Қаржы қатынастары және қаржы жүйесінің қалыптасуы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
1.3 Қаржының функциялары және рөлі

2 ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
2.2. Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары
2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыу қағидаттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі — материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.
Бұл жұмыста негізінен қаржы ұғымы мен негізгі атқарушы функциялары, мақсаты мен міндеті бейнеленген. Сондай-ақ қаржының басқа категориялармен өзара байланысы қарастырылған.
Қолданылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: Қазақстан, 2000.
2. Әмірқанов Р.Ә., Тургүлова А.К,. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 1999.
4. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник.- М.: 2001.
5. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург: 2000.
6. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000.
7. Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. — Алматы: 2004
8. Заяц Н.Е., Фисенко Ы.К., Бондаръ Т.Е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. - Мн.: Высш. шк., 1998.
9. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования. — Алматы. Қаржы-қаражат. 1995.
10. Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. — Алматы: Мерей, 2001.
11. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. — Алматы: Институт развития Казахстана, 2001.
12. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятиях. — Алматы: Центраудит - Казахстан, 2002.
13. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық. - Алматы: 2003.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
1.3 Қаржының функциялары және рөлі
2 ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
2.2. Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары
2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыу қағидаттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан
оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың
кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің,
оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық
және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды,
табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің
мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы
ғылымның мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша
қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының
объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса
алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан
шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі — материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын
олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.
Бұл жұмыста негізінен қаржы ұғымы мен негізгі атқарушы функциялары,
мақсаты мен міндеті бейнеленген. Сондай-ақ қаржының басқа категориялармен
өзара байланысы қарастырылған.

1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1. Қаржы ұғымы және оның табиғаты

Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен
қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып
көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі
болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына
көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға
қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап"
деген жүмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
"Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы
сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта
бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың
мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды, Капиталистік шаруашьшық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өңдірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса, оңда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясыңда жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан — кредиттен, жалақынан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті
ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығывдарымен
өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін
өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың
өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуып айқындайды, өйткені өңдірілген өнімдер сатыпалу-
сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиіс. Тек өңдірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір
ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы)
жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен
жалпыга ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан
материалдық және материалдық емес
игіліклер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық өнімнің —
натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады.
Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын
ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда,
өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және
пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық
қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынан тыс өмір суре
алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық
өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша,
баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретіндс қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға
жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру;
мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу
және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесс қолма-қол ақшамен есеп
айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады.
"Қаржы" ұғымы ақша нысаныңдағы қоғамдық бөлумен байланысты болатын
экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының
жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында
қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын
бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде ретгейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер корсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
Қаржы — ақша қатынастарының жиынтыеы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қаңдай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі-оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек,
қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы
қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс
болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып
кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша
нысанында өлшсу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау,
ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу жәнс басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті
мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен
міндеттеріндегі тепе-тендік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады.
Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес
өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре
бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша-бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің
еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім
мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша
қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге
жәнс тұтынуга ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа
иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен
(бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда болінген кұн
(ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің
шегтетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның
ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда
құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы
тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін
дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын,
яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ.
Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін
өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа
экономикалық категорияның механизмі — баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясығада
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің қүны және оның ма-ңызды бөлігі
- үлттық табыс алгашқы бөлу* процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтерге - с, V, және т
* Алғашқы бөлу деп өткізілген құнды бөлшектеу процесі мен тауар
бағасының элементтеріне (жалақыға, пайдаға, табысқа т.с.с.) сәйкес келетін
оның құрамындағы бастапқы табыстарды мүшелеуді айтады; ал бөлінгенді одан
өрі бөлумен байланыстының барлығы қайта бөлуге жатады.
т*-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс қүралдары қүнының (с)
орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (V ) төленеді және қосымша өнім
(т) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басты өңдіріс
сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап
осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды,
ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы
қатынастарының мәнін және қаржы функцияла-рьіның бастауын қүрайды. Сөйтіп,
оңцірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді "с", 'V
және "т"-ге сәйкес элеменггерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға
сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық
жүргізуші субъекгілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатгы
пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі
тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен
субъекгілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің
үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөлікгерге
бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы
байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын,
олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады
және олардың экономиканың тиімділігіне,
** с — өндірістің материалдық шығындары; V — қажетгі өнімнің құны; т —
қосымша онімнің құны. Шет елдін оқулык одебиеттерінде экономиканың даму
ауқымының өлшем көрсеткіші — кірістер мен шығыстар бойынша анықталатын
жалпы ұлттық өнім пайдаланылады. Кірістер бойынша ЖҰӨ мына элементтерді
жинақтаумен жасалынады: тұтынылған капиталдың көлемі (амортизациялық
аударымдар); бизнеске салынатын жанама салықтар; жалдамалы қызметкердің
жалақысы; ренталық төлемдер; пайыздар; меншіктен түсетін табыстар;
корпорациялардың пайдасы. Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл жиынтығы
бойынша) ЖҮӨ мыналарды қамтиды: үй шаруашылығының, яғни елдің бүкіл
халқының тұтыну шығыстарының көлемі — С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар —
І; тауарлар мен қызметтер көрсетуді үкіметтің сатып алуы — С; Хп — таза
экспорт (экспорт колемінің импорттан асып түсуі немесе керісінше минус
белгісімен). ЖҰӨ сомасы = С+Іе+О+Хп. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістің
ақырғы нәтижесін сипаттайды, ол айналым қорларының (капиталының) (бұл
корлардың қалыптасуы мен қозғалысында каржы зор рөл атқарады) елеулі бөлігі
болып келетін аралық өнімнің құнын камтымайды. Сондықтан бұл жалпықоғамдық
өнімнің Р=с+у+т дәстүрлі формуласы алынды және үлкейтілген түрде
экономикадағы құнның қозғалысын оның осы негізгі элементтері бойынша
бақылап отыруға болады.
оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге
ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қогамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі — өндірістік қатынастарға кіреді.
Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар
базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.
Экономикалық зандармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар
категориялар арқылы көрінеді. Экономикаяық категориялар — бұл біркелкі
экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің
бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға
баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардыц (құн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының,
өндірістік қатынастардың ендіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негіздследі.
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, "жалпыдан -
жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады:
жалпы қоғамдық қатынастар, өңдірістік қатынастар, ақша қатынастары және
қаржы катынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық
қатынастар және т.б.)
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен
қатар басқа экономикалық категориялар да -ақша, табыс (пайда*), өзіндік құн
және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын
(тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен
тұтыну өлшемін анықтау, өңцірісті ынталандыру, кәсіпорыңцар қызметінің
нәтижелсрін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың
мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты
белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан
ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп
алған жөн. Сонымен "Пайда" термині Қазақстанда таза табысқа ауыстырылған.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өңдірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса
көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйтксні қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін қүн бола бастайды. Сөйтіп,
ол ақшаның дербес аясы ретіндс, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде
қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады.
Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық
өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі
деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге
асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда да — өндіріс құралдары мен
тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ ақша нысанында да -
еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы
арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық
категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені
бұл белгілер бағағада, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозгалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығыңда,
өңдірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер,
қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни
қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша
ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен
байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша
нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады.
Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың - бағаның,
еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша
қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың
барлық дсңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының
негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен
(салықтар, табыстан аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру,
субвснциялар және т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық
қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкішаруашылықтық мақсатты оқшаулануының
ұқсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны
ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік
береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде -
бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын
иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі — қаржы қатынастарының
ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп
отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны, міндетті сипаты, біржақты
тәртіптеғі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория
ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізіңде қаржының қысқаша анықтамасын былайша
тұжырымдауға болады: қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және
мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен
бірге оларды ұдайы ұлгаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық
өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу
процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты — ақшаның болуы, ал қаржының пайда
болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін
қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мөні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай
қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан — тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы
ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр
түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе
күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық
жүргізу сферасыңда үнемі өзгеріп отыратын ұдайм өндірістік қажетіліктерді
қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне
бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Бұл мақсатты арналымның ақша
қорларын қалыптастыру арқылы болады. Қаржының басты арналымы — табыстар мен
ақшалай қорларды жасау арқылы мемлскет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып
отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдық
қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында
жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне
жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал
етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық
бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз
ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу
жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің
қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары —
мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және
жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді.
Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық
өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер
қанағаттандырылады.
Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және
қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аумақтық
құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық сфера жүргізудің төменгі буындарының
арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және
пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі
дәрежеде "қоғамдық, (немесе әлеуметтік) тауарлар" деп аталынатындарды —
мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен
бірге материалдық емес сипаттағы игілікгер мен қызметтер көрсетуді өндіру
мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді
мекендердегі абаттандыру объектілері, жол торабы, мемлекеттік билікгің,
басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны
қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау,
білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.

1.3 Қаржының функциялары және рөлі

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәннің іс-қимылдағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп
енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында
осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржынын, мәні ең
алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы
қаржының қоғамдық арналымы — шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған
қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде
субъектілер болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық
сфераларында — материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында
өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін:
жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске
бөлінудің әр түрлі түрлерін — ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық,
аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін
(мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын
шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде
көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада
емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады
деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натураддық-заттай құрамын
бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және
халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес
жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық
қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта
болумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен
қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта болу болып
ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар)
шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн — ұлттық табысты бөлудің
нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің
және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды
рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде
қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен
тығыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі
қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің
табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс
қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар
өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік
инфрақұрылымның өндірістік смес қорларынан болатын өндірістік қорлардың
(капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін
пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін
пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін
ұстауга, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған
ресурстар құрайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге
асырылады:
қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы
құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың
және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімсн қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар
болып табылады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада
ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты
бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын
қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр
түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалықдардың құбылмалы тиімділігімен
ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі
қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей
емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа
экономикалық категориялармен — бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта бөлу, мұңда ол тектес
экономикалық категориямен — кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының
бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық
бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының
жетіспеуіпілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен
салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл
экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында
түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған
аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін
өте-мете көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық
қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші
субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша
мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі
қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қальштастыру
және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің
экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу
категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық
қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты
болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы
натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек
үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың
экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті
табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады.
Қаржының бөлгіштік функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы
өндірістің басқа стадияларына — өндіруге, айырбастауға, тұтынуға белсенді
ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын
ақша қорларының мөлшері арқылы санмен әсер етеді: бұл қорлардың көлемін
өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады, не қолайлы
қаржы жағдайларын жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің
дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Басқа
жағынан, егер көтермелеу қорларының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық
көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің, ресурстарды үнемдеудің, қор
қайтарымының және т.б. жетістіктерімен ұштастырса өндіріске сапалық әсер
етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа сатыларына да
осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы
өндірістің барлық процестерімен байланысы және бұл категорияның өндірістің
барлық стадияларына белсенді әсер етуі бақыланып отырылады.
Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары
айқындамасындағы осал мезеті категорияның функциясы тап осы категорияның
өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады.
Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық
категорияларға да — бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де тән.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы — бір стадияның
емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені,
олардың пікірінше:
қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз
байланысқан;
қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына — материалдық өндіріске, айналыс
пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес,
жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді;
қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын
бақылаудың әмбебапты құралы болып табылады.
Қаржының табиғатын ақшаның қозғалысында анықтайтын қаржының бөлгіштік
тұжырымдамасынан айырмашылығы ұдайы өндірістік түжырымдамасы бұл табиғатты
ақша нысанындағы құн қозғалысында анықтайды. Мұндай ұстанымда қаржының іс-
әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай
кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
1) ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2) ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3) бақылау функциясы.
Қаржы көмегімен мемпекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында
жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады. Бұл процесс
қаржының бірінші функциясың - ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы
жүзеге асады, бұл езінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен,
мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйскті түрде сан
алуан ақша қорлары — орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет),
орталықтаңдырылмаған (аймақтық жән жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар
және т.б. жасалады.
Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші
фунщиясы арқылы жүзсге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің
шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың)
қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық
өндірістің ұтымды әрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан
аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады.
Сөйтіп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану түрінде
жүзсге асады. Қоғамдық өнімді ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану
арқылы бөлу экономикалық қатынастардың пайда болуына себепші болады.
Коммерциялық есеп пен маркетинг операцияяарын жүзегс асыруға байланысты
болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың
өкілдері мойындайды. Қаржының бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылар және олардың нарықтық экономикадағы ролі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі жайында
Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Қаржының экономикалық маңызы және қажеттігі
Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары
Шаруашылық жүргізуді субъектілердің қаржысы
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі туралы
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
Қаржы жүйесінің мәні мен түрлері
Пәндер