Әлеуметтік реформаның мәні мен мазмұны. 1950 – 1960 жж. әлеуметтік реформалар


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
:
КІРІСПЕ:
:
: І.
КІРІСПЕ: ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Әлеуметтік жұмыстың мәні мен мазмұны
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 1. 2
КІРІСПЕ: Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары
:
:
КІРІСПЕ:
:
: ІІ.
КІРІСПЕ: Әлеуметтік реформаның мәні мен мазмұны
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Қазақстандағы әлеуметтік реформаның негізгі бағыттары
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 2. 2
КІРІСПЕ: Халықты әлеуметтік қорғау механизмін реформалау
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
: ІІІ.
КІРІСПЕ: 1950 - 1960 ЖЖ. ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАР
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 3. 1
КІРІСПЕ: 1950 - 1960 жж. әлеуметтік реформаларының енуі және дамуы
:
:
КІРІСПЕ:
:
: 3. 2
КІРІСПЕ: 1950 - 1960 жж. Реформаның халыққа әсері
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ:
:
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың міндеттері: 1950-1960 жж. әлеуметтек реформаларын зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: қандай әлеуметтік реформалар болғанын зерттеп, оларды анықтау.

Жұмыстың өзектілігі: курстық жұмыс 2 тараудан, кіріспе, қорытынды бөлімінен тұрда.

Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға - 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.

Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.

Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар, заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.

Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері, не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері әлуметтік жұмыскерлер қажет.

Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.

Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні жоқ деп есептелді.

Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен жүрді.

Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына бағытталған жүйесін талап етеді;

Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті (Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік, қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т. б. өмір сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.

Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін де атқарады.

Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі7

Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.

Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.

Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап етеді.

І. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Әлеуметтік жұмыстың мәні мен мазмұны

Әлеуметтік жұмыс адамдардың әлеуметтік өмірін талдап, олардың әлеуметтік өзара әрекеттестігін түзету мен жетілдіру тәсілдерін үйретеді.

Әлеуметтік зерттеулердің жоғарғы оқу орындарындағы пәндердің қалыптасуы проблемаларына көмектесуі қажет. Әлеуметтік жұмыстың негізгі компоненттерінің әлеуметтік мониторингі оның сенімділігін қамтамасыз етіп, өзіндік дамуына мүмкіндік жасайды.

Әлеуметтік жұмысқа социологияның әсерін бағыттайтын негізгі спектр нақты белгіленіп, анықталады: қоғамдық әлеуметтік спектр нақты белгіленіп, анықталады: қоғамдық әлеуметтік құрылымды әлеуметтік зерттеу қорытындыларын қолдану, осы қызмет мамандарын дайындауда пайдалану, әлеуметтік қызметкерлер түрлі топтарараласу бағытында әлеуметтік жұмысты талдау. Барлық әлеуметтік институттар, әлеуметтік қорғау институты және әлеуметтік жұмыс маңызды мемлекеттік пен қоғам үшін маңызды міндет атқарады, яғни тұрақтандыру мен социумды сақтау, қалыптасқан қоғамдық қаитынастардың үйлесімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі / 1, 125-116 Б/.

Әлеуметтік жұмыс - бұл теория ғана емес, ол адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттік қарым-қатынасының өнері. Ескере кететін жайт, әлі әлеуметтік жұмыстың технологиясы мен әдістері жеткіліксіз. Біз әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жұмыстың мынадай объектілері: жұмыссыздар, босқындар, тұрақты орны жоқ адамдар. Осыған орай, әлеуметтік жұмыстың жаңа әдістері пайда болуда - әлеуметтік жұмылдыру жұмысы және стиверк (көшедегі әлеуметтік жұмыс) . Бұл әдіс Америка Құрама Штаттарында пайда болды, содан кейін Австралия, Германия, Франция және басқа Еуропа елдерінде тарады.

Біздің еліміздегі әлеуметтік жұмыс саласында өзекті мәселе қоғамды іздендіру деңгейі, адамның негізгі құқтарын сақтау, әлеуметтік қорғау деңгейін дәлелдеуі оны маңызды іс-әрекет ретінде мойындауы еліміздегі әлеуметтік жұмыс саласындағы өзекті проблема болып отыр. Өкінішке орай, өмірде түрлі бақытсыздық, аурулар, отбасын, әлеуметтік топты сыртқы ортадан көмек сұрауға, тұрмыс жағдайын сәтсіздікке ығыстырады. Отбасы мәселесі, ерлі-зайыптылар арасындағы немесе ата-ана мен балалар қатынасы кез келген отбасында оның әлеуметтік статусымен материалдық жағдайында келеңсіз жағдайлар туындауы мүмкін.

Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі немесе қарт адамдардағы проблемалар және халықтың бұл категориясы, әрі олардың жақындары осы мәселені шешуде көмек пен шешіміне мұқтаж. Сондықтан бүкіл әлемде әлеуметтік жұмыс барлық топтарға және мүгедектерге қажет, дегенмен кейбіреулер оны потенциалды қажет етеді.

Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс-әрекеттің түрі және әлеуметтік институт ретінде күшті теориялық базасыз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік жұмыс түрлі теориялардың парадигмаларына сүйенеді. Қазіргі заманғы әдебиеттерде әлеуметтік жұмыстың түрл тұжырымдамалық тәсілдері беріліп, оның іс-әрекетінің мазмұнын түсінуге байланысты. Мысалы, әлеуметтік жұмыс саласының бірден бір маманы л. Гусляков әлеуметтік жұмыстың 4 түрлі парадигмасын анықтайды:«радикалды-гуманистік», «радикалды-құрылымдық», «түсініктемелік», «функционалистік».

«Әлеуметтік технология» атты түсіндірмелі сөздікке екі түрлі тәсіл берілген: жүйелі немесе құрылымдық және әлеуметтік психологиялық.

Шын мәнісінде әлеуметтік жұмыс түрлі дауларды шешуге бағытталған әрекетке бағытталған. Чикаго мектебінің өкілі Роберт Пак даулардың жақсы қызметитерін атап берді: «жанжал бар жерде, мінез-құлық зерделі және саналы; тек осындай жағдайда рационалды бейнесі бар».

Әлеуметтік жұмыс жағдайында жанжалдар бірнеше деңгейде қарастырылады.

1. Жанжал берік әлеуметтік теория ретінде - әлеуметтік қызметкерлердің методологиялық база қызметі.

2. Жанжал орта деңгейдегі теория ретінде - ол әлеуметтік қызметкерге жанжал теориясын өз әрекетінде қолданудың негізгі тәсілдерін әлеуметтік қайшылықтарды шешуге қолданады.

3. Жанжал технологиясының санының алдын алу, болжау, шешу, басқару.

Жылдар бойы басылып келе жатқан қарама-қайшылықтар, тұрғындардың көпшілік бөлігінің бүгінгі жағдайының жақсаруының болашағы, криминогендік жағдайлары, билік саясатының құрылымы т. с. с. әлеуметтік субъектілердің бұрынғы шашыраңқы қарама-қайшылықтарының бірігуіне әкеледі, социумның жанжалдығының бір ағынға қосылуына, қоғамның терең ыдырауына, байланыстардың үзілуіне әкеп соғады.

Осылайша, қарама-қайшылықтарды жалпы басу жағдайында әлеуметтік салада туған жанжал қоғамның ыдырауының негізі болады, әлеуметтік қысымның өсуіне ықпал етіп, барлық деңгейде жеке адамның қоғаммен өзара әрекетке әкеледі /2, 15Б/ .

Көпшілік жағдайда нақты жанжалмен әлеуметтік қызметкерлер айналысады, онда бір мезгілде құрылымның бұзылуы мен конструкциялық қызметтері. Мысалы, Ю. В. Растовтың пікірі бойынша, жанжалдың конструктивті рөлі әлеуметтік шындықпен бірдей және басқа деңгейде ол құрылым бұзылу маңыздылығымен толықтырылады. Әлеуметтік қызметкер өзінің жұмыс барысында кейде әлеуметтік жанжалмен өз объектісінің нақты іс-әрекеті кездеседі.

Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адам қызметінің саласын көрсетеді, ол белгілі бір нақтылық жөнінде объективті ғылымды теориялық жүйелендіру және спецификалық- әлеуметтік қызметті мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған - жеке ұйымдарды, қоғамдағы топтарды, отбасыларды, индивидтерді, мамандарды кәсіби және қоғамдық қызмет ретінде айқындауға болады. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде маңызды мәселелерінің бірі - көрсетілген объекттердің әлеуметтік мәселелерін шешудің тиімді әдістері мен технологияларын өңдеу және де әлеуметтік жұмыстың бар әдістер мен формаларын талдау.

Әлеуметтік жұмыс техникалық, әсіресе табиғи ғылымдармен байланысты. Бұның шеңберінде жүргізілетін зерттеулер бір жағынан, көп жағдайда табиғи ғылымдармен (соның ішінде медицинамен) байланысы тұрғысынан қарағанда ғылымның бөлімдері арасындағы сипатын білдіреді, ал екінші жағынан - әлеуметтанумен, психологиямен, педагогикамен, құқықтанумен және басқада әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдармен байланысын білдіреді.

Әлеуметтік жұмыс елімізде әліде болса қалыптасу кезеңінде тұр. Ғылыми тәртіптің сипатты белгілері кәсіби журналдар мен ұйымдардың, оқу кафедраларының және оқулықтардың саны болып табылатынын айта кету керек. Соңғы жылдары көптеген елдерде ондаған жоғарғы оқу орындарында сәйкес кафедралар ашылған, бірнеше оқу құралдары және әлеуметтік жұмыс теориясы, тарихы және әдістері туралы оқулықтар дайындалған және басылып шығарылған.

Алайда бұл ғылымның құрылу үрдісі аяқталудан әліде болса алыста. Сол себептен де аспиранттар мен докторанттар, философия, әлеуметтану, саясаттану, педагогика және психология мамандықтары бойынша дайындалуда.

Әрбір ғылым ториялық және эмперикалық білімдердің, теориялардың, әдістердің, әдістемелердің (техникалардың) қоспасын білдіреді. әлеуметтік жұмыс ғылым тараулары ретінде оның ерекшелігі білім мен білгірліктің бірлігінен тұрады. Бұл оның негізгі қағидасы. Мұндай бірліксіз ғылым болмайды, мұндай бірліксіз Адам өміріне маңызды салада (облыста), әлеуметтік қызметкер қалыптаса алмайды.

Әрбір ғылымның өзінің терминологиясы, түсіндірмелі-сипатты аппараты болады. Сонымен қатар, кез келген ғылым тараулары сияқты әлеуметтік жұмыста да қолданылатын түсініктемелерді жіктеуге әрекет жасалады.

Бір топты, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде спецификалық санаты болып табылмайтын терминдер мен түсініктемелер құрайды. Олардың ішінен нақты ғылымдар тарауларымен байланысы басымырақ түсініктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалы, әлеуметтік сала, әлеуметтану, педагогика және психологиямен байланысты - әлеуметтік қарым-қатынастар және т. б.

Екінші топ түсініктемелері, әлеуметтік жұмысқа көбірек қатысты, сонымен қатар басқа да ғылымдарда қолданылады. Бұл негізінен әлеуметтік жұмыстың объектілерін және негізгі бағыттарын анықтайтын, әлеуметтік қызметкер және мекемелер түсінігі. Солардың ішінде, әлеуметтік әлсіз халық топтары, девианттық мінез-құлықты топтар мен тұлғалар, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қорғану, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көмек, балалар мен жасөспірімдер пана үйлері, отбасына және балаларға арналған әлеуметтік-реабилитация орталықтары, халықты әлеуметтік қорғауды басқару және т. б. түсініктер бар.

1. 2 Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары

Ең біріншіден бұл компоненттердің логикалық қаралуын мынадай дәйектермен белгілейміз: субъекттер өздерінің маңыздылығына қарамай, олар белгілі бір шамада объекттерден туындайды. Шынымен де, әлеуметтік жұмыс объектілері белгілі бір қоғамда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен объективті түрде туныдайды және қалыптасады: субъектілер объективті жағдайлар әсерінен туындағанымен де, олар саяси және басқа да әлеуметтік институттармен қалыптасады, яғни қондырма болып табылады.

Әлеуметтік жұмыста объект пен субъектті түсіну үшін маңызды үш кезеңді белгілейміз: олардың айырмашылығы; органикалық өзара әрекеті, байланысы; олардың орын ауыстыруына мүмкінділігі.

Объектіні субъектіге, оның тәжірибелік және танымдылық қызметіне қарсы тұрады деп түсіндіруге болады. Ол жай ғана объективті шындықтарға ұқсас болып қана қоймайды - сонымен қатар субъектпен өзара әрекет ететін бөлігі болып табылады.

Кең мағынада әлеуметтік жұмыс объектісі болып барлық адамдар табылады. Бұл барлық халық топтары мен қабаттарының өміртіршілігінің белгілі бір шамада қоғам дамуының деңгейінің әлеуметтік сала жағдайының, әлеуметтік саясат мазмұны және оның жүзеге асу мүмкіндігінің алдын ала анықталу бағыныштылығымен түсіндіріледі /2, 26 - 35Б/.

Сонымен қатар кез келген Адам, кез келген уақытта, өзінің өмір сүру кезеңінде өзінің қажеттіліктері мен мүдделерінің толықтай қанағаттануын қажет ететіндігін ескеру керек.

Сонымен қоса әрбір тіршілік саласында олар теңдей қанағаттанбауы мүмкін: бай Адам стрестік жағдайымен байланыссыз тыныш ахуалда, денсаулығын сақтауды және нығайтуды қажет етеді; ал дені сау Адам өзінің түрлі идеяларын іске асыруға мүмкіндігі жоқ кедей болуы мүмкін; кез келген жанұяда ата-аналар арасында немесе бала мен ата-ана арасында келіспеушіліктер болады (бұндай әрекет әсіресе қоғамның кризистік жағдайында байқалады), - яғни, әрбір Адам қандай жағдай болмасын қолдауды, көмекті, қорғауды қажет етеді.

Халық әртүрлі негізде құрылған және одан, өздерінің әлеуметтік және басқада мәселелерінің кейбіреулерін ғана шеше алатын немесе мүлдем шеше алмайтын қиын өмір жағдайындағы адамдар, топтар бөлінеді. Сондықтан, әлеуметтік жұмысты тар мағынада қарастыра отырып біз объект дегенде, дәл осы топтар, халық қабаттары, олардың жеке уәкілдері, индивидтер екенін түсінеміз.

Бұндай объекттер жеткілікті. Олардың басымдылығын есепке ала отырып жіктеп көрейік:

өмір қиындықтарын өз бетіңше жеңуге мүмкіндік бермейтін денсаулық жағдайы.

Бұл келесідей халық топтары: мүгедектер, радияциялық әсерге шалдыққан адамдар, мүгедек-балалары бар отбасылар, психологиялық қиындықтағы, психологиялық стрестегі, суицидті іс-әрекетке бейім балалар мен ересек адамдар;

жедел (экстрималды) әлеуметтік жағдайдағы қызмет және еңбек.

Бұл топқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткендер, соғыс кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің аналары және жұбайлары жатады;

адамдардың егде, зейнеткерлік жасы, белгілі бір жағдайларға байланысты қиын тұрмыс жағдайындағылар, - олар жалғыз басты қарт адамдар, және зейнеткерлерден құралған отбасылар (жасына, мүгедектігіне және басқада негіздерге байланысты) .

девианттық мінез-құлықтың әр түрлі формада көрінуі

Бұл санатқа девианттық мінез-құлықтағы балалар мен жасөспірімдер; зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар; денсаулығы мен дамуына қауіп төнетін жағдайға душар болғандар; арнайы оқыту және түзеу мекемелерінде бас бостндығынан айыру орындарында болған адамдар; алкаголь ішімдіктерін, наша қолданатын отбасы мүшелері жатады;

әр түрлі санаттағы отбасылардың бейберекет қиын жағдайы

Бұл халық тобына бала асырап алушы отбасыларды және асыраушысынан айырылған балаларды; төмен деңгейлі табысы бар отбасыларды; жас отбасыларды; ата-аналары кәмелетке толмаған отбасыларды; ажырасушы отбасыларды; ата-анасы үнемі конфликтті қарым-қатынаста болатын отбасыларды жатқызуға болады;

балалардың ерекше жағдайы (жетімдік, кезбелік және т. б. )

Бұл негізде келесі топтарға бөлінеді: бала үйлері мен мектеп- интернаттарының түлектері (олардың материалдық тәуелсіздікке дейін) ; жетім қалған немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар; бақылаусыз қалған балалар мен жасөспірімдер;

кезбелік, баспанасыздық

Бұл топқа тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдар, тіркелген қашқындар, амалсыздан жер аударушылар;

босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі жағдай

Бұл жүкті және емізулі, сонымен қатар бала күтуіне байланысты демалыстағы әйелдер тобы;

саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және соңынан ақталған адамдардың құқықтық (сонымен қатар әлеуметтік) жағдайы

Ұсынылған топ бөліктері тек қана жалғыз бұл емес. Көрсетілген топтарды нақты түрде дифференциалдауға категорияларға бөлуге болады.

Бөгде адамдардың көмегін қажетететін адамдар әлеуметтік жұмыс объектісі болады. Олар: қарттар; зейнеткерлер; мүгедектер; ауыр хальдегілер; балалар; қиын өмірлік жағдайға душар болған адамдар; жағымсыз ортаға тап болған жасөспірімдер, маскүнемдер, нашақорлар, жыл сайын өзін-өзі өлтіретіндер, жұмыссыздар, жезөкшелер және т. б.

Мұндай адамдар тобы Қазақстанда ондаған миллионға жуық. Бұл ондаған миллион адамдардың әрқайсысы- қайталанбас ақылға, психикаға, күрделі өмірбаянға ие жеке тұлғалар. Бұлардың барлығы әлеуметтік қызметкерден адамның жан дүниесін теркең түсіне білуді, жанашырлық танытуды, жан-жақты болуды, үлкен шыдамдылықпен ынталылықты талап етеді.

Әлеуметтік жұмыстың бірден-бір маңызды және басты объектілерінің бірі- отбасы, жалғыз басты аналар отбасы, мүгедек балалары бар отбасылары. Сол сияқты ата-аналары мүгедек отбасылар. Әдетте, қиын материалдық жағдайда әсіресе кішкентай балалары бар (3 жасқа дейінгі) отбасылар. Осы отбасыларына қосымша мемлекет қамқорлығында босқындар мен көшуге мәжбүр болған отбасылары бар. Тағы бір көмек қажет ететін отбасы категориясы - ол кәмелетке толмаған балалары бар жұмыссыздар отбасы. Тағы бір отбасылар - ол маскүнемдер, нашақорлар мен тәртіп бұзушылар т. б. Әлеуметтік жұмыс осы отбасыларының проблемасын шешуге ғана емес, оларды нығайту, дамыту, отбасының ішкі потенциалын, әлеуметтік-экономикалық демографиялық жағдайын тұрақтандыру. Қаладағы қаңғыбастар мен үйсіздер бұл адамзаттың тіршілік ету аралығындағы құбылыс. Бірақ бұл құбылыс, әсіресе әлеуметтік күйзелістер кезеңінде және табиғи апаттар, атап айтсақ: соғыс, аштық, су тасқыны, жер сілкіну, дағдарыс процестері түрлі елдерде кеңінен кездеседі. Ол дамыған, сондай-ақ нашар дамыған елдерге тән. Қазіргі жағдайда көптеген елдерде қаңғыбастық пен үйсіздер проблемасын қиындататын жалпы принциптерге қоса принциптер сипаттамасы:

- тұрғын үй мен арзан тұрғын үйдің жетіспеушілігі;

- жұмыссыздыққа байланысты тұрғын үйге төлейтін қаржының жоқтығы;

- кейбір азаматтар мен көптеген отбасының табасының аздығы;

- қоғамның әлеуметтік саулығы (маскүнемдік, нашақорлылық т. б. ) ;

- отбасындағы қарым-қатынастың іске асыруда мүмкіндіктердің нашарлығы, аз қамтылған отбасыларына, топтарға материалдық және басқа көмектер көрсетуге бағдарына, топтарға материалдық және басқа көмектер көрсетуге бағыттау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы
ХХ ғ. ІІ-ші жартысы мен ХХІ ғ. басындағы Орталық Шығыс (ОШЕ) елдері экономикалық және әлеуметтік реформалар
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
Өнеркәсіптің даму қарқыны
Соғыстан кейінгі экономиканың қалыптасуы
ХХғасырдағы Иран мемлекеті
Қазақ ауылын кеңестендіру
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
1941-1991 кеңес мектебі мен педагогикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz