Қаржы (қор) нарығын зерттеудің теориялық негізі



І КІРІСПЕ
ҚАРЖЫ (ҚОР) НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. Қаржы нарығы туралы түсініктер және қаржы нарығы қызметінің алғышарттары
2. Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының бөлігі ретінде
ІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ кредит нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.
Функциялық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қаржы құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Сөйтіп, қаржы нарығы қаржының қосалқы категориясы ретінде қайта бөлгіштік қосалқы функция орындайды, ал сонымен бірге экономикалық агенттерді дамыту және ұдайы өндірісті ұлғайту мақсаттарында олар қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілетіндігіне қарағанда қаржы нарығы ұдайы өндірістік функция орындауы тиіс.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін бағалы қағаздар шығарады және олардың бағасы сұраныммен және қамтамасыз етумен анықталады.
1. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003.
2. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2007.
3. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. – Алматы: 1999.
4. ҚР Қаржыгерлер ассоциациясының хабаршысы, 2004 ж.
5. Қ.Ж. Оразалин, М.М. Жантасов Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі, 2001. – 344 бет.
6. Құлпыбаев С. Және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001.
7. Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. – Әлемдік экономикалық ғылым сер. 7-том.
8. Байгісиев М. Экономикалық теория негіздері/ Оқулық-Алматы. Санат,1998 жыл
9. Шеденов Ө. Қ., Байжомартов Ү. С. Жалпы экономикалық теория /Алматы-Ақтөбе,2002 жыл
10. Тәжуітов А. Болашаққа болжам көп: Экономикалық даму /Түркістан -2004
11. 2000–2003 жылдарға арналған БҚЖҰК, ҚР ҰБ пен Реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің статистикалық есепті деректері.
12. Егемен Қазақстан 24 сәуір, 2007 жыл.
13. Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2005г.
14. Байдельдинов Ж.Б. Развитие инфраструктуры рынка ценных бумаг в РК. // Вестник КазНУ. №3, 2003г.
15. Центральный депозитарии ценных бумаг. // Рынок ценных бумаг Казахстана №3, 2004г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І КІРІСПЕ
ҚАРЖЫ (ҚОР) НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. Қаржы нарығы туралы түсініктер және қаржы нарығы қызметінің алғышарттары
2. Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының бөлігі ретінде
ІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен
бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді
пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың
айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ кредит
нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі
шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр
түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін
неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.
Функциялық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың
жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе
инвестициялық үдерістерді тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қаржы құралдарының, ең
алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында
қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-әрекет
етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару
есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы
экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Сөйтіп, қаржы нарығы
қаржының қосалқы категориясы ретінде қайта бөлгіштік қосалқы функция
орындайды, ал сонымен бірге экономикалық агенттерді дамыту және ұдайы
өндірісті ұлғайту мақсаттарында олар қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілетіндігіне қарағанда қаржы нарығы ұдайы өндірістік функция орындауы
тиіс.
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің
нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық
жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын
жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін
бағалы қағаздар шығарады және олардың бағасы сұраныммен және қамтамасыз
етумен анықталады.
жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:
-Қаржы нарығын зерттеудің теориялық негізін қарастыру;
-Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін
талдау;
жұмыстың құрылымы:
-Қаржы нарығы туралы түсініктер мен қаржы нарығы қызметінің
алғышарттары;
-Құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының бөлігі ретінде қарастыру;
-Еркін капиталдар, құнды қағаздар нарығының инфрақұрылымы;
-Қ.Р- қаржы институттары қызметін реттеу және қаржы секторы дамуының
болашағы;
Отандық қор нарығы дамуының басым бағыттарының бірі тартымды қаржы
құралдарының көлемді тізбесін қалыптастыру болып табылады. Бұл бағыттың
негізгі міндеті жаңа қаржы құралдарының пайда болып, қалыптасуына жағдай
жасайды, мұның өзі инвесторларда жұмсалымдарды әртараптандыру жолымен
кредиттік тәуекелдерді қайта бөлу мүмкіндігінің, ал эмитенттердің
кәсіпорындарында банк кредитінің арзан баламасы болып келетін қарыз
алулардың жаңа көзінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды –
экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын
шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы
уақытқа дейін қаржы нарығының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы
экономикалық әлуетті тежейді.
Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің жұмыс деңгейінің
төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады.
Сондықтан қаржы нарығын дамытудың міндеті инвестициялаудың ұжымдық
нысандары арқылы халықтың (кәсіби емес инвесторлардың) жинақ ақшаларын
тартудың механизмдерін жетілдіру болып табылады.

ҚАРЖЫ (ҚОР) НАРЫҒЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Қаржы нарығы туралы түсініктер және қаржы нарығы қызметінің алғышарттары

Қаржы нарығы – нарық экономикасының дәстүрлі элементі, акционерлік
қоғамдардың және кәсіпорындардың, мемлекеттің қаражатпен қамтамасыз етілуі
үшін бүкіл қаражат ресурстарын жинақтау.3.289 бет
Қаржы нарығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық
қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық
қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие,
валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен
байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен
Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның
нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің
өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте.
Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып
тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар
нарығы.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта
нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде
қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты. Қаржы нарығынан
айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол
қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражаттарының,
оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі
банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де
жатады. Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер немесе
куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те
атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің
қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы – кәсіпорындардың, банктердің,
мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап,
қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының
шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:
1) Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез
келген түрлері мен арналуы бойынша сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі;
2) Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол
және қолма-қол емес айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие
ресурстарын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын
Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық
банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар
жүргізуі арқылы реттеледі. 4.97 бет

1-кесте. Қаржы көрсеткіштері
Өлшем 2007 2007 Өткен жылдық 2007
бірлігі жылғы жылғы тиісті кезеңіне жылғы
қаңтар-ннаурыз %- бен наурыз
аурыз

2007 жылғы қаңтар-наурыэ 2007 жылғы наурыз 2007 жылғы акпанға %-бен
А Б 1 2 3 4 5 М3 ақша жиыны Млрд.теңге 3794 174,4
105,2 Айналымдағы қолма-қол ақша Млрд.теңге 613,2

151,6 102,3

Банк жүйесіндегі депозиттер соның ішінде халық депозиттері

ЕДБ-ның экономика салалары мен халыққа кредит беруі

соның ішінде ұзақ мерзімді кредиттік салымдар

Кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдалылығы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың дебиторлық берешегі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелер бойынша берешегі

Млрд.теңге

Млрд.теңге

Млрд.теңге

Млрд.теңге

%-бен

Млрд.теңге

Млрд.теңге 3180,7

1077,4

5027,1

3767,8

30,0

3798,8

8730,4 179,5

176,5

188,6

205,0

148,0

138,9 105,7

102,7

104,7

106,1

108,6

108,6



Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
1) Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің
барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың, материалдық
өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына
неғұрлым кең дербестік беру;
2) Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік
күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар
арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
3) Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын
ақшалай табыстарының өсуі;
4) Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару;
республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік
займдар шығару арқылы жабылады.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу
есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды.
Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс
барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке
байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық
шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен
салаларға аудару арқылы жақсартады.
Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін
үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады,
олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен айқындалады.
Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс
істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған
қиындықтарға кезігуде.
Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, құнды қағаздар қысқа мерзімді әрі
құны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдайы өсіп отырғандықтан, инвесторлар ұзақ
мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялар
тауарға, валютаға, жылжымайтын мүлікке салынады. Құнды қағаздарға салу
тиімсіз. Қаражаттың жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен депозиттердің
пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде құнды қағаздар
банктердің ақша-несие операцияларымен бәсекелесе алмайды.
Экономикалық кеңістіктегі саяси тұрақтылық қаржыны жандандыруы мүмкін.
Мұндай жағдайда құнды қағаздардың бастапқы нарығы дамиды, екінші (биржа)
нарықтың жағдайы саяси-экономикалық жағдай тұрақтанғанға дейін анық
болмайды.
Инвестиция институттары, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит
мекемелері түрінде құрамында элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін
қалыптастыру басқа нарық құрылымдарын қалыптастырумен қатар жүреді. Ең
алдымен сан алуан акционерлік қоғамдар құрылады.
Валюта нарығы. Басқа да қаржы нарықтары сияқты валюта нарығы
коммерциялық қажеттіліктерді өтеу үшін пайда болды. Банктер өз клиенттері
үшін мәмілелер жасайды (яғни халықаралық саудаға тартылған фирмалар үшін).
Өз жұмыс барысында олар шетел валютасын жинақтайды да, айырбастау бағамының
тұрақсыздығына байланысты тәуекелге ұшырай бастайды. Осы тәуекелді
төмендету үшін олар операцияларды көбінесе өз шоттарынан жүргізуге
тырысады. Халықаралық сауда мен валюта нарықтарының айналымдарына шығуда,
1995 ж. сәуір айында орташа күнделікті сауда айналымы 1,3 трлн. доллар
құрады, 1989 ж. сәуір айындағы 650 млрд. долларға қарағанда, бұл күндік
көлемі көп мемлекеттердің жылдық ЖІӨ-нен асып түседі. Бұл ЕО орталық
банктерінің жиынтық валюта қорынан едәуір (385 млрд. экю) асып
түседі.Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы кеден
статистикасының деректері бойынша ұйымдаспаған сауда есебінсіз 2007 жылдың
қаңтар-ақпанында 10504,8 млн. АҚШ долларын құрады және өткен жылдың қаңтар-
ақпанымен салыстырғанда 50,5%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 6353,1 млн.
АҚШ доллары болып, 41,8%-ға өсті, импорт-4151,7 млн. АҚШ долларын құрап,
66,1%-ға өсті.
Шетел валютасы шетел ақшасы мағынасын береді. Ақшаның (МІ) көп бөлігі
депозит түрінде болғандықтан, яғни коммерциялық банктік жүйенің өтімді
пассивтері түрінде, валюта нарығынан талап етілгенге дейінгі депозиттер
бейнесінде сипаттауға болады. Оның негізгі қатысушылары коммерциялық
банктер және банкаралық мәмілелер көлемі жиынтық көлемнің 90%-ын құрайды.
АҚШ доллары de facto дүниежүзілік валютаға айналады. Егерде бір
саудагер Зимбабве долларын Канада долларына аударғысы келсе, онда ол екі
операция өткізуі керек. Біріншіден, ол Зимбабве долларын АҚШ долларына
аударып, екіншіден АҚШ долларына Канада долларын сатып алады. Басқа ұлттық
қор биржаларына қарағанда валюта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың қалыптасуындағы құқықтық негіздер
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және құрылымы
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін зерттеу
Пәндер