Жылқы және әскери іс



Көшпенділер қоғамында әдейі соғысқа үйретілген аттар болған, ұрыс қимылдарына, әдістеріне жаттыққан аттарды қазанат немесе ереуіл ат деп атайды.
Ереуіл атқа ер салмай,
Ерлердің ісі бітер ме, – деп Махамбет ақын жырлағандай, әскери аттарсыз, нағыз батырларсыз іс бітпейтінін көрсетеді. Батырлар жырында Ер Қосайдың Сарғыш атының садақ оғынан қалай сақтанғаны шынайы суреттелген:
Оқ зырқырап барады,
Астындағы сары ат
Оққа көзін салады.
Оқ тиер деп налады
Оқ жарқырап қалғанда,
Лыпа жата қалады.
Зырқырап оғы барады,
Ат аспанға қарғиды,
Оқ жайына қалады. [1. 54-б.]
Жердің бедеріне, ландшафтысына, соғыстың, қару-жарақтың түрлеріне байланысты атты соғысқа салудың әртүрлі әдістері болған, көпшілігі қазір ұмытылған анда-санда дерек берушілердің есінде қалған мағлұматтардың өзі өте құнды, алтынның сынығындай деуге болады.
Көрімбай батырдың әдісі: Бір ұрыста Көрімбай батыр 30 адамды аттан ұрып түсірген екен. Сөйтсе аттылардың соңынан түседі екен де, бір-бірлеп шоқпармен ұрады екен. Көрімбай бұл жерде жау қарсыла-сын көрмесе артына қарамай, алдына ғана қарап шаба беретінін есепке алған. Батыр өзінің өте жүрдек, дыбыс білдірмей шабатын Мысық сары атымен, шоқпармен жауды бір соққаннан құлатып отырған. [І.]
«Ұра білсе шоқпардан артық қару жоқ», – деп айтады екен шоқпар сілтей білетін әйгілі ұрғыштар. Шоқпармен соғудың 3 әдісі бар.
1. Аяқтан ұру, жақсы тисе аттан айналып жерге ұшып түседі.
2. Тізеден ұру, ұрылған жақтан тоңқалаң асып жығылады.
3. Шынтақтан ұру.
Қазақта адамның осы үш мүшесін түйінді жерлері деп атайды. [ІІ].
Шоқпар үш түрге бөлінеді:
1. Ырғай шоқпар.
2. Қайың шоқпар.
3. Тобылғы шоқпар – басы түйенің асығындай, қамшының сабындай болады. [IV].

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жылқы және әскери іс (8 бөлім)

Атты соғысқа үйрету және атпен соғысудың кейбір мәселелері

Көшпенділер қоғамында әдейі соғысқа үйретілген аттар болған,
ұрыс қимылдарына, әдістеріне жаттыққан аттарды қазанат немесе ереуіл ат
деп атайды.
Ереуіл атқа ер салмай,
Ерлердің ісі бітер ме, – деп Махамбет ақын жырлағандай, әскери
аттарсыз, нағыз батырларсыз іс бітпейтінін көрсетеді. Батырлар жырында
Ер Қосайдың Сарғыш атының садақ оғынан қалай сақтанғаны шынайы
суреттелген:
Оқ зырқырап барады,
Астындағы сары ат
Оққа көзін салады.
Оқ тиер деп налады
Оқ жарқырап қалғанда,
Лыпа жата қалады.
Зырқырап оғы барады,
Ат аспанға қарғиды,
Оқ жайына қалады. [1. 54-б.]
Жердің бедеріне, ландшафтысына, соғыстың, қару-жарақтың түрлеріне
байланысты атты соғысқа салудың әртүрлі әдістері болған, көпшілігі қазір
ұмытылған анда-санда дерек берушілердің есінде қалған мағлұматтардың өзі
өте құнды, алтынның сынығындай деуге болады.
Көрімбай батырдың әдісі: Бір ұрыста Көрімбай батыр 30 адамды аттан
ұрып түсірген екен. Сөйтсе аттылардың соңынан түседі екен де, бір-бірлеп
шоқпармен ұрады екен. Көрімбай бұл жерде жау қарсыла-сын көрмесе артына
қарамай, алдына ғана қарап шаба беретінін есепке алған. Батыр өзінің өте
жүрдек, дыбыс білдірмей шабатын Мысық сары атымен, шоқпармен жауды бір
соққаннан құлатып отырған. [І.]
Ұра білсе шоқпардан артық қару жоқ, – деп айтады екен шоқпар сілтей
білетін әйгілі ұрғыштар. Шоқпармен соғудың 3 әдісі бар.
1. Аяқтан ұру, жақсы тисе аттан айналып жерге ұшып түседі.
2. Тізеден ұру, ұрылған жақтан тоңқалаң асып жығылады.
3. Шынтақтан ұру.
Қазақта адамның осы үш мүшесін түйінді жерлері деп атайды. [ІІ].
Шоқпар үш түрге бөлінеді:
1. Ырғай шоқпар.
2. Қайың шоқпар.
3. Тобылғы шоқпар – басы түйенің асығындай, қамшының сабындай болады.
[IV].

Атақты батыр Төремұрат Тайлыбекұлы бар шабысымен шауып келе жатқан ат
үстінен, жолдың екі жағына қойылған түйенің екі құмалағының екеуін де
түйреп өтеді екен. [2. 101-б.]
Төремұрат – батырдың найзагері атанған.
Сырлыбай мен Науша атты екі батыр жекпе-жекке шығып найзалас-қанда
Сырлыбайдың найзасы ұзын, Наушаныкі қысқа болыпты. Науша Сырлыбайдың
найзасын астына кіргізіп жіберіпті. Сол мезетте Сырлыбайдың найзасы екіге
бөлініп түседі. [ІІІ.]
Бір атқа қом салып, екі қап көмір тиейді. Сонан соң көмірге от тұтатады.
Көмір жанып, әбден лаулаған мезетте атты жауға қарай айдап жібереді. Оттан
үріккен ат шапқылаған күйі жау ішіне кіріп, ат шапқан сайын от үдей түседі.
Түн ішінде жарқылдаған оттан қорқатын моңғолдар зәрелері ұшып, бұрқандарына
сиынып, қорғаштай береді. Осы кезде қазақтар жау қамалына лап қойып,
қамалдың тас-талқанын шығарып жеңіске жетеді. [3. 79-б.]
Көшпенділер жауынгерлері соғысқа шыққанда өзімен бірге 2-3 ат алып жүрген.
Марко Поло, П. Карпинилердің еңбектерінде моңғолдардың жорыққа 2-3 атпен
шығатыны жазылады. Әмір Темір жорыққа әр жауынгер екі, әр онбасы бес,
жүзбасы он, мыңбасы жүз аттан алып жүруді міндеттеген. [4. 72-б.]
Асанқайғы жырларында:
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек атқа семірген.
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрер. [5. 25-б.]

Еңсегей бойлы Есімнің қалмаққа аттанғаны:
Үш жүз енді сайланды,
Қос ат жарақ қамданып
Қылыш, мылтық байланып,
Қош айтысып, қоштасып. [6. 75-б.]
Атты қосарға алып жетектеудің әдісі бар, алыс жерге хабар
бергенде сөз жоқ қосардағы атты адамның өзі жетектейді. Мыңдаған
жауынгердің әрбіреуі қосарға бір ат алса, кенеттен соғыс басталып кетсе,
онда көмекші аттардың пайдасынан зияны тиеді. Сондықтан барлық қосымша
аттарды табын-табын қылып арнаулы жылқышылар айдап жүрген. Мына бір тарихи
әңгімеге көңіл аударайық :
Бұл өткелдің аты Жантайлақ өткелі. Шын болған оқиға. Атақты
жоңғарлармен болған Шорғы шайқасында, Барақ бастаған қазақтың сарбаздары
осы Қоржын түбегінің тұсында, Зайсан көлінің Тарбағатай жағында,
Ақтүбек деген жерге келіп орналасады. Бұл қалың қамыстың ортасы, көл
жиегі. Барақ бір түмен әскерді басқарған адам. Осы жолғы әскері қанша екені
белгісіз. Әскердің азығы, оққа ұшқан аттардың орнын толтыру мақсатында 500-
дей жылқыны айдап жүрген. 500 жылқы бір көкала биенің соңынан ереді екен.
Қалмақтар қазақтардың қамысқа келіп бекінгенін сезіп, тіл алып кел деп
барлаушыларын жібереді. Келген қалмақтың шолғыншыларын қазақтар ұстап
алады. Жаудың жайын олардан ұғынады. Қалмақтар саны көп екендігі мәлім
болады. Қалмақтар қамысты өртемекші болады. Сонда қазақтар не істеу керек?
Жағдай тығырыққа тіреледі. Басшы Барақ: Жауды жарып өтелік. Өлгеніміз
өлеміз. Тіріміз Қабанбайдың әскеріне қосыламыз, – дейді.
Сонда Жантайлақ батыр: Олай істемелік. Жауды жарып өтсек адам шығыны көп
болады. 500 жылқы жау қолында қалады. Менің тілімді алсаңдар, осы
Ақтүбектен көлді тура кешіп өтелік. Ертістің арнасы осы жағында. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жылқының жаратылған жері-отаны екенін полеозологиялық, археологиялық, тарихи-этнографиялық материалдар негізінде дәлелдеу
Ғұндардың атпаздығы мен жылқышылдығы
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан
XVII-ші ғасырдың соңы – XVIII ғасырдың ортасына дейінгі қазақ-қалмақ қатынастары
Башқұр жылқы тұқымы
Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы
Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтеріліс
Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары ( салыстырмалы кесте )
Қазақстан бірінші дүниежүзшк соғыс жылдарында
Қыпшақ хандығы жайлы
Пәндер