«шығыс мәселесі»



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІ. ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ ... ... .4
1.1 Орыс.түрік соғыстары. Ресейдің Балкан түбегіндегі мүддесі ... ... ... ... ...4
1.2 Түркия және Еуропа державаларының дипломатиясы ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2 ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІ. ҰЛТ.АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР ... ... ... ... ... 10
2.1 Қырым соғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Осман империясы құрамындағы славян халықтарының қозғалыстары ... 12
3 ИМПЕРИЯНЫҢ КҮЙРЕУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.1 Балкан соғыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Шығыс мәселесі XVIIІ- XX ғасыр аралығындағы балкан халықтарының түрік қанауына қарсы күресі мен ұлы державалардың (Ресей, Австрия, Ұлыбритания, Франция, кейіннен Италия мен Германия) әлсіреген Осман империясын бөлудегі бақталастығын қамтитын халықаралық қақтығыстардың күрделі кешені болып табылады.
XVII ғасырдың орта тұсында Осман империясы ішкі және сыртқы саяси терең дағдарысқа бойлады. 1683 жылы Вена түбінде австриялықтар мен поляктардан жеңілген түріктер Еуропаға жылжуын тоқтатуға мәжбүр болды. XVII-XVIIІ ғасырларда Түркия келесі мемлекеттермен болған соғыстарда ойсырай жеңілді: Австрия, Венеция, Речь Посполита және Ресей. Империяның әлсіреген күйін пайдаланған балкан халықтары (молдаван, валах, болгар, серб, черногор, албан, грек) ұлт-азаттық қозғалыс шығарудың тиімді сәтін күтті. Оның үстіне осы аймақтағы ықпалынан айырылғысы келмеген Англия мен Францияның өзге державалардың (әсіресе Ресей мен Австрия) империяны бөлісу үрдісі мен балкан халықтарының азаттығына түбегейлі қарсылығы жағдайды шиеленістіріп жіберді. XVIIІ ғасырдың ортасында Осман империясының басты қарсыласы Ресей болды. Орыс-түрік соғыстарындағы Ресей басымдылығы оның Түркиядағы христиан халықтарына ықпалын арттырып, аймақтағы мүддесінінің өсуіне әкеліп соқты. Ендігі жерде Осман империясының сөзсіз ыдырауына көзін жеткізген Батыс елдері оны өзара тиімді бөлісу үдерісіне көшті. Тарихтағы мұндай күрделі мәселе Ресей, Ұлыбритания, Франция және Австрия сынды ұлы державалардың Жерорта теңізіндегі мүддесін тоғыстырды.
Жалпы, Шығыс мәселесінің хронологиялық шеңберін анықтау тарих зерттеушілерінің арасындағы даулы мәселеге айналды. Шығыс мәселесін дәуірлеудегі басты қиындық оның бірнеше белгілерінің болуымен сипатталады. Сол белгілердің ішінен бастысын анықтап, оған қатысты кезеңдерді дәйектеу үлкен қиыншылық тударып отыр. Мәселен аталмыш мәселені Осман империясының дағдарысы мен құлдырауына қарасты, немесе ондағы қанауға ұшыраған халықтың ұлт-азаттық көтерілісінің жетістігіне, әйтпесе сыртқы саяси күштердің ықпалына байланысты қарастыруға болады. Осындай факторларға сүйене отырып жалпы мағынада Шығыс мәселесінің келесідей дәуірлерін анықтайды.
Бірінші кезең XVIII ғасырдың 60-жылдары мен Қырым соғысының аралығын қамтиды. Бұл кезеңге Осман Портасының дағдарысы, орыс-түрік соғыстары, Франциядағы революция мен Наполеон соғыстарының Шығыс мәселесіне әсері, Египеттегі сепаратистік әрекеттер және соған қатысты Египет-Түркия, Англия-Франция мемлекеттерінің қатынастарының шиеленісуі, славян халықтарының алғашқы ұлт-азаттық көтерілісі (сербтер), гректердің түріктерге қарсы қозғалысы, Балкан түбегіндегі Ресей мен Батыс еуропа мемлекеттерінің арасындағы бақталастықтың үдеуі тән.
Екінші кезең XIX ғасырдың 50-90 жылдары аралығында өтті. Аталмыш кезең аралығы орыс-түрік соғыстарының жалғасын, ұлт-азаттық көтерілістерді, Балкан түбегіндегі жаңа мемлекеттердің (Сербия, Румыния, Болгария, Черногория) пайда болуын және осы аймақтағы бақталас мемлекеттер құрамына Германияның қосылуын қамтиды.
Үшінші кезең XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 20-30-жылдарын қамтиды. Шығыс мәселесінің соңғы дәуірі оның халықаралық-құқықтық нормалармен реттелуімен әрі Осман империясының тарих сахнасынан кетуімен сипатталады. Мемлекеттің күйреуіне ішкі (орталыққа бағынбау саясаты, кіші түріктер революциясы) және сыртқы факторлар (италиян-түрік соғысы, Балкан соғыстары, Бірінші дүниежүзілік соғыс) себеп болды. Сонымен қатар бұл кезең Германияның Шығыс мәселесіне деген аса үлкен құлшынысымен ерекшеленеді.
1. Костяшов Ю.В., Кузнецов А.А., Сергеев В.В., Чумаков А.Д. / Под редакцией В.В.Сергеева. Восточный вопрос в международных отношениях во второй половине XVIII - начале ХХ вв. Учебное пособие. Калининград: изд. Калининградского ун-та. 1997. С.
2. В. П. Потемкин, История дипломатии, том-1,2. Москва – 1941.
3. Н. С. Кинапина, Восточный вопрос во внешней политике России, Москва – 1978.
4. П. А. Чихачев, Великие державы и Восточный вопрос, Москва – 1970.
5. Тойнби А.Дж. Постижение истории. - М.,1991. - С.148.
6. Сборник материалов по русско-турецкой войне, С-Петербург – 1898.
7. http://www.historbook.ru/Rus_Tur.html
8. http://bibliotekar.ru/encW/100/71.htm

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шығыс мәселесі

Орындаған: 3-курс студенті,
РВ-31К тобы, Аймақтану мамандығы
Рыскалиева Д.
Оқытушы: Бюжеева Б.З.

Алматы, 2014
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІ. ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ ... ... .4
1.1 Орыс-түрік соғыстары. Ресейдің Балкан түбегіндегі мүддесі ... ... ... ... ...4
1.2 Түркия және Еуропа державаларының дипломатиясы ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2 ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІ. ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР ... ... ... ... ... 10
2.1 Қырым соғысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Осман империясы құрамындағы славян халықтарының қозғалыстары ... 12
3 ИМПЕРИЯНЫҢ КҮЙРЕУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3.1 Балкан соғыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
КІРІСПЕ
Шығыс мәселесі XVIIІ- XX ғасыр аралығындағы балкан халықтарының түрік қанауына қарсы күресі мен ұлы державалардың (Ресей, Австрия, Ұлыбритания, Франция, кейіннен Италия мен Германия) әлсіреген Осман империясын бөлудегі бақталастығын қамтитын халықаралық қақтығыстардың күрделі кешені болып табылады.
XVII ғасырдың орта тұсында Осман империясы ішкі және сыртқы саяси терең дағдарысқа бойлады. 1683 жылы Вена түбінде австриялықтар мен поляктардан жеңілген түріктер Еуропаға жылжуын тоқтатуға мәжбүр болды. XVII-XVIIІ ғасырларда Түркия келесі мемлекеттермен болған соғыстарда ойсырай жеңілді: Австрия, Венеция, Речь Посполита және Ресей. Империяның әлсіреген күйін пайдаланған балкан халықтары (молдаван, валах, болгар, серб, черногор, албан, грек) ұлт-азаттық қозғалыс шығарудың тиімді сәтін күтті. Оның үстіне осы аймақтағы ықпалынан айырылғысы келмеген Англия мен Францияның өзге державалардың (әсіресе Ресей мен Австрия) империяны бөлісу үрдісі мен балкан халықтарының азаттығына түбегейлі қарсылығы жағдайды шиеленістіріп жіберді. XVIIІ ғасырдың ортасында Осман империясының басты қарсыласы Ресей болды. Орыс-түрік соғыстарындағы Ресей басымдылығы оның Түркиядағы христиан халықтарына ықпалын арттырып, аймақтағы мүддесінінің өсуіне әкеліп соқты. Ендігі жерде Осман империясының сөзсіз ыдырауына көзін жеткізген Батыс елдері оны өзара тиімді бөлісу үдерісіне көшті. Тарихтағы мұндай күрделі мәселе Ресей, Ұлыбритания, Франция және Австрия сынды ұлы державалардың Жерорта теңізіндегі мүддесін тоғыстырды.
Жалпы, Шығыс мәселесінің хронологиялық шеңберін анықтау тарих зерттеушілерінің арасындағы даулы мәселеге айналды. Шығыс мәселесін дәуірлеудегі басты қиындық оның бірнеше белгілерінің болуымен сипатталады. Сол белгілердің ішінен бастысын анықтап, оған қатысты кезеңдерді дәйектеу үлкен қиыншылық тударып отыр. Мәселен аталмыш мәселені Осман империясының дағдарысы мен құлдырауына қарасты, немесе ондағы қанауға ұшыраған халықтың ұлт-азаттық көтерілісінің жетістігіне, әйтпесе сыртқы саяси күштердің ықпалына байланысты қарастыруға болады. Осындай факторларға сүйене отырып жалпы мағынада Шығыс мәселесінің келесідей дәуірлерін анықтайды.
Бірінші кезең XVIII ғасырдың 60-жылдары мен Қырым соғысының аралығын қамтиды. Бұл кезеңге Осман Портасының дағдарысы, орыс-түрік соғыстары, Франциядағы революция мен Наполеон соғыстарының Шығыс мәселесіне әсері, Египеттегі сепаратистік әрекеттер және соған қатысты Египет-Түркия, Англия-Франция мемлекеттерінің қатынастарының шиеленісуі, славян халықтарының алғашқы ұлт-азаттық көтерілісі (сербтер), гректердің түріктерге қарсы қозғалысы, Балкан түбегіндегі Ресей мен Батыс еуропа мемлекеттерінің арасындағы бақталастықтың үдеуі тән.
Екінші кезең XIX ғасырдың 50-90 жылдары аралығында өтті. Аталмыш кезең аралығы орыс-түрік соғыстарының жалғасын, ұлт-азаттық көтерілістерді, Балкан түбегіндегі жаңа мемлекеттердің (Сербия, Румыния, Болгария, Черногория) пайда болуын және осы аймақтағы бақталас мемлекеттер құрамына Германияның қосылуын қамтиды.
Үшінші кезең XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 20-30-жылдарын қамтиды. Шығыс мәселесінің соңғы дәуірі оның халықаралық-құқықтық нормалармен реттелуімен әрі Осман империясының тарих сахнасынан кетуімен сипатталады. Мемлекеттің күйреуіне ішкі (орталыққа бағынбау саясаты, кіші түріктер революциясы) және сыртқы факторлар (италиян-түрік соғысы, Балкан соғыстары, Бірінші дүниежүзілік соғыс) себеп болды. Сонымен қатар бұл кезең Германияның Шығыс мәселесіне деген аса үлкен құлшынысымен ерекшеленеді.

1 ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІ. ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ ҰСТАНЫМЫ
1.1 Орыс-түрік соғыстары. Ресейдің Балкан түбегіндегі мүддесі

XVIII ғасырдың аяғында Ресейдің билеуші таптарының алдында Оттоман Портасының мәселесі тұрды. Орыс дипломатиясы Осман империясының ыдырауын тездететін бағыт-бағдарларды қарастыра білді. Оның ішіндегі ең тез әрі ең тиімді жол күш қолдану әрекетімен сипатталды. Ресей мен Түркия арасындағы 1798-1806 жж., 1833-1844 жж. бейбіт келісімдер сәйкесінше 1768-1806 жж., 1787-1791 жж., 1806-1812 жж., 1828-1829 жж., 1853-1856 жж. орыс-түрік соғыстарымен алмастырылды. Бұл тарихи қайшылықтар Еуропа және әлем тарихы үшін елеулі рөлге ие болды. Өйткені Еуропадағы екі ірі империяның қақтығысына өзге державалар, айталық, Франция, Англия, Австро-Венгрия мүдделері араласты және бір империяның екінші империя үстінен билік орнатуына қарсы шықты. Орыс-түрік соғыстарының ортақ ерекшелігі Еуропа мен Азияның шекарасында орналасқан даулы территориялық иеліктерді бағындыру болып табылады.
1768-1774 жж. болған орыс-түрік соғысы Қара және Жерорта теңізіне шығу мақсатында өтті. Орыстың дамушы көпестері Қара теңіздің порттарына шығуға талпынды және Еуропа мен Азия елдеріндегі тауар айналымын көкседі. Алайда Екатерина ІІ билігі бұл мәселені әскери сипатта шешуді қаламады. Ал түрік сұлтаны Ресейдің бұл әрекетін оның осалдығы, әлсіздігі деп бағалады. Сонымен 1768-1774 жж. орыс-түрік соғысына түріктердің Балта жеріндегі православты халыққа жасаған шапқыншылығы түрткі болып, қақтығыс орыстардың қорғаушы мемлекет ретінде арашаға түсуімен басталды. Түріктердің өз қауқарын нақтылай алмауынан 1768-1769 жж. кампания олар үшін ауыр соққы болып тиді, әйтсе де бұл кезең Ресей тарапына ешқандай жетістік әкелмеді. 1770 жылы соғыс шарықтау шегіне жетіп, орыс әскері жеңіске бір қадам жақындады. Өз жолында түріктерді талқандай отырып орыс әскері Ларга, Кагул, кейін Эгей теңізіндегі Чесмен айлағы маңында жеңіске жетті. 1771 жылы Дарданел бұғазы қоршауға түсіп, түрік саудасы қиыншылыққа тап болды. Екі тарап та соғыс шығындарын есептей келе 1772 ж. бейбіт келіссөздер жүргізуге келісті. Оның үстіне Екатерина ІІ Австрия мен Швеция тарапынан көрсетілген қарсылықтардан үрейленді. Дегенмен түріктердің қойған талаптары орыс дипломатиясын қанағаттандырмады, сондықтан 1773 жылы соғыс әрекеттері жаңартылды. Сол жылы Суворов бастаған отряд Осман империясының Дунай өзенінің оңтүстік жағалауындағы Туртукай жерін басып алса, ал 1774 жылы Козлуджа маңын жаулап алды. Ақыры жеңіс туын желбіреткен орыс тарапы бейбіт келіссөздерді тездетіп, 1774 жылы 10 шілдеде Кучук-Кайнарджи келісіміне қол қойылды. Келісім нәтижесінде Қырым хандығы Түркиядан тәуелсіздігін жариялады, Ресей тарапына Азов, Керчь, Кинбурн, Еникале жерлері өтті. Қара теңізде орыс кемелері еркін жүзе алды және Жерорта теңізіне жол ашылды.
1768-1774 жж. орыс-түрік соғысы келісім негізінде аяқталғанымен, аталмыш империялардың қақтығысы дипломатиялық тұрғыда жалғасын тапты. Орыс дипломатиясының жетістігі 1783 жылы Қырым ханы Шагин-Гирей тақтан бас тартып, Қырымның толығымен Ресей иелігіне айналуынан көрінеді. Бұл жағдай түріктердің арасында орасан зор наразылыққа тап болды. Батыс Еуропалық державалардың сілтемесі бойынша Түркия жаңа соғысқа дайындығын бастап кетті.
1787-1791 жж. орыс-түрік соғысы Қырымды қайтару мақсатында Осман империясының тарапынан басталды. Франция, Англия және Швецияның әскери және дипломатиялық қолдауына ие болып, Селим ІІІ Қырымның қайтарылуын, Грузияның өз вассалына айналуын және ресейлік кемелерге бақылау орнатуды талап етті. Талаптарды орындаудан бас тартқан Ресейге Осман империясы 1787 жылы 13 тамызда соғыс ашты. Соғыс жарияланбай тұрып түріктер орыстың Кинбурндағы кемелеріне бас салды. Дегенмен Суворов бастаған Орыс әскері тез арада жаудың бетін қайтарды. Соғысқа барынша дайындалған түріктер Ресей мен Австрия арасындағы әскери одақтың барын өте кеш білді. Сондықтан Осман империясына бір уақытта екі державаның әскеріне қарсы тұруға тура келді. Банат жеріндегі австриялықтарды жене бергенде, орыс әскері екінші қырынан соққы берді. Румянцев- Задунайскийдің түріктерді Молдавия түбінде талқандаса, оның шәкірті Александр Голицын Осман әскерін Яссы мен Хотин төңірегінде жеңіліске ұшыратты. Потемкиннің бастамасымен түріктің стратегиялық маңызды аймағы саналған Очаков құлады. Бұл жаңалық түпкілікті Осман империясын күйзеліске ұшыратты.
Түрік генералдарының Бендер мен Аккерман аймақтарына шабуылдары сәтсіздікпен аяқталды. Бір мезетте Белград Австрияның қарамағына өтті, ал Измаил мен Анапа Суворов әскерінің шабуылына тап болды. Әскери теңіз күшінің басымдылығына қарамастан түрік флоты Мордвинов бастаған Қара теңіз флотынан жеңілді. Войнович пен Ушаковтың сійкесінше Фидониси және Тендрадағы жеңістері орыс-түрік соғысын қорытындылады. Ақыры 1791 жылы ауыр жағдайда түріктер Ресей тарапы қойған талаптарды қабылдап Яссы бейбіт келісіміне қол қойды. Нәтижесінде Қырым мен Очаков Ресей қарамағына өтті, екі мемлекет арасындағы шекара Днестр өзеніне дейін созылды.
1806-1812 жж. аралығында өткен орыс-түрік соғысы өзге қақтығыстарға қарағанда ақырын деңгейде дамыды. Соғыс ресми түрде 1805-1806 жж. межесінде басталды. Соғысқа түрткі болған жағдай Осман империясының вассалы Молдавия мен Валахияның Ресей саясатына бет бұруы еді. Франциядағы Наполеонның саясатының белгісіздігінен орыс басшылығы бұл соғысқа әзірге кіріскісі келмеді. Алайда француз басшылығының ұстанымы анықталып болған соң Ресей империясы оңтүстіктегі шекаралық мәселесін тез арада шешіп алуды көздеді. Кутузов бастаған әскери кампанияның жетістігі арқасында Ресей жеңіске жетіп, құрамына Бессарабияны қосып алды. Соғыс 1812 жылы Бухарест келісімімен аяқталды.
1822 жылы Балкан түбегінде гректер көтерілісі орын алды. Бұл батыс және Ресей дипломатиясын аландатпай қоймайды. Ағылшын үкіметі гректердің еркіндігіне түбегейлі қарсылық білдірді, басты себеп аталмыш аймақтағы Ресей үстемдігінің орануында еді. Кэслри бастаған Англияның сыртқы істер министрлігі бұрынғыша Осман империясының тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді. Австрия да бұл арада гректерді қолдаудан бас тартты, өйткені бұл көтеріліс Австрия қоғамына да тарап кетеді деп үрейленді. Ал Франция мен Пруссия грек мәселесіне келгенде бейтарап позицияны ұстанды. Алайда 1822 жылы тамызда ағылшын Форин Офисінің басшылығы ауысып, грек мәселесіне қатысты Батыс державалардың ұстанымы ауысып кетті. Англияның Сыртқы істер министрі Каннинг бұл жолы гректердің көтерілісін жақтай келіп, Ресеймен барынша жақындасудың бағыттарын қарастырды. Нәтижесінде Ресей мен Англия арасында 1826 жылы 4 сәуірде Грецияны Түркияның қол астындағы ерекше мемлекет ретінде жариялайтын хаттамаға қол қойылды. Каннинг бұл әрекетке мәжбүрлі түрде барғанын ескеру қажет. Біріншіден, Англия басшылығы грек мәселесінде Ресейдің басым күшке айналуынан қорықты, екіншіден, ағылшын қоғамының өз ішінде гректерге қатысты екі тарап пайда болды: бірі гректерді қолдады, енді бірі оның еркіндігіне қарсы болды. Күштердің ұстанымдары түбегейлі ауысқандықтан, Париж бен Вена оған араласпай қоймады. Австрия бұрынғыша гректерге тәуелсіздік беру үлкен қателік санаса, Франция өзге державалардан қоршауда қалмау үшін Ресей мен Англияның хаттамасына қосылды. Біріге отырып үш держава Портаға гректерге автономия құқығын беруді талап етеді, алайда Түркия бұл талаптан бас тартады. Нәтижесінде 1927 жылы 20 қазанда Батыс державалар мен Осман империясының арасында қарулы қақтығыс орын алады. Сөзсіз түріктер жеңіледі, алайда Англия мен Франция бірте-бірте өз мақсаттарынан бас тартады. Бұл жағдай Ресейдің мүддесі үшін өте тиімді болды. Осындай жағдайда 1828 жылы Портаның бастауымен кезекті орыс-түрік соғысы басталды. 1829 жылға дейін созылған бұл қақтығыс Түркияның жеңілісімен аяқталады. Орыс әскерінің Балкан түбегіндегі сәтті әрекеттерінің нәтижесінде қос тарап Адрианополь келісіміне қол қойды. Ол бойынша: Ресей Қара теңіздің біраз бөлігін (Анапа, Суджук-кале, Сухум) және Дунайдың бір сағасын қосып алды; Осман империясы Ресейдің Грузия мен Армения үстінен орнатқан билігін мойындады; Сербия автономия алды; түріктер контрибуцияны толық өтемейінше Молдавия мен Валахия Ресейдің қол астында болды және ең бастысы Греция автономия құқығына ие болды.
Осындай қарулы және дипломатиялық қақтығыстардың барысында Ресейдің Балкандағы ұстанымы толығымен өзгеріссіз қалды. XIX ғасырдың 40-жылдары Шығыс мәселесіне қатысты талас-тартыстар саябырлады. Ағылшын-француз дипломатиясы белгілі бір әрекет жасауға баталмады. Тек Николай І бастаған Ресей империясы Осман империясының күйреуіне барынша ат салысып, оны тиімді бөлісу жолдарын ұсынып отырды.

1.2 Түркия және Еуропа державаларының дипломатиясы

Шығыс мәселесі дами келіп, Осман империясы аталған ұлы держава бірте-бірте халықаралық субъект болмысынан өзге державалардың территориалды, сауда-экономикалық және саяси бөліністерінің объектісіне айналды. Империяны сақтау жолында әскери әрі реформистік әрекеттер қозғалды. Алайда олардың ешқайсы мемлекеттің құлдырау сатысынан шығара алмады.
Шығыс мәселесінің бірнеше мемлекеттің ұлттық мүддесін тоғыстырғаны жоғарыда айтылды. Мұндай державалардың құрамында Австрия, Англия, Франция, Ресей және XIX ғасырдан бастап Германия мен Балкан мемлекеттері кірген болатын. Төменде олардың Шығыс мәселесіне қатысты ұстанымын жеке-жеке қарастырылады.
Австрия империясының шығыс мәселесіндегі басты қызығушылығы оның Балкан түбегіне географиялық жақын орналасуы мен Осман империясына тән көпұлттылығымен түсіндіріледі. Өзге мемлекеттердің Осман империясына қол сұғуы Австрияның өзіндік қызғанышын тудырды деуге болады. Аталмыш екі империяның тағдыры өте тығыз байланыстырылды. Дунай монархиясы әлемде Осман империясының үстемдігі орнаған тұста пайда болды. Империяның қысымы үдеген сайын Австриялық монархия да күшейе берді. Алайда Осман империясы әлемдегі үстемдігінен айырылысымен Дунай монархиясы құлдырап кетті. 1914-1918 жж. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін империя күйреп қалғанда, Австро-Венгрия монархиясы да ыдырап кетті 5.
Негізінен Австро-Венгрияның Шығыс мәселесіндегі ұстанымы өзіне тән аумалылық пен қарама-қайшылықпен сипатталады. Бір жағынан Австрия үкіметі Түркияның Балкандағы иелігіне қызықса, екінші жағынан ондағы славян тектес халықтардың көпшілігінен үрейленді. Өйткені өзіне жақын орналасқан Балкан түбегіндегі православты халықтар бірігіп кету қаупі жоқ емес еді. Тарих зерттеушілерінің пікірінше, Австрияның Түркия саясатына қатысты қолданған нақты бағдарламасы болмады. Габсбургтер Шығыс мәселесіндегі ұстанымын халықаралық жағдайларға байланысты жеңіл-желпі түрде ауыстырып отырды. Саяси шешімдері жағынан Ресейге тәуелді бола тұра, орыс дипломатиясының басым болуына көп қарсыласты. Нақты мақсатқа сүйенбеген Австро-Венгрия монархиясы Осман империясының ыдырауы барысында аса елеулі орын ала қоймады.
Ағылшын үкіметінің Шығыс мәселесіндегі мүддесі әуел бастан экономикалық, отарлық және әскери-стратегиялық сипат алды. Англия Осман империясын өндіріс саласындағы тиімді нарық және капитал көзі ретінде пайдаланды. Сондықтан Ұлыбританияның отаршыл әрі әскери-стратегиялық мүддесі Осман империясының тұтастығын сақтауға бағытталды. Англия дипломатиясының тағы бір көксегені Түркияның әскери потенциалын Ресейге қарсы қолдану және батыстағы Британ тәжінің гаухар тасы - Үндістанды қорғау еді. Негізінен Англия Таяу Шығысты Ұлы Британ империясын құру мақсатында оңтайлы пайдалана білді. XVIII ғасырда ағылшын үкіметінің экспансиясы экономикалық сипатта ғана шектелсе, XIX ғасырда ол Таяу Шығыстағы агрессор мемлекет рөлінде көрінді. Түркия, Сирия, Египет, сонымен қатар Кипр, Кувейт сынды аймақтар Англия үшін стратегиялық маңызы зор орталықтар есебінде қабылданды.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде ағылшын дипломатиясы өз ұстанымын түбегейлі өзгертті. Ендігі арада империяның құлайтынын түсінген Англия бұрынғыша оның тұтастығын сақтау үшін емес, керісінше ең тиімді бөлігін өзіне алып қалу үшін тырмысты. Бұл мақсатта ағылшын үкіметі Франция мен Ресей мемлекеттерімен бақталасты және көбіне соңғысымен жақындасудың амалын іздеді.
Осман империясы құлдырау сатысында оған ең бірінші назарын аударған мемлекет Франция болатын. Екі мемлекеттің арасында айтарлықтай дау тудыратын мәселе болған емес. Сондықтан Франция Осман империясымен достық қарым қатынасты орната отырып, оған саяси маңызды одақтас ретінде қарады. Экономикалық жағынан да француз-түрік қатынастары тығыз жағдайда дамыды. Кейіннен Осман империясындағы дағдарыс салдарынан Франция дипломатиясы Константинопольді өзінің басты мақсатына айналдырды. Франциядағы революциялық соғыс пен Наполеон билігі Түркияға қатысты агрессиялық саясатты тудырды. Достық қатынасты орната келіп экспансиялық әрекеттерді жүзеге асырған Наполеонның сыртқы саясатын тарих зерттеушілері қатты сынайды. Олардың айтуынша, Франция билеушісінің Шығыс мәселесіне қатысты нақты жоспары болмаған тәрізді. Әйтпесе оның Тильзиттегі Александр І-мен өткізген Осман империясының ыдырауы мен оны тиімді бөлісу мәселесі жөніндегі келіссөздері мен бір уақытта Осман Портасымен достық қатынасты нығайту мен Қырымды қайтару шаралары түсіндіруге келмейтін әрекет болып табылады.
Онымен қоса француз дипломатиясы империя ішіндегі түріктерге қарсы көңіл-күйді ушықтыра отырып, экономикалық әрі саяси үстемдік орнатуды көздеді. Саясаттың мұндай түрі көп жағдайда ағылшын-француз қатынастарының шиеленісуіне әкеле берді. Ақыры Еуропа державаларымен қақтығыстар салдарынан, және ең бастысы 1870-1871 жж. Францияның Пруссиядан жеңіліске ұшырауынан кейін мемлекеттің Шығыс мәселесіндегі рөлі өз маңызын жойып жіберді.
Пруссия және өзге герман мемлекеттерінің Шығыс мәселесіндегі нақты ұстанымы болмады. Германияның бар көздегені сол кездегі ұлы державалар - Англия мен Франция, Австрия мен Ресей арасындағы қарама-қайшылықтарды өз пайдасына асыру болып табылды. Тек 1875-1878 жж. Шығыс дағдарысынан кейін неміс дипломатиясы Түркия мен Балканға қатысты позициясын өзгертті. Бұл кезеңде Германия Шығыс мәселесін Ресей мен Австро-Венгрияға көрсетілетін қысым есебінде пайдаланды, ал кейіннен келе Түркияның стратегиялықмаңызы бар аймақтарына көз тіге бастады. XIX ғасырда Германияны Осман империясын Шығыстағы сенімді одақтасына айналдырғысы келді. Осы жолда герман билеуші таптары бірнеше экономикалық және саяси шараларды қолданды. Нәтижесі ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыста Осман империясының Германияның жағында соғысқанын қөруге болады.
Шығыс мәселесіндегі басты мүдде Ресейге тиесілі. Ресей үшін бұл аймақтағы қызығушылық ғасырлар бойы өз маңызын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа заман халықаралық қатынастар тарихындағы Шығыс мәселесі
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Мұсылман философиясы
Қытай және жаһандану проблемалары
2-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. Герман мәселесі
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
Шығыс мәселесi туралы ақпарат
Қазақстанның жалпы экологиялық проблемалары
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Пәндер