Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: Экономикалық теория
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы
Тексерген:
«» 200 ж.
Орындаған: тобының студенті
Алматы 200
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
1 Шағын бизнестің ерекшеліктері . . . 5
1. 1 Шағын бизнестің өлшеміне берілетін анықтамалар . . . 5
1. 2 Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы . . . 9
2 Шағын бизнес дамуының мәселелері . . . 14
2. 1 Шағын бизнес дамуының құқықтық негізі . . . 14
2. 2 Шағын бизнесті несиелендіру мәселелері . . . 17
2. 3 Шағын бизнестің дамуы . . . 20
Қорытынды . . . 23
Пайдаланған әдебиет тізімі . . . 24
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикасы әкімшілік-бұйрықтық экономикадан нарықтық экономикаға көшудің қиын жолын кешуде. ТМД елдерінің үкіметтері көбінесе нарықтық реформаларды жүзеге асырудың келесі сатыларын ұстанады - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы, несие саясаты, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы түрде нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды мәселелердің қатарында кәсіпкерлік қызметіне қолдау жасау, шағын және орта бизнесті дамытудың рөлі ерекше.
Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Бұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.
Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылыгын көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің даму сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.
1 Шағын бизнестің ерекшеліктері
1. 1 Шағын бизнестің өлшеміне берілетін анықтамалар
Нарық көпмиллионды айналыстары бар корпорацияларға ғана қол жетерлік және шағын кәсіпкелік құрылымдар үшін мүмкін емес деген ой-пікір қалыптасып кеткен. Негізгі дәлел шағын кәсіпорындардың мықты жарақтанған ірі компанияларымен бәсекеге түсе алмайтынымен белгіленеді. Шың мәнінде, шағын бизнес ірі бизнеспен бәсекеге түсе алатыны бірнеше себеп-салдармен байланысты. Мысалы, өзінің қызмет ету стратегиясын өзгерту үшін ірі кәсіпорындарға 6 жыл керек, ал жаңа стратегияны енгізу үшін одан да астам мерзім - 10 жыл - қажет. Шағын фирмалар үшін бұл мерзім айтарлықтай кіші - 0, 5 жылдан 1 жылға дейін. Дәстүрлі түрде технологиялық инновациялар - ірі бизнестің саласы деп саналады, әйтсе де, статистика көрсеткендей, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түбегейлі технологиялық инновациялардың 95% шағын бизнестің саласынан шыққаны мәлім. Ал басқа қайнар көздерге сүйенетін болсақ, шағын фирмаларда ірі фирмалармен салыстырғанда инновайиялар мен жаңалықтар 24 есе көп.
Сондықтан да Еуропа Бірлестігі (ЕБ) экономикасының жеке секторының 15, 7 миллион кәсіпорыны шағын және орта бизнес кәсіпорындары болып келді. Шағын бизнестің кәсіпорындары жұмыс орындарының 70%-ын (62 млн) қамтамасыз етті. Статистика деректері бойынша 16 миллион адам өзіне жұмыс істей бастады және 46 миллион адам - жалдамалы қызметкерлер болып орналасты.
Көптеген жылдар бойы түрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама бергісі келді. АҚШ-тың Конгресс Комитетіне 700-ге жуық шағын бизнес анықтамалары ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттау үшін әртүрлі белгілер бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істейтіндердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігінің шамасы, басқару аппаратының шамасы, пайда мөлшері. Шағын бизнес белгілерінің ең таралғаны - жұмыс істейтіндердің саны. Сөйтіп, кейбіреулер шағын бизнес деп жұмыс істейтіндердің саны 100-ге дейінгі кәсіпорындарды атау керек деп ұсынса, басқалары - 50-ден 1000 жұмыскерге дейінгі, үшінші біреулері - 100-ден 1500 жұмыскерге дейінгі кәсіпорындарды ата укерек деп ұсынады.
Германияда шағын бизнеске жұмыс істейтіндердің саны 1-ден 500 адамға дейінгі кәсіпорынды жатқызады, және олар келесідей төрт категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін; 50-ден 99 дейін; 100-ден 199-ға дейін; 200-ден 499-ға дейін. Германияда шағын деп жылдық айналысы 3, 5 миллион неміс маркасынан 11, 5 миллионға дейінгі кәсіпорынды айтады. Бұнда 12, 3% ірі кәсіпорындардың және оларда жұмыспен қамтылған 34% жұмыскерлердің үлесіне ұлттық табыстың тек 52, 6% келеді. Жұмыс орындардың екіден үш бөлігінен астамы шағын кәсіпкерліктің арқасында пайда болады.
Жапонияда заңды түрде шағын және орта кәсіпорын мәртебесіне ие болу үшін кәсіпорындардың белгілері анықталған: өнеркәсіпте, көлік пен құрылыста - 300, көтерме саудада - 100, бөлшек сауда мен қызмет көрсету саласында - 50 адамнан аспайтын кәсіпорындар. Сонымен қатар, жарғылық капиталдың шамасы да шектелген: өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте - 770 мың доллардан, көтерме саудада - 230 мың доллардан, қызмет көрсету саласында - 77 мың доллардан аспайтын кәсіпорындар.
Ресей Федерациясының заңдылығымен сәйкес шағын кәсіпорындарға жұмыс істейтіндердің саны келесідей болатын кәсіпорындар жатады:
- өнеркәсіпте - 200 адамға дейін;
- құрылыста - 100 адамға дейін;
- көтерме саудада - 50 адамға дейін;
- ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;
- ғылым мен бейөндірістік салада - 25 адамға дейін;
- бөлшек саудада - 15 адамға дейін.
Қазақстанда шағын деп одан да аз жұмыс істейтіндердің саны болатын кәсіпорындарды айтады. Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 8 сәуірден №499 Қаулысына сәйкес шағын кәсіпкерлікке жұмыс істейтіндердің саны келесідей болатын кәсіпорындар жатады:
- өнеркәсіпте, құрылыста және ауыл шаруашылығында - 50адамға дейін;
- сауда мен тұрмыстық қызметттерді көрсету саласында - 25 адамға дейін;
- көлік пен байланыста - 25 адамға дейін;
- ғылым мен инновациялық қызметте - 20 адамға дейін.
Жұмыс істейтін адамдардың саны 200-ден аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.
Қазіргі кезде шағын бизнесті анықтаған кезде жұмыскерлердің саны, капитал айналысы, өндіріс көлемі және т. б. көрсеткіштерді қолданбау керек деген зерттеулер де орын алып жатыр. Бұның орнына шағын бизнесті ірі бизнестен айыратын мынадай көрсеткіштерге көңіл бөлу қажет деп ұсынылады: нарықтың үлесі, кәсіпорынды құрушылардың басқаруы, шешімдерді қабылдау үрдісіне ірі кәсіпорындар ықпалының жоқ болуы. Осындай позицияны австралиялық ғалымдар да ұстанады, олардың пікірінше шағын бизнес - бұл қаржы, бухгалтерлік есеп, персоналды басқару, жарақтандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету, өз мамндарының көмегісіз сату саласында барлық стратегиялық шешімдерді 1 немесе 2 адам қабылдауға өкілетті болатын кәсіпорын.
Ең соңғы зерттеулерде шағын бизнестің келесідей сипаттамалары беріледі: кәсіпорын құнды қағаздарының ашық сатылуының жоқ болуы; кәсіпорындар құнды қағаздардың шектеулі шеңберін иемденеді; шектеулі жауапкершілік жоқ болады; құрушылар - тәуекелділікке жақын болатын бірінші тектегі кәсіпкерлер; менеджерлер тобы толығымен жинастырылмаған; бизнес жоғары маркетингтік шығындарды жұмсайды; акционерлермен өзара қарым-қатынастардың формалдылығы азырақ; бизнестің икемділігі жоғары.
Д. Лонгенеко, У. Петти, К. Моор зерттеулерінде шағын бизнесті анықтауға келесідей белгілер орнатылған:
- Бизнесті қаржыландыру бір инвестормен немесе инвесторлардың кішігірім тобымен жүзеге асады. Ерекше жағдайларда ғана бизнес 15-20-дан астам инвесторға ие болады.
- Өзінің маркетингтік саясатын жүзеге асыру барысында фирмалар географиялық шектелген аймақтарда ғана қызмет етеді.
- Бизнестегі жұмыскерлердің саны әдетте 100 адамнан аспайды.
- Ірі фирмалармен салыстырғанда, бизнес шағын болып санала алады.
Шетел тәжірибені ескергенде Қазақстан жағдайында шағын бизнеске анықтама беретін болсақ, клесідей сипаттаманы ұсынуға болады. Шағын бизнестің кәсіпорындары деп бір немесе бірнеше инвестормен құрылатын, географиялық шектелген аймақтарда қызмет ететін және нарықтың шектелген үлесін иемденетін, басқарылуын барлық стратегиялық шешімдерді қабылдайтын құрушылар жүзеге асыратын; басқару сипаты икемділікпен, шешімдерді қабылдауда формалдылықтың жоқтығымен ерекшеленетін; басқару саласында, сонымен қатар, өндіріс саласында да жұмыскерлердің жоғары өзара алмастырылымдылығы байқалатын кәсіпорындарды айтады.
1. 2 Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы
Шағын бизнес қазіргі сатысы жұмыссыздықпен сипатталатын Қазақстан экономикасына аса қажетті жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етеді. Американ Экспресс деректері бойынша барлық жаңа жұмыс орындары ірі орнықталған компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалардың есебінен құрылады.
Шағын бизнес ірі кәсіпорындардың қызметі өнімсіз салаларда неше түрлі жұмыстар мен қызметтірдің орындалуын қамтамасыз ете отырып, ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді қызмет етуі үшін жағымды жағдайларды жасайды. Бұл жерде Жапонияның тәжірибесі аса қызықты, онда 50-ші жж бастап ірі компаниялар келісім-шарт бойынша шағын мамандандырылған кәсіпорындарға беретін жұмыстар көлемі күрт көбейе бастады.
Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл - шағын бизнестің икемділігі, өндіретін өнім мен қызметтердің түрлерін тез арада ауыстыра алу қабілеттілігі, технология саласында, сонымен қатар, қызмет етудің басқа да салаларында жаңалықтарды енгізуге қабылдаушылық. Сонымен бірге, шағын фирмаларда еңбек ұжымында формалды емес қарым-қатынастар орнатылады, жұмыскерлер табыстарды басқаруға тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Шағын бизнестің басты ерекшелігі - ұжымдық еңбекке, бригадамен жұмыс істеуге беталыс, пайдаларда қатысумен және жұмыспен қамтылуын сақтаумен түсіндірілетін жұмыстың максималды нәтижесінде жалпы бірлескен мұқтаждылық.
Кесте 1 - Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы
Ірі фирмаларда құрушылар кәсіпорынды басқару үрдісіне маманданған менеджердерді тартуға тура келеді, бірақ та бұл осындай екі жақтың мұқтаждықтарының сәйкес келмегендігіне әкеліп соғады, ал бұл болса, жалпы басқарудың тиімділігіне ықпал етеді. Шағын кәсіпорындарда бұл қайшылықтар жоққа шығады - себебі, бұл, әдеттегідей, бір-ақ тұлға болып табылады.
Қазіргі кезде және дүниежүзінің көп елдерінде шағын бизнес актуалдыққа ие болды. Көптеген елдердің үкіметтері шағын бизнестің дамуын ынталандыру жөнінде шараларды қабылдап жатыр, себебі шағын бизнес жаңа ойлардың, жаңа жұмыс орындарының, табыстардың және гүлденудің қайнар көзі ретінде қарастырылады.
Шағын бизнес экономиканы жандандыратын фактор ғана емес, сонымен қатар, оның экономикалық дағдарыстан шығуға бірінші саты ретінде түсінеді. Кішігірім кәсіпорындардың үлкен мөлшерін жасау жұмыссыздық мәселесін азайта түседі, бәсекелік ортаны құрады, қаржы нарығын жандандырады, ірі бизнесті дамытуға және бар бизнесті кеңейтуге бастау береді.
Шағын бизнесті құрудың бірнеше қатынасы бар: жаңа кәсіпорынның бастамасы; іс жүзінде бар бизнесті сатып алу; франчайзинг және жанұялық бизнес (Сурет 1) .
Сурет 1 - Шағын бизнесті құру жолдары
Біздің Республикамыз үшін шағын бизнесті құрудың ең актуалды нысандары ретінде франяайзинг пен жанұялық бизнесті айтуға болады.
Франчайзингтік компания (франчайзер) өзінің мүшелеріне - франчайзилерге - фирма атын, сауда белгісін, өнімін, технологиясын және т. с. с. қолдануға мүмкіндік береді. Енді ғана қызметін бастап келе жатқан кәсіпкер үшін жаңа кәсіпорынның ашылуы мен қызмет етуінің тәуекелдік дәрежесін едәуір қысқартады. Франчайзингтік келісім жаңа бизнеске іс жүзінде бар кәсіпорынның және оның қызметкерлерінің үлкен жиналған тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан да шетелдегі әр 12-ші кәсіпорын - франчайзингтік болып табылатыны кездейсоқ емес.
Франчайзингтік қарым-қатынастардың 3 түрі бар:
- Франчайзер - өнімді өндіретін немесе қызметтерді көрсететін фирма, өзінің өнімін немесе қызметін көрсетуге құқықтарды франчайзилерге береді.
- Франчайзер - өнімнің негізгі шығарушысы, франчайзилерге өзінің өнімін көтерме сатуға құқықтарын береді.
- Франчайзер - көтерме сатушы, франчайзи-фирмаға өнімді бөлшектеп сатуға құқықтарды береді.
Жанұялық бизнес бір жанұяның мүшелерінің күшімен құрылады және қызмет етеді. Жанұя мүшелері бұл бизнесте толық, сонымен қатар, жартылау жұмыспен қамтылуы ықтимал. Жанұялық бизнес әдетте бір ұрпақтан келесі ұрпаққа көшеді. Жанұялық кәсіпорындардың көбісі - шағын кәсіпорындар, бірақ та іс-жүзінде жанұялық бизнес, ірі кәсіпорынға айналып кеткеннен кейін де, жанұялық деп есептелінетін мысалдар аз емес.
Кезкелег жанұялық бизнес - бұл жанұя мен бизнестің симбиозы, әр жақ өзінің мақсаттарына ие. Жанұяның мақсаты - бала-шағаны тәрбиелеу және жанұя мүшелері жайлы қамқорлық. Бизнестің мақсаты - тауарларды өндіру немесе сату арқылы, қызметтерді көрсету арқылы пайда табу. Бұл мақсаттар бір-біріне қарағанда үйлесімде, сонымен қатар, қайшылықта да болуы мүмкін.
Жанұялық бизнестің басты артықшылығы - туысқандық байланыстардың мықтылығы, себебі ол қандай-да қиындықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге жәрдемдеседі. Жанұялық бизнестің басқа бір артықшылығы - ірі корпорацияларға қарағанда жұмыскерлері жайлы қамқорлықтың жоғарырақ деңгейі.
Қазақстандағы бизнес көбінесе жанұялық болып келеді. Бұл ұлттық қазақ жанұялардағы туысқандық байланыстардың тереңдігімен түсіндіріледі.
2 Шағын бизнес дамуының мәселелері
2. 1 Шағын бизнес дамуының құқықтық негізі
Республикада нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі - шағын бизнесті дамыту болғандықтан, оны жан-жақты талдау қажет.
Бүгінгі кезеңде Қазақстанда қабылданған заңдарға сәйкес шағын бизнес субъектілеріне ортажылдық жұмыскерлер саны 50-ден және жылдық активтерінің жалпы құны алпыс еселік есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды жатқызады.
Жалпы республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалынды. Оған келесі шағын бизнестің қалыптасуына ықпал еткен заңшығарушылық актілерді жатқызуға болады:
- Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы Заңы» /04. 07. 1992/;
- Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі іс-шаралар туралы» /06. 03. 1997/;
- Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заңы» /19. 06. 1997/;
- Қазақстан Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары 1999-2000 жж. » /21. 12. 1998/; 2001-2002 жж. /07. 05. 2001/.
Аталған құқықтық базаның қабылдануына сәйкес экономиканың барлық секторларындағы кәсіпкерліктің кең дамуына және шағын бизнестің құқықтық негізін нығайтуға ықпал етті деуге болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнеспен 1, 5 миллионға жуық адам шұғылданады. Бұл қазақстандықтардың төрттен бір бөлігін құрайды. Әрбір мың тұрғынға шаққанда, жеті кәсіпорын келеді. Ал бұл көрсеткіш АҚШ-та - 74, Жапонияда - 50, Германияда - 37.
Біздің елде ішкі өнімнің 70%-ын жеке сектор қалыптастырып отыр. Соңғы деректерге сүйенсек, республикада 2002 жылдың басында 360 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік субъектілері (заңды және жеке тұлғалар) ресми тіркелген, онда бір миллионнан астам адам жұмыс басты, яғни республикадағы экономикалық белсеңді халықтың 13, 6%-ын 77398 болып, мұндағы жұмыс бастылар саны 2002 жылы 534, 9 мың адамды құрайды және олардың орташа айлық жалақысының мөлшері 11426 тенге: ең жоғарғы жалақы тау-кен өнеркәсібінің жұмыскерлері (22745), байланыс (26395), қаржылық қызмет (20001), құрылыс (14721) алады, ал ең төменгі жалақы ауыл шаруашылық кәсіпорындардың (5504) және балық шаруашылық жұмыскерлері (4505) алады екен.
Сонымен бірге, шағын бизнес субъектілерінің әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формада жүзеге асырылатындығын да ескеру қажет. Экономикалық Зерттеу Институтының 2000 жылғы жүргізген мониторингінің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындар келесі ұйымдастырушылық-құқықтық формада болды: жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 67, 4%, толық серіктестіктер 1, 3%, фермерлік шаруашылықтар 17, 5%, өндірістік кооперативтер 13, 8%. Зерттеу мәліметтері бойынша Қазақстанда шағын кәсіпкерлік негізінен жеке меншік түрінде дамыған: жеке меншік формада 92, 2%, мемлекеттік 4, 1%, аралас 3, 7%.
Қазақстанда шағын бизнес субъектілерінің санының тұрақты өсуі және онда жұмысбастылардың санының артуына қарамастан шағын бизнес секторы мемлекет экономикасының мәселелерін шешуде айтарлықтай үлесі көп емес. Ол осы экономика секторының мәселелерімен түсіндіріледі, яғни республикадағы шағын бизнестің дамуына кедергі ретіндегі келесі мәселелер жиынтығын атауға болады:
- Салық саясатының жетілмеуі: нормативтік-құқықтық актілердің жиі өзгеруі; салықтар мен алымдардың жоғары мөлшері; ережелер мен тәртіптердің күрделілігі.
- Несие алудағы қиындықтар: кепілдемелік қамтылу мәселесі; жоғары ссудалық капитал; несиенің қысқамерзімділігі.
- Өнімді өткізу мәселелері: нарықтағы арзан импорттық, әдетте сапасыз өнімнің болуы; дайын өнімнің жоғары бағасы; серіктердің сенімсізідігі.
- Мемлекеттік органдардың араласуы мен бақылауы: бюрократизм; өкілеттіліктің артуы; мәжбүрлеу.
2. 2 Шағын бизнесті несиелендіру мәселелері
Сол мәселелердің ең бастыларының бірі - несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен, шағын кәсіпкерлікті дамыту Қорынан; Еуропалық Қайта Құру мен Дамыту банкісінің ашық несиелік тізбегінен; екінші деңгейлі банктерден; достары мен туыстарынан; шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын кәсіпкерлікті қолдау көздері анықталғанымен, оны қолдану инвестициялау механизмінің жетілдіруін қажет етеді. Бұл тұрғыда несие алу кезінде кәсіпкерлер алдында жиі кездесетін кедергілер:
- жоғары пайыз мөлшерлемесі;
- несиені қайтарудың қысқамерзімділігі;
- несие алудағы құжаттар санының көптігі;
- кепілдікпен қамтамасыз ету мәселелері.
Шағын бизнесті дамытудағы негізгі мәселелердің ең маңыздылардың бірі - салық саясатының жетілмеуі болып саналады. Бұл мәселеге заңдылық нормативті актілердің жиі өзгеруі; салық салу қойылымдарының жоғары болуы; салық түрлерінің аса көпжақтылығы және салықтар мен төлемдерді жинаудың күрделі жүйесін жатқызуға болады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің салықтық реттелуінде, салық туралы заңдар жүйесінің шексіз өзгертіліп отырылуы негізгі мәселелердің бірі. Салық жүйесін белгілейтін негізгі заңның 1995 жылы енгізілгеннен кейін, оған толықтырулар мен өзгертулер 16 рет болған. Сондықтан бұл мәселе кәсіпкерлер үшін салық заңдарының шығарылуына қарай тұрақсыздық тудырады, яғни мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдау іс-шаралары күшейтілуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz