Кәсіби борыш және абырой


Кәсіби борыш және абырой
2. 1 Борыш категориясы - этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы оның алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал бол, әділ бол. Бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдекайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат береді, шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу - оның мәнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірибеде сақтау да.
Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И. Кант жазғандай, борыш - адамды өзінен өзі жоғары етіп қоятын ұлылық. А. Блок та оған қосылғандай: «Борышыңды ұмытпа, ол - бұл әлемдегі жалғыз әуен. Борышсыз өмір де, құштарлықта жоқ » деген.
Борыш категориясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері әскери және құқық қорғау қызметтері саналады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға әсер етуші негізгі күш ретінде қолданылып келген және әлі де қолданылуда. Сол себептіде, мансапқорлық мақсаттарға жетуде осы категорияны пайдалану жиі кездесіп жатады. Мұндай борыш шынайы ма, жалған ба - оны анықтау өте қиын.
Құқық қорғау органдарының қызметкерінің кәсіби борышы қоғымдық борыштың құрамдас бөлігі бола тұра, өзінің объективтік және суьъективтік көрінісі бойынша адмгершілік сипатқа ие. Борыштың объективтік мазмұнының моральдық құндылығы оның ең жоғарғы және әділ міндетті шешуге бағытталуымен тығыз байланысты. Бұл міндет тұлғаның - құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өз мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту. Алайда, әскери борыштың шынайы мүмкіндіктері субъективтік адамгершілік қатынапен толықтырылғанда ғана айқын көрінеді. Себебі, адам қоғамдық міндеттерді өзінің жеке міндеттеріндей қабылдап, сезінгенде ғана, өз қызметіне бар жан тәнімен берілгенде ғана борыш туралы сөз қозғауға болады.
Құқық қорғау органдары қызметкерінің борышы - тұлғаны, қоғамды және мемлекетті қорғаудың объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттік-құқытық талаптармен және адамгершілік ішкі сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет.
Негізгі тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе. Борышпен тілектің объективтік талаптарының сәйкес келуін түрлі ғылымдар түрліше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың ойынша, міндетті нәрсе мен қалаулы нәрсенің арасында ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ. Алайда, кез келген адам эмпирикалық жол арқылы басқаша қорытындыға келе алады. Әрине, қоғамдық міндеттілікті өзіндік талап ретінде түсіну міндеттілік пен қалаушылықтың арасын біршама қысқартады. Мұндай жақындастыққа күмән жоқ, бірақ, ол ешқашан обсалюттік сипатқа ие бола алмайды және міндеттілік пен қалаушылықтың арсындағы белгілі бір қарама қайшылықтарды жоя алмайды. Сонымен қатар, борыш пен тілекті бірін бірі жоққа шығарытын талпыныс, оларды мәңгілік қарама - қайшылық ретінде қарастыратын көз қараста дұрыс емес. Ақиқат осы екі көз қарастың ортасында деген дұрыс болар. Борыш пен тілек - бірін бірі жоймайтын қарама - қайшылықтар. Олар бір біріне жақындасуы немесе бір - бірінен алшақтауы мүмкін, бірақ іс жүзінде бірін - бірі ешқашан жоймайды. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт - ақыр аяғында борыш белгілі бір тілекке жетуге негіз болып табылады, ал тілекті дұрыс түсіну борышты нәтижелі орындауға алып келеді. Борыш сезімі жоғары дамыған тұлға әрқашан өзінің субъективтік талаптары мен құштарлықтарынан жоғары тұра алады және өзін борыштың талаптарына бағындыра алады. Осылай, міндеттілік белгілі бір дәрежеде тілекке айналып, сыртқы талпыныстан тұлғаның ішкі талпынысына ауысады. Борыш пен тұлғаның талпыныстары, құштарлықтары арасындағы, борыш пен өзін - өзі сақтап қалу сезімінің арасындағы қарамақайшылықтар тапсырылған істің жүзеге аспай қалуымен қатар құқық қоғау органдарының қызметкері үшін өте ауыр салдарға тіпті, өлімге де алыпкелуі мүмкін. Қызметтік борышты орындауға, тапсырылған істің әділдігіне бір сәт болса да күмәндану тұлғаның өмірін мүлдем басқа бағытқа бұрып жіберуі мүмкін.
Адамгершілк іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарым қатынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптарын адамгершілік одан әрі нықтыландыра түседі. Тұлғаның қабылдаған моральдық нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық және мемлекеттік құрылымның одан әрі бекітілуіне жәрдемдеседі, белсенді тұлғаны қалыптастырады. Тұлғаның даму үдерісінде оған моральдың бағалаушылық және нормативтік жақтары әсер етеді. Моральдың бағалаушылық жағы жақсылық пен әділдікке негізделсе, нормативтік жағы борышқа бағытталған. Ьорыш - бұл моральдық нормалардың барлық жиынтығын адамдардың іс жүзіндегі әрекетімен байланыстыратын өзек. Бұл өзекке біртұтас болып негізгі мен туынды, бағалаушылық пен нормативтік, жетістіктер мен арман тілектер жинақталған. Мұнда теория тәжірибеге, жақсылық пен әділдік идеялары мықты материалдық күшке, моральдық қағидалар мен нормалар шынайы әрекеттерге арналады. Борыш арқылы моральждың белсенді табиғаты тікелей көрініс табады. ОЛ идеялар мен мақсаттарға нақты сипат берумен қатар, оларға жетуді итереді, талап етеді. Сол себепті де, қоғамдық борышты қолданыстағы сана деп тануға болады. Ол ең алдымен, адамның адамгершілігіне сипаттама бере алады, себебі адамның әрекеттері арқылы оның адамгершілік қасиеттері мен кемшіліктеріне баға беруге болады.
Қоғамдық борышқа деген қатыныс тек тұлға туралы ғана емес, сонымен қатар, ұжым туралы, қоғамның рухани күштері туралы мәліметтер бере алады. Құқық қорғау органдарында борышқа олардың қызметкерлердің қызметін тікелей реттеуші құрал ретінде негізгі мән береді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұрыс - тұрысының механизмі, олардың ұжымындағы адамгершілік қатынастардың мәні үш маңызды факторға негізделеді:
- қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен және қоғамнан тәуелділігі, абырой сезімінен көрініс табатын оның қоғамдық қолдауға мүдделілігі;
- объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүріс - тұрыс түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тәуелсіздігі, бостандығы;
- өз әрекетерінің мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі, яғни әрбір жекелеген қызметкердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар шегінде өзінің моральдық таңдауында жауап беру міндеті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz