Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару органдары


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Қазақстан республикасында жергілікті өзін-өзі басқару органдары
а. Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігі мен теориясы.
б. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидалары, функциялары мен
үлгілері.
в. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі.
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тікелей демократияның өзіндік институтының бірі болып жергілікті өзін-
өзі басқару табылады. Қазіргі түрдегі жергілікті басқару дамыған
демократиялық мемлекеттерде негізінен ХІХ ғасырдағы муниципалдық реформалар
нәтижесінде қалыптасты. Оның қалыптасуы феодалдық ұйымнан қазіргі
индустриялық қоғамға өту процесстерімен байланысты болды.
Бір кездері жергілікті өкілді органдар үкіметке және оның орталықтағы,
жергілікті жерлердегі органдарына бағынбайтын, заңмен және сот бақылауымен
байланысты “төртінші билік” болып табылады деп есептелді. Кейінірек,
атқарушы биліктің дамуы мен нығаюының нәтижесінде жергілікт іөзін-өзі
басқару ақырындап атқарушы қызметтің жалпы мемлекеттік саясат шегінде
жүзеге асырылатын түріне айналды.
Сол уақыттардан бері жергілікті өзін-өзі басқарудың көптеген теориясы
мен тұжырымдамасы, бірнеше үлгілері жасалды. Қаншамай теория мен үлгілер
жасалса да жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты мына бір ой өзгеріссіз
сақталып отыр: жергілікті өзін-өзі басқару – бұл тікелей демократияның
өзіндік нысаны, онда тікелей халықбилігінің өкілді жүйемен байланысы
көрініс береді және мұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысына
бақылау жасау тез және әбден мүмкін.

Қазақстан республикасында жергілікті өзін-өзі басқару органдары
1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігі мен теориясы.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың түсінігін анықтауда оның мазмұнына
кіретін элементтерді анықтау негізгі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі
басқарудың мазмұнына кіретін элементтер:
1. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізін мыналар құрайды: адам,
өндіріс және оны жасау жөніндегі еркін қызмет;
2. мүдделері бойынша адамдардың бірлескен қызмет үшін бірігуі;
3. муниципалдық, қауымдық меншік немесе енбек ұжымдарының
меншігі;
4. негізінен өз кірістерінен, өз қаржы көздерінен және ішінара
мемлекеттік дотациядан құралатын жеткілікті қаржылық база;
5. жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру оның қызметін
ұйымдастыруда азаматтар мен мемлекеттік органдардың бірлескен
қызметі;
6. жергілікт іжәне қоғамдық маңызы бар мәселеерді шешуге
азаматтардың қатысуы;
7. жергілікті өзөін-өзі басқарудың мемлекет пен қоғамды
басқарудың біртұтас жүйесіне кіруі;
8. жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекетпен өзарабайланысы;
9. жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларымен өкіленттіктері;
10. өзін-өзі басқарудың заң актілері мен заңға тәуелді актілер
негізінде әрекет етуі;
11. жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғам мен мемлекетке
тәуелділігі.
Жергілікті өзін-өзі басқару экономикалық, аумақтық және демографиялық
факторларды үйлестіру негізінде қалыптасуы тиіс.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың егемен Қазақстанның заңнамасында
реттелуі мәселесіне келсек, 1993 жылғы ҚР Конституциясында жергілікті өзін-
өзі басқару туралы ештеңе де айтылған жоқ. 90 бабының 2 тармағында
“жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жергілікті өкілді және атқарушы
органдармен жүзеге асырылады” деп бекітілді. 1993 жылғы 10 желтоқсандағы
“ҚР жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы” заңда “жергілікті
өзін-өзі басқару” термині тіпті еске алынған да жоқ. Тек тиісті аумақтың
тұрғын халқының мүдделеріне қатысты аса маңызды мәселелерді қарау үшін
поселке, ауыл(село), ауылдық (селолықө) округтің 18 жасқа толған
азаматтарынан тұратын азаматтардың өкілдерінің жиналысын өткізу мүмкіндігі
ғана бекітілді және жиналыстың құзыреті реттелді.
1995 жылғы Конституция 1993 жыфлғы Конституцияға қарағанда 89 бабын
жергілікрті өзін-өзі басқаруға арнаған. Бірінші рет Конституцияда
жергілікті өзін-өзі басқару туралы норма көрініс тапты. Олардың өз
өкілеттіктері шегінде дербестігіне кепілдік беріледі. Осылайша жергілікті
басқару және өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру мен дамыту үшін
алғышарттар түзілді. ҚР Конституциясы Қазақстан Республикасында жергілікті
маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін
жергілікті өзін-өзі басқару танылатынын бекітті (89 бап., 1 т.). Осы
түсіәнікті нақтылау үшін ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі жергілікті
өзін-өзі басқаруды былай анықтайды: “жергілікті өзін-өзі басқару – 1995
жылғы Конституцияда тұрғын халықтың жергілікті мәні бар мәселелерін дербес
шешетін демократиялық институт”.
Конституцияның 89 бабы біздің республикамыздағы жергілікті өзін-өзі
басқарудың бір ғана құқықтық негізі болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясының ережелерін, Ресей
Федерациясы мен өзге егемен мемлекеттердің – ТМД елдерінің ережелерін,
Қазақстанның және өзге елдердің жетекші ғалымдары-мемлекет танушылардың
ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып жергілікті өзін-өзі басқаруға
келесідей анықтама беруге болады: жергілікті өзін-өзі басқару – бұл селолық
және қалалық қауымдастықтың тұрғындарының мүдделеріне сүйене отырып
жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуді қамтамасыз ететін
азаматтардың ұйымы мен қызметінің жүйесі.

2. Жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидалары, функциялары мен үлгілері.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидалары - бұл жергілікті істерді
басқаруды дербес жүзеге асыратын тұрғын халықтың, ол құратын органның
ұйымдастырылуы мен қызметіне негіз болатын, жергілікті өзін-өзі басқарудың
табиғатымен себептелген түпкілікті бастаулар мен идеялар.
Біздің ойымызша “Жергілікті өзін-өзі басқару туралы” заңның жобасын
“жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидалары” деп аталатын баппен толықтыру
қажет және онда мынадай қағидалар бекітілгені жөн:
1. тұрғын халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуі;
2. жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға азаматтардың кеңінен
қатысуын қамтамасыз ету;
3. экономикалық дербестігі қамтамасыз ету;
4. жергілікті өзін-өзі басқару үлгілерінің көптүрлігін қамтамасыз ету;
5. жергілікті өзін-өзі басқарудың қоғам мен мемлекетті басқару
жүйесіндегі ұйымдық жекелігін қамтамасыз ету;
6. жергілікті өзін-өзі басқарудың кепілдендірілуі;
Осы қағидалармен қоса бұрыңғы кеңестік “Жергілікті өзін-өзі басқару және
ҚазССР халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы” заңда бекітілген
мына бір қағидаларды да реттеу қажет:
7. жергілікті өзін-өзі басқару оршгандарының сайланбалығы, олардың
тұрғын халық алдында есептілігі мен бақылауында болуы;
8. заңдылық;
9. азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
АҚШ-ТЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Жергілікті атқарушы органдардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасында ауылдық аймақтардың жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу
Дамыған елдердегі жергілікті өзін өзі басқаруды тәжірібиесі
Қазақстан Республикасы жергілікті жерді басқару жетілдіру жолдары
Мемлекеттік аппарат туралы түсінік
Қазақстан Республикасы жергілікті басқару органдарының қызметін жетілдіру
Пәндер