Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық саясаты


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАСЫ . . . 5

1. 1 Әлемдік экономиканың дамуының тенденциясының анализі . . . 5

1. 2 Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселесі . . . 8

2 ҚР Индустриялық-инновациялық ДАМУ САЯСАТЫ . . . 13

2. 1 ҚР индустриялық-инновациялық дамуын жүзеге асырудағы негізгі бағыттары, приоритеттері . . . 13

2. 2 ҚР индустриялық-инновациялық даму жолында кезігетін қиындықтар және оларды жеңу жолдары (2003-2015 стратегия) . . . 21

2. 3 Индустриялы-инновациялы даму перспективасы . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 37

КІРІСПЕ

Қ. Р-ның инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк - экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.

Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi. [1]

Қазіргі таңда әр елдің экономикасы тек оның инновациялық дамуы арқылы ғана дами алады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) қабылданды. Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық саясаты” деп алынды.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi елiмiз үшiн индустриялы-инновациялық даму бағдарламасының және инновациялық саясаттың маңызы мен оны дамытудың iс-шараларын қарастырып, оның еліміздің ұлттық экономикасына қосар үлесін анықтау болып табылады.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы әлеуметтiк - экономикалық дамуда ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау және экономиканың сервистiк-технологиялық дамуы үшiн инновациялық қызмет ең қажеттi болуынан.

Курстық жұмысты жазудағы мiндеттерге келесiлер жатады:

  1. Инновация ұғымын ашып және оның жiктелуiн қарастыру; ;
  2. Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
  3. Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi индустриялы-инновациялық дамудың маңызының ерекше екенiн анықтау;
  4. Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны қолдау шаралары.
  5. 2003-2015 жылдарға арналған инновациялық стратегияның мақсаттары мен мiндеттерiн қарастырып, оның даму жоспарындағы негiзгi бағыттарды көрсету болып табылады.

Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициял қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.

1 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТТІК ҚАБЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1. 1 Әлемдік экономиканың дамуының тенденциясының анализі

Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.

Инновация дегеніміз - бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа түрде жақсартылған технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.

Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады: [2, 29 бет]

  1. инновация - интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация - бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
  4. инновация - экономикалық өсу факторы ретiнде.

Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.

Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.

Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.

Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі. [1]

2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет ” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы ғылыми - техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк - АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады. [3, 34 бет]

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та - 4 ай, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай.

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. Ол шама 1991жылы -2587 кәсiпорын, 1992 ж. -9678 кәсiпорын, 1996 ж. -13722 кәсiпорын, 2000 ж. -20796 кәсiпоырн.

Ал Оңтүстiк Корея Республикасының ғылым мен техниканы соңғы 30 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60- жылдарының ортасында қолға алды. 1967 жылы басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын “Ғылым және технология Министрлігі” құрылды және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы” Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланды.

Финляндияға келетiн болсақ бұл ел 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3, 5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет “Ұлттық инновациялық жүйені” құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды. [4, 57-58 б. б. ]

Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай болып келедi.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.

- Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.

- Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк негiзде субсидиялар бөлу;

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау

- Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде жалпы ішкі өнімнің (ЖIӨ) үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар.

Индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған елдерiне ауысуда.

1. 2 Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.

Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорлары қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда. Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының дамуы соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда. Сонымен қатар ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық сервистік-технологиялық даму сатысына мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда. Бүгiнгi таңда Қазақстанды ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды. Ал Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. [5, 21 бет]

Стратегиялық тұрғыдан алғанда Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады.
Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтiк салада сапалы өзгерiстер жүргiзу керек. Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi әлеуетiн шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдаяттың өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.
Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт тө мендеуiнiң зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды. Онда мұнай мен түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен тыс асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады.

Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстанда өнеркәсiптiң өңдеушi салалары және өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар дамымай отыр.

Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, өнiмдi тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде.

Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:

экономиканың шикiзат бағыттылығы;

әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;

өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң тө мендiгi;

iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;

өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;

мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;

кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;

ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

ЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;

отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң тө мен болуы;

мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;

экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;

менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында. 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29, 7 % құрады. Бiрқатар салаларда негiзгi құралдардың нақты тозуы 50 % және одан астам деңгейгежақындауда. Қазiргi уақытта қолданылып жүрген кәсiпорынның қарауында қалған пайда есебiнен негiзгi құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртiбi моральдық тұрғыдан ескiрген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгiлi бiр дәрежеде тежеушi болып отыр. [5]

Негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi 1999 жылы - 8 %, 2000ж. - 13, 8 % құрады. Мұндай өсуге мұнай және табиғи газ өндiруге инвестиция салу есебiнен қол жеткiзiлдi.

Негiзгi құралдар құрылымында аса тозғандары - машиналар және жабдықтар. Олардың тозу дәрежесi 2000 жылы 42, 1 % құрады. Көлiк құралдары - 41 %, ғимараттар 36, 5 % тозған. Мұнай өндiрумен және металдарды өндiрумен байланысты емес салаларда жабдықтың тозу дәрежесi соңғы үш жылда 45 %-тен 62 %-ке дейiн құрады. Өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарында толықтай тозған машиналардың, жабдықтардың және көлiк құралдарының үлес салмағы 12 %-ке жеттi. ұл жабдықтың шығарылу жылына қарай және моральдық тұрғыдан алғанда ескiруiне, ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң тө мендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2, 8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0, 22-0, 3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0, 4-0, 6, Канада мен Қытайда - 0, 8-1, 2 киловатт сағатты құрайды

Қазақстанда қаржы ресурстары бар, алайда банктер үлкен қауіп-қатер болуына байланысты операцияларға бара алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат
Экономиканы дамыту шығындары
Инновация экономикалық дамудың негізі ретінде
Ұлттық экономиканы жоспарлаудағы қазіргі көзқарастар мен басым бағыттары
Қазақстан Республикасындағы индустриялы-инновациялық даму
Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту
Индустриалды даму
Рыноктық экономикадағы инновация
Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты
Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz