ҚР жерге жеке меншік құқығы


Мазмұны

(ҚР Жерге жеке меншік құқығы. Зерттеу жұмысы)

Кіріспе

І Тарау. Қазақстан Республикасының жерге меншік құқықығының жалпы сипаттамасы

1. 1 Жерге меншік құқығының түсінігі . . .

1. 2 Жерге меншік құқығын реттейтін заңдарға сипаттама . . .

ІІ Тарау. Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығының түрлері

2. 1 Жерге мемлекеттік меншік құқығы . . .

2. 2 Жерге жеке меншік құқығы . . .

2. 2. 1 Жерге жеке меншік құқығының пайда болу негіздері мен жолдары . . .

2. 2. 2 Жерге жеке меншік құқының субьектісі мен обьектісі . . .

2. 2. 3 Жерге жеке меншік құқығының тоқтатылуы негіздері . . .

ІІІ Тарау . Қазақстан Республикасының меншік құқығын қорғау

3. 1. Қазақстан Республикасының меншік құқығын қорғау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кiрiспе

Бітіру жұмысын зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғанға дейін қазақ жеріне меншік құқығын жүзеге асыру тәсілдері бірнеше дәуірлі кезеңдерден өткені мәлім.

Қазақстан Республикасындағы жерлерді дұрыс «иелену және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы және ұтымды пайдалану әрбір азаматтың конституциялық борышы мен алға қойған мақсаты болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы меншік құқығы мәселесінде меншікті пайдалану құқығын бірінші орынға қояды, себебі жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқықтарының мазмұны болып қоғам игіліне қызмет ететін жерді пайдалану құқығы болып табылатындығы анық.

Меншік құқығы үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында жердің, оның қойнауының, су көздерінің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи ресурс ретіндегі сипатының анықтамасы зор мәнге ие болатындығы анық, сондықтан Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік бірдей танылып, теңдей қорғалады.

Осы мемлекеттік және жеке меншік құқығы туралы қысқаша тоқталып кететін болсақ, жерге мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасында алғаш рет Конституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан Республикасының 1995-жылғы Конституциясында бекітілді. Бұл жерде тек қана бір ғана меншік иесі мемлекет екенін білдіріп келгені сөзсіз.

Ал жеке меншік құқығының осы құқық субьектілерінің топырақ құнарлылығын, жер айналымын арттыруға, экологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге қатысты материалдық мүдделерін арттыратындығы анық.

Алайда, жерге жеке меншік алғашқы рет 1995 жылы Конституцияның 6-бабында бекітілді, Конституцияның бұл нормасының негізінде жер учаскісіне жеке меншік заң шығару тәртібінде белгіленіп, одан әрі дамығандығы сөзсіз. Сондықтан, мынадай қорытындыға келуге болады:

азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жер учаскелеріне жеке меншігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігінен туындайды және ол тек аталған тұлғалардың мүдделеріне ғана емес, нарықтық экономиканың мүдделеріне де жауап беретіндігі сөзсіз.

Ендігі кезекті зерттеу жұмысының құрылымына беретін болсақ, жұмыс 3 тараудан және олардың тиісінше бөлімдерінен тұрады. Жұмыстың 1-тарауы “Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы” деп аталады. Бұл тарауда біз Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығының жалпы сипаттап көрсетіп және жерге меншік құқығының түсінігін, құрамын және жерге меншік құқығын реттейтін заңдарға сипаттама береміз.

Ал зерттеу жұмысының 2-тарауда Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығының түрлерін және жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығының түсінігін ашып көрсетеміз. Бұл тарауда жерге жеке меншік құқығының пайда болу негіздері мен жолдарын, жерге жеке меншік құқығының субьектісімен обьектісін ашып көрсетіп, жерге жеке меншік құқығының тоқтатылу негіздеріне шолу жасап, тоқталып өтеміз.

3-тарау Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығын қорғау деп аталады. Осы тұста біз меншік құқығының қорғалуын, қарастырып және жауапкершілік туындаған жағдайда жер туралы заңнаманың орындалуын қарастырып, оларға құқықтық терең оймен шолу жасаймыз.

І Тарау. Қазақстан Республикасының меншік құқығының жалпы сипаттамасы

1. 1 Жерге меншік құқығының түсінігі

Жерге меншік құқығының түсінігі Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 3-бабында берілген Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншіктікте болады. Жер учаскелелері Жер Кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.

Меншік құқығы үшін Қазақстан Республикасы Конституцияның нормаларында жердің, оның қойнауының, су көздерінің, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи ресурс ретіндегі сипатының анықтамасы зор мәнге ие.

Жер - бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол табиғаттың басқа да обьектілерімен байланысқа түсе отырып экологиялық мәнге де ие болады. Жердің барлық табиғи ресурстарды біріктіре отырып, оларға табиғи ортаны жасауы бекер емес. Бұл оның меншік обьектісі ретіндегі, сонымен қатар, пайдалану және қорғау обьектісі, яғни табиғи ресурс ретіндегі құқықтық жағдайына әсер етеді1.

Заңдар мен табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау және оны ұтымды әрі нысаналы пайдалану қағидалары бекітілген. Ол үшін жерлерді экологиялық пайдаланудың маңызы экономикалық пайдаланудан кем емес.

Жердің меншік обьектісі ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте белгілі бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан және табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаға тәуелділігінен байқалады.

Жерді пайдаланудың ерекшелігі Қазақстан Республикасының жер қорының нысаналы мақсатын анықтауда ескеріледі (ҚР ЖК 1 - бабының 1-тармағы ) .

Алайда, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы жаңа Жер Кодексінде жоғарыда атап өткеніміздей, «Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және басқа да заттық құқықтардың обьектісі ретінде» таруында ( 5-тарау) және «Жер пайдалану құқығы» тарауында (4-тарау ) «заттық құқық» түсінігі заңды негізсіз қолданылған. 4-тараудың 28-бабында былай делінген; «Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады».

Бұл жерде құқықтық талдауды қажет ететін екі мәселе бар, себебі олар жер құқығы нормаларын игеруде теориялық және тәжірибелік мәнге ие; бірінші бұл - жер пайдалану құқығына меншік құқығы нормаларының қолданылуы; екінші - жер пайдалану құқығына меншік құқығы нормаларының қолданылуы Жер Кодексіне және заттық құқықтың табиғатына қайшы келмеуі.

Затық құқықты түсіндіруде А. Е. Бектұрғанов та өз пікірін білдіріп кетеді. Оған сәйкес «Заттық» құқық терминін қолдану Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына қайшы келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясы жерді екі мағынада қарастырады: біріншіден, табиғи ресурс ретінде, екіншіден, меншік құқығы ретінде. Ал, бұл бапта «заттық құқық» атауы жоқ2.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 12-бабына Жер кодексінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар қарастырылған «жер учаскісін немесе жер пайдалану құқығын кепілге салу», «жер үлесі», «жер ресурстары», «жер», «кондоминимум», «жер қатынастарының обьектісі», «меншік құқығының обьектісі», «жер пайдалану құқығы», «жер учаскісіне жеке меншік құқығы», «сервитут», «шартты жер үлгісі». Бұл жерде заттық құқықтың анықтамасы жоқ, яғни аталған түсініктердің барлығының заттық құқықпен байланысы жоқ.

Жерге меншік құқығы және жер пайдалану құқығы - жерді табиғи орта мен оның жағдайларынан ажыратылмайтын жалғыз табиғи обьект ретінде пайдалану мен оған меншіктің ерекше түрлері. Сол себептен жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының обьектісі ретінде жеке және мемлекеттік меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы субьектілерінің, олардың шаруашылық жүргізу нысандарына қарамастан құқықтары мен міндеттері орнықтырылады3.

Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.

Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өгзе де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Жерге меншік нысандарында, жердің нысаналы мақсаты мен пайдалану сиптына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жері жер мониторингінің обьектісі болып табылады.

Жер Кодексімен көзделген бұл шаралар да заттық құқық туралы мәселе қозғалмаған.

Жер Кодексінің нормалары заттық құқықтық емес, Қазақстан Республикасы жер қорының құрамына кіретін барлық жерлердің нысаналы мақсатын көздейді.

Жер Кодексінің нормалары барлық жерлердің, соның ішінде оның бөліктері - жер учаскелерінің нысаналы мақсатын көздейді.

Мемлекет барлық жерлердің, соның ішінде, жеке меншікке, жер пайдалану құқығына (жалға) берілген барлық жер учаскелерінің нысаналы мақсатын анықтайды, ал заттық құқықтарға нысаналы мақсат орнықтыру мүмкін емес. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскесін пайдалану және беру кезінде оның нысаналы мақсатын өз бетімен өзгертуге құқығы жоқ.

Мемлекет мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жер қорын басқаруды және меншік нысанына, жер пайдалану құқығына және шаруашылық жүргізуге қарамастан барлық жерлерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады4.

Барлық тұлғаларға жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына сәйкес, ал басқа мемлекетке беру өзара шартта көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау, мемлекеттің жер учаскелерін нормалауы, беру мен сатуы сияқты нормаларды азаматтық заңнама заттық құқықтың обьектілеріне қатысты қарастырылмайды.

Сол себепті, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (Жалпы бөлім) 1-бабында көрсетілгендей, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны пайдалануға қатысты қатынастарға, егер олар сол баптың 1-тармағында көзделген белгілерге жауап берсе, бұл қатынастар табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамамен реттелмеген жағдайда ғана азаматтық заңнама қолданылады5.

Мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының жер заңдарымен белгіленген жерді пайдалану мен оның жағдайы туралы мәліметтерді уақытылы беріп отыру жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың міндеті болып табылады.

1. 2 Жерге меншік құқығын реттейтін заңдарға сипаттама

Адамдардың арасындағы қатынастарда «ешқандай да әрекет саналы ойсыз, қалаулы мақсатсыз жасалмайды».

Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу осындай реттеудің мақсаты мен міндеттері болған жағдайда мүмкін емес, себебі, құқықтық реттеуге қатысты белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге жету заң шығарушы органдар мен халық үшін қалаулы нәтиже болып табылады6.

Мұндай нәтиже нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде жүзеге асырылады . Сондықтан да, заңнаманың мақсаттары мен міндеттері кез-келген заңнаманың негізгі нормалары болып табылады, және олар заңнаманың негізгі нормалары болып жекелеген институтты құрайтын заңнаманың қағидаларымен тығыз байланыстылықта болады. Кейбір заңдар мен заң актілерінде мақсаттар, міндеттер және қағидалар әрқашан да көрсетіле бермейді. Алайда, бұл дегеніміз мұндай заңдар мен заң актілерінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары жоқ дегенді білдірмейді. Мысалы, жақында қабылданған Қазақстан Республикасының Орман Кодексінде орман туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттері туралы арнайы нормалар жоқ. 1995 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» Жарлығында да бұл заң шығарушы актінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары көрсетілмеген.

Жердің жай-күйі туралы ақпараттың қол жетімділігі, оны қамтамасыз ету жер мониторингін жүргізу арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 159-бабы) . Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң түсiндiрмесiнде аталғанда, табиғи ресурстық құқық (соның iшiнде, жер, су және орман құқықтары) және экологиялық заңнама құқықтық дербес салаларына бөлiнiп шықты. Олардың өздерiне тән құқықтық қатынастарды реттейтiн нормалары мен азаматтық заңнаманың арасында қайшылықтар болған жағдайда аталған құқық салаларының нормалары жоғарғы заң күшiне ие болатын болды. Осылай, азаматтық заңнама табиғи ресурстық және экологиялық құқықтық нормаларына айрықша мән бередi.

Сол себептi, Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 28 - бабының нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының жерге меншiк құқығы туралы нормаларына, Жер кодексiнiң өзiне және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 1 - бабының нормаларына қайшы келедi. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының Жер Кодексiнiң 2 - бөлiмi мен 5 - тарауының атауларынан “Заттық құқық” сөзiн алып тастау қажет. Ал Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 28 - бабының мәтiнiн өзгертiп, былай көрсеткен жөн. “Жер пайдалану құқығы - бұл тұлғаның мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн мерзiмсiз ( тұрақты жер пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiмде (уақытша жер пайдалану ) ақылы немесе ақысыз негiзде иелену және пайдалану құқығы”. Бұл өзгерту Қазқстан Республикасы Жер кодексiнiң 12 - бабының 30 - тармағына сәйкес келедi. Жер кодексi 28 - бабы мәтiнiнiң мұндай өзгерiстерi бұл Кодекстiң басқа нормаларына ешбiр өзгерту әкелмейдi. Себебi, Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 6 - бабының 4 - тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай- ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

Жер туралы заңнама мен азаматтық заңнаманың жер учаскелерiнiң режимiне қатысты және байланысына қатысты айырмашылықтары бар. Соларға тоқтала кететiн болсақ:

- Нысаналы мақсатты қарастырады (ҚР ЖК 1- бабы) бойынша, ал азаматтық заңнамада нысаналы мақсатты қарастырмайды;

- Нысаналы мақсатты мемлекет анықтайды (ҚР ЖҚ 1- бабы) бойынша, ал азаматтық заңнамада заттардың нысаналы мақсаты мемлекетпен анықталмайды;

- Мемлекеттiк басқару жүзеге асырылады ( ҚР ЖҚ 13-19-шы) баптары бойынша, ал азаматтық заңнамада жеке меншiк иелерiне тиесiлi заттар мемлекетпен басқарылмайды;

- Жер учаскелерiн ұтымды және нысаналы пайдалануға және де қорғауға мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылады ( ҚР ЖҚ 18 - тарауы) бойынша, ал азаматтық заңнамада заттық нысаналы және ұтымды пайдалануына мемлекеттiк бақылау жүзеге асырылмайды;

- Мемлекеттiк органдар жер учаскесiнiң мониторингiн жүзеге асырады ( ҚР ЖҚ 159- бабы) бойынша, ал азаматтық заңнамада заттардың жер мониторингiне ұқсас мониторингi жүргiзiлмейдi;

- Мемлекеттiк жер кадастры жүргiзiледi ( ҚР ЖК 152 - бабы) бойынша, ал азаматтық заңнамада заттар табиғи обьект ретiнде кадастрға жатпайды;

- Табысталған жер учаскелерi қатаң нормаланып отырады (ҚРЖК 50 - бабы ) бойынша, ал азаматтық заңнамада заттың, мүлiктiң нормасын, санын, көлемiн анықтамайды;

- Жер учаскелерi меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығының обьектiсi бола тұра табиғи ресурс ретiнде қорғау обьектiсi түрiндегi қасиетiн де жоғалтпайды ( ҚР ЖК 18 -тарауы) бойынша, ал азаматтық заңнама бойынша адам жасаған заттар табиғат обьектiсi және оны қорғау обьектiсi бола алмайды. Оларға жер туралы және экологиялық заңдармен реттелетiн табиғи ресурстарды қалпына келтiру мен өндiру, соның iшiнде, жер учаскелерiнiң құнарлығын қалпына келтiру туралы нормалардың қатысы жоқ;

- Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiне иелену, пайдалану және билiк ету ғана емес, жер учаскелерiн табиғат және қоршаған ортаның обьектiсi ретiнде антропогендiк әсер етуден қорғауы да кiредi ( ҚРЖК 140 - бабы) бойынша, ал азаматтық заңнама меншiк иелерiнiң заттық құқықтық обьектiлерiне мұндай құқықтары мен мiндеттерiн көздемейдi;

- Мемлекет заңнамада көзделген жағдайларда жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алып қоюы мүмкiн ( ҚР ЖК 84 - бабы) бойынша, ал азаматтық заңнамада мұндай нормалар жоқ;

- Жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiн және сервитутты пайдаланудың нысаналы мақсаты мен режимiн және нормативтiк құқықтық актiлерi негiздерiнде белгiленген басқа да пайдалану талаптарын өз бетiнше өзгертуге болмайды ( ҚР ЖК 65 - бабының 4 - тармағы) бойынша, ал азаматтық құқықта заттың құқықтық режимi заңнамада белгiленген тәртiппен емес, осы заттың меншiк иесiмен анықталады.

Бұл көрсетiлген айырмашылықтарда көрiнiп тұрғандай, жеке немесе жер учаскелерiнiң құқықтық режимi тек жер туралы заңнамамен қарастырылған, азаматтық заңнама да осыған ұқсас нормалар жоқ. Егер жер учаскелерiнiң аталған құқықтық режимдерiнiң түрлерiн заттық құқықтық нормалары ретiнде азаматтық заңнамаға енгiзетiн болсақ, бұл азаматтық құқықпен реттелетiн заттық құқықтық табиғатына қайшы келетiн едi.

Қазақстан Республикасындағы жерге меншiк Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерiне, нарық жағдайындағы экономиканың даму шарттарына жауап бередi.

II Қазақстан Республикасының жерге меншiк құқығының түрлерi

2. 1 Жерге мемлекеттiк меншiк құқығының мазмұны

Мемлекет - Қазақстан Республикасы меншiк құқығының субьектiсi ретiнде белгiлi бiр әрекеттердi өз бетiмен жүзеге асыру құқығы ие. Заң бұл әрекеттердi жерге меншiк иесiнiң құқықтары шегiнде анықтайды. Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 21-бабына сәйкес, меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар. Жер учаскесiнiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының Жер Кодексiне және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде асыра алады.

Жер иелену құқығы - жердi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етiлген мүмкiндiгi деп түсіндіреді жер құқығы теориясының өкілі А. Х. Хаджиев7.

Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттегi меншiктегi жер учаскесiн ақылы және (немесе) ақысыз негiзде шектеусiз мерзiмге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде уақытша жер пайдалану иелену және пайдалану құқығы.

Жалпы билік ету құқығы - мемлекеттiң Қазақстан Республикасы аумағындағы мүліктің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етiлген құқығы, сондай - ақ жердiң жеке меншiк иесiнiң өз мүлкіне қатысты Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған мәмiлелер жасауды білдіреді8.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды (ҚР ЖК 29-бабының 2-тармағы) .

Демек, егер мұндай әрекеттер заңдарда көздемесе немесе құқықтық негiзi болмаса, мемлекеттiк басқару органдары ешкiмдi жер пайдалану құқығынан айыруға құқығы жоқ.

Мұндай ереженiң нақты мысалы ретiнде Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 26-бабының 5-тармағындағы нормаларды атуға болады. Оған сәйкес, мемлкеттiк меншiктегi жер учаскелерi жеке меншiкте бола алатын жағдайда, азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiне беруден бас тартуға жол берiлмейдi.

Мемлекеттiң жердiң меншiк иесi ретiнде мiндеттерi Қазақстан Республикасы Конституциясымен; мемлекеттiк басқару органдарының мiндеттерi Жер Кодексiмен, 2001 жылғы 23-қаңтардағы “Қазақстан Республикасының Жергiлiктi мемелекеттiк басқару туралы” заңымен реттеледi.

Мемлекеттiк жерге меншiк иесi ретiндегi құқықтарын Жер Кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге заң актiлерiнде бекiтiлген құзыреттiлiктерiне сәйкес, мемлекеттiк органдар жүзеге асырады (ҚРЖК 13-19 баптары) .

Уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мемлекеттiк билiктiң функциясын келесi нысандарда жүзеге асырады:

1. ҚР ЖК-нiң 27-бабы бойынша, жер учаскесiн беру (табыстау, сату - сатып алу) ;

2. ҚР ЖК-нiң 84-бабы бойынша, жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алып қою арқылы;

3. ҚР ЖК-нiң 92-93-баптарының мазмұнына сәйкес, мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесiн меншiк иесiнен және жер пайдаланушыдан алып қою арқылы;

4. ҚР ЖК - нiң 94- бабы бойынша, төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесiн алып қою арқылы;

5. ҚР ЖК-не сәйкес, радиоактивтiк ластануға ұшыраған жердi меншiк иесiне құны тең басқа жер учаскесiн бере отырып алып қою арқылы:

6. ҚР ЖК - нiң бабы бойынша, тәркiлеу.

Мемлекеттiк меншiк құқығының обьектiлерi болып жеке меншiкке берiлмеген жерлердiң барлығы табылады. Бұл мәселенi Қазақстан Республикасы Жер Кодексiнiң 26-бабында толығырақ ашып көрсеткен. Оған сәйкес, мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттiк ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи - мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттерi мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ, жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер меншiкте болады.

2. 2 Жерге жеке меншік құқығының мазмұны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге меншік құқығы
Жерге жеке меншік құқығы және оны пайдалану
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелеріне меншік құқығы
Жер учаскелерінің меншік иелерінің құқықтары
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығын құқықтық реттеу
Жерге меншік құқығының субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz