Инновациялық секторды инвестициялау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Инновациялық секторды инвестициялау

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасының бәсекелестікке қабілеттілігін дамытудың, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтерудің негізгі құралы ретінде Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына аса үлкен мән бөледі. Экономиканы диверсификациялау бағытындағы масштабты міндеттерді Елбасының әр жылдағы Жолдауларынан көруге де болады. Қазіргі таңда аса қарқынды дамып келе жатқан және айнымалы конъюнктуралы сыртқы нарықтар жағдайында экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету өте маңызды. Сонымен қатар бұл міндеттер дамудың ішкі факторларын реттеу жүйесіндегі күрделі өзгерістерді көздейді. Қоғамда ұлттық экономиканың инновациялық даму жолына өтуі инновацияға деген «сезімталдықсыз», бұл сектордың көпжақты байланыс механизмінсіз мүмкін емес деген саналы пікір қалыптасуда.

2006 жылы IBM ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялады. Зерттеу негізінде әлемдік алдыңғы қатарлы компаниялардың 750-ден аса басшыларымен жеке интервью материалдары жатыр. Қорытынды мынадай: бүгінгі таңда басшылар жаңа тауар өндіру мен қызмет көрсету өсудің жеткілікті шарты деп есептемейді. Дамудың жаңа бағыттарын іздеуде олар әлдеқайда жиірек инновациялық бизнесмодельдерді өндіріс процесіне енгізуге жүгінеді.

Дамыған елдерде ғылыми-техникалық құрылымдардың өндіріспен тиімді байланысын қамтамасыз ететін буындар инновациялық орталықтар болып табылады. Ғылым, негізінен, кіші және орта бизнес кәсіпорындарымен байланысады. Аталмыш орталықтардың стратегиялық бағыты олардың ғылыми-техникалық инфрақұрылым субъектілері арасындағы инновациялық технологиялармен, сондай-ақ ақпаратпен алмасуды жеделдету, ынталандырудағы потенциалды әдстеріне негізделген.

Инновациялық орталықтар нақты функцияларды атқарады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы білім мен технологияны ғылыми-зерттеу секторынан өндірістік секторға өткізу (трансферт) проблемасы. Бұл функция бизнестің көмегінсіз іске аспайды. Осы мақсатта технологиялық сұрақтар бойынша қызмет көрсететін коммерциялық компаниялар құрылады. Мұндай компаниялар инновация жүйесінің ғылыми-техника секторы бойынша маманданады. Бұл тұрғыдан алағанда, Нидерландтағы инновациялық орталықтардың жұмысы көңіл аударарлық. Оның ерекшелігі сол, орталықтың қызметі, негізінен, инновациялық процестегі жаңа технологияларға баяу әрі қиын бейімделетін компанияларға көмек көрсетуге бағытталған.

Ал, Ұлыбританияда инновациялық орталықтарды қаржыландыру мен ынталандыру толығымен жеке көздер есебінен жүзеге асырылады. Алайда, алғашқы үш жыл ішінде (1987-1990 ж. ж. ) бұл салаға бағытталған қаржы толығымен мемлекеттік болды. 1990 жылдан бастап, технологиялық орталықтар коммерциялық қызмет көрсету есебінен өзін-өзі ақтауға және мемлекеттен қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізді.

Біздің елде экономиканы диверсификациялау саясатын іске асыру мен оны инновациялық жолға қоюдың басты буыны болып Ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) құру табылады. Шынымен де, өтпелі экономикалы барлық елдер үшін табысты девирсификация маңызды міндетке айналды. Соның ішінде, көпшілік халықаралық мамандар ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан инновациялық даму стратегияларындағы бірқатар кемшіліктерді атаап көрсетеді. Посткеңестік елдердің экономикалық дамудың инновациялық моделіне көшудегі негізгі тежеуіші себебі деп, бүгінгі таңда, нарықтық өзгерістердің толық аяқталмауын санайды.

Менің ойымша, бұл мәселеде қаржы-несие жүйесінің жағдайы соңғы емес роль ойнайды. Бүгінде, қаржы қаражаттарының шектік дефициті жағдайында қаржы ағымдарын шикізат саласынан жоғарытехнологиялы салаға құюдың эффективті механизмдері жасалған жоқ. Экономиканың инновациялық даму механизмін құрудағы мемлекеттік орган функциялары мен нарықтық тетіктерді қолданудың тиімді ара қатынасын табу қиындай түсуде.

Айта кетерлік тағы бір жайт, ТМД елдеріндегі инновациялық даму жолында Ғылыми Инновациялық Жүйе құрамына деген оңайлатылған және біржақты көзқарас байқалады. Жаңа технологияны жедел және көп көлемде жасаудың жоғарғы темпін ең басты мақсат ету, инновациялық экономиканы құрудың негізгі жоғары деңгейде дамыған ғылыми комплекстердің болуы деген көзқарас қалыптасқан. Әзірленетін бағдарламалық құжаттар дәл осы мәселелерге негізделеді. Бұл алғышарттар, әрине, маңызды. Алайда, жүйені дамыту тек осы критерийлерге тәуелді емес.

Индустриалды-инновациялық саясат орындалуына жауапты мемлекеттік орган, ҚР индустрия және сауда министрлігі, іс-әрекеттің тізбектілігі және шешілуі тиіс міндеттердің жүйелігі қағидаларын ұстанады. Экономиканы диверсификациялауда шешуші роль атқаратын инновациялық бағыт ерекше назарда. «Қаржы ресурстары - инновациялық жобалар - НИОКР (Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-құрастырушылық жұмыстар) - инновациялық даму» атты инновациялық стратегияны іске асырудағы басты институт болып Ұлттық инновациялық қор табылады. Қор жұмысының негізгі түрлері - ҚР территориясында және шетелде инновацияны жасаушы және енгізуші инвестициялық, инновациялық қорларды инвестициялау және инвестиция тарту; инновациялық проектілерді жүзеге асырушы қазақстандық және шетелдік компанияларды инвестициялау; инновациялық инфрақұрылым элементтерін жасау (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) ; белгіленген технологиялық даму бағыттары бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге қор гранттарын бөлу; ҚР технологияларды трансферттеу мақсатымен шетелдік жоғарытехнологиялы компаниялардың акцияларын сатып алу.

Қазіргі нарықтық экономика эффективтілігі «ғылым - өндіріс - нарық» тізбегінің барлық буындар байланысын қамтамасыз ететін механизмдердің көптүрлілігімен түсіндіріледі. Солардың ішінде экономикалық өсімді ынталандырудың және ғылым мен өндірістің терең интеграциялануының ең тиімді нысаны - технопарктік типтегі құрылымдар ерекше орын алады.

Инновациялық құрылымдарды жасаудың бұл тенденцияларынан Қазақстан да шет қалмауда. Стратегия жүзеге асырыла бастағаннан бері «Алатау» ақпараттық технологиялар Паркі» және Қарағанды, Орал, Алматы технопарктері іске қосылды. Сондайақ, еліміздің жоғарғы оқу орындары жанынан алты университеттік технологиялық бизнес-инкубаторлар құрылды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдердің инвестициялық және ғылыми-техникалық потенциалын жедел қалыптастырудың тиімді көздерінің бірі венчурлық қаржыландыру.

Біздің елде венчурлық қаржыландыру нарығының сыйымдылығы 2008 жыл соңында 14, 5 миллиард теңгені құрады. Елдің венчурлық инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстың соңғы үш жылы ішінде бес отандық қор құрылды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы отандық венчурлық қорлар жасаған жобалардың портфелі коммерциализация тұрғысынан перспективті 324 жобаны қамтыды. Қазіргі таңда отандық венчурлық қорлар құны 2, 8 миллиард теңге тұратын 15 жобаны қаржыландыруда.

Отандық венчурлық қорларды құру мен ынталандырумен қатар, ҰИҚ шетелдік инвесторлармен де жұмыс жасауда. Ұлттық Инноациялық Қор бес шетелдік венчурлық қордың акционері болып табылады (қатысу соммасы - 30 миллиард долллар шамасында) . Бұл технологияны транферттеу құнын және рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Солай бола тұра, қазіргі инновациялық қызметтің ең әлсіз жері, интеллектуалдық меншік саласындағы заңнамалық база әлсіздігінде, сондай-ақ бастапқы капитал жоқтығында. Бұл мәселе бірнеше жолмен шешілуі мүмкін:

  • сәйкес қаржы институттарын құру арқылы;
  • патент немесе лицензия қолданушы кәсіпорындар үшін салық жеңілдіктерін беру арқылы;
  • Менеджмент, маркетинг, табысты қайта қаржыландыру жүйелерін жетілдіру негізінде жоғарытехнолгиялы өндірістің жаңа нысандарын іздестіру, яғни өндірістік және кәсіпкерлік қатынастардың жетілдірілуі мен оптимизациялануы.

Бірінші жол, қаржыгерлер «бірінші дәрежелі» деп атайтын банк жүйесі арқылы жүзеге асырылуы мүлде мүмкін емес. Себебі Қазақстанда несие бойынша банк пайыздары өнеркәсіптің негізгі салаларындағы рентабельділік нормасынан айтарлықтай жоғары, ал ауылшаруашылық саласындағы нормамен тіпті салыстыруға келмейді. Несиелік серіктетіктер болса, әдетте, бір миллион теңге шегінен аспайтын несие береді, ал мұндай несиелер бойынша сыйақы айына 1 пайыздан асады. Көріп отырғанымыздай, инновациялық жобалардың шығынсыздық деңгейіне шығу мүмкіндігі жоқтың қасы. Бүгінде қазақстанық нарық арзан Қытай тауарларына толы, себебі күнасты елінің банктері өндіріс мүдделеріне қызмет етеді, ал инновациялық жобалар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылына 0 пайыздан төмен(!) Қалай болғанда да, қазақстандық базарлар мен дүкен сөрелері екі елдегі экономикалық әдіс ерекшеліктерінің айқын көрінісі болып табылады.

Екінші жол сонау 1992 жылы алғашқы патенттік заң қабылдауда бағдарға алынған болатын. Заң бойынша патент немесе лицензия негізінде қызмет атқаратын кәсіпорындар үш жылдан бес жылға дейінгі уақыт аралығына табыс салығынан босатылады. Өкінішке орай, 1995 жылғы салық кодексіндегі өзгерістер жаңа технологияның тамыр жаюына балта шапты. Салық комиттетерінің шектеулі қызығушылықтары өз дегендеріне жетті. Нәтижесінде, еліміз ұзақ мерзімді технологиялық стагнацияны бастан кешірді.

Әрине, жоғарыда айтып өткеніміздей, қазіргі таңда ҰИҚ жұмыс атқаруда. Алайда, инновациялық жобалардың тәуекелділігін төмендету мақсатын басшылыққа ала отырып ҰИҚ саналы түрде көптеген эксперттік және өзге де комиссияларды құрды. Іс-жүзінде аталмыш органдар қызметі табысты ұсыныстардың қарастырылу уақытын айтарлықтай ұзартады. Мұндай жағдайда интеллектуалдық меншіктің моральді ескіруі орын алады, ал бұл жағдай ҰИҚ тарапынан ескерусіз қалмайды. Ал шетелде жағдай өзгеше, Advanced Study University президенті Филипп Грифитс мырзаның айтуы бойынша, «Интеллектуалды меншік - бұл болашақ табыстар, ал қазір бар материалдық шығындар мен ақшалай салымдарды ескеру керек».

ТМД елдерінің ғылыми ортасында халықаралық донор ұйымдар субсидиялары түріндегі көмек арқасында ғана өмір сүріп отырған қосалқы жүйе қалыптасты. Ал, бұл донор ұйымдар өз саясатын трансакциондық компаниялар мүдделерімен келістіре отырып құрады. Мұндай жағдайдың орын алуына себепкер - мемлекеттің ұзақ уақыт бойы отандық ғалымдарға көңіл бөлмеуінен. Сонымен қатар, «тоқырау» кезеңінде ғылым мен өндіріс арасында алшақтық пайда болды, ал қайта құрудан кейін ғылымда сапалы кадралар ауысуы болған жоқ. Енді ҰИҚ эксперттері «инновациялық проект есебінде ұсынылатын ескірген ғылыми есептерді» сынға алып, қарастыруы керек. Сол уақытта ең үздік қазақстандық ғылыми кадрлар шетелде жүріп, өз үлестерін шетелдік жоғарытехнологиялы компанияларға қосуда. Егер «ақыл-ойдың ағып кетуі» орын алса, онда креативті шығармашылық үшін қажетті минималды жағдайлар жоқтығында жағдайды қалпына келтіру қиын.

Ал, өзге посткеіестік елдердегі жағдай қандай? Ресей Федерациясы бізбен бір уақытта инновациялық даму жолына көшті, сол себепті ресейлік инновациялық компаниялар тәжірибесін зерттеу қызықты. Олардың саны ТМДның басқа елдерімен салстырғанда әлдеқайда көп, бірақ жалаң статистика олардың жетістіктерін толығымен бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан жекелеген табасты мысалдарды қарастырған жөн болар.

Солардың біреуін келтірейін. Ресейде жедел қарқынмен дамып келе жатқан бір инновациялық компания кеңінен танымал болды. Бұл компания өзгелермен салыстырғанда, ТМД жағдайындағы инновациялық бизнес дамуының жаңа жолын жарқынырақ сипаттайды. Компанияны құруға дайындық жұмыстары өте қауырт болды және бес жылдан астам уақыт алды. Нәтижесінде, өзгертулер мен қайта құруларды бастан кешірмеуге мүмкіндік туды. Негізгі инвестициялық бағыт болып интеллектуалдық меншікті қаржыландыру алынды. Көпшілік мұндай таңдауды утопия деп санады. Бірақ, алғашынан бастап компания нарықта

өзінің миссиясын нақты белгіледі: бұл жоғары технологиялар нарығында қызмет атқаратын, ғалымдардың, инженерлер және өнер шеберлерінің жұмыстарын ұлттық, сондай-ақ халықаралық нарыққа жылжытатын ресейлік новаторкомпания. Компанияның негізгі мақсаты - шығармашылық, инновациялық және лидерлік потенциалды іздеу мен іске қосу есебінен ДСҰ және жаһандану жағдайларында стратегиялық бәсекелестік артықшылықтарын жасау. Компания ғылым, инженерия және өнер дамуына жағымды алғышарттар жасаумен белсенді айналысуда, сонымен қатар ол меценаттықтың үздік дәстүрлерін, ақпараттық, маркетингтік және жоғары гуманитарлық технологияларды қолданады.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев бизнесті әлеуметтік жауапкершілікке шақырғандағы дәл осындай қызметті меңзеді.

Ескертерлік тағы бір жайт, көпшілік ұйымдастырушылық компоненттер ресейлік ғылымның «ноу-хауы» болып табылады. Егер компания АҚШ-та пайда болса, онда ол сол мезетте бизнесті жүргізудің жаңашыл әдісі болып патенттелуі әбден мүмкін еді. Бірақ, жаңашылдық өте шеберлікпкпен құпия сақталуда және де барлық ньюанстарды тек қана компания ішінен түсінуге болады. Ондағы тәуекел де ПИФ және банктердегімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, ал салыстырмалы аз үлес иемденуші үшін пайыздар жоғары. Нәтижесінде, халық өз таңдауын экономикалық тәуелсіздікке жасай отырып, технологиялық тетіктерді іске қосады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың нақты секторын инвестициялау, жаңа технологияларды игеру және қайта құру
Экономиканыц нақты секторына инвестициялар, жаңа технологияларды игеру және құрылымдау
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2006 жылға арналған экономикалық және әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттары мен экономикалық көрсеткiштері
Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығына инвестиция тарту механизімін жетілдіру жолдары
Инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен формалары
Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың теориялық аспектілері
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Экономиканың инновациялық дамуы
Ұлттық инновациялық қор
2015 жылға дейінгі елді дамытудың индустриалды-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz