да дәл емес. өйткені ауа жердің ішкі қабаттарына да өте алады.
Сонымен бірге ол мұхит және теңіз суларында да ерітінді түрінде кездеседі.
Оның салмағы 5.15* 10т. Жалпы атмосфераның 90 %-і жердің бетінен 16 км
биіктікке дейін шоғырланған. Ал жалпы атмосфераның биіктігі -1300 км. Оның
негізгі мақсаты Күн сәулесі мен аспан денелерден сақтау болып келеді.
Атмосфера негізінен үш бөлігінен тұрады: трапосфера, стратосфера,
ионосфера.
Гидросфера – бұл су қабаты. Үстіңгі шекарасы су бетімен шектелген. Ал
астыңғы қабаты дәл анықталмаған. Гидросфераға мұхит сулары, жер асты
сулары, мұздықтар, теңіздер және көлдер жатады. Су қабаты Жер бетінің 72 %-
ін құрайды.
Биосфера – тіршілік дамыған қабат. Үстңгі шекарасы атмосфераның астыңғы
қабатымен шектеледі. Төменгі шекарасы гидросферамен шектеледі. Жалпы жер
планетасының Биосфера қабаты басқа планеталардан айрықша өтеді.
Енді ішкі қабатқа келетін болсақ, ол негізінен үш бөліктен тұрады. Жер
қыртысы, мантия, ядро.
Жер қыртысының қалыңдығы су астында 10-15 км, құрлық астында 70-80
км. Орташа қалыңдығы 33 км. Ол үш бөліктерден тұрады.
1) Шөгінді қабат – қалыңдығы 5-20 км. Бұл қабат шөгінді тау
жыныстарынан түзілген, яғни сазды және вулканды тау жыныстары. Бұл
қабаттағы тау жыныстарының тығыздығы
2.5 гсм.Серпімді толқындардың таралу жылдамдығы 1.5-5 км ⁄с.
2) Гранитті қабат – қалыңдығы 10-30км. Оның ішіне құрамы бойынша
кіреді: гранит, гранодиорит, гнейстор, мәрмәр тб тау жыныстары. Бұл
қабаттың тығыздығы 2.7 г\см .Серпімді толқындардың таралу жылдамдығы 5-6.5
км\ см.
3) Базальтті қабат – тереңдігі 40 км дейін барады. Құрамы базальт
тектес тау жыныстары. Тығыздығы 2.9 г\см .Серпімді толқындардың таралу
жылдамдығы 6-7.5 км\ с.
Жер қыртысының типтері:
1) Континентік.
2) Мұхиттық. Оның континенттік типтен ерекшелігі мұхиттық типте
базальтті қабаттың болмауы және қалыңдығы аз.
3) Аралық тип. Континеттің мұхитқа ауысатын аралық тип.
Жер қыртысының құрамы әр түрлі тау жыныстарынан тұрады. Ал кез
келген тау жынысытабиғи минералдардың парагенисіздік ассоциациясы. Қазіргі
кезде адамға 3000 жуық минералдар белгілі.
Мантия 3бөліктен тұрады: ұстіңгі, ортаңғы, астыңғы мантиялары.
Үстіңгі мантия басталған жерде астиносфера бар. Ол құрлықтар
астында тереңдігі 100-150 км. Ал теңіз бен мұхиттар астында 300-400км.
Ортаңғы мантия 400-1000 км –ге созылады. Астыңғы мантия 1000-
2900 км созылады.
Жер қыртысы мен мантия арасындағы шекарасын Мохоровичич
жазықтығы деп атайды.
Ядро –сыртқы ядро, аралық зона және субьядро болып үшке бөлінеді.
Ядро мен мантия арасындағы шекара – “Вихерт –Гутенберг” деңгейі.
Сыртқы ядро “Вихерт-Гутенберг” деңгейінен 4990 км-ге дейінгі аралықты
алып жатады және сұйық күйде болады. Аралық зона 4990 км-ден 5120 км-ге
дейінгі аралықты қамтиды. Субьядро планетаның орталық бөлігін ( 5120-6371)
құрайды, диаметрі 2500км шамасында.
Ядроның құрамында ауыр элементтерінің мөлшері көбейе түседі. Қазіргі
кездегі көзқарас бойынша ядро темір мен никель элементтерінен құралады,
сонымен қатар қосымша күкірт, кремний қоспалары да болуы мүмкін. Кейбір
ғалымдардың пікірінше, ядроны құрайтын алғашқы заттар мантиялық синикаттар
түрінде болып, кейін ол жоғары қысым әсерінентығыздала келе, металлдық
қасиетке ие болады деп саналады.
Жердің физикалық қасиеттеріне ауырлық күші, тығыздығы, қысымы,
магниттік,жылулық және тб қасиеттері жатады.
Жер бетінде жердің өзіне қарай бағытталған центрге тартқыш күш және
центрден сыртқа қарай қарай бағытталған центрден тепкіш күштің болатындығы
үнемі байқалады. Осы күштердің ортақ әсері ауырлық күшін көрсетеді. Ауырлық
күшінің үдеу шамасы жердің құрылысы мен сыртқы пішінінің өзгерістеріне
қарай анықталады. Оның үдеу шамасы полюспен экваторға қарай біртіндеп
азаяды (0.5%). Үдеу шамасы жер қойнауына тереңдеген сайын әр түрлі өзгеріп
отырады. Мысалы, жер бетінде 982 см \ с. 2900-ге дейінгі тереңдікте
1037см\с дейін өзгереді; кейінірек кенеттен тез төмендеп, 6000км тереңдікте
126см\с дейі жетеді, ал жердің центрінде нөлге тең болады.
Жердің ауырлық күшін зерттеу жұмыстары оның орташа тығыздығын
анықтауға мүмкіндігін берді (5.52г\ см )
Жердің тығыздығын оның құрамына байланысты болады. Шөгінді тау
жыныстарының орташа тығыздығы 2.4 – 2.5г\см , граниттердің -2.7 г\см,
базальттардың -2.9 – 3.0 г\ см екендігі белгілі. Ал жалпы жер қыртысын
құрайтын тау жыныстарының орташа тығыздығы 2.7 – 2.8 г\см шамасында,
жердің орталық бөлігін құрайтын заттардың тығыздығын -12.3 -12.5г\см
шамасында болады. Ал жердің қысымы жердің центріне қарай тығыздықтың
артуымен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теңдеулерді шешудің кейбір ұтымды тәсілдері
Пікірлер және оларға қолданылатын операциялар
Санды теңсіздіктер
Ньютон формуласы
Бөлшек-рационал теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуді оқып үйрету әдістемесі
Нақты сандарды үздіксіз бөлшектермен жуықтау
Теңдеулерді шешу тәсілдері
Жарық интерференциясын бақылау әдістері
Функционалдық анализдің негізгі анықтамалары мен теоремалары
Өнеркәсіпті электрмен қамтамасыздандыру жолдары
Пәндер