Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары және олардың дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 7
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 11
1. 1. Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны және
олардың құрылымы 11
1. 2. Банктің меншікті қаражаттары: құрылымы, олардың
қалыптасуы және пайдаланылуы - 12
1. 3. Пассивтік несиелік операцияларының түрлері 17
2. Қ. Р-ДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ ІСКЕ АСЫП ЖАТҚАН ТӘЖІРБИЕСІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ («КАЗКОММЕРЦБАНК» МЫСАЛЫНДА) 21
2. 1. Банктің ресурсты қорын бағалау - 21
2. 2. Казкоммерцбанк капиталдың халықаралық нарығындағы рөлі 38
2. 3 Казкоммерцбанкінің міндеттері, мақсаты 46
3. ҚР-ДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕНГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 59
3. 1. ҚР-да екінші деңгейлі банктердің пассив операцияларының
даму болашағы 59
- Дамыған мемлекеттің екінші деңгейлі банктердің валюта және төлем жүйесін реттеу әдістері64
ҚОРЫТЫНДЫ 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---73
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР 74
КІРІСПЕ
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды және бөлектелмейтін құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы, тауар өндірісі және айналымы бірдей жүреді және тығыз қиылысады. Банктер ақша есеп айыруларын жүргізе асыра отырып, шаруашылықты несиелей, капиталды қайта болуда делдал бола отыра өндірістің жалпы тиімділігін барынша көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсіміне ықпал жасайды.
Дамыған тауарлы және қаржылық нарық жағдайында банктік жүйенің құрылымы шұғыл күрделіленеді, қаржылық мекемелердің жаңа түрлері, клиенттердің қызметін атқарудың жаңа несиелік құралдары мен әдістері пайда болды. Республикада қалыптасқан жаңа шаруашылық жүйесі үшін шетелдегі банктік топтың тәжірибесі үлкен қызығушылық танытады. Әкімшілік-басқарушылық және жоғары монополданған мемлекеттік банктік құрылымды жеке және ұжымдық меншікке негізделген динамикалық, жұмсақ және коммерциялық табысқа, пайда алуға бағытталған несиелік мекемелер жүйесіне көшуі жетілдірілу үстінде. Банктер өздерінің активті операцияларын жүргізу үшін ақша ресурстарына барлық қажеттілігінің 70 %-тен жоғарысын тартылған ақша құралдары есебінен қанағаттандырады. Бұл қаржылардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды, яғни, жеке тұлғалар және компаниялардың - клиенттердің банктерге түсіріп, ондағы шоттардағы сақталудағы және банктік заңдар және шоттардың ережелеріне сәйкес қолданылатын ақша құралдары.
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтылылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуеклдерін, төмендетуге көмектесті.
Бос ақша құралдарды тартудың күрделілігі бұл кейбір мемлекеттік кәсіпорындар және коммерциялық құрылымдардың меншікті қаржыларының бос қорларды сақтау үшін орындар іздеу емес, тіпті олардың ағымды қызметінің қажеттіліктерін қамтамасыз ете бермейді. Аталғандарға байланысты банктік шоттарға сырттан ақша құралдарын тарту ісіндегі басымдылық ретінде банктегі депозиттік шоттардағы ақшаларын сақтағаны үшін пайыз түрінде сәйкес сыйақы алып отыратын жеке тұлғалар болған дұрыс. Бірақ банктерге бұл құралдарды қолданғаны үшін алынатын пайданың депозиттер үшін пайыздар бойынша төленетін шығындардан артатындай деңгейде басқарулары қажет.
Дипломдық жұмыстың «Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары және олардың дамуы » атты тақырыбы Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі және ондағы АҚ Казкоммерцбанктің дамуының актуалды проблемаларының бірі болып саналады.
Қазіргі кезде банктерде ұлттық қорды құра отырып, біз қорланудың мақсатты саясатын жүргіздік.
Бұл қорды құру керек пе, әлде қаржыны баршаға аз- аздап үлестіреміз бе дегенге орай қаншама талас жүргенін сіздер жақсы білесіздер. Қазіргідей бюджетке алымдар 20%-қа төмендеген кезде зейнетақы және жалақы төлеумен не істер еді?
Жақсы уақытта осы қорды құра отырып, біз дұрыс істедік. Өзінің ертенгі күні туралы ойлайтын мемлекеттер осылай істеуге тиіс.
Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субьектілеріне 275 миллиард тенге көлемінде бұрын- соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды.
Банктік шоттарда халықтың ақша құралдарын тарту мәселесінің актуалдығы - жеке тұлғалардың өз бос қаржыларын банктік шоттарда орналастыруға әлі де болса ұмтыла қоймайтындығында. Бұған себептердің бірі: бұл халықтың бір бөлігінің әлі де болса банкке сенімсіздік танытумен қалыптасып қалған консервативті психология және банктік ставкалардың белгілі деңгейде төмендігі. Бұл себептерді шарттаған жағдай бұл нарықтық экономиканың дамуы, оның қалыптасуындағы алғашқы жолдары көптеген қиыншылыққа кездесті: дәлденген, қалыптасқан жинақ жүйесі жойылды, бұрынғы салымдар құнсызданды, клиенттер өздерінің көп сомадағы жинақтарын жоғалтты, ал нәтижесінде - банктік жүйеге, сонымен қатар бүтін үкіметке сенімсіздікке ие болды.
Қазақстанның АҚ Казкоммерцбанкі нарықтық қатынастардың жаңа жағдайында өзінің басымды мақсаттарының бірі ретінде өз салымшыларын сақтап қана қоймай, сонымен қатар оларды ұдайы көбейту арқылы Халықтың сенімін қайтадан жеңіп алу саясатын ұстану үстінде.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып - Халықтың ақша құралдарын тарту саясатында Қазақстан Республикасының банктік қызметін зерттеу саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімі банктік ресурстардың табиғаты, мәні және олардың басқару теориясы мен саясатына арналады, аналитикалық бөлімде « Казкоммерцбанк » ресурстарды басқару деңгейіндегі басымдылықтар және олардың шарттары мен себептері талданады. Жобалау бөлімінде банктердің тартылған ресурстарын басқарудағы оңтайлы бағыттарды таңдау және қаржыларды тиімді орналастырудың альтернативалары қарастырылады. Банктердің депозиттік саясатын жетілдіру, олардың дамуының деңгейін көтеру, әлемдік қаржылық институттар нарығында бәсекелес қабілеттігін күшейту бағыттарын жетілдіру жағдайлары жөнінде қортындыланады.
Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайтылады.
Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өседі.
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам еді. Ұлттық ақша бірлігін енгізу қазіргі кездегі отандық банк жүйесінде қол жеткен экономикалық табыстардың негізін қалады.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үрдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді. Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша нарығында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Қазақстан макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін монетарлық факторлардың арқасында тұрақтылыққа жетті. Ұлттық банктің қазіргі күні жүргізіп отырған ақша-несие саясаты инфляцияның болжалды деңгейін ұстап тұру үшін ақша-несие саясаты шараларының тиімділігін арттыру, валюталық реттеу мен бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің жоғары технологиялық деңгейде жұмыс істеуі, тұтастай қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешуге бағдарланған. Осы міндеттерді шешу мақсатында қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай-күйіне әсер етуін одан әрі күшейту, ақша-несие саясатының әр түрлі құралдары бойынша ставкаларды келісу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда. Бұл ретте қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерильдеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері болып қалады.
Қаржы секторының тұрақтылығы мен тұрлаулылығына қажетті жағдайлар туғызу міндеті арнайы орган Қаржылық қадағалау агенттігіне жүктелгеннен бері Ұлттық Банктің басты мақсаты - инфляцияны қалыпты деңгейде ұстап тұру болып табылады. Осы орайда Ұлттық банкке елімізде бағаны тұрақтандыру жөніндегі барлық өкілеттік берілді. Ақша-несие саясаты және қаржы секторын дамыту саласында Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі күш-жігері инфляциялық үдерістерді реттеудің тиімділігін арттыруға және қаржы секторын дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұлттық банк экономиканың «қызып кету» қаупін бәсеңдету және соған сәйкес экономикада инфляцияның ұлғайып кетуіне жол бермес үшін ақша-несие саясатын қатайта түсуді көздеуде. Ұлттық Банк деректеріне сүйенсек, жылдық инфляция 2007 жылғы желтоқсан мен 2006 жылғы желтоқсан аралығы 8, 4% болды. Орташа жылдық инфляция 2007 жылға арналған жоғары бағалар сценарийі бойынша (6, 9-8, 5%) мақсатты болжамнан шамалы көтеріле отырып, 8, 6% болды. 2008-жылы инфляциялық дәліз 7, 3- 8, 3% құрайды деп болжануда. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төмендетуге қол жеткізу қажет, яғни Ұлттық Банк ақша-несие саясатын елдің экономикалық өсімімен байланыстырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре ұлғайтудың дәйекті саясатын жүргізуі тиіс. Бұл мақсатта Ұлттық Банк ақша-несие саясатының трансмиссиялық механизмін қолданады. Оның құрылымы макроэкономикалық өзгерістер тізбегі арналарынан тұрады, атап айтқанда пайыздық ставка, валюта бағдары, ең төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа мерзімдік құнды қағаздар шығару көлемі, ашық нарықтағы операциялар және т. б. Бірақ бұл трансмиссиялық механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның бұлжымас біртұтас құрылымы бар деген сөз емес. Қатып қалған заңның болмайтыны секілді, экономиканы да нарық белгілейді. Соған қарай трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай реттеп отыратын тағы да бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк ұлттық экономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы арнасын жасайды. Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принциптеріне өтуге дайындық аясында өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол механизм ақша-несие саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы Ұлттық Банк саясаты валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған. 2007 жылы Қазақстанда валюталық режімді ырықтандыру үдерісі аяқталып, ұлттық валюта қызметінің жаңа кезеңі басталды. Өткен 2006 жылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеуді кейіннен алып тастау және ұлттық валютаның толық конвертациялануы қағидатына көшу үшін жағдай қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, валюталар есебінде, сыртқы активтердің оңтайлы құрылымына қатысты мәселеге талдау жүргізіп, шешуі керек. Бұған қоса қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет етудің түрлі нұсқаларын жасай отырып, қаржы дағдарысы туралы ерте бастан хабардар етудің жүйесі болғаны жөн.
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
1. 1. Пассивтік операциялардың экономикалық мазмұны және олардың құрылымы
Банктің пассивтік операциялары деп пассивтік шоттардағы ақшалай қаражаттардың көбеюін айтады.
Пассивтік операциялар коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рөл атқарады. Пассивтік операциялардың көмегімен банктер нарықтағы несие ресуртарын сатып алады.
Коммерциялық банктерде пассивтік операциялардың төрт нысаны бар:
- Коммерциялық банктерді бағалы қағаздарды алғашқы шығаруы
- Қорлардың көбеюіне немесе қалыптасуына банк пайдасынан аударымдар
- Басқа заңды тұлғалардан несие қабылдау
- Депозиттік операциялар
Пассивтік операциялар айналымындағы ақша қаражаттарын банкке таратады. Жаңа ресурстар банктік жүйемен активті несиелік операциялардың көмегімен құралады. Алғашқы екі пассивтік операциялардың көмегімен алғашқы ірі несиелік ресурс құралады - меншікті ресуртар. Келесі екі пассивтік операциялар екінші ірі ресуртар тобын құрады - қарыз немесе тартылған несиелік ресуртар. Банктің меншікті қаражаттары банктік капиталды және соған тең баптарды білдіреді. Коммерциялық банктердің меншікті қаражаттарының рөлі мен мөлшері басқа қызметтермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекшеленеді. Себебі, банктер жалпы қажеттіліктерінің 10 % - н меншікті қаражаттар есебінен жабады. әдетте мемлекет банктерге меншікті және тартылған қаражаттар ара қатынасының ең төменгі шегін белгілейді.
Банктің меншікті ресуртарының маңыздылығы оның тұрақтылығын сақтауда.
Банктің алғашқы құрылу кезеңінде осы меншікті қаражаттар банктің бірінші кезектегі шығыстарын жабады. Меншікті қаражатсыз банк өздерінің қызметін бастай алмайды. Банктер меншікті қаражаттар есебінен өздеріне қажетті қорларын құрады. Меншікті ресуртар ұзақ мерзімді активтерге салымдардың негізгі көзі болып табылады. Әртүрлі банктердің акционерлік капиталының құрылымы біртекті емес. Акционерлік капитал үшке бөлінеді:
а) артық капиталдан және бөлінбеген пайдадан, артықшылықты акциялардан, жай акцияны эмиссиялаудан алынған ақшалардан тұратын акционерлік капитал;
б) болжанбаған жағдай резервінен дивиденттерді төлеу резервінен, өтелмеген қарызды жабу резервтерінен тұратын банктік резервтер
в) ұзақ мерзімді банк міндеттемелері (ұзақ мерзімді вексельдер, облигациялар) .
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялардың, әсіресе несиелік операциялардың жүзеге асуына қажетті ақшалай ресурстардың 90 % - ң орынын толтырады. Олардың рөлі өте жоғары. Коммерциялық банктер несиелік ресурстар нарығындағы заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдыру арқылы олардың көмегімен ақшаның капиталға айналуына көмектеседі, тұтыну несиесіндегі халық қажеттілігін қамтамасыз етеді, қосымша айналым қаражатындағы халық шаруашылық қажеттілігін қанағаттандырады.
Дебеттік қалдық мөлшері банктің бос резервтер көлемін көрсетеді (активтік операцияларға және салынбаған мөлшері) .
1. 2. Банктің меншікті қаражаттары: құрылымы, олардың қалыптасуы мен пайдаланылуы
Банктің меншікті қаражаттары - бұл банктің экономикалық дербестігін және жұмыс істеу тұрақтылығын қамтамасыз ететін әртүрлі бағыттағы қорлар жиынтығы.
Меншікті қаражаттар өзіне мыналарды қосады: жарғылық қор, банктің арнайы қорлары, негізгі құрал - жабдықтың тозуы, экономикалық ынталандыру қорлары, әлеуметтік және өндірістік дамуға пайдадан банкпен бағытталған қаражаттар, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қорлары, өткен жылдардағы және ағымдағы жылдардағы пайда, банктің бөлек операцияларының тәуекелдігін жабу үшін құрылған резервтік қорлар. Меншікті қаражат үлесіне банк пассивінің жалпы сомасының 12 - 20 % - і келеді.
Банктің меншікті қаражаттарының құрамынан меншікті капиталды бөліп қарау керек. Меншікті капиталдың құрамына - жарғалық қор (капитал) ; құрылтайшылық пайда; жалпы тәуекелдікке заңды түрде құрылатын резервтік қор, өткен жылдан қалған бөлінбеген пайда.
Меншікті капитал үш қызметт атқарады: қорғаныс, оперативтік, реттеу. Қорғаныс қызметі салымшылар мен несиегерлерді қорғауды білдіреді; сонымен қатар, банк банкротқа немесе залалға ұшыраған жағдайда өтемақы төлеу мүмкіндігі; оның құрылған резервтері есебінен төлемге қабілеттілігінің сақталуы; пайда болатын залалдан тәуекелсіз банк қызметінің жалғасуы. Бұл меншікті капиталдың басты қызметі. Оперативтік қызметі - банк қызметінің қаржылық негізін қамтамасыз ету. Бұл активті операциялар үшін негізгі ресурстар тартылған қаражаттар болғандықтан екінші деңгейлі болып табылады. Бұл қызметте банктің меншікті капиталы активті операциялардың баламалылық базасының өсуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал банктің міндеттеріне сәйкес банктік операциялардың көлемі мен сипатын сақтайды.
Меншікті капиталдың реттеу қызметі банктердің ойдағыдай жұмыс істеуіне қоғамның ерекше мүдделілігімен, сонымен қатар орталық банктерге коммерциялық банктердің және басқа несиелік мекемелердің қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік беретін заңдармен және ережелермен байланысты. Бұл ережелер банктік қызметке қажетті лицензия алу үшін, несиені (тәуекелдің) бір қарызгерге шаққандағы шекті сомасын алу үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін сақтауды талап етеді.
Осыған сәйкес, банктің меншікті капиталы банктің орнықтылығына және оның жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуде жоғары мағынаға ие болады. Меншікті капитал акционерлік (үлестік) капитал түрінде банктің алғашқы кезеңінде қажетті. Ол кезде құрылтайшылар банктің оларсыз жұмысын бастай алмайтын бірінші кезектегі шығыстар тізімін құрады. Банктің меншікті қаражаттарының маңызды элементі болып жарғылық қор (капитал) табылады. Жарғылық капитал (қор) - мөлшері банкті құру туралы құрылтайшылық шартпен анықталатын және банктің жарғысымен бекітілетін капиталдың ұйымдық - құқықтық формасы. Жарғылық капитал акцияларды шығару жолымен (акционерлік банктер) немесе үлестік жарнамаларды аудару (үлестік банктер) жолымен құралады. Жарғылық капиаталдың сомасы заңмен шектелмейді. Банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталық банк оның төменгі аз мөлшерін бекітеді.
Банктің жарғылық капиталы баланстың пассивінде көрсетіледі және үшінші тұлғамен шығарылған және нарықтық баға белгіленімі бар ақшалай жарнамалармен, материалдық және материалдық емес активтермен, шетел валютасымен және бағалы қағаздармен қалыптасады. Коммерциялық банктердің жарғылық капиталындағы материалдық активтердің үлесі алғашқы екі жыл жасаған қызметтерінде 20 % - тен жоғары болмауы керек. Одан кейінгі материалдық активтердің үлесі ғимараттың құнының есебінсіз 10 %- тен жоғары болмауы тиіс, материалдық емес активтердің үлесі - 1%. Жарғылық капиталға төлеуге материалдық және материалдық емес активтерді еңгізу кезінде мынаны есте сақтау керек: лицензиямен және заңмен анықталатын банктың қызметіне тікелей пайдаланытын активтер ғана қабылданады. Сонымен қатар, көрсетілген активтердің бағасы банктің акционерлерінің (үлескерлерінің) жиналысының хаттамасымен бекітілуі тиіс.
Егер коммерциялық банк үлестік жарнама ретінде құрылса, онда жаңа қатысушыларды қабылдау банктың үлескерлерінің көбінің келісімімен жүзеге асады, ал капиталдың көбеюі үлескерлерімен қосымша жарналарды енгізу шараларымен жүргізіледі.
Акционерлік банктің жарғылық капиталы акцияларды шығару жолымен қалыптасады және келесі талаптарымен реттеледі. Біріншіден, коммерциялық банкпен шығарылған барлық акциялар шығарылған мөлшеріне, инвесторлар мен банк - эмитенттің (ашық және жабық акционерлік қоғам) қызмет формасына тәуелсіз мемлекеттік тіркеуге жатады. Екіншіден, жазылудың өткізілу мерзімі анық болуы тиіс. Акцияларды өткізу тіркеуден кейін аяқталуы тиіс:
- алғашқы шығарылатын акциялар үшін - тіркелгеннен кейін 30 күннен кем емес;
- қайта шығарылған акциялар үшін - тіркелгеннен кейін 6 айдан кем емес.
Банктің жарғылық қорының (капиталының) көбеюі акционерлердің (үлескерлердің), болмаса, банктің Кеңесінің жиналысының шешімі бойынша, егер оларға осындай құқықтар табысталған болса ғана жүргізіледі. Үлестік банк жарғылық капиталдың көбеюі туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бас басқармасына қабылданған шешім туралы хабарлайды және үлестік жарнамалардың шоғырлануын жүргізеді. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін банк жарғылық қордың көбейгендігін тіркеуге өтініштерін үлескерлердің тізімі және әр үлескердің үлестік жарнасының сомасы жазылған коммерциялық банктердің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бас басқармасына хат жібереді. Жарғылық қорды азайту туралы үлескерлердің жиналысының шешімі кезінде тіркеу тәртібі сол күйінде қалады. Акционерлік қоғам жарғылық қорды көбейту туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің тіркеуіне тиісті эмиссия анықтамасын дайындайды. Эмиссия анықтамасын тіркегеннен кейін және ашық үлгідегі акционерлік банктерге жарияланғаннан кейін коммерциялық банк акцияларды сатуды жүргізуге құқылы болады. Бұрынғы шығарылған акциялардың шығарылғандығы туралы есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкілерімен бекітілгендігін есте сақтау керек. Жарғылық капиталдың көбеюі акционерлік банктің немесе үлескерлердің қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Және де оның меншікті қаражаттарының есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін. Жарғылық капиталдың көбеюіне жұмыс жасайтын коммерциялық банктер мыналарды бағыттауы мүмкін:
- банктің резервтік қорынан алынған қаражаттар, егер олардың мөлшері капиталдың 10 % төлеген сомасынан асып түсетін болса;
арнайы қорлардың қаражаттары;
- жыл қортындысы бойынша экономикалық ынталандыру қорының пайдаланылмаған қаражаттары; табыс салығы және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі банктің әлеуметтік және өндірістік дамуына бағытталған, белгіленген тәртіп бойынша еңбек ұжымы мүшелерімен бөлінген экономикалық ынталандыру қорының қаражаттары есебінен банкпен алынған негізгі қаражаттар:
- есепті жылдың соңындағы несиелік қалдықтың меншікті қаражаттардың валюталық бөлігін қайта есептеуден түскен 50 % мөлшеріндегі қаражаттар;
- есептелген, бірақ банктің акционерлеріне төленбеген дивиденттер. Бұл қаражаттар бюджетке салықтарды төлегеннен кейін және акционерлердің келісімімен капиталдандыруға пайдаланылады.
- өткен жылдың қорытындысы бойынша бөлінбеген пайда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz