Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия

1. Осы Инвестициялық стратегия ( бұдан әрі-Стратегия) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы № 324 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасы Ұлтық Банкі алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері туралы” ережесіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 72 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтерімен операциялар жүргізген кезде лимиттер белгілеу принциптері туралы” ережеге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 414 қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін сыртқы басқаруға (Asset Management) беру тәртібі мен шарттары туралы” ережеге сәйкес әзірленді.

2. Осы Стратегия Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқаруға байланысты операциялық қызметтерге реттеу және бақылау жүргізу үшін қолданылады.

3. Алтынвалюта активтерін басқарудың мақсаты осы Стратегияның шектеулері шеңберінде активтердің өтімділігін қолдау және кірістілікті барынша көбейту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі жалпы стратегия

4. Алтынвалюта активтері валюта активтерінің қысқа мерзімді портфелі, ұзақ мерзімді портфелі және алтын портфеліне бөлінеді.

5. Алтынвалюта активтерін басқарудың тиімділігін бағалау осы Стратегияның шектеулерін сақтаған кезеңдегі алтынвалюта активтері портфельдерінің жоғары кірістілігі болып табылады. Жекелеген активтердің кірістілігі басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Теріс кірістілікпен активтерді сату тәуекелдерді азайту және күтіліп отырған жоғары кірістілікті жақсарту мақсатында иеленген уақытта рұқсат етіледі.

6. Осы Стратегияның шектеулері шеңберінде инвестициялау үшін олармен жасалған мынадай қаржы құралдары мен операцияларға рұқсат беріледі:

  • - ААА - Standard &Poor’s немесе Aaa - Moody’s кредиттік рейтингімен мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарды және Халықаралық Қаржы Ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарын сатып алу-сату,
  • - ААА - Standard &Poor’s немесе Aaa - Moody’s кредиттік рейтингімен тәуелсіз бағалы қағаздарды (басқа елдің валютасымен деноминирленген мемлекеттік бағалы қағаздар) және Халықаралық Қаржы Ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарын сатып алу/сату
  • - қысқа мерзімді кредиттік рейтингі өтеуге дейінгі мерзімі бір жылдан аз А1 - Standard &Poor’s немесе Р1 - Moody’s -ден төмен емес мемлекеттік, тәуелсіз және корпоративтік борыштық міндеттемелерді сатып алу және сату,
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі өтеуге дейінгі мерзімі бір жылдан көп А - Standard &Poor’s немесе А2 - Moody’s -ден төмен емес мемлекеттік, тәуелсіз және корпоративтік борыштық міндеттемелерді сатып алу және сату,
  • - рыноктық құны мәміле жасалған күнгі 100% мәміле сомасынан төмен болмайтын бағалы қағаздарды инвестициялау үшін рұқсат етілген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А - Standard &Poor’s немесе А3 - Moody’s -дан төмен емес қарсы әріптестермен кері және тікелей репо операциялары
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі ААА - Standard &Poor’s немесе Ааа - Moody’s жылжымайтын мүлік (MBS) пен активтер (ABS кепілдікке салынған бағалы қағаздарды сатып алу және сату,
  • - банктердегі депозиттер (салымдар) және осы Стратегияның шектеулеріне сәйкес ағымдағы есепшоттарға орналастыру,
  • - валюта айырбастау операциялары және алтынды сатып алу/сату бойынша операциялар,
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А+ - Standard &Poor’s немесе А1 - Moody’s төмен емес қарсы әріптестермен туынды құралдарды сатып алу және сату немесе АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапонияның биржаларында айналыста жүрген қаржы және тауарлық туынды құралдарды сатып алу және сату,
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А- Standard &Poor’s немесе А3 - Moody’s төмен емес заемшылар бекіткен бағалы қағаздарды инвестициялау үшін ақшаны немесе басқа рұқсат етілгендерді кепілге салған инвестициялау үшін рұқсат етілген бағалы қағаздар несиесі,
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А- Standard &Poor’s немесе А3 - Moody’s төмен емес қарсы әріптестермен құрылымдық өнімдерді сатып алу және сату,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару стратегиясы және портфельдік шектеулер
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты: ерекшеліктері, құралдары және даму перспективалары
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару: Қазақстан Даму Банкінің мысалында
Қазақстандағы инвестициялық пай қорлары: құрылымы, активтерін басқару және даму мәселелері
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялары: инвестициялық климатты талдау және басқару стратегиясы
Қазақстан Халық Банкінің тарихы, ұйымдық құрылымы және қызмет көрсету стратегиясы
Инвестициялық қор активтерін басқару, сақтау және тіркеуді ұйымдастыру: құқықтық және институционалдық негіздері
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциялары: құқықтық негіздері мен ұйымдық құрылымы
Қазақстан Даму Банкінің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқаруды жетілдіру
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару: ГНПФ ЖЗҚ АҚ-ның экономикалық қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz