Ақша және ақша жүйесінің теориялық негіздері. ҚР ақша жүйесі



Кіріспе
І тарау. Ақша және ақша жүйесінің теориялық негіздері.
1.1 Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметі.
1.2.Ақшаның түрлері.
1.3.Ақша жүйесінің түрлері.
Ақша массасы.
ІІ тарау. Қазақстан Републикасының ақша жүйесі.
2.1 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі.
2.2. Қаржы және қаржы жүйесі.
Фискальдық және бюджеттік . салық саясаты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны бетіне қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша – тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін Карл Маркс «Жеке адам өзінің қоғамдық билігінде, қоғаммен байланысында өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айрбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбегіндегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем-құралы қызметін атқарады.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдықетуімен тауардың ішкі қайшылықтары шешіледі. Тек ақшанаң пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны ретінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
1. Райымқұлов: /экономикалық теория негіздері/.
2. Қрымова: /экономикалық теория негіздері/.
3. Ақша Несие Банк /экономикалық теория./

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация
Мен бұл курстық жұмыста ҚР ақша жүйесін қарастырдым.
Оның ішінде ақшаның пайда болуы, мәні мен атқаратын қызметін және даму
деңгейімен ақшаның түрлерін қарастырдым.
Курстық жұмыс 28 беттен, екі тараудан, бес тақырыпшадан тұрады.

Кіріспе
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі,
құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны бетіне қайнасқан ерекше тауар.
Яғни ақша – тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан
бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ
балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші
болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін Карл Маркс Жеке адам өзінің қоғамдық
билігінде, қоғаммен байланысында өзінің қалтасына салып жүреді деген
афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айрбасында
делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық
есебі жүргізіледі.
Екіншіден әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесінде
ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбегіндегі үлесін
жалақы ретінде алғанда, ақша төлем-құралы қызметін атқарады.
Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдықетуімен тауардың ішкі
қайшылықтары шешіледі. Тек ақшанаң пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар
тұтыну құны ретінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші
жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.

І тарау. Ақша және ақша жүйесінің теориялық негіздері.

1.1 Ақшаның пайда болуы, мәні және атқаратын қызметі.
Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның
тұтыну құнымен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының
қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені егерде тауар сатылса, оның тұтыну
құнының біреудің қажетін өтеу керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші
жағынан оның құнының бар екендігін дәлелдегені. Сатылған құн енді ақша
түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен
ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын
алуға мүмкіндік туады.
Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем
ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү
мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы
экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерге кездесіп отырған
кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша жиынын ұлғайтумен
шешілді дегенді көрсетпейді. Өйткені төлемеушіліктік көптеген себептері
бар: Төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің тізбегінде әлеуметті
күйреушілердің болуы, күйреушілердің тиімді тәжірибесінің болмауы, жеке
меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамымауы және т.б.

Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына
әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен
қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа
қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды
өзереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
- несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге
сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
- қола – қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
- ақша айналысы санының өсуі.
Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма-қол
ақша, яғни айналымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; Банктік айналымдағы
ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейде банк
жүйесінде ақщаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқық
пен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін
комерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен-бірі тығыз
байланыста жүреді. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын
қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты
қолма-қол банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке
ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктық айналымдағы ақша түріне
айналуын көрсетеді.
Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің
екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі
ақша жйыны айналымның ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір
мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы сандық
өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша жиынының көлемін және өсу
қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер
қолданылады.

Ақша жиыны.
Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша несие жүйесінмен
анықталады, мысалы АҚШ та ақша жиынын анықтау үшін-төрт, Швецария мен
Гарманияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты
қолданылады. Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына томендегі
ақша агрегаттары кіреді:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша;
М2 – құрамына М1 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп
шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру
шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік
және аккердитивтік шоттардың қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар
шоттраының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын
салымдарын біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша
нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
- банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
- орталық банктен комерциялық банктердің несие алуымен;
- мемлекеттік бюджеттің кешілігін жабу үшін орталық банктың
үкіметке несие беруімен;
- орталық банктың асыл металдарды, шетел валютасын және
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;
- чек шығаруы мен немесе комерциялық банктердің салым
тарту негізінде қарыз берумен.
Ақша айнылысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі.
Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән.
Айналыстағы ақшаның саны К.Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі.
Тауар айналысына қызмет етуі үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға:
біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар
бағасының қосындысына, екіншіден, ақша айналысының жылдамдығына баланысты
өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

М = Р·ҮV

Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін
орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатуға тиіс тауарлар бағасын
көбейтіндісін бір атас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы)
бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құрал
қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге
сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бір
сыпыра қолма-қол ақшасыз есеп-қисап айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз
талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп
несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың
неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері
қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері
шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.
Құн түрлерінің даму заңдылықтарын тексеру, ақшаның шығуы тауар
айырбасының дамуынан туған тарихи процесс деген қорытынды жасауға
мүмкіндік береді.Ақшаның шығу себебі тауар өндірісі қайшылықтарының етек
жайып, тереңдеуінде. Ақша – жоғарыда айтылғандай жалпылама эквиваленттің
ерекше қызметін ақаратын тауар. Ақша да, тауар да қоғамдық еңбектің
өнімдері. Бірақ өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік жағдайында барлық
тауарлар нарықта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде саналады, ал ақша –
тікелей қоғамдық еңбектің (жалпылама эквивалет бейнесі ретінде болады). Тек
ақшаға айырбастауға арқылы ғана тауарды шын мәнінде қоғамдық еңбектің
өнімі екенін анықтауға мүмкіндік болады. Басқаша айтқанда, нарықта қоғамдық
еңбекте сан және сапа жағынан жүргізіледі, ал ақша оның құралы болып
табылады.
Сырттай бір-біріне тәуелсіз тауар өндірушілер арасындағы қатынастар
айырбас процесінде жүзеге асады. Ақша тікелей тауар айырбастаудың
қайшылықтарын шеше отырып, сонымен қатар, тауар шаруашылығы қайшылықтарының
онан әрі тереңдеуіне жағдай жасайды.
Тауар мен ақша арасында үнемі болып тұратын үндестік пен қайшылық
бар. Ол тұтыну құны арқылы көрініс табады.
Ақша – затта емес, байлықта емес, өндірістік қатынас. Бұның мазмұны
мен мәнін ақшаның атқаратын қызметтерінен, яғни қоғамдық міндеттерінен анық
байқауға болады.
Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның өзінен басқа тауарлардың
құнын анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметінің
адамдардың ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда.
Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің құны болатын заттар ғана яғни
алтын атқарды. Алтынның құнымен бейнеленген тауардың құны оның бағасы деп
аталады. Тауардың құны жоғары болса онда ол алтынның көп мөлшеріне
теңестірілген болады. Демек, тауардың бағасы тауардың құнына тәуелді.
Бірақта тауардың бағасы тек ғана таурдың құнына емес. Ол алтынның құнына да
тікелей байланысты болады: егерде алтынның бағасы қымбаттаса, онда тауардың
бағасы арзандайды; егер алтынның бағасы арзандаса, онда тауардың бағасы
қымбаттайды. Жоғарыда аталған категория жөнінде құнның еңбек теориясының
басты ерекшеліктері осындай.
Ақшаның айналыс құралы қызметі-тауар айырбасының формуласы Т-А-Т
бойынша оның делдалдық рөлін атқаруда байланыста:тауар айырбасы екі екіден,
яғни сатудан Т-А және сатып алудан А-Т құралады.
Тауар иесі, тауар сатып, жаңа тауарды іле-сала сатып алмай ақшаны
өзінде қалдыру мүмкін. Демек, ақшаның осы қызметін атқаруына байланысты
артық өндіру дағдарыстары пайда болуы ықтимал.
Ақша өзінің айналыс құралы қызметін монеталар мен қағаз ақшалар
түрінде атқарады.
Монета деп өзіне тән формасы бар және айрықша қоспадан құйма
металды айтады.
Қағаз ақшалардың өзі құн болмайды, сол себепті олар құн өлшемі
қызметін атқара алмайды, бірақ ол алтынның рәмізі іспетті болады. Қағаз
ақшалар алғашқы рет Қытайда ХІІ ғасырда жасалып шығарылды, ал Ресейде 1769
жылы Екатерина ІІ кезінде.
Айналыстағы қағаз ақшалар мөлшері айналысқа қажет алтын мөлшеріне
сәйкес болуы тиіс. Егерде айналастағы қағаз ақшаладың мөлшері қажетті
алтын мөлшерінен көп болса, онда қағаз ақша құнсызданады, олардың
төлемпаздық қабілеті төмендейді, ал тауарлар бағалары қымбаттайды.
Тауар бағаларының қымбаттауына байланысты ақшаның құнсыздану
процесін инфляция деп атайды.
Жалпы алғанда, айналысқа қажетті ақшаның мөлшері тауарлар
бағаларының жиынтығын ақша өлшемдерінің жылдамдығына бөлу арқылы
анықталады. Ақша дегеніміз құдіретті байлықтың бейнесі және өтімділігі
жоғары, яғни оның тез сатып өткізуді жүзеге асыратын қабілеті бар.
Егер бір тауарды сатып өткізгенннен кейін, басқа тауар сатып
алынбаса, онда алтын айналыс сферасына өз уақытында қайта оралмайды, және
ол қазынағы (қорға) айналады. Алтынның қазынаны жинау қызметін алтын
құймалары мен монеталары, алтын немесе күмістен жасалған әсемдік бұйымдар
атқарады.
Ақша жүйесі – қандайда бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың
тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген формасы. Әлемдік өркениеттегі ақша
жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай
формасы- ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі ХV – ХVІІ
ғасырлардан қалыптаса бастады.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша – тауар қатнасының даму деңгейіне
тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір
мемлекеттің өзақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды.
- ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
- ақша бірліктерінің атауы;
- ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және
қамтамасыз ету сипаты;
- ақша айналымын ақша-несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
- ұлттық валюта бағамы оны шетелдік валютаға айырбастаудың
тәртібі.
Ақша жүйесінің ұйымдастырудың принциптері мыналар:
- ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі.Ол көбнесе
шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне (мотивация)
негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
- тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау
принципі;
- ақша айналымының тұрақтылғы және икмділік принциптері, ақша
айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек,
алайда инфлацияның дамуына жол бермеуі қажет;
- ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге
асырылатынын білдіреді;
- эмиссияланған ақшаның қамтамасыз ету принципі;
- орталық банк тәуелсіздігінің приципі.

1.2.Ақшаның түрлері.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады. Олар: құн өлшемі, айналым құралы,
төлем құралы, қазына жинау, дүниежүзілік ақшалар.
Ақша бірліктерінің атауы. Ақша бірлігі – барлық тауар бағаларын
өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін заңмен бекітілген ақша белгісі.
Орталық банк монополялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері заңды
төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақсатн аумағында бұрыштарды
өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері:
Ақша бірлігі (ұлттық валюта) ҚР-да жүз тиыннан тұратын Қазақстандық
теңге болып табылады.
Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар арасында ресми
арақатынас белгілейді.
Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз
ету сипаты. Барлық төлем түріне олардың көрсетулі құны бойынша міндетті
түрде қабылданатын банкнотпен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің ақша
белгілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды және
айналымнан алуды орталық банк қолма-қаол ақшасыз балама алу арқылы банкнот
пен монетаны сату түріне тек бір өзі ғана жүзеге асырады. ҚР Ұлттық Банк
банкноттары мен тиындары Ұлттық банктың сөзсіз (даусыз) міндеттемелері
болып табылады. әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық
банк алтын – валюталық активтердің мөлшері туралы хабарламаларды бұқаралық
ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.

Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз және несие ақшалар –
ақшаның түрлеріне жатады.
Ақша-несие айналымының тетігі – ақша несиелік реттеу (тікелей және
жанама) құралдарының, ақша-несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары
мен міндеттерің жиынтығын білдіреді.
Ақша-насие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
- ҚР Ұлттық банктың банктерге несиесі бойынша сыйақы
мөлшерлемелерінің деңгейлері;
- Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің
нормативтері;
- мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық
нарықтағы операциялары;
- банктерге несиелер;
- валюта нарығындағы интервенция;
- айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың
деңгейі мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме.
Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Валюта бағамы - бұл басқа елдің ақша бірлігіне бейнеленген бір елдің ақша
бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі
Валюталық реттеу туралы ҚР зңына белгіленген. Валюта бағамы баға
белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін (нарықтың)
баға белгілері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбнесе қоржынға кіретін
басқа шетелдік валюта қоржыны негізінде баға белгілеу тәсілі
пайдаланылады.
1.3.Ақша жүйесінің түрлері.
Ақша массасы.
Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері
өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет
атқаратынына қарай қалыптасады: тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде
ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы прициптік айырмашылықтардың түп-
төркіні металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым
жүйесінде жатыр. Металдық айналымға ақша жүйесінің биметализм жәнет
монометализм деп аталатын екі түрлері тән.
Биметализм- баламаның жалпыға бірдей құнның рөлі айналымда болатын
екі металл – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.
Биметализмнің үш түрі болған:
- қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың
арасындағы ара қатнас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта
берекесіздік (стихиялы) түрде белгіленеді:
- егер мұнда ара қатнаста мемлекет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық қатынастар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Салық есебінің мәні
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Ақша эмиссиясының негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Банктердің есеп айырысу операциялары және олардың түрлері
Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
Пәндер