Оралхан Бөкей (1943-1993)


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Оралхан Бөкей

(1943-1993)

Көрінуші ең көнелердің көзіндей,

Жазғандарың -қара өлеңнің сөзіндей,

Асқақ едің, атақты едің,

Нар едің -

Туған өлкең -өр Алтайдың өзіндей

(С. Тұрғынбеков)

Оралхан Бөкей -алпысыншы жылдар ішінде әдебиетке келіп, бүгінгі прозаның салмақты жүгін көтерісе бастаған топтың талантты өкілдерінің бірі. Ол-1943 жылы қыркүйектің 28 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында туған. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозының тракторшы болып жұмыс істеген. 1963 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралыңғында аудандық «Еңбек туы», облыстық «Коммунизм туы» газеттерінде қызмет істейді. 1968 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Көп жылдар «Жұлдыз» журналының проза білімінің меңгерушісі, ірі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор болды. Жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтыңлауреаты.
Оралхан Бөкей-әдебиетімізге өз өрнегімен келген жазушы. Ол алғашқы әңгіме-повестерінен-ақ («Шұғыла 1966 жылы «Жұлдыз журналында жарық көрген, «Қамшыгер», «Үркер») оқушысын бірден баурап әкетіп еді. Жазушының ой мен сезімді қатар өрген шығармалары бірде тұңғиық ойға жетелесе, бірде асқақтыққа, өршілдікке тарта беретін. Сондықтан да Оралхан Бөкейдің алғашқы шығармаларындағы толғау-толғаныстары кең тынысты, өзгеше үнді болып шығатын. Олардан бірде романтикалық құштарлыққа, бірде публицистік от-жалынды, бірле реалистік өткірлікті, енді бірде сағыныш мұңға билейтін лирикалық әуенді айқын аңғарар едік. Ұлы драматург Б. Шоу: «Әрбір талантты жазушы ең әуелі замандастары жайлы жазуға тиіс» деген екен. Оралхан Бөкей де қолына қалам ұстағаннан-ақ өз замандастарының мұңы мен қуанышын шынайы суреттеуге тер төгіп келгенді. Бұл ретте автордың өзі де: «Әйтеуір не жазсам да, өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырысамын», -дейтін. Айтқанындай-ақ, оның кейіпкерлері «Қайдасын, қасқа құлынымдағы»Орал, «Өліарадағы»Қойшы, «Елең-алаңдағы»Зарлық, «Құм мінезіндегі»Бархан, «Мұзтаудағы»Ақтан-өзіміз күнде араласып жүрген қарапайым замандастарымыз. Бір ерекшелігі-бұл кейіпкерлердегі замандастар бейнесі галереясынан басқаға шатастырмай бірден танитынымыз. Бұл да жазушының образ сомдаудағы өзіндік ізденісінің нәтижесі. Мұның сыры-Оралхан Бөкейдің өз кейіпкерлерінің іс-әрекетіне гөрі, олардың ішкі әлеміне, жан дүниесіне көбірек үңілетіндігінде еді. Олар шетінен арманшыл, қиялшыл болып келеді. Мұның себебі автор шығармалары да кейіпкер ой-толғаныстарын табиғат суретімен астарласып, астасып жатқандығында. Өйткені, табиғаттың төл перзенті адам сол табиғат иесін сезініп-түйсінген кезде оның арманшыл-қиялшыл болмауы мүмкін емес. Кейіпкер болмысын табиғатпен байланыстыра суреттеу арқылы таныту-Оралхан Бөкей творчествосының өзіндік бір қыры. Бұл ретте автор-табиғат жыршысы. Ол-бүгінгі әсем де сұлу өлке, өр де асқар Алтайдың асқақ жыршысы болды!Жазушы шығармашылық толысқан шағында дүниеден қайтты. Оның өскенін, шығармашылығында алтын өзегін тапқан, нағыз реалистік, психологиялық прозаға тән арнаға түскенін «Біздің жақта қыс ұзақ» атты жинағына енген шығармаларынан көреміз. Бұларда да автор өз заманы, замандастары туралы терең толғаныстарға барып, олардың жан дүниесіне үңіліп, адам жұмбақтың ішкі-әлеміндегі жықпыл-қалтарыстарынан ашуға ұмтылады. Оралхан Бөкей-Ұлы Отан соғысы жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілі. Сол бір кездегі алапат-сойқанды өз көзімен көрмесе де, тылдағы ауыр еңбектен қабырғасы қайысып, күрсіне күңірене жіберіп күн кешкен жандармен бірге тыныстап, бірге қиналып дүниеге келген бұл ұрпақтың да жанына соғыс салған жара аз емес. Бүгінде соғыс жаңғырығы алыстап кеткенмен, оның адамдар жүрегіне салған жарасы жазылып кеткен жоқ. Сол жараның қан майданға қатысқан, тылдағы ауыр еңбекке араласқан әрбәр адамның жанын әлі де сыздатып жатқаны анық. Әдебиетімізде соғыс кезіндегі қара жұмыста болғандар еңбегі туралы жазылған шығармалар жоқтың қасы. Оралхан Бөкейдің «Бәрі де майдан» атты повесі осы тақырыпқа арналған. Жазушы драма саласында да өнімді еңбек етті. 1987 жылы «Құлыным менің», «Текетірес», «Қар қызы», «Зымырайды поездар», «Жуа тылындағы бала», «Мен сізден қорқамын» пьесалары республикалық театрларда қойылып тиісті бағаларын алды. Көптеген шығармалары ТМД және шетел халықтары тілдеріне аударылды. Оралхан Бөкейдің шығармалары «Кісікиік», «Сайтан көпір» бойынша көркем фильмдер түсіріліп, «Кербұғы» әңгімесі бойынша балет-спектакль қойылды. 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ»кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.

Бөкей шығармалары:

1. Аспанда ұшќан алты қаз: новелла. - 1972. - № 12. - 24-26 б.

2. Ән салады шағылдар: повестер мен әгімелер. - Алматы: Жалын, 1978. - 280 б.

3. Бес тиын: әгіме. - Алматы. 1985. - 485-491 б.

4. Біздің жақта ќыс ұзаќ: повестер. - Алматы: Жалын, 1984. - 432 б.

5. Қайдасын қасќа құлыным: повестер, новеллалар. - Алматы: Жазушы, 1973. - 200 б.

6. Қамшыгер: әңгімелер. - Алматы: Жазушы. - 1970. - 136 б.

7. Құлыным менің: пьесалар. - Алматы: Өнер. - 1986. - 368 б.

8. Мұзтау: повесть, эссе. новеллалар. - Алматы: Жазушы. 1976. - 256 б.

9. Өз отыңды өшірме: роман. - Алматы: Жазушы, 1981. - 383 б.

10. Үркер: хикаялар. - Алматы: Жазушы, 1971. - 132 б.

11 Үркер ауып барады: повестер мен әңгімелер. - Алматы: Жалын. 1981. - 527 б.

Жазушы еткен жұлдыздың құдіреті ме?. .

Ұлт пен халықты бүтін бір ғасырдың жүгін арқалап туып, сол буырқанған қоғамның шамшырағындай болып алдаспан ғұмыр кешетін таланттар шоғырынан кенде қылмаса да, олардың қатары көп бола бермесі анық. Алыстаған сайын жақындай түсетін, жақындаған сайын биіктей беретін Тәңір сыйлаған тұлпар шабысты тұлғалар жаратылысына жұмбағы көп құбылыс ретінде қарасақ та, шоқжұлдыздай жамырасып олардың бір күнде дүниеге келетіні одан да өткен жұмбақ һәм қызық. Бүгін ұлы Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұртазаның, Оралхан Бөкейдің туған күні. Шығыс жұлдызшыларының айтқанына сенсек, бір шоқжұлдыз астында туған адамдардың табиғатында, мінезінде, тағдырында ерекше ұқсастықтар, айрықша белгілерінің бір-біріне әсері болады екен. Әрқайсысын әдебиетке жетелеп әкелген күш те аспандағы мың сан жұлдыз ішіндегі жалқы жұлдыздың жиып берген құдіреті болуы әбден мүмкін.

Бір дәуірдің перзенттері болғанымен, олардың өмір сүрген кезеңі басқа. Өмірінің соңына дейін әдебиеттің қара қазанын сақұр-сұқыр қайнатқанымен, бір бұлақтан сусындап, бір қаланың ауасын жұтқанымен, олардың қаламының құнары бөлек, жазу әдісі өзінше. Қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгерлері адам туралы ғылым - әдебиетке әр түрлі соқпақпен келді, әр қилы тағдырдың әсерімен қолына қалам алды. Өздері де, туған халқын да алға ұмтылған дәуірдің кемесіне мінгізуге асықтырды. Ұлт пен ұлтты жақындастырып, халық пен халықтың айырмашылығын айқындайтын әдебиет және өнерді алға сүйреу арқылы жететінін жан-жүйесімен сезінгендіктен еріксіз өз кезеңінің көшбасшы ой иелеріне айналды. Ізінен ерген інілері - тегеурінді буынның тегершігі берік белді бір өкілі Шерхан Мұртаза мен әдебиеттің «кербұғысы» Оралхан Бөкей бір кезде Мұхтар Әуезов айтқандай, «толыспаған Толстой», «шалағай Шекспир», «белгісіз Белинскийлердің» бірі болмай, көркем ой мен кестелі тілмен келісті шығармалар тудырып, өз заманының мүддесін өз көксегеніне айналдырып, оның мақсатын өз мұраты еткен, сол үшін де жазушыға ғана тән жанына кіреуке түсірмеген. Шымыр шығармалар жазып қалдырған шебер жазушыларды бағалап, мойындау ұрпаққа сын болса да, олардың жазғандарын әр оқырман өз өре деңгейімен қабылдайды. Ал Абай айтқан «жүрегі айна, көңілі ояу» оқырманның әр кезең мықтыларының пайымын, тереңдігі мен шынайылығын танымауы, сезбеуі мүмкін емес. Өйткені «әр заман шығарманы өзінше оқиды».

Бір күнде туған әдебиет тарландары жазушылық асқақ парызын адал орындауымен ұқсас. «Мен Абайды түн түнегін түрген ай еттім, Абай мені көк жүзінде жарқыраған күн етті» дейтін Мұхтар Әуезовтің Абайды әдебиетке алып келу арқылы ұлы құбылыс тудырғаны сияқты, ақын тілінің мәдениетін меңгерген дара туған дананың Шер-ағаң мен Ор-ағаңның да шығармашылығына тигізген шапағаты мол екені анық.

Бүгін ұлы Мұхтар Әуезовтің 110 жылдық мерейтойы тойланып жатыр, елу жасын да көрмей кеткен өр Алтайдың ұланы Оралхан Бөкей ортамызда жүргенде 64 жасқа келер еді, ал тау тұлғалы Шер-аға 75 жасқа аман-есен жетіп отыр. Ақшамда жұлдыздар жамырап шықса, жақсылықтың үміті оянады . . .

Жолтай Әлмашұлы, жазушы, драматург: Дамыған 50 ел қатарына ең алдымен мәдениетіміз бен әдебиетіміз арқылы кіруіміз керек

- Қазір, жасыратыны жоқ, еліміздегі барлық құрылымдардың өнімдері нарыққа негізделіп, саудаға бейімделіп кеткені рас. Осы орайда, әдебиет пен оның шығармашыл ұжымы нарыққа бейімделе алмай, көзден таса қалып қойған жоқ па?

- Бұған бірден қысқа жауап беруге болады. Әдебиет әлсіреп кеткен сияқты. Осы күні ешкімге кітап та, пьеса да керек болмай қалған тәрізді. Әйтпесе әредік болса да, жақсы кітаптар жарық көріп жатыр. Театрларда тәуір қойылымдар көрсетілуде. Алайда соны кім бағалауда? Өнерге деген іңкәрлік жоқ. Біртүрлі салқындық байқалады.

- Бұл салқындықтың орын алуына ақын, жазушыларымыздың өздері кінәлі секілді. Себебі әдеби басылымдарды ашып қалсаңыз, бір-бірін ғайбаттап, жоққа шығарып жатқан, жүз шайысып, бет жыртысып жатқан жазушыларымыз. Бұрын оларды періштедей көріп, тәңірідей табынатын жұртшылық қазір ақын-жазушылардың пенделік әрекеттеріне күйініп, көрсе сәлем бермейтіндей халге келді. Осыным өтірік пе?

- Мұны жалпы жоққа шығара алмаймын. Бірақ «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей, сондай шетін оқиғалар ақын, жазушыларымыздың бетіне шіркеу түсіреді. Мен өз басым, аға буын өкілдері арасындағы жарасымдылық, бір-біріне ықыластылық, бір-бірін қолдау сияқты әдемі қарым-қатынасты көп көрдім. Көріп те келеміз. Олар бір-бірінің жазған дүниелеріне қызыға қарайды. Үнемі оқиды. Реті келгенде, мақтап, айта жүреді. Мысалы, Т. Әбдік өзінің құрдасы Д. Исабековтің «Тіршілік», «Дермене», «Біз соғысты көрген жоқпыз» деген хикаяттарын «шедевр» дейді. Еш қызғанбай, шын көңілімен айтады. А. Сейдімбектің Ә. Кекілбаевты таңғала, тамсана сөз ететінін үнемі естимін. А. Смайыл қай кезде де Оралхан Бөкей ағасын аузынан тастамайды. Тамсана сөз етсе, ол кісілердің шығармашылығы соған татиды. Мұның еш артықтығы жоқ. Ал біз ше? Біздің толқын, сірә, бір-бірін оқымайды. Сосын не айтсын! Мақтай да, сынай да алмайды.

- Сіз өзіңіз де тұстас қаламгерлердің шығармаларын қалдырмай оқып жүресіз бе?

- Соңғы жылдары өз тұстастарымды қатырып оқып жатқаным шамалы. Бұл шаруада өзім де сол қатарластарымның ар жақ, бер жағындамын. Оған әуелі себеп - достарымның кітаптары қолыма түсе бермейді. Дегенмен Қ. Жиенбайды, Қ. Түменбайды, С. Асылбековті, Ә. Асқаровты, Ш. Әбдікәрімовті, Е. Ашықбайды, Ұ. Есдәулетті, Р. Отарбаевты, Е. Раушановты, Ғ. Жайлыбаевты, Қ. Бегмановты оқимын. Бұлардың қай-қайсысы да талантты. Өзіне тән стилі қалыптасқан қаламгерлер.

- Бұл айтып отырғандарыңыз сіздің кезінде сын жазумен айналысып, көп ізденуге тура келгендігіңізден болар. Сынды тастап кетуіңізге оны әріптестеріңіздің шаншудай қабылдауынан емес пе? Прозаға көшкенде сынаған жандарыңыз өзіңіздің алдыңыздан шығар ма екен деген оймен қойған жоқсыз ба?

- Шамасы, жақсы сыншы бола алмайтынымды ерте сезінсем керек. Сыншы болу үшін мықты білім, ізденіс, жігер, табандылық қажет. Әсіресе тоқтамды пікірге келу үшін оны жан-жақты зерттеп, бұлтартпас фактілермен дәлелдеуің тиіс. Әйтпесе өзгеге де, өзіңе де қиянат. Бұл - сыншыға жүктелер ауыр міндет. Соны ойлап, сыннан кеткенім дұрыс деп шештім. Ал прозаға ауысуым - өзімді осы салада еркін сезінуден. Он тоғыз жасымда «Жалын» журналында шағын әңгімем жарияланды. Ең алғаш әңгімелерімді оқып, университет аудиториясында марқұм Оралхан Бөкей ағам арқамнан қаққан болатын. Ол кісінің бір ауыз жылы сөзі қанаттандырды-ау деймін. Содан кейін әңгімелер жаза бастадым. Әсіресе «Арифметикалық повесть» деген шығармам өзіме ұнаушы еді. Соны кейін жоғалтып алдым. Ол кезде біздің буынның әдебиетке деген ынта - ықыласы зор болатын. Жақсы дүние жазсам-ау деген іңкәр көңіл қай-қайсымызды да баурап жүруші еді. Мықты әңгімеміз, не өлеңіміз баспасөз бетіне басыла қалса, дереу елең ете қалатынбыз.

- Елімізде елуге тарта драма театры бар екен. Сол театрлардың бүгінгі күйі қалай? Көңіліңізді алаңдатпай ма? Қазіргі қазақ драмасына не жетіспей тұр?

- Біріншіден - бүгінгі ұлттық драма театрларының (республикалық, облыстық, т. б. ) бастан кешіп отырған жағдайы сын көтермейді десе де болады. Неге? Өйткені драматург пен режиссер арасындағы байланыс мүлде жоқ. Режиссер драматургті іздемейді, ал драматургтер театрға өкпелі. Өз бетінше елпектеп, режиссердің алдына түсіп, жүгіре бергісі келмейді. Бұл - бір есептен, орынды өкпе. Өйткені театр үшін ең алдымен керегі жақсы жазылған, ұлт үшін аса қажет ойлы пьеса емес пе! Қашанғы шетелге еліктей береміз! Театр үшін тағы бір қиын жағдай - ондағы актерлердің (талантты актерлердің) тұрақтамауы. Өйткені оларға қамқорлық аз, жалақы төмен. Үй-жайы шешіле қоймаған. Сосын барып, олар басқа салаға кетуге мәжбүр. Тойларда асаба болады, басқа бір арзанқол жұмыстарға жегіледі. Обал-ақ! Осыдан кейін ұлт театры қалай өркендемек! Қайтіп көсегесі көгермек!

Екіншіден - ұлттық құндылықтарға деген көзқарас төмендеді. Көркем әдебиет оқылмайды. Өйткені оған шын қамқорлық жоқ. Кітап басып шығару бар да, оны насихаттау бар. Ол ақсап жатыр. Жазушының өз кітабын өзі арқалап жүруі - қорлық. Ұлттың бет-бейнесі болып саналатын тарихы, салт-дәстүрі және тілі шын мәніндегі ұлттық құндылық болып отырған жоқ. Оған көзқарас әртүрлі. Біз әлемдегі дамыған елу ел қатарына ең алдымен мәдениетіміз бен әдебиетіміз арқылы кіруіміз керек. Қай елді алсаңыз да, біз оның ақын-жазушыларын, драматургтерін тану арқылы бағалап жүргеніміз рас қой. Ендеше, қазақ жұрты үшін бұл құндылықтар неге аяқ асты болуы керек?

Үшіншіден - Ана тілінің тағдыры да атүсті айтылумен келе жатыр. Бізге ең алдымен «ұлтаралық тіл» деген мәселені біржола шешіп алмай болмайды. Ол үшін бір ғана тіл үстемдік етуі керек. Ол тіл - қазақ тілі. Оны бәрімізге де (мейлі қай ұлт болса да) міндетті түрде білу керектігі күн тәртібіне мықтап қойылса, шаруа өзінен-өзі жөнге түсер еді.

- Осыдан бірнеше жыл бұрын Түркістандағы Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайында Райымбек Сейтметов «Президенттің жүрегі» деген пьеса қойды. Бастапқыда «Елбасына жағымпазданудың бір амалы болар» деген пенделік ойда болғанымыз рас. Бірақ шығарманың шынайылығы, қойылымның сәттілігі ғажап риза етті. Жақында Астанада режиссер Болат Ұзақов деген жас жігіт «Ғасырдан да ұзақ күн» туындысын жаңа қырынан ғажап көрсете білді. Сіздің де «Бәйтерек басындағы кездесу» деген қойылымыңызды көрдік. Бірақ маған осы шығарма арнайы тапсырыспен жасалған болды-ау деген ойға қалдырды. Мұндай шығарманың ғұмыры ұзақ бола ала ма?

- Мен, жалпы, тапсырыспен шығарма жазғанды ұната бермейтін адаммын. Оның үстіне мені қолпаштап, қолқалап, кім тапсырыс бере қойсын. Алайда осы «Бәйтерек басындағы кездесуді» жазуымның өзіндік бір тарихы бар. Бір жолы сол кездегі қала әкімі Өмірзақ Шөкеев «Осы қала туралы ешкім жазбайды. Жақсы пьеса болса, театрға қойғызар едім» деген пікір айтып қалды. Мен ойланып қалдым. Кейде шығармашылық сенің еркіңе бағына бермейді. Бір айта кетерлігі, бұл драма тек Астана туралы айқайлап жазылған жалаң шығарма емес, мұнда қазақ елінің астаналары туралы да сөз болады. Әсіресе кешегі репрессия сойқаны, сол қиын-қыстау кезеңдегі адамдардың сатқындығы, екіжүзділігі айтылады. Шығармада бүгінгі ұрпақты сондай әдеттен сақтандыру идеясы айтылған.

- Соңғы кездері тың туындыларымызды басқа тілдерге аударып, көршілес елдермен таныстыру жайы сын көтермейді. Сондықтан халықаралық сыйлықтарға, жүлделерге ие болып жатқан шығармаларымыз жоққа тән.

- Бұл шара - шындығында аса қажетті жұмыс. Сол үшін алдымен ең үздік, ең талантты дүниелерді екшей білуіміз қажет. Содан кейін оған қамқорлық қажет. Қазақ тілінде, поэзиялық, прозалық, драмалық жақсы туындылар бар. Ал оны кім аударады? Біз оны әлі ойлап жүрген жоқпыз. Халықаралық сыйлыққа үміткер болу үшін, дәмелі болу үшін ұлт әдебиетін сол халықаралық дәрежеге көтеру мәселесі күн тәртібінен түспегені мақұл. Әйтсе де қу шөппен ауыз сүрте беруге болмас. Өткен жылы Д. Исабековтің бір пьесасы Санкт-Петербургте сахналанды. С. Балғабаевтың пьесасы Қырғызстанда қойылды. Осындай алыс-жақын шетелге шыға бастаған дүниелер болашақта халықаралық сыйлық алып жатпасына кім кепіл?

- Сіздің ойыңызша, тың туындылар мен айрықша талант иелеріне билік басындағылардың қолдауы, қамқорлығы қажет қой. Қырымбек Көшербаевтың Қадыр Мырзалиев, Ақұштап Бақтыгереева, Марат Бисенғалиевке көрсеткендей демеуі бір мезгіл керек деп ойлайсыз ғой?

- Әрине, талант иесі мен талантты шығарма ерте ме, кеш пе, бәрібір ел аузына ілінеді. Ол - даусыз ақиқат. Алайда өз кезінде шын бағасын алуы үшін, бәлкім, биліктің қамқорлығы керек болар. Тарихқа жүгінсек, М. Горкийдің «Ана» романы В. Ульяновтың тікелей айтуымен жазылған. М. Булгаковты И. Сталин әрдайым көтермелеп отырған. М. Шолоховтың «Тынық Донын» да Сталин қатты қолдап, жарыққа шығуына ықпал еткен деседі. Тіпті мемлекеттік сыйлық беруге тікелей араласқан. Фирдоусидің «Шахнамасы» да тікелей қолдаумен жазылған. Мұндай мысалдар өте көп. Тіпті өзіміздің О. Сүлейменовтің «АЗ иЯ» кітабын жазып, басына қара бұлт үйірілген шақта, оны қорғаған да Д. Қонаев болды ғой. Әйтпесе аяғы не боларын кім біледі? Соған қарағанда, әдебиетке қамқор көңіл, ыстық ықылас артықтық етпейді.

Жалпы, сөз реті келгенде айта кетейін, әдебиет пен өнердің өкілдері - қай кезде де жаны нәзік, күйреуік, сәл нәрсеге бола жүрегі жараланып қалатын кісілер. Бұл - олардың ерекше жаратылысы. Ендеше, жаны күйреуік талантқа билік басындағылар қамқор болмағанда, кім қамқор болмақ. Сол қамқор көңіл арқасында дүниеге ең тамаша дүниелер келуі ықтимал. Әйтпесе бәрі де өзімен бірге өледі. Ондай фактілер жетерлік. Оны қай-қайсымыз да жақсы білеміз. Үлкен трагедия міне осы.

- Кезінде социалистік реализм, одан плюреализм, интернационализм, енді келіп еуразияшылдық идеяны қолдаушылар шығармашыл жандардың ішінде кездеседі. Түбінде осылай шөре-шөремен жүріп, ұлттық бет-бейнемізді, бітім-болмысымызды жоғалтып алмаймыз ба? Әлемдік қауымдастыққа немізбен барамыз?

- Ұлтты ұлт етіп тұрған алдымен менталитеті. Сол менталитетін жоғалтса, ұлт бейнесі де өзгереді. Ал енді ұлт болмысы, ұлт тарихы, ұлт дәстүрі, ұлт тілі - мұның бәрі де жай сөз емес. Осының қай-қайсысы да ұлт үшін маңызды. Ақын-жазушылар сол үшін күреседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөкеев Оралхан (1943-1993 жж.)
Атау кере шығармасын талдау
Бөкей Оралхан
Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы
Оралхан Бөкей әңгімелерінің ерекшелігі
Бөкеев қаламынан туған шығарма тізімі ұланғайыр
Оралхан Бөкеевтің шығармаларына талдау
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Оралхан Бөкей шығармаларындағы түс көру құбылысы
Әдеби тіл және жалпыхалықтық тіл жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz