Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.1 Шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысын ұйымдастыру ... 4
1.2 Шаруашылық жүргізудің әртүрлі меншік формаларының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
2.1 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық жұмысының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13
2.2 Кәсіпорынның қаржысын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Қолданылған әдебиеттер тізмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ
Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жургізу — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет кәрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жүргізу қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қаржы жұмысын жүргізуші мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмір суруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жүргізуші ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономикалық қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорынның шаруашылық қаржысын жүргізу қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстык қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2001 ж.
2. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
3. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М. «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.
4. Лисицын Н.А. и др. «Экономика , организация и планирование промышленного производства» - Минск: Высшая школа, 1990.
5. Власова В.М. и др. «Основы предпринимательской деятельности»-Москва.: Финансы и статистика, 1996.
6. Гамрат- Курек Л.И. «Экономическое обоснование дипломных проектов» -М.: Высшая школа , 1985.
1. К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2001 ж.
2. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
3. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М. «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.
4. Лисицын Н.А. и др. «Экономика , организация и планирование промышленного производства» - Минск: Высшая школа, 1990.
5. Власова В.М. и др. «Основы предпринимательской деятельности»-Москва.: Финансы и статистика, 1996.
6. Гамрат- Курек Л.И. «Экономическое обоснование дипломных проектов» -М.: Высшая школа , 1985.
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
Шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысын ұйымдастыру ... 4
1.1
Шаруашылық жүргізудің әртүрлі меншік формаларының
1.2 сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.1Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық жұмысының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2Кәсіпорынның қаржысын басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
Қолданылған әдебиеттер тізмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ
Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жургізу — бірыңғай қаржы
жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның
орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес
игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі
қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет кәрсетеді. Елдегі
ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін,
өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін
алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі,
бастапқы бөлігі болып табылады.
Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жүргізу қаржы жүйесінің сферасы
ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда
материалдық және материалдық игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші
субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы
ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қаржы жұмысын жүргізуші мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар
ақша қатынастарының өмір суруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен
байланысты.
Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жүргізуші ақша нысанында
ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және
экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін
тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар
мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық
шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті,
экономикалық қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық
жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін
емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік
қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің
тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Кәсіпорынның шаруашылық қаржысын жүргізу қоғамдық пайдалы қызметтің
сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік,
жабдықтау өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау
қызметін, халыққа тұрмыстык қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-
коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім,
медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындардың фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың,
салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың шаруашылық аралық,
салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын
кіріктіреді.
1. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысын ұйымдастыру
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-
экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ
сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың
негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына
және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын
қосалқы категорияға - жалпы "қаржы" категориясы сияқты оның функцияларын
орындайтын шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысын ұйымдастыру біріктірудің
мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу
және қылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының
ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде
өндірілген онімнің құны белгіленген экономикалық нормативу (салық
мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардын нормалары, несие үшін пайыз)
негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс
процесінде құнды бөлу және қайта белуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар
мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп болу қаржының ұдайы
өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша
қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы
сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім
өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде,
белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір
мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған
меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша
тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда
бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс
кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім - ақша алуы және оны өндірістің
жұмсалынған қаражаттарын өтеуге жене таза табысты (пайданы) жасауға
пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу
ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс
қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік
мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды
қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізудің қаржы жұмысның негіздері бақылау функциясы
кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз
шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізудің
қаржы жұмысның негіздері ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа
субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара
қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізудің қаржы
жұмысның негіздері арасындағы өзара қатынастарда бақылау жетқізілім
тауарларға, қәрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу
кезінде болады. Қаржы-кредит органдарыменө іс-әрекет кезінде бақылау бюджет
алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және
қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан
қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізу
мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
✓ басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім
өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру,
материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде
айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа
кәсіпорыңдардың мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау,
олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде,
коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);
✓ өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді,
сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну орынан
қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің
қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы
ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
✓ мемлекетпен - бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру
кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-
ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын
қалыптастырғанда;
✓ банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу,
оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша
пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін
бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске
асады);
✓ сақтық органдарымен - мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және
коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
✓ жоғары ұйымдармен - ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы,
табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер
бойынша және басқалары);
✓ құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық
капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу
кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір
бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады)
және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы
қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан,
қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты
ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді
атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты
арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды
қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың
пайда болуы. Өндірістік капиталдар - бұл өндірістің серпінді элементі, олар
өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн
нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген
мезетінде өндірістік құралдар материалдық - заттай және ақша нысанында
болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету
мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі
болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жургізу қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер кәрсету)
өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды
жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды
айтады.
Шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларының сипаттамасы құрамына
материалдық өндірістің барлық кәсіпорыңдары және нарықтық экономика
жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын
өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.
Шаруашылық жүргізудің сипаттамасы – кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар,
компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар
(бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі
белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша
айырудын негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі
мүмкін.
Межелеудің ец жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет
сфераларының біріне - материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес)
сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының
кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын
материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалган өнімнің
бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) түтынылады,
басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да
бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің
нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, шеттегідей, оларды тұтыну
процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл
сфералардың қаржысын ұйымдастыруға қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер
құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де,
сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру - қорларымдарды,
табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.
Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысыңда өндірістік босалқы
қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес
сфераға сипатты емес бірқатар процесстердің қозғалысымен
байланыстылары елеулі орын алады.
Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші қаржылық қызметінің
сипаты - коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.
Коммерциялық жане коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға
ұғымы анықталады. Заңи тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел
басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері
бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және - мүліктік
емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта
талапкер және жауапкер бола алады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді кездейтін
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым)
ұйым заңи тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және
заң құжаттарында көзделген озғе де нысанда құрылуы мүмкін және ол
кәсіпкерлік қызметпен өзінің іжарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана
айналыса алады.
Сыныптаудың бұл белгісіне қатысты қаржыны ұйымдастыру қызметті
қамтамасыз етудің түрлі қағидаттарына: коммерциялық есепке немесе белгілі
бір деңгейде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қажеттіліктерін жабатын
бюджеттік қаржыландыруға есептелген. (егер мекеме коммерциялық және
коммерциялық емес қызметті ұштастыратын (үйлестіретін) болса, онда бұл
қызмет тиісті қаржлық зардаптарға ұшыратады: мұндай қызметтің өзін-өзі
қаржыландылуын ұйымдастыру, салықтар мен басқа міңдетті төлемдерді төлеу,
алынған табыстарды немесе пайданы болу. Коммерциялық қызметтің мақсаты
табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы
кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен
мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.
Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару,
қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру, құқық
тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, деннсаулық сақтау мен білім
берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым
коммерциялық емес секторда отыр. Коммерциялык емес қызмет табыс (пайда)
алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.
1.2. Шаруашылық жүргізудің әртүрлі меншік формаларының сипаттамасы
Шаруашылық жүргізудің маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына
тиістілігі (қатыстылығы) болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан
Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және
мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес
заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің
айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып
ажыратылады.
Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-
құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі
шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:
1. Мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның
ішінде:
▪ республикалық - Қазақстан Республикасының экономикалық және
әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;
▪ коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар - тиісті аумақтың халқының
әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі
міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.
2. Заңи тұлгалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі
тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар,
кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
3.Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.
4. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен
азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
5. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
6. Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы
аралас кәсіпорындар.
Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субъектілерінің
құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші
субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін
ажырата білген жөн. Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік
нысанымен - мемлекеттік, жеке (әр түрлілігімен) меншікпен анықталады.
Мөлшері бойынша кәсіпорындар және кез келген нысан шагын, орта және үлкен
болуы мүмкін. Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын
кәсіпорындарының өндірістік және үй шешуге мүмкіндік беретін тиімді
құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталаңдыру мақсатында параметрлері
анықталуы мүмкін.
Жалпы меншіктің әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ
қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық
мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір
ерекшеліктерін, мүліктік жауапкершілік сипатын және осымен байланысты
болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.
Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты
белуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.
Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысаны жарғылық капиталды
жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеудің критерийлері
мыналар болып табылады: меншіктің түрі, меншіктің субъектісі, мүлік иесінің
мүліктік жауапкершілігінің сипаты (толық, шектелген, қосымша) және
кәсіпорынды басқарудың механизмі. Осы критерийлерді ескере отырып,
кәсіпорындар жеке, жекеше, іріктестіктер (толық серіктестік, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, акционерлік қоғамдар), кооперативтік, жалгерлік,
мемлекеттік, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар ретінде құрыла алады.
Олардың барлығы бірыңғай заңдылық негізде іс-әрекет етеді және
кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың ортақ қағидаттарына бағынады.
Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік,
жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі құқықтық нысандардың
кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі
меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әр түрлі сыныптамалық
сипаттамаларының сан алуандығы, олардың шаруашылық органдар бөлігіндегі
мүмкін болатын үйлесуі қаржы жүйесінің бұл буынының қаржы механизмін
күрделілендіреді, оны үнемі жетілдіруді, қызметті айқын заңнамалық
реттемелеуді, жақсы жолға қойылған басқаруды және қаржылық процестерді
бақылауды қажет етеді.
2. КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық жұмысының ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық жұмысының ерекшеліктері кәсіпорын
экономикасының негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық
жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде
жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың
қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға капиталдың қалыптасуына,
өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылықты жүргізудің
нәтижелеріне өкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъекгілердің қорларын
қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың
қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер
(амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелері;
бағалы қағаздар шығарудан түсстін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда
қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс
қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде - кооператив
мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада кебінесе меншіктің
аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздсрі бойынша оларды құрудың
аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы
активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде
қызметкерлердін үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік
акционерлік қоғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем -
жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарың жалға беру
мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жендеу үшін жалдаушының жалға берушіге
беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан
түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін
жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің
мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: жалпы табыс,
пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік
кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың - шаруашылық
серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын
ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған
табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі белудің
ерекшеліктерімен анықгалады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен
қатысушылары өздерінің салымдарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі
тұрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті
құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық)
меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері
туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі - жарғылық
капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген,
өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және занды тұлға
болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашшық серіктестіктің мынадай
нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер
құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше
белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің
мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар
шығаратьш заңи тұлға акционерлік қоғам дел танылады.
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір
ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді
қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акдионерлік қоғамдар
қызметінің ұйымдық нысаңдарының ер алуандығы (халықтық акционерлік қоғам)
мүмкіндік туғызады. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының
(кәсіпорынның ақциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерліқ қоғамдардың
акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, жай акциялар) әр алуандығы
әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған
тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның
қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде
бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz