Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық



1. Құқық бұзушылық ұғымы және түрлері
2. Құқық бұзушылықтың құрамы
3. Заңды жауапкершілік
4. Заңды жауапкершіліктен босатудың мән . жайлары
5. Құқыққа сай мінез . құлық
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құқық бұзушылықтың тарихы тамырын тереңінен тартады. Саяси-құқықтық ілімдер тарихынында ғылыми жетістіктерімен нәтижелеріне мұқият зер салып қарасақ құқық бұзушылық мемлекетпен құқық пайда болған сәттен бірге қалыптасқан. Себебі құқықтың пайда болуымен оның нормаларын бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау сияқты құқық бұзушылықтар да пай¬да болады. Міне, сол кезеңнен бастап құқық бұзушылық қоғамның ажырамас серігі ретінде осы күнге дейін жойылған жоқ. Сондықтан құқық бұзушылықты жан-жақты зерттеу, оның алдын орау, болдырмау сияқты мәселелер адамзаттың алдында тұрған ең күрделі мәселелердің бірі. Мемлекеттің, қоғамның толыққанды дәрежеде өмір сүруі, қалыптасқан қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және адамдардың көңіл-күйімен отбасындағы тыныштықтардың бәрі құқық бұзушылықтың деңгейімен, онымен күресудегі нәтижеге байланысты. Құқық бұзушылықпен күресуде нақтылы нәтиже жоқ мемлекетте халықтың билікке деген сенімсіздігін арттырады, наразылығын тудырады. Сонда жалпы құқық бұзушылық дегеніміз не? Заң әдебиетінде оның анықтамасы тұрақты түрде қалыптасқан, барлық оқулықтар мен монографиялық зерттеулерде бір мағанада беріледі. Атап айтсақ құқық бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталган кінәлі және өзінің сипатымен қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі: Байқап қарасақ құқық бұзушылық негізінде төрт сипаттан қалыптасады:
1. Әрекет, немесе әрекетсіздік.
2. Құқыққа қарсылық.
3. Субъектінің арнайы жасқа толуы.
4. Кінә.
Бұл төрт элементтің біреуі жоқ болса, жеке адам құқық бұзу¬шылық жасаған болып саналмайды. Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:
1. Теріс қылық.
2. Қылмыс.
1. В.Н.Кудрявцев. Причины правонарушений. М., 1979.
2. В.Н.Кудрявцев. Закон, поступок, ответственность.
3. Н.П.Дубинин, И.И.Корпец, В.Н.Кудрявцев. Генетика поведения ответственность. М., 1982.
4. Основания уголовно-правового запрета. М., 1982.
5. Социальные отклонения. Введение в общую теорию. М., 1984.
6. А.И.Долгова. Социальные - психологические аспекты преступнос¬ти несовершеннолетних. М., 1981.
7. И.Г.Батку, Е.Г.Мартычынчик. Социально-правовые факторы преодоления антиобщественного поведения. Кишинев, 1988.
8. Н.Ф.Кузнецова. Проблемы криминологической детерминации. М., 1984.
9. Е.К.Нурпеисов. Психология правомерного поведения. Алма-Ата, 1984.
10. Б.Ж.Жунусов. Проблемы уголовной политики. Караганды, 2005.
11. Сәкен Өзбекұлы. Абай және адам құқы. Алматы, 1995.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық

Жоспар:

1. Құқық бұзушылық ұғымы және түрлері
2. Құқық бұзушылықтың құрамы
3. Заңды жауапкершілік
4. Заңды жауапкершіліктен босатудың мән – жайлары
5. Құқыққа сай мінез – құлық
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Құқық бұзушылық ұғымы және түрлері

Құқық бұзушылықтың тарихы тамырын тереңінен тартады. Саяси-құқықтық
ілімдер тарихынында ғылыми жетістіктерімен нәтижелеріне мұқият зер салып
қарасақ құқық бұзушылық мемлекетпен құқық пайда болған сәттен бірге
қалыптасқан. Себебі құқықтың пайда болуымен оның нормаларын бұзу, тыйым
салынған әрекеттерді жасау сияқты құқық бұзушылықтар да пайда болады. Міне,
сол кезеңнен бастап құқық бұзушылық қоғамның ажырамас серігі ретінде осы
күнге дейін жойылған жоқ. Сондықтан құқық бұзушылықты жан-жақты зерттеу,
оның алдын орау, болдырмау сияқты мәселелер адамзаттың алдында тұрған ең
күрделі мәселелердің бірі. Мемлекеттің, қоғамның толыққанды дәрежеде өмір
сүруі, қалыптасқан қоғамдық қатынастардың тұрақтылығы және адамдардың көңіл-
күйімен отбасындағы тыныштықтардың бәрі құқық бұзушылықтың деңгейімен,
онымен күресудегі нәтижеге байланысты. Құқық бұзушылықпен күресуде нақтылы
нәтиже жоқ мемлекетте халықтың билікке деген сенімсіздігін арттырады,
наразылығын тудырады. Сонда жалпы құқық бұзушылық дегеніміз не? Заң
әдебиетінде оның анықтамасы тұрақты түрде қалыптасқан, барлық оқулықтар мен
монографиялық зерттеулерде бір мағанада беріледі. Атап айтсақ құқық
бұзушылық дегеніміз құқыққа қарсы бағытталган кінәлі және өзінің сипатымен
қоғамға зиянды және қауіпті зардаптар туғызатын, арнайы жасқа толған
субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі: Байқап қарасақ құқық бұзушылық
негізінде төрт сипаттан қалыптасады:
1. Әрекет, немесе әрекетсіздік.
2. Құқыққа қарсылық.
3. Субъектінің арнайы жасқа толуы.
4. Кінә.
Бұл төрт элементтің біреуі жоқ болса, жеке адам құқық бұзушылық жасаған
болып саналмайды. Құқық бұзушылық екі түрге бөлінеді:
1. Теріс қылық.
2. Қылмыс.
Теріс қылық дегеніміз құқыққа карсы бағытталған, қоғамға зиянды
зардаптар туғызатын әрекет немесе әрекетсіздік. Теріс қылықтар қоғамдық
қатынастарға зияндылық әсерін тигізеді, бірақ өте қауіпті болып саналмайды.
Теріс қылықтар мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Тәртіптік теріс қылықтар мекемелер мен кәсіпорындарда, басқа да
заңды тұлғалармен еңбек құқықтық қатынастарда тұрған субъектілердің еңбек
кодексінің немесе ішкі ереже талаптарын орындамау немесе бұзу. Мысалы,
жұмысқа, қызметке үнемі кешігіп келу, жұмыс уақыты кезінде қыдырымпаздық
және т.б. әрекеттер жасау. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған субъектке жұмыс
орнының әкімшілігі тарапынан ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату
сияқты шаралар қолданылады.
2. Азаматтық құқықтық теріс қылықтар жеке және заңды тұлғалардың
жасалған келісімшарт негізінен туындайтын, міндеттемелерді орындамау және
адам өмірі, денсаулығы және мүлкіне зиян келтіру барысындағы әрекеттердің
жиынтығы.
Мысалы, жүргізушінің адамды қағып кетуінен денсаулығына тигізген зияны, бір
субъектінің жасалған шартты орындамауы және т.б. теріс қылықтар.
3. Әкімшілік-құқықтық теріс қылықтардың (құқық бұзушылықтың) анықтамасы
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 28-
бабында мына мағынада берілген: Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкімшілік
жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда
жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы
іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Әкімшілік теріс қылықтар тек ғана кодексте белгіленген.
Құқық бұзушылықтың екінші түріне қылмыс жатады. Қылмыстың анықтамасы
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінін 9-бабында мына мағынада
берілген: Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық
қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

2. Құқық бұзушылықтың құрамы

Мемлекет және құқық теориясында құқық бұзушылықтың ұғымымен қатар құқық
бұзушылықтың құрамы деген ұғым бар. Құқық бұзушылық жалпы ұғым ретінде
танылса құқық бұзушылықтың құрамы дара ұғым ретінде қабылданады.
Құқық, бұзушылықтың құрамы дегеніміз нақтылы құқық бұзушылықты және
оның қоғамға зияндылығы мен қауіптілігін заңмен айқындаған арнайы
нышандардың жиынтығы.
Құқық бұзушылық төрт элементтен, нышаннан тұрады: Объект, субъект,
құқық бұзушылықтың объективтік жағы, құқық бұзушылықтың субъективтік жағы.
Объект деп құқық бұзушылық қол сұққан қоғамдық қатынастардың жиынтығы
және соның нәтижесінде зиянды зардаптардың пайда болуын айтады. Жалпы
қоғамдық қатынастар кең, ауқымды және қоғамның барлық салаларына қатынасты
болған соң көптеген мүдделерді қамтиды. Мүдде бар жерде қатынастар пайда
болады. Сондықтан құқық бұзушылық мүдделерге қол сұғады, қауіп-қатер,
зиянды зардаптар тудырады.
Объект қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде дамудың, адамзат
өркениетін қалыптастырған құндылықтар мен мүдделерден қалыптасады.
Құқық бұзушылықтың объектісі үш түрге бөлінеді: жалпы объект, топтық
объект және тікелей объект.
Жалпы объект - социум өмір сүретін, тіршілік ететін қоғамдық
қатынастардың барлық жиынтығы. Оған адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары, мүдделері, халық денсаулығы, санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттығы, қоршаған орта, қоғамдық имандылық, меншік, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздік, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібі,
ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері жатады (Қазақстан
Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 7-бап).
Топтық объект — біртекті, біркелкі, бір-бірімен тығыз байланыстағы
қоғамдық қатынастардың топтасқан жиынтығы. Топтық объект құқық бұзушылықты
қоғамға қауіптілігіне және қол сұғылған қатынастарына қарай жинақтауға
мүмкіндіктер туғызады. Мысалы, қылмыстық және әкімшілік кодекстерінің
ерекше бөлімдері жасалған қылмыс пен әкімшілік теріс қылмыстардың топтық
объектілеріне байланысты жүйеленген.
Тікелей объект - нақтылы құқық бұзушылық қол сұққан, бұзған қоғамдық
қатынастардағы жеке, дара мүдделер. Мысалы, кісі өлтіргенде өлтірген
адамның өмірі тікелей объект болып саналады. Кейбір жағдайларда құқық
бұзушылық жасалғанда заттарға әсер етіледі. Мысалы, ұрлық жасалғанда
меншікке қол сұғылады, меншік иесінің иемделу, пайдалану, билеу құқындағы
заттар басқа адамның пайдалануына өтеді. Бұл жерде қылмыскер ұрлаған мүлік,
зат объект емес, қылмыстың заты болып саналады. Объект әрқашан құқық
бұзушылықтан зардап шегеді, ал қылмыстың заты (сақина, киім, тауарлар) баз
қалпында қалуы мүмкін. Құқық бұзушылықтың заты объектінің материалдық
көрінісі болып табылады. Құқық бұзушылыққа барған субъект заң қорғайтын
арнайы қоғамдық қатынастарды бұзады, қол сұғады.
Жасалған кейбір қылмыстарда қылмыстың заттары мүлдем жоққа тән. Мысалы,
әйелді зорлау, бұзақылық және т.б. қылмыстар.
Құқық бұзушылықтың субъекті деп жауапқа тартуға қабілеттілігі бар,
құқық бұзушылық жасаған сәтте заң белгіленген арнайы жасқа толған адамды
айтады. Құқық бұзушылықтың субъектілері болып заңды тұлғалар да табылады.
Мысалы, газет жеке адамның, ар-намысын қорлайтын мақала басқаны үшін
жауапқа тартылады (айып салынады, жабылады).
Субъект жалпы және арнайы болып екі түрге бөлінеді.
Жалпы субъект барлық адамдардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін
жауапқа тартылуы. Мысалы, кісі өлтірудің субъектісі жалпы субъектке жатады.
Адамды кім де болса өлтіре алады: жас, кәрі, әйел. Бұл жерде мамандық,
жыныс, жас әсер етпейді.
Арнайы субъект заң белгілеген ереже бойынша құқық бұзушылық жасаған
адам арнайы, қосымша нышандарға ие болуы тиіс. Мысалы, әскери қылмыстардың
субъектісі болып әскери қызметкерлер ғана саналады, мемлекеттік қызмет
мүдделеріне қарсы қылмыстарда арнайы субъект болып лауазымды тұлғалар
болады.
Құқық бұзушылықтың субъектісі болу үшін, яғни, жасаған теріс қылығы
және қылмысы үшін құқықтық жауапка тартылуға арнайы шарттар қажет.
1. Субъект заң белгілеген жасқа толуы тиіс. Ол 16 жас, ал кейбір
қылмыстар (ұрлық, кісі өлтіру, адамды ұрлау, тонау, адамды кепілге алу,
зорлау және т.б.) үшін 14 жас болып белгіленген.
2. Құқық бұзушылық жасаған сәтте субъектінің өзінін құқыққа қарсы
бағытталған әрекеттеріне жауап береді. Егер адам құқық бұзушылық жасаған
уақытта есі дұрыс емес, немесе психикалық ауыру (шизофрения, эпилепсия,
Дауна ауруы, мый сифилисі прогрессивті паралич, эпидемиялық энцефалит,
маникалды-депрессиялық психоз) жағдайында болса адам жауапқа тартылмайды,
оған мәжбүрлі түрде медициналық емдеу қолданылады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы деп оның жасалуының сыртқы
көрінісін, субъектінің қоршаған орта мен заттарға әр түрлі мағанада
жасалған әрекеттерінің нышандарын айтады.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқық бұзушылық жасалғанда айқын
көрініс беретін әрекет немесе әрекетсіздік. Тек объективтік жағын
айқындағаннан кейін ғана адамның қандай құқық бұзушылық жасағанын дәлме дәл
байқауға болады. Мысалы, ұрлықтың объективтік жағы адамдардың мүліктерін
жасырын түрде ұрлау болса, әйел зорлауда күш қолданып, немесе оны
қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып
жыныстық қатынас жасау, тонауда — бөтен мүлікті ашық ұрлау, карақшылықта
бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен
денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын
деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау болып табылады. Заң құқық бұзушылыққа
сипаттама бергенде объективтік жағы арқылы оның нышандарын белгілейді.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы іс-әрекет (әрекет, немесе
әрекетсіздік), себепті байланыс және зиянды зардапты қамтиды.
Іс-әрекет (әрекет, немесе әрекетсіздік) арқылы барлық құқық бұзушылық
жасалады. Әрекет - адамның заң, құқық нормалары тыйым салған қоғамға
қауіпті және зиянды істерді істеу немесе істелуіне жол беру. Әрекет әрқашан
адамнан белсенділікті талап етеді, оның мінез-құлқынан өзінің көрінісін
табады. Әрекет күш қолдану және күш қолданбау болып екі түрге бөлінеді.
Мысалы, адамды өлтіру үшін оны күш қолдану арқылы көрсеткен қарсылығын
әлсіретеді, ал, алаяқтық жасаған адам мүлікті алдау немесе сенімге киянат
жасау арқылы күш қолданбай алады.
Әрекетсіздік - жасауға тиісті әрекетті жасаудан бас тартып, қоғамға
қауіпті мінез құлық таныту. Мысалы, анасы жаңа туған сәбиін емізбейді,
науқаска дәрігердің көмек керсетпеуі, әскери қызметкердің қызмет орнына
себепсіз келмеуі.
Зиянды зардап - жасалған іс-әрекеттің нәтижесінде қоғамдық
қатынастарға, мүдделерге нұқсан, зиян келтіру. Құқық бұзушылықтың қоғамға
қауіптілігі және зияндылығы сонда, ол қоғамның тыныс-тіршілігінің, өмір
сүру жағдайларының қалыптасқан тыныштығының ырқын бұзады, соның нәтижесінде
зиянды зардап пайда болады. Көптеген құқықтық нормаларында зиянды зардап
нақтылы мағанада көрсетіледі. Мысалы, адам денсаулығына зиян келтіру,
ауыр зардаптар, адамдардың өлуі және т.б. Бұл материалдық зардаптар.
Сонымен қатар зиянды зардапқа формалды зардаптар жатады. Мысалы,
бандитизмнің қылмыстық құрамы. Бұл құрам бойынша адамдарды жауапқа тарту
үшін формалды түрде объективтік жағынан азаматтарға немесе ұйымдарға
шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай
топты (банданы) басқару әрекеті болса жеткілікті. Құру, басқарудың өзі
қоғамға кауіпті әрекет болып саналады.
Себепті байланыс — жасалған іс-әрекетпен зиянды зардаптың арасындағы
байланыс. Құқық бұзушылық істеген адамның тікелей әрекетінен зиянды
зардаптың болуы. Себепті байланыс деген бір құбылыстың екінші құбылысты
тудыруы, себеп салдарды қалыптастырады. Себепсіз салдар болмайды. Сондықтан
себепті байланыс жоқ болса, жауаптылық та болмайды. Мысалы, шофер қалада
машина айдап келе жатып, аялдамада тұрған автобустың алдынан атып шыққан
адамды басып өлтіреді. Тергеу барсында шофердің ішімдік ішпегендігі және
рұқсат етілген 40 жылдамдығымен келе жатқандығы анықталады. Экспертизаның
қорытындысы бойынша жүргізуші барлық жол жүру ережесін сақтаған. Адам
өзінің әрекетінің нәтижесінде өлімге ұшыраған. Бұл жерде жүргізушінің
әрекеті мен адам өлімінің арасында себепті байланыс жоқ. Сондықтан ол кісі
өлімі үшін жауапқа тартылмайды.
Шетел криминологиялық әдебиетгерінде Conditio sine gua поп -
эквиваленттік теория деп аталатын тұжырымдама бар. Бұл теория бойынша
істің, оқиғаның барлық себептері тең мағынада пайдаланылады, ал қажетті
жағдай нышаны жауапқа тартудың объективтік негізі болады. Мысалы, егер бір
адам бір адамға пышақ салып өлтірген болса, адам өлімінің себебіне пышақ
салған адам, кезінде пышақты жоғалтқан адам және оны жасаған адамдар
жатады. Теория бойынша әр адамның әрекеті өлімге себеп болып тұрған болып
бағаланады. Тәжірибеде қолдануда аталмыш теория қылмыстық жауапқа тартудың
шеңберін кеңейте түседі, репрессиялық сипатқа ұласады. Тек іс-әрекетпен
зиянды зардаптың арасында тікелей себепті байланыс болған жағдайда
жауапкершілік туындайды.
Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы деп субъектінің жасаған
іс-әрекетіне деген психикалық қатынасын айтады. Субъективтік жақ негізінде
кінә, себеп және мақсат сияқты ұғымдарды қамтиды. Бұл нышандар құқық
бұзушылық жасаған субъектілердің ішкі сезімін, оның психикасындағы
процестерді кеңінен қамтиды. Олардың бәрін толық анықтау арқылы адам
жасаған құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі мен зияндығы айқындалады,
жаза мөлшеріне әсер етеді.
Кінә деп субъектінің істеген құқық бұзушылығына және оның зиянды
зардаптарына қасақана, немесе абайсыз формасындағы психикалық қатынасын
айтады. Кінә екі мағана, кезеңімен қамтылады.
Біріншісі, интеллектуалдық (зияткерлік) кезең кінәлінің іс-әрекетін
қоғамға қауіпті екенін, оның қоғамға кауіпті, немесе зиянды келтіретінін
ұғынуы, немесе сондай зардаптардың болуын көре білуі.
Екіншісі, ерік кезеңі (волевой момент) кінәлінің қоғамдық қауіпті
немесе зиянды зардаптың болуын біледі, немесе оған парықсыздықпен, немесе
менмендікпен, я болмаса немқұрайлықпен қарауы.
Кінә қасақана және абайсыз болып екіге бөлінеді. Қасақана жасалған
құқық бұзушылық деп субъектінің өзінің іс-әрекетінің (әрекет, немесе
әрекетсіздік) қоғамга қауіпті, зиянды екенін біле тура, оның зиянды
зардаптары болатынын біле тура және сол зардаптардың туындауын тілеп
істесе, немесе оған саналы түрде жол берсе, не оларға немқұрайлы қарағанын
айтады.
Қасақаналық тікелей және жанама атты екі түрге бөлінеді. Тікелей ниетте
субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін, зиянды екенін біле
тұра, оның зиянды зардаптары болатынын біле тұра және сол зардаптардың
туындауын тілеп істейді. Мысалы, адам басқа адамның басын балтамен ұрғанда
оның әрекеті қауіпті екенін біле тұра, сол соққыдан адам өлімінің болатынын
сезініп және өлуін тілеп істейді.
Жанама (эвентуалдық) ниетте субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға
қауіпті зиянды екенін білсе де, бірақ зардаптың болуын тілемесе де, оған
саналы түрде жол береді, немесе немқұрайлы қарайды. Мысалы, дәрігер 4 ай
болған жүкті әйелге заңсыз аборт жасайды. Соның нәтижесінде әйел қаза
табады. Бұл жер-һде дәрігер өзінің заңсыз әрекетінің кауіпті екенін біле
тұра, оның өлуі мүмкін екенін болжай тұра сол әрекетке барады, бірақ
әйелдің өлімін тілемейді, саналы түрде жол береді.
Теорияда ниеттің қалыптасу уақытына байланысты күні бұрын ойланған ниет
және кенеттен пайда болған ниет болып бөлінеді.
Күні бұрын ойланған ниет құқық бұзушылық жасағанға дейін адам санасында
пайда болған ниет. Мысалы, субъект адамды өлтіру үшін күні бұрын өлтірудің
амалын ойлайды, жоспарын құрады, сәті түскен кезде өлтіреді. Теорияда бұл
ниет өте қауіпті болып танылады.
Кенеттен пайда болған ниет арқылы жасаған құқық бұзушылықта субъект
өзінің құқық бұзушылыққа бару ниетін аяқ астынан іс жүзіне асырады. Мысалы,
сатушының алдында жатқан ақшаны көріп, ала қашады.
Сонымен қатар теорияда ниет айқын және айқын емес болып бөлінеді.
Айқын ниеттегі субъект өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті, зиянды
екенін біле тұрып, нақтылы зардаптың болуына өзінін әрекетін бағыттайды.
Мысалы, пәтерден ұрлық жасағанда қылмыскер меншік иесінің мүлкіне қол
сұғатынын жақсы біледі.
Айқын емес ниеті бар субъект қоғамға қауіпті зардаптардың болатынын
біле тұрса да, өзінің ойында қандай нәтиже болатынын көзіне елестете
алмайды. Мысалы, екі құрылысшы ерегесіп қалып, біреуі төменде кетіп бара
жатқанға кірпіш тастайды. Бұл әрекеттен кірпіш тастаған субъект оның не
басына зақым келетінін, немесе өлетінін білген, ниеті айқын емес.
Кінәнің екінші түрі — абайсыздық. Қазақстан Республикасының қылмыстық
кодексі абайсыздықтың екі түрін көрсетеді. Атап айтқанда 21-бапта: 1.
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған
қылмыс деп танылады.
2. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңіл тектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқыққа сәйкес мінез-құлық, құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық
Қоғамдағы құқықтық нормалардың бұзылуының ұйымдастырылуы мен құқық бұзушылықтың негізгі қағидаларын, сонымен қатар құқық бұзушылық нәтижесіндегі заңды жауапкершілікті қарастыру
Құқықтық мінез - құлықтың әлеуметтік құндылығы
Құқық бұзушылық. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы
Құқық бұзушылық және құқықтық мәдениет
Құқықбұзушылыктың объективтік жағының элементі болып табылатындар
Құқық бұзушылықтың заңды құрамы
Заң жауапкершілігінің түсінігі және түрлері
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік туралы ақпарат
Заңды жауапкершіліктің негізі ретінде-құқық бұзушылық туралы
Пәндер