Қазақ өркениетінің символдары



Кіріспе
1 Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тарихында қазақ өркениетінің символдарын анықтаудың орны ерекше. Өркениет символдарын насихаттау өзекті мәселердің бірі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: «Қазақтың киіз үйі», «Қазақстанның жеті кереметі», «Ою өрнек», «Қазақ киімі», алтын адам жайлы зерттеулер.

Тақырыптың деректемелік негізі: әл Фарабидің «Музыка туралы трактаты»
Тақырыптың мақсаты: қазақ өркениетінің символдарын насихаттау.

Тақырыптың міндеті: қазақ өркениетінің символдарын насихаттау мақсатында жеті символға жеке сипаттама
-- Ресей тәжірбиесімен салыстыру
Алтын адам -- тарихымыздың о бастағы төркіні сақ, үйсін, ұлы иозы, алан, қаңлы, һун және тағы басқа ежелгі халықтар десек, оларды қазіргі қазақтың арғы ата-бабасы деп мақтанамыз. Соның айғағы – Есік қорғанынан 1969 жылы табылған сақ дәуіріндегі Алтын адам. Көне тіршілік иелерінің палеонтологиялық және антропологиялық деректерінің негізінде олардың бүгінгі қазақтармен этникалық, генетикалық сабақтастығын ғалымдар отыз жыл бойы зерттеуде. Археологтар қазылған қорғандардан жыл сайын тауып жатқан жәдігерлерді зерттеу жалғасып келеді.
Киелі Есік өңірінен осындай 106 сақ қорғаны мемлекеттік қорғау тізіміне алынып, ол көздің қарашығындай сақталуда. Археологтар қорғандарда қазба жұмыстарын жыл сайын жүргізуде, түрлі экспонаттар жиналып жатыр.
«Сақ қорғандары» Алматыдан 50 шақырым қашықтықтағы Есік қаласының және өзенінің күнбатыс жағындағы жол бойында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған үш шақырым ара қашықтықта қырық бес төбешік үнсіз қатар-қатар тізілген. Мұндағы әр қорғанның алып жатқан аумағының диаметрі 30-дан 90-ға дейін, ал биіктігі 4-тен 15 метрге дейін жетеді.
Сақтар – б.з.б. бірінші мың жылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Кімді де болса өз ұлтының шыққан тегі, тарихы және қалай қалыптасқаны қызықтыруы сөзсіз. Тым ерте, әлімсақта өмір кешкен халық тарихи-археологиялық ескерткіштер арқылы анықталмақ. Есік қаласының іргесіндегі жылдар, ғасырлар бойы ескерусіз тізіліп жатқан топ төбелер қойнауында тарихтың таптырмас
шежіресі жатыр деп кім ойлаған.
1. Нұрмұханбетов Б.Н.,Ахатов Г.А., Бермағанбетов А.Ж.. Есік қорымындағы археологиялық зерттеулер.
2. Акишев К.А.,Кушаев Г.А. Древняякультура саков и усуней долины реки Или.
3. Акишев К.А. Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. Алматы 1980
4.Төленбаев С, Өмірбекова М. Ою- өрнек, Алматы, «Қазақстан», 1996, 3-9
5. Көркем суретті Қазақстан тарихы. 1-том 2006 c
6. Самашев. Қазақстанның жеті кереметі Алматы «Таймас» 2006, 14-30
7. Қазақтың киіз үйі Атырау- Лондон, 2005
8. Ө. Жәнібеков Қазақ киімі. Алматы. «Өнер» 1996
9. Фокина Л.В. Орнамент. Ростов на Дону. Финикс 2005 c. 118-120

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі бөлім
Қазақ өркениетінің жеті символына мыналар жатады:

1. Алтын адам -- тарихымыздың о бастағы төркіні сақ, үйсін, ұлы иозы,
алан, қаңлы, һун және тағы басқа ежелгі халықтар десек, оларды қазіргі
қазақтың арғы ата-бабасы деп мақтанамыз. Соның айғағы – Есік қорғанынан
1969 жылы табылған сақ дәуіріндегі Алтын адам. Көне тіршілік иелерінің
палеонтологиялық және антропологиялық деректерінің негізінде олардың
бүгінгі қазақтармен этникалық, генетикалық сабақтастығын ғалымдар отыз жыл
бойы зерттеуде. Археологтар қазылған қорғандардан жыл сайын тауып жатқан
жәдігерлерді зерттеу жалғасып келеді.
Киелі Есік өңірінен осындай 106 сақ қорғаны мемлекеттік қорғау
тізіміне алынып, ол көздің қарашығындай сақталуда. Археологтар қорғандарда
қазба жұмыстарын жыл сайын жүргізуде, түрлі экспонаттар жиналып жатыр.
Сақ қорғандары Алматыдан 50 шақырым қашықтықтағы Есік қаласының
және өзенінің күнбатыс жағындағы жол бойында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай
созылған үш шақырым ара қашықтықта қырық бес төбешік үнсіз қатар-қатар
тізілген. Мұндағы әр қорғанның алып жатқан аумағының диаметрі 30-дан 90-ға
дейін, ал биіктігі 4-тен 15 метрге дейін жетеді.
Сақтар – б.з.б. бірінші мың жылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс
Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпа. Кімді де болса өз ұлтының шыққан
тегі, тарихы және қалай қалыптасқаны қызықтыруы сөзсіз. Тым ерте,
әлімсақта өмір кешкен халық тарихи-археологиялық ескерткіштер арқылы
анықталмақ. Есік қаласының іргесіндегі жылдар, ғасырлар бойы ескерусіз
тізіліп жатқан топ төбелер қойнауында тарихтың таптырмас
шежіресі жатыр деп кім ойлаған.
Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді.
Мұның ішіндегі ең көрнектісі – үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында
солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3км² жерді алып жатқан 45 топырақ
(диаметрі 30 – 90 м, биіктігі 4 – 15м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба
қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай деректер кездеспеген.
Төртіншісінен үлкен төрт бұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге
жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар
табылды. Ал алтыншы оба - әлемдік маңызы бар Алтын адамның табылуы
себепті ғылым мен мәдениетке Есік обасы деген атпен енді. Бұл обаларды
1969-1970 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев,
мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Максимова) зерттеген. Жұмыстың нәтижелері –
Жетісудың ерте көшпелілерінің мәдениеті мен тарихын зерттеу барысында
алынған ғылыми материалдар мен көптеген жариялымдар болып табылады.
Ғалымдардың көзқарасы бойынша Есік қорымы – Жетісудағы сақ мемлекетінің
ақсүйектерінің жерленген жері. Жерлеу ғұрыптары бойынша айқын материалдар
және биіктігі 10-12 м, диаметрі етегінен 70-100м болатын түрлі обалар
көлемі ежелгі қоғамда әлеуметтік жіктелістің болғандығын дәлелдейді. Ерте
көшпелілердің обаларымен бірге бұл жерлерде ортағасырлық дәуірдің жерлеу
құрылыстары да орналасқан.
Билеуші өкілдер обаларының қасында қоныстың орын тебуі, бұл аймақтың
сақ тайпаларының қоныстанған жерлерінің негізгі орталығы болғанын
дәлелдейді. Қазіргі мезетте қорымдағы обалардың жалпы саны қырықтан асып,
үйіндінің негізгі бөлігі топырақтан тұрады.
Обалардағы археологиялық қазбалар жерлеу ғұрыптары жөнінде, қабір іші
құрылыстарының ерекшеліктері жөнінде жаңа мәліметтер алу үшін, сондай-ақ
жобаланып отырған сақ мәдениетінің Мұражайы мен Есік-Талғар археологиялық
қорығын ұйымдастыруға байланысты оларды мұражайландыру мен консервациясын
жасау себебінен жүргізіліп отыр. Есік қорымының толықтай топографиялық
картасын жасау және қорымды көркейту жобасына байланысты құжаттар мен
ұсыныстар дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Рахат қонысы Рахат ауылының оңтүстік-шығыс шетінде, тау етегінде
орналасқан. Ескерткіштің Есік қорымына жақын жатуы, ерте көшпелілер
мәдениеті жөнінде жаңа мәліметтер алу мақсатында қоныста зерттеулер
жүргізуге ұштасты.
2004 ж. түздік маусымында Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы
бойынша Рахат қонысы мен Есік қорымында археологиялық зерттеулер
жүргізілді.
Есік обалар қорымы Алматы-Есік тас жолының екі бойымен созылып, Есік
қаласының солтүстік-батыс шетіне орналасқан. Ескерткіш алғаш рет 1936 жылы
аталады. Қорым өзінің обаларының бірінен табылған Алтын адам қабірінен
кейін аты әлемге әйгілі болды.
Осыдан отыз жыл бұрын төбені тегістеу мақсатында ол бульдозермен
кездейсоқ қазыла бастады. Қуатты техниканың күрегі кенет беймәлім кедергіге
кездесті. Сөйтсе адам көмілген мүрде екен. Таңданысқан халық жиналып,
ақыры жан-жаққа хабар береді. Алматыдан келген тарихшылар, ғалымдар,
археологтардың ішінде тарихшы-археолог Бекен Нұрмұханбетов те бар еді.
Қорған төбенің диаметрі – 60, биіктігі -6 метр. Адам жатқан қабір
сырты Іле Алатауының сапалы қарағайымен қаланған. Ал бөрене қарағайлардың
жуандығы 25-30 сантиметр, ұзындығы 2,20 х 1,5 метр. Адам сүйегі жатқан
қабірдің іші 2,9 х 1,5 метр. Табыттың едені тақтай. Төбесі де бөренемен
жабылып, оның үсті бұтақ, жапырақ, шөппен қымталған. Қабірдің ұзына бойына
батыс-шығыс бағыттарын көрсетеді. Солтүстік іргесіне алтын киімді адам
қойылған. Адам бойы – 165 см. Бірақ иықты екені аңғарылады. Жас шамасы 18-
20 – дағы жігіт. Үстіндегі киім түсі – қызыл. Сауыты да, киімі де алтынмен
апталған.
Алтын Адамның сақ дәуірінің массагет халқының арын сақтаған патша
жауынгері, әскербасы екені айдан анық. Сондықтан да оның үстіндегі алтын
сауыты оның тек қана материалдық байлығын ғана көрсетіп қоймайды,
замандастарының оның ерлігіне, ар-намысына, даналығына байланысты көрсеткен
құрметі.
Алтын адам денесіне тұтас көз жүгірткенде тұрқы өте биік бас киім
бірден ерекшеленеді. Бұл бас киімнің негізгі тіні – иленіп өңделген тай
терісі екен. Ол қызыл бояумен боялған. Бас киімнің сыртқы келбеті жарты
метрлік шошақ қалпақ. Айналасы түгел апталып, әшекейленген. Ернеуі алтын
таспен көмкерілген. Олардың жалпы әшекейлі суреті бір-бірімен жалғасып
жатқан таулы, жоталы көріністі аңғартады. Маңдайшасының жоғарғы жағында
бәріне негіз болар мүйізді, қанатты қос пырақ тік шапшып тұр. Одан кейін
тік шаншылған төрт найза. Бас киімнің үшкір төбесіне таман арқардың мүсіні.
Ол да алтыннан жасалған.
Бас киімнің артқы, желке жағы да алтынмен әшекейленген. Бұл ою-
өрнектер тауешкі, ілбіс, барыс секілді жануарлар бейнесіне толы.
Бас киімнің әшекейі үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысы – маңдайшадан
төмен. Екіншісі – маңдайшадан жоғары. Үшіншісі – ең биік үшкір ұштағы алтын
арқар. Осы үш белдемшеден сақ дәуірінің жалпы тірлігін аңғарамыз. Демек,
маңдайшадан жоғары жағы тау мен аспанды, төменгі жағы жер кеңістігін
бейнелейді. Төрт найза төрт - тайпа елдің біріккенінің айғағы. Олардың
бәрінің басын құраған – қанатты пырақтар. Ал пырақтар – қазақтың ата
кәсібінің символы. Бас киім деп отырғанымыз тәж. Тәж кию – патшаның
белгісі. Демек, сақ мемлекетінің патшасы десе де болады.
Кеудеге кигені жағасыз, ашық бешпет. Бұл кеудеше түймесіз, белдікпен
қапсырылған. Кеудешенің өн бойы да алтынмен апталған. Оның әшекейі үш
түрлі. Етек белдеудегі әшекейлер жолбарыс бейнесін көрсетеді. Қалған
әшекейдің бәрі біртұтас. Егер әрқайсысын жеке алсақ бәрі де үшбұрышты
келген құс іздеріне ұқсас.
Белдік қалың қайыстан жасалған. Оның екі түрлі үзбелері де бұғы
бейнелі алтын. Ол үзбелердің алдыңғы үшеуі басқалардан үлкендеу. Шоқтығына
құс қонып отыр. Ал қалғандарында бұғының басына ғана қондырылған.
Белдіктің екі жағына семсер мен қанжар байланған. Олардың жүзі темір,
сабы алтын. Қанжар жүзінің екі жағы алтын таспамен әшекейленген. Ал беті
толы әртүрлі хайуанаттар суреті. Олар тізбектеліп жүріп келе жатқандай. Бір
ғажабы осы бейнелерде біздің жыл қайыруымыздағы хайуанаттардың бәрі бар.
Семсер мен қанжардың қынабы қайыстан. Қынап та алтынмен апталған.
Ондағы сурет - марал мен тұлпарлар.
Алтын адамның аяғына кигені де алтынмен безендірілген саптама етік.
Бұтына тері шалбар киген. Ол қызылкүрең түсті. Ал мойнында жуандығы
шынашақтай, төрт орамнан тұратын алтын білезікті моншақ тәрізді мойнақ.
Олардың екі ұштарында барыстың басы бір-бірімен түйісіп тұр. Бұл да алтын.
Алтын адамның үстіндегі зергерлік бұйымдар жетпіс түрлі, ол төрт мың
бөлшектен құралған. Бәрі алтындалған.
Есік обасынан табылған алтын бұйымдардың жалпы саны, сәндік
дүниелердің жасалу техникасының өте жоғарылығы, қарулар мен тұрмыстық
заттардың жасалуы, жерленген өліктің сақталу тәсілі, салтанатқа киілетін
бас киім, сырт киім, аяқ киімдер - өте сирек кездесетін құбылыс. Обадан
алынған бұйымдар ГДР-да, Египетте, Жапонияда болған көрмелерге қойылды.
Берел, Шіліктіде осы қатарға кіреді. Египеттегі перғауындар секілді қазақ
жеріндегі сақ алтындары, патшалары да ұлттық символ.
Шаңырақ – шаңырақ қарынан, шаңырақ көзінен, күлдіреуіштарінен,
кепілдіктерінен тұрады. Шаңырақ қарының шеңбер бойына кереге басына саны
мен маңдай уық саны 5-7 санына байланысты уық қаламы кіріп тұратын көз
тесіледі. Шаңырақтың шеңберін тоғын дейді. Кейбір зерттеушілер тоғынды
бөген деп атайды. Шаңырақ көзі қиық конус тәрізді ойылады. Шаңырақ көзі
остерінің арасы 5-6см тесіледі. Күлдіреуіштер аз қанатты үйлерде 16
ағаштан, шаңырақ шеңберінің жазықтығына 45º бұрыш жасап жасалады.4 көлденең
кепілдіктермен бекітіледі. Киіз үй уығы 45º бұрышпен тігіледі. Шаңыраққа
желбау, аспа бау тағылады.
Шаңырақ сөзінің төркіні туралы айтылған пікірлерге кездеспедік,
Қазақ тілінде шаңбақ деген сөз бар. Ол сөз тек қана бір-*біріне тік
бұрышпен бекітілген нәрселерге айтылады. Қауғаның шаңбағы деп құдықтан су
шығаратын тері ыдысты бекітетін, тура шаңыраққа ұқсатып жасалған құралды
айтады. Шаң сөзі түбірі болса + рақ пен бақ жалғауы олардың бірін
шаңыраққа, бірін шаңбаққа біріктіріп тұр. Киіз үй қанқасының жоғарғы бөлігі
дөңгелек құрсаудаң және күлдіреуіштен құралады. Киіз үйге жарық тұсіруді,
ішін желдетуді қамтамасыз ететін, өзекті рәміз болып табылатын бөлікті
ойлап таба білген, ежелгі шеберлердің тапқырлығы қайран қалдырады.
3.Қазақтың ою-өрнегі.''Ою'',''өрнек '' сөздерінің мағынасы бір. Бір
нәрсені ойып немесе кесіп, қиып алатын, екі затты оя кесіп қиюластырып,
біріктіре жасау, бір заттың бетіне ойып бедер тусіру.
Өрнек дегеніміз -- әр түрлі ою бедер жасатып, бояп, қалыптап үлгімен
істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің атауы. Сондықтан ою- өрнек деп
қосарланып айтыла береді. Қазақ ою-өрнегінің басты ерекшелігі – композиция,
ритм, симметриялық принцип. Өнертану ғылымында ою-өрнекті көгеніс
өрнек(''жапырақ'', шиыршықгүл'','үшжапырақ''), зооморфтық өрнек
(''қосмүйіз',''қыңырмүйіз''), космогониялық өрнек,(дөңгелек, төртқұлақ)
деген бөліктерге бөлу қалыптасқан. Ою-өрнекті зерттеумен Бәсенов, Масанов,
Арғынбаев, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасыр социологиясы
Ұлттық мемлекет тарихының бастауы
Жаһандану мәдени феномен ретінде
Латын әліпбиіне көшу қазаққа не береді?
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ
Паскаль тілінде мәтіннен ақпараттарды өңдеу
“Модель” түсінігінің анықтамасы
Енгізу/шығару функциялары. енгізу/шығару стандартты кітапханасы
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
С биоцентрлік координаттар негізінде үшбұрыштарды растеризациялау
Пәндер