кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру



КІРІСПЕ
1 ТАУАРЛЫ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ МЕН ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тауарлы.материалдық қорлар, оның мәні және маңызы
1.2 «ЕмбіМұнайГаз» кәсіпорынының экономикалық көрсеткіштерін талдау
1.3 «ЕмбіМұнайГаз» АҚ.ның есеп саясаты
2 «ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ .ДА ТАУАРЛЫ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Тауарлы.материалдық қорларды бағалау және түгендеу
2.2 «ЕмбіМұнайГаз» кәсіпорынының бухгалтериядағы тауарлы.материалдық қорларының талдамалы және жинақтамалы есебі
2.3 Тауарлы.материалдық қорлардың қоймадағы есебі
3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ТАУАРЛЫ.МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕБІНІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Тауарлы.материалдық қорлардың айналымдылығын талдау
3.2 Тауарлы материалдық қорлардың құрамы мен қолданылу тиімділігін талдау
3.3 Тауарлы.материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман бухгалтерлері – бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол ұйым басшыларына байланысты. Қазақстан Республикасында болған жеке және әлеуметтік-экономикалық құрылымдық өзгерістер еліміздің есеп жүйесіне көптеген өзгерістер әкелді. Қаржылық жүйенің өзгеруі, экономиканың дамуы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі кәсіпорында жаңа мәселелердің туындауына алып келді.
Тауарлы материалдық қорлар кәсіпорынның операциялық қызметінің бөлігі болып табылады, сондықтан тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнын дұрыс анықтау, сыныптау және сақтау өте маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта нарықтық экономика шарттарына сәйкес дайындықтың бастапқы кезеңінде материалды-өндірістік қорларды дайындаудың және сатып алудың маңызы зор. Тауарлы-материалдық қорларды ары қарай оңтайлы қолдану үшін, дайындау және тұтыну мақсатына қол жеткізу үшін, бухгалтерлік есеп қызметі тауарлы-материалдық қорларды сатып алу мен дайындау бойынша ай сайын талдау жүргізуге мүмкіндік беретін толық және айқын ақпарат ұстауы қажет. Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Қазір кәсіпорындарда материалдарды дайындау және сатып алу есебін ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін таңдау, ай соңында жолда қалып қойған немесе жабдықтаушылардың қоймасынан шығарылмаған материалдардың құнын көрсерту, материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнының есептік бағалардан ауытқуларын анықтау және оларды өндірістегі шығындалған материалдар мен олардың қоймадағы қалдықтары арасында кейінгі бөлу, пайдаланудағы арзан бағалы және тез тозатын заттардың құнын өтеу мүмкіндіктері пайда болуда. Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдарының шикізат пен материалдарды ұтымды жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өндірістік өнімнің өзіндік құнын азайтуға, шығаратын өнімнің халықаралық нарықта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға тауарлы-материалдық қорлар есебінің атқаратын ролі өте зор.
Тауарлы-материалдық қорларды қолдануды бақылау мен есепті дұрыс ұйымдастырусыз қоймадағы қорлардың келіп түсуі мен шығындалуын, қалдықтарға бақылауды қамтамасыз ету мүмкін емес.
1. Әбдіманапов Ә., «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері». Оқулық, - Алматы 2006. - 89 б.
2. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», - Алматы 2002. - 54 б.
3. Кеулiмжаев Қ.Қ., Әжiбаев З.М. «Қаржылық есеп», Алматы 2001. - 96 б.
4. Кеулімжаев Қ.Қ. «Финансовый учет на предприятии»: учебник/ под.ред. Р.М. Рахимбековой – Алматы: Экономика, 2005. – 282 б.
5. Дюсембаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж. Г «Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001. - 114 б.
6. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп»: Оқулық, Алматы: Экономика, 2005. - 61 б.
7. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы 2006. - 74 б.
8. Рахимбекова Р.М., «Финансовый учет на предприятии»: Учебник. Алматы: Экономика,2005. - 96 б.
9. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-басылым – Минск: 000 «Новое знание», 2000. – 128с.
10. Сейдахметова Ф.С. «Современный бухгалтерский учет». Алматы 2000. - 78 б.
11. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егеменді Қазақстан, 2006 ж., 2 наурыз – 3-4б.
12. Файл бухгалтера №3-4 (355-356), январь 2008г. 15 с.
13. 16.http://www.buh.ru/
14. www.allbest.ru
15. www.kmg.kz
16. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 28.22.2007 жыл. 2 б.
17. Бухгалтерлiк есептiң типтiк жоспары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Алматы 2007 ж. 8б.
18. Бухгалтерлiк есептiң ұлттық стандарттары-2. Алматы, 2007 ж. 38 б.
19. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары, 2005 ж.
20. Баймұханова С. Б «Қаржылық есеп»; Алматы 2007 ж. 292 б.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік
есептің ролі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде
бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны
есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман
бухгалтерлері – бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі
арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс
процестерін басқара алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық
құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық
шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.
Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол
ұйым басшыларына байланысты. Қазақстан Республикасында болған жеке және
әлеуметтік-экономикалық құрылымдық өзгерістер еліміздің есеп жүйесіне
көптеген өзгерістер әкелді. Қаржылық жүйенің өзгеруі, экономиканың дамуы,
әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі кәсіпорында жаңа мәселелердің
туындауына алып келді.
Тауарлы материалдық қорлар кәсіпорынның операциялық қызметінің бөлігі
болып табылады, сондықтан тауарлы материалдық қорлардың өзіндік құнын дұрыс
анықтау, сыныптау және сақтау өте маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта
нарықтық экономика шарттарына сәйкес дайындықтың бастапқы кезеңінде
материалды-өндірістік қорларды дайындаудың және сатып алудың маңызы зор.
Тауарлы-материалдық қорларды ары қарай оңтайлы қолдану үшін, дайындау және
тұтыну мақсатына қол жеткізу үшін, бухгалтерлік есеп қызметі тауарлы-
материалдық қорларды сатып алу мен дайындау бойынша ай сайын талдау
жүргізуге мүмкіндік беретін толық және айқын ақпарат ұстауы қажет. Тауарлы
–материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру
бухгалтерлік есептің маңызды мақсаты. Қазір кәсіпорындарда материалдарды
дайындау және сатып алу есебін ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін таңдау, ай
соңында жолда қалып қойған немесе жабдықтаушылардың қоймасынан шығарылмаған
материалдардың құнын көрсерту, материалдық құндылықтардың нақты өзіндік
құнының есептік бағалардан ауытқуларын анықтау және оларды өндірістегі
шығындалған материалдар мен олардың қоймадағы қалдықтары арасында кейінгі
бөлу, пайдаланудағы арзан бағалы және тез тозатын заттардың құнын өтеу
мүмкіндіктері пайда болуда. Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен
еңбек ұжымдарының шикізат пен материалдарды ұтымды жұмсауға, өндіріс
қалдықтарын азайтуға, өндірістік өнімнің өзіндік құнын азайтуға, шығаратын
өнімнің халықаралық нарықта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға тауарлы-
материалдық қорлар есебінің атқаратын ролі өте зор.
Тауарлы-материалдық қорларды қолдануды бақылау мен есепті дұрыс
ұйымдастырусыз қоймадағы қорлардың келіп түсуі мен шығындалуын, қалдықтарға
бақылауды қамтамасыз ету мүмкін емес.
Қазіргі таңда кәсіпорынның тауарлы материалдық қорлар есебі мен оны
талдау, тауарлы материалдық қорларды бағалау және түгендеу, тауарлы
материалдық қорлардың әртүрлі әдістері бойынша есептеу маңызды болып
табылады. Материалдық есепті ұйымдастыру – есептік жұмыстың күрделі
бөлімдерінің бірі. Өнеркәсіптік материалдық құндылықтар номенклатурасы он
мыңдаған атаулармен саналады. Сондықтан есепті ұйымдастыру және материалдық
құндылықтарды сатып алуы, оның қозғалысы, сақталуы және қолдануы бойынша
бақылау үлкен ауыртпалықтармен байланысты. Барлық есептік жұмыстың
автоматтандырылуының орасан маңызы зор. Есеп пен тауарлы-материалдық
қорларды бақылаудың ажырамас бөлігі - олардың қолданылуының экономикалық
талдауы болып табылады. Осыған орай тауарлы – материалдық қорлар тақырыбы
өзекті мәселе. Тауарды өндіру мен жеткізуде бір қалыптылық жоқ жағдайда
үзіліссіз қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс мекемелері мен кәсіпорында
қажетті тауар қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға
сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан
да материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып
қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорындағы тауарлы материалдық
қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және ЕмбіМұнайГаз АҚ – ның
мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру.
Дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері :
- тауарлы-материалдық қорлардың мәнін ашып көрсету;
- тауарлы-материалдық қорлардың есебінің ұйымдастырылуын ашып көрсету;
- ЕмбіМұнайГаз АҚ-на экономикалық сипаттама беру және
көрсеткіштеріне талдау жасау;
- ЕмбіМұнайГаз АҚ – ның көрсеткіштері негізінде тауарлы-материалдық
қорлар есебі мен талдауын зерделеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны – ЕмбіМұнайГаз АҚ болып табылады,
ал зерттеу пәні – осы кәсіпорында орын алатын тауарлы материалдық қорларға
қатысты шаруашылық операциялар.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан
Республиксының бухгалтерлік есеп пен есеп беру жүйесін реттейтін
нормативтік құжаттар, отандық және шет елдік авторлардың жұмыстары
пайдаланылды.

1 ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ МЕН ОНЫ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Тауарлы-материалдық қорлар, оның мәні және маңызы

Өндіріс процесінде өнім өндіру және қызмет кәрсету үшін керекті
жағдайлардың бірі – еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан ерекшелігі,
өндіріс құралы өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысып өздерінің табиғи
пішінін сақтай отырып, өндіретін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып
отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өзінің бастапқы
құнын түгелдей өндіретін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің,
атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының жартысынан артығы еңбек заттарының
құнынан тұрады. Еңбек заттары өндірістік қор болып саналады. Әдетте өндіріс
процесінде қолма – қол ақша қаражаттарына және өзге де активтерге
айналады.
Кәсіпорынның өндірістік циклы – бұл ТМҚ – ды иемдену мен олардың ақша
қаражаттарына айналуы арасындағы орта уақыт мерзімі. Бухгалтерлік балансты
дайындаған кезде ТМҚ былайша сыныпталады:
- ТМҚ кәсіпорынның операциялық қызметінің бөлігі болып табылады
және кәсіпорынның өндірістік циклында сатылады және тұтынылады;
- сату мақсатымен қысқа уақыт аралығында сақталады немесе есепті
күннен бастап 12 айдың ішінде сатылады.
Көптеген кәсіпорындардың тұрақты және сатып алынған қорлары болады.
Белгілі бір тұтынушыларға қызмет ететін кәсіпорындарда қорлардың деңгейі
төмен болады. Бұл кәсіпорындар тұтынушыларға дайын болуына қарай тауарларды
жеткізеді. Егер қорлар тез ескіретін болса, онда кәсіпорындар қорлар
деңгейін төмендетуге тырысады. Үлкен өндірістік циклы бар кәсіпорындар
қомақты сомаларды аяқталмаған өндіріске салуы мүмкін. Қорларды сақтау
(иемдену) қымбатқа шығады, қйткені қорларды сақтауға кететін шығындар,
сақтандыру шығынадары, ұрлық немесе кәсіпорын құлдырауы мүмкін. Екінші
жағынан қарастыратын болсақ, қорлардың болмауы да қымбатқа шығады, өйткені
тұтынушыларды дер кезінде қанағаттандыру мүмкін болмайды.
ТМҚ – дың сомаларының өсуі, сату деңгейін тежейді, ТМҚ – көлемінің өсуі
кәсіпорынның қиыншылықтарға тірелгендігін дәлелдейді. Мысалы, ақша
қаражаттары ТМҚ – ды сатып алуға шығындалады, бірақ сату жүзеге асырылмауы
мүмкін.
ТМҚ қозғалысы кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік
береді.ТМҚ болып табылуы үшін активтер мынадай сипаттамаларға ие болуы
қажет:
- кәсіпорынның меншігі болып табылуы керек;
- кәсіпорынмен бақылануы қажет;
- сатуға және өндірісте пайдаланылуға арналған, олар әрдайым
шығындалып, жаңа қорлармен ауыстырылып отырады.
Демек, ТМҚ – ға кәсіпорынның дәл сол уақытта иемденіп отырған қорлары
кіреді. Обьектіні ТМҚ – ға жатқызудың басты критериі бұл осы обьектіге
байланысты кәсіпорынның меншік құқығы болып табылады. Сатып алынған немесе
жол үстіндегі қорлар сатып алушы кәсіпорынның ТМҚ – на кіреді, өйткені
оларға меншік құқығы тапсырылады. Меншік құқығын тапсыру уақыты қорды сатып
алу келісімшартында қарастырылады [5].
Кәсіпорынның ТМҚ – ның құрамына жеткізушіден қабылданған, бірақ сатып
алушымен бүлінген тауарлар енбейді. Кәсіпорынның ТМҚ – ның құрамына
комиссия келісімшартының шегінде сауда агенттіктеріне тапсырылған ТМҚ
енеді. Комиссия келісімшарты бойынша тауарлар дегеніміз - заң жүзінде
комиссионерге тиесілі, бірақ комитенттегі тауарлар. Комитенттің тауарды
қалыпты өндіріс процесінде сатуға және сатылмаған тауарларды заңды иесіне
қайтаруға құқығы болады. Тауарлар комиссионердің қоймасында сақталуы мүмкін
және мұндай келісімшарт екіжақты тиімді болып табылады.
ТМҚ келесідей негізгі үш топқа бөлінеді:
- қорлар;
- аяқталмаған өндіріс;
- дайын өнім.
Саудамен айналысатын ұйымдарда қорлардың мынадай түрлері орын алады,
олар шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер т.б ретінде танылатын
тауарлар. Тауар дегеніміз алдағы кезеңде қайта сатуға арналған кәсіпорынның
сатып алынған бұйымдары.Кәсіпорын тауарлардың физикалық қалпын елеулі
өзгерістер енгізбейді, себебі сатып алған кезеде жеткізушілер тауарды дайын
күйінде ұынады. Қорларға өндірісте қолданылатын шикізат қорлары,
материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер,
конструкциялық бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы
бұйымдар және т.б жатқызылады. Бұл қорлар шығарылып жатқан тауардың
құрамына кіріп, оның негізін қалайды немесе оның дайындалуына арналған
керекті компоненті болып табылады.(мысалы, нан дайындауға қажетті ұн).
Кәсіпорынның ТМҚ – ның есебін ұйымдастыру үшін қорларды сыныптау
маңызды болып табылады. Шикізат құрамына негізінен ауылшаруашылық өнімдері
(бидай, мақта) және өндіріс өнімдері (көмір, кен, мұнай) кіреді.
Материалдар дегеніміз – өңдеу, дайындау өнеркәсібінің өнімі болып
табылады (мақта, қант, металл, цемент). Материалдарды екіге бөліп
қарастыруға болады:
- негізігі материалдар;
- қосалқы материалдар.
Негізігі материалдар өндірілген өнімнің заттық негізін қүрайды (мысалы:
лак, бояу), ал қосалқы материалдар өнімнің құрылуына тікелей қатысады
немесе шаруашылық қажеттіліктер үшін, техникалық мақсаттар үшін
қолданылады. Қосалқы материалдардың негізгі материалдардан ерекшелігі,
бұлар өнімнің заттық негізін құрай алмайды. Материалдарды негізігі және
қосалқы материалдарға бөлу шартты болып табылады, бұл пайдаланылатын өнім
көлеміне байланысты болып келеді. Мысалы бояу өнеркәсіптік ұйымдар үшін
қосалқы материал болып есептелсе, ал мердігерлік құрылыс кәсіпорындары үшін
ол негізгі материал болып табылады.
Қосалқы материалдарды мынадай топтарға бөліп көрсетуге болады:
- отын;
- ыдыс және ыдыстық материалдар;
- қосалқы бөлшектер.
Отын былайша бөлінеді:
- технологиялық (технологиялық мақсат үшін);
- қозғалтқыш (жанар май);
- шаруашылық (жылу үшін).
Ыдыс және ыдыс материалдары-бұл әр түрлі материалдарды буып-түюге,
тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар).
Ыдыс және ыдыстық материалдар былайша жіктеледі:
- қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың
құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;
- өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес
ыдыстар.
Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарымды (әдетте бірнеше рет
пайдаланылатын) немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып
алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.
Қосалқы бөлшектер машиналар мен механизмдердің тозған бөлшектерін
ауыстыруға қажетті болып табылады.
Сатып алынатын жарртылай фабрикаттар – бұл белгілі бір өңдеу
кезеңдерінен өткен , бірақ дайын өнім болып табылмайтын материалдар. Өнімді
дайындау кезінде олар негізігі материалдар сияқты өнімнің заттық негізін
құрайды.
Өндіріс қалдықтары – бұл шикізаттар мен материалдарды дайын өнімге
айналдыру кезінде, өзінің тұтыну құнын толықтай немесе жартылай жойған
қалдықтар. Қайтарылатын қалдықтарға басқа цехтарға өзге де өнім түрлерін
өндіруге берілетін шикізат және материал ретіндегі қалдықтар жатпайды.
Қайтарылатын қалдықтарды бағалау келесідей жүргізіледі:
- бастапқы материалдық ресурстың төмендетілген бағасымен, ал егер
қалдықтардың негізігі өндісте пайдаланылуы мүмкін болатын болса,
мүмкін болатын қолдану бағасымен бағаланады;
- егер қалдықтар толық материалдық ресурс ретінде сатылатын болса,
бастапқы материалдың толық құны бойынша бағаланады [11].
Аяқталмаған өндіріс – алдағы кезеңде өңдеуді талап ететін тауарлар.
Олардың құны сол уақытқа байланысты жүзеге асырылған шикізаттарға, жұмыс
күшіне және аяқталмаған өндіріс бірлігіне таратылған үстеме шығындардың
сомасымен анықталады. Технологиялық процеспен анықталған сынақтардан
өтпеген, бірақ толық аяқталған өнім, аяқталмаған өндіріс болып табылады.
Сондай – ақ аяқталмаған өндірістің қатарына дайындалған, бірақ тұтастай
буып - түйілмеген немесе тапсырыс берушімен қабылданбаған өнімдер жатады.
Дайын өнім – түгелдей өңделген, бекітілген стандарттар мен
тексерулерден өткен, қабылдау – тапсыру актісімен рәсімделген, сатуға
арналған, және басқа ұйымдар үшін орындаоған жұмыстар мен қызмет
көрсетулерге арналған өнімдер. Олардың құны тікелей және үстеме шығындардың
сомасымен анықталады.
Үш қордың өзара байланысын келесідей көрсетуге болады:

Шикізат және материалдар + еңбек = аятқалмаған өндіріс +еңбек+
өндірістік үстеме шығындар= дайын өнім
(1).

ТМҚ – ды есепке алудың мақсаттары.
Қаржылық есеп беруді құрастыру мақсатында ТМҚ-лар есебінің басты
міндеті өнімнің нақтылы өзіндік құнын анықтау емес, сәйкесінше кірістерді
шығындармен сәйкестендіру жолымен таза табысты анықтау болып табылады. Бұл
мәселелер (нақты таза табысты және қорлардың нақты өзіндік құнын анықтау)
үйлесімсіз, бірақ олардың біріншісі қаржылық есептілікті пайдаланушылар
үшін маңызды болып табылады (әсіресе акционерлер үшін):
- ағымдағы есептіліктегі ТМҚ-лардың құнын анықтау (өзіндік құнын);
- баланс құрылған күнге активтер құрамында көрсетілетін ТМҚ – дың
құнын анықтау;
- ТМҚ-ды пайдалану немесе сату нәтижесінде шығындар ретінде есептен
шығарылу кезіндегі құнын анықтау қажет.
- ңайлатуға, материалдардың бүлінуін уақытылы анықтауға мүмкіндік
береді.
Олар өз кезегінде мыналарды қажет етеді:
- ТМҚ-ды сақтау қоймаларында қорларды уақытылы және толық қабылдауды
бақылау жүйесін;
- қорлардың қозғалысы жөніндегі операцияларға уақытылы және толық
құжаттардың жүргізілуін;
- қорларды дайындау кезіндегі нақты өзіндік құнды және тауарлы-
транспорттық шығындарды уақытылы және толық анықтаулуын;
- өнім шығысындағы тауарлы-транспорттық шығындарды уақытылы және толық
есептен шығарудың бақылануын;
- ішкі ресурстарды мобилизациялау мақсатында қажет емес материалдық
қорлардың шығарылуын;
- қоймаларда сақталатын қорлар қозғалысы жөнінде нақты мәліметтер
алынуын.
1. Материалдық құндылықтарға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып
табылатындар:
- жабдықталған қойма үй-жайларының болуы;
- материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың
ішінде жекелеген топтар бойынша орналастыру;
- материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты
адамдар тобын белгілеу;
- тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату
құжаттарына қол қою құқығы берілетін лауазымды адамдар тобын
белгілеу [12].
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін
қажеттісі:
1. Материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу.
2. Құжат айналымының айқын жүйесі және тауарлы-
материалдық құндылықтарды кіріс ету және есептен
шығару жөніндегі операцияларды рәсімдеу тәртібін
сақтау.
3. Бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі
қалыпқа келтіру.
4. Тауарлы-материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу
жүргізу.
5. Бухгалтерияға материалдардың есебі учаскесін
компьютерлендіру.

1.2 ЕмбіМұнайГаз кәсіпорынының экономикалық көрсеткіштерін талдау

Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кең байлықтарымызды игеру,
оның ішінде мұнай мен газды өндіру.
40 миллиард баррельге бағаланатын мұнай қорына ие Қазақстан ОПЕК-ке
кірмейтін елдердің арасында аталған көрсеткіш бойынша екінші орынға ие.
Экспорттық жолдардың жеткілікті саны жағдайында Қазақстан алдағы он
жылдықта әлемдегі мұнай өндірушілер мен экспортқа шығарушылардың біріне
айналуы мүмкін. Мұнай өндіру мен оның экспортының болжамды өсуі халықтың әл-
ауқаты мен тұрмыс деңгейін арттырудың негізгі факторларының бірі болып
қалмақ.
ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ (ҚМГ БӨ) Қазақстандағы ірі мұнай және
газ өндіруші компанияның бірі. ҚМГ БӨ бүгінде мұнай өндіру көлемі жағынан
елімізде екінші орын алады. ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ ҚМГ Ұлттық
компаниясы АҚның еншілес кәсіпорыны болып табылады және 2004 жылдың
наурызында ӨзенМұнайГаз ААҚ (ӨМГ) мен ЕмбіМұнайГаз АҚ (ЕМГ) бірігуі
жолымен құрылды.
ӨМГ және ЕМГ кен орындары 2Р категориясы бойынша 240 млн. тоннадан
астам мұнай қорына ие. 2007 жылы жүзеге асырылған сатып алуларды
есептегенде, компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының жалпы көлемі
296 млн. тоннаны құрайды. Бүгінде ҚМГ БӨнің жеке активінде (сатып алуларды
есептемегенде) 44 кенорындары бар. Соның ішінде ЕМГ АҚ 39 кенорынын
игерегді. 2007,2008 жылдарда осы кенорындарында игерілген қорлар мөлшерін 1
кестеден көруге болады:
1 кесте
ЕмбіМұнайГаз АҚ-дағы тауарлы-материалдық қорлар (мың теңге)

№ ТМҚ 2007 2008 Ауытқу
1 Материалдар 10 053 765 7 666 214 -2387551
2 Шикі мұнай 5 077 854 3 917 044 -1160810
Барлығы: 15 131 619 11 583 258 -3548361

ЕмбіМұнайГаз АҚ-ның негізігі қызметіне мыналарды жатады:
- көмірсутекті өңдеумен байланысты қызмет;
- көмірсутекті қайта өңдеумен байланысты қызмет;
- басқа да қызмет түрлері [10].
Кәсіпорын геологиялық зерттеу жұмыстарын да жүзеге асырады.Бұл жұмыстың
негізігі мақсаты, компанияның шикізат базасын жетілдіру үшін мұнай және
газ қорларын өндіру. Ресурстық базаны ұлғайту үшін геолгиялық барлау
жұмыстары Атырау және Маңғыстау облыстарында жүргізілуде. Кәсіпорын
болашақта жаңа технологияларды пайдалана отырып мұнай өндірудің жаңа
механизмдерін ашуға мақсат қойды. Сонымен қатар кәсіпорын мұнайды өңдеуді
идентификациялау үшін бірқатар іс шаралар жүргізуде. Кәсіпорын мұнай
идентификациясының келесі тәсілдерін қолданады: пластты гидрожару,
перфорация технологиясы, электро әсер. Өндірісті басқару үшін кәсіпорын
ақпаратттық технологиялар базасын қолданады.
Кен орындар. Республикадағы мұнай газ өнеркәсібінің даму тарихы Өзен
мен Ембі кен орындарының игерілуімен бастау алады. Әлі күнге дейін осы
аймақтардың кен орындарында жалпы еңбек өтімі жүздеген жылдарды құрайтын
атақты мұнайшылар әулиеттерінің өкілдері еңбек етіп келеді.
Алғашқы мұнай шөгінділері 1899 жылы табылды және 1920 жылдан бастап
мұнай кәсіпшіліктері Батыс Қазақстанды игеруде шешуші роль атқарады. Ұлы
Отан соғысы кезінде жылына 700-750 мың тонна беріп тұрған Ембі кеніштері
Кеңестер одағындағы маңызды мұнай өндірушілердің бірі болды. Содан бері
мұнай кәсіпшіліктерінің аймақтағы маңызы тек арту үстінде. Бүгінде АҚ
ҚазМұнайГаз БӨ (ҚМГ) – дің еншілес кәсіпорындары ЕмбіМұгайГаз (ЕМГ)
және ӨзенМұнайГаз (ӨМГ) өндірістік филиалдары Атырау және Маңғыстау
облыстарының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
ЕМГ кенорындарының бірқатары (Оңтүстік Батыс Қамысты,Жаңаталап
Нуржанов) 60-шы жылдардың соңы мен 70-ші жылдардың басында, қалғандары 80-
шы жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басында (Кенбай, Забұрын,Ботахан,
Мақат) ашылып, пайдалануға берілді.
ЕмбіМұнайГаз өндірістік филиалында 39 кен орыны игеріледі.
2007 жылы компания Қаражанбасмұнай компанияларындағы акциялардың
50% сатып алудың нәтижесінде өзінің қызметін айтарлықтай кеңейтті. Бұл екі
сатып алудың орташа тәуліктік өндіруге жалпы ықпалы тиді және ҚМГ БӨ-нің
тәуліктік мұнай өндіруі шамамен алғанда 48 мың баррельді құрады.
Компанияның есепті кезеңдегі қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі
факторларға: мұнайға арналған бағаның динамикасы, валюталық бағамдардың,
атап айтқанда, теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамының ауытқуы және
елдегі инфляция қарқыны жатады.
Мұнай сату компания кірісінің негізгі көзі болып табылады. Бизнес,
келешек, қаржылық жағдай және қаржы –экономикалық қызметтің нәтижелері
айтарлықтай дәрежеде мұнайға арналған бағаға қатысты. Өткен кезеңдерде
мұнай бағасы құбылмалылықтың жоғары дәрежесін көрсетті. Компания кірістері
мен таза пайдасы айтарлықтай дәрежеде мұнай бағасының өзгеруіне қарай
ауытқиды. 2001жылдан бастап мұнайға арналған дүние жүзілік баға едәуір
өскенімен, бұл өсу қазіргі баға деңгейі сияқты келешекте де
сақталатындығына ешқандай кепілдік жоқ. Келешекте кез келген мұнай
бағасының төмендеуі (тіпті салыстырмалы түрде көп емес) бизнеске,
келешекке, қаржылық жағдайға және компания қызметінің нәтижелеріне жағымсыз
әсер етуі мүмкін. 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда BRENT сортты мұнайға
арналған баға орташа алғанда баррель үшін 7.25 АҚШ долларына артты.
Компания 9.53 млн. тонна мұнай өндіріп 2008 жылы белгіленген
өндірістік көрсеткіштерін орындауға қол жеткізді, 2007жылы осындай мұнай
көлемі өндірілген болатын. Барлық өндірілген мұнайдың 2.81млн. тоннасын –
ЕМГ АҚ өндірді. Ұйымның өндірістік әлеуетін қалыптастыру қаржылық
ресурстар көмегімен іске асырылатындықтан, олардың маңызы өте зор.
Сондықтан, капиталды тарту және қалыптастыру көздерін талдау және
шаруашылық қызметті талдау өте маңызды. Талдауға керекті негізгі ақпарат
көздері: бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп, ақша
қаражаттары қозғалысы туралы есеп, капитал қозғалысы туралы есеп және
негізгі құралдардың қозғалысы туралы есеп болып табылады. Ұйымның қаржы-
шаруашылық қызмет көрсеткіштері болып: өнімді сатудан табыс, яғни ұйымның
кассасына немесе есеп шотына сатылған немесе жөнелтілген өнім үшін ақша
кірістер. Ұйым қызметі барысында негізгі қызметтен емес түскен табыстар
болуы мүмкін. Мұндай табыстарға: материалды емес активтерді сатудан түскен
табыс, негізгі құралдарды сатудан түскен табыс және негізгі қызмет түрімен
байланысты емес өзге табыстар. Шығыстарға мыналар кіреді: өнімді сатып
алуға шығыстар, өнімнің өзіндік құны, ұйымның жалпы және әкімшілік
шығыстары, сату бойынша шығыстар, пайыз бойынша шығыстар. Табыс және шығыс
арасындағы айырма : ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің не табысы, не
залалы болады [17].
ЕмбіМұнайГаз АҚ - 2007, 2008 жылдарындағы баланс мәліметтері
негізінде компания қызметінің негізгі көрсеткіштерін қарастырайық.
ЕмбіМұнайГаз АҚ-ның 2008 жыл қорытындысы бойынша қаржылық есептілігі
негізінде қаржылық талдау келесі 2 кестеде көрсетілген:
2 кесте
ЕмбіМұнайгаз АҚ 2008 жылғы бухгалтерлік балансы негізінде тігінен талдау
(мың теңге есебінде)*

Баланс баптары Жыл басында Жыл соңында
мың тг. үлесі, % мың тг. үлесі, %
Активтер барлығы 851 851 741100 734 937 389 100
Ағымдағы активтер 472 153 92255.4 358 113 845 48.7
Тауарлы материалдық қорлар 11 583 2581.4 15  131 2.1
619
Салықтар мен өтелетін ҚҚС 5 378 089 0.6 11 690 358 1.6
бойынша алдын ала төлем
Алдағы кезең шығындары 4 845 333 0.6 4 952 828 0.7
Саудалық және басқа да 50 083 867 5.9 37 356 601 5.1
дебитолық берешектер
Басқа да қаржылық активтер 378 603 92444.4 226 523 024 31
Ақша қаражаттары және 21 658 451 2.5 62 459 415 8.5
олардың баламалары
Ұзақ мерзімді активтер жиыны379 698 81944.6 376 823 544 51.3
2 кестенің жалғасы
Негізгі құралдар 246 673 65729 259 333 372 35.3
Басқа да қаржылық активтер 1 953 799 0.2 102 841 401 14
Бірлесіп бақыланатын 18 478 228 2.2 - 0
кәсіпорындардағы дебиторлық
берешектер
Материалдық емес активтер 5 548 240 0.6 7 921 252 1.08
Ассоциацияланған 102 999 13912.1 2 884 207 0.39
компаниялар мен бірлесіп
бақыланатын кәсіпорындарға
инвестициялар
Басқа да ұзақ мерзімді 4 045 763 0.53 3 8432 312 0.52
активтер
Міндеттемелер барлығы 205 410 129100 209 179 574100
Ағымдағы міндеттемелер 135 332 75066 108 335 61252
Займдар 18 713 954 9.13 21 695 307 10.4
Төлеуге табыс салығы 59 356 770 29 25 551 751 12.3
Кредиторлық борыштар 35 184 485 17.2 40 457 729 19.4
Резервтер 22 077 379 10.8 20 630 825 9.9
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 70 077 379 34 100 843 96248
Займдар 14 135 380 6.9 37 972 387 18.1
Кейінге қалдырылғын салықтар7 784 439 3.8 10715 701 5.1
бойынша міндеттемелер
Резервтер 48 157 469 23.4 53 155 847 24.8
Капитал барлығы 646 441 612100 525 757 815100
Жарияланған капитал 259 365 91440 259 276 48149.3
Басқа да капитал 580 0.09 92 249 0.01
988
Бөлінбеген пайда (жабылмаған386 494 71060 266 383 38550.6
зиян)

* Дерек көзі: ЕмбіМұнайГаз БӨ АҚ – ның 2008 жылдық есебі

Тігінен талдаудың негізгі мақсаты жекелеген жиынтық көрсеткіштердің
жалпы нәтижеге әсерін анықтау болып табылады, яғни жалпы сомадағы жекелеген
көрсеткіштердің үлес салмағын айқындау. ЕмбіМұнайГаз АҚ 2008 жылғы
бухгалтерлік балансы бойынша келесідей қорытынды жасауға болады. Ұйымның
қысқа мерзімді активтерінің құрамындағы тауарлы материалдық қорлардың
үлесінің өскенін байқаймыз, яғни қорлардың жыл басындағы үлесі 1.4 % - ды
құраса, ал жыл соңында 2.1% -ға артқанын көреміз. Бұл кәсіпорын үшін тиімді
болып табылады, осыған байланысты қорларға сұраныстың өскендігін байқауға
болады.
Ұзақ мерзімді активтер үлесінің жыл басында (44.6), жыл соңында да
(51.3) басым болғанын көреміз.
Ұзақ мерзімді активтердің құрамында негізгі құралдардың үлес салмағының
ұлғайғандағын байқауға болады. Ұйымның міндеттемелерінің құрамына қарап
жалпы капитал мөлшерінің жыл соңында азайғандығын байқаймыз. Яғни ұйым
сырттан тартылатын қарыз қаражаттарына тәуелді.
Келесі 3 кестеден ЕмбіМұнайГаз АҚ-ның 2008 жылғы бухгалтерлік балансы
негізінде көлденең талдауды көруге болады.

3 кесте
ЕмбімұнайГаз АҚ-ның 2008 жылғы бухгалтерлік балансы негізінде
көлденең талдау (мың теңге есебінде)*

Баланс баптары Жыл басы Жыл соңы Ауытқуы
+,- %
Активтер барлығы 851 851 741 734 937 389 -116914352 -13.7
Ағымдағы активтер 472 153 922 358 113 845 -114039077 -24.5
Тауарлы материалдық қорлар 11 583 258 15 131 6193548369 30.6
Салықтар менс өтелетін 5 378 089 11 690 358 6312269 117.4
алдын ала төлем
Алдағы кезең шығындары 4 845 333 4 952 828 107 495 2.2
Саудалық және басқа 50 083 867 37 356 601 -12727266 -25.4
дебиторлық берешек
Басқа да қаржылық активтер 378 603 924 226 523 024 -152080900 -40.2
Ақша қаражаттары және 21 658 451 62 459 415 40800964 188.4
олардың баламалары
Ұзақ мерзімді активтер 379 698 819 376 823 544 -2875275 -0.76
жиыны
Негізгі құралдар 246 673 657 259 333 372 12659715 5.13
Басқа да қаржылық активтер 1 953 799 102 841 401 100887602 51
Бірлесіп бақыланатын 18 478 228 - -18478228 -100
кәсіпорындардағы дебиторлық
берешектер
Материалдық емес активтер 5 548 240 7 921 252 -18478228 42.8
Ассоцияцияланған 102 999 139 2 884 207 -100114932 -97.2
компаниялар мен бірлесіп
бақыланатын кәсіпорындарға
инвестициялар
Басқа да ұзақ мерзімді 4 045 763 3 8432 312 -202451 -5
активтер
Пассивтер барлығы 205 410 129 209 179 574 3769445 14
Ағымдағы міндеттемелер 135 332 750 108 335 612 -26997138 1.27
Займдар 18 713 954 21 695 307 2981353 -16.7
Төлеуге табыс салығы 59 356 770 25 551 751 -33805019 2.2
Кредиторлық борыштар 35 184 485 40 457 729 5273244 -0.9
Резервтер 22 077 379 20 630 825 -1446716 14
Ұзақ мерзімді міндеттемелер70 077 379 100 843 962 30766583 11.2
Займдар 14 135 380 37 972 387 23836907 1.3
Кейінге қалдырылған 7 784 439 10715 701 2931262 1.4
салықтар бойынша
міндеттемелер
Резервтер 48 157 469 53 155 847 3998414 -
Капитал барлығы 646 441 612 525 757 815 -120683797 9.3
3 кестенің жалғасы
Жарияланған капитал 259 365 914 259 276 481 -89433 -0.08
Басқа да капитал 580 92 249 -488739 -9.4
988
Бөлінбеген пайда 386 494 710 266 383 385 -120111325 0.001
(Жабылмаған зиян)

* Дерек көзі: ЕмбіМұнайГаз БӨ АҚ – ның 2008 жылдық есебі

Көлденең талдау қорытындысы бойынша ұйым активтерінің баланс
валютасының жыл соңында жыл басымен салыстырғанда -13 пайызға азайғандығын
байқаймыз, оған мынадай баптар әсер еткен:ағымдағы активтер, басқа да
қаржылық активтер,ұзақ мерзімді активтер жиыны, бірлесіп бақыланатын
кәсіпорындардағы дебиторлық берешектер,ассоцияцияланған компаниялар мен
бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарға инвестициялар әсер еткенін көреміз
[13].
Активтердің құрамындағы тауарлы материалдық қорлар 30.6%-ға артқан.
Тауарлы материалдық қорлардың артуы капитал айналымдылығының жылдамдығын
арттыруға және олардың табыстылығының артуына ықпал етеді Ақша
қаражаттарының 188.4 - ға артқанын көреміз.
Баланстың міндеттемелер бабының құрамында займдар -16.7, кредиторлық
борыштар -0.9, жарияланған капитал -0.08, басқа да капитал -9.4 ке
кеміген.АҚ ЕмбіМұнайГаз 2007, 2008 жж. қаржылық–шаруашылық қызметінің
негізгі көрсеткіштерін төмендегі 4 кестеден көруге болады:
4 кесте
ЕмбіМұнайГаз АҚ қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі
көрсеткіштері (мың теңге есебінде)*

Көрсеткіштер 2007 жыл 2008 жыл Ауытқу,
(+,-)
Сатудан алынған табыс 412 207 787 486 974 879 +74767092
Операциялық шығыстар (193 397 788) (210 834 485) -17436697
Операциялық пайда 218 809 999 276 140 394 +57330395
Сыйақыдан кіріс 11 615 497 27 030 779 +15415282
Сыйақы бойынша шығыстар (7 595 468) (5 787 911) 1807557
Жағымсыз бағамдық айырмашылық (4 060 138) (8 042 582) -3982444
Еншілес ұйымдарды сатудан кіріс (75 772) 859 828 784056
(шығын)
Ассоциацияланған компаниялар мен(327 788) 17 429 850 17102062
бірлесіп бақыланатын
кәсіпорындардың нәтижелеріндегі
үлес
Табыс салығына дейінгі пайда 218 366 330 307 630 358 +89264028
Табыс салығы бойынша шығыстар (95 805 113) (150 511 277) -54706164
4 кестенің жалғасы
Жыл ішіндегі таза пайда 122 561 217 157 119 081 +34557864
Негізгі құралдар 259 333 372 246 673 657 -12659715
Тауарлы-материалдық қорлар 15 131 619 11 583 258 -3548361
Қор қайтымдылығы 1,59 1,97 0,38
Қор сыйымдылығы 0,63 0,51 -0,12
Материал қайтымдылығы 27,24 42,04 14,8
Материал сыйымдылығы 0,04 0,02 -0,02
Сату рентабельділігі 29,73 32,26 2,53

* Дерек көзі: ЕмбіМұнайГаз БӨ АҚ – ның 2008 жылдық есебі

4 кестеден көріп отырғанымыздай, 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы
шаруашылықтың сыйақылар сомасы 15415282 мың тг-ге өскен. Ал, шығындар
сомасы 2007 жылға қарағанда 2008 жылы 17436697 мың теңгеге кеміген.
Себебі, 2007 жылы сыйақылар бойынша шығындар 1807557 мың теңгеге азайған.
Таза табыс 34557864 мың тг-ге өскен. Тауарлар мен қызметтің өзіндік құны
2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 81,5 %-ға артқан. Қор қайтымдылығы
негізгі өндірістік қорлардың қолданылуын сипаттайды. Қор қайтымдылығы жыл
сайын артып отырған, яғни бұл негізгі құралдардың тиімді қолданғанындығын
сипаттайды. ЕМГ АҚ – ның қызметіне оң баға беруге болады, өйткені зерттеліп
отырған кәсіпорында қор қайтымдылық коэффициенті 14.4 артып, қор
сыйымдылық коэффициенті кеміген.Сату рентабельділігі кәсіпорынның
тұрақтылығын зерттейді,
Қор сыйымдылығы өндірілген өнімнің 1-тг-ге келетін негізгі
құралдардың көлемін сипаттайды.
2008 жылдың 31желтоқсанындағы жағдай бойынша компания мұнай
ұңғымаларының пайдалану қоры 5925 ұңғыманы, 1862 тоғытпалы ұңғыманы құрады
[15].
Компания кен орындарының негізгі бөлігі жоғарғы суланушылығы мен
мұнай өндіру деңгейінің төмендеуімен сипатталатын игерудің соңғы
кезеңдерінде тұр. Мұнай өндірудің табиғи төмендеуінің орнын толтыру
мақсатында, сондай-ақ 2008 жылы мұнай өндірудің жоспарланған көлемдерін
қамтамасыз ету үшін компания ұңғымаларды пайдаланудың бұрғылау, күрделі
жөндеу жөніндегі жұмыстарды, мұнай өндіруді қарқындату, сондай ақ бүйірлік
оқпанды кесу жөніндегі іс шараларды жүргізді. 2008 жылы компания 179
пайдалану ұңғымысының құрылысын аяқтады, бұл ретте жаңа ұңғымаларды іске
қосудан мұнай өндіру 290 мың тоннаны құрады.1137 ұңғымаға күрделі жөндеу
жүргізілді, күрделі жөндеу бойынша жұргізілген жұмыстан қосымша өндіру 542
мың тонна мұнайды құрады,2008 жылы 8.94 мың тонна мөлшерінде қосымша мұнай
өндіруге қол жеткізген 14 ұңғыманың бүйірлік оқпанын кесу жүргізілді.
Компания қабаттардың мұнай беруін арттырудың үздік технологиялар, оның
ішінде қабатты сумен сөгуді және ағынды ауытқытушы полимерлік құрамдарды
пайдалануды қолдануда. ҚМА технологиясын қолданудың нәтижесінде 2008 жылы
396 ҚМА ұңғымалық операцияларды жүзеге асырудың есебінен қосымша  561.23
мың тонна мұнай өндірілді.
2009 жылы мұнай өндіру ҚазгерМұнай мен Қаражанбасмұнайдағы өндіруді
қоспағанда шамамен алғанда 2008 жылғы деңгейде сақтала отырып 9.5 млн.
тоннаға жетеді. Өндірудің табиғи төмендеуінің орнын толтыру үшін 2009 жылы
162 өндіруші ұңғыманы бұрғылау сондай ақ бар ұңғымаларда іс- шараларды оның
ішінде қабаттардың мұнай беруін жақсарту, ұңғымаларды күрделі жөндеу
оқпантүп маңындағы аймаққа ықпал ету және өндіруші ұңғымаларды
әрекетсіздіктен шығару жөніндегі іс шараларды орындау жоспарланып отыр.
2009 жылы Компания бұрғылау орнату үшін геологиялық құрылымын нақтылау және
объектілерді негіздеу мақсатында болашағы бар блоктарды геологиялық барлау
жұмыстарының ауқымды көлемін жоспарлап отыр. Атап айтқанда, компания Р-9,
Тайсойған кенорындарында, сондай-ақ Өзен және Қарамандыбас кен орындары
аймағына жалғасып жатқан аумақтарда барлау жұмыстарын жоспарлап отыр. 2009
жылы 850 км. көлемінде сейсмикалық зерттеудерді жүзеге асыру 8 құрылымдық
ұңғымалардың құрылысын салу, сондай-ақ 12600 метр тереңдікті бұрғылау
жоспарланды.
2009 жылы компанияның күрделі шығыстары шамамен алғанда 45 млрд.
теңгені құрайды деп күтілуде. Келесі кестеде 2008 жылдың 31 желтоқсаны мен
2007 жылдың 31желтоқсанында аяқталған кезеңдер ішінде мұнай мен мұнай
өнімдерін сатудың көлемдері және сату бағалары туралы деректер келтірілген:
5 кесте
Мұнай мен мұнай өнімін сату бағалары туралы дерек (мың теңге)*

Мұнайды экспорттық сату 2008 жыл 2007 жыл
ӨАС құбыр желісі Мың теңге
(Өзен-Атырау-Самара )
Сату 305 100 869 266 393 555
Көлемі (мың тоннамен) 5 233 5 075
Орташа бағасы (тонна үшін 58 260 52 486
теңгелей)
Орташа бағасы (АҚШ 65.75 57.57
доллары\баррель )
КҚК құбыры(Каспий құбыр желісі
консорциуымы)
Сату(мың тоннамен) 132 450 248 92 993 153
Көлемі (мың тоннамен) 2 117 1 663
Орташа бағасы(тонна үшін 62 559 55 903
теңгелей)
Орташабағасы 70.61 61.32
(АҚШ долларыбаррель)
Барлығы мұнай экспорты 437 551 117 359 386 708
Мұнай мен өндірілген өнімдерді
өзгелей сату
Мұнай мен өңделген өнімдерін 37 401 142 44 705 752
ішкі рынокта сату
5 кестенің жалғасы
Көлемі (мың тоннамен) 2 230 2 551
Орташа бағасы(тонна үшін 16 768 17 525
теңгелей)
Орташа бағасы 18.93 19.22
(АҚШ долларыбаррель)
Барлығы ішкі рыноктағы сату 37 401 142 44 705 552
Мұнай мен өңделген өнімдердің
сомалық сатулары
Мұнай мен өңделген өнімдерін 474 952 259 404 092 260
сату
Сомалық көлемі (мың тоннамен) 9 585 9 290
Орташа бағасы(тонна үшін 49 554 43 498
теңгелей )
Орташа бағасы(АҚШ 55.93 47.71
долларыбаррель)
Өзге де сатулар 12 022 620 8 115 527
Барлығы кіріс 486 974 879 412 207 787

* Дерек көзі: ЕмбіМұнайГаз БӨ АҚ – ның 2008 жылдық есебі

2008 жылы ӨАС құбыр желісі арқылы экспорттық сату көлемі 2007 жылғы
көлемдерімен салыстырғанда тұрақты болды. Мұнайды өңдеуге беру мен мұнайды
ішкі рынокта сату көлемдері 2007 жылмен салыстырғанда төмендеді. Сонымен
қатар Каспий құбыр желісі Концорциуымы арқылы экспорттық көлемдер едәуір
өсті.

1.3 ЕмбіМұнайГаз АҚ-ның есеп саясаты

Әрбір шаруашылық жүргізуші субъект бухгалтарияның жұмысын өзі
қабылдаған есеп саясаты негізінде реттеп отырады. Аталған есеп саясаты,
егер өзгедей көрсетілмесе барлық ұсынылған кезеңдер үшін дәйекті түрде
қолданылды.
ЕмбіМұнайГаз(ары қарай ЕМГ) компаниясындағы Қорлар есебі №2 Қорлар
ХҚЕС-на сәйкес ұйымдастырылады.
Тауарлы-материалдық қорларға сатып алынған және қайта сатуға арналған
тауарлар, кәсіпорында өндірілген дайын өнім және алдағы өндірістік процеске
қатысатын шикізат пен материалдар жатады. Шикізат пен материалдарға өндіріс
процесінде пайдалануға арналған материалдық құндылықтар жатады. Қаржылық
есептілікті дайындау үшін шикізат пен материалдар былайша топтастырылады:
- өзге де қосымша материалдар, оларға басқару қажеттілігіне
қажетті құндылықтар;
- отын, оған отынның барлық түрлері;
- шаруашылыққа қажетті құндылықтар, оған ЕМГ АҚ – ның өндірістік
және шаруашылық қажеттіліктеріне керекті құндылықтар, өзге де
еңбек құралдары кіреді;
- қосымша бөлшектер, оған жөндеуді жүзеге асыруға қажетті
бөлшектер, машиналар мен өзге де құндылықтардың тозған
бөлшектерін ауыстыруға қажетті құрылғылар (бөлшектер) және
комплектацияға қажетті бөлшектер жатады. Комплектацияға
арналған бөлшектер сатылатын болса, онда Қайта сатуға арналған
тауарлар шотында есепке алынады;
- өзге де шикізат пен материалдар, оған жоғарыда көрсетілген
материалдарға жатпайтын материалдар жатады.
Дайын өнім - негізгі және көмекші цехтардың сату үшін дайындалған
өнімі. Дайын өнім барлық техникалық тәртіпке және стандарттарға сай
тағайындалып, паспортпен, сертификатпен немесе өзге де құжаттармен расталуы
қажет. Дайын өнім қоймаға тапсырылып және сатып алынатын болса, актпен
немесе өзге құжатпен рәсімделеді. ЕМГ АҚ – ның негізгі қызметін ескере
отырып, дайын өнімнің келесі топтары бөлек көрсетіледі:
- мұнай шикізаты;
- газ конденсаты;
- өзге де дайын өнімдер.
Аяқталмаған өндіріс – өндірістің технологиялық циклін толық өтпеген,
жартылай дайын болған өнімдер [1].
Құндылықтардың аналитикалық сипаттамасы бойынша былайша жіктеледі:
- меншік құқығы шектеулі құндылықтар;
- кепілге берілген құндылықтар.
Тұтыну сипаты бойынша:
- қайта өңдеуге берілген құндылықтар;
- жауапты сақтауға берілген құндылықтар.
ЕМГ АҚ – да тауарлы материалдық құндылықтарды есептен шығару үшін және
табысты анықтау үшін есеп натуралды көрсеткіштерде жүргізіледі.
Кәсіпорында ТМҚ - ды қайтару шартымен алынуы мүмкін, мұндай жағдайда
ТМҚ - ды есепке алғанда нақты шығындарға:
- келісімшартқа сәйкес жеткізушілерге берілетін сома;
- ТМҚ - ды иемденуге байланысты басқа компанияларға
консультациялық, ақпараттық қызметтер үшін берілетін сомалар;
кеден баждар;
- қайтарымсыз сыйақылар;
- делдал кәсіпорындарға берілетін сыйақылар;
- ТМҚ - ды жеткізу бойынша көлік шығындары;
- ТМҚ - ды иемденуге байланысты өзге де шығындар.
Шетел валютасында сатып алынғын ТМҚ – дың бағасы шетел валютасын
теңгеге аударғандағы құны бойынша бағаланды, алдағы уақытта мұндай ТМҚ – ды
иемденуге байланысты шығындар бағамдық айырмаға байланысты түзетілмейді.
Бағамдық айырма анықталған кезде сол есепті кезеңнің өзге табыстары мен
шығындары ретінде танылады.
Ақшалай емес қаражаттарымен алынған ТМҚ – дың ерекшелігі. Егер ТМҚ –
лар жарғылық капиталға салым ретінде салынған болса, онда қатысушылардың
келісімімен оның өзіндік құны, әділ құны бойынша анықталады.
ТМҚ – лар сыйға тартылатын болса, негізігі құралдардың істен шығуынан
алынатын болса, түгендеудің нәтижесінде анықталған болса, онда олардың құны
нарықтық баға бойынша бағаланады.
Төлемдері кейінге қалдырылған ТМҚ – дың ерекшелігі. Егер ТМҚ – лар
бойынша есеп айырысу кейінге қалдырылған болса, онда мұндай ТМҚ - құны
міндеттеме жабылатын уақытқа қатысты анықталады, яғни нақты құны уақытқа
келтірілген (дисконтталған) болашақ ақша қаражаттарының құнымен анықталады.
Дисконтталған ақша қаражаттары нарықтық пайыз мөлшерін пайдалану арқылы
анықталады.
Жол үстіндегі ТМҚ – лар ерекшеліктері. Жолдағы ТМҚ - лар дегеніміз ЕМГ
АҚ - на әлі түспеген , бірақ мәміле шарты бойынша ЕМГ АҚ – ның
меншігіндегі құндылықтар болып табылады.
ТМҚ – дың ішкі орын ауыстыруы дегеніміз, бұл бір заңды тұлғадан келесі
заңды тұлғаға ауысуы. Мұндай ТМҚ – дың қозғалысын есепке алу үшін
аналитикалық шоттар жүргізіледі.
Делдалдық келісімшарт бойынша сатуға арналған, жауапты сақтауға
арналған ТМҚ – лар кәсіпорынның меншігінде болмайды, сондықтан ЕМГ АҚ
мұндай құндылықтарды балансқа кірістемейді, бұлар баланстан тыс шоттарда
есепке алынады. ТМҚ – ды жауапты сақтауға алу келісімшарт негізінде
жүргізіледі. Сату үшін ТМҚ – ды алу комиссия келісімшарты негізінде
жүргізіледі. Сату үшін алынған ТМҚ – лар қабылдау – тапсыру актісінде
көрсетілген құны бойынша ескеріледі. Егер комиссия келісімшартты бұзатын
болса ТМҚ – қорлар қайтарылады және қосымша екіжақты келісімшартпен
рәсімделеді.
ЕМГ АҚ – да ТМҚ – лар мынадай жағдайда есептен шығарылады:
- ТМҚ – ды өндіріске жіберу;
- БӨ – ге кіретін өзге кәсіпорындарға ТМҚ – лар сатылған жағдайда;
- ТМҚ – лар сыйға тартылғанда;
- ТМҚ – лар тозған жағдайда;
- Түгендеу нәтижесінде жетіспеушілік анықталса, ұрланса, бүлінсе.
Қорлардың өзіндік құны. Шикізат және сатып алынатын тауарлар сатып алу
құны бойынша есептеледі. Аяқталмаған өндіріс және өндірілген дайын өнім
нақты өзіндік құны бойынша есептеледі.
Қайта сатып алынған (немесе компания ішінде өндірілген) қорлар нақты
өзіндік құны бойынша кірістеледі. Нақты өзіндік құн өзіне сатып алуға
кеткен, қайта өңдеуге және қорларды керекті жеріне жеткізу сияқты өзге
шығындарды және қайта тиейтін базаны ұстау құны және:
1. Қорларды сатып алуға – сатып алудағы компанияның шығындары:
- жабдықтаушы шотына сәйкес қорларды сатып алу бағасы;
- импорттық баждар және қайтарылмайтын салықтар;
- жабдықтаушыдан бастап қорларды сақталу орнына дейін тасымалдау,
жабдықтау бойынша басқа тараптардың қызметінің құны;
- жабдықтаушыдан бастап қорларды сақталу орнына дейін жеке көлікпен
тасымалдау бойынша құрылымдық бөлімшелердің шығындарының құны;
- қайта тиейтін базаларды ұстау бойынша шығындар құны;
- жабдықтаушыдан бастап қорлардың сақталу орындарына дейін қорларды
тасымалдау бойынша қайта тиейтін базалардың шығындарының құны;
- компанияның бір құрылымдық бөлімшесінен компанияның басқа құрылымдық
бөлімшесіне қорларды тасымалдау бойынша қайта тиейтін базалардың
шығындарының құны, және жабдықтаушыдан қорлардың сақталу орнына дейінгі
қорлардың тасымалдау кезеңіндегі қорларды сақтау бойынша қызмет құны;
- қорлар импортын рәсімдеу бойынша қызметтер,мемлекетке кіргізілгендігі
үшін баждар, алымдар;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және оны талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚазМұнайГаз)
Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу
Кәсіпорында тауарлы-материалдық қорларды аудиттеуді ұйымдастыру жолдары
Қазмұнайгаз барлау өндіру акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынға сипаттама және онда ұзақ мерзімді активтер есебінің жағдайы
Ұйымның міндеттемелер есебі мен аудитті ұйымдастырудың әдістемесі және оларды жетілдіру жолдары
Ұзақ мерзімді несиелерді өтеу
Мемлекеттің сыртқы сауда жағдайының теориялық негіздері
Пәндер