«австро-венгрия монархиясы (1870-1914)»



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 ДУАЛИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВСТРИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Дуализм жүйесінің нығаю кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Австриядағы ұлттық қарама.қайшылықтардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.3 Австриядағы жұмысшы және социалистік қозғалыстар ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 ДУАЛИСТІК МОНАРХИЯ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ВЕНГРИЯ ... ... ... ... ... .11
2.1 1867.1899 жж. Дуализм жүйесіндегі Венгрия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы монархияның құлдырауы ... ..13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Автро-Венгрия империясының хронологиялық шеңберін қамтиды. 1867 жылы ымыраласу негізінде құрылған дуалистік монархия Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген елдер қатарынан орын алды. Берілген жұмыста Австро-Венгрияның жартығасырлық дәуіріндегі маңызды саяси оқиғалары мен әр мемлекеттің дуализм жүйесіндегі дамуы қарастырылады. Әскери, экономикалық және әлеуметтік жағынан жақсы дамыған ұлы держава неліктен қысқа мерзім ішінде күйреді және оған нақты қандай факторлар әсерін тигізді? Осы және өзге мәселелер берілген еңбекте толығымен қарастырылады.
1. Василевский Л.М. Австро-Венгрия. Политический строй и национальные вопросы. Очерк. Санкт-Петербург, 1906
2. Пристер Е. Краткая история Австрии. Москва, 1952
3. Галкин И.С. Австро-Венгрия (1867-1914). Москва, 1940
4. Ватлин А.Ю. Австрия в XX веке. Москва, 2006
5. Зубок Л.И. Австрия, Венгрия, Чехословакия, Болгария 1918-1923. Москва, 1939
6. Ласло Контлер Тысячилетие в центре Евпоры. Москва, 2002
7. Краткая история Венгрии с древнейшего времени до наших дней, Москва «Наука» 1991
8. Исламов Т.М., Пушкаш А.И., Шушарин В.П. История Венгрии, 2-том, Москва «Наука» 1972

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Австро-Венгрия монархиясы (1870-1914)

Орындаған: 3-курс студенті,
РВ-31К тобы, Аймақтану мамандығы
Рыскалиева Д.
Оқытушы: Бюжеева Б.З.

Алматы, 2014

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 ДУАЛИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВСТРИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Дуализм жүйесінің нығаю кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Австриядағы ұлттық қарама-қайшылықтардың дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ...5
1.3 Австриядағы жұмысшы және социалистік қозғалыстар ... ... ... ... ... ... ... ...7
2 ДУАЛИСТІК МОНАРХИЯ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ВЕНГРИЯ ... ... ... ... ... .11
2.1 1867-1899 жж. Дуализм жүйесіндегі Венгрия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы монархияның құлдырауы ... ..13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
КІРІСПЕ

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Автро-Венгрия империясының хронологиялық шеңберін қамтиды. 1867 жылы ымыраласу негізінде құрылған дуалистік монархия Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген елдер қатарынан орын алды. Берілген жұмыста Австро-Венгрияның жартығасырлық дәуіріндегі маңызды саяси оқиғалары мен әр мемлекеттің дуализм жүйесіндегі дамуы қарастырылады. Әскери, экономикалық және әлеуметтік жағынан жақсы дамыған ұлы держава неліктен қысқа мерзім ішінде күйреді және оған нақты қандай факторлар әсерін тигізді? Осы және өзге мәселелер берілген еңбекте толығымен қарастырылады.
1 ДУАЛИЗМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АВСТРИЯ
1.1 Дуализм жүйесінің нығаю кезеңі

Австро-Венгрия монархиясы - 1867 жылы құрылған ортақ монарх пен екі мемлекеттің ішкі істерін қамтыған күрделі саяси субъект.
1859 жылғы Франция мен Пьемонт және 1866 жылғы Пруссиямен жүргізілген соғыстағы жеңілісінен кейін Австрия империясы саяси дағдарысқа тап болып, бірқатар реформаларды қабылдауға мәжбүр болды. Өзгеріс барысында империяның басым бөлігін алатын венгрлерге басты назар аударылып, империяның саяси бағыты елеулі өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде 1867 жылы 8 ақпанда Австрия мен Венгрия арасында екі мемлекеттің бірігуін растайтын келісімге қол қойылды. Ымыраның негізгі мәні бойынша бұрынғы Австрия немесе Габсбург монархиясы ресми түрде Австро-Венгрия империясы болып жарияланды. Венгрия Австриямен тең құқылы егеменді мемлекет ретінде танылды. Екі мемлекет жеке уния қағидасы бойынша бір монарх - австриялық Франц Иосиф (1848-1916) арқылы басқарылды. 1867 жылы ол австриялық және венгриялық император титулын иеленді.
Империяның территориялық бөлінісі бойынша Венгрия құрамына славян облыстарының оңтүстік бөлігі Венгрия, Словакия, Хорватия және Трансильвания аймағы (Транслейтания) кірсе, Австрия құрамы өз кезегінде славян облыстары Чехия, Моравия, Силезия, Истрия, Далмация, Буковина, Крайна, Галицияны (Цислейтания) қамтыды. Екі мемлекеттің шекарасы Лейта өзені арқылы бөлінді.
Дуализм жүйесі негізінде құрылған екі мемлекеттің ішкі құрылымында көп өзгерістер байқалмады. Ресми түрде мемлекеттер жер аристократиясы мен ірі буржуазияның қолында болды. Әр мемлекеттің өз алдына жеке қоспалаталық парламенті болды: Австрияда - рейхсрат, Венгрияда - сейм деп аталды. Австриялық рейхсрат екі палатадан, яғни мырзалар палатасы және өкілдер палатасынан құралған болатын. Мырзалар палатасы сайланбады, оларды император өз бетінше дворяндар мен клерикалдар ішінен тағайындап отырған. Екінші өкілдер палатасы 1873 жылғы реформаға дейін империяның 14 облысынан (Чехия, Галлиция, Далмация, Тироль, т.б.) жанама түрде сайланды. Венгриялық парламент те қос палатадан тұрды: магнаттар палатасы - ірі жер аристократтары; депутаттар палатасы - жоғарғы мүлік цензі арқылы сайланатын ірі венгр помещиктері.
Империяның сыртқы саяси мәселелерін шешуде екі мемлекеттің де парламенті маңызды рөл атқарды. Премьерлерге ұсынылатын интерпелляцияларда қос мемлекеттің де парламент депутаттары түсініктеме енгізуді талап ете алды. Парламент сессияларында көбіне шетел мемекеттерімен келісімге келу, монархияның бюджетін бекіту немесе жалпы сыртқы саяси бағыттағы шешімдерді қабылдау мәселелері қаралды.
Австро-Венгрияның заң жүзіндегі және іс жүзіндегі ресми статуты абсолютизм мен конституциялық құрылымның қоспасы ретінде қарастырылды. Мемлекеттік механизмдегі абсолютизм элементі екі бір-біріне қарама-қайшы тенденцияларды тудырды: австриялық централистік ұстаным және венгрлік егемендікке ұмтылыс. Тең дәрежеде болмағанымен, бұл екі ағым жалпы империялық саяси әрекеттерде көрініс табады. Мәселен, империя бойынша ортақ сыртқы істер министрлігі мен ортақ қарулы күштер сақталды. Саяси-қоғамдық өмірде Габсбургтер монархиясы басым бола тұра, заңды түрде Венгрияның да империяның ішкі және сыртқы істеріне араласып, әсер тигізетін қауқары пайда болды. 1867 жылғы ымыра негізінде империялық саяси істер тек екі мемлекет басшылығының бірдей келісімі арқылы іске асырылады деп мәлімделген болатын. Австро-Венгрия контитуциясына сәйкес император шексіз билікке ие болды, ол министрлерді өз бетінше тағайындап отырды. Монарх бекіткен министрлер екі мемлекеттің де парламентіне бағынбады және сәйкесінше сол мемлекеттердің ішкі істеріне араласпады.
Империядағы тағы бір жоғарғы орган Император делегаттарының Кеңесі болып табылатын. Аталмыш Кеңестің ресми қызметі тағайындалмағанымен, бұнда көбіне мемлекеттік маңызы бар істер қаралатын болды. Кеңес мүшелігіне жалпы министрлер, екі премьер, Австро-Венгриялық банк төрағасы, әскери штаб басқармасы және екі парламенттен арнайы тағайындалған 60 депутат кірді. Мемлекеттердің қаржы, экономикасы, сауда-саттық қатынастары осындай Кеңесте бекітіліп отырды. Мемлекет бюджетіндегі екі мемлекеттің үлесі пайыздық мөлшермен тағайындалды: 1867 жылы Австрия - 70 %-ды иеленсе, Венгрия - 30 % көлемінде мемлекет шығындарына ие болды. Кейін Венгрияның үлесі 35 %-ға дейін көтерілді.
Осылайша дуализм жүйесіндегі Австрия және Венгрия өздеріне тиесілі қызметтерін іске асырып отырды. 1867 жылғы келісім нәтижесінде орнаған монархиядағы буржуазиялық және конституциялық құрылым дағдарыс жағдайындағы капиталистік өндірістік күштерге жол ашты. Контрреволюциялық әдістер арқылы жүзеге асқан дуализм саясаты Австрияның артта қалған монархиясын біршама деңгейге жақсартты. Бұл өз кезегінде Австро-Венгрия ымырасының прогрессивті қызметін айқындап берді.
1.2. Австриядағы ұлттық қарама-қайшылықтардың дамуы

Австро-Венгрияның дуалистік жүйесінің ерекшелігі оның көпұлттық империяда құрылуында еді. Неміс, венгр және бірнеше славян халқының өкілдерінің басын қосқан дуалистік империя тек екі ұлттың басымдылығын мойындады. Міне, дәл осы жағдай мемлекеттің ең өзекті тақырыбы - ұлттық мәселеге тірелді. Немістер Австрияның басты саяси және экономикалық элементі болып табылды. Алайда 1848 жылғы ресми Конституцияның 19-бабына сәйкес Нәсіліне, дініне, діліне қарамастан Австриядағы барлық ұлттар тең. Әр нәсіл еш шектеусіз өз ұлтының, өз тілінің мүддесін қорғауға құқылы деп жазылған болатын. Бұндай ресми жариялау тек теория жүзінде қалды. Австриялық немістер қоғамдағы басым күшті қолынан шығарғысы келмеді. Өз кезегінде бұл азшылықты құрайтын славян халықтары үшін тиімсіз еді. Сондықтан Австро-Венгриялық тілімделген монархиясының көпұлттық құрамы мемлекеттің саяси өміріндегі елеулі маңызға ие болды. Ұлттық мәселе империяның зұлымдық осі іспетті еді. Сипатталып отырған ұлттық қарсылықтар қауқары басым австриялық немістер мен венгрлер және олардан жапа шеккен славян тектес халық арасында орын алды. Капиталистік қатынастар тереңдеген сайын қос тараптың буржуазиясы империяның саяси тыныштығына қаупін төндіре түсті. Австрия мен Венгрия құрамындағы қақтығыстар одан өзге буржуазия мен жер аристократиясы арасында сипатталды. Соңғылары мемлекеттік аппаратта айтарлықтай басым рөл ойнады, өйткені Австрияда да, Венгрияда да ауыл шаруашылығы өте жоғары деңгейде дамыды. Оның өзі жер иеленуші аристократтардың мүддесін бір саты жоғары көтеріп тастаған болатын.
1867-1870 жылдары Австро-Венгрияның билік басына Гогенварт пен Ауэрсперг министрліктері басқарған конституциялық буржуазия партиясы келді. Осы кезеңде ел ішіндегі ұлттық қарама-қайшылықтар шарықтау шегіне жетіп, славян халқының өкілдері, әсіресе чехтар австриялық үкімет пен конституцияға ашық қарсылық көрсетті. 1870 жылы чех өкілдері дуалистік монархиядағы венгрлер иеленетін құқықтарды талап етті. Онымен шектеліп қоймай, олар ортақ монарх арқылы басқарылатын славян халықтары мен Австро-Венгрия федерациясын құруды ұсынды. Чехтардың бұндай ұсынысымен Австрия да, Венгрия да келіспейтіні айтпастан белгілі.
Империяда болып жатқан шиеленістерді көршілес елдер, әсіресе Германия тарапы өз бақылауында ұстады. Германияның бұл мәселеге қатысты қызығушылығын келесідей түсіндіруге болады: біріншіден, Австро-Венгриядағы неміс халқының басымдылығы Германияның империяға қатысты саясатын жүргізуді жеңілдетер еді; екіншіден, славян халықтарының федерациясын құру идеясы Германияны бей-жай қалдыра алмады, өйткені Германия құрамының өзінде славян халықтары, әсіресе поляк өкілдері аз емес еді; үшіншіден, Отто фон Бисмарктың басты үрейіне айналған жағдай - Австро-Венгрияның славяндар есебінен Ресей ықпалында қалуы. Шын мәнісінде империяның ұлттық үлесінің басым бөлігін славян тектес халықтар құрған болатын. 1900 жылғы Австриядағы ресми халық санағы бойынша келесі нәтижелер алынған [1]:
1-кесте
Ұлты
Млн
Пайыздық көрсеткіш %
Неміс
9,2
36
Чех
5,9
23
Поляк
4,3
16,8
Русин
3,3
13
Словен
1,2
4,7
Серб
0,7
2,73
Итальян
0,7
2,8
Румын
231 мың
0,9
Мадияр
9500

Кестеде көрсетілгендей, Австрия халқының ұлттық көрсеткіші сан түрлі. Тіпті сандық мөлшері жағынан славян халықтары немістерді басып та кететінін аңғару қиын емес. Осы жағдайда империяның билеуші топтары шұғыл түрде шара қабылдауы тиіс болатын. Олардың арасында ең елеулі үлесін қосқандар австро-неміс буржуазиясының өкілі Ауэрсперг және империяның сыртқы істер министрі, венгр магнаты Андраши еді. Ауэрсперг үкіметі билікке келісімен Чехия қоршау саясатында қалды. Империя бойынша чех тіліндегі газет-журналдар, клубтар, мәдени-ағарту шаралары жабылды. Чехия ескішіл партиясы қоғам өмірінен алыстатылды. Билік тарапынан көрсетілген қорлыққа шыдамаған чехтар ереуілдер мен демонстрацияларға шықты. Ұлттық қарсылықтар шиеленісіп, империяның ішкі тұрақтылығын бұзған болатын. Ел экономикасы мен сауда-қатынастары құлдырап кетті. Австро-Венгрия империясының саяси жағдайы өте қауіпті кезеңді басынан кешірді.
Мемлекеттің жағдайын қалпына келтіру мақсатында Ауэрсперг 1873 жылы сайлау құқығы туралы реформа қабылдады. Ол бойынша Австрия рейхсратының мүшелер саны 203-тен 353-ке өсті. Басты назар аударатын нәрсе өсімнің басым бөлігін неміс буржуазиялық өкілдері иеленді және парламенттегі славян халықтарынан сайланатын дворяндардың мүддесі төмендеді. Басты назарын оппозициялық көңіл-күйдегі славян ұлттарына қойған Ауэрсперг саясаты Австро-Венгрия империясының мемлекеттік аппаратын орталықтандыруды көздеді. 1873 жылы сайлау туралы заң енгізілген соң ескішіл чех партиясының қарсылығы байкот сипатына ұласты. Бұл жағдай 1878 жылға дейін жалғасты.
70-жылдардың аяғына таман Чехияда капитализм ерекше деңгейде дами түсті. Елде ауыр индустрия, көлік құрылысы және өндірістік күштер жақсы дамыды. Чехияның дамуы оның саяси деңгейіне әсерін тигізбей қоймады. Ендігі жерде чех жаңашыл партиясы басшылыққа қойылған байкоттан бас тартып, уақытша кезеңге болса да ұлттық қайшылықтар тыйылған болатын.
1.3. Австриядағы жұмысшы және социалистік қозғалыстар

Жалпы жоғарыда сипатталған австриялықтар мен славян халықтарының арасындағы қарсылықтардың бәсеңдеуіне белгілі бір деңгейде Австриядағы жұмысшы және социалистік қозғалыс себепші болды.
Негізінен 1848 жылғы революциядан кейін ел ішінде жұмысшы қозғалысы баяу дамыды. Жұмысшы таптарынан құралған ұйымдардың әрекеті полицияның бақылауында болды, ал бұқаралық ақпарат құралдарына басылатын мақала-жазбалар қатал цензураға ұшырады. Тек 1867 жылдан кейін ғана империяда шектеулі жағдайда сөз бостандығы жарияланған соң жұмысшылар қозғалысы қайта серпін алды. 1867 жылы алғашқы Вена жұмысшы ағартушылық қоғамы құрылды. Қоғамның мүдделері саяси мақсаттардан алшақ деп түсіндірілді. Оның басты көксегені жұмысшы тапқа жалпы білім беру және қоғамдық жағдайды жақсарту техникалары болатын-ды. Алайда шын мәнісінде білім берудің астарында саяси мағына жатқаны белгілі еді, тіпті алғашқы дәрістердің өзінде жұмысшылар арасында нақты, атап айтқанда, кәсіподақтарды құру құқығы және жалпыға бірдей сайлау құқығын беру туралы талаптар бекітілген болатын.
Көп ұзамай әртүрлі қалаларда жұмысшы комитеттері, демонстрациялар және жұмысшы конгресстері құрыла бастады. Бұл бірте-бірте жұмысшы қозғалысының ортақ мүддеге бірігіп, күшейіп келе жатқан кезең еді. 1868 жылы жұмысшы делегаттарының бесінші съезінде арнайы манифест қабылданды. Ол келесідей мәселелерді қамтыды: демократиялық негіздегі мемлекетті қайта құру, жалпыға бірдей сайлау жүйесін енгізу, өндірістік күштерді жұмысшы тапқа беру және де ең бастысы ұлттық қайшылықтарға жол бермеу. Делегаттардың мәлімдемесі бойынша, ұлттық жікшілдікке қарсы тұратын мемлекеттің әр азаматының құқығын сақтайтын ортақ ұйым құру қажет.
...Еңбек нарығы ешқандай ұлттық шектеулермен айқандалмаған. Керісінше, дүниежүзілік экономикалық қатынастар осы ұлттық шекараларды көпір есебінде пайдаланады, капитал жұмысшылардың ұлттық ұстанымдарына араласпайды, сондықтан жұмысшылар арасында ұлтқа қатысты теке-тірестер болмауы тиіс... [2]
Аталмыш манифест венгр, чех, поляк, итальян және румын тілдеріне аударылды. Алғашқы рет империя құрамындағы барлық ұлттың делегаттары бір іске жұмыла кірісіп, басын қосты. Ел ішіндегі жұмысшы қозғалысы бірте-бірте социалистік бағытқа ұласып, өз бағытын жаңа арнаға бұрып жіберді.
Жарты жылға жуық уақыт өткен соң, 1868 жылы Австрияда ресми түрде жұмысшылардың алғашқы социал-демократиялық партиясы құрылғаны жарияланды. Партияның қабылдаған бағдарламасында: Социал-демократиялық партияның негізгі мақсаты бейбіт және заңды түрде қоғамдық үгіт-насихат жүргізу арқылы егеменді мемлекет құру, жалпыға ортақ тікелей сайлау құқығын беру, азаматтардың тең құқығына қол жеткізу болып табылады. Азаматтардың тең құқығы саяси әрі әлеуметтік деңгейде қарастырылуы тиіс делінген болатын.
Социал-демократиялық партия ұлт өзін-өзі билеу құқығына ие болуы қажет деп мәлімдеді. Бұған сәйкесінше келесі талаптарды жария етті:
1. Одақтар мен жиналыстардың шексіз құқығы, коалицияларды қоса алғанда;
2. Баспасөз бостандығы;
3. Жалпыға бірдей тікелей сайлау құқығы;
4. Дін бостандығы;
5. Тұрақты әскердің орнына жалпы халықтық қарулы күштер құру.
Партия бағдарламасы жеке ұлттың өзін-өзі билеу құқығын қарастырғанымен, тіл мәселесі сияқты бөлек ұлттық мәселелерді қамтымады. Делегаттардың ұстанымы демократия Австрия халқына өз тағдырын өзі шешу мүмкіндігін береді деген негізде дамыды.
1869 жылы 11 ақпанда социал-демократтардың алғашқы апта сайын шығатын Фольксштимме газеті жарық көрді. Австро-Венгрия империясы аз уақыт ішінде социализмнің ықпалында қалды. Кейінгі 70-жылдар үкімет пен анархистер есебінде қабылданған социалистік топ арасындағы күрес кезеңі деп бағаланды. Ендігі жерде билік басындағылар неліктен социалистік қозғалысты уысынан шығарып алды, оның ел ішіне орнығып кетуіне қалай жол берді деген сұрақтар орынды болады. Әрине, оны басшылықтың ағаттығынан болды деу қиын. Үкімет социалистік бағытты белгілі бір деңгейде өзінің ішкі саясатын жүргізу үшін пайдаланды. Империядағы көпұлттық жағдайға байланысты ел ішінде басқарушы мықты күшке ие топ табылмады. Таафе билігі кезінде және одан кейін де мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«шығыс мәселесі»
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
Соғыс қарсаңындағы ұлы мемлекеттер антогонизмдері
Версаль шарты
Балқан соғыстары
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Германия елі туралы
Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері
Қасиетті Одақтың қызметі
Пәндер